Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратын ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЛОГИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Ғылым, ғылыми зерттеу, ғылыми білім ұғымдары туралы ... ... ... ...7
1.2 Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...11

2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ АППАРАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Зерттеу кезеңдері мен деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Зерттеудің ғылыми аппараты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Ғылым - бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.
Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады.
Педагогикалық зерттеу - оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдеріті және нәтижесі, танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі компоненттері: мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерін алдын ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру, алынған мәліметтерді талдау және жинақтау, мәліметтер мен заңдарды түпкілікті тұжырымдау, түсініктер мен ғылыми болжауды алу. Кез-келген педагогикалық зерттеу логикасын ортадағы ғылыми таным этаптарында көрсетуге болады. Ол педагогикалық болмыстағы эмпирикалық суреттеу. Эмпирикалық суреттеуде дәлелдер (фактілер) бейнеленеді. Дәлелдер - бұл жаңа оқулықтар мен педагогикалық ұжымның жұмысы, мұғалімдердің сәтті немесе сәтсіз жұмыстары, оқу материалдарының анықталған түрлері, оқыту тәрбиелеуде қолайлы болуы мүмкін.
Сонымен қоса, философия, педагогика, психология т.б. ғылым аймағындағы білім беру негізінің зерттеу объектісіндегі теориялық моделі көрсетіледі. Бұдан кейін нақты теориялық модель құрылады. Әрі қарай зерттеуші нормативтік модельге, педагогикалық болып, нақты әрекетке көшеді. Соңында зерттеу жұмысының қорытындысында болашақ педагогикалық әрекеттің жобасы, нақты материал немесе білім беру стандарты алынады. Бұл үдеріс ІІІ, IV т.б. модельдеуге жалғасуы мүмкін.
Зерттеу нысанын анықтау дегеніміз зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Дегенмен, обьект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни, нысанның қалай қарастырылып жатқанын, ондағы қандай қатынастардың болатынын, оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән - обьектіден кесіп алынған бөлік емес, ол обьектіні қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, оқулық..., ғылыми негіздеме... зерттеу пәні - онда сапалық қалыптасу, оның басқа, тұлғалық тәжірибе қосу... т.б зерттелген. Пәнді бөліп, біз обьектіні тұтас, барлығын, белгілі бір көзқараспен қарастырамыз. Зерттеу пәні зерттеу обьектісі шеңберінде белгілі бір қырынан қаралатын бөлік.
Зерттеу пәні - сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, процесс мінездемесі, құбылыс, маңыздылығын, талаптарын, тенденциясын анықтау, белгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі. Зерттеу пәні - обьект ішіндегі ізденудің шектелген аспектісі.
Зерттеудің мақсаты - педагогикалық құбылыстың себеп-салдарлық байланысы мен заңдылықтарын айқындау және солардың негізінде теория мен әдістемелерді әзірлеу (қандай нәтиже алу көзделеді, сол нәтиже оны алғанға дейін қандай жалпы сипатта көрінеді?) Зерттеу мақсаты: не үшін зерттеу пәні зерттеледі (тәрбиенің ғылыми негізін құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша жаңа ғылыми информация алу, тәжірибе нәтижелерінің талдауы т.б.)
Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған, негізделген жорамалды көрсететін ғылыми білімнің даму түрі.
Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды, тек нақты эмпирикалық деректерге негіздеуден туған жорамал болуы керек.
Болжам - кейбір құбылыстардың өмір сүруі туралы жорамал. Құбылыстың зерделенетін шеңбері жөніндегі белгілі бір білім негізінде ұсынылған болжам басқарушы принцип рөлін, одан ары қадағалау мен экспериментті бағыттаушы және түзетуші рөл атқарады; сондай-ақ ғылыми білімді дамытудағы қажетті буын.
Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді.
Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүйеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіруді қамтамасыз етпейтін шартты жол болады. Педагогикалық зерттеулерде болжамды тұжырымдау, әдетте, сол немесе өзге де педагогикалық үдерістер мен құбылыстардың өту жағдайын анықтауға арналып бағытталады.
Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар болжамды құру және тексеру.
Болжамды құру алғашқы берілгендерді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау - сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емес, жаңа құбылыстардың алдын-ала белгілеуге болатын ең дұрыс негізінде жорамал жасауға мүмкіндік береді.
Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күймен салыстыруды жалпыдан жалқыға қарай жүретін ой қорытындылары жолымен жүзеге асырылады. Осының арқасында болжам мақсатқа бағытты ғылыми ізденіс құралы, ғылыми зерттеулерді ұтымды ұйымдастырудың методологиялық негізі ретінде көрінеді.
Ал, ғылыми болжам дегеніміз тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Тәжірибелік қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау- адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде болады.
Болжамды гипотеза қалыптастыру дегенді қалай түсінеміз?
Зерттеу болжамы - шындыққа сәйкестігі дәлелденуі қажет теориялық тұрғыдан негізделген пікірлер жиынтығы.
Негізгі мәселені шешудегі анықталған нақты мақсаттар, оны жүзеге асыру мүмкін емес, зерттеу сұрақтарын және мәселелерін, жеке шығармашылық ізденістің нақты міндеттерін айқындау. Болжам төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Суреттемелік;
2. Түсіндірмелік;
3. Суреттемелік - түсіндірмелік;
- Болжамды зерттеудің негізгі ұғымдарын, категорияларын қосуға болмайды.
- Болжамның қалыптасуында дәлелдердің үлкен шеңберде бағалануы.
- Логикалық зерттеуде стилистикалық безендіруді қажет етеді.
Болжамның құрылымы: егер мынадай және мынадай жаңаны қолданса, немесе қолданыстағы мазмұнды, форма мен әдісті былай да өзгертсе, онда білімді және білікті аса саналы және берік меңгеру қамтамасыз етіледі, оқушының дамуында мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Ал, зерттеу міндеттері дегеніміз - педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе анағұрлым жеке-жеке мақсаттары (мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керек?). Зерттеу міндеттері: ғылыми мәселені зерттеуде зерттеу пәні бойынша мақсаттың дәлдігі, ғылымның жалпы жағдайы бойынша мақсаты анықталады, педагогикалық теория дамуының қажеттілігі, ал зерттеу міндеттері тек қана мақсаттан емес, сонымен қатар зерттеу жұмысының талаптарының есебінен де туындайды.
Жетекші идея - теориялық жүйе негізіндегі анықтаушы ұғым. Сонымен зерттеу логикасына, яғни зерттеу ережесі мен құрылымына сәйкес студенттер типтік оқу жоспары бойынша курстық және дипломдық жұмыс орындайды.
Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы: барлық зерттеу жұмысында жетекшілік ететін теориялық ережесі. Зерттеудің сүйенетін позициясы - ғылым жағдайының терең талдауының нәтижесі. Алғашқы концепция ғылымда зерттелгенді, ғылымда қандай сұрақтарға жауап жоқтығын анықтауға көмектеседі. Гипотезаны құру үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақтылау өте маңызды [1].
Жоғарыда аталған зерттеу элементтері курстық жән дипломдық жұмыстарды орындаудың ғылыми аппараттары болып табылады. Міне, осындан келіп зерттеу тақырыбымызды Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратын ұйымдастыру деп алып отырмыз.
Зерттеу мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мамандарының диплом, курстық және ғылыми жұмыстарымен айналысу барысының дұрыс құрылымын үйрету, оны практика жүзінде дұрыс іске асыру.
Зерттеудің міндеттері:
oo Педагогикалық зерттеулердің ғылыми аппаратының құрылымымен таныстыру, мәнін ашу;
oo Зерттеудің кезеңдері мен деңгейлерін анықтау.
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, анкета жүргізу, тестілеу.
Зерттеу пәні: Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі.
Зерттеудің нысаны: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЛОГИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Ғылым, ғылыми зерттеу, ғылыми білім ұғымдары туралы

Ғылым адамзат мәдениеті саласындағы өте күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Ол бүгінгі күні көптеген пәндердің (ғылым тарихы, ғылым социологиясы, ғылыми зерттеудің логикасы мен әдістемесі, ғылым психологиясы, ғылым экономикасы) зерттеу нысанына айналды.
Ғылым - ақиқат жайындағы әділ білімдерді жасайтын және теориялық тұрғыда жүйелейтін адам әрекетінің саласы. Демек ғылым білім алу мақсатындағы жұмыс. Ғалым А.И.Ракитов ғылым дайын құрал емес, жаңалық жасалатын ұстахана десе, енді бір анықтамада ғылым таным ағашының өнімі ғана емес, сол өнім шығатын ағштың өзі делінеді. Ғылымның негізгі мақсаты ақиқатқа қол жеткізу[2]. Ғылым - адамның іс әрекетінің нәтижесі. Мұндай әрекет негізінде жаңа білімдер, теориялар жасалады. Ғылым- білім негіздері, әсіресе ғылыми әдістерді жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер. Оның мақсаты мен атқаратын қызметі сыртқы дүние мен ғаламның өзі жайлы теориялар жасау мен жүйелеу. Ғылым дін, көркем әдебиет, философия сияқты адамның қоғамдық санасының бір саласы.
Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында Ғылым қазіргі кезде қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен үрдісін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.Ғылымды жасау негізінде ғылыми білім жинақталады. Ғылыми білім ұғымын талдамас бұрын жалпы білім терминінің мәнін ашқан жөн болады. Білім - адамның танымдық әрекетінің нәтижесін жүйелеу формасы. Білім арқылы біз өз істерімізді ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, ол үрдісте пайда болатын түйткілді мәселелерді шешеміз. Білім тар мағынада - адамда алға қойған мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін белгілі бір ақпарат мөлшерінің болуы. Білім ғылыми және ғылымнан тыс болып бөлінеді.
Ғылыми білім - табиғаттың, қоғамның, ойлаудын зандылықтары жайында білімдер жүйесі. Ғылыми білім әлемнің ғылыми бейнесінің негізін қалайды және оның даму заңдылықтарын көрсетеді. Ғылыми білім күрделі дамып келе жатқан жүйе. Ғылыми білім: логикалық тұрғыда негізделген, дәлелденген, танымдық нәтижелерін қайта өндіруге болатындығымен сипатталады. Ғылыми білім: эмпирикалық (бақылау мен тәжірибе негізінде) және теориялық (абстрактылы нобайларды талдау негізінде) болып бөлінеді[3].
Ғылымнан тыс бөлімдер: парағылым (пара - грек тілінен аударғанда жанында), псевдоғылым, квазиғылым, (қорқыту, мәжбүрлеу әдістерімен алынады), күнделікті - практикалық (жеке тәжірибе, рецептер т.б,) болып бөлінеді. Белгілі ғалым Г.Н. Волков өзінің Ғылым социологиясы атты еңбегінде ғылымды дайын білім емес, сол білімді алуға бағытталған әрекет екендігіне тоқталады. Мұны ғылыми әрекет деп тану қабылданған[4].
Ғылыми әрекет - ғылыми білімді тудырады және өзіне деген әсерді сезінеді. Сондықтан да субъектінің белсенділігі ғылыми әрекетті және оның ішкі компоненттерін бекітетін фактор болып есептелінеді. Ғылым өрісіндегі іс-әрекет ғылыми зерттеу, білімді, нақтырақ айтсақ, ғылыми білімді жалпылайтын іс-әрекет.
Ғылыми зерттеу іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлшектері: мәселені анықтау, мақсатты, міндеттерді қою; қолдағы бар ақпаратқа алдын - ала талдау жасау; бастапқы болжамдарды тұжырымдау; болжамдарға теориялық талдау жасау; экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру; эксперимент жасау; алынған нәтижелерді талдау және қорытындылау; алынған деректер негізінде бастапқы болжамдарды тексеру; жаңа деректер мен заңдардың соңғы тұжырымдамасы, түсіндірме немесе ғылыми нәтижелер алу.
Зерттеу іс-әрекетінің тікелей мақсаты мен жоғарғы құндылығы - объективті ақиқат. Ғылыми білім бұл ретте зерттеу пәнінің, құбылыстардың, үрдістердің негізгі сипаттамасын, айтарлықтай қасиетін ашатын түсіндірмелі білім болып саналады да дәлелдеулер, деректер, нақты сандық көрсеткіштер арқылы расталады. Ғылыми білім мына томендегі үш жақты міндетті шешу арқылы алынады: зерттеу құбылысын немесе ақиқат үрдісін суреттеу, түсіндіру, алдын - ала болжау.
Мұндағы муреттеу дегеніміз нысанның немесе құбылыстың атауы (белгісі), оның құрылысы, оның бөлшектерінің атауы туралы, құбылыстың, оқиғының, үрдістің даму барысы туралы, нысанның немесе құбылыстардың оларды танып білуге, тәртіпке келтіруге және бір жүйеге жинақтайға болатын жалпы және ерекше, қажетті, сонымен бірге жеткілікті, елеулі және елеусіз белгілері туралы ақпарат.
Түсіндіруге нысандар мен құбылыстардың байланысы мен қатынасы жайындағы, оның ішінде тұрақты байланыстар мен қатынастар тіралы ақпараттар жатады. Суреттеуді түсіндіруден ерекшелейтін, мақұлдайтын және дәлелдейтін екі бөлігі бар. Түсіндірудің бірінші бөлімінде ауызша мақұлдау немесе нақты түсіндіру түріндегі заңдар, қасиеттер, ұстанымдар тұжырымдалады.
Ғылыми болжам жайында құралдың кейінгі тарауында нақты тоқталатын болғандықтан, бұл жерде болжам дегеніміз ойша, жалпы түрде, айқындалған заңдарға сәекес бүгінгі жеке-жеке үзінділер бойынша болашақтың үлгісін құру - деп қысқа қайырып отырмыз.
Ғылымға объективтілік тән. Ғылыми білім объективті жағдайға сәйкес келсе ғана, шынайылық заңдылықтарын көрсетеді.
Ғылымда қол жеткізген нәтижелер негізінде зерттеу нысанына алынып отырған, қарастырылып отырған түйткіл қайта өндіріліп, жаңа жетістіктер алынуы тиіс. Бұл мәліметтерге қол жеткізген зерттеушының қолданған әдістемесі бойынша белгіленген мәліметтерді (деректерді, заңдылықтарды) қайта алу мүмкіндігі. Егер белгілі бір жағдайларда белгілінген деректерді басқа зерттеушілер қайта өндіре алмаса, оны ғылыми деп тануға болмайды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесін ғылымға балау үшін алынған нәтижелердің жаңалығы болуы шарт. Ашылған ғылыми білім объективті жаңалығымен ерекшеленуі тиіс, яғни жалпы мәдени мағынада жаңа білім болу керек. Тек сонда ғана ғылым шынайылық туралы объективті білімнің пайда болуы мен теориялық жүйеленуі орын алаиын адамзат іс-әрекетінің өрісі ретінде анықталыды.
Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский [5].
Сонымен қатар, Я.А.Коменскийдің ізімен батыс еуропалық педагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, неміс педагогы Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег[6], орыс педагогы К.Д.Ушинский[7] және т.б ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды.
Ал кейіннен ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады.
Педагогика - өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.
Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауы гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу деген сөздерінен шыққан. "Пайдагогос " сөзін тура мағынасында аударса, "бала жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. Яғни, баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналысқан[8].
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ењ Ұміршењі, ењ қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе өмірге келіп, уақыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтап, жүйелеуді өзінің алдына басты міндет етіп қойды.
Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибеде дамиды.
Педагогика - тәрбиелеудің қатынастары туралы, тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.
Педагогика ғылым ретінде төмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол өзінің басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді.
Біріншіден, педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбір адамөзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін
тәрбиелеуде және оқытуда өмір ағымында "педагог" рөлінде ойнайды.
Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен ұрпақтың кішіге берілген өмірлік тәжірибесімен байланысты. Бұл жерде халықтық (житейлік) педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу өнерімен өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез-келген ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші, тек қана студенттер үшін ақпараттардың көзі болу қажет емес, ол әртүрлі рөлдерді ойнаушы - актер: мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық процестің қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателікті жіберткізбейтін әрекет, немесе оқытушы қатесі өте қымбатқа түседі. Педагогиканың өнерге қатыстылығын күнделікті өмірден көріп жүрміз сондықтан, оқытушы студентке тек өзінің кәсіби күші арқылы ғана емес, сонымен қатар, өз тұлғасының ерекшеліктері де әсер етеді (мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға және т.б. қатынасы).
Үшіншіден, педагогика ғылым ретінде түсіндіріледі, сонымен қатар, адамтанудың бөлігі. Педагогика танымы қоғамдық және жеке даралық, табиғаттың келеңсіз үйлесіміндегі адамның дамуы мен әсері тәсілдерін жетілдіреді. Сондықтан да педагогикалық ілімдер, теориялар, үлгілер, болжамдар және ұсынылымдар тұтас және жүйелі білімнің іргесінде құрылады: олар психология, философия, тарих, әлеуметтану және басқа да адам туралы ғылымдарда "жетіледі".
Төртіншіден, педагогика өзіне оқытумен тәрбиелеудің теоретикалық және практикалық аспектілерін қоса отырып, оқыту пәнін анықтайды.
Бесіншіден, педагогиканың мағынасы қазіргі заманғы жалпы мәдени контекстегі гуманитарлық білімнің бөліміне енеді. Ол адамның педагогикалық мәдениетінің сапасында көрінеді.

1.2 Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Педагогикалық зерттеу - педагогика ғылымы алдында тұрған сұрақтарға жауап табуға, оларды тексеріп практикаға қолдануға әкелетін мақсатты түрде жүргізілетін әртүрлі әдістер, тәсілдер мен операциялардың жүйесі. Жұмысымызды одан әрі қарай осы ғылымның салалары жайлы талдаулармен жалғастырамыз.
Ең алдымен тарихи - педагогикалық зерттеулерге тоқталайық. Олардың басты мақсаты - еліміздің өткен кездеріндегі тәлім-тәрбиелік мқраларды зерттеп, олардағы бай тәжірибені қазіргі мектеп, оқу орындары іс әрекетіне ендіру. Сол арқылы педагогика ғылымының теориясы және практикасын толықтыру, байыту болып табылады. Тарихи педагогикалық зерттеулер белгілі бір кезеңді қамтиды. Сол себепті де зерттеу нысанының дамудың беталыстарын көрсетуде хронологиялық тәртіп сақталуы тиіс.
Педагогика тарихы адамзат тарихымен байланысты. Педагогика тарихын дәуірлерге бөлуде адамзат тарихында алынған негізгі кезеңдермен сәйкес келеді. Педагогикалық ой-пікірдің кез-келген өкілі мәдениеттің жаршысы, насихаттысы болып табылады. Сондықтан білім саласының тарихына арналған зерттеулердің алатын орны ерекше. Бұл бағыттағы ізденістерде зерттеуші адамзат тарихының, мәдениет тарихының, философия тарихының, әдебиет тарихының қайнар көздерін әртүрлі еңбектерін кеңінен пайдаланады.
Педагогиканың қазіргі мәсеелерін - деп жазады профессор Н.К. Гончаров - барлық педагогика тарихына сын көзқараспен пайымдамайынша, түпкілікті шешу мүмкін емес. Үдерістер немесе құбылыстардың Мәні тарихи дамуында ашылады, ал құбылыстың өзі педаггогика тарихының жалпы фонында түсінікті болады [9]. Осы ойда терең мағына жатыр.
Тарихи-педагогиканың білім берудегі маңызды әдіснамасын негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол білім мен тәриенің тарихи педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды енгізуге мүмкіншілік жасайды, оның дамуын, қозғалысын әлеуметтік себептермен негіздейді.
Зерттеу жұмысынң мәселесі, пәні және міндеттеріне сәйкес барлық тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен бірлікте қарастырылады. Сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті, статистикалық және тағы басқа да зерттеуге, салыстырмалы тадауға және деректі әдеби, мұрағат материалдарын теориялық жинақтауға бағытталған әдістер қолданылады.
Педагогика тарихын зерттеу үшін қажетті әдебиет құжаттары мен қайнар көздеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен
құжаттары. ҚР Ата Заңы, Білім Туралы заң. Білімді дамытудын 2010-2020 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы, Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің бекіткен нормативті құжаттары[10].
2. Жалпы адамтану мәселелері, педагогика тарихы мәселелері
бойынша классиктердің еңбектері, тарихи педагогикалық әдебиеттер, мұрағат құжаттары мен басқа да тарихи педагогикалық материалдар, мерзімді педагогикалық басылымдар.
3. Мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиетер, халықтық
педагогиканың даналығы, халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік үлгілері, тәрбие мәселелері жөніндегі жазылған мемуарлық және көркем әдеби шығармалар, ескі жазба ескерткіштер, жазушылардың, философтардың ойшылдардың, педагогтардың әр кезендердегі педагогика, тәрбие, білім беру мәселелеріне арналған еңбектер.
Кейбір тарихи педагогикалық зерттеулер қандай да бір педагогикалық қайраткерлердің шығармашылық мұраларына арналады. Мұндай жағдайда оның тарихи маңыздылығын және қәзіргі білім беру жүйесінің дамуына қосатын үлесін көрсетеді. Егер зерттеу белгілі бір тарихи кезендегі білім беруге бағытталған болса, онда ол зерттеудің мақсаты: белгілі бір кезендегі педагоктардың теориялық және практикалық тәжірибелерін біріктіру және болжау, қазіргі кезендегі білім берудің дамуы үшін оның мәнін анықтау болып табылады.
Дидактикалық зерттелер. Дидактикалық зерттеулердің ақырғы нәтижесі ғылым арқылы білім беру практикасын жетілдіру болып табылады. Алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеру үшін әдістеменің құралдар, сабақ жоспарлары, оқу материалдары дайындалады. Бұл бағыттағы зерттеулердің де іргелі және қолданбалы типтері болады. Соңғы уақыттарда практикаға бағытталған дидактиканың теорияларын жасау, оқытудың тиімділігін арттыру, дидактиканың басқа салалармен байланысы мәселелері арнайы зерттеліп, ол ізденістер педагогика ғылымына айтарлықтай жетістіктер әкелді деуге болады.
Дидактикалық зерттеулердің басқа ғылым салалары сияқты өзіндік нысаны, пәні болып, зерттеу әдістерінің ерекшелігімен сипатталады. Дидактикалық зерттеулер дидактикалық жүйе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс
Психологиядағы зерттеу әдістері
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Ғылыми зерттеулердің технологиялық картасының жалпылама моделі
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Заманауи білім беру технологияларының негізгі сипаттамалары
Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Пәндер