Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі


Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6
- Педагогикалық зеттеудің ғылыми аппараты, логикалық құрылымы . . . 6
- Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын
талаптар . . . 16
- ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ӨҢДЕУ . . . 20Эксперимент, оның түрлері, даярлау және өткізу әдістемесі . . . 20Зерттеу нәтижелері және оларды өңдеу. . . . 32
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкескілігі. Ғылым - бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.
Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Дене және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт, байланыс, адамның күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс ерекше орын алады.
Ғылымның жіктелуі - белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.
Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым түрлерінің проблемасы - бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.
XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді.
Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу орындарында орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектептің негізгі ғылыми ядросын құрайтын профессорлық - оқытушылар құрамы кең көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет арқылы қаражат, зертханалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми бағыттың дамуы үшін үлкен әсерін тигізетін жоғары оқу орындарында ғылыми мекемелер - проблемалық ғылыми-зерттеу лабораториялары ұйымдастырылады, ал кей жағдайларда жекелеген ғылыми-зерттеу институттары құрылады. Проблемалық лабораториялар мен ғылыми-зерттеу институттары үшін ғылыми-техникалық қызметкерлердің арнайы құрамы бөлінеді.
Кафедраларда, проблемалық лабораторияларда және ғылыми-зерттеу институттарында негізінен бастапқы және ізденушілік тақырыптар жасалады. Қолданбалы зерттеулерді ережеге сәйкес қосымша жұмыс уақытында (алты сағаттық жұмыс күнінің сыртында) қосымша ақы төлеу негізінде профессорлар мен оқытушылар орындайды.
Жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен енгізу студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына жағдай жасады - бұл жұмысты енгізудің ең басты факторы жас мамандарды жаңа заманға сай, жаңа технологиямен таныстыру болып табылады.
Мамандардың білімін жаңа заманға сай жаңа ғылыми, техникалық және мәдени дәрежесін көтеру негізінен ғылыми зерттеу жұмыстарының көмегімен орындалады деуге болады. Ал оларды жүргізуді қадағалап, орындайтын оқытушылар құрамы. Ол үш бағытты ұстанады:
1 Ғылыми және халық шаруашылық тапсырмаларын шешу;
2 Болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру;
3 Оқытушылардың классификациясын арттыру;
Неғұрлым жоғарғы оқу орнының ғылыми дәрежесі жоғары болған сайын солғұрлым оның оқу-әдістемелік базасы мазмұнды және қызығырақ болады.
Қазіргі заманғы өндіріс пен жұмыс ауырлығы сонша, ол ғылыми және зерттеу біліктілігін талап етеді. Сондықтан жас маманға тек фундаменталды білім емес, оған практикалық жұмыс, жаңадан пайда болған ғылыми жаңалықтарды білу, оларды шешіп өзінің квалификациясын жоғарылату керек. Ал бұл қасиеттерге студенттерді жоғарғы оқу орындарында тәрбиелеу керек. Студенттерді тәрбиелеу осы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жүргізіледі.
«Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының» қазіргі мағынасы екі өзара байланысты элементтен тұрады:
1 Зерттеу еңбегінің элементтерін студенттерге оқыту, осы еңбекке баулу;
2 Студенттердің профессорлар мен оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын жеке ғылыми зерттеу жұмысы.
Таным тәжірибеден өнеді, бірақ өзі болмыстың тәжірибелік меңгеруіне бағытталады. Тәжірибеден теорияға және теориядан тәжірибеге, іс-әрекеттен ойға және ойдан болмысқа - бұл адамның айналадағы болмысқа қатынасының жалпы заңдылығы.
Танымның әртүрлі процестерінің басы, негізгі бөлімі және табиғи аяқталуы - тәжірибе болып табылады. Таным аяқталуы қатысты екенін атап өту керек, өйткені таным процесінде ғылыми ой дамуының дайындалған және негізін салған жаңа проблемалар мен мәселелер туындайды. Бұл проблемалар мен мәселелерді шеше отырып, ғылым тәжірибені алға басу және оның дамуын саналы түрде бағыттау керек.
Барлық ғылым, барлық адамзаттың таным шындықты бейнелейтін ақиқат білімнің жетістігіне бағытталған. Тек ақиқатты ғылыми білім адамға болмыс жаңаруының күшті қаруы, алдағы дамуын болжауға мүмкіндік береді.
Міне, жоғарыда айтылған барлық ойлардың түінінде біздің зерттеуге қойылып отырған тақырыбымыздың негізі қалыптасып отыр. Тақырыбымызды «Ғылыми педагогикалық нәтижелерді өңдеу» деп алып отырмыз.
Зерттеудің пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі
Зерттеудің нысаны: болашақ мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып оның нәтижесін дұрыс өңдеуін қамтамасыз ету.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға дағдыландыру және нәтижелерін теориялық, практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Педагогикалық зеттеудің ғылыми аппараты, логикалық құрылымы айқындау;
2. Эксперимент, оның түрлерін, даярлау және өткізу әдістемесі н, зерттеудің нәтижелерн өңдеу туралы терең мағлұмат алу.
Зерттеудің базасы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.
Зерттеудің әдістері: сұрақ-жауап, бақылау және т. б. қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі тараушадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
- ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ зеттеудің ғылыми аппараты, логикалық құрылымы
Педагогикалық зерттеу - оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдеріті және нәтижесі, танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі компоненттері: мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерін алдын ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру, алынған мәліметтерді талдау және жинақтау, мәліметтер мен заңдарды түпкілікті тұжырымдау, түсініктер мен ғылыми болжауды алу. Педагогикалық зерттеу үш деңгейге ажыратылады:
- әдіснамалық - педагогикалық құбылыстардың жалпы принциптері мен зерттеу әдістерін тұжырымдау, эмпиристік және теориялық зерттеулер негізінде теориялар құру;
- теориялық - бұрын ашылған деректерді түсіндіруге, сондай-ақ болашақ оқиға мен оның дамуын болжамдауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтарды ұсыну және тұжырымдау;
- эмпиристік - педагогикалық ғылымның жаңа деректерін анықтау және оларды жинақтау негізінде эмпиристік заңдылықтарды тұжырымдау[1] .
Ғылыми - педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы
Педагогикалық зерттеудің динамикасын қарастырмас бұрын, жалпы категорияларды, кез келген әрекетпен сипатталатын мақсат, нәтижені қолдануымыз қажет. Жалпы ғылыми деңгейдегі ұғымдар: эмпирикалық суреттер, теориялық модель, нормативтік модель, проект. Осы айтылған терминологияны қолдана отырып, педагогикалық зерттеу логикасының этаптарын көрсетеміз.
Қозғалыс мақсаттан басталады. Мақсат - бұл нәтиженің көрсеткіші.
Педагогикалық зерттеудің логикасын көрсетуде педагогикалық болмыстың эмпирикалық суреттемесін, танымдық суреттемесін, нормативтік ортаны анықтап алуымыз керек.
Кез-келген педагогикалық зерттеу логикасын ортадағы ғылыми таным этаптарында көрсетуге болады. Ол педагогикалық болмыстағы эмпирикалық суреттеу. Эмпирикалық суреттеуде дәлелдер (фактілер) бейнеленеді. Дәлелдер - бұл жаңа оқулықтар мен педагогикалық ұжымның жұмысы, мұғалімдердің сәтті немесе сәтсіз жұмыстары, оқу материалдарының анықталған түрлері, оқыту тәрбиелеуде қолайлы болуы мүмкін.
Сонымен қоса, философия, педагогика, психология т. б. ғылым аймағындағы білім беру негізінің зерттеу объектісіндегі теориялық моделі көрсетіледі. Бұдан кейін нақты теориялық модель құрылады. Әрі қарай зерттеуші нормативтік модельге, педагогикалық болып, нақты әрекетке көшеді. Соңында зерттеу жұмысының қорытындысында болашақ педагогикалық әрекеттің жобасы, нақты материал немесе білім беру стандарты алынады. Бұл үдеріс ІІІ, IV т. б. модельдеуге жалғасуы мүмкін.
Зерттеу нысанын анықтау дегеніміз - зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Дегенмен, обьект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни, нысанның қалай қарастырылып жатқанын, ондағы қандай қатынастардың болатынын, оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән - обьектіден кесіп алынған бөлік емес, ол обьектіні қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, «оқулық . . . », «ғылыми негіздеме . . . » зерттеу пәні - онда сапалық қалыптасу, оның басқа, «тұлғалық тәжірибе қосу . . . » т. б зерттелген. Пәнді бөліп, біз обьектіні тұтас, барлығын, белгілі бір көзқараспен қарастырамыз. Зерттеу пәні зерттеу обьектісі шеңберінде белгілі бір қырынан қаралатын бөлік.
Зерттеу пәні - сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, процесс мінездемесі, құбылыс, маңыздылығын, талаптарын, тенденциясын анықтау, белгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі. Зерттеу пәні - обьект ішіндегі ізденудің шектелген аспектісі.
Зерттеудің мақсаты - педагогикалық құбылыстың себеп-салдарлық байланысы мен заңдылықтарын айқындау және солардың негізінде теория мен әдістемелерді әзірлеу (қандай нәтиже алу көзделеді, сол нәтиже оны алғанға дейін қандай жалпы сипатта көрінеді?) Зерттеу мақсаты: не үшін зерттеу пәні зерттеледі (тәрбиенің ғылыми негізін құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша жаңа ғылыми информация алу, тәжірибе нәтижелерінің талдауы т. б. )
Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған, негізделген жорамалды көрсететін ғылыми білімнің даму түрі.
Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды, тек нақты эмпирикалық деректерге негіздеуден туған жорамал болуы керек.
Болжам - кейбір құбылыстардың өмір сүруі туралы жорамал. Құбылыстың зерделенетін шеңбері жөніндегі белгілі бір білім негізінде ұсынылған болжам басқарушы принцип рөлін, одан ары қадағалау мен экспериментті бағыттаушы және түзетуші рөл атқарады; сондай-ақ ғылыми білімді дамтыудағы қажетті буын.
Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді.
Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүйеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіруді қамтамасыз етпейтін шартты жол болады. Педагогикалық зерттеулерде болжамды тұжырымдау, әдетте, сол немесе өзге де педагогикалық үдерістер мен құбылыстардың өту жағдайын анықтауға арналып бағытталады.
Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар болжамды құру және тексеру.
Болжамды құру алғашқы берілгендерді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау - сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емес, жаңа құбылыстардың алдын-ала белгілеуге болатын ең дұрыс негізінде жорамал жасауға мүмкіндік береді.
Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күймен салыстыруды жалпыдан жалқыға қарай жүретін ой қорытындылары жолымен жүзеге асырылады. Осының арқасында болжам мақсатқа бағытты ғылыми ізденіс құралы, ғылыми зерттеулерді ұтымды ұйымдастырудың методологиялық негізі ретінде көрінеді.
Ал, ғылыми болжам дегеніміз - тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Тәжірибелік қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау- адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде болады.
Болжамды /гипотеза/ қалыптастыру дегенді қалай түсінеміз?
Зерттеу болжамы - шындыққа сәйкестігі дәлелденуі қажет теориялық тұрғыдан негізделген пікірлер жиынтығы.
Негізгі мәселені шешудегі анықталған нақты мақсаттар, оны жүзеге асыру мүмкін емес, зерттеу сұрақтарын және мәселелерін, жеке шығармашылық ізденістің нақты міндеттерін айқындау. Болжам төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- Суреттемелік;
- Түсіндірмелік;
- Суреттемелік - түсіндірмелік;
- Болжамды зерттеудің негізгі ұғымдарын, категорияларын қосуға болмайды.
- Болжамның қалыптасуында дәлелдердің үлкен шеңберде бағалануы.
- Логикалық зерттеуде стилистикалық безендіруді қажет етеді.
Болжамның құрылымы: «егер мынадай және мынадай жаңаны қолданса, немесе қолданыстағы мазмұнды, форма мен әдісті былай да өзгертсе, онда білімді және білікті аса саналы және берік меңгеру қамтамасыз етіледі, оқушының дамуында мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады».
Ал, зерттеу міндеттері дегеніміз - педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе анағұрлым жеке-жеке мақсаттары (мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керек?) . Зерттеу міндеттері: ғылыми мәселені зерттеуде зерттеу пәні бойынша мақсаттың дәлдігі, ғылымның жалпы жағдайы бойынша мақсаты анықталады, педагогикалық теория дамуының қажеттілігі, ал зерттеу міндеттері тек қана мақсаттан емес, сонымен қатар зерттеу жұмысының талаптарының есебінен де туындайды.
Жетекші идея - теориялық жүйе негізіндегі анықтаушы ұғым. Сонымен зерттеу логикасына, яғни зерттеу ережесі мен құрылымына сәйкес студенттер типтік оқу жоспары бойынша курстық және дипломдық жұмыс орындайды.
Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы: барлық зерттеу жұмысында жетекшілік ететеін теориялық ережесі. Зерттеудің сүйенетін позициясы - ғылым жағдайының терең талдауының нәтижесі. Алғашқы концепция ғылымда зерттелгенді, ғылымда қандай сұрақтарға жауап жоқтығын анықтауға көмектеседі. Гипотезаны құру үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақтылау өте маңызды.
Жоғарыда аталған зерттеу элементтері курстық жән дипломдық жұмыстарды орындаудың ғылыми аппараттары болып табылады[2] .
Курстық жұмыс деп аталуы оқытудың белгілі бір курсына сәйкес пәндерден жазылуына байланысты. Белгілі бір пәндерден жазылғанымен, студенттер өздерінің білім, іскерлік және дағды қорларын пайдаланады.
Курстық жұмыс зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін меңгеруге ықпал етеді, педагогикалық қызметке қызығушылығын арттырады, педагогикалық үрдісті талдауға, оның мәнін түсінеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- педагогика және психологияның өзекті мәселелері туралы білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді және бекітеді;
- педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруға шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастырады;
- өз жұмысының нәтижесін сыни тұрғыдан бағалауға үйренеді;
- теориялық білімдерін тәжірибе жүзіне қолдана білуге ықпал етеді, озық тәжірибелерде талдау жасау және қорытындылауға, сондай-ақ, педагогикалық тәжірибеде өзінің қалыптасқан тәжірибесін талдай, қорытындылай алуға үйренеді;
- педагогикалық үрдіс заңдылықтарының мәнін түсіне бастайды.
Курстық жұмыстың тақырыптары оқу бағдарламаларына сәйкес кафедра белгілейді.
Курстық жұмыстың тақырыптары кафедраның оның мүшелерінің мәселелері ғылыми жетекшісі ісімен байланысты болғаны тиімді. Курстық жұмысқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми жетекшілер бекітіледі.
Ғылыми жетекшінің міндеттері:
- Студенттерге тақырыпты анықтауға, жұмыс көлемін белгілеуге, зерттеу мөлшерін анықтауға көмектеседі және мақсатын, міндеттерін, зерттеу әдістемесін таңдауға көмектеседі;
- Курстық жұмыс алдында консультация беріледі (әдіснама, зерттеу әдістемесі, жалпы талаптар, нақтылы нұсқаулар, жұмыс кезеңдері, әрбір кезеңнің жұмыс мазмұны, есеп беру тәртібі және түрі) ;
- Әдебиеттермен жұмыс, материал жинау әдістері, қажетіне қарай тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бағдарламасын дайындауға көмек береді (хаттама жүргізу, тәжірибе, оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу жоспарын дайындау, ұжымды зерттеу әдістері т. б. ) .
- Жұмыс барысын ұдайы бақылып отырады;
- Курстық жұмысты тексереді, рецензия жазады, қорғауды ұйымдастырады.
Курстық жұмысты дайындау барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгере және оны пайдала білу керек.
Курстық жұмысты дайындау 4 кезеңнен тұрады:
3-семестр
(1-2 апта)
ҒЖ нұсқаулар (топпен)
ҒЖ нұсқаулар (жеке)
Дипломдық жұмыс - жоғары оқу орны студентінің соңғы оқу жылында орындайтын, ғылыми ізденістің және жобалаудың, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесі ретіндегі дербес жазбаша жұмысы. Дипломдық жұмысты орындау әдістемесінің моделі төмендегідей:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz