Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың Өлгендер қайтып келмейді романының тілі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Филилогия факультеті

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы

Курстық жұмыс

Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романының тілі

Қостанай 2018

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3 бет

І Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

  1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы . . . 6-22 бет
  2. Кірме сөздердің қолданысы . . . 27 бет
  3. Көнерген сөздердің қолданысы . . . 33 бет

1. 4 Эмоционалды-экспрессивті сөздер . . . 35 бет

II Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің қолданыс ерекшелігі

  1. Мақал-мәтелдердің қолданысы . . . 38 бет

2. 2 Фразеологизмдердің қолданысы . . . 52 бет

ІІI Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі

3. 1 Көркемдегіш - бейнелегіш тәсілдердің стильдік қолданысы (теңеу, эпитет, метафора, синекдоха, кейіптеу т. б) . . . 67-90 бет

3. 2 Портреттің қолданысы . . . 92 бет

Қорытынды . . . 100 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 101 бет

К і р і с п е

Әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасуында ең бірінші оның тілінің алатын орны ерекше. Себебі ол халықты халық қылған - оның тілі. Тіл - ұлттың жүрегі. Оның ішінде, қазақ тілі тамыры тереңге кеткен тұғырлы, ең таза әрі қуатты тіл. Әуезов айтқандай, қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл.

Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылыс болады. Қазақ тілінде де солай. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында, мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында қарастырылса, сөздік құрамы лексикология саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады.

Соның ішінде лексикологияның алар орны ерекше. Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді.

Қ. Жұбанов «Қазақ тілінің жоғарғы курсы. Дәрістер» деп аталатын лекциялар желісінде «лексика» терімсөзін бірнеше жерде қолданады. Сөз жүйесінің грамматика саласына енбейтіндігі туралы айтып, оны «тіл ғылымының басқа бөлімдеріне» жатқызады да, мынадай анықтама береді. «лексикология - сөздер жайындағы ілім (тілдің сөз байлығы) (1999, 80) . «Лексика - даяр материал», «Лексика дегеніміз сөздерді мағына жағынан бір-бірінен айыру болып табылады» дейді ғалым.

Курстық жұмысқа Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы алынды. Роман соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңді сонымен қатар әділдіктің көркем бейнесін көрсетеді. Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы «қазақтың 100 романына» енген атақты жүздіктің құрамына енген.

Курстық жұмыс тақырыбы - Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романының тілі.

Жұмыстың мақсаты - Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» романы тілінің лексикалық ерекшеліктерін анықтау. Оның ішінде синонимдер мен антонимдерді сөз таптарына байланысты бөліп, олардың мағыналарын ашу. Сонымен қатар кірме сөздер, көнерген сөздерді және тауып, оларға сипаттама беру.

Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді тауып, оларды жік-жігіне ажырату. Фразеологизмдерге І. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздік» атты түсіндірме еңбегі бойынша талдау жасау.

Шығарма тілінің көркемдік-бейнелегіш тәсілдері арқылы метафора, синекдоха, эпитет, кейіптеу түрлерін ажырату, және оларға кеңінен тоқталып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Жұмыстың нысаны - Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы.

Зерттеу жұмыстың ғылымилығы: Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романының ең негізгі ғылымилығы - ешбір портретсіз басты кейіпкердің образын толыққанды ашуында. Шығармада автор сөзі мүлде жоқ, есесіне басты кейіпкер Еркін өз басынан кешкен талай қиын кезеңдерін, тоймай қалған балалық шағын, жалын атқан жастығын, және өмірдегі өз орнын қалай тапқанын толық баяндайды. Жазушы тілінің көркемдігі соншалық, автор емес кейіпкер сөйлеген шығармадан сол кейіпкердің өзінің образы ашылады. Ешбір портретсіз, мінездемесіз. Кейіпкердің әрбір қимылы мен, оның өмір жолында көрген сан алуан оқиғалар желісі кейіпкердің образын ашуға септігін тигізеді. Мысалы, Қалың солдаттың сонау шет жағында, орысша оқылған сценарийді шала ұғып, сонда да зейін сала ұйып тыңдап отырған, беті-басы шытынап күнге күйген кішкене қара солдат -болашақ дырдай қазақ жазушысы екенін сірә, Эйзенштейн де білмесе керек. (209-бет) Бұл сөйлемде кейіпкер яғни автор осы сөйлем арқылы өзінің портретін айтып отыр. Сонымен қатар мына бір сөйлемде де жасырын тұрған портретті байқаймыз: Мен әкемін. Жамал атты алты айлық, өзіме тартқан тәмпішмұрын қызым бар. (412-бет) Осы секілді бірнеше сөйлемнен ғана кейіпкер портретін байқаймыз.

Тағы да бір ғылымилығы - шығарма фразеологизмге өте бай. Есесіне мақал-мәтел тым аз кездескен.

Жұмыстың әдіснамалық негізі. Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І. Кеңесбаев, Аргингазина Г, Зекенова Ш, К. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ә. Қайдар, Т. Қоңыров, Р. Сыздық, Жүнісов А, Ғ. Қалиев, Г. Смағұлова, Ш. Сейітова, Р. Авакова, Нұрғалиева А, Ф. Оразбаева, Жонкешов Б, А. Салқынбай тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.

Жұмыстың құрылымы - Жұмыс кіріспеден, шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің қолданылу ерекшелігінен және шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі атты бөлімдерден тұрады.

І. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романында антонимдердің көрініс табуы

Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романында антонимдердің көрініс табуы

К. Аханов өзінің «Тіл білімінің негіздері» атты еңбегінде антонимдерді төмендегіше сипаттаған.

Антонимия көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның тіл-тілде синонимия, полисемия құбылысына қарағанда, өрісі тар болады. Анығырақ айтқанда, синонимдес сөздер мен полисематизмді сөздер сөздердің көптеген тобына тән құбылыс болуына байланысты, тіл-тілде жиі ұшырасатын болса, антонимдер көбінесе сөздердің белгілі бір тобына тән құбылыс болуына байланысты, синонимдер мен полисематизмді сөздерге қарағанда, әлдеқайда сирек ұшырасады.

Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады [К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» төртінші басылымы - Алматы, 2002, 173-бет] .

Антоним болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Мысалы: кәрі-жас, дұрыс-бұрыс, түзу-қисық, терең-саяз, адал-арам т. б.

Зат есімдерден антоним болатындар бірең-сараң ғана, Соның өзінде олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады. Мысалы: өтірік-шын, пайда-зиян, бақ-сор, бай-кедей, т. б.

Үстеу сөздерден жасалған санаулы, ана антонимдер бар. Мысалы: Бері-әрі, ілгері-кейін, жоғары- төмен, ерте-кеш т. б.

Бір сөз әр мағынасында әр түрлі сөздермен антонимдес болуы мүмкін. Мысалы: Оң деген сөз бағытты білдіру мағынасында сол деген сөзбен антонимдес болса, «дұрыс» деген мағынасында теріс деген сөзбен антонимдес. Қалың деген сөз ыңғайына қарай жұқа деген сөзбен де (қалың қар-жұқа қар), сирек деген сөзбен де (қалың шаш-сирек шаш) антонимдес болады [К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» төртінші басылымы - Алматы, 2002, 175-бет] .

Ал Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты кітабында «антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық кем қасиетін, мөлшер-көлемін, салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады», -дейді [Әсет Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы», 45-бет] .

Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар:

  1. Түбір күйінде кездесетіндері:ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, үлкен-кіші, жас-кәрі, биік-аласа, т. б.
  2. Туынды түбір күйінде кездесетіндері:ашық-жасырын, өзімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, қатты-ақырын, т. б

Қазақ тіліндегі сындық мағынадағы туынды антонимдер көбінесе - лы, -лі, -ді-ды, -ты, -ті жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларын ал , - сыз, -сіз жұрнақтары жағамсыз мағынадағы сыңарларын жасайды. Мысалы :

Ер жігіт бірде малды , бірде малсыз

Арғымақ бірде жалды , бірде жалсыз

Ақылды ны алысым деме,

Ақылсыз ды жақыным деме.

Куәлі істі куә табар,

Куәсіз істі күман табар.

Сол сияқты сын есімнің -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы да туынды антонимдер жасала береді. Мысалы: бастапқы-соңғы, бұрыңғы-қазіргі, үйдегі-түздегі, сыртқы-ішкі т. б.

Етістікке тән мынадай антонимдер бар :

  1. Түбір күйінде кездесетіндері:озу-қалу, кету-келу, қону-ұшу, айырылу-қосылу, шашу-жинау, т. б
  2. Туынды түбір күйінде кездесетіндері:қартаю-жасару, жоғарылау-төмендеу, татуластыру-араздастыру, ақтау-қаралау, т. б.

Зат есімге тән антонимдерде негізгі және туынды түбір күйінде кездеседі:

  1. Түбір күйінде кездесетіндері:өтірік-шын, алғыс-қарғыс, рақат-бейнет, бақ-сор, өмір -өлім, т. б.
  2. Туынды түбір күйінде кездесетіндері:аласы-бересі, байлық-жоқтық, кісілік-иттік, аштық- тоқтық, жеңіс-жеңіліс, т. б.

Үстеуге қатысты антонимдер: ерте-кеш, ілгері-кейін, жоғары-төмен, алыс-жақын, әрі-бері, сылбыр-тез т, б.

Есімдікке қатысты: анау-мынау, әне-міне, осы-сол тәрізді бірен-саран антонимдер ғана ұшырасады.

Тілде қарама-қарсы ұғыммен қатар, кейде, аралық ұғымда кездеседі. Мәселен , ескі мен жаңаның арасында көне, шикі мен пісінің арасында дүмбілез, суық пен ыстықтың арасында жылы , ұтыс пен ұтылыс тың арасында тең , ерте мен кеш тің арасында итжығыс деген аралық ұғымдар бар. Бұлар антоним біткеннің бәріне тең емес, кейбіреулерінде ғана ұшырасады [Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы»- Алматы «Мектеп» 1988. 45-47 бб] .

Г. Сырлыбаеваның «Лексикалық және фразеологиялық антонимдердің айырмашылығы» атты кандидаттық дессертациясында фразеологиялық және лексикалық антонимдерді салыстыра отырып, жалпы антонимге талдау жасап өтеді. Антоним сөздердің табиғатын тереңірек зерттеп, өзіндік қасиеттеріне талдау жасаған Ж. Мусин, А. Жұмабекованың еңбектеріндегі және М. Оразовтың тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, қазақ тіліндегі лексикалық антонимдердің төмендегідей ерекше қасиеттерін саралай аламыз.

1. Антонимдер сапалық ұғымдарды білдіреді: жақсы-жаман, ақ-қара жаңа-ескі, қатты-жұмсақ.

2. Антонимдік жұптың сыңарлары қарама-қарсылықтың мәні жағынан тепе-тең болу керек: ыстық - суық, ыстық - жылы - суық.

3. Антонимдік жұптар бір сөз табынан болу керек: жуан-жіңішке, жуас-асау, (сын есім), дос-жау, бай-кедей, (зат есім) .

4. Стилистикалық реңі бірдей болуы керек.

5. Антоним сөздер сөйлемде үнемі жұп болып қолданылады, бұл тұста антоним сөздердегі қарама-қарсылықтың мәні айқынырақ көрінеді [Г. Сырлыбаева «Лексикалық және фразеологиялық антонимдердің айырмашылығы», 90 бет] .

Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» романындағы антонимдер жоғарыда аталған қасиеттерге толықтай негіз бола алады. Мысалы: Қоюын да , сұйығын да тұрған-тұрған жерінде еркін жібереді. (292-бет) . Бұл сөйлемдегі « қою » және « сұйық » деген антонимдер бір сөз табына жатады. (Сын есім) . Дос сүйініп, дұшпан күйінетіндей тату-тәтті семья құрып еді. (40-бет), (Зат есім) Бұл бір.

Екіншіден көптеген антоним сөздер жұптасып қолданылған. Мысалы: Мен тәрізді азды-көпті оқуы бар адамға бұл күнде қызмет оңай табылуы тиіс. (167-бет) . Жұрт барып-келіп жататын Алматыны да көрген жоқпын. (56-бет) .

Сонымен қатар, Ғалымның «Қарсы мәнді фразеологизмдердің сипаты» атты авторефератында фразеологизмдерде өзара қарама - қарсы қолданылатындығын, яғни антоним бола алатындығын айтады. «Фразеологиялық антонимдерге де мұндай қасиет тән. Мәселен, аузы-аузына тимеу - жұмған аузын ашпау, ілгері басқан аяғы кейін кету - тасы өрге домалау - антоним фразеологизмдерінің екі жұбы да етістікті фразеологизм. Ауқатты адам - қара сирақ кедей, жүнін жұлған тырнадай - үріп ауызға салғандай - фразеологиялық антонимдердің жұптары сын есімнен жасалған. Қарсы мәндегі фразеологизмдердің ортақ семантикалық компоненттерін анықтауда бұл өзгешелік те басты рөл атқарады»-дейді автор.

Ғалым Ж. Әділбекованың «Қазақ тіліндегі қарама қарсылықты мағынаның көркем мәтіндегі көріктеуіштік қызметі» деп аталатын еңбегіндегі тұжырымы бойынша тоқталып өтсек. Тілдік деректерге сүйене отырып, антонимиялық құбылыстарды зерттеуде мынадай факторлар ескерілу керек деп білеміз:

эстралингвистикалық фактор - ақиқат дүниенің объективті табиғаты санада және тілде шынайы бейнеленуіне құрылуы; концептуалды фактор-ақиқат дүниенің адам санасында барлық заңдылықтарына сай, жан-жақты қасиеттерімен көрініс табуында құрылуы; тілдік-таңбалаушы фактор-адамзат тіліндегі тілдік-таңбалау заңдылықтары мен шарттарына сай құрылуы. Сондай-ақ антонимиялық жұпты анықтауда олардың оппозициялық құрылымына сүйену керек. Семантикалық опозиция дегеніміз - екі нысанның өзара барлық жағынан сәйкес келмейтін, бір ерекшелігімен өзара бір-біріне қарсы тұратын семантикалық релевантты айырмашылық. Ортақ семантикалық белгілер (сема) өзара салыстыруға негіз болады. Ал ерекше айырымын танытатын семантикалық белгілер дефференциялық семалар болады. Антонимдердің қарама-қарсылық мағына білдіретін ерекше айырым компоненттері логикалық ұғымдар қарама-қарсылығына сәйкес келу керек. Мысалы: қызметке алу- қызметтен босату (алу - босату ) [Ж. Әділбекова «Қазақ тіліндегі қарама-қарсылықты мағынаның көркем мәтіндегі көріктеуіштік қызметі», 10-бет] .

Қарама-қарсылықты мағынаны құрмалас сөйлем құрамынан айқын көруге болады. Құрмалас сөйлемде белгілі бір қатынасты білдіруші формалық көрсеткіштің болуы көбіне мағыналық-синтаксистік жағдайларға тәуелді болады. Бұл белгілі бір байланыс құралының әр түрлі формада берілуі немесе белгілі бір форманың қандай мағына беретіндігі деген мәселенің қаншалықты маңызды екендігі көрінеді. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді ұштастырып, оларды бір бүтін етіп тұратын және арасындағы әр алуан мағыналық қарым -қатынастарды айқындайтын тәсілдер, формалар сан түрлі [Ж. Әділбекова «қазақ тіліндегі қарама-қарсылықты мағынаның көркем мәтіндегі көріктеуіштік қызметі», 12-бет] .

Ғалым А. Жүсіповтің «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» атты еңбегінде антонимдік қатарлардың семантикасында негізінен қатар мүшесінің екеуіне де ортақ болатын антоним сөздер болатынын айтып өтеді. Бұлар негізінен алғашқы сөздер және олардың тура мағыналары. Мәселен, Үлкен - кіші (пішімі), Жақсы-жаман (этикалық қасиеттері) және т. б. .

Көп мағыналы сөз өзінің лексика-семантикалық варианттарымен бірден бірнеше антонимдік қатарға енуі де мүмкін. Антонимнің көп мағыналы сөзбен байланысы синоним мен көп мағыналыққа негізделеді. Бұл антонимді синонимге қарама- қарсы қойып түсіндіруден болған шығар. Оқулықтарда болсын, күрделі монаграфиялық зерттеулер де болсын, шағын мақалаларда болсын антонимдерді синонимдерге қарама-қарсы қойып, қайшы мәндес сөздер деп анықтама беріледі.

үАнтонимдік қатар мүшелерінің екеуінің негізінде құрылады, сондықтан антонимдік жұптар әдетте ең көп мағынасы бар жұптың бірінен аз болады. Ақ деген сөздің жеті мағынасы, ал қара деген сөздің мағынасы он бес дейік, дегенмен антонимдік жұп жетіден көп бола алмайды. Соның өзінде сол жеті жұп құрылған күндеде олардың 2-3 жұбы ғана антоним болатын сөздерден құрылады. Мұны тіл білімінде қарама-қарсылық контактқа «түспейтін сөздер» деп атайды. Аш-тоқ деген антонимдік қатардың 4-5 мағынасы бар, алайда олар тек екі жағдайда ғана антоним бола алады.

1. Тамақ ішуге деген сұранысы бар не жоқ.

2. Әркез бір жоқтық көрген адам, кедей - жоқтық көрмеген, бай . [А. Жүсіпов «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» 16-бет]

К. Қ. Жүнісова мен Н. Т. Омаршеваның «Антонимдердің лингвистиикалық ұғым ретінде зерттелуі» Дүниені танып-білуде, оның қасиеттерін анықтауда заттардың түрлі қасиеттерін салыстыру, қарама-қарсы қоюдың қызметі мол. Антоним болатын сөздер бірін екіншісі мүлде жоққа (мағына жағынан) шығармауы керек немесе антонимдік қатынас бірі болымды, екінші сыңарының болымсыз мағынада болуымен аяқталады деуге болмайды. Мысалы , жас - қарт жұбы антоним екендігінде дау жоқ. Егер қарама-қарсы қою олардың мағына компонентіне енген болса, онда олар барлық мағыналарында да өзара антоним болушы еді. Салыстырайық:

Желк-желк еткен жас шалғын, суық желмен майысып;

Өзі сері, әнші, сұлу Байтасқа өрімдей жас қызға да, тамашалай да қараған еді;

Жақсылап піскен жас балыққа аңсары ауып кетті;

Жас баланың жылаған даусы бөлмені алып кеткен . . .

Келтірілген мысалдардағы жас сөзінің мағыналарын бірдей деп айту қиын. Бірінші сөйлемдегі жас - «жаңа шыққан», «қурамаған», «буыны қатпаған» деген мәндерде қолданылса, келесі сөйлемдегі жас - «жас адам», «жас жігіт», «жас мөлшері шамалы бала» деген мағынадағы қолданыс, ал үшінші сөйлемдегі жас - «жаңа ауланған», «қатып, семіп қалмаған, кеппеген» мағынасын береді, соңғы сөйлемдегі жас сөзі - «жаңа туған нәресте, сәби» сөзімен мәндес болып келеді. Антонимия қазіргі заманғы қоғамдық-әлеуметтік жағдайда да орын алып отырған құбылыс. Мәселен, тілімізде кездесетін мынадай оппозициялар өзекті болып отыр: бай - кедей, жарлы; либерал - коммунистер; халық - үкімет, мемлекет; оңшылдар - солшылдар т. б. Сөз тіркесінен жасалған жаңа оппозициялар құрала бастады, мысалы: кластық күрес - әлеуметтік күрес, сондай-ақ ұжымдық - жекешелендіру ұғымдарында да қарама-қарсылық мән пайда болды [К. Қ. Жүнісова мен Н. Т. Омаршеваның «Антонимдердің лингвистиикалық ұғым ретінде зерттелуі», 2012ж 379-380 бб ]

Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» шығармасындағы антонимдер

Зат есімге қатысты антонимдер:

1. Дос сүйініп , дұшпан күйінгендей тату-тәтті семья құрып еді. ( Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 40-бет)

Дос - Сырлас, жора жолдас, жақын адам [ ҚТТС, 205-бет]

Дұшпан - Дос емес, қас, жау [ ҚТТС, 208-бет]

Комментарий: Сөйлемдегі антонимдер іргелес тұрып қолданылуы арқылы Дос сөзі жаныңа жақын, аралас-құралас адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты білдіріп тұрған болса, ал дұшпан сөзі қанша тісін қайрағанмен де, оларға іштей тамсана, қызыға қарау мағынасында қолданылып тұр.

2. Жақсылық пен жамандық ұстара жүзінің екі қапталы тәрізді нәрсе екен. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 104-бет)

Жақсылық - Қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік [ҚТТС, 253-бет] Жамандық - Жағымсыз іс, оқиға, зұлымдық, қастық, жауыздық [ҚТТС, 261-бет]

3. Шыны ма, өтірігі ме деп ойлап, алар-алмасымды білмедім. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 108-бет)

Шындық - Ақиқаттық, дұрыстық [ҚТТС, 934-бет]

Өтірігі - Шындықтан алшақ, жалған. [ҚТТС, 662-бет]

4. Түсіне алмаймын, өңімбе, түсім бе? (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 138-бет) Өң - Адамның ұйықтамаған, ояу кезі. [ҚТТС, 655-бет] Түс - ұйқы кезінде елестететін әртүрлі көрініс, бейне. [ҚТТС, 835-бет]

5. Ақшаны көп тапса, ол жақсы адам, аз тапса, жаман адам. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 187-бет) Көп - Едәуір, бірсыпыра, мол, қыруар. [ҚТТС, 415-бет] Жақсы - Жаман емес, оңды тәуір. [ҚТТС, 252-бет] Аз - Азғантай, шағын. [ҚТТС, 19-бет] Жаман - Сапасы төмен, жақсы емес, әсіре нашар. [ҚТТС, 261-бет]

6. Өмірде азап қана емес, рақат та бар екенін мұндағы жұрт жалақы алған күні біледі. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 189-бет) Азап - Бейнет, мехнат, қиыншылық. [ҚТТС, 20-бет] Рақат - Жантыныштық, ләззат. [ҚТТС, 687-бет]

7. Бір жылға дейін кім бар , кім жоқ. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 330-бет) Бар - Барлық, бүкіл, тұтас. [ҚТТС, 108-бет] Жоқ - Бар сөзінің қарама-қарсы мағынасы. [ҚТТС, 305-бет]

Сын есімге қатысты антонимдер:

1 . Үлкен, кіші бәріне бірдей қалбалақтап, апамның жаны қалмайды

(Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 7-бет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бердібек Соқпақбаев шығармаларының идеялық - көркемдік ерекшеліктері
Балалар әдебиетінің бәйтерегі: Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған әдістемелік құрал
Б. СОҚПАҚБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Ақын мен жазушының үндестігін жас ұрпаққа насихаттау
Көркем мәтін талдаудың лингвистикалық ерекшеліктері
Бердібек Соқпақбаев - балалар жазушысы
Бердібек Соқпақбаев прозасы
Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz