Педагогикалық зерттеудің библиографиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің библиографиясы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ . . . 7

  1. Педагогикалық ғылым, педагогикалық зерттеу . . . 7
  2. Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары, басқа ғылымдармен

байланысы . . . 14

2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ БИБЛИОГРАФИЯСЫ . . . 20

2. 1 Зерттеу ғылыми аппараты, кезеңдері мен деңгейлері . . . 20

2. 2 Зерттеудің. библиографиясы . . . 26

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.

Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.

Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады.

Педагогикалық зерттеу - оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдеріті және нәтижесі, танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі болып табылады.

Зерттеудің негізгі компоненттері: мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерін алдын ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру, алынған мәліметтерді талдау және жинақтау, мәліметтер мен заңдарды түпкілікті тұжырымдау, түсініктер мен ғылыми болжауды алу. Кез-келген педагогикалық зерттеу логикасын ортадағы ғылыми таным этаптарында көрсетуге болады. Ол педагогикалық болмыстағы эмпирикалық суреттеу. Эмпирикалық суреттеуде дәлелдер (фактілер) бейнеленеді. Дәлелдер - бұл жаңа оқулықтар мен педагогикалық ұжымның жұмысы, мұғалімдердің сәтті немесе сәтсіз жұмыстары, оқу материалдарының анықталған түрлері, оқыту тәрбиелеуде қолайлы болуы мүмкін.

Сонымен қоса, философия, педагогика, психология т. б. ғылым аймағындағы білім беру негізінің зерттеу объектісіндегі теориялық моделі көрсетіледі. Бұдан кейін нақты теориялық модель құрылады. Әрі қарай зерттеуші нормативтік модельге, педагогикалық болып, нақты әрекетке көшеді. Соңында зерттеу жұмысының қорытындысында болашақ педагогикалық әрекеттің жобасы, нақты материал немесе білім беру стандарты алынады. Бұл үдеріс ІІІ, IV т. б. модельдеуге жалғасуы мүмкін.

Зерттеу нысанын анықтау дегеніміз зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Дегенмен, обьект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни, нысанның қалай қарастырылып жатқанын, ондағы қандай қатынастардың болатынын, оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.

Пән - обьектіден кесіп алынған бөлік емес, ол обьектіні қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, «оқулық . . . », «ғылыми негіздеме . . . » зерттеу пәні - онда сапалық қалыптасу, оның басқа, «тұлғалық тәжірибе қосу . . . » т. б зерттелген. Пәнді бөліп, біз обьектіні тұтас, барлығын, белгілі бір көзқараспен қарастырамыз. Зерттеу пәні зерттеу обьектісі шеңберінде белгілі бір қырынан қаралатын бөлік.

Зерттеу пәні - сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, процесс мінездемесі, құбылыс, маңыздылығын, талаптарын, тенденциясын анықтау, белгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі. Зерттеу пәні - обьект ішіндегі ізденудің шектелген аспектісі.

Зерттеудің мақсаты - педагогикалық құбылыстың себеп-салдарлық байланысы мен заңдылықтарын айқындау және солардың негізінде теория мен әдістемелерді әзірлеу (қандай нәтиже алу көзделеді, сол нәтиже оны алғанға дейін қандай жалпы сипатта көрінеді?) Зерттеу мақсаты: не үшін зерттеу пәні зерттеледі (тәрбиенің ғылыми негізін құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша жаңа ғылыми информация алу, тәжірибе нәтижелерінің талдауы т. б. )

Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған, негізделген жорамалды көрсететін ғылыми білімнің даму түрі.

Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды, тек нақты эмпирикалық деректерге негіздеуден туған жорамал болуы керек.

Болжам - кейбір құбылыстардың өмір сүруі туралы жорамал. Құбылыстың зерделенетін шеңбері жөніндегі белгілі бір білім негізінде ұсынылған болжам басқарушы принцип рөлін, одан ары қадағалау мен экспериментті бағыттаушы және түзетуші рөл атқарады; сондай-ақ ғылыми білімді дамытудағы қажетті буын.

Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді.

Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүйеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіруді қамтамасыз етпейтін шартты жол болады. Педагогикалық зерттеулерде болжамды тұжырымдау, әдетте, сол немесе өзге де педагогикалық үдерістер мен құбылыстардың өту жағдайын анықтауға арналып бағытталады.

Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар болжамды құру және тексеру.

Болжамды құру алғашқы берілгендерді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау - сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емес, жаңа құбылыстардың алдын-ала белгілеуге болатын ең дұрыс негізінде жорамал жасауға мүмкіндік береді.

Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күймен салыстыруды жалпыдан жалқыға қарай жүретін ой қорытындылары жолымен жүзеге асырылады. Осының арқасында болжам мақсатқа бағытты ғылыми ізденіс құралы, ғылыми зерттеулерді ұтымды ұйымдастырудың методологиялық негізі ретінде көрінеді.

Ал, ғылыми болжам дегеніміз тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Тәжірибелік қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау- адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде болады.

Болжамды /гипотеза/ қалыптастыру дегенді қалай түсінеміз?

Зерттеу болжамы - шындыққа сәйкестігі дәлелденуі қажет теориялық тұрғыдан негізделген пікірлер жиынтығы.

Негізгі мәселені шешудегі анықталған нақты мақсаттар, оны жүзеге асыру мүмкін емес, зерттеу сұрақтарын және мәселелерін, жеке шығармашылық ізденістің нақты міндеттерін айқындау. Болжам төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  1. Суреттемелік;
  2. Түсіндірмелік;
  3. Суреттемелік - түсіндірмелік;

- Болжамды зерттеудің негізгі ұғымдарын, категорияларын қосуға болмайды.

- Болжамның қалыптасуында дәлелдердің үлкен шеңберде бағалануы.

- Логикалық зерттеуде стилистикалық безендіруді қажет етеді.

Болжамның құрылымы: «егер мынадай және мынадай жаңаны қолданса, немесе қолданыстағы мазмұнды, форма мен әдісті былай да өзгертсе, онда білімді және білікті аса саналы және берік меңгеру қамтамасыз етіледі, оқушының дамуында мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады».

Ал, зерттеу міндеттері дегеніміз - педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе анағұрлым жеке-жеке мақсаттары (мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керек?) . Зерттеу міндеттері: ғылыми мәселені зерттеуде зерттеу пәні бойынша мақсаттың дәлдігі, ғылымның жалпы жағдайы бойынша мақсаты анықталады, педагогикалық теория дамуының қажеттілігі, ал зерттеу міндеттері тек қана мақсаттан емес, сонымен қатар зерттеу жұмысының талаптарының есебінен де туындайды.

Жетекші идея - теориялық жүйе негізіндегі анықтаушы ұғым. Сонымен зерттеу логикасына, яғни зерттеу ережесі мен құрылымына сәйкес студенттер типтік оқу жоспары бойынша курстық және дипломдық жұмыс орындайды.

Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы: барлық зерттеу жұмысында жетекшілік ететін теориялық ережесі. Зерттеудің сүйенетін позициясы - ғылым жағдайының терең талдауының нәтижесі. Алғашқы концепция ғылымда зерттелгенді, ғылымда қандай сұрақтарға жауап жоқтығын анықтауға көмектеседі. Гипотезаны құру үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақтылау өте маңызды [1] .

Жоғарыда аталған зерттеу элементтері курстық жән дипломдық жұмыстарды орындаудың ғылыми аппараттары болып табылады. Міне, осындан келіп зерттеу тақырыбымызды «Педагогикалық зерттеудің библиографиясы» деп алып отырмыз.

Зерттеу мақсаты : Болашақ бастауыш сынып мамандарының диплом, курстық және ғылыми жұмыстарымен айналысу барысының дұрыс құрылымын үйрету, оны практика жүзінде дұрыс іске асыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Педагогикалық зерттеулердің ғылыми аппаратының құрылымымен библиографиясымен таныстыру, мәнін ашу;
  • Зерттеудің кезеңдері мен деңгейлерін анықтау.

Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, анкета жүргізу, тестілеу.

Зерттеу пәні: Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі.

Зерттеудің нысаны: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР ғылым, педагогикалық зерттеу

Педагогика өзінің атауын гректын баланы жетектеуші деген сөзінен алынған. Ең алғашқысында бұл сөз құлдың қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы ретінде қызметің білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның атына айналды. Тәрбие - қоғамның кейінгі ұрпақтарға өзін қайталауымен көрінетін қызмет түрінін бірі. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, білім беру мен тәрбиелеу саласындағы белгілі бір ақиқат білімдерді жүйеге келтіреді.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамыды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми сараланіға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ 19-20 ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылымаралық байланыстарының жоғары мәні болғанын көрсетеді.

Педагогикадағы ғылыми білімдер басқа да дамыған ғылымдардағы сияқты теориялық және эмпирикалық болып тарқатылады. Эмпирикалық деңгейде деректер туралы білім қалыптасады: педпгогика үшін бұл - оқыту мен тәрбиенің кез-келген амалдарының тиімділігі немесе тиімді еместігі туралы; педагогикалық үрдістегі қандай да бір факторлардың нәтижеге он немесе теріс ықпалы туралы білімдер.

Теориялық деңгейдегі білімдер ғылымның ұғымдық аппаратын дамыту және жетілдірумен байланысты және шынайылықты, оның елеулі әрі терең байланыстары мен заңдылықтары арқылы жан-жақты бағытталған зерттеулер нәтижесінде қалыптасады. Бұл, мысалы, оқу тәрбиенің мәні туралы, білім беру мазмұнының құрамы, құрылысы және қызметі туралы, оқу пәндерінің жіктемесі туралы білімдер. Енді осы педагогикалық білімдерге қатысты кейбір пайымдауларға тоқтала кетейік[2] .

Белгілі методолог В. В. Краевский педагогикалық білімнің тағы бір түрін ұсынады, нормативті білімдер - міндітті туралы білім, не істеу қажет туралығ эмпирикалық және теориялықпен салыстырғанда нақтылықты білдіретін білім. Оларға іс-әрекетке деген жалпы және жеке нұсқаулар, ұйғарымдар, қағидалар, ережелер, ұсыныстар т. б. жататындығына тоқталады.

Педагогика іс-әрекеттің ерекше түрін зерттейді. Бұл мақсатты іс-әрекет, өйткені ұстаздың белгілі бір мақсаты бар: бір нәрсені үйрету, белгілі бір қасиеттерге тәрбиелеу. Бұл іс-әрекет мәнгі өмір сүретін адамзат қоғамының қызметін орындаумен байланысты: келер ұрпаққа жинақталған әлеуметтік тәжірибені жеткізу. Осыған орай В. В. Краевский, Е. В. Бережнова өз еңбектерінде мынадай қорытынды жасайды, педагогиканың нысаны дегеніміз ерекше, әлеуметтік және жеке тұлғалық айқындалған, педагогикалық мақсатты тұжырымдау мен педагогикалық басқарумен сипатталатын іс-әрекет ретінде білім беру, ол өсіп келе жатқан ұрпақты қоғам өміріне араластыруға, жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеру мен оның өз бетінше дамуына бағытталған. Осыдан, педагогика білім беру туралы ғылым, білім беруді зерттейтін ғылым деп анықталады[3] .

Н. Д. Никандров, Г. Б. Корнетов: педагогика білім беру оның құрылымы мен заңдылықьарын айқындау көзқарасы бойынша, сондай-ақ, қоғамдық және жеке-даралық тұлғалық даму ауқымында өзара байланысты оның субъектілерінің, мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, тәсілдерінің, түрлерінің, нәтижелерінің дамуын зерттейді деген пікір білдіреді[4] .

Айтылған ойлар, педагогика - білім беру заңдылықтарының мәнін, жеке тұлғаның дамуындағы білім беру үрдісінің алар орнын ашатын, олардың нәтижелілігін арттыратын іс жүзіндегі жолдары мен тәсілдерін жасайтын ғылым саласы деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Педагогика, педагогикалық ғылым өз алдында дербес ғылым мәртебеге ие, өйткені оның категориялық, әдіснамалық аппараты бар. Олар жайында құралдың арнайы тарауларында айтылатын болады.

Білім беру үрдісінің аса тиімді үлгілерін, сондай-ақ олардың іс жүзінде қолданылуының тәсілдерін жасай отырып, педагогика сипаттамалы-түсіндірмелі және нормативті-құрылымдық ғылым болып табылады.

Педагогикалық ғылымнын міндеті екі жақты: педагогикалық ақиқатты зерттеумен қатар, оның құрылысын жасау, оны түрлендірк, жетілдіру. Сондықтаң педагогиканы теориялық ғылым деп те, тәжірибелік ғылым деп те қарастырылады. Бір жағынан педагогикалық құбылыстарды суреттеп, түсіндіреді, екінші жағынан - қалай оқытып, тәрбиелеу керектігін көрсетеді.

Педагогикалық ғылым мынадай негізгі міндеттерді де шешеді:

-білім беру үрдісінің объктивті заңдылықтарын айқындай міндеті. Заңдылық - білім беру үрдісінің құбылыстары, бөлек жақтары арасындағы объективті бар, қайталанатын, тұрақты, мәнді байланыстар. Қандай да бір байланыстын заңдылығының көрсеткіші оның себеп-салдарлық сипаты болып табылады. Мысал ретінде педагогикалық әдебиетте тұжырымдалған бірнеше заңдылықтарды келтіруге болады: бала тәрбиесінің табысты болуы жеке тұлғалық байланыстың қарқынды әрі бай болуына тікелекй байланысты; оқу материалының мазмұны жетік меңгеру оны жүйелі түрде тікелей немесе уақыт өте келе қайталаумен, оны меңгерілгер материалмен бірге қарастырумен байланысты.

Келесі міндет - жинақталған педагогикалық тәжіриберні зерттеп, қорытындылау; оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістерін, түрлерін, технологияларын жасау. Педагогикалық ғылымның тағы бір міндеті өз бетінше толғану немесе өзін өзі тану: педагогикалық шынайылық туралы, ғылым, құрылысы, оның бәжірибемен байланысы туралы, оның өзіндік ұғымдарының құрамы туралы объективті білім алу тәсілдері.

Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет объективті шындықтын барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.

Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық үрдістің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүзеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне енетініне қарамастан, пән педагогикалық мақсатты түрде тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән болып саналады.

Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я. А. Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я. А. Коменский.

Сонымен қатар, Я. А. Коменскийдің ізімен батыс еуропалық педагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, неміс педагогы Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег, орыс педагогы К. Д. Ушинский және т. б ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды.

Ал кейіннен ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады.

Педагогика - өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.

Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-тҰркіні гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу деген сҰздерінен шыққан. "Пайдагогос " сөзін тура мағынасында аударса, "бала жетектеуші" деген өғымды білдіреді. Яғни, баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын қөлды педагог деп атаған. Ал мектепте өстаздық етумен басқа білімдар қөлдар айналысқан.

Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең Өміршеңі, ең қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе Өмірге келіп, уақыт сынынан Өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтап, жүйелеуді Өзінің алдына басты міндет етіп қойды.

Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды төтасымен зерттейді.

Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибеде дамиды.

Педагогика - тәрбиелеудің қатынастары туралы, тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.

Педагогика ғылым ретінде төмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол өзінің басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді.

Біріншіден, педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбір адам өзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және оқытуда өмір ағымында "педагог" рөлінде ойнайды[5] .

Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды.

Педагогика адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен өрпақтың кішіге берілген өмірлік тәжірибесімен байланысты. Бөл жерде халықтық (житейлік) педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу өнерімен өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез-келген

ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып

жүруші, тек қана студенттер үшін ақпараттардың көзі болу қажет емес, ол

әртүрлі рөлдерді ойнаушы - актер: мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық

процестің қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы

тарапынан қателікті жіберткізбейтін әрекет, немесе оқытушы қатесі өте

қымбатқа түседі. Педагогиканың өнерге қатыстылығын күнделікті өмірден

көріп жүрміз сондықтан, оқытушы студентке тек өзінің кәсіби күші арқылы

ғана емес, сонымен қатар, өз төлғасының ерекшеліктері де әсер

етеді(мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға және т. б. қатынасы) .

Үшіншіден, педагогика ғылым ретінде түсіндіріледі, сонымен қатар,

адамтанудың бөлігі. Педагогика танымы қоғамдық және жеке даралық,

табиғаттың келеңсіз үйлесіміндегі адамның дамуы мен әсері тәсілдерін

жетілдіреді. Сондықтан да педагогикалық ілімдер, теориялар, үлгілер,

болжамдар және ұсынылымдар төтас және жүйелі білімнің іргесінде

қөрылады: олар психология, философия, тарих, әлеуметтану және басқа да

адам туралы ғылымдарда "жетіледі".

Төртіншіден, педагогика өзіне оқытумен тәрбиелеудің теоретикалық

және практикалық аспектілерін қоса отырып, оқыту пәнін анықтайды. Бесіншіден, педагогиканың мағынасы қазіргі заманғы жалпы мәдени контекстегі гуманитарлық білімнің бөліміне енеді. Ол адамның

педагогикалық мәдениетінің сапасында көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапханалық – библиографиялық процестерді автоматтандыру
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар
КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
Қазақстан тарихы библиографиясы
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
Педагогикалық зерттеу тәсілі
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету
Құжаттарды библиографиялық іріктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz