Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-бет

І. Негізгі бөлім:

Сурет салудың даму жолындағы көрнекіліктер негіздерін қадағалау: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-бет

II. Екінші бөлім:
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің принциптері: ... ... ... ... ...13-б ет

ІІІ. Қорытынды: ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-бет

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-бет

Кіріспе

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. .
Бұған Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы, "Қазақстан Республикасы Жалпы орта Білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары" (Жалпы бастауыш білім)айғақ болады.Мұнда бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсіп, оқу сапасын арттыру міндеті көзделіп отыр.

Көркемдік қайсы бір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Осыған орай қазіргі таңда мектептерде бейнелеу өнері пәніне аса көп көңіл бөлінуде. Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Мәселен, қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі,табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін Жаратылыс адамы теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.
Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық, логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте сезім теориялық сипат алады. Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып, көркем ойға айналып кетеді.
Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес адамзат мәні тұрғысынан қарастырады, яғни нақты шынайы мәнін сипатын айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей, мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді. Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным тақырыбына айналады.
Нанымдылық - сурет сенімділігі дейтініміз осындай жауапкершіліктен туған. Көріністік үлгіден аңғарылатын нақтылық қасиет әдетте сыртқы сұлулық бедері сияқты көрінгенімен, шын суреткер талантты ішкі әлем жан-сарайы жалынында жарқыратып жеткізе білмек.
Өнер туындысында бейнелер жаратылыс негізі сезім арқылы қабылданатын төңірегін қоршаған байырғы кеңістік болмысы. Көрнекілік, сезінерлік нақтылық көркемдік игіліктің басты белгілері болып табылады. Суретші ұлан ғайыр дүние шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек болған толғандырған жеке бір тіршілік көзін саралап алады да, азаматтық ортақ мән мағына дарытады. Сезім байлығымен суарылған өнер туындысы дейтініміз осы.
Менің жұмысымның негізгі мақсаты, оқушылардың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін Жаратылыс адамы теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек - ақ.
Жұмыстың мiндеттерi:
- Сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстарын ұйымдастырып сурет салу арқылы оқушылардың шығармашылығын анықтап, эстетикалық тәрбиеге жол сілтеу.
Жұмыстың идеясы: мектеп оқушыларына бейнелеу өнерiн оқытуды үйірме жұмыстарында кескіндеме өнерінің көркемдiк бiлiмiн ұлттық өнер негiзiнде жетiлдiру нәтижесінде жалпы адамзаттық өнер дәстүрлерін меңгерген, қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді
Сурет салудың даму жолындағы көрнекіліктер негіздерін қадағалау

Педагогикалық суретті орындауға бор (түрлі түсті, сангина, соз постел және түрлі түсті бояулар, сонымен қатар қысқа мерзімді суреттер (наброскілер) орындау үшін қылқалам, туш, акварель, гуаш, пламастер пайдалануға болады. Педагогикалық суреттің ерекшелігі мейлінше қысқа, қарапайым және анық болуында. Қысқа мерзімді әрі қарапйым педагогикалық сурет оқушыларға түсіндірме әңгіме мазмұнын жақсы меңгеріп қорытынды жасауына мүмкіндік туғызады. Тақтаға орындалған педагогикалық сурет қосымша немесе жанама мәселелерді емес, дәл басты мәселені көрсететіндей болуы қажет. Тақтада орындалатын педагогикалық сурет сабақтың көп уақытын алып кет пес үшін, оған бөлінетін уақыт 1-2 минуттан аспағаны жөн. Педагогикалық суреттің мәнісін түсініп, онымен жұмыс Істру үшін, педагогикалық маман алушы студент тер көп жаттығулар жасау тиіс. Соның ішінде жоғарыда көрсетілген бейнелеу құралдарының әрқайсысының қасиетін, ерекшеліктерін білу үшін жекеленген жаттығу жұмыстарын жасаған дұрыс. Келесі педагогикалық суреттің бірі оқушұы жұмысының шетіне үлгі ретінде орындалатын сурет. Бұл педагогикалық суреттің түрін сабақтың машықтық кезеңіндегі жұмыс орындау барысында қателік жіберіп отырған 1-2 оқушы байқалады, барлық сыныпта алаңдатпас үшін пайдаланады. Ол қетелік жіберіп отырған оқушының жұмыс альбомының бір бұрышынан қателіктің себебін және оны болдырмау үлгісін бейнелеп түсіндіреді. Түсіндірме сурет жүйелі, дәл, таза, оқушыны адастыратын артық сызықтарсыз орындауын ескеру ін қажет. Қандай жағдайда да мұғалімнің педагогикалық суреті тек өз шеберлігін, өзіндік шығармашылық нақышын көрсетуші емес, оқушыларға жұмыс ережелерін, тәсілдерін нұсқаушы ретінде болуы тиіс. Педагогикалық сурет арқылы көрсетілген жұмыс заттың көлемі мен графика немесе кескіндеме арқылы көрсету оқушыға түсінікті болуы керек, ол үшін мұғалім Алдан Ала оқушылардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін жақсы білу қажет. Жалпы білім берітін мектептерде оқушылар қабілеттеріне қарай бөлінбей бірге оқытылатындықтан да сыныптарда бейнелеу өнеріне қабілеттері әртүрлі балалар кездеседі. Сондықтан да мұғалім оқушылармен жұмыс барысында әр оқушының өзіндік мүмкіндігін ескере отырып, жұмысын жоспарлауы тиіс.
Сабақ барысында белгілі суретшілердің шығармалырының репродукцияларын көрнекілік етіп пайдаланудың жалпы білімдік және тәрбиелік мәні зор. Оқушылар белгілі суретшілер шығармаларының қарапайым қарындашты, тушты пайдаланып ақ тамаша заттар бейнесін, табиғат көріністерін бейнелеуге болатындығын көреді. Шығармада көңіл-күйді, мезгілді көрсетудегі майлы бояудың, акварельдің, гуаштың, көркемдік мүмкіндігін таниды. Белгілі бір тақырып мазмұнын ашуга суретшінің пайдаланған композициялық шешіміне талдау жасап, танысып, оны шығармашылық жұмысында басшылыққа алады.
Суретшілер, мүсіншілер, кескіндемешілер шығармаларын көрнекті пайдалану көбінесе өнер туралы әңгіме сабақтарында кеңінен пайдаланылады. Бұл сабан барысында шығармалар, диафильмдер, диапозитивтер, эпирорректорлар арқылы көрсетілсе сабан нәтижелі болады. Көрнекілік оқыту әдістемесінде кеңінен пайдалану мүмкіндігі бар экранды жылжымалы көрнекілік түрі-ол бейне таспаға жазылған оқу киносы. Оқу киносын бейнелеу өнерін оқыту кеңінен пайдалануға болады, онда бей нені жазықтық бетінде тұрғызудың әдістеменлік кезеңдерін, қарандашпен, қылқаламмен жұмыс Істру тәсілдерін, бейнеге штрих түсіру барысындағы әрбір іс-қимылды көріп бақылайды. Оқу киносының басқа көрнекіліктерге қарағанда тамаша ерекшелігі ол әрбір ережені, бейнелеу техникасын тікелей іс-қимыл үстінде көріп бақылай алады. Бейнеге штрих түсірудегі қолдың шапшаң қимылын, қылқаламмен жұмыс істеу барысын киноның жайлатылған екпінімен мұқияат бақылап қарауға ал керіснше ұзақ мерзімді бинелеу барысын шапшандатылған екпінімен қысқартып қарауға болады
Қазіргі кездегі білім беруі жүйесіндегі реформалау нәтижесінде мектептер компьютерлер мен компьютерлік әдістемелік технологияармен жабықталыу барысында екенін белгілі Сондықтан да бейнелеу өнері оқытуда электрондық әдістемелік жүйені, әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға мүмкіндік зор. Компьютерлік технологияны түстануды, композицияны түстануды, композицияны оқытуда, перспектива заңдылықтарын, дизайн сабақтарын оқытуда кеңінен пайдалануға болады. Тақырыптық суреттер салу барысында оқушылардың образдарды елестетулеріне дыбыстық көрнекіліктердің, соның ішінде музыкалық әуендердің, таспаға жазылған аңыз-әңгімелердің, поэзиялық шығармалардың әсері зор. Жоғарыда аталған көрнекіліктермен сабақ барысындағы жұмыста оқушылардың тек көрермен ретінде қалып қоймауын қадағалап, мұғалім олардың көрнекілікпен жұмысқа эмоционалдық қатынасын ұйымдастырып отыруы керек. Көрнекіліктегі көрсетілген кейбір мәселелерді бірігіп талдау, сұрақ-жауаптар арқылы пікірлерін тыңдау оқушылардың көрнекіліктер көмегімен жаңа білімді мегеру белсенділігін арттырады.
Педагогикада саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмірмен, тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып табылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырады. Саналылық пен беелсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту барысында екеуін бір-бірінен ажыратын қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсенділігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал саналы белсенділік құр айкай-шу болып саналады. Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол білімді санасына мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділік жаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуға, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын қалыптастыратын, қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді.
Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде сылғырттық танытып, ал кейінгі өздік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кіріседі. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.
Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін шебер пайдалана білуі керек. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады.
Мысалы, мұғалім ұлттық қолөнермен таныстыру сабағында қолөнер түрлерін әңгімелеп, оған байланысты түрлі-түсті әсем репредукциялар т.б. көрнекіліктер көрсетіп, оқушылардың сабаққа саналы белсенділігін ояту мақсатында сұрақтар қояды: "Қолөнер бұйымдары не сімен тартымды?" Бұл сұраққа оқушылыр бұйым бейнелерін жай қарамай саналы зерттей, талдай арап жауап іздейді. Ал "бұл бұйымдар қандай өрнек түрлерімен безендірілген" деген сұраққа оқушвлар өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып жауап береді. Немесе осы көрсетілген бұйымдардың тұрмыста қолданылуы, материалы, безендірілуі жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау арқылы олардың жаңа білімді меңгеруге саналы белсенділігін ұйымдастыруға болады. Бұл оқушылардың жаңа білімді саналылықпен белсенді меңгеріп әрі бірден бекітуіне мүмкіндік жасайды. Сабақтың машықтық кезеңінде оқушыларға ою-өрнектерден жолақтың немесе шаршының ішіне композиция жасау тапсырылды. Сабаққа оқушылардың саналы белсенділігін арттыру мақсатында тапсырманы белгілі бір бұйымды безендіру үлгісі ретінде орындауға болатындығы ұсынылады. Жұмысқа үйде орындаған эскиздер немесе өткен сабақтарда танысып бейнеленген ою-өрнек элементтерін басшылыққа алу ұсынылады. Оқушылар жұмыс барысында өздігінен ізденіп, өткен білім мен жаңа білімді ұштастыра отырып, белсенді жұмыс істейді.
Сабақта берілетін жаңа материалды, білімді, жұмыс Істру береже заңдылықтарын оңай меңгертуде, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда көрнекіліктердің ролі зор. Көрнекіліктер жазық, көлемді және экрандық бейнелі, дыбыстық болып бөлінеді. Жазық көрнекіліктерге суретшілер шығармаларының репродукциялары, сурет салу кезеңдерінің иллюстрациялары, технологиялық карталар т.б. Көлемді көрнекіліктерге бейнелеуге арналған заттар немесе көркем құрастырылған бұйымдар үлгілері жатады.
Мұғалім үнемі оқушыларды сыныпта немесе үйде өз бетімен жұмыс істеуге үйретуі керек.Өз бетімен жұмыс жаңа білімді,іскерлік дағдыны бекітіп,дамытып қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ізденіске, саналы белсенділікке тәрбиелейді. Өз бетімен жұмыс тапсырмалары мән мағынасына қарай әр түрлі болуы тиіс:заттан қарап бейнелеу немесе сәндік сурет және көркем құрастыру. Ол оқушыға жан-жақты іздену аясын кеңейтіп әр түрлі материалдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастырады.Өздік жұмыс нәтижесінен оқушының білім деңгейін, іскерлік қабілетін байқап, ол оқушымен жұмыс істеуді жоспарлау мәселесін айқындауға болады. Сонымен саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстарының игі әсері мол.
Оқушылардың саналылық және белсенділік қабілеттерін дамытуда әр баланың жеке бас ерекшеліктеріне де аса көңіл бөлінуі керек. Баланың психологиялық ерекшеліктеріне баййланысты мадақтау, өз мүмкіндігіне сенім молайту, ар - намысына тимей байыпты сынау. Мұғалімнің жекелеген оқушымен жұмыс кезі ол көбіне сабақтың машықтану кезінде өтеді. Оқушы жұмысындағы кемшіліктерге байланысты нұсқау беру, түсіндіру, қайталау, ескертулер, түзетулер енгізу. Бұл жұмыста мпұғалім оқушы жұмысының кемшілігін түзетуші ролінде емес, керісінше оқушымен ынтымақтастық бірлестікте, кемшіліктің жіберілу сабептерін анықтап оны бірігіп түзету міселесін ұйымдастырушы болғаны жөн. Оқушының мұғаліммен бірлестікте жұмыс істеуі оның сенімін молайтып, белсенділігін арттырады. Мысалы, заттан қарап бейнелеу сабағында оқушының құмыраны бейнелеген жұмысынан кемшілікті байқаған мұғалім оқушының жанына келіп "Мұқият қарашы, құмырамыз дұрыс тұр ма, бір жағына қарай қисайып юбара жатқан жоқ па? Қане тексеріп көріңдерші" деуі қажет. Ол үшін құмыра аузының ортасынан қағазымыздың жанынан табанына қарай паралель көмекші сызық түсіреміз. Оқушы құмыраның аузы мен табаны сәйкес келмей тұрғанын анықтап жұмысты өз бетімен түзетуге кіріседі.

Негізінен мұғалім өз тәжірибесінде әр түрлі сабақ түрлеріне арналған оқушылардың өз машықтық жұмыс барысын, жаңа материалды игеруін өздері тексеріп отыру әдістерінің жүйесін жасап, сбақ барысында пайдалануға ұсынған жөн. Ол оқушылардың өз жұмысын үнемі тексеріп отыруға дағдыландрады.
Педагогика ғылымы әрбір жаңа білімнің, дағды немесе жаңа тапсырманың бұрынғы өткен білімге және іскерліке дағдыға негізделіп берілуін талап етеді. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру келешекте өтетін сабақ пен өткен сабақтың байланысын анықтайды. Жаңа сабақтың материалын өткен сабақпен тығыз байланыстырып, бірізділікпен оқыту оқушының білімін тереңдетеді. Жаңа оқу материалы оқушының есіндегі бұрынғы білімді тексереді және оны толықтырады. Оқыту процесіндегі ең басты болып саналатын осы жүйелілік пен бірізділік принципі қаншалықты үздіксіз байланыста жүрсе, соғұрлым жұмыста нәтижелі болады. Осыған орай Я.А.Коменский: "бүгінгі мен кешегін бекітіп, ертеңгіге созыла жол салуы үшін барлығы үздіксіз бірізділікпен жүргізілуі тиіс" деп айтқан болатын.
Бейнелеу өнеріне оқытуда жүйелілік принципі бейнелеу жүйелілігінің ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Ол-өткен сабақтағы материалдарды меңгермей, оны бекітпей жаңа сабақ материалдарына көшпеу. Оқушы бейнелеудің әрбір кезеңдерін бірізділікпен жеке-жеке меңгеруі, бекітуі қажет, өйткені әрбір келесі кезең өткен кезеңнің құрамдас кезеңінен туындайды.
Мектептегі бейнелеу кабинетінің заттық (натуралдық) қорының кедейлігінен кейде мұғалім әртүрлі натюрморттық қойылымға бір затты пайдаланады. Ол оқушылардың сабаққа қызығушылығын азайтады және оқытудың жиілілігі мен бірізділігн бұзады. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында қолданылатын заттар кездейсоқты болмауы тиіс.Әрбір жаңа сабаққа қойылатын зат пішіні біртіндеп күрделенеді, әр сабақта оқушылар алдына жаңа міндеттер қойылады.
Сабақ барысында педагог әр сабақты бейнелеу өнері пәнінің толық тарауларындағы міндеттерді бір - бірімен саналы әрі жүйелі байланыстырғанда ғана жұмыс жемісті болмақ. Сондықтан да мұғалім әр сабақ немесе әр сабақты кейбір кезеңдерін жеке - дара қарастырмай, толық пән міндеттерімен байланыстыра қарастыруы тиіс.
Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнындағы жазықтықта бейнелеу, сәндік қолданбалы өнер, мүсін, сәулет өнері тарауларына байланысты сабақтар көбінесе, мектепте жеке - дара қарастырылып оқытылатын жағдайлар кездеседі. Осыдан бейнелеу өнерін оқытудың жиілігігі мен бірізділігі бұзылады.
Оқушылардың демонстрациялаған көрініс немесе заттар туралы өздері әңгімелеуі өте маңызды. Ол оқушылардың қоршаған орта туралы өз пікірін, көзқарастарын қалыптастырады, коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Демонстрациялау кезінде мұғалім әңгімесі басты рол атқармай жетекші рол атқаруы қажет. Иллюстрациялау-ол заттың, құбылыстың көріністің суреттік бейнелері, яғни бейнелеу ережелері, суретшілер шығармаларының репродукциялары, фото суреттер, кестелер, технологиялық карталарды көрсетужәне сабақ барысындағы мұғалімнің тақтаға орындаған түсіндірме суреттері болып табылады. Бұл тәсіл бейнелеу өнері сабақтарының барлығында дерлік қолданылады. Иллюстрациялау тәсілі мен демонстрациялау тәсілдері бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, сабақта перспектива заңдылықтарын әңгіме еткенде оны алғашында шынайы кеңістікте демонстрациялап көрсетсек, содан соң оны жазықтық бетінде бейнелеу ережелерін ілме көрнекіліктерден немесе тақтада иллюстрациялап көрсетеміз. Иллюстрациялау тәсілінің нәтижелі болуы ол, мұғалімнің көрсету әдістемелік шеберлігіне баланысты. Ол үшін мұғалім көрсетілетін көрнекіліктің сабақ барысындағы дидактикалық маңызын, танымдық ролін анықтап білуі қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай сабан барысында шамадан тыс көрнекіліктер оқушылардың көңілін негізгі мәселеден ауытқуы мүмкін. Сондықтан да мұғалім Алдан Ала дайындаған көрнекіліктерді әңгіме болатын мәселе кезінде ғана бастап көрсеткені дұрыс.Экранды бейнелік тәсілі мәселені, көріністерді, репродукцияларды, т.б. мәліметтерді кодоскоп, эпипроектор, киноаппараттар, бейнемагнитафон, теледидар, компьютер арқылы көрсету болып табылады. Бұл тәсіл оқушылардың сабаққа ерекше қызығушылығын артырады, танымдық деңгейін көтереді, мәлімет алудағы техникалық құралдардың орнын көрсетеді. Осы техникалық құралдарды, оларға салынатын мәліметтерді мұғалім алдын ала әзірлеп, диафильм, кинофильмдердегі жетекші мәтіндер мазмұнымен танысады. Бұл тәсіл көбінесе суретшілер шығармашылығымн, бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу сабақтарында кеңінен қолданылады. Экранды бейнелік тәсіл тек жаңа мәлімет беру ғана емес, сонымен қатар тексеру, бекіту, қорытындылау, яғни дидактикалық іс-әрекеттердің барлығында пайдаланылады.Бұл тәсілдің тағы да бір ерекшлігі қоршаған ортадағы немесе жұмыс барысындағы ұзақ мерзімді процесті тездетіп көруге болады.Мысалы, жазғы табиғат көрінісінің күзге айналуын, соған байланысты аспан, жердің өсімдіктердің түстерінің өзгеруі барысын немесе қас-қағымды тез орындалатын жұмыс барысын баяу көтсетуге болады.Дыбыстық тәсілдерде сабақ барысында оқушылардың жаңа материалды меңгеруіне, қиялдануына, шығармашылық образды елестетуіне мүмкіндік жасайды. Бұл тәсіл грампластинкалар, магниттік таспалар, әртүрлі музыка аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, "Ертегілер кейіпкерлерін бейнелейік" тақырыбындағы сабақта белгілі бір ертегіні толық немесе үзіндісін грам пластинка, магниттік таспа арқылы тыңдатып, оқиға желісін, мазмұнын оқушыларға талдатуға болады. "Табиғат көрініс бейнелейік" деген тақырыпта өткізілетін сабақта өзен-көлдердегі құстардың, терек жапырақтардың шулы немесе музыкалық шығармалар пайдаланып оқушылардың қиялына, елестеуіне көмектссуге болады. Сонымен көрнекілік әдіс-тәсілдер педагогикалық процестің барлық кезеңінде қолданылады. Олар жан-жақты образды қабылдауға және ойлануға негізгі тірек болады. Практик алық әдіс теориялық білімді белгілі бір іс-әрекетте жүзеге асару, меңгеру үшін қолданылады. Ол жаттығулар, нобайлар, эскиздер және сабан тақырыбы бойынша суреттер орындау, көркем жобалау (дизайн) жұмыстары болып табылады.Бейнелеу өнері пәнінде практикалық әдіс басты әдістердің бірі болып саналады, өйткені онда көру, сезініп қабылдаудан басқа барлық дерлік сабақта машықтың іс-әрекет арқылы икемділік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру орын алады.Жаттығу ол қарындашпен штрих түсіру (тік, көлбеу, доға), қылқаламмен бояу (құрғақ қағаздарды бояу, сулы қағаздарды бояу) жұмыстарына машықтану арқылы сапалы іскерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Нобайлар, эскиздер орындау заттан арап немесе тақырыптық бейнелеу алдында орындалады, ол болашақ салынатын бейненің композициялық шешімін, тақырыптың мазмұнын, перспективалық көрінісін дұрыс табу мақсатында орындалады.Машықтық әдіс барысында мұғалім оқушылардың жаңа материалды қалай қабылдағаны және оған байланысты іскерлік дағдыларды қалай меңгергенін де бақылап байқауына болады. Машықтық әдісті сабан барысында екі түрлі негізде жүргізуге болады, ол жаңа сабақ материалы,жұмыс ережелері түсіндіріліп болған соң оқушылар толық өз бетімен жұмыс істейді, мұғалім бақылаушы,қажет болған жағдайда бейнелеу іс-әрекетінің әрбір кезеңдерін жеке-жеке түсіндіріп,бейнелетіп, мұғалім оқушыларды машықты жұмыс барысында жетелеп отырады.Оқушыларды сабақ барысындағы машықтық іс-әрекеттерді жоспарлы,жүйелі, саналы жүргізуге дағдыландыру керек. Ол оқушыларды кез келген жұмыс барысын жүйелі, ұқыпты ұйымдастыруға тәрбиелейді.
Зерттеу әдісі оқушылардың шығармашылық танымдық жұмыстарын ғылыми деңгейге жақындатуды көздейді. Оның негізгі жаңа проблемаларды шешу жолында оқушылардың ізденушілік, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеу обьектісін мұғалім өзі көрсетіп практикалық тапсырма береді. Ол практикалық зерттеу тапсырмалары сабақ барысында қысқа мерзімдік немесе сыныптан тыс ұзақ уақыт мерзімде орындауға берілуі мүмкін.
Мысалы, "Қазақстан бейнелеу өнеріндегі реалізм және сюреализм бағыттарында орындалған шығармаларды жіктеп көрсет" деген немес Қанапия Телжановтың "Көкпар" шығармасының композициялық құрылымын зерттеу секілді тапсырмалар беріледі.
Осындай зерттеуге берілген тапсырмалар оқушылардың өнерді қабылдауын, өнер зерттеушілік деңгейге жақындатады және өздерінің шығармашылық жұмыстарында зерттеу нәтижесінде жтнақталған тәжірибелерін пайдаланады. Зерттеу барысында жұмысты жоспарлау, материалдар жинақтау, талап зерттеу, болжам пікір айту, нәтижені қорытындылау іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген оқытудың негізгі әдіс-тәсілдерінен басқа педагогика ғылымында тағыда оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері, оқутыдағы бақылау әдістері де зерттеліп көрсетілген.
Бейнелеу өнерін оқыту тәжірибесінде осындай дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердермен қатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану да маңызды, олар ойын, сайыс, көрме т.б. соның ішінде:
*
тірілген туынды-туынды оқиғасын кеңістікте ойнап көрсету;
*
мазмұн мен көңіл күйді көшіру-ол музыканы жазықтық беті не көшіру;
*
ұстап тану-жұмылу көзбен белгілі бір бұйымды Остап тану және мүсіндеу;
*
ауада сурет салу-белгілі бір бейне ізін ауада сызып көрсету;
*
ауызша сурет салу-музыканы, поэтикалық шығарманы ауызша суреттеу.

Сабақ жүйесінде енгізілген осындай дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың шығармашылық ізденіске деген құштарлығын оятып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құруға мүмкіндік жасайды.
Қоршаған ортадан, үлкен өнер туындыларынан сұлулықты кеөріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеу дағдысын ұйымдастырады. Осыған орай акадлемик Б.М. Неменский өз еңбектерінде "мұндай сабақтарға енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілден оушылардың арасында бір-бірімен шығармашылық білікті, оқытушы мен оқушының арасында іскерлік бір лікті қалыптастырады" деген. Репродуктивтік әдіс Ол белгілі бір берілген білімді немесе мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттің тәсілін қайталау, еске түсіру болып табылады. Мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың алдына ұсынылған жаңа білім, жаңа іс-әрекеттерді өткен сабақтардағы біліммен іс-әрекеттерді бірнеше рет еске түсіру арқылы оқытуды ұйымдастырады.
Репродуктивтік әдіс өткен білімді, іс- әрекетті үнемі қайталап еске түсіре отырып жаңа білімді, іс-әрекетті жүйелі бірізділікпен қабылдауды көздейді.
Мысалы,1-сыныптағы "Ұлттық киімдерді әшекейлік" тақырыбындағы сабақта өткен сабақтардағы танысқан ою-өрнектер түрлерін және жолақ ішін безендіру әдістерін сұрақтар қою арқылы еске түсіріп, сол ою-өрнектерді безендіру әдісін қайталап,осы сабақтағы безендіу жұмысына тірек етіп алуға болатындығын айтуға болады. Репродуктивтік арқылы мұғалім оқушылардың білімдік қорының деңгейін тексеріп, бақылап отыруына қол жеткізеді және оқушылардың өздері меңгерген іс-әрекеттер мен білімдердің өзара тығыз байланысты екендігін танула мүмкіндік жасайды.Бұл әдісті әр оқу тоқсанның немесе оқу жылы аяғындағы сабақтарда кеңінен қолдану нәтижелі болады.Пробемалық әдіс-оқу тәрбие барысында оқушылардың алдына тақырыпқа байланысты дүниетанымдық, іс-әрекет проблемалық жағдайлар туғызу. Ол сабан мазмұнына байланысты белгілі бір проблемалық сұрақтар, тапсырмалар, оқушылар сол проблеманы ғылыми, шығармашылық тұрғыдан ізденістер жасап, зерттеп, салыстырып, ойланып шешуге талаптанады.Проблемалық тапсырмалар жеке оқушыларға немесе ұжымдық, топтық шешу мақсатында беріледі. Ұжымға немесе топтарға қойылған проблемаларды шешу барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасып, пікірлесіп, ойланып шешуге әркет жасайды. Ол әрекет оқушыларды ұжымдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар ол әдіс оқушының логикалық ой-өрісін, қиялын, дүниетанымын молайтып, сабаққа ынтасын арттырып, өз ой-пікірлерін дәлелдей білуге үйретеді.Мысалы, 2-сыныпта "Көктем келді" тақырыбына табиғат көрінісін бейнелеу сабағында оқушыларға мынадай проблемалық сұрақ қоюға болады. Табиғат көрінісіндегі шөптердің, ағаш жапырақтардың жасыл түсі алыстап көкжиекке барған сайын неге көгілдік түске айнала береді?Көктемгі жылғалардан аққан суға, қағаздан жасап жіберген қайығымыз неге батып кетпейді? 4-сыныптағы "Затқа қарап сурет салу" тақырыбындағы сабақта көк құмыраға түскен сары алманың сәулесі қандай түс болады? Немесе К.Муллашев "Жер және уақыт" шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? Деген секілді проблемалық сұрақтар қоюға болады. Проблемалық әдіс оқушыларды тек сол қойылған проблема төңірегінде ғана емес, сонымен қатар соған ұқсас проблемаларды да еске түсіріп ойлануға, болжамдар айтуға, дәлелдер келтіруге, шешім қабылдауға үйретеді.
Бұл әдіс оқу-тәрбие процесінде оқушылардың алдына қойылған проблемаларды бірте-бірте өз беттерімен шешу үшін алдан ала зерттеу жолдарын ұйымдастыруды үйретеді. Мұғалім оқушылар алдына қойылған проблеманы шешу жолдарын өздерімен бірігіп жоспарлайды. Мысалы, жоғарыда айтылған К.Муллашевтың "Жер және уақыт" шығармасында көкжиек сызығын неге төмен алған? деген проблемалық жағдайды шешу үшін керектігін, екіншіден оған өз бетімен болжам айту керектігін, үшіншіден ол өз болжамын деректермен қорытындылап дәлелдеу керектігін, төртіншіден оны тексеру жолдарын құрыстыру керектігін айтады. Мұғалім осындай жүйе бойынша проблеманы шешуге әкелетін сұрақтар қояды және іздену кезеңдеріне оқушылардың тегіс қатысуын қадағалап ұйымдастырады. Оқушылар осыған дейін алған білімдерін пайдаланып ізденеді.

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің принциптері
Саналылық пен белсенділік принципі - Педагогикада саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналылықпен белсене қабылдап,оның өмірмен тәжірибемен байланысын тереңдету, оқылатын деректер мен құбылыстардың мәніне түсіну болып иабылады. Бұл принцип те оқыту жүйесіндегі ең маңызды принциптің бірі болып саналады, өйткені жаңа білімді оқушы саналы түрде өз бетімен терең ойланып, ой елегінен өткізуі керек. Білімді саналы түрде қабылдап меңгеру, оны өмірде, машықтық жұмыста өз бетімен пайдалану белсенділігін арттырад. Саналылық пен белсенділік екеуі мүлдем екі бөлек ұғымды білдіргенімен оқыту барысында екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды, өйткені олар үнемі бірін-бірі толықтырып тұрады. Оқушының белсенділігінсіз саналы білім меңгерілуі мүмкін емес, ал санасыз белсенділік құр айғай-шу болып қалады. Саналылықпен, белсенділікпен алған білім қашанда оқушының алдына қойған оқу міндеттерін шешіп және ол білімді санасында мықты бекітіп сақтауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар саналылық пен белсенділікжаңа алынған білімді тереңдетіп молайтуға, шығармашылық ізденіске, машықтық жұмысқа қызығушылықты арттырады. Оқушы әр жаңа білімнің өз дүниетанымын қалыптастыратын, қоршаған ортамен байланыс іс-әрекет мүмкіндігін молайтатындығын сезініп түсінеді.
Мұғалім сабақ барысының әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін қадағалап ұйымдастырып отыруы қажет. Тәжірибеден белгілі болғандай оқушы мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіріп, әңгімесін салғырт тыңдап қабылдаған болса, онда берілген жаңа білім меңгерілмейді, яғни оқушы сабақтың кейінгі басқа кезеңдерінде жақсы нәтижеге жетпейді деген сөз. Кей жағдайда оқушы сабақтың жаңа біліммен танысу кезінде салғырттық танытып, ал кейінгі өзіндік жұмыс кезінде белсенділік танытып жұмысқа кірімеді. Бұл жағдайда да оқушы жұмысы нәтижелі болмайды.
Сондықтан да мұғалім сабақтың әр кезеңінде де оқушылардың саналы белсенділігін ояту үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдердің шебер пайдалана білуі керек.
Жаңа сабақты түсіндіру кезінде жанама сұрақтар қою, немесе жаңа мәселе туралы оқушылардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың саналылығын, белсенділігін арттыруға болады. Мысалы, мұғалім ұлттық қолөнермен таныстыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту тарихы әдістемесі
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Жалпы білім беру пәндер циклы
Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы
Қазақстандағы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Ересектер тобындағы сурет салу
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Пәндер