Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын талаптар

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Ғылыми - педагогикалық зерттеу - жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.2 Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
0.1 Курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... 17
0.2 Зерттеу нәтижелерін түсіндіру, сынақтан өткізу және рәсімдеу ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік даму жолында тұрған асқарлы міндеттерді шешу тәжірибеге ғылыми амалдарды кеңінен енгізу талап етеді. Бұл ретте ғылымның өзі де жедел дамып, қарқыны арта түседі.
Соңғы уақыттарда елімізде ғылыми мамандарды дайындаудың жаңа нұсқасы ендіріліп, объективті және субъективті жағдайларға қарамастан педагогика ғылымында жаңашылдық үдерістер орын алуда.
Ғылыми білім ұғымын талдамас бұрын жалпы білім терминінің мәнін ашқан жөн болады. Білім - адамның танымдық әрекетінің нәтижесін жүйелеу формасы. Білім арқылы біз өз істерімізді ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, ол үрдісте пайда болатын түйткілді мәселелерді шешеміз.
Қоғам дамуының үнемі өзгеруі және бүгінгі күні гуманизациялануы адамдар бойында адамгершілік құндылықтарды қоғам сұранысына сай қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Толыққанды адам келбеті , әрбір адамның іс-әрекетінен көрініс табады. Демек, адамдар өзіндік біліміне,тәрбиесіне байланысты іс-әрекет жасайды. Адамдар бойында адамгершілік мәдениетті қалыптастыру үшін, адамгершілік құндылықтарды меңгерту керек екені дау тудырмайтын қағида.
Елімізде ғылымды дамытуға зор мән беріліп отыр. Ғылымға қолдау көрсетудің бұрын-соңды болмаған, жаңа тетіктері іске асырылуда. Ел әл-ауқатының артуына байланысты ғылымды экономика мен қоғамға тиімді түрде енгізу талаптары күшеюде.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мен ғылым және ғылыми кадрларды даярлау мәселелері қарастырылған. Ал Білім туралы Заңда белгіленген ғылымды басқару жүйесіндегі функцияларды нақтылау жұмыстары іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылымды дамытудың басым бағыттарын қарап, бекітті. Ол бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Олар жобалар мен бағдарламалардың орындалуы туралы нақты шешім қабылдайтын болады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылмақшы[1].
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.
Жоғары білім берудің басты міндеті - студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, әлеуметтанушылар және көптеген басқа мамандарда айналысады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы барлық білім берудің көптүрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инвариантты және әмбебаптыларын бөліп алу қауіпті. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді. Осы аталған мәселелерді ескере отырып зерттеу тақырыбымызды Педагогикалық зерттеулердің сапасына қойылатын талаптар деп алуымызға себеп болды.
Зерттеудің пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі
Зерттеудің нысаны: ғылыми жұмыстың талапқа сай орындалуын қадағалау үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мамандардың кез келген ғылыми жұмыстарды жазуда оның талаптары мен ғылыми-әдістемелік жағынан жан-жақты қамтамасыз етілуін, білім, білік, дағдылармен қарулануын қамтамасыз ету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Курстық және дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптарды айқындап алу;
2. Зерттеу нәтижелерін түсіндіру, сынақтан өткізу және рәсімдеуді үйрену.
Зерттеудің базасы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.
Зерттеудің әдістері: сұрақ-жауап, анкеттеу, бақылау және т.б. қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі тараушадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ғылыми - педагогикалық зерттеу - жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі

Ғылым дамуының басты шарты - жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми - танымдық іс - әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе - нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптвтік.
Дескриптивтік әдіснама - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт - бағдар береді. Ал прескриптвтік әдіснама - зерттеу іс - әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс - әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады[2].
Кейінгі жылдары білім беру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі едәуір өсті. Білім беру ошақтарындағы педагогтар мен басшылар зерттеу-іздену жұмыстарының жаңа функциясын батыл түрде барлық кезеңдерін іске асыруға тырысуда, ал педагогикалық ізденіс педагогтер үшін кәсіптік қызметтің басты бағыттарының бірі болды. Педагогтердің мақсатқа бағытталған зерттеушілік қызметін жасау қажеттігі соңғы он жылда, яғни зерттеу міндеттері тек қана педагогтың құқығы ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби міндеті екендігі қарала бастады. Зерттеушілік қызметі субъектінің ғылыми методологияға негізделген білім алу процесі кезінде жаңа, ғылыми білімді өз бойына сіңіруі деп қаралады. Кәсіби қызмет педагог үшін құнсыз, егерде ол бір кездері меңгерілген кәсіби тәсілдер арқылы құрылған жағдайда. Мұндай қызмет тек қана ондағы білімнің биік нәтижесіне жеткізетін объективті мүмкіндіктердің қолданылмауында ғана емес, ол педагогтың өзінің жеке-дара өсуіне де еш пайдасын әкелмейтін құнсыз болып есептеледі. Алайда біздің тәжірелер мен В.И.Боголовский[3], В.И.Загвязинский[4], И.А.Зимний[5], Н.М.Новиков[6], Н.М.Яковлевтің[7], арнайы зерттеулерде, педагогтер комплексті зерттеу жұмыстарында қиыншылықтардың болатынын және көптеген жағдайларда зерттеу қызметтеріне дайындықтың аздығын көрсетеді. Мұны білім беру мекемелерінің басшыларының берген бағасы да, педагогтардың өзін-өзі бағалауы да растайды. Мұндай жағдайлардың орын алуы жоғарғы оқу орындарындағы болашақ педагогтарда өткізілетін практикалардың кәсіби деңгейде өткізілмеуінен, яғни білім алушылардың зерттеушілік құзырлығын дамытатын, зерттеу жұмысын орындауға жағдайдың жасалмауынан болады. Қазіргі таңда болашақ педагогтарды зерттеу жұмыстарына дайындаудың әр түрлі қырына арналған бөлек зерттеулер жасалуда, алайда олар ғылыми базаны зерттеу қызметінің жалпы дамуын, кәсіби зерттеу жұмыстарын жасауда өзіндік шешімге келуге толықтай жарамды болуын қамтамасыз етпейді. Зерттеу әдістері - обьективті шындықты көру,танып білу. Педагогика дамуындағы негізгі фактор оның үнемі толықтырылып отырылуында және зерттеу әдістерінің нақтылығында. Педагогика ғылымының жаңа тәсілдермен толықтырылуы басқа ғылымдармен тығыз байланысының арқасында. Зерттеу жұмыстарының педагогикамен байланысы үнемі, жоғары қарқынмен дамуда. XVIII ғасырдан бастап педагогика ғылымының мазмұны практикалық бақылау нәтижесінде теориялық тұжырымдармен толықты. Сол уақыттағы педагогикалық практиканың маңызды тұлғалары: Г.Песталоцци[8], А.Дистервег[9], К.Д.Ушинский[10], А.Н.Толстой[11], П.П.Бионский[12], А.С.Макаренко[13], С.Т.Шацкий[14], және т.б. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық тәжірибелер XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. XXғ басында-ақ педагогикалық эксперимент термині өзінің нақты мәнін алды және кең таралды. Эксперименттік педагогиканың атақты тұлғалары немістің және американың ғалымдары: В.Лай және Э.Мейман, С.Холл,Э.Торндайх болды. Зерттеу процесінде нақты мәліметтерді алу үшін олар талапқа сай болуы керек.
Онда көбінесе философия қарастыратын зерттелетін құбылыстардың мәнін түсіну қарастырылады. Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес. Мәліметтердің өзгеруіне және эксперименттік жұмыстың шартының өзгеруіне байланысты нәтиже де әр түрлі болады. Эксперимент жүргізу үшін бір кішкене ғана компонентті өзгерткен жөн және сол кезде алынатын мәлімет бірден өзгереді. Бұл жағдайда алынатын мәліметтердің дұрыстығы, зерттеу жұмыстарының саны мен алынған нәтижеге байланысты.
Педагогикада зерттеу жұмыстарын жүргізгенде эксперимент обьектісінің моральді - этикалық ережелерін қатаң ұстанған жөн. Педагогикалық процесс кезінде адам денсаулығына зиян келтірмеу және оқушылардың дамуын жақсылап ойластырып, жоспармен жұмыс жасаған дұрыс. Қазіргі кезде педагогикалық зерттеу жұмыстарының үлкен жүйесі бар, оларға: педагогикалық бақылау,зерттеу сұхбаты, педагогикалық эксперимент,математикалық статистика,педагогикалық ойлардың теориялық анализі және т.б. жатады. Педагогикалық бақылау - зерттеудің қарапайым, тиімді әрі бәрінің қолынан келетін әдіс болып табылады. Мұндай әдісті іске асырғанда зерттеу обьектісіне бақылаудың нәтижелері нақты мәліметтермен толығады. Бақылау әдісі системалық, организациялық және массалық қолданылуы эффективті болуы мүмкін және де басқа әдістермен педагогикалық зерттеу жүргізгенде араластыру қажет болады.
Педагогикалық сұхбат педагогикалық зерттеулердің қосымша бір әдісі болып есептеледі. Арнайы бағытталған сұхбат екі жақтың араласуымен болатын педагогикалық әсер ету фактысы болып табылады. Дұрыс нақты ойластырылған сұрақтың мазмұны оқушының белсенді қызығушылығының пайда болуына, көңіл күйіне байланысты ашылуына, мүғалімнің әдеби шығармашылығына қатынасын білдіреді. Толық және нақты ақпаратты алу үшін педагогикалық сұхбат ережелерге бағынып және арнайы маманның қатысуымен болады. Сұхбат алудың басқалардан айырмашылығы жоқ, ол зерттеу обьектісінің жеке ерекшеліктеріне түзету жүргізеді, түзету жүргізу үшін ұсынылған сұрақтардың ситуацияға және әңгімелесушінің қызығушылығына байланысты сұхбат процесін түрлендіретін, берілген тақырыпты талқылайтын алдын - ала ойластырылған жоспары болуы қажет.
Сұхбаттасушының ойы мен фактілерінде шынайы сенімділіктің жоқтығына байланысты педагогикалық сұхбат мәліметтерді алудың көзі емес, ақпаратты жеткізгенде әр уақытта жетістікке жете бермейді. Тәжірибені оқыту - педагогикалық зерттеудегі, дәстүрлі кең қолданылатын тәсіл. Ол тарихи және қазіргі мектептегі педагогтардың өз қызметтерінде белгілі бір оң нәтижелерге жеткен кездегі практикалық тәжірибеге анализ жасау мен оқытуға негізделген. Бұл әдісті пайдаланғанда педагогикалық теория мен практикаға арналған тұрақты, нақты ережелермен сипатталатын оның әдіс-тәсілдеріне басты назар аударылады. Тәжірибелік оқыту мен тәрбие - педагогиканың негізгі мақсатының ілгері алға дамуына әкеледі. Бірақ дәл осындай педагогикалық әдістер ғылымнан тыс қалып қойса, оларға анализ жасалмайды және ол теориялық негізсіз, олар ғылымда практикада кең қолданысқа ие болмайды. Бұдан байқайтынымыз, тәжірибені оқыту - жалпы педагогикалық ғылымның дамуына зор үлес қосатын, педагогикалық зерттеулердегі өте маңызды, нәтижелі әдіс[15]. Мектептік құжаттама мен қызметтердің нәтижелілігін оқыту болашақта білім алушыларға көптеген маңызды байланыс орнатуға және алдыңғы уақытта оқыту жоспары мен ақпараттарды құрастыруға әсерін тигізеді. Берілген әдістегі негізгі мәлімет көздеріне сынып журналы, дәріс мазмұндары, сабақ кестесі, педагогтардың сабаққа арналған жоспарлары жатады. Аталған материалдарды оқи отырып оқу процесінің ұйымдастырылуының оқушылардың үлгеріміне және денсаулығына әсерін, үлгерім бағасының ролін, оқу материалдарының мазмұнын оқушылардың шығармашылық белсенділігімен салыстыруға болатындығымен анықтауға болады. Педагогикалық зерттеудің социологиялық әдісіне анкета, рейтинг, бағалаудың компонентті әдістері жатады. Бұл әдістер өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, анкета әдісі арқылы аз уақыт ішіндекөп адамға салыстырмалы түрде сұрақ-жауап жүргізе алады және түсіндіріледі, қысқа уақыт ішінде комплексті анализ жүргізіледі. Рейтинг - бұл педагогикалық тәжірибедегі көріністің көріністің және осы немесе өзгеде процестердің сынақталған бағасы. Рейтингке жақын компоненттік баға түсінігі компонентті жақтармен, яғни педагогтар мен оқу материалдарын қабылдау, шығармашылық таныту баға тәртібін ұсынады.
Педагогикалық тест - қазіргі кезде оқу орындарында кең тараған. Бұл тестті екі бағытқа бөлуге болады: жылдамдығын анықтау және күштілігін анықтау. Бірінші жағдайда, тестілеу уақыты шектеулі және бұл тест жұмысында оқушылардың ситуациялардан шығуы, бір тақырыптан екінші тақырыпқа өтуі, бір уақытта ойлаудың бірнеше тәсілдерін қолдана білу мүмкіндігі қолданылады. Ал күштілігін анықтауда өте көп уақыт беріледі, тереңдігі анықталады, ал жылдамдықтың әсері жоқ. Математикалық статистиканың әдістері - сандық анализдегі мәліметтерді жинауға қолданылады. Осы әдістің көмегімен әртүрлі көрсеткіштердің пайыздық үйлесімділігін анықтауға болады. Педагогикалық қызметтің анықталған жақтарын дамытуға осы негізде шара қолданылады. Сандық және математикалық әдіс педагогикада болжау, модельдеу және педагогикалық процестердің компьютерлеу аппараты болып табылады. Жасалған жүйенің мақсатын жобалауда, біз, ең алдымен, психиканың негізгі функционалдық жүйесі ретінде және сонымен қатар адамның барлық қасиетімен байланысты өзінің қызметінде эффективті субъект болуын қамтамасыз ететін жүйе ретінде қарастырып, зерттеу біліктілігі деген түсінікті нақтыладық. А. Леонтьевтің жасаған үлгісін қорытындылай келе, біз осындай қасиеттердің төрт тобын анықтадық - зерттеудің құзырлық компонеттері: когнитивті, мотивациялық, бағдарлы, операциялық. Когнитивті компонент педагогтарға өздерінің кәсіби қызметінің зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажетті түсініктер мен білімдер жиынтығы ретінде қаралады. Мотивациялық компонент - бұл зерттеу жұмысының жалпыға емес, ал нақты адам үшін жасалатыны туралы ой. Бағдарлы компонент - белгілі бір білімдегі және белгілі жағдайға сәйкес алынатын образды құру кезіндегі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін білімдердің жиынтығы. Операциялық немесе технологиялық немесе зерттеу құзырлығының компоненті - бұл педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажет болатын субъектінің зерттеу қызметін орындауға қабілетінің жиынтығы. Жалпы мақсаты біздің болашақ педагогтың зерттеушілік құзырлығын дамыту системасында оның кәсіптік әр түрлі типтегі зерттеу жұмыстарындағы шешуге қабілетін қалыптастыру. Осы жалпы мақсатты құраушысы болып (екінші кезеңнің мақсаты) кәсіптік педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарының тиімді шешімін қамтамасыз ететін компоненттерді жүйелеу кезеңіне дайындау болып табылады. Келесі қадам жалпы мақсаттың декомпозициясы біздің системада нақты белгіленген зерттеу жұмыстарын шешуге дайындығы бойынша жасап шығару. Ұйымдастыру формасының қызметтік типінің арасында негізгі рөл алған ойын технологиялары арқылы жүргізілді. Зерттеу кезінде методикадағы ерекшеліктері бойынша олардың ұйымдастырулары заттық, рөлдік, имитациялық және іс-қағаздық кәсіби-қызметтік білім беру (танымдық, тренинктік), дамытушылық және коммуникативік ойындар қолданылды.
Осындай жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесін жүргізу үшін жоғарыда айтылған педагогикалық бақылау, зерттеу сұхбаты, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика, педагогикалық ойлардың теориялық анализі және т.б. барлығы дерлік зерттеуді жүргізуге оң нәтиже береді. Сол себепті, біз зерттеу жұмысымызда әрдайым еңгізіп отырсақ, біздің ғылыми-педагогикалық процесіміз оңтайлы болады.

1.2 Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі

Методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып, зерттеуді анықтайды:
oo зерттеу объектісін және пәнін;
oo оларды шешу реттілігін;
oo қолданылатын әдістерді.
Шартты түрде ғылыми зерттеулердің екі негізгі кезеңі ажыратылды:
А) эмпирикалық
Б) теориялық
Эмпирикалық кезең фактіге негізделген қорытынды материалды алумен және бірінші реттік өңдеумен байланысты. Әдетте ақиқат және ғылыми фактілерді бөледі.
Ақиқат фактілері - бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.
Ғылыми фактілер - бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.
Эмпирикалық кезең жұмыстың екі сатысынан тұрады:
Бірінші сатысы - бұл фактілерді алу және табу процесі
Екінші сатысы - олардың өзара байланысында фактілердің бағасын және бірінші реттік өңдеуді өзіне қосады (енгізеді):
oo ғылыми тіл терминінде алынған фактілерді ойластыру және қатаң бақылау;
oo әр түрлі негіздер бойынша фактілер классификациясын және олардың арасындағы негізгі тәуелділікті айқындау.
Бұл кезең барысында зерттеуші жүзеге асырады:
А) маңызды емес және кездейсоқ қоспалардан оларды тазарта отырып, әрбір фактінің тексерісін және сындық (критикалық) бағасын;
Б) зерттеу жүргізілетін ғылымның айналасында анықталған терминді, әрбір фактіні сипаттау;
В) негізгі даму тенденцияларын көрсететін және неғұрлым қайталанатын барлық типтік фактілерді сұрыптау;
Г) оларды жүйеге келтіретін маңыздылығы бойынша, үйретілетін құбылыс түрлері бойынша фактілер классификациясын;
Д) үйретілетін құбылысты сипаттайтын заңдылықтар [15].
Эмпирикалық деңгейде зерттеу, яғни іріктелген фактілердің өзара байланысын көрсетеді.
Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.
Ол құбылыс түсіндірмелерімен, заңдарды сандық және сапалық формадағы тұжырымдамасымен және танумен, зерттелетін құбылыстың мәніне өтумен, фактінің терең анализімен байланысты.
Ары қарай бұл кезеңде мүмкін болар оқиғаларды болжау және оқытылатын құбылыстардағы өзгерістер жүзеге асырылады, осы құбылыстарға тәжірибелік әсер ету ұсыныстары, әрекет принциптері өңделеді.
Периодты заңды бірінші ашқан ұлы Менделеев ғылыми зерттеу тапсырмалары туралы былай айтты:
Үйрену - бұл:
А) жай бейнелеу немесе сипаттау емес, белгіліні үйренуге қатысын білу;
Б) өлшеуге жататындардың барлығын өлшеу;
В) сандық және сондай - ақ сапалық мәліметтерді қолданып, белгілі жүйеде үйретудің орнын анықтау;
Г) заңды табу
Д) үйретілетін оқиғалар арасында себептік байланыс болжамдарын құрастыру;
Е) гипотезхаларды тәжірибеде тексеру;
Ж) үйренудің теориясын құрастыру [16].
Теориялық кезең өзіне жалғастырушы жұмыс кезеңдерінің қатарын қамтиды. Эмпирикалық және теориялық кезең арасындағы байланыстырушы топ мәселе құрылымы болып табылады.
Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі міндеттердің бірі - студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, өзіндік жұмыстармен байланстыра отырып дамыту. Яғни, студенттер жоғары оқу орындарында білім алып жүрген кездің өзінде - ақ ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін ғылыми - зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс - тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет.
Осыдан келіп, студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын орындауда олардың дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру - білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмысы - алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми - зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейкесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Ғылыми баяндамалар - аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми - зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Рефераттық жұмыс - ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми - ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.
1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.
2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті - барлық студенттерді таңдаған мамандығы аясында ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен және практикалық дағдыларымен таныстыру. Бұл функциялардың орындалуына оқу үдерісіне енгізілген, сондай - ақ оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми - зерттеу жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.
Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолдануда назарға алынған проблема жан - жақты айқындалады, оның біршама қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс - әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістері[17].
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау - зерттеу барысында дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:міндеттері мен мақсаттарын айқындау;бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын тандастыру;бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу; байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамала ыбақылау.
Бақылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық - әлеуметтік жеке - дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайлылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан - интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу - ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе - бет әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу - сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы тиіс [18].
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі
Педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Эмпирикалық зерттеу әдістері
Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Ғылыми жұмыс жайында
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Тәрбие технологияларының жіктемесі
Пәндер