ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ

Қазақ жұрты - жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Академик В.В.Радлов(XIX ғ.): "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. [1.18]
Шешендік сөздерді оқып-үйрену - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені тіл тазалығын сақтау, ана тілін сүю, шебер сөйлеуге машықтану, көпшілік алдында сөйлей білу, өз ойын жеткізе алу халық өнерінен білім алумен тікелей байланысты.
Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер мойнына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз ортасында құнды. Қазақ жұрты - жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Шешен сөзі қазақ тілінде ертеден қолданып келеді. Бұл сөздің мағынасы данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. [1.26]
Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырыпсалма, ділмар, қызық тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. Шешен сөзін халықаралық терминмен атасақ, оратор деген сөз. Дальдің түсіндірме сөздігінде оратор - краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудәң шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді. Қазіргі тіл білімінде шешен деген сөз көп мағыналы:
1. Шешендік өнермен айналысатын адам;
2. Көпшілік алдында сөйлейтін адам;
3. Қызыл тілді меңгерген, шешен сөйлеуге қабілетті адам.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы - шешендік сөздер ақындық секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр.
Шешендік дегеніміз - белгілі бір оқиғаға байланысты айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар. [1.29]
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Шешендік өнер айтыс-тартыста дамиды. Ердің құны, елдің тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі болған. Дүние жүзіне әйгілі шешендердің көпшілігі парламенттік қайраткерлер мен заң қызметкерлерінен шығатындығы кездейсоқ емес. Атап айтсақ, ежелгі афина шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент мүшелері, басшылары болған. Ал ХІХ-ХХ ғасырдағы орыс шешендері А.И.Урусов пен Ф.Н.Плевако заң қызметкерлерінен шыққан. [2.58]
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі - XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Сондай - ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқын бейнелерін әлі де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра, молықтыра айтуға болады. [2.74]
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің жеке саласы ретінде қарастырған бұл тұстағы зерттеулер А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин есімдерімен тығыз байланысты.
Бұл тұстағы шешендік сөздердің функционалдық сипатын жазған, Ш. Уәлиханов еңбектеріндегі ой сарабын тереңдеткен, дамытқан ғалым Халел Досмұхамедов. "Қазақ халық әдебиеті" атты зерттеуінде Х. Досмұхамедов халық әдебиетін қырық алты түрге жіктей отырып, соның бір үлгісіне, жанрлық түрге "Билік сөз" деп шешендік сөздерді жатқызады. "Әртүрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр жауаптары, әдетте, ұйқасты мәтел не өлең түрінде айтылады. Поэзияныңбұлтүрібиліксөз (замечательные приговоры судей биев) депаталады" - депатапкөрсетеді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары - жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Қазақ шешендік өнерінің зерттелу тарихы өткен ғасырдың бірінші ширегінен бастау алады. Мәселен, 1883 жылғы "Дала уәлаяты" газетінің 24 санында Әлихан Бөкейханов ескі билердің шешендік сөздеріне аса ілтипат көрсетіп, оларды жинау, саралау, насихаттау идеясын көтерген.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. [2.86]
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі - М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді. Ғалым 1926 жылғы "Әдебиеттанытқыш" атты еңбегінің "Шешен сөз" деген тарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді:
саясат шешен сөз;
билік шешен сөз;
қошамет шешен сөз;
ділмар шешен сөз;
уағыз.
Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері бар. Белгілі шешенлер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан тек бізге жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып бүкіл халық қазынасына айналып кеткен, сан өилы заманнан, талай таптың сарабынан өткен шешендік сөз нұсқалары ертегіден бастап, ескі өлең-жырлардың, хикая-дастандардың көбінде кездесіп отырады.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер төмендегідей:
Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін.
Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған.
Әдеби мұраның, қайсысында болса да, шешендік сөздер даналығын, тіл байлығын көрсетеді. Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер жаратылыста, қоғам өмірінде болған өзгеріс, құбылыстарды жіті көзбен байқап, бақылап айтылған халық ойының жемісі, қорытындысы.
Шешендік - тапқырлық сөздер бізге іріктеліп, сұрыпталып жеткен, тек жатталып, жазусыз сақталғандықтан сөздердің көбі ұмытылған, қайсы бірі жаңа дәуірге сай жаңа мазмұн, жарасымды түр тауып жаңарып, жаңғырып отырған.
Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген. [2.154]
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады.
Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі - мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған.
Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді.
Шешендік сөздің шыны - айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді.
Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", - деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы - сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", - деп толғайды. Бұлар - "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі". Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. [3.71]
Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би - халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.
Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған", - деген сөздерінен би - халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.
Халық "Әйтеке бауыздап, Қазыбек іреп, Төле мүшелеп берер"- деп Әйтеке айтса, "қандай қиқар даукесің де қалай құлақ аспасқа", деп Қазыбек айтқанда төресі осы тығыла кетпеске лажы жоқ еді деп кесіп айтқан. Сондай - ақ халық тағы да "Әйтеке жорып жеткізіп айтады" деп үш биге байланысты бағасын беріп қойған.
Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлтірік шешен сөздерінің тәрбиелік мәні
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі
Шешендік сөздер түрлері
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТҮРЛЕРІ
Қазақтың байырғы шешендік өнерінің бір бай саласы - шешендік дау
Шешендік өнердің туу себептері
Пәндер