Таразы және таразыда өлшеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Респубкасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университет

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ЕСЕБІ

Орындаған: Алтынбек Б.
Группа: БТ-17-1
Қабылдаған: Салимбаева Б.М.

Қарағанды 2018
Кіріспе

Мен Алтынбек Буркитбай, 04.06. - 08.06.2018 ж.ж аралығында 1- курстағы оқу тәжірибесін өттім. Оқу тәжірибесі барысында бізге Салимбаева Бақыт Магузмовна жетекшілік етті. Оқу тәжірибесінің алғашқы күнінде бізге жетекшілік еткен апаймен танысып,оқу тәжірибесі жайлы және қай жерде болатынын,техникалық қауіпсіздік ережесімен, сонымен қатар өндірісте, зертхана жағдайында кеңінен қолданылатын құрылғылармен таныстық.

Оқу тәжірибесінің екінші күні біз Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Денсаудық және Сергектік орталығында оқу тәжірибесін бастадық.Орталықта бізді сол жерде жумыс жасайтын лаборант күтіп алды.Лаборант бізге халаттарымызды киіп алуымызды сұрады.Лаборант бізді ен алдымен заттардың массасын өлшейтін лабораторияға алып кірді.Бұл орталықта біз биотехнология мамандығы бойынша зертханада кеңінен қолданылатын құрал-жабдықтармен аналитикалық таразылар, центрифуга, роторлы буландрғыш, сонымен қатар, дистилятор, рН-метрмен таныстық. Зертханада құрал-жабдықтармен таныстырулар мен түсіндірмелерді сол орталықтың жауапты қызметкері Жакина А.Х. жүргізді. Заттардың құрылысы, не себепті, қалай және қай жерде қолданатыны жайлы мәліметтермен таныстық.

Техника қауіпсіздік ережесі

Жұмыс орнында артық заттар болмау қажет.
Жұмыс үстелдің үстінен атауы көрсетілмеген реактивтерді алып тастау керек.
Оңай от алғыш, улы және жағымсыз иісті заттармен жасалатын тәжірибелер оттан аулақ және тартпа шкафта жүргізіледі.
Оңай жанатын және жанғыш сұйықтары бар ыдыстарды қыздыратын қондырғылардың жанында ұстауға болмайды.
Пробиркада сұйықты қыздыру барысында оның ауызын бұрып өзінен және көршіден сәл арақашықтықта ұстау қажет, себебі сұйық қайнаған кезде шашырап күйдіруі мүмкін.
Газ өткізгіш түтікшесімен жұмыс істеу барысында түтікшенің ұшын сұйықтан алып тастаған соң ғана реакциялық қоспасы бар пробирканың астынан спирт шамын алуға болады.
Жанғыш газдармен тәжірибе өткізу барысында жанында қопарғыш қоспалар болса оларды жандыруға болмайды.
Суда еритін органикалық заттар ( мысалы спирттер) жанған жағдайда сумен сөндіруге болады. Суда ерімейтін сұйықтар ( бензол, толуол және басқа көмірсутектер)жанғанда суды қолдануға болмайды. Бұл жағдайларда өрттің орталығын асбесті сүлгімен не көрпемен жауып, құм сеуіп немесе өрт сөндіргіш құралдарды қолданып, сөндіруге болады.
Адам жарақат немесе күйік алған жағдайда көмек көрсете білу керек. Термиялық күйік алған жағдайда күйген жерді 40%-ті этил спиртінде ерітілген 5%-ті таннин ерітіндісімен жылдам шайып, осы ерітіндіге батырылған мақта немесе марлімен таңып қойған жөн.
Қышқылмен күйген жағдайда күйген жерді бірден сумен шайып, 1%-ті сода ерітіндісіне батырылған мақта немесе марлі компрессін басылады.
Сілтімен күйген жағдайда күйген жерді бірден сумен шайып, 1%-ті сірке қышқылының ерітіндісіне батырылған мақта немесе марлі компрессін салады.
Көзге қышқыл түскен жағдайда көзді бірден сумен, ал кейін 2%-ті натрий бикорбанаты ерітіндісімен шаю керек.
Көзге сілті түскен жағдайда көзді бірден сумен, ал кейін 2%-ті бор қышқылының ерітіндісімен шаю керек.
Қолды шынымен кесіп жарақат алған жағдайда, кесілген жерге 3%-ті йодтың спирт ерітіндісін жағу керек. Қан тоқтамаған жағдайда кесілген жерді 10%-ті темір хлориді (FeCl3) ерітіндісімен тампон қойған жөн.
Зертханадан кетерде газ жаңарғылары шүмектерінің жабықтығын, электрлік қыздыру құрал-жабдықтардың сөндірілгенін тексеру қажет.

Реактивтерді пайдалану ережелері
Реактивтер салынған шөлмектердің немесе банкалардың сыртында реактивтің аты және оның сапасы: техникалық, таза, анализ үшін таза, химиялық таза және ерітінділер үшін концентрациясы жазылған этикеткалары болу керек. Реактивтерді пайдаланғанда келесі ережелерді орындау қажет:
Егер жұмысқа қажетті реактивтердің мөлшері көрсетілмеген болса, реактивтерді аз алу керек материал мен жұмысқа кететін уақытты үнемдеу үшін:
Алынған реактивтің артық мөлшерін сол ыдысқа қайтадан салуға немесе құюға болмайды. Реактивтерді пайдаланғаннан кейін банканы не шөлмекті қақпағымен жауып қою керек.
Құрғақ реактивтерді фарфор немесе металдан жасалған қасықшалармен не қалақшалармен шпательдер алған жөн. Олар әрдайым таза, құрғақ болуы керек. Пайдаланғаннан кейін оларды әбден тазалап, сүзгіш қағазбен сүртіп отыру керек.
Егер реактив пипеткамен алынған болса, ол пипетканы жуып тазартпай екінші шөлмектен реактив алуға болмайды.

Таразы және таразыда өлшеу
Химиялық зертханада ең керекті жабдықтардың бірі - таразы. Сондықтан зертханада жұмыс істеушілердің бәрі таразыны дұрыс пайдалана білу керек. Әдетте химиялық зертханада өлшеу үшін техникалық (1-ші сурет) немесе аналитикалық таразылар қолданады. Техникалық таразыда заттың салмағы 0,01 граммға дейінгі дәлдікпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшем құралдары және олардың жіктелуі
Химия зертханаларында сақталатын қауіпсіздік ережелері
Тоқыма материалдармен таразыларды өлшеу
«Топырақтану» пәнінен зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау
Химиялық тін талшықтарын өлшеу аспапатары
Оқыту әдістемесі
Сүт зауытында өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруды жетілдіру
Қатты денелердің құрылысы
Аналитикалық таразылар
Құрама-жем өндірудің технологиялық үрдістерін зерттеу
Пәндер