Педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері
Тақырыбы: Педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
0.1 Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау - ғылыми ізденістің
алғашқы кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
0.2 Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі ... ... ... ... .15
1 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
0.1 Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
0.2 Зерттеудің эмпирикалық деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - қазақстан дамуының басты бағыты атты халыққа жолдауындағы 7-бөлімінде: Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Адам әлеуеті деңгейін арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын алға жылжыту болып табылады - деп көрсеткен.
Қайта құру кезеңіндегі өзгерістер,тәуелсіздік алынғаннан кейінгі өзгерістер мұғалім профессиограммасына да өзінің ықпалын тигізіп отырады. Қоғамның дамуымен бірге білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі артып отырғаны соңғы жылдары анықтай байқалды.
Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына жедел кіруге бағдарланған Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең мемлекет пен оның білім жүйесінің алдына әлемде болып жатқан өзгерістерге кірігіп, бұл өзгерістерде жауапты, жаңашылдық және шығармашылық рөл атқару міндетін қойып отыр.
Президентіміз айтқандай, білім реформасы біздің мемлекетіміздің әрбір азаматы тиісті білім мен біліктілік алған соң әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман бола алатын деңгейге жетуге тиіс.
Сондықтан Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінің стратегиясындағы 30 маңызды бағыттың бірі білім жүйесінің, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесінің әлемдік стандарттарға жақындауы болып табылады[1].
Педагогика саласындағы зерттеулер - бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дəлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған əдіснамалық тиектерге орай жүргізіледі. Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан жəне оның дені (предмет), мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар - кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткіштер: зерттеу көкейкестілігі, жаңалығы, теориялық жəне практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, əдетте, екі бөлімнен тұрады: əдіснамалық жəне іс-əрекеттік (орындау-процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті жəне негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні - оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат - қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары. Мінекей осындай жағдайларды ескере келе біз, зерттеу тақырыбымызды Педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері деп алдық.
Зерттеу мақсаты: Зерттеу эмпирикалық әдістері туралы мәлімет беріп, зерттеу тақырыбымыздың маңыздылығымен анықтау және педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.
Зерттеудің міндеттері:
oo Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын талаптарды анықтау;
oo Зерттеудің эмпирикалық жеңгейі туралы түсіндіру;
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, анкета жүргізу, тестілеу.
Зерттеу пәні: Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі.
Зерттеудің нысаны: Болашақ мұғалімдердің ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында барлық эмпирикалық деңгейлерді қолданысқа ендіру үдерісі.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау - ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі
Ғылым дамуының басты шарты - жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми - танымдық іс - әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе - нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптвтік.
Дескриптвтік әдіснама - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт - бағдар береді. Ал прескриптвтік әдіснама - зерттеу іс - әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс - әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады [2].
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді. (Э.Г.Юдин). Философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші - жалпы ғылымдық - әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей - нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай - ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей - технологиялық әдіснама - зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе - нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай - ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қаситтері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідейзерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты, байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайлылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстүрлерді қажет ететін сұрақтардың туындауына жол ашады[4].
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері.
Ғылыми - педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
oo педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объективті заңдары, қарама - қарсылықтары және себепті - салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
oo құбылыстарды даму барысында зерттеу;
oo бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
oo зерттеу процесіндегі қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін - бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
oo зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән - мағынасына сай келуі;
oo даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама - қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
oo сынақталушыға, білім - тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік - инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Педагогика саласындағы зерттеулер - бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті - деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы және болжам - жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми - практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргзізіледі. Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені, мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар - кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткішер: зерттеу көкйкестілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс - әрекеттік (орындау - процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні - оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезіңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зертттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал - жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама - қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат - қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі - нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа - қасиеттері, қырлары мен сырлары[5].
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза - бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір - бірімен ауысып барады, сондай - ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына тәуелді келеді.
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық - эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды - теориялық немесе теориялық, прогностикалық - жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу - білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама - қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі - зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама - қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын - ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті - осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.
Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 - жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс - тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:
oo ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән - мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
oo жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай - ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;
oo тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік - жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;
oo ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру [6].
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін блоктік тәсіл қолдану тиімді.
Бірінші блок - байланыс: тақырып - проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
1. Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Тақырыпты таңдау және нақтылау - ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама - қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Тақырып - проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
oo Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
oo Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
oo Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
oo Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
oo Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті - тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
oo Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы) [7].
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа мәңгі жасмыл, ұзаққа кететін деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, білмегенді білу, белгісіздің белгілі болуы[8].
Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.
Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).
3. Проблеманы қою және дамыту.
Тақырыппен жұмыс кезеңдері:
oo педагогикалық үрдістегі қарама - қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.
oo Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.
oo Нақты пәндік зерттеуді анықтау.
oo Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.
oo Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.
oo Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.
oo Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.
Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды[9].
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.
3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.
Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:
1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу Саясат, 2002, №11. 30-32 б.
2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.
3. Қысқаша психологиялық сөздік. ред. А.В. Петровский. Ростов НД: Феникс баспасы, 1998. 81-82 б. - деп көрсетілуі қажет [10].
Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:
Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).
Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, тәрбие әдістері... [11].
Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу:
oo Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;
oo Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;
oo Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.
Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.
oo Мәтін компьютерде терілу керек.
oo Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ - 1 см, жоғары - 2 см, төменгі - 2 см.
oo әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;
oo абзац болу керек;
oo жол арақашықтығы- бірқатарлы;
oo кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;
oo тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;
oo ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.
oo Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,
oo Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).
oo Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;
oo Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;
oo Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:
автордың тегі, аты- жөні,
мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),
журнал және кітап атауы
шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),
шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.
oo әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;
oo қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.
3. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.
oo Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:
oo зерттеу мақсаты, тапсырмалары;
oo зерттеу объектісі, заты
oo гипотезасы
oo зерттеу кезеңдері , процедурасы;
oo эксперимент әдісі;
oo зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;
oo жұмыс нәтижелері және қорытынды;
oo нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.
Жетекшінің пікірі.
Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.
Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) -- талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру. Рецензия материалдық заттарға да жасалады. Сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлар мен оқиғаларға да жазылады [12].
Ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия -- белгілі бір туындыға, еңбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сараптамалық баға. Рецензия көбінде әр саланың мамандарының арасындажасалады. Мысалы, әдебиетке жақын адам, сауатты оқырман дегендей адамдар рецензия жазуға жақын болады. Және бір мысал ретінде ескеретіні, жаратылыстану ғалымы әдебиет саласында жаратылыстану ғылымындағы көзқарасы бойынша бағалау жасай алмайды. Әр саланың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мен саралау критерийлері болады.
Рецензияның көлемі әр түрлі болады. Бір беттен бастап бір кітапқа дейін жазып шығуға да болады.
Рецензияның түрлері.
Рецензия әр түрлі жағдайда, әр түрлі затқа байланысты жазылатындықтан оның түр-түрі болады. Мысалы: Тұтынушының рецензиясы, сауда саласындағы рецензия, өнер саласындағы (ән-күй, концерт, т.б.) рецензия, сауда-саттық өнімдеріне қатысты рецензия, әдеби туындыларға қатысты рецензия, газет-журналдардағы мақалаларға қатысты рецензия және арнайы мамандар беретін сараптамалық-салыстырмалық рецензия.
Міне, осындай жоғарыда айтылған барлық ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдерін айқандау арқылы, зерттеу жұмысымыздың алғашқы қадамын жасаймыз және оң нәтижеге жетізуге жүйелі жұмыс жасаймыз.
1.2 Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі
Методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып, зерттеуді анықтайды:
oo зерттеу объектісін және пәнін;
oo оларды шешу реттілігін;
oo қолданылатын әдістерді.
Шартты түрде ғылыми зерттеулердің екі негізгі кезеңі ажыратылды:
А) эмпирикалық
Б) теориялық
Эмпирикалық кезең фактіге негізделген қорытынды материалды алумен және бірінші реттік өңдеумен байланысты. Әдетте ақиқат және ғылыми фактілерді бөледі.
Ақиқат фактілері - бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.
Ғылыми фактілер - бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.
Эмпирикалық кезең жұмыстың екі сатысынан тұрады:
Бірінші сатысы - бұл фактілерді алу және табу процесі
Екінші сатысы - олардың өзара байланысында фактілердің бағасын және бірінші реттік өңдеуді өзіне қосады (енгізеді):
oo ғылыми тіл терминінде алынған фактілерді ойластыру және қатаң бақылау;
oo әр түрлі негіздер бойынша фактілер классификациясын және олардың арасындағы негізгі тәуелділікті айқындау.
Бұл кезең барысында зерттеуші жүзеге асырады:
А) маңызды емес және кездейсоқ қоспалардан оларды тазарта отырып, әрбір фактінің тексерісін және сындық (критикалық) бағасын;
Б) зерттеу жүргізілетін ғылымның айналасында анықталған терминді, әрбір фактіні сипаттау;
В) негізгі даму тенденцияларын көрсететін және неғұрлым қайталанатын барлық типтік фактілерді сұрыптау;
Г) оларды жүйеге келтіретін маңыздылығы бойынша, үйретілетін құбылыс түрлері бойынша фактілер классификациясын;
Д) үйретілетін құбылысты сипаттайтын заңдылықтар [13].
Эмпирикалық деңгейде зерттеу, яғни іріктелген фактілердің өзара байланысын көрсетеді.
Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.
Ол құбылыс түсіндірмелерімен, заңдарды сандық және сапалық формадағы тұжырымдамасымен және танумен, зерттелетін құбылыстың мәніне өтумен, фактінің терең анализімен байланысты.
Ары қарай бұл кезеңде мүмкін болар оқиғаларды болжау және оқытылатын құбылыстардағы өзгерістер жүзеге асырылады, осы құбылыстарға тәжірибелік әсер ету ұсыныстары, әрекет принциптері өңделеді.
Периодты заңды бірінші ашқан ұлы Менделеев ғылыми зерттеу тапсырмалары туралы былай айтты:
Үйрену - бұл:
А) жай бейнелеу немесе сипаттау емес, белгіліні үйренуге қатысын білу;
Б) өлшеуге жататындардың барлығын өлшеу;
В) сандық және сондай - ақ сапалық мәліметтерді қолданып, белгілі жүйеде үйретудің орнын анықтау;
Г) заңды табу
Д) үйретілетін оқиғалар арасында себептік байланыс болжамдарын құрастыру;
Е) гипотезхаларды тәжірибеде тексеру;
Ж) үйренудің теориясын құрастыру [14].
Теориялық кезең өзіне жалғастырушы жұмыс кезеңдерінің қатарын қамтиды. Эмпирикалық және теориялық кезең арасындағы байланыстырушы топ мәселе құрылымы болып табылады.
Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі міндеттердің бірі - студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, өзіндік жұмыстармен байланстыра отырып дамыту. Яғни, студенттер жоғары оқу орындарында білім алып жүрген кездің өзінде - ақ ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін ғылыми - зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс - тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет.
Осыдан келіп, студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын орындауда олардың дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру - білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмысы - алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми - зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейкесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Ғылыми баяндамалар - аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми - зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Рефераттық жұмыс - ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми - ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.
1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.
2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті - барлық студенттерді таңдаған мамандығы аясында ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен және практикалық дағдыларымен таныстыру. Бұл функциялардың орындалуына оқу үдерісіне енгізілген, сондай - ақ оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми - зерттеу жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.
Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолдануда назарға алынған проблема жан - жақты айқындалады, оның біршама қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс - әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістері[15].
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау - зерттеу барысында дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:міндеттері мен мақсаттарын айқындау;бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын тандастыру;бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу; байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамала ыбақылау.
Бақылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық - әлеуметтік жеке - дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайлылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан - интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz