Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар


Тақырыбы: Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКА . . . 5
- Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары . . . 5
- Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау - ғылыми ізденістің
алғашқы кезеңі . . . 8
- ҒЫЛЫМИ ХАБАРЛАМАЛАРДЫҢ ФОРМАЛАРЫ . . . 18Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар . . . 18Зерттеудің библиографиясы. . . . 22
Қорытынды . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкескілігі. Академиялық жазудың басты мақсатының бірі - студентті ғылыми мақала жазуға баулу. Ғылыми мақала жазу - оңай емес, ол өзіне жазуға дейінгі ойлау элементтерін қосатын, тілден тыс жатқан логикалық құбылыстармен де байланысы бар күрделі үдеріс. Ғылыми мақала жазуды санада белгілі бір тақырып жайында ойды қорытуға қабілеті бар жеке тұлға ғана іске асыра алады. Студенттің болашақ маман екендігін ескерсек, осы міндетті (ғылыми мақала жазу) университетте оқып жүріп игеру немесе игерту үшін қадам жасау маман және оның болашақ саласы үшін де пайдалы болмақ. Бұл жұмысымызда ғылыми мақала жазуға баулудың кейбір жолдарына тоқталамыз. Ғылыми мақала жазу тек сауатты жаза білумен шектелмейді, ең әуелі ол ойлау дағдысын, сондай-ақ жазу барысындағы біліктілікті игеруден көрінеді және жазудан кейінгі атқарылатын жұмыстарды да жетік меңгеру қажет. Осылай еткенде ғана ғылыми мақала жазуды ұйымдастырудың басты тетіктері мейлінше кең көрініс таппақ, үйрету әдістемесі де неғұрлым толыққанды болмақ.
Жазу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін, лингвистикалық сауаттылығын танытатын маңызды тұстардың бірі. Сауатты жазуды үйрену қандай мамандық болмасын дағдыланатын жалпы филологиялық мәні зор сапалық өлшем болып табылады. Сондықтан оған үйрету, баулу жолдарын жетілдіру - тілдік курстардың басты міндеттерінің бірі.
Мақаланың негізінде не жатады? Дерек пен жекелеген оқиға жатады, олар кең ауқымды құбылыс ретінде қарастырылады. Нақты деректер, оның тууына негіз болған құбылыстармен байланысқа түседі. Мақалада деректер автордың ойын жеткізу күралы ретінде қолданылады. Автордың көзқарасы, оның түйіндері кең ауқымды орынға ие және нақты дерекке негізделген жалпылама жинағы құрайды.
Мақаланың ерекшелігі оның бір ғана нақты ойды дамыта түсуінде жатыр. Логикалық ой мен дәлелдердің мақсаттылығы, сөйлемдер мен түйіндердің нақтылығы басты назарда болады. Мақаланың мәні ассоциация мен түйіндерден құрылатын автордың ойында жатыр. Сатылай келе тезистердің көмегімен автор оқырманды өзекті мәселеге жақындата түседі. Содан кейін өзінің дәлелдерінің логикалық тізбегін келтіріп, автор оқырманды өз ойының дұрыстығына иландыруға тырысады. Алайда, автор тек қана дәлелдердің логикасына ғана мән беріп қоймайды. Ол эмоциональды әсердің құралын пайдаланады. Журналистика теориясында мақала жанрының бірнеше анықтамасы бар. Зерттеушілердің бірі Н. М. Хлынов: «Мақала ғылыми ақпарат, бас идеялардың насихатшысы мен оқиғаны зерттеудің негізгі үлгісі. Теориялық және практикалық негіз, түйін, басқа жанрларға қарағанда оның мақсаттылыгы мақала жанрында түсініктілігімен, тілдің эсерлілігімен, стильдің көркемдігімен үндесіп жатады», -дейді[1] . Д. Г. Бекасов: «Мақала - публицистикалық жанр. Ол нақты анықталған бір ойдың дамуын қамтиды», -дейді[2] . В. Д. Пельт ұсынған анықтамада: «Мақала - маңызды элеуметтік мәселеге байланысты туған деректі ойды танытатын публицистикалық жанр», -деген тұжырым ұсынады[3] . М. С. Черепахов бұл жанрға төмендегідей түсініктеме береді: «Мақала дегеніміз публицистикалық жанрдың ерекше бір түрі. Ол мәселені оқырманға тарту ету, теориялық және жалпылама деректер мен құбылыстардың сараптамаларын беруімен сипатталады» [4] .
Міне, сондықтан ғылыми мақала жазудың басты әдістерін осы курстық жұмысымызда қарастырамыз және көкейкестілігі осыншама маңызды болғандықтан зерттеу тақырыбымызды «Ғылыми мақала жазуға қойылатын талаптар» деп алуыға ұйғардық.
Зерттеудің пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі
Зерттеудің нысаны: болашақ мұғалімдерді ғылыми мақала жазуға машықтандыру үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мамандарына ғылыми мақала, оның жазылу жолдары туралы түсінік беріп, теорияны практикамен ұштастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу мәселесі мен тақырыбын анықтау;
- ғылыми мақала жазудың жолдары мен талаптарын, библиографиясын құрудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің базасы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институт.
Зерттеудің әдістері: сұрақ-жауап, анкеттеу, бақылау және т. б. қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі тараушадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
1 ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКА
1. 1 Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Педагогикалық зерттеу - педагогика ғылымы алдында тұрған сұрақтарға жауап табуға, оларды тексеріп практикаға қолдануға әкелетін мақсатты түрде жүргізілетін әртүрлі әдістер, тәсілдер мен операциялардың жүйесі. Жұмысымызды одан әрі қарай осы ғылымның салалары жайлы талдаулармен жалғастырамыз.
Ең алдымен тарихи - педагогикалық зерттеулерге тоқталайық. Олардың басты мақсаты - еліміздің өткен кездеріндегі тәлім-тәрбиелік мқраларды зерттеп, олардағы бай тәжірибені қазіргі мектеп, оқу орындары іс әрекетіне ендіру. Сол арқылы педагогика ғылымының теориясы және практикасын толықтыру, байыту болып табылады. Тарихи педагогикалық зерттеулер белгілі бір кезеңді қамтиды. Сол себепті де зерттеу нысанының дамудың беталыстарын көрсетуде хронологиялық тәртіп сақталуы тиіс.
Педагогика тарихы адамзат тарихымен байланысты. Педагогика тарихын дәуірлерге бөлуде адамзат тарихында алынған негізгі кезеңдермен сәйкес келеді. Педагогикалық ой-пікірдің кез-келген өкілі мәдениеттің жаршысы, насихаттысы болып табылады. Сондықтан білім саласының тарихына арналған зерттеулердің алатын орны ерекше. Бұл бағыттағы ізденістерде зерттеуші адамзат тарихының, мәдениет тарихының, философия тарихының, әдебиет тарихының қайнар көздерін әртүрлі еңбектерін кеңінен пайдаланады.
«Педагогиканың қазіргі мәсеелерін» - деп жазады профессор Н. К. Гончаров - барлық педагогика тарихына сын көзқараспен пайымдамайынша, түпкілікті шешу мүмкін емес. Үдерістер немесе құбылыстардың Мәні тарихи дамуында ашылады, ал құбылыстың өзі педаггогика тарихының жалпы фонында түсінікті болады» [5] . Осы ойда терең мағына жатыр.
Тарихи-педагогиканың білім берудегі маңызды әдіснамасын негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол білім мен тәриенің тарихи педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды енгізуге мүмкіншілік жасайды, оның дамуын, қозғалысын әлеуметтік себептермен негіздейді.
Зерттеу жұмысының мәселесі, пәні және міндеттеріне сәйкес барлық тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен бірлікте қарастырылады. Сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті, статистикалық және тағы басқа да зерттеуге, салыстырмалы тадауға және деректі әдеби, мұрағат материалдарын теориялық жинақтауға бағытталған әдістер қолданылады.
Педагогика тарихын зерттеу үшін қажетті әдебиет құжаттары мен қайнар көздеріне мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен
құжаттары. ҚР Ата Заңы, Білім Туралы заң. Білімді дамытудын 2010-2020 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы, Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, ҚР Білім және Ғылым Министірлігінің бекіткен нормативті құжаттары[6] .
- Жалпы адамтану мәселелері, педагогика тарихы мәселелері
бойынша классиктердің еңбектері, тарихи педагогикалық әдебиеттер, мұрағат құжаттары мен басқа да тарихи педагогикалық материалдар, мерзімді педагогикалық басылымдар.
- Мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиетер, халықтық
педагогиканың даналығы, халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік үлгілері, тәрбие мәселелері жөніндегі жазылған мемуарлық және көркем әдеби шығармалар, ескі жазба ескерткіштер, жазушылардың, философтардың ойшылдардың, педагогтардың әр кезендердегі педагогика, тәрбие, білім беру мәселелеріне арналған еңбектер.
Кейбір тарихи педагогикалық зерттеулер қандай да бір педагогикалық қайраткерлердің шығармашылық мұраларына арналады. Мұндай жағдайда оның тарихи маңыздылығын және қәзіргі білім беру жүйесінің дамуына қосатын үлесін көрсетеді. Егер зерттеу белгілі бір тарихи кезендегі білім беруге бағытталған болса, онда ол зерттеудің мақсаты: белгілі бір кезендегі педагоктардың теориялық және практикалық тәжірибелерін біріктіру және болжау, қазіргі кезендегі білім берудің дамуы үшін оның мәнін анықтау болып табылады.
Дидактикалық зерттелер. Дидактикалық зерттеулердің ақырғы нәтижесі ғылым арқылы білім беру практикасын жетілдіру болып табылады. Алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеру үшін әдістеменің құралдар, сабақ жоспарлары, оқу материалдары дайындалады. Бұл бағыттағы зерттеулердің де іргелі және қолданбалы типтері болады. Соңғы уақыттарда практикаға бағытталған дидактиканың теорияларын жасау, оқытудың тиімділігін арттыру, дидактиканың басқа салалармен байланысы мәселелері арнайы зерттеліп, ол ізденістер педагогика ғылымына айтарлықтай жетістіктер әкелді деуге болады.
Дидактикалық зерттеулердің басқа ғылым салалары сияқты өзіндік нысаны, пәні болып, зерттеу әдістерінің ерекшелігімен сипатталады. Дидактикалық зерттеулер дидактикалық жүйе құрушыларының нәтижелілігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Ал ол жүйе құраушылар: білім, мазмұны, мақсаты, әдістері мен технологиялары, білімді бағалау, басқару болып табылады. Зерттеу барысында олардың өзара байланысын, бір-біріне тәуелділігін есепке алу, элементтерді жақсарту білімнің, білім алушы тұлғасының сапасын арттыруға әсер етеді.
Әлеуметтік-педагогикалқы зерттеулер. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер - әлеуметтік педагогиканың мәні, мазмұны, әдістері, жайлы жүйеленген теориялық білімдер мен тәжірибелер алу үшін арнайы ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы ізленулердің ерекшелігі - олардың пәні даму жағдайындағы адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы болатындығында. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің тиімді болуы көп жағдайда зерттеушілік шығармашылық әрекетте қандай амалдар мен ұстанымдар, әдістер мен технологиялар пайдаланылатындығында байланысты.
Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: әлеуметтік-педагогикалық, теориялық және әрекеттік мәселерді шешу; бұл саланың мамандарын дайындау. Ал зерттеу жұмысының нәтижелі болуы басқа жағдайлардағы сияқты әдіснаманың дұрыс таңдалуымен байланысты. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер: парадигмалық эволюция, мәдениет пен етененелік, диалогтылық, бейнелі-символикалық, интерпретация сияқты өзіне тән ұстанымдарды басшылыққа алады. Ал педагогиканың нақты ғылыми әдіснамалық амалдары әрекеттің социомәдениеттік мәні, ақпараттық өркениеттік ерекшелігі, әлеуметтік-педагогиканың технологиялары сияқты жаңа мазмұнымен байытылады. Өз кезегінде олар бұл зерттеу саласының әлеуметтік тәжірибенің жаңа қырларын ашуға көмектеседі.
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер. Педагогикалық білімнің дамушы және жетекші салаларының бірі салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер. Бүкіл әлемде салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің көкейкестілігі, олардың жахандану және демократияландыру мен мәдениеттер диалогын белсендірудегі ықпалы қабылданған[7] .
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің педагогиканың саласы ретінде ретінде өзіндік нысаны, пәні, мақсат міндеті бар. Американдық компаративист Г. Ноа бұл бағыттағы бұл бағыттағы зерттеулердің басты мақсаты өз еліміздегі тәжірибенің қаншалықты екендігін бағамдау, оның болашағын болжау үшін шет елдік білімнің беталыстарын айқындау болып табылады деп санайды. Ал ағылшындық компаративист Б. Холмс салыстырмалы педагогикалық зерттеулер әлемдік тәжірибелер негізінде отандық білім жүйесін дұрыс дамытуды нәтижелі ететіндігіне тоқталады[8] .
Салыстыру бойынша зерттеулерде мақсат ретінде қандай да бір мемлекеттің, оқу мекелерінің әдістерін және ұйымдастыру формаларын, мазмұнын, теорияларын талдау жатады, оны отандық білім берудегі (педагогикалық) тәжірибелерде қолданудың мүмкіндіктерін анықтау жатады.
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, арнайы педагика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және әлеуметтік педагогика жатады.
Жалпы педагогика педагогикалық үрдіс пен білім берудің заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогикасы анатомиялық, физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сейкес педагогикалық үрдіс пен білім берудің ерекшелігін қарастырылады. Сол сияқты арнайы педагогика ерекше қажеттіліктері бар, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін, ал салыстырмалы педагогика білім беру ісінің өзге мемлекеттердегі тәжірибесіне талдау жасау негізінде жүргізіледі.
- Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау - ғылыми
ізденістің алғашқы кезеңі
Ғылым дамуының басты шарты - жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми - танымдық іс - әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т. б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе - нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптвтік.
Дескриптвтік әдіснама - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт - бағдар береді. Ал прескриптвтік әдіснама - зерттеу іс - әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс - әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады [9] .
Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді. (Э. Г. Юдин) . Философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші - жалпы ғылымдық - әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей - нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай - ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей - технологиялық әдіснама - зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе - нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай - ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қаситтері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідейзерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты, байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайлылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстүрлерді қажет ететін сұрақтардың туындауына жол ашады[10] .
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері.
Ғылыми - педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объективті заңдары, қарама - қарсылықтары және себепті - салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесіндегі қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін - бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
- зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән - мағынасына сай келуі;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама - қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім - тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік - инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Педагогика саласындағы зерттеулер - бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті - деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы және болжам - жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми - практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргзізіледі. Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені, мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар - кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткішер: зерттеу көкйкестілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс - әрекеттік (орындау - процедуралық) . Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні - оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезіңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зертттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал - жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама - қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат - қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі - нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа - қасиеттері, қырлары мен сырлары[11] .
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза - бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz