XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Курстық жұмыс

XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі арнау өлеңдердің әдеби сипаты

Орындаған:

Тексерген:

Қостанай, 2016 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1

1. Арнау өлеңдердің жалпы сипаты
1.1 Арнау - тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...3
1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің әдебиетімізде алатын орны ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Арнау өлеңдердің жанрлық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4 Арнау өлеңдердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2. XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты
2.1 Махамбет, Шернияз ақындарының арнау өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Сегіз серінің арнау өлеңдерінің жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...22
2.3 Дулат, Сүйінбай ақындарының би- болыстарға арнаған өлеңдер ... ... ..27
2.4 Әнші-ақындар Жұмырбай Мәмбетұлы, Назар Жүндібайұлы, Есенбай Сасанұлы, Қыпшақбай Досанұлы, Ноғайбай Сүлейменұлының арнау өлеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Академик С. Қирабаев: Біздің әдебиетіміз − өмір бойы тәуелсіздікті, бостандықты, бірлікті жырлаған әдебиет. Көшпелі тұрмыс жағдайының тұрақсыздығы, көрші халықтардың бізге қарап үнемі отаршыл саясат ұстануы, ішкі рушыл алауыздық біздің ақын-жыршыларымызды осы тақырыпты үзбей жырлауға мәжбүр етті. Халқымызбен бірге әдебиетіміз де осы үшін, бостандықты жырлағаны үшін, отаршылдықтан азат болуды армандағаны үшін таяқ жеді. Ұлтшыл халық, ұлтшыл әдебиет атанды. Қазіргі отаршылдықтың қамытын сыпырып тастап, егеменді ел болуға ұмтылған тұсымызда осы идеяны жаңғырта жырлау, тәуелсіздік пен бірліктің сөзін айту әдебиеттің абыройлы міндеті болуға тиіс.
Қазақ әдебиетінде арнау жанры - күрделі жанр. Сондықтан да оның ерекшелігін ашуға түрлі-түрлі жағынан келіп талдау жасадық. Қазақ суырып салма поэзиясында тіпті, Абай арнауларының өзі суырып салып шығарылғанын ескерсек, қазақ әдебиетіндегі суырып салмалық поэзияда арнаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктер қазақ ауыз әдебиетінде айтыс, шешендік өнер, толғау, қара өлең және т.б. бірігіп халкымыздың мол рухани дүниесін жанрлық түрлерін байыта түседі.
Арнау өлең -- түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: "Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау". Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. XIX ғасыр қазақ әдебиеті ақындарымен таныса отырып, олардың шығармашылығына, әсіресе, арнау өлеңдеріне көңіл бөлу және де талдап, саралау, тереңірек зерттеу. Осы мақсаттарға сүйене отырып, төмендегідей міндеттер қойылды:
Арнау өлеңдердің мән - мағынасын ашып беру;
Арнау өлеңдердің XIX ғ дамуын анықтау;
Арнау өлеңдердің жанрлық сипатын анықтау;
Қазақ ақындарының би - болыстарға арналған өлеңдерін талдау;
Махамбет, Дулат т.б ақындардың арнау өлеңдерінің мағнасын түсініп, сараптау;
Жұмырбай Мәмбетұлы, Назар Жүндібайұлы, Есенбай Сасанұлы, Қыпшақбай Досанұлы, Ноғайбай Сүлейменұлының арнау өлеңдерін талдау.
Курстық жұмыстың нысаны. Әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі, белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды- арнау өлеңдер. XIX ғасыр қазақ әдебиетінде арнау өлеңдердің алатын орны, ерекшелігі.
Курстық жұмыстың ғылымилығы:
Арнау - тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты анықталды;
Арнау өлеңдердің жанрлық сипаты сараланды;
XIX ғасыр ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты сарапталды;
Арнау өлеңдердің жалпы сипаты қарастырылды;
Махамбет, Шернияз т.б. ақындардың арнау өлеңдері зерттелді;
Жұмырбай Мәмбетұлы, Назар Жүндібайұлы, Есенбай Сасанұлы, Қыпшақбай Досанұлы, Ноғайбай Сүлейменұлының арнау өлеңдері зерттелді.
Зерттеу әдістері. XIX ғ қазақ әдебиеті ақындарының би - болыстарға арналған арнау өлеңдерінің негізгі тақырыбы анықталды.Болыстарды сынға алу себебі, ақындардың арнау өлеңдерінің бір - бірінен ерекшелігі кеңінен ашылды. XIX ғ қазақ ақындарының арнау өлеңдерін шығару себебі - би - болыстарды қатты сынға алу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Арнау өлеңдердің жалпы сипаты

1.1 Арнау - тілек өлеңдерінің шығу тарихы, сипаты

Арнау - әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі.
Арнау өлең - белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды.
Арнау-тiлек өлеңдердiң шығу тегiнiң күнтiзбелiк әдет-ғұрыптардан күнге, айға табыну тағы басқа түрлi құбылыстарды киелi деп есептеген анимистiк ұғымнан туындағанын фольклористер сенiмдi дәлелдеп жүр. Қазақ арнау-тiлек өлеңдерiнiң табиғатынан да мұны айқын көруге болады. Мәселен, күнге, айға табынудың сонау Хунн дәуiрiнен берi бар екендiгi белгiлi. Бұл дәстүр кейiннен тәңiрге (көкке, аспанға), жерге (умай) табынуға ұласып, әртүрлi жануарларды, түрлi құбылыстардың иесi бар деген тәрiздi ұғымдарда өрiс алтөтемге айналдыру ды, осы көне түсiнiктiң қай-қайсысы болмасын халық санасында өз iзiн қалдырып отырады. Мiне, ел тұрмысындағы осындай ұғым-түсiнiктер, әртүрлi жолдармен балалар репертуарына да көшкен. Мысалы, қазақ арасында шаман дiнiнен қалған жаңа ай туған кезде оған бата жасау, тiлек тiлеу дәстүрi ертеден бар. Мiне, осы салттың елесi балалар айтатын арнау-тiлек өлеңдерден де байқалады. Мәселен, алғаш ай туған сәтте балалар: Айдың көңiлi жай болсын Балалардың мiнгенi Жорға-жорға тай болсын Қырдан берсiн, ойдан берсiн, Қызыл шұнақ қойдан берсiн... деп тiлек айтады. Немесе сүйел, жара шыққан балалар ата-ананың кеңесiмен айға қолын көрсетiп: Ай-ау, ай, Әйейiмдi алып, Қолымды бер, Әйейiмдi алып, Қолымды бер, - деп айғайлайды. Арнау-тiлек өлеңдерiн орыс фольклортану ғылымында оларды бiр жанр ретiнде қарастыруды ұсынады. Ал В. П. Аникин бұлардың айырмашылығы бағышталған обьектiсiнде ғана емес, орындалу формасында да, яғни ...дети выкрикивают слова закличек нараспев хором, ...а их (приговорок - К.I.) произносит каждый поодиночке, - деп жазады. Бұл пiкiрдi Э.С.Литвин де қолдайды. Кейiнгi зерттеушiлер де осы пiкiрдi жандандырып жүр.Қазақ балаларының репертуарында арнау-тiлек өлеңдерінiң айға, күнге, табиғат құбылыстарына да, жан-жануарларға арналғандары да мол. Мәселен, бұлт арасынан жасырынған күнге балалар: Май берейiн, құрт берейiн, Күннiң көзi, шық, шық! - деп сiркiреп жауа бастаған жаңбырға: Жау, жаңбыр жау, жау, Көк биеңдi сау, сау, - Деп айғайласа, қарақұрттың iнiн көргенде: Белең, белең белең құрт! Белi жуан белең құрт! Шандырыңды созармын, Тас төбеңнен ұрамын, Уытыңды жаймай шық! - деп тепсiнедi. Егер осы көп құрамды арнау-тiлек өлеңдерiнiң iшкi мазмұнына тереңiрек үңiлсек, күнге, айға, табиғат құбылыстарына арналған жырлардан жалбарынудың, өтiне сұранудың нышанын байқаймыз. Ал жан-жануарларға арналған жырларда өтiнiштен гөрi бұйыра айту сарыны басымдау. Оның себебi арнау-тiлек өлеңдерiнiң үлкендер репертуарындағы алғашқы ерекшелiктерiнде жатыр. Қазақ халқында тәңiр дiнiнiң қалдығы әлiкүнге дейiн өмiр сүрiп келедi. Тәңiрдi пiр тұтқан адам Күндi көрсе де, Айды көрсе де, қайран қала табынды, ол табиғатқа табынды, онда өзi көк, көк тәңiрi деп атаған уақыт сияқты мәңгiлiк тылсым күштiң құдiретi бар деп сенедi. Тәңiр дiнiнiң шығу тегi жалпы табиғат пен оның құбылыстарын құдiрет тұтуда жатыр, - деп жазады Шоқан. Осы ұғым-түсiнiкке байланысты арбау, жалбарыну өлеңдерiнiң табиғатын саралай келiп профессор М.Ғабдуллин, әсiресе, табиғат құбылыстарына арналған өлеңдерде: Жандай долым, ақ бұлт, Омыраудан соқ, бұлт! Ескен желдi, сұр бұлт, Елiктiрмей жете көр! - деген сияқты жалбарыну, өтiну сарынының басым екендiгiн айтады. Сондай-ақ, - деп жалғастырады одан әрi ғалым өз ойын, - ертедегi адамдар малды немесе адамды жылан, бүйi, қарақұрт, бәленгi шаққанда әртүрлi ырым жасап арбау өлеңдерiн шығарған... Қай арбауды алсақ та, улы жәндiктерге зекiру, қорқыту, бұйыра сөйлеу басым келетiнi байқалады. Мiне, арбау өлеңдерiнде осы екi сарын балалар репертуарына да көшкен. Арбау жанры, сөз жоқ, қазақтың көне наным-сенiмдерiне қатысты ғұрып фольклорының арналы саласы. Ол жөнiнде Б.Әбiлқасымов еңбегiнде жете айтылған. Бiз жанр ұшқынының балалар репртуарына көшкен элементтерiне ғана назар аудардық. Жалпы халық тұрмысында әлдеқашан ұмыт болған арбау жырларының балалар ортасында сақталып қалуының өзiндiк себептерi бар. Мұндай құбылыс қазақ қана емес басқа халықтар фольклорына да ортақ. Мәселен, Б.Шермұхамедов тәжiк арбау өлеңдерiн түгелге жуық балалар репертуарына қосады. Адамзат санасының балаң дәуiрiнде туған арбау жырларын сәби жүрегi шынайы қабылдайды. Сол әдет-ғұрыптарға сене отырып, өлеңдердi де берiле орындайды. Табиғатқа, жан-жануарларға арналған арнау-тiлек өлеңдерi арқылы бала олармен тiлдеседi, өзiндей көрiп ұғынысуға тырысады. Бала табиғаты қоршаған ортаға қаншалықты етене болса, арнау-тiлек өлеңдерi сол жақындықтың бiрден-бiр дәнекерi. Бала өзiнiң iшкi эмоциясын, арман-мақсатын, қалауын, өлең жырлармен бiлдiруге тырысады. Ол тiлектердiң барлығында дәстүрлi тәрбиенiң, халықтық салт-сананың, ұғым-түсiнiктiң iздерi жатады. Арбау өлеңдерiнiң балалар репертуарына бiртiндеп көшуiне оның өлеңдерiнiң құрылымы да, орындалу мәнерi де әсер еткен. М.Ғабдуллин атап көрсеткендей арбау өлеңдерiнiң мәтіндерінде мағынасы түсiнiксiз жұмбақ сөздер көп қолданылады. Және олар дыбыс үйлесiмдерi (ассонанс, аллитерация) арқылы ұйқасып келiп отырады. Тiптi, түсiнiктi сөздерден құралғанның өзiнде: Тас төбеңнен ұрармын, Тәңiр ұрғандай қылармын, Танауыңды тiлермiн, - деген тәрiздi жаттап алуға да жеңiл, тақпақтай айтуға да ыңғайлы бала мiнезiне де үйлесiмдi болып келедi. Көне жырлардың балалар репертуарында берiк орнығуына олардың өлең құрылысы, түр ерекшелiктерi де көп септiгiн тигiзген. Сондай-ақ арнау-тiлек өлеңдерiнiң көпшiлiгi бала өмiрiмен, күнделiктi тiршiлiкпен тығыз байланысты болып келедi. Мәселен, алғаш түскен тiсiн нанға бала орап итке тастап Жасық тiсiм саған, пышақ тiсiң маған деп күбiрлейдi. Немесе Шiлде қоңызды қолына қондырып алып Ел қалай көшер? Ел қалай көшер? деп әндетiп отырады. Дәстүрлi түсiнiк бойынша шiлдеқоңыз қалай қарай ұшып кетсе, қоныс аударған ауыл да солай қарай көшедi, балалар оған имандай сенедi. Қазақ балалар репертуарындағы мұндай өлеңдер тобы осы уақытқа дейiн толық жиналған да, сараланған да емес. Тек 1988 жылы Ақ сандық, көк сандық жинағында бұл өлеңдер жеке топталып, Арнау-тiлек өлеңдер деген айдар тағылды және ғалым Ш.Ибраевтың алғы сөзiнде олардың өзiндiк ерекшелiктерi де бiраз ашылды. Қолымызға жинақталған мәлiметтердiң табиғаты мен оның қазақ балалар репертуарындағы өмiр сүру формасы оларды бiртұтас жанрлық түр ретiнде топтап қарастыруға мәжбүр етедi. Арнау-тiлек өлеңдер деген термин де бұл шағын жанрлық түрдiң табиғатын толық аша алады деген ойда емеспiз. Бұл әлi де ойлана түсудi, ел iшiндегi жиналмаған тың мәлiметтердi ауқымдап, жанрлық түрдiң iшкi ерекшелiктерiн тереңiрек саралап, термин мәнiн нақтылай түсетiн мәселе. Жалпы, балалар шығармашылығы дәстүрлi дүниетаным сырларын ұзағырақ сақтайтын алтын қойма. Ыждағатпен көңiл бөлсек, балалар ойынымен аралас жүрген осы шағын шығармалардан да талай қызық сыр тартуға болар едi.
Ақынның сөзі алтыннан құнды келетін,
Арзандап кеттік, ағайындар-ау, неге тым?
Құшынаш болып кетпесек біздер жарады,
Көрінген жанға ішірткі жазып беретін [1,98 бет].
Бұл - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың Арнаулар өлеңінен үзінді. Оқығанда жырдың жалыны өзегіңді өртеп, жүрегіңді шарпиды. Әлдеқандай арнауларды есіңізге аласыз да, ұяттың отына өртенесіз. Жүйке тамырларыңыздан ағып өткен жылы ағын көмейіңізге келіп қыстығады да, бар пенделігіңізді қайырып қойып, таза өлең туралы ойлануға жетелейтіні хақ! Бізді толғандырғаны - ақын поэзиясы хақында емес, шынайы өлеңдердің ордасына шырмауықтай тамыр тартқан арнау өлеңдер еді...[2,190 бет].
Жасыратын несі бар, күні кешегі Кеңес дәуірі қазақ өлеңінің көсегесін көгертумен қоса, аталмыш арнаулардың да жұлдызын жандырған алтын дәуір болды. Оған бола ешкімге де кінә артып, күстәналай алмайсыз. Сананы заман билеген, өлең-жырдың өзі саясаттың қол шоқпарына айналған сүреңсіз мезгіл еді ол. Өлеңнің біссіміләсі Ұлы көсемге, коммунизмге құлаш ұрған салиқалы саясатқа арнау жазудан басталатын. Ал онсыз ақынның қарығы ашылып, бағы жана қоймайтын. Анығын айтсақ, қайсыбір ақынның болмасын, өлең топтамаларының жарияланып, жарық көруінің басты кепілі - осы арнау жырлардың көмегіне кеп тірелетін-ді... Әрине, сол бір алмағайып күрделі кезеңнің өзінде, солақай саясаттың сойылын соқпай, ақындығын азаматтығы көтерген не бір жыр сүлейлерінің де өткені әмбеге аян. Сондықтан, бәріне бірдей қырын қарауға болмайтынын қаперге алғанымыз ләзім.
Сонымен, кешегі қылышынан қан тамған кеңес билігі біз секілді бодан елдердің мойнына осындай идеология қамытын жекті. Ақындарымыз шындықты өткізу үшін, аздаған өтірік қосуға шарасыз мойын ұсынды. Ал бүгінгі, өз қолы өз аузына жеткен егеменді елдің шайырларына не жорық? Халықтың әлеуметтік жай-күйін кейінге шегіндірген дағдарыс кезеңі, от ауызды ақындарымыздың да басым бөлігін қарын қамын күйттеуіне айдап соғып, жағымпаздық дерті әбден белең алып кеткендей. Қандай да бір газет-журналдарды парақтап отырсақ та, тіпті, өлең бәйгесі саналатын қайсыбір мүшәйраларды тамашалай қалсақ та, әлгіндей арнау жырлардың шоғыры алдыңызды орайды. Ал олардың авторларына келсек - кілең мүйізі қарағайдай аға-апаларымыздан бастап, орта буын өкілдері, ең берісі дегенде, таңдайынан әлі уыз дәмі кеппеген жас өскіндерге дейін мақтау-мадақтауға жанымен құныққандар!

1.2 Арнау өлең жазу дәстүрінің әдебиетімізде алатын орны

Иә, арнау өлең жазу дәстүрі әдебиетімізде әріден бастау алған. Бірақ оның да өз заңдылығы болған ғой. Мәселен, кешегі Бұқарлардың хан Абылайға айтқаны, қазіргі арнау жырлармен үш қайнаса да сорпасы қосылмайтыны анық. Халық санасынан риясыз орын алған қай ақынды алсақ та, олардың өлеңге деген өз адалдығы болды. Бір ғана мысал, М. Мақатаевтың Әбділдәға дейтін өлеңінің соңғы шумағы, міне, былай өріледі:
Бой түзеп, босқа кетпей сауықпенен,
Боз қырау босағасын тауыпты өлең.
Жаман жыр жазғанымда ақ таяғың -
Арқамда ойнай ма деп қауіптенем...
Ой көзімен байыптап қарасақ, өлеңнің өн бойында қандай бір жағымпаздықтың, болмаса, шашбауын көтерген әсіре мақтаудың нышаны байқалмайды. Керісінше, ағаға деген інілік ізет пен киелі өлеңге деген кірпияз тазалық менмұндалайды. Ал бүгінгі баз бір арнаушыларымыздың туындыларын Мұқаңның жоғарыдағы өлеңімен қатар қойып, талдаудың өзі ар көтермейді. Сонда бүгінгі нарық заманы, елдің мұңын мұңдайтын ақындарымыздың мәртебелі поэзияға деген адалдығына ауыз салған ба?! Қазақтың қай ақын-жазушысы Алматыда үйсіз-күйсіз жүрмеді дейсіз? Әйтсе де, мұндай тарығушылыққа иіні түсіп, жырға деген көңілі суымаған қайран Қасым ақын бұған былай деп жауап бермеп пе еді:
Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,
Сонда да тастамаспын астанамды.
Өлеңнің отын жағып жылытармын,
Өзімді, әйелімді, жас баламды!
Ақын Абайдың өлеңге әркімнің-ақ бар таласы... деген өлең жолын көңіліне медет тұтып, тепеңдейтіндер әлгі жырдың сонда да солардың бар таңдамасы деп өрнектелетін келесі жолын қаперіне алды ма екен шіркін! Хакім Абай айтып отырған талас тек өлеңге жылты бар, Тәңірдің айрықша рақымы түскен таланттылар арасындағы өнер таласы болса керек. Әсте көлденең көк аттылардың қанжығасында кететін еріккеннің ермегі, щөлдегеннің шөлмегі емес. Абай сол өлеңінде тағы былай деп толғанады:
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, - міне бұл ақынның өлеңге қояр талабы, талғамы сіпетті.
Өлең аспанынан жұлдыздай ағып өткен Төлеген Айбергенов:
Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның...
Нақақтан күйіп баратса нұрлы күн үшін бір тұтқын,
Кес-кестеп барып кеудеңді оғына тосу мылтықтың.
Қалтырмау үшін ұятқа күнәсыз мынау дүниені,
Жамау ғып басу өзіңді аузына барлық жыртықтың, - дейді. Жүрегіңізге салмақ салатын жыр жолдары, ақындық деп аталатын ұлы өнердің алыс жолын, ауыр жүгін аңғартатындай. Әттең, соның қадіріне қаншалықты жете алдық. Тағы да ойшыл Абай өлеңінің өңін аударып айтсақ, дәл қазіргі біздің қоғамда тыңдаушы түзелгенімен сөз түзелмей тұрған сыңайлы [3,140 бет].
М. Мақатаев тағы бірде өз күнделігіне былай деп жазады: Бір кеңше отырып алып маған Алтын адам - күмәнді қазақ туралы поэма жаз деп ақыл айтады. Оның мүмкін еместігін айтып, жуырда жазған Алтын адам өлеңімді оқып бердім... Алтын адамның кім екенін анықта, маған түсіндіріп бер. Өзінің бүкіл алтыны алтын табытқа айналатынын, кейінгі ұрпаққа алтынның өзі ғана жететінін тірлігінде бұл алтынға оранған өлік ойлады ма екен? Поэзия журналистика емес, ал, ақын да дабыра туғызатын жағдайларға жүгіре беретін журналист емес. Алтынмен киіндіріп қойған қаңқа сүйек табылғаны үшін поэзия жазуға бола ма? Алтынға малынған адам туралы жазғанша, елсіз далада көмусіз қалған адамның бас сүйегі жайында қуана-қуана поэма жазар едім. Міне бұл сөз қадірін бөз қадірінен артық көретін дана халқымыздың Әдебиетті ардың ісі деп түсінетін ақын перезентінің жүрек сөзі.
Қазақ ежелден сөздің жүйесіне жығылып, киесіне сенген халық. Етіне түскен тән жарасын ауырсынбаса да, сүйектен өтетін сөз сойылын өлімнен кем көрмеген көрегенді ел. Сондықтан да жардан ассақ та, талдан аспай өнегелі, тәлімді жыр жазуға бойымызды үйретсек, әрине жүректі жарып шыққан шын шабыттың туындысындай арнау жырларды да қол соғып құп алар едік.
Арнау жырлары, өзінің атауынан белгілі болып тұрғандай, шығарманың белгілі бір объектіге бағытталып шығарылуы. Бұл арнау жырын анықтауда басты критерия болғанымен арнау мұнымен қатар арнау жырларының өзіндік құрылысы, өлең өлшемдері объектіні қамту ерекшелігі болатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Арнау жырларының шығу тегі мадақ жырларымен тығыз байланысты болғанын бұл жанрды арнайы зерттеген орыс ғалымдары да баса айтады. Адамзат тарихында қоғамдық құбылыстардың белгілі бір зандылықп1ен іске асатынын ескерсек, қазақ халқының мадақ жырлары мен ежелгі рим, грек. орыс одаларының түп төркіні де бір екенін көреміз. Мысалы, ежелгі қоғамда мадақ жырлары (ода) адам өміріндегі ерекше оқиғаларды, адам батырлығын, мінез ірілігін. табиғаттың ерекше құбылысын мақтауға арнаған. Ежелгі грек ақыны Пиндардың осы тұрғыдан өлеңдері кейін көп халықтың лирикаларына арқау болуы да сондықтан шығар. Ал бұл құбылыс ежелгі Римде мемлекетті, оның басшысы Августы мақтау түрінде көрініс берген. Бұл құбылыс Орхон-Енесей жазуларындағы Білге қаған, Күлтегін жырларындағы қағандықты, қағанды мақтаумен астарласып жатқандығы.
Француз халқындағы ХVІ ғасырларда ерекше көрініс тапқан одалар мен ХV ғасырдан бастап өзінің жаңа даму сатысына көтерілген жыраулар шығармаларындағы мақтаулар тікелей байланысты болмағанымен, генетикалык жағынан арнау өлеңдерінің әр елде өзіндік көрініс беруі екені даусыз. Мұндай мадақтау өлеңдері шығыс поэзиясында "қасыда" түрінде көрініс берді. "Қасыда" дегеніміз - бірнеше бәйіт бір ұйқаспен жазылатын өлең түрі, мақтау жыры. Бұл өлең түрі кезінде Фердоуси, Науаи, Мактымқұлы, Низами және т.б. шығармаларында кеңінен қолданылды.
Ерте дәуір әдебиеті мен одан кейінгі кез арнау өлендерін саралап қарастырсақ, арнау өлеңі өзінің құрамына мадақ жырларын да, аңсау түрінде жазылған өлеңдерді де, сатиралық тұрғыдағы шығармаларды да, ағартушылық тұрғыдағы ірі шығармаларды да қамтығанын байқаймыз.
Ф.Брокгауза мен И.Ефрон құрастырған "Энциклопедиялық сөздікте" арнау жанры "философиялық толғаныстан бастап, сатиралық суреттеуге дейін" кең ұғымдағы мағынаға ие екенін айтады. Бұл арнау жанры өзінің таңдап алған тақырыбы, арнаған адамына, табиғатқа байланыстылығы жағынан сан алуан екендігін, оның әртүрлі түрлерінің көптігін көрсетеді. Бірақ бұл жерде "жанрдың ой түюі" деген мәселе ұмытылмауға тиіс. Егер олай жасамасақ кез-келген арнау сөзін арнау жанрының объектісі ретіңде қарауға тура келеді. "Жанрлық толғаныс" арнау жанрыньң тарихи-әдеби процесс кезінің әртүрлі сатысындағы жанр түріндегі көкейтестілігін көрсетеді. Арнау жанры бұрын-соңды әдебиеттану ғылымында негізінен дәстүрлі лирика жанрының бір түрі ретінде қарастырылып келеді. Бірақ солай бола тұрса да ешкім арнау жанрының "философиялық-теориялық, дидактика-публицистикалық, махабаттық-достық-сатиралық" табиғатын жоққа шығармайды. Ал арнау жанрының табиғатының тақырыбының өзгеруіне негізгі себеп әлеуметтік жағдай екенін барлық зерттеушілер мойындайды. Бұл мойындау ерте кезден бүгінгі күнге дейін арнау жанры жеке объект ретінде сөз болғандығын көрсетед. Арнау жанрының табиғатын анықтауда А.Квятковский "монологтық поэзияның ежелгі жанры" деген пікір айтады. Бірақ бұл тұжырымд автор "Хат формасы" түрінде түсіндірмек болуы жанр жоғалады деген ұғымға алып келген. Арнау жырының монологтық түрде өріс алуы түркі халықтары, соның ішінде қазақ жыраулық поэзиясында ерекше дамығанын орыс зерттеушілері көрмейді, немесе көргісі келмейді. Бірақ солай бола тұрса да М.Гаспаровтың "моральдық-философиялық" немесе дидактикалық мазмұндағы арнауларды бөле қарастыруы түркі халықтары поэзиясы арқылы басқа халықтарға тараған арнау жанрын мойындау секілді. Сондай-ақ М.Гаспаров арнау жанрының осыған ұқсас баска жанрлармен ара қатынасын: "По мере ослабления формальных признаков грань между посланиями и родственными жанрами стирались", - деп түйіндейді. Бірақ арнау жанры туралы айтылған ойлардың бәрі - бұл дәстүрлі поэтикалық жанр екенін жоққа шығармайды [4,101 бет].
Қазақ фольклористикасы мен әдебиеттану ғылымына тән арнау жанрын оның мазмұнына қарай жүйелеу Г.Н.Поспеловтің пікірімен үндестік табуы қай халықтың болсын рухани дүниесін жүйелеу ұлттық ерекшелікпен қатар, көркем шығарманың табиғатының ортақтығына қарап та бағаланатынын көрсетеді. Ғалымның айтуынша "шығарманың жанрлық ұқсастығын оның мазмұнының аясынан іздеу керек" - дейді. Сондықтан да оның пайымдауынша, "белгілі бір тұлғаға шығарманың бағытталуы тек сыртқы белгі ғана" дейді. Г.Н.Поспелов: "Послание - это мотивировка лирической медитации, начинаюшейся с обращения к тому или иному лицу. Это обычно лишь внешний вид для высказывания, сам по себе еще ничего не говорящий о том, с чем и для чего поэт к кому-то обращается. Такой прием мотивировки может быть применен в разных жанрах - в оде, элегии, романсе, лирической сатире, эпиграмме и т.д.". Шындығында да, бір объектіге сөз, поэтикалық дүние арнау сөз өнерінде кеңінен қолданылатын әдіс, бірақ ол поэзияның басқа ішкі заңдылықтарымен қосыла келе ерекше жанрлық қасиетке ие болады. Белгілі нәрсеге, адамға поэзиялық шығарма арнау бұл жанрдың алғашқы белгісі болса, оның мазмұны, құрылымы, өлеңдегі интонациялық-стильдік берілісі, өлең ұйқасы арнау жанрының қазақ поэзиясындағы "мен" деген орнын көрсетеді. Бірақ поэзиялық шығарманың кімге, неге арналуы арнау өлеңдерінің мағыналық және құрылым туғызарлық негізгі компонентіне айналады. Сондықтан да болар арнау жанры туралы орыс ғалымдарының кезінде әртүрлі пікір айтуы. Мысалы, Л.В.Чернец арнауды жанрға емес "лириканың бір тегіне" жатқызуы, Оның пікірінше, арнаудың басты белгісі "ритмдік-тармақтық композиция". Бірақ бұл тұжырым рубаи, газел, сонет және т.б. келсе де, қазақ өлеңіндегі арнауларға келе бермейді. Ғалым А.Сейдімбеков өз зерттеуінде төрт шумақтан тұратын қара өлеңдердегі арнау тақырыбы, мазмұны басты мағынаға ие емес екенін айтқан еді [5,90 бет].

1.3 Арнау өлеңдердің жанрлық сипаты

Арнаудың жанрлық ерекшелігін анықтау мәселесі бүгінгі күні де фольклористер мен әдебиетшілер үшін оңайға түсіп отырған жоқ. Қазіргі кезде арнау өлеңдерінің жанрын анықтағанда негізгі белгі ретінде оның ежелден келе жатқан мінездемесі мен мотивіне, шығу тегіне көңіл аударылып жүр. Мұнымен қатар арнау өлендерін талдай отырып, оның әртүрлі жанрлық түрлері де бар екенін айтып жүр. Бірақ бұл ажырату да бір жақты. Себебі шығу тегі, пафостық, проблемаларына қарап жанрды ажыратсақ, зерттеушілеріміздің өздері қарастырып жүрген әр заманның өзіндік қозғаған мәселесін, әр кездің тудырған жанрларын бір жерге жинап, қарастыра алмас еді. Біз сөзіміздің басында арнаудың синкретикалық ерекшелігін, яғни өзінің даму кезеңінде өз бойына әртүрлі жанрлардын белгілерін жинақтайтынын айттық. Бұл арнау өлеңдері мен лириканың басқа түрлері арасындағы жікті ажыратуға қиындық тудырады.
Қазақ поэзиясында арнау өзінің өміршеңдігімен көрініп қана қоймай, әр кезеңде өзіндік бет-бедерімен ерекшеленген. Сондай-ақ әрбір кезеңде ол бейнелейтін эстетикалық нысаны өзгеріп, соған байланысты уақыттың көкейтесті мәселелерін көрсететін мағынада өзгеріске түсіп отырған.
Бұл айтылғандардың барлығы осы кезге дейін тарихи тұрғыда қалыптасқан әдебиет шығармалары арнау теориялық тұрғыда өз бағасын ешбір ел зерттеушілерінде ала алмағандығын көрсетеді. Арнау өлеңдерінің әдеби процестегі қызметі, оның басқа жанрлардан өзіндік ерекшелігі деген мәселе де әлі қарастырылған жоқ. Бұған екінші тағы бір себеп лириканың, соның ішінде халық лирикаларының да жанрлық ерекшелігіне теориялық тұжырым жасалмағандығынан ғой дейміз. Арнау өлендерінің жанрлық ерекшелігін ашуға көмектесетін әдістің бірі -- оны тарихи-әдебиеттік негізде зерттеу. Бұл тұрғыда кезінде Б.Томашевский, Б.Эйхенбаум, Л.Гинзбург және т.б. істелген еңбектері көңіл аударарлық. Бұл ғалымдар арнаудың мазмұнымен қатар стильдік ерекшелігін, генетикалық байланысын, тұрмыстық тақырыптан келелі тақырыпқа көшу ерекшелігі секілді мәселелерге көңіл аударады. Бұл тұжырымдар кезінде жанрдың типологиясын зерттеуге эстетикалық тұрғыда мүмкіндік беріп, оның әдеби процестегі қызметін анықтайды. Бұл тұрғыда қазақ ғалымдары да теориялық тұрғыда еңбек етіп, А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев. З.Қабдолов, З.Ахметов, М.Жолдасбеков (ежелгі әдебиетіміздегі), М.Мырзахметов, Қ.Мәдібаева (зар заманы дәуіріндегі), Т.Қожакеев (сатирадағы), Б.Әбілқасымов (толғаулардағы), С.Медеубеков (термедегі) арнау өлеңдерінің ерекшелігін ашты. Бұрын-соңды айтылған пікірлерді тиянақтай келе, арнау өлендерінің жанрлық ерекшелігі неде дегенге тоқталсақ, арнауға былайша анықтама беругеболады[6,190бет].
Арнау - белгілі бір адресатқа (жеке, немесе жиынтық ұғымда) арналған. Ол өлең мәтінінің ішінде көрінетін, автордың белгілі бір тақырыпқа өзінің объектісімен сырласуы (философиялық, эстетикалық, қоғамдық-саяси, өмірлік шығармашылық тақырыптарға) түрінде пайда болған поэзия түріндегі шығарма. Арнау адресаты тақырыпта тура (эксплицитгі) немесе жанама (имплицитті) түрде берілуі мүмкін. Екінші жағдайда кімге бағытталуы шығарма мазмұнында шақыру, өтініш, сұрақ түрінде көрінеді. Бұл шығармаға диалогиялық рең беріп, автордың ішкі толғанысын шығарма арналған объектімен бөлісуіне мүмкіндік береді. Шығарманың кез-келген поэтикалық шартында бұл жанр автордың өмірінде пайда болған ой-толғанысын, басқа да мәселелерін поэзия түрінде жеткізуге мүмкіндік беріп, белгілі бір нысананы өнер туындысының объектісіне айналдырады.
Арнау жанр ретінде адресатпен диалог құруға мүмкіндік беретін поэзия түрі ретінде айқындалады. Бұл оның өзі тектес жанрлардан өзгешелігін көрсететін типологиясы. Себебі басқа жанрлар да белгілі бір объектіге бағышталғанымен оның мақсаты басқа. Мысалы, оданың мақсаты - мақтау. Монологтың мақсаты - ой айту. Ал сатира мен эпиграмма негізінен күлкі ете отырып, объектімен диалогиялық қарым-қатынасқа түспейді.
Арнау өлеңдерінің негізінде күні бұрын белгілі рөлге ие болған адресатпен диалог құру жатыр. Бұл жерде адресат дос, дұшпан, ел, жер, табиғат және т.б. болуы мүмкін. Адресеттың осындай әртүрлілігі авторға толғанысын, ажуасын, көңіл-күйінің басқа сәттерін жеткізуге мүмкіндік береді. Ал бұл дегеніміз - арнаудың толғау, терме, өлең, сатира және т.б. жанрларды өзінің икеміне қарай бұрып өзіндік жанр туғызу мүмкіндігі деген сөз. Сондықтан да қай жанр айтылмасын оның құрамында арнау ұғымының бірге жүруі.
Арнаудың диалогиялық мүмкіндігі кең. Жырау, ақын өзінің поэтикалық ойын білдіруге жеке адаммен де, өз-өзімен де, жер, су, табиғат құбылыстарымен де, тарих кезеңімен де, қоғамдық өзгерістермен де кеңесе, сөйлесе алады. Сондықтан да қазақ суырып салма поэзиясындағы арнау өлеңдері өз кезеңіне байланысты өзгеріп отырған және замана сөзін айта білген. Осы тұрғыдан келгенде арнаудағы адресат жиынтық тұлға екенін де ұмытпағанымыз жөн. Ал бұл жиынтық тұлға арнау жанрын туғызушы компоненттің бірі болып саналады. Адресеттың әртүрлі моделі арнау жанрының әртүрлі түрлерін туғызады.
Арнауда шығарманың тақырыбы ретінде көрінетін ситуациялық қарым-қатынас бар. Бұл тақырыптың нақты формасын көрсететін поэтикалық ойдың белгілі бір объектіге мақсатты түрде бағышталатындығының белгісі. Солай бола тұрса да арнауда эпикалық, драмалық шығармалар секілді қарым-қатынастың толық, мазмұны, ойды толық баяндау жоқ. Арнау монологтық ой толғанысы іспетті. Бірақ жәй монологтық ой емес, белгілі объектімен (оның нақты, абстрактылы болуына қарамастан) сырласу. Арнау -- диалогтық ой айту. Бірақ ол толық біткен, толық формадағы диалог емес, соның детальдары. Бұл арнау жанрының кез-келген сәтте жауап алуға мүмкіндігі бар екенін де көрсетеді.Белгілі объектімен қарым-қатынасқа түсу шарты арнау жанрының негізгі белгісі ғана емес, жанрлық форманы тудырушы компоненті де. Ал бұл жанрдың құрылымын ұйымдастырушы поэтикалық киімін киіндіруші десе де болады. Арнаудың мазмұны үнемі адресатқа бағышталып, оның қабылдауына лайықталады. Бұл ретте М.М.Бахтиннің: "...всякое литературное слово более или менее остро ощушает своего слушателя и отрахает в себе его предвосхищаемые возражения", -- дейді. Шындығында да, арнау өлеңдерінде тыңдаушыға шығарманы бағыштау өте күшті де нақты. Сондықтан да арнаудың құрылысында бірінші кезекте арнау тақырыбы, содан соң басқа белгілер көрінеді. Суырып салма поэзиясындағы арнауда айтылу интонациясы да аз қызмет атқармайды. Сондай-ақ арнаудағы сұрақ-жауап конструкциясы, императив, полемикалық-риторикалық фигуралар да жанрды құраушы компоненттер қатарына жатады. Бірақ арнаудағы диалогиялық бастама - арнау өлеңінің табиғатына терең сіңген белгі. Бұл өз кезегінде арнаудың стильдік ерекшелігін анықтайды. Тіпті, арнауда нақты адресат айтылмаса да арнау қуатты - диалогиялық мазмұнға ие болады да ол өз бойына тек автордың ой-толғанысын ғана емес, басқаның да ой-толғанысын жинайды. Бұл арнаудың семантикалық толық қандылығын көрсетеді. Сөз екі бағыттық мәнге ие болып, автордың өз созі және адресат сөзі ретінде көрінеді.
Арнау жанры - күрделі жанр. Сондықтан да оның ерекшелігін ашуға түрлі-түрлі жағынан келіп талдау жасадық. Қазақ суырып салма поэзиясында тіпті, Абай арнауларының өзі суырып салып шығарылғанын ескерсек, қазақ әдебиетіндегі суырып салмалық поэзияда арнаудың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшеліктер қазақ ауыз әдебиетінде айтыс, шешендік өнер, толғау, қара өлең және т.б. бірігіп халкымыздың мол рухани дүниесін жанрлық түрлерін байыта түседі. Арнау өлеңнің хас шебері деп біз әдетте Тұманбай Молдағалиев ағамызды айтатын едік. Жақында Жүрсін Ерманов та Арнадым саған деген атпен арнау өлеңдерінің жеке кітабын шығарып, осы жанрды жаңа бір белеске шығарып тастағандай болды. Жалпы, бізде арнау өлеңдер мен сансыз мүшайраларда дүниеге келген жырлар әлі зерттелген емес, ғылыми, көркем сыннан өз бағасын алған жоқ.
Қасым Аманжоловтың Абдолла поэмасын, Қадыр Мырза Әлінің Данышпан поэмасын, Төлеген Айбергеновтің Маңғыстау мұнаралары, Правда газеті туралы ой сияқты өлеңдерін, Мұқағали ақынның Мавр, Ильич, Аппассионата, Чили - шуағым менің сияқты дастандарын, Әбділдаға сияқты өлеңдерін, Жарасқанның Құлпытас топтамасын, Несіпбектің қаһармандық дастандарын, Есенғалидың Мұхамед-Салық Бабажановқа арналған Сары өзен поэмасын, Ғалым Жайлыбайдың Жаяу Мұса өмірін жырға қосқан Ақ сиса поэмасын, Әбубәкір Қайранның Хан Кене поэмасын, Маралтайдың кейінгі туындысын арнау жанрына балап, поэзия емес деп ешкім де айта алмас. Вердидің Аидасының мәтіні де, әуені де тапсырыстан туған, Суэц каналының іске қосылуының салтанатына арналып жазылған. Нағыз дарын нені толғаса да жүрек домнасынан өткізіп жазады. Дей тұрсақ та, сенің сұрауыңның да жаны бар - арнау жанрында бір қайнауы кем түскен мысалдарды көбірек табуға болады. Альбомдық деңгей деген бар. Жұмекен Нәжімеденов ағамыздың: Ұлы ақындар жазса да, өлең-итің нашар болып тууға ұялмайды дегені сияқты. Ондайда Тайбурылдың да қырық күндік кемдігі білініп қалады...[7.88 ]

1.4 Арнау өлеңдердің түрлері

Арнау өлең -- түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: "Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау". Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналыбетп айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.
Жарлай арнау -- көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің "Бір аллаға сыйынып" атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі ("Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.").
Сұрай арнау -- көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. "Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!", "Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын" (А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей жанрлық түрге жіктегенмен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады.
Зарлай арнау -- Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде "Ақтабан шұбырынды", "Қыз Жібек" т.б. жырлардағы зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл түрінің ерте дәуірде пайда болғанын айғақтайды. Қазақтың жазба әдебиетінде де зарлай арнау ерекше орын алады: "Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар көлім-ай!" (М.Жұмабаев). Арнау өлеңнің сарай ақындарының мәнеріне тән құрғақ мақтау түріндегілері де кездеседі. Мұндай Арнау өлеңдер көркемдік қуаты, ой-толғамы жағынан кем соғып жатады. Абай Арнау өлеңді жаңа сатыға көтеріп, мазмұн және түр жағынан байытты. Абайдың "Кешегі Оспан ағасы", "Жайнаған туың жығылмай", "Сорлы Көкбай жылайды", "Бұралып тұрып", т.б. отыздан астам Арнау өлеңі әлеум. мәселелерді, жеке адамның бейнесін, мінез-құлқын әр қырынан ашып көрсеткен көркем туындылар [8, 132 бет].

2. XIX ғ ақындарының арнау өлеңдерінің әдеби сипаты

2.1 Махамбет, Шернияз ақындарының арнау өлеңдері

Жалпы Махамбеттің шығармалары көтеріліске қатысты туғанмен, екі жақтың бітіспес өшпенділігін паш етуге арналған дүниелер ғана емес. Әміршіге қарата сөз айту - қазақ поэзиясында ежелден келе жатқан дәстүр. Асанқайғының Жәнібек ханға, Шалкиіздің Би Темірге, Жиембеттің Есім ханға ,Бұқардың Абылай ханға Сүйінбайдың Тезек төреге айтқандары қазақ қоғамында бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ деген қағиданың ертеден орнығып, сөз бостандығы мен ой азаттығы әрқашан іс жүзінде болғанын айғақтайды. Рас, бұрынғы жыраулар осы қағиданы негізге ала отырып, әміршіге деген өзінің оппозициялық ойын айтумен ғана шектелен. Ал Махамбет тек айтып қана қоймай, ашық күреске шығады, өйткені ол әділетсіздікке төзе алмайды. Оны қарулы қарсылыққа шығарып отырған нәрсе - тек қана бұл емес-ті. Көтеріліс жасаудың қоғамдық - саяси сәті түскенін айту керек. Егер Асан қайғы мен Бұқар жыраулар қазақ елінің жеке мемлекет болып тұрған кезінде өмір сүріп, хандықтың мықты болуын көздеп, эстетикалық идеяны қолдағандықтан әміршімен ашық күреске шыға алмаса, Махамбет заманында жағдай мүлде басқаша еді. Қазақ халқы біртұтас мемлекеттен айырылып, Ресейге бодан болған шақтағы ханның рөлі-вассалдық қана болатын. Ол Ресей патшасының бұйрығымен тағайындалып, қазақ жерінде Ресейдің мүддесін, оның саясатын жүзеге асыруға міндетті еді. Мұндай жағдайда қазақтың өз мемлекетін сақтау, күшейту керек деген идея мен көзқарас қазақ қоғамында болған жоқ. Сондықтан қоғамда ханға күрес-қазақ мемлекеттігіне қарсы деп қабылданбайтын түсінік деп қалыптасты. Керісінше, ханмен күрес- елдің азаттығы мен әділеттік үшін күрес деп ұғынылады.Міне, осындай жағдайда Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің бұрқ етілуі - таңғаларлық нәрсе емес. Исатай мен ханның арасындағы араздық ескіден келе жатқанын да және хан Исатайды өзіне қаратып алуды зор мақсат етіп, өзінше, оған әртүрлі жағдай туғызғандығын да Ығылман ақынның поэмасынан анық байқаймыз [9,156 бет].
1837жылы Исатай, Махамбеттер үш мыңдай қарулы қолмен келіп, хан ордасын қамағанда, Жәңгірдің әйелі Фатима ханым ханға:
Бұрыннан тақсыр таппадың,
Бір мінезден саппадың,
Бөріні көрсе беттемес,
Қораңа көпек сақтадың.
Пайданы сонан көрем деп,
Көптен бері баптадың.
Көпектен көрдің не пайда,
Жамандыққы шалдырмас,
Бір сырттанды бақпадың:
Исатай ердің сырттаны
Күндердің күні болғанда,
Көпектің елін сол ертіп,
Көрдің бе, міне, шапқанын? -
дейді.
Бірақ мұнда мәселенің бір жағы, яғни ханның Исатайды әуелден-ақ жаратпайтыны ғана аңғарылады. Ал ханымға мәлім емес,Исатайды өз қолына қондыру жөніндегі Жәңгірдің екіжүзділікке негізделген зұлымдық саясаттары ханның өз сөзінен көрінеді. Фатимаға берген жауабында Жәңгір:
Исатайды қадірлеп,
Еркіне қойып, бақсам да,
Жақпадым, сірә, соған-ақ,
Өзгені билеп алған соң,
Өзіме тиді жағалап, -
дейді.
Хан Исатайды қадірлеп те, еркіне қойыпта көрген. Бірақ оны өзінің дегеніне көндіре алмаған. Әрине, олай болуы мүмкін емес еді. Өйткені Исатайдың өз баласына не Махамбетке жағдай туғызғанмен де,жалпы халық хан, сұлтан, би-шонжарлардың қанауында болды. Сондықтан да олар келісімге келе алмады. Соңына ерген қара халық үстем таптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Абай шығармаларының жанры
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР туралы
Лирикалық шығарманы талдау жолдары
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
Сегізінші өлеңнің өлшеуі
Абайдың барлық өлеңі
Пәндер