ҚОРҚЫТ АТА ЖЫРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ТӘРБИЕЛІК МӘНІ


ҚОРҚЫТ АТА ЖЫРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қорқыт ата кітабының Дрезден қаласынан табылған нұсқасы 12 жырдан тұратынын айтқан болатынбыз енді сол жырларға тоқталайық.
Кітап «Дирсеханұлы Бұқашжан туралы жырдан» басталады. Бұл жырдың сюжетіне тоқталып кетейін. Дирсеханұлы Бұқашжан туралы жырдың сюжеті Баяндүр деген ханның той жасап, қонақтарға арнап үш үй тіккізуінен басталады. Ол үйлер ақ үй, қара үй, қызыл үй болады. Ақ үйге ұлы барлар, қызыл үйге қызы барлар, қара үйге ұлы да, қызы жоқ адамдар кіргізіледі. Қара үйге оғыздардың атақты бегі Дирсе хан да кіргізіледі. Өйткені оның ұлы да, қызы да жоқ еді. Бұл мазаққа шыдамаған Дирсе хан үйіне барып, әйеліне мұңын шағады. Әйелі Дирсе ханға балалы болу үшін ел-жұрттың батасын алу керектігін айтады, ол үшін ел-жұртты жинап, той жасап, кедейлерді тамақтандырып, қарыздарын төлеу керек екенін айтады. Дирсе хан барлық айтқандарды орындайды. Халықтың батасын алды. Сол уақыттын бастап әйелі бала көтереді. Тоғыз айдан кейін ұлды болады. Бала он бес жасқа келгенде Баяндүр ханның өгізі босап кетіп, ойнап жүрген балалардың ішінде Дирсе ханның баласы ғана ол өгізді тоқтатып, мүйізінен ұстап алып ұрады. Баланың күшіне таңғалған жұрт әкесіне апарып, Қорқыт атаны шақырып бата бергізіп, балаға Бұқаш деп ат қойып, таққа отырғызады. Бірақ ханның қырық көмекшісі Бұқаштың таққа отырғанын көре алмай, оны әкесіне жамандап, өлтіру керек деп айтады. Соған сенген Дирсе хан баласын атып өлтіреді. Бірақ Бұқашты анасы тауып алып, сүтімен емдеп алады. Бұқаштың тірі қалғанын білген қырық көмекші Дирсе ханды ұстап алып қашып кетеді. Бірақ Бұқаш барып әкесін құтқарып алады. Бұл жырдың негізгі идеясы ата-ананы құрметтеу, жамандықпен күресіп, жақсылыққа ұмтылу, әділетті болу. Жырдың тәрбиелік мәнін мына мақал арқылы түйіндеуге болады. «Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді».
Қорқыт ата кітабындағы екінші жыр «Қазан-Салордың ауылын жау шапқаны туралы жыр». Бұл жырдың сюжеті де алдыңғы жырға ұқсас тойдан басталады. Қазан - Салордың барлық көмекшілерін жинап, қара жерге тоқсан жерден алтын шатыр тігілсін, жібектен тоқылған тоқсан түсті кілем төселсін - деп бұйрық береді. Той басталып, күшті шарап ішкен соң мас болып, отыра беруден жалығып қырық көмекшісімен бірге аңға шығады. Олар аңға кеткенде еліне Гәуір елі шабуыл жасап, барлық қазынасын, анасын, ұлы мен жарын алып кетеді. Елде тек қана бір қойшы қалады. Қойшы інілерімен бірге жауға қарсы шабуыл жасап тойтарыс беруге тырысады. Бірақ бауырыларына оқ тиіп сол жерде қаза болады да, жалғыз өзі болса да таспен атып жаудың біренеше адамын өлтіреді. Қазан - Салор түс көреді түсінде елінде болып жатқан жағдайларды тұспалдап көреді. Ол еліне оралса елінің орында түк қалмағын көріп, жолда кездескен өзеннен, қасқырдан қайда әкеткенін сұрайды. Бірақ тілсіз өзен мен жануар ештене айтпайды. Бір кезде алдынан қойшы шығады. Қойшы Қазан - Салорға көп көмек көрсетеді. Екеуі бірігіп, жауды жеңіп, қырық көмекшілері келіп бәрі бірге жауды жеңеді. Осыдан кейін анасын, ұлын, жарын барлық ел-жұртын құтқарады. Бұл жырдың негізгі идеясы отан сүйгіштік, жарына адалдық, ата-анаға құрмет болып табылады. Жырдың тәрбиелік мәнін мына мақал арқылы түсіндіруге болады. «Отан үшін еңбек етсең, халқыңның сүйген ұлы боласың».
Қорқыт ата кітабындағы үшінші жыр «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр». Бұл жырдың сюжеті де алдыңғылары сияқты тойдан басталады. Баяндүр хан тойына Байбөрі бек те келеді. Байбөрі бектің де өкшесін бастатын ұлы жоқ екен. Сол үшін қатты қайғырып, жылайды. Барлық бектер Байбөрі бектің уәжін тындап алып, барлығы қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, «Тәңір саған ұл берсін», - десті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, қабыл болушы еді. Осы кезде бір перзентке зар болып жүрген Байбіжанға да бектер перзентті болсын деп тілек тілейді. Сол жерде Байбіжан: «О, бектер, егер көк тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер», - деді. Күндерден күн өтіп, тәңірі Байбөріге ұл, Байбіжанға қыз берді. Байбөрі бек өзінің саудагерлерін шақырып алып, «О, саудагерлерім, тәңірі мені жарылқап ұл берді. Балам өскенше Рум еліне барып, соған жақсы қару-жарақ әкеліңдер», - деді. Саудагерлер жолға шығып, араға бес жыл өткенде жақсы заттарды әкеле жатырған кезде қарақшылардың шабуылына тап болады. Саудагерлерді қарақшылардан арашалап алған ер жүрек жігіт Байбөрінің баласы Бәмсі болатын. Сол бір күні Бәмсі айдалада аң аулап жүрген кезінде алданан құрулы тұрған шатырды көреді. Айдала тігілген бұл шатырдың кімдікі екенін білгісі келген жігіт шатырға кірсе бұл бесікте атастырылған Бәну-Шешектің шатыры екен. Бәну-Шешек жігітті сынамақ болып, өзімен жарысып, озсаң бәйге сенікі болсын. Содан соң екеуміз садақпен жамбы атысып көрелік, оғыңды тигізіп менен ассаң, бәйге сенікі. Одан кейін күреселік, мені жықсаң, бәйге сенікі болсын - деп шарт қояды. Бәмсі барлық сынақтан өтіп, қызды жеңеді. Сөйтеді де саусағындағы алтын жүзігін алып, қыздың қолына кигізді. «Бұл біздің сертіміз болсын», - деді Байрақ. Екеуі сөз байласып, жігіт ауылына кетеді. Жігіт ауылына келіп, Бәну - Шешекке үйленгісі келтіндігін айтады. Байбөрі Бәну - Шешектің ауылына Қорқытты жіберіп, оның қолын сұрап келуге жібереді. Бірақ Бәну - Шешектің ағасы Қорқытқа: «келекге түспеген мың үлек, үйірге түспеген мың айғыр, саулық көрмеген мың қошқар, құйрығы мен мойны жоқ ит, мың бүрге тауып бересің. Осы сұрағандарым түгенделмесе, қарындасымды берейін, таппасаң бүгін өлтірмесем, сол күні өлтіремін», - дейді.
Қорқыт ата Қаршардың сұраған малдарын Байбөріге келіп айтады. Олар бұл айтылғандардың бәрін тауып береді. Сөйтіп, олардың үйленуіне рұқсатын береді. Той кезінде гәуірлер келіп бұларды басып алады да, Байрақты тұтқынға алып кетеді.
Осымен алты жыл уақыт өтіп, жұрт Байрақтың өлі - тірі екенін біле алмады. Бір күні қалыңдықтың ағасы Қаршар Баяндүр ханға келіп, «Байрақтың өлі - тірі екенін біліп келетін адам тапса, ол адамға зерлі шапан жауып, алтын - күміс бере едім», - дейді. Бұл сөзді естіген Жарташық суайт: «О, сұлтаным, Байрақтың өлі - тірісін мен барып біліп келейін» - деп сұранды. Жарташыққа бір кезде Байрақ өзінің көйлгін тарту еткен еді. Көйлекті ол кимей сақтап қойған екен. Сол көйлекті қандап, Баяндүр қанға әкеліп берді. Бұл Байрақты өлгенін білдіретін айғақ деп береді. Көйлекті Бәну - Шешекте, Байрақтың шешесі де таниды. Жұрттың бәрі қара киім киіп, қара жамылады. Бірақ шын мәніде Байрақ тірі еді. Байрақты жау елінің қызы құтқарып жіберді. Ол бақсы болып еліне жол тартады. Еліне келе жатқан жолда Бәну - Шешекті көреді. Байрақ оны алтын жүзігінен таниды. Екеуі бірін - бірі танып, табысады. Ұлан - асыр той жасап, бақытты ғұмыр кешеді. Бұл жырдың негізгі идеясы - батырлық, ерлік, ата - ананы құрметтеу, Отансүйгіштік, жарға адалдық болып табылады. «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген мақал арқылы бұл жырдың идеясын ашуға болады.
«Қазан бектің баласы Ораз бектің жауға қалай тұтқын болғаны туралы жырда» ежелгі түркілер бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Оны әскери өнерге үйрету әкесінің міндеті саналған. Ол кезде әрбір адамнның азаматтық мәртебесі оның ел қорғау ісіне қосқан үлесіне қарай бағалаған. Демек, бұл жырдың негізгі тақырыбы оғыз бен қыпшақ бектерінің бала тәрбиесі мәселесіне арналған. Сонымен қатар «Қазан бек гәуірлердің жақын келіп қалғанын көрді-де, атынан түсіп, таза сумен дәрет алды, басын сәждеге қойып, екі бас құтба оқыды. Тәңірдің атын айтып, тілін кәлимаға келтірді» деп, Ислам дінінің бес парызының бірі - намаз оқудың аса маңыздылығын, соғыс кезінде-де шынайы мұсылмандар бұл парызды адал орындағандығын сипаттайды. Бұл жыр жастарды соғыс өнерін білуге, ар - намысты жоғары ұстауға, ел басына күн туғанда тайсалмай жауға қарсы шығуға, ал жауды жеңе алмаған жағдайда намысты қолдан бермей, ел - жұрт үшін ерлікпен ажалға бас тігуге үндейді. «Ерді намыс өлтіреді» деген мақалмен негізгі идеясын түйіндеуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz