Қазақ мақал-мәтелдеріндегі хандар бейнесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ мақал-мәтелдеріндегі хандар бейнесі

Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі - қазақтың мақал-мәтелдері.

Мақал - мәтелдер - талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар - келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды. [2]

Мақал - мәтелдер халықтың әлеуметтік шаруашылығын, рухани өмірін түгел қамтиды. Сол себепті олардың тақырыптары да әртүрлі болып келеді. Бүгінгі біздің мақаламыздың тақырыбы да ел басқарған басшылар, яғни хан, сұлтандар туралы мақал-мәтелдер жайлы болмақ.

Қазақ қоғамында хан - мемлекет, қоғам, халық бірлігін сақтайтын, елдің басын қосып ұстайтын ең жоғары дәрежелі басшы болды. Ханға халық сенген, оларды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра білген тұлға ретінде құрметтеген. Қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік құрылымында ханның алатын рөлі өте жоғары. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деп халық даналығы айтқандай, ол - бейбіт, ел тыныш кезде кемел ақыл иесі, елдің шетіне жау тигенде қол бастайтын батыр, көрші мемлекеттермен де ірі бедел иесі, дипломат ретінде келіссөздер жүргізетін болады. Осындай ірі тұлғаны халық құрметтеп, оның елі мен халқына сіңірген зор еңбектерін мақтан тұтып, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі ретінде тарихта есімдерін өшпестей етіп қалдырған.

Оның жарқын мысалы, ХІV ғасырдағы Әз Жәнібек хан, ХV ғасырдағы Қасым хан, ХVІ ғасырдағы Хақназар хан, ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы Есім хан, Әз Тәуке, ХVІІІ ғасырдағы Әбілқайыр хан, Абылай хан, ХІХ ғасырдағы Кенесары хан және де қазақ мемлекеттілігін, ұлт бірлігін ұйытып, оны сақтай білген басқа да хандардың атқарған еңбектері төл тарихымызда орасан зор екендігіне еш шүбә жоқ. Туған жері мен атамекені үшін жан беріп, жан алысқан жаугершілік заманда қолына қару алып, майдан даласында шейіт болған хандарымыз Момыш хан, Тоғым хан (ханмен бірге тоғыз ұлы да ұрыс даласында шейіт болды), Тәуекел хан, Салқам Жәңгір, Кенесарының ерліктері сахара төсін жайлаған халқымыздың санасы мен рухында, даланың ауызша тарихында мәңгілікке орын алып, ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Бұл дегеніміз қазақ хандарының ел намысы мен абыройын жоғары ұстағандығының куәсі деп білеміз. [1]

Халық арасында хандар жайлы, олардың іс-әрекеттері, мінез-құлықтары, жақсы-жаман қасиеттері жайлы көптеген мақал-мәтелдер айтылып, ауыздан ауызға таралып келеді. Мысалы: «Қара жерге - халық ие, қара халыққа - хан ие», мұндағы «қара жерге - халық ие, қара халыққа -хан ие» деген мақалда жердің де, оны иеленуші халықтың да иесі хан деген мағынаны білдіріп тұр. Ал «Халықтың бағы шайқалса, ханның тағы шайқалады» деген мақалда халық болмаса хан жоқ, ханның береке тауып, төрт құбыласы тең болуы қарамағындағы халықтың береке-бірлігінде екені ескеріліп, халық пен хан тығыз байланысты екендігі айтылады.

Ханның міндеті халқының қамын ойлау, бейбіт, мамыражай, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда баянды ету ғана емес, сонымен қатар халқының асыл арманы мен қалауын орындау болып табылады. Соған байланысты халық арасында «Халық қаласа, хан түйесін сояды» деген мақал кеңінен тараған. Яғни елін сүйген хан ешқашан халқына қарсы шықпайды, халқы қаласа бәріне барады деген сөз.

Осы тақырыптағы мақал-мәтелдердің мазмұны Ә. Хайдардың «Халық даналығы» деген еңбегінде кеңінен ашылған. Оған мысал: «Хан жарлығы екі болмайды» деген мақал хан бір айтқанын өзгертіп, екі қайтара айтпайды, айтқан екен оны орындатпай қоймайды. Бұл ертеден қалыптасқан қағида ханның қаталдығын, бірсөзділігін, принциптілігін дәлелдейтін, олай істемеген жағдайда оның атақ-лауазымына, ар-абырой, беделіне нұқсан келетіндігін ескертіп тұр. [3, 535]

Сонымен қоса «Ханнан әділет кетсе, қарадан ұят кетеді» деген мақал арқылы халық хандарға сын айтқан. Ел билеп отыпған ханнан әділет кетіп, ақ-қараны дұрыс айырмайтын болса, ел ішінде теңсіздік, жікшілдік орнаса, салт-дәстүр бұзылып, қатал заңдылық сақталмаса, қарамағындағы қарапайым халықтан да ұят кетіп, ойына келгенін істеуі мүмкін, содан бастап сан алуан қылмыстар шығады деп айтқан [36 535] . Осыған ұқсас «Халық айныса - хан түзейді, хан айныса кім түзейді?» деген мақал да бар. Бұл мақал Жиренше шешеннің әйелінің Әз Жәнібек ханға айтқан жауабынан шығып, содан мақалға айналып кеткен. Осы бір халық алған жолынан қайтпайтын, бұра тартпайтын, әр ісінде әділетті де адал болуын, қарапайым халық қамын ойлауын талап етіп тұр. Халық бұзылса, оны жөндейтін оның ханы бар, ал, енді ханның өзі бұзылса, мұны халықтың жөндеуі қиын. Өйткені, билік ханның өз қолында. Бұл өткен дәуірдегі халық пен хан арасындағы қарым-қатынасқа байланысты ұғым. [36 535]

Ертеде дана халқымыз хандардың байлыққа мастанып, ойына келгендерін істегені жайында да мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы, «Хан тойынса, халық ойыншық болады» деп, ел билеген хандардың дәулеті асып, сәулеті шалқығанда, меселі өсіп, мерейі үстем болғанда қол астындағы қарапайым халыққа ойына келгенін істеп, ойыншық қылғанын сынаған. Оған қоса мынандай да мақал бар: «Нәпсіге жеңілген патша - құл, нәпсіні жеңген құл - патша». Яғни қолда бар байлықты місе тұтпай, риза болмай, нәпсісін тыймай, құлқынның құлы болған патша да - құлмен бірдей, ал, керісінше, нәпсісін тыйып, ынсап тұтып, барымен базар бола білген құл - патшамен бірдей, ол өзінің парасаттылығын танытып тұр.

Хандардың ел билеген кезде қасына ақыл қосатын билер мен уәзірлер жинауы туралы да мақал - мәтелдер бар. Мысалы: «Әр ханның тұсында бір сұрқылтай» деген мақалда хандардың ақылшылары туралы айтылған. Ел басқарушы адам қаншама ақыл-парасатты, білгір де білікті, қатал да қатыгез болса да, өз маңындағы бір данышпан, ақылгөйінің сөзін тыңдап, берген кеңесіне құлақ қоятын салты болған. Қарапайым халық билік иесінің дуалы аузымен айтылған кесімді, болашақ туралы жоба-жорамалды сол данышпан сұрқылтай атынан айтылған аталы сөз деп санаған. [3, 226] . Сонымен қоса, «Ханнан - қазық, биден - тоқпақ» деген мақал да бар. Ертеректегі хан жарлықтары би арқылы орындалған. Ханның жарлығы қаншама қатаң, қарапайым жұртқа оны орындау қиын болса да, оны қазық сияқты қағып, қатырып орындату билердің тоқпақтай салмақты ақыл-кеңесінің пәрменділігіне байланысты болған демекші. Бұл құбылыс бүгінгі қоғамға да қатысты: өкімет жарлықтарын халыққа орындату заң орындарының міндеті. Мұндай мақалдарға қарсы келетін «Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң» деген мақал да бар. Бұл мақал негізінен сөз атасы Майқы бидің нақыл сөзі болып табылады. Мұның мағынасы: әртүрлі жағымсыз іс-әректтерін қол астындағы жүрген қызметші жат көздерге білдіріп қойған мансап иесі ерте ме, кеш пе әйтеуір соларға тәуелді болып қалуы мүмкін, ол басшы сырын білген адамның қақпанына түскен аңдай шарасыз күй кешеді, қылмысы айғақталып қала ма деп қорқады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным теориясына қатысты қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің пікірлерінің өзектілігі
Қазақы дүниетанымның алғышарттары
ТҮРКІЛЕРДІҢ ЭТНОДИДАКТИКАЛЫҚ ДҮНИЕБЕЙНЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОДЫ
Қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдары
Зар заман ақындарының философиялық көзқарастары
Сан компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық мәдени ерекшелігі
Қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттеу
Қазақ және ағылшын мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық негізі
Қаңлылар мен үйсін тайпаларының бірлестігі
Ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал – мәтелдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz