Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

МАҚАЛА

Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасы тіліндегі

диалектілік сөздердің қолданысы

Қостанай, 2016

Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы

Диалектология ғылымының зерттелу тарихы.

Қай тілдің болмасын құрамында дәстүрлі норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби сөздермен қатар түрлі өңірде түрліше айтылып, өзгешеленіп тұратын сөздер мен сөз тіркестері көптеп ұшырасады. Мұндай сөз қолданыс жергілікті ерекшеліктер (диалектизмдер) деп аталады. Оны тіл білімінің арнаулы саласы-диалектология дыбыстық, мағыналық тұрғыдан жан-жақты зерттейді.

Әлемдік ғылым тәжірибесіне көз салсақ, қай-қай тіл білімі үшін болмасын жазба мәдениетке елеулі үлес қосып отырған ондаған іргелі елдің жазу-сызуы, олардың кемелденген әдеби тілі, толымды саналатын нормалық қағидаттары әрі дегенде осыдан 200-300 жыл бұрын ғана қалыптасқан. Оған дейін аталмыш елдердің жер-суы жеке-жеке қожалық, иеліктерге бөлініп, тамыры бір туыстастар тілдері де айырым-өзгешелігі мол диалектілерге жіктеліп жатты. Территориялық тұтасу, орталықтанған мемлекеттіліктің болуы ғана олардың тілдік бірегейленуіне, ұлт болып ұйысуларына, ортақ әдеби тілдерінің қалыптасуына аса маңызды түрткі жайт. Көптеген диалектілердің арасынан біреуі көсем шығып, бүгінгі әлемді аузына қаратқан әдеби тілдерге негіз, іргетас бола алды.

Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктерді кең көлемде зерттеу ісі өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өріс алды. Тіл білімі институты 1950 жылдан бастап еліміздің түкпір-түкпіріне, тәуелсіздік жылдарында қазақ диаспорасы мол шоғырланған аймақтарға диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырды. Сонау жылдары Институтта Тіл тарихы және диалектология бөлімі ашылып, сериялы ғылыми жинақтар жарық көрді, кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Қазақ диалектологиясы ғылымын сөз еткенде осы саланың бастау-көзінде тұрған проф. Сәрсен Аманжолов пен Жұмат Досқараевтың, акад. Нығмет Сауранбаевтың есімдері ерекше аталады. С. Аманжоловтың іргелі зерттеу еңбегі (1959), Ж. Досқараевтың монографиясы мен сөздігі (1955) тіл тарихы мен қазақ диалектологиясы саласында ашылмаған аралдардың көптігін көрсетіп берді. Сол жылдарда ғылым жолына түскен жас зерттеушілер Шора Сарыбаев, Ғабдолла Қалиев, Сапарғали Омарбеков, Әбілбек Нұрмағамбетов, Жамалбек Болатов, Оқас Нақысбеков, Тұрап Айдаровтар осы салаға бар ғұмырларын арнап, іргелі еңбектер жазды, докторлық диссертацияларын қорғады, жаңа буын шәкірт дайындады.

Тіл білімі институтының атылмыш Диалектология бөліміндегі картотекалық қор жылдан-жылға молайып, арнайы диалектологиялық сөздік түзу мүмкіндігі туды. Сөйтіп 1969 жылы 6000 сөзді қамтыған тұңғыш «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» жарық көрді. Кейінірек академиялық үш томдық сөздік шығару жоспарланып, оның екі томы баспа бетін көрді. (Диалектологиялық сөздік. Алматы-2007. 9-10 бет)

Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы- диалектология (диалектос-сөйлеу, говор, логос-ілім деген грек сөздерінен қаралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті-жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалект, говор деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Ол жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.

Диалект деген термин тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.

Говор- жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтуы мүмкін.

Қазақ тіліндегі жергілікті диалектілерді арнайы зерттеу жұмысы шын мәнінде совет дәуірінде ғана басталды.

ССРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы 1937 жылы алғаш рет алматы облысының Кеген, Нарынқол, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Қарағанды облысының Нұра аудандарында диалектологиялық үш экспедиция шығарды. Мұндай экспедициялар 1939 жылы Мақтаарал, Маңғыстау, Торғай аудандарында, 1940 жылы Сарысу, Арал, Орда аудандарында болып материал жинады. 1943 жылы академияның кейбір ғылыми қызметкерлері Түлкібас, Жуалы, Талдықорған аудандарында болып материал жинады. 1944 жылы Ж. Досқараев «Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1948 жылы С. Аманжолов «Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары» деген тақырыпта диссертация қорғады. Тіл ерекшеліктерін жинау жұмысын ұйымдастыруда 1945 жылы ССРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл және әдебиет институтында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясын зерттейтін арнаулы бөлім құраудың мәні зор болды. 1956 жылы «Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық» жарық көрді. 1959 жылы бұл сұраулық толықтырылып, қайта басылып шықты.

Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипаты, таралу шегі, диалектілік көлемде ме әлде говорлық көлемде ме және оларды қалай топтастыруға болатындығы жайлы әлі бірыңғай орт ақ пікір жоқ. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін бірқатар зерттеушілер (С. Аманжолов, Н. Сауранбаев) диалект сипатында деп қараса, басқа ғалымдар (Ж. Досқараев, Ғ. Мұсабаев) говор сипатында деп көрсетеді.

Диалектологияға қатысты алғаш, 1950 жылға дейін мақала жазғандар Ж. Аймауытов (1926), Қ. Жұбанов(1935), М. Нүсіпов(1940), Ж. Досқараев(1946), С. Аманжолов(1948) екен. Осы сала бойынша ғылыми дәрежесін алғандар қатарына « Оңтүстік диалектінің кейбір ерекшеліктері» жөніндегі Ж. Досқараевтың кандидаттық(1944) «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» жайындағы докторлық (1949) диссертация жазған. С. Аманжолов еңбектерін атауға болады. Б. Бекетовтің «С. Аманжолов және қарақалпақ диалектологиясы» атты мақаласында: Прфессор С. Аманжолов- қазақ тіл білімінің барлық саласында айнбай тер төккен ғалым. Оның айрықша қазақ диалектологиясы тарауы бойынша қалдырған мұрасы ұшан-теңіз. С. Аманжоловтың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің пайда болуы туралы айтқан ғылыми тұжырымдары, қазақ халқының қалыптасуындағы тайпалық одақтың бірігуі жөніндегі құнды пікірлері көптеген түркі халықтарының, оның ішіндегі қарақалпақ халқының құрамында Қаңлы, Қыпшақ, Қоқыраш т. б тайпалық одақтардың болуы арқылы анық дәлелденді. (Ө. Айтбайұлы, Б. Момынова. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы )

Қазақ диалектологиясының алғаш зерттелу және қалыптасу тарихы профессор С. Аманжоловтың есімімен байланысты. С. Аманжолов бұл тақырыпта докторлық диссертация қорғап, одақтық және республикалық баспасөз бетінде бірсыпыра ғылыми мақала жариялады. Абай атындағы Қазақ педагогика институтында 1938-1939 оқу жылынан бастап қазақ тілі тарихы мен диалектологиясынан лекция оқу үстінде осы курстың негізін салды. С. Аманжолвтың тікелей араласуымен революциядан бұрын басылған нұсқалардан, халық ақындары мен жазушылардың шығармаларынан, 1932, 1935 және 1938 жылдардан бері шыға бастаған аудандық газеттерден шыға бастаған көлемді материал жиналды. С. Аманжоловтың ғылыми мұрасында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты орын алады. Оның 1959 жылы шыққан «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді. С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалектіні атап көрсетті.

1. Оңтүстік диалектісі - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды.

2. Батыс диалектісі - Батыс Қазақстан, Гурьев, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды.

3. Солтүстік-шығыс диалектісі - Ақмола, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.

Қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісі . С. Аманжолов солтүстік-шығыс диалектісін қазақтың әдеби тілінің негізінде жатқан диалект деп есептейді. Шығыс Қазақстан облысы мен Семей облысының оңтүстік-шығыс аудандарында мына сияқты тіл ерекшеліктері кездеседі.

С. Аманжолов оңтүстік диалектісіндегі лексикалық ерекшеліктерді 20 салаға бөліп, мысалдар арқылы көрсетеді. Әдеби тілдегі нағашы сөзі оңтүстік қазақтарының тілінде таға деп аталса , жемелек сөзі -әдеби тіліміздегі шашбау мағынасында қолданылады, сонымен қатар бірнеше сөздерді атап көрсеткен. Шыптахана- билет сататын орын , үстін- діңгек, мекпі, тотопы-тақия, төбетей, тиқары- негізінде, асылында, зерен- тостаған , кеуірт- күкірт, леген- табақ, нам- дымқыл, ылғал , уақтылы-уақытында, шайдоз-қара құман, шақа-жүйе.

Қазақ тілінің батыс диалектісі . С. Аманжоловтың бөлуі бойынша қазақ тілінің батыс диалектісіне алшын тайпалар одағының тілі жатады. Бұл тайпалар ежелден Арал, Касаий алқабын, Жайық, Ор өзендері бойларын мекен еткен. Қазіргі әкімшілік бөлу бойынша батыс диалектісі Орал, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарын және Қостанай, Торғай, Қызылорда облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.

Ә) Сәрсен Аманжолов Батыс қазақтары тіліндегі грамматикалық ерекшеліктерді зерттей келе, мынадай ерекшеліктерді атап өткен болатын. Жіктеу есімдігінің І, ІІ жақтарының сыпайы түріне ілік жалғауы қысқарған түрде қосылады: бізің- біздің, сізің -сіздің. Бұл есімдіктердің тәуелденген түрінде де ерешелік бар: бізікілер-біздердікі, сізікілер-сіздердікі. Кейбір сілтеу есімдіктері ерекше тұлғаларда кездеседі: анаусы -анасы, мынаусы -мынасы. Етістіктің өткен шағының -улы, -улі қосымшалары арқылы жасалған түрлері кздеседі: барулы- барды, келулі -келді. - Ын, -ін, -н жұрнағы арқылы әдеби тілде өздік етіс тумайтын кейбір сөздерден өздік етіс жасалады. Оқыну -оқу, шығыну -шығу, болыну -болу.

Ал батыс диалектісінің лексикалық ерекшеліктерін 19 салаға бөліп береді. Аданас- туысқан, далбай- күнөтпеу , жандық- ұсақмал , қызалық- 11-12 жасар қыз бала , іңкәл- етке салатын жұқа нан, бүйде -бұйда, дере -науа көтеріңкі болу үшін қойылған шам, тас, долы -құдықтан лай шығаруға арналған ыдыс, дулыға -нар өркешінің биік қыры, жалт -найзағай, жарын -келер жыл, мауыздай -еңгезердей, ірі, өтпек -піскен нан, шарқат -жібек шалы, ыза -дымқыл, сыз жер, адал зат жоқ -мал жоқ, аяқтай бару -өз аяғымен бару, жар газет -қабырға газет, жырымда жоқ -жадымда жоқ, құдаған өскен -құдағидай сыйлы өскен, күн баю- күн бату, көңілі біту -көңілі толу. (Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев Қазақ диалектологиясы. 142-154бет)

Қазақ диалектологиясы үшін көп еңбек сіңірген ғалымның бірі- филология ғылымының кандидаты Ж. Досқараев . оның әсіресе халық тіліндегі мол байлықты-диалектілік ерекшеліктер мен кәсіби сөздерді жинаудағы еңбегі ерекше атап өтуді керек етеді. Қазақстанның көптеген аудандарынан материал жинады. Әсіресе оңтүстік өлкедегі халық тілі ерекшелігін жете зерттеп, оның жүйелі құбылыс екенін ғылыми дәлелдеп берді. Диалектілік ерекшеліктерді жинауға тікелей қатысумен бірге Ж. Досқараев бұл іске үнемі басшылық етіп, бірнеше жылдар бойы Қазақ ССР Ғылым академиясында Тіл білімінің диалектология бөлімін басқарды. Оның 1955 жылы шыққан «Қазақт тілінің жергілікті ерекшеліктері» (лексика) деген еңбегі тек қазақ тіл білімінде емес, түркология ғылымының диалектология саласында жасалған тұңғыш диалектологиялық сөздіктердің бірі болып табылады. Ж. Досқараев қазақ тілінде екі үлкен говорлар тобы бар деп көрсетеді.

1. Оңтүстік-шығыс говорлар тобы . Бұған Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы огблыстары сондай-ақ Талдықорған облысының оңтүстік - батыс аудандарындағы және Қызылорданың оңтүстік- шығыс аудандарындағы халық тілін жатқызса, Солтүстік-батыс говорлар тобына Бұған Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Целиноград, Павлодар, Солтүстік Қазақстан огблыстары мен Қызылорда огблысының батыс аудандарындағы және Семей облысының солтүстік-батыс аудандарындағы халық тілін жатқызған.

Бұл говорлық топтардың өзара айырмасын білдіретін мынадай тілдік белгілерге тоқталған.

А ) Фонетика саласындағы ерекшеліктердің өзін он бір топқа жіктеген. 1. Оңтүстік-шығыс говорлардағы кейбір сөздерде дауысты дыбыстардың ауысып отыруы. Мазмұн -мәзмұн, кәйтеді- қайтеді , кәрия- қария .

2. Солтүстік-батыс говорларда еріндік адауыстылар айтылатын, жерде оңтүстік-шығыс езулік дауыстылардың басым айтылуы. Бықтыру- бұқтыру , кебе- көбе , інемі- үнемі

3. Солтүстік-батыс говорларда ш айтылатын жерде оңтүстік -шығыста ч дыбысының айтылуы. Чеше- шеше , чабын- шабын , әнчі- әнші

4. Солтүстік-батыс говорларда кейбір сөздерде ы, а дыбыстарының алмасып айтылуы. Сайаз- сайыз , арқалы- арқылы , айырмасы- айырмасы , айқара- айқыра

5. Солтүстік-батыс говорларда д айтылатын сөздерде оңтүстік - шығыс говорларда л айтылуы . Таңлай- таңдай , тыңлау- тыңдау , теңлік- теңдік .

6. Солтүстік-батыс говорларда ж айтылатын жерде оңтүстік-шығыс говорларда дж айтылуы ; джігіт- жігіт , джоқ- жоқ , джер- жер , джайлау- жайлау .

7. Солтүстік-батыс говорларда көбінесе б айтылатын жерде оңтүстік-шығыста п айтылуы; пейнет- бейнет , пида- бида .

8. Оңтүстік -шығыс говорларда н, ң сонарлардың алмасып отыруы, солтүстік -батыс говорларда бұл құбылыстың байқалмауы; қалын- қалшың , көбен- көбең , біздін- біздің , өлен- өлең

9. Солтүстік-батыс говорларға қарағанда оңтүстік-шығыс говорларда с, ш дыбыстарының алмасып отыруы: тұрмыс -тұрмыш, ешек- есек , тышқары- тысқары

10. Солтүстік-батыс говорларда кейбір сөздерде ж, ш дыбыстарының алмасып отыруы, бұл құбылыстың оңтүстік-шығыста байқалмауы; былшырақ-былжырақ

11. Солтүстік-батыс облыстарда кейбір сөздерде д, т алмасуы ; деңіз- теңіз , дұз- тұз , дізгін- тізгін , диірмен- тиірмен

Ә) Лексика саласындағы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалым Ж. Досқараев жергілікті халық тіліндегі бірнеше айырмашылықтарды атап өтеді. Мәселен, 1. Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы мына сөздер солтүстік аудандарда кездеспейді. Сыпыра- теріден істелген дастарқан , қыш- кірпіш , кірлен- леген , оп айдау-ыстық бастыру.

2. Солтүстік батыс говорларда кездесетін кейбір сөздер оңтүстік- шығыс говорда басқа да мағынада қолданылады. Әке-бала, мұздау-тоңу, сақаю-сауығу.

3. Кейбір заттар, құбылыстар барлық жерде бірдей болғанына қарамастан әр түрлі аталады. Оңтүстік-шығыс аудандардағы тана, жайдақ қора, ұрпақ, кетпен т. б сөздер солтүстік- батыс аудандарда тайынша, қотан, кебек түрінде айтылады.

4. Кейбір сөздер солтүстік- батыс говорларда бір мағынаға ие болса, оңтүстік - шығыста екі мағынаға ие. Оңтүстік-шығыстағы қос, тіршілік, қызыл сөздердің жалпыға түсінікті мағыналарынан басқа да мағыналары бар: Қос-сақа, тіршілік-жұмыс, қызыл-тазаланған астық

Б) Ж. Досқараев анықтауы бойынша батыс қазақтары тіліндегі диалектизмдерде бірнеше грамматикалық айырмашылықтарыды байқауға болады. 1. Кейбір септіктер бірінің орнына бірні қолданыла береді, қызмет жағынан толық ажырамаған. Суда жүзді- суға жүзеді, бұрын молдадан оқыды-бұрын молдаға оқыды.

2. Етістіктің өткен шағының тұйық етістікке -улы, -улі қосымшасын қосу арқылы жасалған түрі кездеседі. Мысалы: Барулы, жаюлы, бағулы .

3. Есімше - жақ, -шақ тұлғасында да кездеседі: Баражақ-барашақ, алажақ-алашақ

4. Оңтүстік -шығыс говорлардағы бара йатқан, бар йатыр, баратыр тұлғалары бара жатқан// бара жатырған, бара жатыр түрінде қолданылады.

Оңтүстік-шығыс говорлардағы мына сияқты грамматикалық ерекшеліктер солтүстік-батыс говорларда кездеспейді.

  1. Бұйрық райдың жекеше екінші жағы-қын, ғын, -кін, -гінқосымшалары арқылы жасалады. Айтқын (айт, айтыңыз орнына)
  2. Ұйықтағым бар, ұйықтағым жоқ тәрізді қалау райдың күрделі түрі қолданылады.
  3. Көмектес септік-мынан, -бынан, -пынансияқты көне тұлғада кездеседі: мен атпынан келдім
  4. Жатыс септік орнына-лықосымшасының қолданылуы кездеседі; жұмысқа уақтылы келді (жұмысқа уақытында келді дейдің орнына)
  5. Қалау райдың көпше 1 жағы-лы, -ліқосымшасы арқылы жасалады: көрелі ( көрейік, көрелік) баралы (барайық, баралық)

Сөз тұлғаларындағы ерекшеліктер- бізің, сізің-біздің, сіздің, бізікілер, сізікілер - біздердікі, сіздердікі, барулы, келулі - барды, барғын, келді, келген деген мағынада, жатыру, жатырған (жату, жатқан), жеккі (жегілген), беркіту (бекіт) ; көптеген етістіктердің қысқарып қолданылуы: сақын (сақтан), қойыр (қоюлан), ене (ене сал), кішір(кішірейт)

Сөз тіркестерінде- баз кешу (к. дер үзу), сүрен жайлау (апат келу), шара көру (шара қолдану), шахаты келмеу (шамасы келмеу), танасын шығару (есін шығару), мәнтті болу (ықыласыт болу), күстәнәқылу (сықақ ету), жансозу (жан таласу), жылап айту (жоқтау айту)

Лексикалық өзгешеліктер- леку (шалқу), шебік (нашар, әлсіз), ұтыр (жөн, қисын), шеке (әже, үлкен шеше), ақыр (оттық, малға шөп салатын орын), айлақ ( Бухта, кеме тоқтайтын қолайлы орын), тәртіп ( қаулы, нұсқау)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс белгілері
Боран романы енді
Т. Ахтановтың прозасындағы соғыс тақырыбы (Қ. Қайсенов Жау тылында, Б. Момышұлы Соғыс психологиясы (академиялық дәрістер), Ә. Нұршайықов Ақиқат пен аңыз, т. б. )
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
Көркем мәтін тіліндегі сөз-символ қолданысы
Тахауи Ахтановтың Қаһарлы күндер романының тілі
Т.Ахтановтың шығармашылық өмірбаяны
Повесть, роман – идеялық- өркемдік ізденістер
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Т. Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасының тілдік ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz