Жыраулар поэзиясындағы тұлпар бейнесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Мақала
Жыраулар поэзиясындағы тұлпар бейнесі

Қостанай 2016

Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын аттылар әулеті деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады.
Адамнан зият жылқы жануары туралы сан ғасырларды соңына тастап, сараланып жеткен бейнелі теңеулер аз емес. Әттең, қанатты тұлпарлар туралы жазылған Беленицкий, Толстов, Снесарев, Липец сияқты орыс ғалымдарының еңбектеріне пара-пар келетін қабырғалы дүниенің біздің буын тарапынан жазылмай келе жатқаны өкінішті!
Жер жүзіндегі екі жүз елуге тарта жылқы тұқымының елудейін өсіретін қазақ халқы - біздің ата-бабаларымыз жүйрік атты бар асылына, арман-аңсарының асқар шыңына теңеп, бауырындағы баласындай өбектеп, алдындағы ағасындай ұлық тұтқан. Өнерді өмір-салт еткен серітап халық жүйрік жылқыға қаншама ән арнады, күй арнады, жыр арнады десеңізші?!
Иә, жүйрік ат десе делебесі қозып, қиялы қиянды шарлап кететін нағыз қасқа қазақ бүгін де баршылық. Қанын сорғалатып қанша жазғанда да, көзге көрінбейтін, есесіне шиырып айтқан бір ауыз сөзі ғұмырлық азық болатын жазира да осы жүйрік ат тақырыбы ғой. Қайран жүйріктер, ел қорғаған бағзы ерлерден ажырап, басынан бағы тайып, базары тарқай бастаған замандарда жәудір көздері жасаурап, тілерсектері майысып, кеңес колхозы - ның көк арбасының тертесіне жегілді. Ол аз болғандай, кеңестік азық-түлік бағдарламасын іске асыру жолында арамтер боламыз деп талай пысықайлар даланы қан сасытып, етке көмді. Ат болатын жануарды шаң жұттырып, қара қойдың соңына салды. Жүйрік атқа жасалған қиянат - ұлттық рухқа жасалған қастандық екенін ол күнде біреу білсе, біреу білмеген де болар!..
Қазақ халқының тарлан тарихының тереңіне үздіге үңілгенде де тәнті болатынымыз - бабаларымыздың елін, жерін қорғап, ата жауымен алысқандығы қанды көйлек жолдасы, арқа-жарқа болып, алқа-қотан көшіп, ақ түйенің қарны жарылып саят-салтанат құрғандағы қызығы, сәнінің көркі күмбірлеген күліктер екенін көреміз. Даңқын аспандатқан кемеңгер қолбасшы Күлтегіннің Боз аты, Қара қыпшақ Қобыландының Тайбурылы, Алпамыс батырдың Байшұбары, Ер Тарғынның Тарланы жадымызда жатталып қалды. Көк Түріктердің көне мекені Хан Тауының (Хэнтий) қойнауынан көтеріліп жер жаһанның жартысын иеленіп, тенізге келіп тіреліп, бұдан әрі барар жер жоқ деп ат басын кері бұрған Шыңғыс ханға және оның ұрпақтарының ұлы жорықтарының туының жығылмауы да аттың күші еді.
Қазақтың керемет тұлпарларының сұлулығын, жүйріктігін біздің орақ тілді, от ауызды жырауларымыз да өздерінің жырларына қосып өткен. Қай жырауды алсақ та жылқы малын ерекше құрметтегенін көруімізге болады. Себебі, жылқы - ердің қанаты, жауға бірге қарсы шабар адал досы.
Осы бір кереметтей тіршілік иесіне жыр арнаған жыраулар, олар жайлы ой қалдырғандар қаншама. Солардың бірі 1898 жылы жарық көрген Православный Вестниктің 2-санында (Туркестенский сборник, 423 том) Лучшие породыкиргизских лошадей - Аргымак-деген мақаласында: ...Арғымақ - қазақтың кереметтей жақсы көретін бағалы жылқы тұқымы. Далада өткен небір тарихи оқиғалар осы арғымақтың атымен байланысты. Арғымаққа атақты қазақ жырауы Нысанбай тұтастай одалар арнаған... -- деп жазылған.
Тұлпар бейнесін суреттеуде Ақтамберді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Қазақ батырларының ерлік істері
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс беруі
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс
Қазақ әдеби тілінің тарихындағы ат сынының тілдік көріністері
Қазақ әдебиетінде Абылай хан тұлғасының жасалу ерекшеліктері
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
Жыраулар шығармашылығы
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Пәндер