ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Тақырыбы: Зерттеу жұмысын жүргізудегі негізгі теориялық бөлімнің мазмұндық құрылымы.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары мен амалдары . . 5
1. 2 Зерттеу кезеңдері мен деңгейлері . . . 19
2 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 23
2. 1. Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері . . . 23
2. 2. Қазіргі замануи педагогикалық зерттеудің мәселелері . . . 34
Қорытынды . . . 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қай замандарда да білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Болашақ мамандар білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалыптастыратыны баршаға мәлім.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да, іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Бастауыш саты-білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Біздің міндетіміз-жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер»деген екен. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы[1] .
Жалпы білім беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында. Осындай жан-жақты айғақтарды ескере келе мемлекетімізге болашақ жақсы маман дайындау мен білімді ұрпақты тәрбиелеуде оқу жүйесінде ғылыми жұмыстармен атсалысу аса маңызды орын алуда. Айтылған ерекшеліктерді ескере отырып, біз өзіміздің зерттеу тақырыбымызды «Зерттеу жұмысын жүргізудегі негізгі теориялық бөлімнің мазмұндық құрылымы» атты тақырыпты алып отырмыз.
Зерттеудің пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі
Зерттеудің нысаны: болашақ мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы барысында негізгі теориялық бөлімнің жан-жақты ашылуын үйрену.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу барысында теориялық бөлімнің ерекшеліктерін, мазмұндық құрылымын дұрыс құрастыру бойынша білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздерін айқындау;
2. Зерттеу кезеңдері мен деңгейлерін анықтап, қазіргі замануи педагогикалық зерттеулер туралы мағлұмат алу.
Зерттеудің базасы: жоғарғы оқу орны «ТарМПИ».
Зерттеудің әдістері: сұрақ-жауап, анкеттеу, бақылау және т. б. қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі тараушадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары
мен амалдары
Теория-ғылыми танымның әсер етуші күші. Әдіснамалық ұстаным зерттеу нысанына алынып отырған педагогикалық құбылысты өзгертуге негіз болатын қағидалар жиынтығы.
Десекте ұстаным тек, ғылыми ізденістер мен практикада кең қолданыс тапқан ғана осындай сипатқа ие болуы мүмкін. Ұстаным ізденушіге, алға қойған мақсатқа жету жолын, алға тартқан нәтиже сипатын және қолданатын тәсілдер мен құралдарды тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Осы себепті, ұстаным практика үшін реттеуші, бағыттаушы, болжаушылық күшке ие. Ұстанымнын гнесеологиялық мәні оның шындықтың мәнін объективті бейнелеуге мүмкіндігі, оның өзіне тән сипаттық ерекшелігі даму заңдылығын ашуында. Десекте ұстанымның дүниенің табиғаттың адамдар арасындағы қатынастардың ұдайы даму заңдылықтарын толық қандышеше алады деуге болмайды.
Педагогикалық зерттеулерде: тарихилық пен логикалықтың бірлігі, ғылымилық, зерттеудің тұжырымдамалық бірлігі, объективтілік, сабақтастық сияқты ұстанымдар басшылыққы алынады.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер жүргізуде ізденуші төмендегідей ұстанымдар басшылықтар алу қажет:
-Педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескерту;
-Құбылыстарды даму барысында зерттеу;
-Бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
-Зерттеу үрдісінде ізделініп отырған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы коптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
-Зерттеу әдістері зерттелетің құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;
-Даму үрдісін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
-Сынақталушыға, білім-тәрбие үрдісінде зиян келтіретін, адамгершілік-инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Амал туралы . Амал ғылыми әдіснамада өте жиі қолданылатын категория болып табылады да теориялық және практикалық мәселелерді шешуде пайдаланылады. Әдіснамалық категория ретінде амал зерттеу алдында қойған міндеттерді шешуде әдіснамалық құрал, зерттеудін негізгі қызметін атқарады. Кей жағдайда білімді жобалаудың ұстанымы, тіпті әдісі де бола алады. Ғылыми әдебиеттерге берілген интерпретацияларда амал - зерттеушінін өз әрекетін саналы түрде жүргізу үшін тандаған, бір-бірімен тығыз байланыстағы мақсаттар, ұстанымдар, әдістер түрінде сипатталады. Бұл тұрғыдан алғанда әдіснамалық амалдың ұстанымға қарағанда атқаратын қызметінін ауқымы кең.
Амалдың әдіснамадағы ғылыми-практикалық мәнінің жоғарылығына қарамастан, педагогикада жеткілікті дәрежеде қарастырылмағандығы белгілі. Бұған дәлел бұнын педагогикалық энциклопедияларда түсіндірмесінің бермеуі, әр түрлу тандануы бола алады. Бұл өз кезегінде зерттеушілердің алдында қиындықтар туғызатындығы мәлім. Біз жоғарыдағы пайымдауларды өзіміз тандаған еңбектерге сүйеніп жасағандығымызды білдіре кетеміз.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық амалдары төменде сипатталатын болады.
Жүйелік амал - танымдық әрекеттегі ең амбебап құрал. Олай болатын себебі, кезкелген құбылыс жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз біртұтас бүтіндік құрайтын өзара байланысты бөлшектердің ретке келтірілген жиынтығы мен олардың арасындағы қатынасы. «Жүйе» ұғымының грек тілінен аудармасы «құрастыру» ретінде түсіндіріліп, заттардың аморфты еместігін, бөлінбейтіндей болмайтындығын, оларды жақын барып талдағанда бөліктерден тұратындығын білдіреді. Жүйелік амал барысында педагогикалық жүйе өзара байланысты құрамдас бөлшертердің жиынтығын ретінде қарастырылады. Олар: білім беру мақсаты, педагогикалық үрдіс субъектілері, білім беру мазмұны, педагогикалық үрдісті ұйымдастыру әдістері мен түрлері, мәліметтер қоры. Демек жүйені өзгерту үшін оның ішкі құрамаларына әсер ету қажет. Бұл үшін де жүйелі білім қажет. Жүйелі білім объектінің құраушыларын зерттеп тану нәтижесінде жинақталады. Бұл ретте жүйелілік әдіснаманың біртұтас амалымен астасады.
Практикалық тұрғыдан қарағанда адамның өзімен бірге жасап келе жатқан бұл түсінік кез келген әрекет жүйелі, белгілі бір ретпен атқарылады даганге келіп саяды да, тек осылай болғанда ғана тиісті нәтиже беретіндігін мойындатады.
Жүйелілік және әрекеттік амалдардың ара қатынасын қарастырсақ, соңғысының адамның іс қимылымен байланыстылығы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы арқылы өзгертуге атсалысуын білдіреді. Демек бұл амалдардың өзара тығыз байланыстылығын көрсетеді. Әрекеттік амал жүйенің дамуы заңдылықтарын түсіндіру қажет болған жағдайда қолданылады. Дамудың заңдарын білу негізінде объектіні жетілдіру, өзгертуғ жаңғырту операциялары іске косылады, әрекет жасалады. Педагогикалық жүйелерді жаңалауда жүйелілік, біртұтастық, әрекеттік амалдардың ролі аса маңызды. Жоғары оқу орыны білімерінің әлеуетінің артып, шығармашылыққа ұласуының басты әдіснамалық амалдары болып табылады[2] .
Әдіснамадағы мәдениеттанымдық амалдың қазіргі педагогикадағы түйткілді мәселелерді шешудегу ролі зор. Өйткені тәрбие мен білім «мәдениет» ұғымына өте жақын жатыр.
Ал қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке: мәдениет - белгілі бір халықтардың, жеке тұлғалардың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; мәдениет - адам әрекетінің белгілі бір саласының жетілу деңгейі деген анықтамалар беріледі.
Мәдениеттанымдық амалды қазіргі дидактикалық зерттеулерде басшылыққа ала отырып, білім алушылардың бүгіегі күні емес ертең кім болуға бағытталуы орын алады. Себебі адам мәдениетке оны жасаушы, тудырушы және оның негізгі нәтижесі ретінде қатысады. Ол қандай еңбекпен айналыспасын үнемі әрекеттің «сыртқы» нәтижелерімен қатар «ішкі» нәтижелері де, яғни адамның өзінің өзгеруі, оның қабілеттерінің, білік, дағдыларының дамуы орын алады. Зат, дүние-мүліктер әлемін жасау барысында адам өзінің ішкі қажеттіліктері оянып, оларды қанағаттандырудың жолдарын іздейді[3] .
Синергетика « синергейя - бірлесіп әрекеттесу, нытымақтасу», немесе өзін-өзі дамыту теориясы педагогика үшін эвристикалық мәні бар тұлғаны дамытудын әмбебап үлгілерін іздеуге бағытталған күрделі жүйе болып табылады. Синергетика өзін-өзі ұйымдастыратың үрдістердің жүзеге асуының нақты тәсілдеріне көңіл бқөледі, үрдістін интерсубъектілік коммуникативті тұрғыда ұйымдастырылуын тірек етеді.
Синергетикалық амал педагогикада қолданылатын жүйелілік-қызметтік әдістердің дамуына жол ашады. Ал оның нәтижесі білімнің мақсаттары мен мазмұнының өзгеруінде, жаңа парадигманың пайда болуында, ақпараттармен алмасу құралы ретіндегі жаңа технологиялардың қолданылуында, басқару үрдісін синергетикаландыруда көрінеді.
Білімдегі синергетикалық амал дамыта оқыту педагогикасы мен оқу әрекетің ұйымдастыру мәселесімен де тығыз байланысты. Мысалы: О. С. Анисимовтың зерттеулерінде тұлғанын өзін-өзі дамытуының мәні, оқу үрдісінде оның қалыптастырудың мүмкіндіктері қарастырылады, өзін-өзі дамытатын оқуды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі ұсынылады. Білім алушылардың өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін шығармашылық ойлау мен шығармашылық педагогикалық әрекеттерге ерекше көңіл бөлінеді.
Білім саласындағы синергетиканың әлі де болса жеткіліксіз зерттелгеніне қарамастан, бұл мәселе білімдік технологияларды, оқытудың белсенді әдістерін қолдану барысында жүзеге асады десек артық айтқандық емес. Сол себепті дамыта оқыту тұжырымдамалары негізіндегі технологияларды тұлғанын өзін-өзі дамыту құралы ретінде қарастыра отырып, оны білімді синергетикалаудың мысалы бола алады деп есептейміз.
Сонымен білімнің синергетикасы білім берудің байырғы үлгілерінен өзге, жаңа педагогикалық әлемді синергетикалық тұрғыдан қарастыратын, білім алушыларға өзін-өзі танудың өзін-өзі дамытудын жаңа әдістерін меңгеруге бағыт-алған жаңа әдіснамасы деген тұжырым жасауға мүмкіндік туады.
Педагогикалық зерттеулердің дәл ортасында «адам» тұрғандықтан әдіснаманың гуманистік амалының зерттеуші үшін мәні зор. Гуманизм «ізгілік» - дүниетанымдық амал болғандықтан, оның негізінде ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамнын бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Біздің пайымдауымызша, әдіснамалық ұстанымдар белгілі әдіснамалық тұғырлар құрамына кіреді, әдіснамалық тұғыр - әдіснамалық ұстанымға қарағанда кең түсінік. Педагогика оқулықтары авторларының соңғы нұсқаларынан осы тұжырымға дәлелдерді көруге болады.
Шындығында біз сол фактіні теріске де шығармаймыз, кейбір ғалымдардың бағытын қолдана отырып әдіснамалық ұстаным мен әдіснамалық тұғыр мазмұнына қатысты, «әдіснамалық тұғыр» және «әдіснамалық ұстаным» - толықтай жеке философиялық түсініктер, бірін - бірімен байланысты және бірін - бірі толықтырады деген пікірдеміз.
Әдіснамалық ұстаным ғылым фолософиясында және білім беруде, ғылым әдіснамасында және білім беруде, ғылымның жаңа парадигмасын терең және әрдайым ұғыну негізінде, білім және ғылымның даму тендециясында тұжырымдалады.
Педагогика гуманитарлық ғылым ретінде қазіргі кезде шынында парадигмалық дағдарысты өз басыан өткізіп жатыр, бар тұғырларды тереңдетуде және жаңаларын жасауда, әлеуметтік және гуманитарлық танымның ұстанымдарын, жаңа әдіснамалық ұстаным мен тұғырларды іздеуде.
Осылардың негізінде ғылыми теорияларға сәйкес міндеттері: фактілерді түсіндіру, алынған мағлұматты синтездеу және негізгі нәтижені алдын - ала айту ііске асады. Кейбір зерттеушілер, айталық В. Е. Шукшунов, В. Ф. Взятышев, Л. И. Романова білім парадигмаларын салыстыру нәтижелерін немесе параметрлерін алға тартады: адамдардың басты міндеті; әрекетттің ғылыми негіздері; типтік міндеттер; бағалау өлшемдері, рухани фактірдің ықпалы; инновациялық білім сияқты белгілерді сипаттайды; гуманитарлық парадигма мен ғылыми - жаратылыстану ұстанымдарынан түрлі терең және қосымша білімдер ұсынады[4] .
Тұғыр - педагогикалық мәселелер мен олардың әдістері бірлігінің зерттелуі. Ғылымда әдіснамалық тұғыр негізінде тәсілдердің, идеялардың, түсініктер кешені жатады, шынайы немесе табиғат объектілерінің құрылуында немесе таным үрдісінде қолданады. «Тұғыр түсінігі методикалық оның мағынасынан алынған зерттеушінің әрекет тәсілінің ғылыми негізделгенін анықтауға болады. Ғылымдар, микро объектіні зерттеуде философия үшін тұғырдың болуына себепкер болған: құрылымдық-қызметтік тұғыр әлеуметтанудан алынған, құрлымдық линвестикадан, жүйелілік жаратылыстанудан алынған деп пайымдайды
Философия мен педагогикада әдіснамалық концепциялардың, әдіснамалық ұстанымдардың түрлері кездеседі. Бәрінен де ол «діснамалық концепция» түсінігін анықтауға байланысты. Ғылымдар, өз кезегінде Д. П. Горькийдің және басқалардың ғылым әдіснамасы - ғылым кәсібінің бөлігі, ғылыми білім құрылымын зерттейтін, ғылыми танымның әдісі мен тәсілін, негіздейтін жолы мен білімнің дамуы деп санайды. Педагогикалық әдебиеттерде «әдіснамалық ұстанымдар» түсінігі аз кездесіді. Әдіснамалық білімнің құрамында ең басты орында әдіснамалық талаптар, ұстаным түрінде танылатын, педагогика практикалық және теоретикалық бағдарлама ретінде беріледі.
Ғылым - бұл негізі гносеологиялық, логикалық, теориялық және практикалық әрекеттің әдіснамалық және құндылық талаптары.
Ғылым - педагогикалық теориядағы, концепциядағы шығатын жол, оқу және тәрбие жұмысының әдісі мен ұйымдастыру формасының мазмұнын анықтайды. Педагогикалық ұстанымдар - нормативтік сипаттағы негіз, немесе әрекеттің жалпы сипаттамасы, берілген білім аймағында таралатын құбылыс. Әдістемелік ұстанымдардың мазмұны мен құрылымы педагогтар мен психологтардың еңбектерінде жасалады. Олар: Б. Г. Ананьев, В. И. Андреев, В. И Беляев, Ю. К. Бабанский, В. И. Загвязинский, В. Т. Лихачев, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, А. С. Смирнов, Н. Д. Хмель және т. б.
В. И. Загвязинскийдің пікірінше, ұстаным ашық және терең ғылыми негізделуі тиіс (объективтік заңдылықтарды зерттеу негізінде әлеуметтік маңызды мақсаттарға жеткізу тәсілін сипаттау) және жалпы сипат алуы керек (оқытудың барлық жағдайы мен нұсқасын зерттеуде қолданылуы керек) . В. И. Загвязинский педагогикалық зерттеудегі негізгі ұстанымдар деп партиялық, ғылыми, тарихи және логикалық тұжырымдамалық бірлік, оқу-тәжірибелік жұмысының практикалық және зерттеушілік ұстанымдарын атайды.
Автор тұжырымдамалық бірлік ұстанымы құрылымын педагогикалық үдерістің оқу жүйелілік және тұтастық тұғырлары мәнін ашады деп санайды.
Ю. К Бабанский таптық-партиялық тұғырды, тарихи және логикалық бірлік қстанымын, диалектикалық жүйелі-құрылымдық тұғырды, әрекеттік тұғырды, педагогикалық құбылыстардың заңдылықтары мен заңдарын ашу концепцияларына тоқталады[5] .
Педагогикалық оқу құралдарының авторлық ұжымы В. А. Слатенин, С. А. Смирнов, И. Б. Котова, Е. Н. Шиянов педагогикалық зерттеулердегі нақты әдіснамалық ұстанымдарды жасап, жүйелілік, тұлғалық, әрекеттілік, диалогтік, культурологиялық, этнопедагогикалық, антропологиялық тұғырлардың мазмұнын ашып берді.
Біліми-педагогикалық болжамдардың әдіснамалық ұстанымдары туралы ізденістер баршылық.
Б. С. Гершунский «әдіснамалық ұстаным» түсінігін, яғни әрекет нормасын басқаратын, теория мен практикадағы көзделген жету бағытын, білім берудегі стратегиялық шешімдерді бағалаудың көп өлшемділігі мен вариативтілігін, білім беру аймағанда стратегиялық шешімдердің ұжымдық негізделуін ұсынады[6] .
Сонғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде тарихи-педагогикалық зерттеулердің тұжырымдамалық ұстанымдары ашық айтылып жүр. Г. Б. Корнетов, И. А. Колесникова педагогикалық цивилизация мен оның парадигмасы тұрғысынан қазіргі немесе өткен педагогикалық феномендерді зерделеуді ұсынады.
Бұған ұқсас түсінікті В. И. Беляев ұсынады. Ол, тархи материялизмнің детерминанты мен заңдарын практикаға сүйене отырып, кезкелген педагогикалық фактілерді, құбылыстар мен үрдістерді талдауды ұсынады.
Талдау көздері көрсеткендей, әдіснамалық ұстанымдар әдіснамалық тұғырлар түсінігі арқылы қарастырылады. Әдіснамалық ұстанымдар мен тұғырларды бөліп қарайтын вариянттары бар. Сонымен А. М. Столярнико салыстырмалы педагогиканың мынадай әдіснамалық ұстанымдарын ұсынады: объективтілік, кешенділік, жүйелілік, нақты - тарихилық тұғыр мен педагогикалық тәжірибенің қарама - қайшылығы.
Әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдары және олардың талаптарын іске асыру. Әлеуметтік педагогика ұстанымдарының мәселелері оның теориялық-әдіснамалық негіздерінің әзірлемесімен байланысты. Бұл әлеуметтік- педагогикалық үдерістің тиімділігіне әсер ететін негізгі базалық ережелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Аталмыш тақырып мына проблемаларды қарастырады:
-«әлеуметтік педагогика ұстанымдары» ұғымы және оның мәні;
- әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдарына жалпы сипаттама және олардың талаптары.
Әлеуметтік педагогика ұстанымдары ұғымы және оның мәні. Ұстанымда р әлеуметтік оқыту және тәрбиенің негізгі заңдылықтарын көрсетеді, солардан туындайды және сондықтан, өзінің өмір сүруі мен әрекеттерінің обьективтік табиғатын құрайды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік педагогтың теориялық негіздемелері мен практикалық қызметінің міндетті ережелері мен талаптарын ұсынады. Ұстаным нормативтік-реттеуші қызметін атқарады.
Ұстаным көбінесе ережемен теңеседі. Алайда, өзінің көлемі жағынан ереже ұстанымнан тар шеңберлі. Ол ұстаныммен салыстырғанда, жеке ұғымға жатады және жеке ережені, нақтылы жағдаятта қолданылатын әдісті көрсете отырып, содан туындайды. Педагогикада алатын орнына қарай, ереже рецептуралық ұсынымдар сипатында болады Ұстанымның құрамында көптеген ережелер орын алады, бірақ, олардың жиынтығы құбылыстардың жиынтығы ретінде олардың мәнін бере алмайтындықтан, әлі де ұстанымды құрай алмайды.
Ереже - бұл маман қызметінің міндетті сипатын білдіретін белгілі бір норма. Ол ұстанымға қарағанда, неғұрлым жеке сәттерде атқарылу міндеттілігін көрсетеді және оның (ұстанымның) талаптарынан туындайды. Талаптар орындалуға міндетті ереже, шарт болып табылады.
Ұсыным - біреу немесе бір нәрсе туралы есепке алу, практикалық орындау үшін қажетті кеңес, тілек, жағымды пікір.
Өзінің мәні бойынша, әлеуметтік педагогика ұстанымдары әлеуметтік- педагогикалық қызметтің ұйымдастырылу мазмұнына және іс жүргізу жағына негізгі талаптарды білдіреді. Олар теория мен практиканың өзара байланысын анықтайды, болжалды нәтижеге жету проблемасын шығармашылықпен шешуге көмектеседі.
Ұстаным белгілі бір заңдылықтың, оның атқарылу шарттарын немесе практикалық қызметті күнделікті бақылаудың нәтижесін және одан туындайтын және белгілі бір ережелер, талаптар, ұсынымдар түрінде рәсімделген қорытындылар болып табылады.
Ұстанымдар былайша бөлінеді:
- ғылым ретінде әлеуметтік педагогика ұстанымдары . Олар: жалпы әдістемелік сипатта және жалпы ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогикаға тән болады. Мұндай қағидалар: ғылымның заңға теңесетін бастапқы қалпы; негізінде заңдардың тобы жататын неғұрлым жалпы ереже; занның жекеше іске асырылуы. Мұндай ұстанымдарға ғылымилық, обьективтілік, тарихилық, практикаға байланыстылық жатады;
- практика ретіндегі әлеуметтік педагогика ұстанымдары (тікелей айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастыруды негіздейтін ұстанымдар) . Олар орындалуы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жоғары ұйымдастырылуын және тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін бастапқы базалық ережелерді, талаптарды білдіреді. Бәрінен бұрын соларды әлеуметтік педагогика ұстанымдарымен теңестіреді;
- әлеуметтік саланың мамандарын даярлау бойынша білім беру ұстанымдары . Бұл жоғары (орта кәсіптік) мектеп ұстанымдары, олардың талаптарын орындау мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді: Мұндай ұстанымдарға, сондай-ақ, жалпы сипат тән, жоғары (орта кәсіптік) мектептің заңдылықтарын көрсетеді және олардың талаптарын жоғары (орта) кәсіби мамандарды даярлауда ескеру қажет.
Ұстанымдардың ерекшелігі сонда, егер әлеуметтік педагог олардың талаптарын ескеретін болса, онда олардың жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі мейлінше өте зор. Іс жүзінде маман жеке өз тәжірибесі немесе басқалардың тәжірибесі арқылы көптеген (ал, кейде тек бірнеше, тұрпаттық) әлеуметтік-педагогикалық қызмет ұстанымдарын көрсететін ұсынымдарды пайдаланады және бұл оған жұмыс барысында көп көмегін тигізеді. Бұл жағдайда игерілген ұстанымдар маманның практикалық қызметін анықтайтын нормалар, ережелер нысанында іске асады. Әлеуметтік педагогика ұстанымдарын арнайы үйрену маманға кәсіпті меңгеру үдерісінде оған практикалық жұмысында табиғи қажетті болып саналатын ұсынымдарды игеруге мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz