Әлемдік пеагогикалық тәжірибеде



Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Оқу тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану жолдары
1.1. Жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Білім беру үрдісіндегі жаңа технологияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Педагогикалық технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Тақырыптың өзектілігі: Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың, соның ішінде Болон үрдісінің қарқынды дамуы дәлел.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсеткендей-ақ қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі-оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және педогогикалық технологияны меңгеру.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім беруде мұғалім инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін менгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны менгеруге мұғалімдерді даярлау-олардың кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қаыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағымы күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып отыр.
2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлегенде Елбасы Н.Назарбаев «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның
1.Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. Алматы 2002ж
2.Педагогикалық технология мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп.
1999ж №8,9
3.Педагогика. Алматы 2003ж
4.К.Ж.Бұзаубақова Білім беру технологиялары Тараз 2008ж
5.Қ.Ж.Бұзаубақова Оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясы бастауыш сынып оқушысын дамыту құралы ретінде. Алматы «Жазушы» 2006ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І тарау. Оқу тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияларды тиімді
пайдалану жолдары
1.1. Жаңа педагогикалық технологияны ендіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Білім беру үрдісіндегі жаңа технологияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Педагогикалық
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар,
экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның
жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды
түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру
жүйесін білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне
қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып,
білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес,
әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және
ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты
өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып
табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде
дамытудың бағыттарына арналған реформалардың, соның ішінде Болон үрдісінің
қарқынды дамуы дәлел.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп атап көрсеткендей-
ақ қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты
міндеттердің бірі-оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
педогогикалық технологияны меңгеру.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім беруде мұғалім
инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін менгеруі
маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны
менгеруге мұғалімдерді даярлау-олардың кәсіби білімін көтеруге дайындау
аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қаыптастыру үрдісіндегі іс-
әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған,
мәліметтер ағымы күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке
тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып отыр.
2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы
қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлегенде Елбасы Н.Назарбаев Құрылымдық
өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен
қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа
ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес,
әлдеқайда болуы тиіс – бұл уақыт талабы деп атап көрсеткендей, әр баланың
қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын шебер іскер мұғалім даярлауға
бет бұрыс жасалмақшы. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер
қатарына қосылуы бүгінгі бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру
саласындағы басты проблема - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру
тұрғысынан білім мазмұнына жаналық енгізудуің тиімді жаңа әдістерін
іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына сәйкес Қазақстанның
әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті:
-білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
-оқыту технологиясын жетілдіру;
-білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы
шешіледі.

Зерттеу мақсаты: Оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыруда шығармашылық
деңгейдегі
тапсырмалар орындаудың қаншалықты
маңызды екенін дәлелдеу.

Зерттеу міндеті: 1. Тақырыбыма байланысты материалдар жинақтау.
2. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми
педагогикалық негіздерін меңгеру.
3.Білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,
оқушылардың шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім
іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруына ықпал ету.
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеудің әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат
тәжірибеден.

І тарау. Оқыту тәрбие үрдісінде педагогикалық технологияларды тиімді
пайдалану жолдары
1.1.Жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдары.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблеме
әлеуметтік – педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына
жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра
алатын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына
кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық
міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған
лайықтап, өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырды, Бұл жерде
ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастан
айқындалары даусыз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық
моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық –
педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста
қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты
тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл
педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекет білім
стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Экономикалық күшті дамыған
елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және
мәдениеттің қарқынды дамуының негізі екендігін көрсетіп отыр. Ендеше
қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеруге міндеттіміз. Ол үшін
болашақ мұғалімдерді даярлауға жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар
атқаруға тиісті:
1. Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір
сүруге бейімдеу.
2. Жаңа ақпараттық және телекомуникациялық технологияға бейімделген білім
берудің ғылыми әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа
формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту.
3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары
білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру.
4. Білім берудің илюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне
көшу. Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін
пайдалануға түбегейлі көшу.
Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған
кемшіліктері баршылық:
- Білім сапасының төмендігі;
- Білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізгенімен оқудың
нәтижесінің болмауы;
- Директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
- Оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы.
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден – бір жолы оқу – тәрбие
үрдісінде инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген
қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек
етуге жол салу. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізу төмендегідей жолмен
көрсетуге болады: Инновациялардың таралу үрдісінің бір түрінен (А,Ә,Б)
екінші түріне өту ерекше функцияларды орындайды.
А – иновациялар белгілі болады, көпшілікке таралады.
Жаңалықтарға жол ашылады;
Ә - олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі;
Б – жаңалықтарды енгізу жолдары қарастырылады, білім беру
ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі.
Оқу тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт
кезеңнен тұрады.
1 кезең. Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру және инновацияларды
ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
2 кезең. Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу тәрбие үрдісінде
жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
3 кезең. Жаңалықтарды енгізу. Оқу тәрбие үрдісінде инновациялық
әдіс – тәсілдерді пайдалану.
4 кезең. Жаңалықтарды бекіту. Оқу тәрбие үрдісінде енгізілген
жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптасырып
жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне
жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың
инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік
өзгерістермен тығыз байланысты.
Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нәтижесіне
қарай екі түрге бөлінеді:
- Білім беру жүйесіндегі инновациялар;
- Оқу – тәрбиелеу жұмысының жоспарларымен бағдарламаларының мазмұны мен
құрылысына жататын инновациялар.
Ал оқу – тәрбие үрдісінде педагогикалық инновация басқадай қаралады:
- Білім беру мекемесімен тұтастай ұйымдастыру әрекеті:
Мектеп – бала бақша;
Мектеп – жоғары оқу орындары;
Мектеп – оқу – тәрбие жиынтығы.
- Мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру: оқу – тәрбие үрдісінің ұйымдсатыруымен
сабақ берудегі әдіспен әдістемелердің өз ара байланысы, сабақ пен
сабақтан тыс жұмыстар ерекшелігі;
- Белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік білім деңгейі.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ұлттық модельдің бұрынғыдан өзіндік
айырмашылығы бар. Өйткені оның арнайы өрнегі 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған білім
берудің халықаралық стандарт классификациясына дәлме – дәл сәйкес келеді.
Ендеше, білім берудің ұлттық модельін жүзеге асыру үшін оның мазмұндық
бөлгін өзгерту жеткіліксіз. Сондықтан жаңа мемлекеттік стандартқа өтіп қана
қоймай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік жолдарын қайта
қарастыру аса қажет. Осы мақсатта жоғары оқу орны жанынан ізденіс
педагогикалық инновациялық технологиялар мен озық іс тәжірибелер
эксперименттік лабараториясында жұмыс жасаған жөн. Ізденіс педагогикалық
инновациялық технологиялар мен озық тәжірибелер эксперименттік
лабороториясының негізгі мақсаттары:
➢ Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлаудың сапалық деңгейін
көтеру.
➢ Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру үрдісін үйлестіру.
➢ Педагогика теориясы мен практикасы бойынша инновациялық технологиялар
мен озық іс – тәжірибелерді зерттеу, үйрену, насихаттау және тарату.
➢ Университет – мектеп -мұғалімдер білімдерін жетілдіру институттары
арасындағы жаңа үштік байланысты жандандыру:
Ізденіс педагогикалық инновациялық технология мен озық іс – тәжірибелер
эксперименттік лабороториясы төмендегідей үш бағытта жұмыс істеуді
көздейді.

1 бағыт. Ғылыми – зерттеу жұмыстары:
- Инновациялық педагогикалық технолгияларды оқып үйрнеу, зерттеу;
- Жаңашыл мұғалімдердің озық іс - тәжірибелерін зерттеу;
- Оқыту мен тәрбиелеудің арттыратын, оқушылардың жоғары шығармашылық
деңгейін қамтамасыз ететін шығармашылық – зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Педагогикалық конференциялар, оқулар ұйымдастыру.
2 бағыт. Оқу - әдістемелік жұмыстары ғылыми - әдістемелік бағыт:
- Болашақ мұғалімдердің шығармашылық, интелектуалдық потенциялдарын
дамыту;
- Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін ескере отырып, саралап
оқыту мазмұны, формасын және әдістерін анықтау.
- Оқу – тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды пайдалануды
қарастыратын әдістемелік көмекші құралдарды пайдалану;
- Инновациялық технологиялармен озық іс – тәжірибелер оқу, педагогикалық
семинарлар, дөңгелек үстел, әдістемелік кеңес ұйымдастыру.
3 бағыт. Тәжірибе – эксперименттік жұмыстары ғылыми – практикалық
бағыт:
- Оқу – тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру
мақсатында эксперименттік – тәжірибелер жүргізу.
- Жүргізілген эксперименттік – тәжірибелердің қортындысын шығарып,
алынған нәтижелерге талдау жасау.
Оқу – тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланатын
дәстүрлі емес ашық сабақтар беру, шығармашылық есеп таңдау.
Ізденіс педагогикалық инновациялық технологиялар мен озық іс –
тәжірибелер эксперименттік лабороторияның негізгі мақсаты – болашақ
мұғалімдердің жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру
мақсатында жаңа педагогикалық технология элементтерін пайдалана білуге
үйрету, шығармашылыққа баулу. Ізденіс педагогикалық лабороториясында
болашақ мұғалімдерді даярлау үш кезеңнен өтеді.
1-кезеңде болашақ мұғалімдер инновациялық педагогикалық
технологияармен танысады.
2- кезеңде өзіне жақын кез келген әдіс – тәсілді таңдайды.
3- кезеңде педагогикалық практикаға барғанда тәжірибеден
өткізеді.
Нәтижесінде болашақ мұғалім университет қабырғасынан иновациялық
педагогикалық технологияларды меңгерген маман болып шығады, сонда бүгінгі
университет түлектері ертеңгі шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарға
айналады. Ең бастысы, университет мектеп практикасына бейім дайындалған
білімді де білікті маман шығаратын болады. Ал бұның өзі қазіргі кезде
Қазақстан бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатындағы жасалынып
жатқан жаңа жүйенің негізгі мақсатына жетудің бірден – бір жолы болмақшы.
Қорыта айтқанда, ізденіс педагогикалық лабороториясының болашақ
мұғалімдердің шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен айналысуға,
қабілеттілігі мен қызығуын тудыруға, жеке тұлға туралы теориялық білімдерін
тереңдетуге және болашақта оқу тәрбие үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай
жасауға өз үлесін қоспақшы.
Педагогикалық технология кезінде оқудың негізгі пішіні болып топтық
және жеке оқытулар оқудың деңгейлік дифференциясын айтуға болады.
Фронтальды оқу пішіні талдау
және қатемен жұмыс істеу кезінде көбірек пайдаланылады. Жалпы педагогика
ғылымында баланы оқыту және тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде де, жаңа технология
бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты болып қалады.

1.2.Білім беру үрдісіндегі жаңа технологияның түрлері.
Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық
жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне
көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта
оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде,
мазмаұнында, дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен
атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде т.б.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда.
Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі
мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы
ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында. Оны
сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болады. Осы пікірден туған білім беру
мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық
өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің
өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның
дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен
амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және
Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін
оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді. Ол
оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды. Осы міндетті шешу үшін білім
мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол
оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың
кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің жақын
даму аймағы бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Жаңа педагогикалық технология сапасын арттыруға, басқару тиімділігін
жетілдіруге, оқушылардың ой тынысын дамытуына мүмкіндік жасайды. Мұғалімді
дамыта оқыту технологиясында дайындаудың өзіндік ұстанымдары бар. Педагог
сабаққа дайындалып, жаңа материалды түсіндіру үшін әр түрлі жолдарын
іздестіреді, ал дамыта оқыту технологиясын пайдалану барысында оқушылар
өздері жаңа материалды талқылап, әр түрлі тәсілдерді қолданады, ал мұғалім
тек қана әр түрлі деңгейдегіойланатын сұрақтар жүйесін құрумен айналысады.
Дамыта оқыту – сабақтың қызықты да тартымды және тиімді түрде
өтуініңарқауы болып табылатын, алдағы уақытта оны бұдан да терең білім
жолдары күтіп тұрғанын сездіретін оқытудың пәрменді әдісі.
Бағдарлама бойынша өткізілетін сабақ алдын ала өткізілген сабақтың
материалымен байланыстырудан басталып, дидактикалық материалдар көмегімен
еске түсіріліп барып жүргізіледі. Нәтижеде ол оқушының назарын бірден
сабаққа белсенді түрде араласуына жағдай туғызады. Қайшылығы бар ұсыныстар
мен сұрақтар қою арқылы проблемалық жағдайлар туғызып, оның шешімі пікір
таластыра отырып ақиқатты іздеумен жалғастырылады. Оқушы оның мақсатын
орындау әдісін ұғып меңгергеннен кейін ғана тақырыптық мазмұнын толық
ашады. Сонымен бірге тақырыптағы осы сабаққа дейінгі жаңа ұғымдар мен
атаулардың мағынасы, қолдану аясы айқындалып, оқушылардың санасында олар
туралы түсініктің берік орындалуы қадағаланады. Бұл тақырыпты оқушылар
тобының қарқынды түрде талдап, бірге орындаудың, ақиқатты бірге енгізудің
арқасында оқушылардың санасынада ғылыми таным нышандары қалыптасады,
нәтижесінде терең ізденістің, білімді өз бетінше игеруге ұмтылудың
қажеттігіне көзі жетеді.
Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі оқушының зейіндік, үлгерім,
алған білімнің саналығы ғылыми көзқарасының қалыптасуы болып табылады.
Дамыта оқыту технологиясын жүргізу барысында әрбір сабақтың қорытындысын
бағалап отыру керек. Оқушылардың білім деңгейін анықтау, өтілген материалды
меңгеру дәрежесін білу және оны әрі қарай сабақтастыруын қадағалау болып
табылады. Өтілген теориялық материалды толық меңгеру, қосымша дайындалған
дидактикалық материалдарды қолдана білу, өз бетінше білімін жетілдіру, үй
тапсырмасын орындау өте маңызды. Әрбір мәселе бойынша өзіндік пікірі болып,
оны қорғай білуі қажет. Күтілетін нәтижелер барынша маңызды білім,
дағдыларды, қатынастарды ғана бейнелеп қоймай, оқушылардың оқу
жетістіктерінің маңызы болып табылады. Оқытудың әрбір сатысында берілетін
білім мазмұны оқу бағдарламасына сай болуы керек. Дамыта оқыту негізінде
оқушылардың білім деңгейінің әрбір өзгерісін сабақ сайын анықтап отыру –
мұғалім міндеті.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп,
жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын
іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
-Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік,
этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік
нормаоарын меңгеру.
-Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға
айналдыру.
-Оқу мен тілдің арасындағы байланысқа аса көңіл бөлу.
-Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
-Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Дамыта оқыту белгілері:
-Педагогикадағы түсіндірмелі – иллюстративті әдісті алмастырады. Бұл
әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
-Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі
мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
-Балаға іс - әрекеттің толыққанды субъектісін болып табылады.
-Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъекті рөлі
беріледі.
-Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуда негізделген.
-Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы:
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше
жұмыс жасай алатындығына сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту
барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритімдер біздің
қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы
жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа
оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді. Оқытудың жаңа технологиялардың
бірі мектептерде қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып
табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі
бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай жеке тұлға
тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ деңгейге бөліп
оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық, дайындығын, оқуға деген
ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік психологиялық танымын сұранымын ескеру
талап етіледі.
Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең – оқулықтағы жаттығулар - өткен
ережелер бойынша қайталау, пысықтау бекіту жұмыстарына арналған тілдік
грамматикалық жұмыстар жүйесі. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ
жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі
жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы
тексеріледі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы:
Сыни ойлау анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол
шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен сыни тұрғыдан ойлау төрт
бөліктен тұрады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойдау өзіндік және жеке ойлау болып
табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса,
әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз
құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын
өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана
сыни тұрғыдан лйлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең
қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде
бостандық берілуі керек. Мысалы оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде
қайтып айтып беруі мүмкін. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы
міндетті емес: бәздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп
қабылдауға толық құқығымыз бар. Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз
керек болады да, бұл біздің құқығымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын
адам басқаның көзқкрксымен жиі келісе бермейді.
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті
болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын
дәлелдемелерді тудырады. Кейде басында түк жоқ болса да ойлау қиын болады
деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен
теориялар, мәліметтер секілді көптеген шикізаттарды өңдеу керек болады.
Кейбір оқушылар өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды. Сондықтан
оларға ескіден жаңаға жол салу керек. Дегенмен де мұғалімнің жұмысы тек
сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайды: оқушылар ең қиын деген
түсініктерді қабылдап, әр түрлі мәліметті естеріне сақтауға дағдыланады.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету – мұғалімнің кқп жақты жұмысының бір бөлігі
ғана. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек
студенттердің ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен
білімдері жеткілікті.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге
құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ, оның не екенін
білуге құмартамыз. Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің жеке қызығушылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндерді меңгертудің кәзіргі жағдайы
Көне грек ойшылдарының тәлім –тәрбиелік ой- пікірлері жайлы
Музыка сабағында заманауи технологияларды пайдалану
Қазіргі заманғы оқыту технологиясы
Модульді оқыту технологиясы
Жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi - әлеуметтiк - педагогикалық құбылыс ретiнде
Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Мұғалімнің шеберлігін жетілдіру жолдары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Пәндер