Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКА ... ... ... ... ... ... . .5
1.1 Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ...19

2 ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕСІ МЕН ТАҚЫРЫБЫН АНЫҚТАУ - ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .23
2.1 Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Зерттеу тақырыбын негіздеу, проблеманы қою және дамыту ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты халыққа жолдауындағы 7-бөлімінде: Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Адам әлеуеті деңгейін арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын алға жылжыту болып табылады - деп көрсеткен[1].
Қайта құру кезеңіндегі өзгерістер,тәуелсіздік алынғаннан кейінгі өзгерістер мұғалім профессиограммасына да өзінің ықпалын тигізіп отырады. Қоғамның дамуымен бірге білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі артып отырғаны соңғы жылдары анықтай байқалды.
Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына жедел кіруге бағдарланған Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең мемлекет пен оның білім жүйесінің алдына әлемде болып жатқан өзгерістерге кірігіп, бұл өзгерістерде жауапты, жаңашылдық және шығармашылық рөл атқару міндетін қойып отыр.
Президентіміз айтқандай, білім реформасы біздің мемлекетіміздің әрбір азаматы тиісті білім мен біліктілік алған соң әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман бола алатын деңгейге жетуге тиіс.
Сондықтан Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінің стратегиясындағы 30 маңызды бағыттың бірі білім жүйесінің, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесінің әлемдік стандарттарға жақындауы болып табылады.
Жоғары оқу орны студенттеріне қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласына жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Яғни, оқу үдерісіне студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кеңінен ендіру болып отыр. Ғылыми зерттеу оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді. Осы себептерден зерттеу проблемасын шешу мақсатында тақырыпты Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу деп алуға негіз болды.
Зерттеу нысаны: Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы.
Зерттеу пәні: Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі.
Зерттеу мақсаты: Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының жүргізілу кезеңдерін ажыратуға, оларды дайындауда тақырыпты дұрыс таңдап оның негіздемесін құрып, өзектілігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
oo Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңін, оны құрудың логикасын қарастыру;
oo Зерттеу тақырыбының көкейкестілігін анықтау;
oo Зерттеу тақырыбын негіздеу, проблеманы қою және дамыту;
Зерттеу әдістері: Жұмыстың зерттелу барысында бірін-бірі толықтырып отыратын теориялық, педагогикалық-психологиялық ғылыми әдебиеттерге талдау, жаңа педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және зерттеу, жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау, бақылау, студенттердің іс-әрекет нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістерін математикалық статистика сияқты әдістерді пайдаланылану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКА

1.1 Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы
Зерттеудің логикасы педагогикалық зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеуден басталады. Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратына кіріспе бөлім ретінде енетін оның тақырыбының көкейкестілігінің негіздемесі 2-3 бет көлеміндегі мәтіннен тұрады. Негіздеме мазмұнының анық құрылымы бар. Негіздеменің құрылымындағы кілтті түсініктерді ойлана отырып талдағанда, негіздемеде зерттеу тақырыбына қатысты әлемнің және Қазақстанның білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасын, зерттеу мәселесінің зерделену дәрежесін, практикадағы осы мәселелерді шешу деңгейлерін, мәселенің негізіндегі қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ, зерттеу тақырыбының өзін нақты көруге болады.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі ғылым мен практикада оның нәтижелерін пайдаланушылардың қажеттілігінің маңызды сипаттамасы болып табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдары КСРО Педагогика Ғылымдары академиясында ғылым мен практиканың өзекті мәселелерін қамтитын зерттеулерді ұйымдастыру мақсатында Үйлестіру кеңесі өз қызметін жасады.
Зерттеудің көкейкестілігін ғылыми қауымдастық бұрын зерделенбеген ("ақ таңдақтар") тақырып бойынша орындалғанда ғана мойындайды. 70-90 жылдары зерттеу тақырыбының өзектілігінің басты белгісі оның ізденуші қызмет ететін мекеменің (ұйымның) ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына немесе ғылыми-зерттеу жұмысының мемлекеттік жоспарына енгізілуі еді. 2003-2005 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында педагогика саласындағы зерттеулер тақырыбына елеулі өзгерістер жасаумен. Ғылыми-әдістемелік үйлестіру орталығы айналысты. Бірақ, әртүрлі ғылыми бағыттардың аясындағы, сондай-ақ кейбір ғылыми жетекшілердің тақырыптағы өзгеріспен келіспеушілігінен білім беру жүйесін жаңартудың көкейкесті мәселелері бойынша ғылыми мектептер құру идеясын әрі қарай іске асыру мүмкін болмай, ақырында Ғылыми-әдістемелік үйлестіру орталығы таратылды. Өкінішке орай, тақырыптардың қайталануы, кішігірім тақырыптардың орын алуы, бір ғалымның әртүрлі тақырыптарға жетекшілік етуі қажетті мәселелерді терең ойластыруға кері әсерін тигізіп отырғаны баршамызға мәлім. Сондықтан да, қазіргі уақытта тақырыптың ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына тән болу белгісі өзінің өзектілігін жойды деуге болады. Мысалы, 2006 жылы майда Міржақып Дулатовтың педагогикалық идеяларын жүйелеуге арналған екі диссертация қорғалды (Алматы, Шымкент). Бұл жұмыстардың деңгейлері жоғары. Әрине, біз бір тақырыптың өзін әртүрлі әдіснамалық тұғырлар тұрғысынан зерттеуге болатынын жоққа шығармаймыз. Дегенмен екеуінің дерекнама базасы ортақ болғандықтан, ізденушілердің ұқсас қорытындыларға келуі ықтимал.
Зерттеу тақырыбының негіздемесін ашып көрсететін "көкейкестілік", "зерттеудің көкейкестілігі", "зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері", "көкейкестілікті анықтайтын әдістер" және т. б. түсініктер бар. Көкейкесті деген сөз: 1) осы сәтке өте маңызды; көкейкесті тақырып; 2) "Болмыста көрініс табатын, өмір сүруші" деген мағынаны білдіреді[2].
Педагогикалық әдебиетте зерттеудің көкейкестілігі - ғылыми зерттеулердің сапасын бағалау өлшемі. Ол қазіргі уақыттағы ғылым және практиканың ұсыныстары мен ғылыми идеяларға, практикалық нұсқауларға деген сұраныс арасындағы алшақтық дәрежесін көрсетеді. Көкейкестілік өлшемі оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын ары қарай дамыту мәселесін зерделеп, шешудің қажеттігі мен уақытысын нұсқайды, қоғамдық қажеттіліктер мен оны қанағаттандыратын құралдар арасындағы қайшылықтарды сипаттайды. Әдіснамашылар ғылыми бағыттың өзектілігін дәлелдемелердің күрделі жүйесіне мұқтаж емес деп есептейді. Ғылымтануда бағыт - даму жолы; ғылыми ағым, топ, ғылыми мектеп; ортақ мақсатпен, дүниетанымының бірлігімен, зерттеу әдісімен біріккен жұмыстар тобы. Ғылымтанушылардың пікірінше, ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктеріне кешенді мәселелері: тақырыптар және ғылыми сұрақтар жатады. Кешенді мәселе - бір мақсаттағы мәселелер жиынтығы; мәселе - қоғамда шешімін табу қажеттілігі бар сәйкессіздіктен туындаған, күрделі теориялық және практикалық міндеттер жиынтығы.
Негізінен алдымен сәйкессіздік, содан соң мәселе анықталады, ал мәселеге жауап ретінде тақырып құрастырылады. Зерттеу тақырыбында мәселені шешуге мүмкіндік жасайтын жаңа білім көрініс табады. Зерттеу тақырыбы, оның өзектілігі, мәселесі өзара тығыз байланысты (1-кесте қараңыз).
"Негіздеме" сөзінің өзі ғылымда "негіз", "негізділігі" деген түсініктермен қатар қолданылады. "Негіздер" - бір нәрсенің бастапқы, негізгі қағидалары, "негізділігі" - белгілі бір құбылыстарды жіктеуде қажет болатын мәнді белгі, немесе - негізділігі дегеніміз - бір нәрсені негіздеу, дәйек, терең ғылыми негіздеме.

1-кесте. Зерттеудің тақырыбының, өзектілігінің және мәселесінің өзара байланысы

Зерттеу тақырыбы
Зерттеудің өзектілігі
Зерттеудің мәселесі
Мәселені шешуге бағытталған жаңа білім
Жаңа мазмұнға, жаңа нормаға немесе әрекеттің жаңа тәсіліне қажеттілікті негіздейді.
:: зерттеу нәтижесінде жаңа білім алу арқылы қазіргі нормаларға қажеттіліктер сәйкестендіріледі,
:: экспериментте сынақтан өткен, практикаға ендірілген әрекет тәсілі арқылы қазіргі нормалар мен қажеттіліктер сәйкестендіріледі,
:: зерттеуде алынған жаңа білім, жаңа әрекет тәсілі арқылы қазіргі норма мен әрекет тәсілі арасындағы сәйкессіздік көрінеді.
Сәйкессіздіктің үш типі зерттеу өзектілігінен орын алады.

Ғалымдар тақырыптың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл аударады және тақырыптың ғылыми және практикалық көкейкестілігін бөліп қарастырады. Олардың пайымдауынша, тақырыпты зерделеу практиканың мағыналы сұраныстарына жауап береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы "ақ таңдақтардың" орнын толтырады. Дегенмен, өзекті тақырыпқа орындалған зерттеу шынайы жаңа ғылыми нәтижелердің алынғанының кепілі бола алмайды. Ғалымдардың пікірінше, тақырып бойынша зерттеу жүргізу барысында алынған нәтижелер өзекті болмауы да мүмкін, әсіресе, бұл ретте жетілдірілген әдістеме қолданылып, түпнұсқалы эксперимент қойылса, ақпараттың соңғы жаңа ағымы пайдаланылса да, нәтиже өзекті болмауы мүмкін.
Демек, зерттеудің көкейкестілігін одан ары ойластыру қажет. Бұл жағдайда біз В. М. Полонскийдің тұжырымдамасының бағытын ұстанамыз. Ғалым ғылыми зерттеудің бұл бөлігіне мынандай анықтама береді: Зерттеудің көкейкестілігі - ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға (белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қазіргі уақыттағы ғылым мен практиканың бере алатын тұжырымдары арасындағы алшақтық дәрежесін сипаттайтын ғылыми зерттеулер сапасын бағалау өлшемі. Оның тұжырымдауынша, көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді. Тақырып бүгін көкейкесті, ертең ол соншалықты өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін, ауыл мектебі үшін маңызды мәселе қала мектебі үшін қатардағы сұраққа жатуы да ықтимал; педагогикалық қызметін жаңа бастаған мұғалімді ойландыратын мәселелер тәжірибелі, жоғары білікті педагогқа мәнді болмай шығуы да заңды. Көкейкесті зерттеулер халыққа білім беру жүйесінің даму деңгейімен, еліміздің экономикасымен, оның ғылыми әлеуетімен, осы тарихи сәтте алға қойылатын және шешілетін міндеттермен тығыз байланысты. Ғалым В.М. Полонский ғылыми айналымға зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі түсінігін ендірді. Зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі - ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жоспарланған немесе алынған белгілілер тізімі[3].
Дипломдық, курстық зерттеу көкейкестілігінің параметрі білім беру теориясы мен практикасын дамыту үшін зерттелетін мәселенің шешімінің қажеттілігі мен дер кезінде орындалуын көрсетеді, қоғамдық қажеттіліктер (ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстар) мен оларды қанағаттандыру мақсатында бүгінгі күні ғылым мен практиканың ұсынатын құралдары арасындағы қайшылықты сипаттайды. Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемдеріне тақырыптың теориялық маңыздылығы, мәселенің ғылымда зерделену дәрежесі, күтілетін нәтиженің осы саладағы теориялық пайымдауларға сәйкестігі жатады. Қолданбалы зерттеудің көкейкестілігінің өлшемдері: тақырыптың зерттелуіне практикалық қажеттілік, мәселенің практикадағы шешімі, нәтижені ендіруден күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік. Зерттеу тақырыбының өзектілігін бағалау мәселесімен айналысатындардан өзгеше тақырыпты негіздеудің логикасын белгілі әдіснамашы В. В. Краевский ұсынды (1-сурет) [4].
Зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігінің негіздемесі
Зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігінің негіздемесі
Ғылыми бағыттың негіздемесі
Ғылыми бағыттың негіздемесі
Тақырыптың ғылыми көкейкестілігінің негіздемесі
Тақырыптың ғылыми көкейкестілігінің негіздемесі

(педагогикалық үдеріс нәтижелерін бағалау: келешекте болмауға тиіс оқушылардың білімі мен тәрбиелілігіндегі кемшіліктерді көрсету; осы кемшіліктерге апаратын педагогикалық үдеріс кемшіліктерін көрсету)
(педагогикалық үдеріс нәтижелерін бағалау: келешекте болмауға тиіс оқушылардың білімі мен тәрбиелілігіндегі кемшіліктерді көрсету; осы кемшіліктерге апаратын педагогикалық үдеріс кемшіліктерін көрсету)
(ғылымдағы мәселенің зерттелу дәрежесін көрсету, жеткіліксіз зерделенген қырларын көрсету)
(ғылымдағы мәселенің зерттелу дәрежесін көрсету, жеткіліксіз зерделенген қырларын көрсету)
(зерттелетін мәселенің маңыздылығы мен оны шешудің қажеттілігін көрсету)
(зерттелетін мәселенің маңыздылығы мен оны шешудің қажеттілігін көрсету)

1-сурет. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеудің логикалық тізбегі

Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемдеріне: тақырыптың теориялық маңыздылығы, мәселенің ғылымда зерделену дәрежесі, күтілетін нәтиженің осы саладағы теориялық пайымдауларға сәйкестігі жатады. Қолданбалы зерттеудің көкейкестілігінің өлшемдері: тақырыптың зерттелуіне практикалық қажеттілік, мәселенің практикадағы шешімі, нәтижені ендіруден күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік.
Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің құрамында өзектендірудің келесі әрекеттері көрініс табады: объективті дүниенің жүйесі ретіндегі зерттеу нысанасын бөліп көрсету; сәйкессіздіктерді, қарама-қайшылықтарды, мәселелерді айқындау; зерттеу тақырыбын нақтылау, зерттеу көкейкестілігін анықтау.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: объективтік дүние жүйесі ретінде зерттеудің объектісін анықтау; зерттеудің пәнін тұрақтату; мәселені, қайшылықты, келіспеушілікті құрылымдау; зерттеудің тақырыбын нақтылау; зерттеу көкейкестілігін негіздеу. Зерттеу үдерісі: зерттеу болжамы; зерттеу мақсаты; зерттеу міндеттері; зерттеу әдістері; мазмұны; зерттеудің құрылымы; зерттеу нәтижелері; зерттеудің ғылыми жаңалығы; зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы; сараптама.
Зерттеу тақырыбындағы мәселе шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған мәселелермен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздемесін талап етеді. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай сұраққа жауап береміз: келешекте айналысатын мәселеміз қалай аталады? тақырыпта бұрынғы білімнен жаңа білімге қарай қандай қозғалыс көрініс табады, яғни, бір жағынан тақырып қандай кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестендіріледі, ал басқа жағынан - қандай жаңа танымдық және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді?
Тақырыпты дұрыс таңдау көп жағдайда оның орындалу сапасы мен нәтижесін анықтайды. Зерттеудің кез келген тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытта орындалады. Ғылыми бағыт негізінде ғылым немесе ғылым кешені түсіндіріледі, техникалық, биологиялық, тарихи, педагогикалық және т. б. салаларда зерттеу жүргізіледі. Зерттеудің ғылыми аппараты мен логикасының құрылымы:
- зерттеушінің алғашқы қадамы - зерттеудің нысаналық саласын таңдау, яғни шешімін табуға тиісті маңызды мәселелер жинақталған болмыс саласын таңдау (біздің мысалымызда педагогикалық зерттеулер). Зерттеу нысанасын таңдау мынандай себептерге байланысты жүргізіледі: оның маңыздылығы, шешілмеген мәселелердің болуы, жаңалығы және өміршеңдігі. Сондай-ақ, зерттеу нысанасын таңдауға ықпал ететін субъективтік себептер де бар: зерттеушінің білімі, өмірлік және кәсіби тәжірибесі, икемділігі, қызығушылығы, зерттеу нысанасының практикалық әрекеттің бағыттарымен, ғылыми ұжыммен, ғылыми жетекшімен байланысы;
- келесі қадам - зерттеудің тақырыбы мен мәселесін анықтау. Тақырып мәселені қамтуы керек, кезекті тақырыпты анықтау мен нақтылауда зерттеу мәселесін көрсету қажет. Мәселе - бұл белгіліден белгісізге, нақты білім туралы білім іздеуге көпір. Мәселені шешу сұраққа жауаптан былайша ажыратылады: мәселе қазіргі бар білімде орын алмайды және ғылыми ақпаратты қайта жаңарта құрумен алынбайды. Мәселенің мәні - анықталған дәйектер мен оларды теориялық ойластыру арасындағы, дәйектерді түрліше түсіндіру арасындағы қайшылықтарды ашу. Кез келген ғылыми мәселеде мәселелерді қанағаттанарлық тұрғыдан шешудің жолдарын, құралдары мен әдістерін білмеу арасындағы қайшылықты туындатпау өзекті бола түспеген. Мәселенің көздері педагогикалық практикадағы қиындықтар, шешілмеген жағдаяттар болып табылады[5].
Ғылыми зерттеудің тақырыбы анықталған мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады және көптеген сұрақтардың шешімін табу үшін зерттеу қисыны анықталады. Ғылыми мәселе ғылымның дамуы мен практиканың жағдайының арасындағы қайшылықтарды талдау негізінде қалыпқа түсіріледі. Ғылыми мәселелер қарастырылатын жеке тақырыптардың мақсатын, нысаналары мен зерттеудің соңғы нәтижесін жалпы түрде анықтайды. Тақырып ғылыми зерттеуде белгілі мәселенің құрамды бөлігі болып табылады, біршама сұрақтарды шешуге арналады. Ғылыми мәселе қайшылықты талдау арқылы ғылым мен практика аясында құрылады: ғылыми және дипломдық, курстық жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдауда сол зерттеген мәселеге байланысты барлық әдебиеттерді, диссертацияларды, авторефераттарды оқып, шетел әдебиеттерімен танысып, зерделеуге тура келеді; анықталған ғылыми мәселе ғылыми зерттеудің нақты тақырыбында өз көрінісін табады; тақырыпты таңдаудың басты кезеңі тақырыптың негіздемесі түріндегі құжатта көрініс табады; жұмыстың атауы қойылатын мәселенің мазмұнынан және соңғы нәтижеден құрылады және зерттеу объектісінен көрінеді; зерттеу көздерін оқу және ой елегінен өткізу қажет.
Ғылыми жұмыстың тақырып мазмұнына байланысты маңызды мына сұрақтарға жауап беру қажет: Зерттеу тақырыбыңыз? Не зерттеледі? Не үшін зерттеледі? Зерттеудің тақырыбы нені көрсетеді? Мына ұғымдардың айырмашылығын түсіндіріңіз: мәселе, сұрақ, аспекті, мәселелік жағдаят. Зерттеушілер үшін мәтінсөзді конспектілеп ой елегінен өткізу керек. Зерттеу тақырыбыңыздың дұрыс таңдалғанын келесі матрица көмегімен тексеріңіз: тақырыптың ғылыми бағытқа сәйкестілігі; әлеуметтік сұраныстың жасалуына, тақырыптың ғылым мен практика сұранысына бағыттылығы; тақырыпты құруға негіз болған мәселелер; зерттеу тақырыбындағы нысана мен пәннің ашықтығы; зерттеу тақырыбының соңғы нәтижеге тұрақтауы.
Сонымен, зерттеу тақырыбы зерттеу мәселесінің белгілі бір қырларының, яғни аспектілерінің анық, қысқа берілуін талап етеді. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.
Ғылыми немесе дипломдық, курстық жұмыстың тақырыбын таңдау үшін басты көрсеткіштер мыналар:
- зерттеу сұрақтары бойынша әдебиеттер мен тәжірибелік көрсеткіштермен танысу;
- осы мәселе бойынша қорғалған диссертациялар тізімін қарау және олардың республикалық және шет елдік кітапханалардағы сақталған авторефераттарын оқып-зерттеу;
- ғылымның басқа да саласындағы соңғы зерттеу жұмысының нәтижелерімен танысу;
- зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын әдістермен танысып, оларға өз бағасын беру;
- жинақталған материалдарды талдау және қорытындылау;
- зерттеу тақырыбы, оның өзектілігі, мақсаты мен болжамы, нәтижесі бойынша жетекшісінен немесе осы салада зерттеу жұмысымен айналысатын мамандардан кеңес алу;
- педагогика ғылымының дамуы қажеттілігіне және практикасына деген сұраныстарға негізделініп дайындалатын ғылыми мәселелердің өзектілігіне тиянақты, жүйелі талдау жүргізу керек.
Мәселені таңдау оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәрбиелеудегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты. Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де, келешекпен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс. Мәселені анықтау зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін мәселе нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелетін мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс. Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, мәселені анықтауға көмектеседі. Мәселенің құндылығын практика анықтайды.
Мәселе - ғылым мен практикадағы сәйкессіздік туралы нақты білім, шешімін табуды керек ететін сұрақтарға жауап іздеу бағыты. Айқындалған ғылыми мәселе өзінің көрінісін нақты бір ғылыми тақырыптан табады. Тақырыпты таңдау үдерісінің негізгі сатылары тақырыптың өзектілігін дәлелдеу барысында көрінеді. Зерттеу тақырыбын дәлелдеу жорамалданған зерттеудің ғылыми дәлелді өзектілігінен тұрады, сонымен қатар мынадай жалпы қисынды - мазмұндық алгоритммен қарастырылады: мәселенің маңыздылығы - әлеуметтік сұраныс - тәжірибенің сұранысы - ғылымның сұранысы - мәселенің зерттеліп, дайындалуы - зерттеу идеясы - зерттеу стратегиясы - зерттеу тактикасы.
Жұмыстың тақырыбы оның негізгі мәселесінің мазмұнын көрсетеді және онда соңғы нәтижелер мен зерттеу нысанасы көрініс табады. Зерттеу тақырыбы айқындығы, нақтылығы, сыйымдылығы, ықшамдылығы, құрылымдылығы (байланыстылығы мен тақырыптылығы, яғни бірлік және мазмұндық тұтастығы), мәнерлілігіне сай талаптар негізінде құрастырылады. Зерттеу тақырыбының (бөлімдері, параграфтары) мазмұнына және алынған тақырыпқа сай келмеуі ғылыми қателік болып есептелінеді. Тақырып өз сипаттамасында зерттеуші ізденісінің соңғы нәтижесін көрсетіп тұруы керек.
Зерттеу нысанасы - адамның әлеуметтік субъект ретіндегі объективті және теориялық қызметінің бөлігі. Зерттеу пәні анық бір мақсатпен белгілі жағдайдағы зерттеу үдерісінде нысананың адамға қатысты жанама қасиеттерінің жиынтығы мен нысананың байланысын зерттеу нысанасының элементі болып табылады. Соңғы нәтижеге жету жолдары зерттеудің негізгі пәніне жататын нақты пайда күтілетін, жорамалдап айтылған нұсқаулардан тұрады.
Тақырып нақтыланып құрылымданған соң, зерттеу нысанасын таңдау кезегі келеді. Нысанаға педагогикалық үдеріс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен көрінген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Танымдық үдеріс баспалдағының бірі - нысананы белгілеу. Зерттеу пәні - нысана бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысананың теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа - қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің маңызды шарты - оның нысанасы мен пәнін белгілеп алу, өйткені бұл оның өмірде жасалуының көрсеткіші, зерттеушінің нысананың мәнін терең зерттеуі мен зерттеу үдерісінде алға жылжуының деңгейі. Көбінесе ізденушілер зерттеу нысанасын оның базасымен немесе барлық элементі бұл жұмыста зерттеуді қажет етпейтін айтарлықтай кең саламен ауыстырып алып жатады.
Көптеген ғалымдардың пікірінше (В.В.Краевский, С.Я.Виленский), зерттеудің нысанасы мен пәнін тұжырымдау ғылыми аппараты мен логикасы белгілі бір жүйеге сәйкес іске асырылады. Зерттеудің нысанасын айқындау ғылымға педагогикалық шындықтың түрлілігін ескеруге, нақты соңғы нәтижеге бағытталуға, нысананың негізгі қырларын бөліп алуға, бірден дұрыс бағыт алуға көмектеседі. Бұл - зерттеудегі өте маңызды қадам, өйткені күш-қуатты үнемдеуге, өз ғылыми-зерттеу қызметінің өзекті сәттеріне ой-өрісін шоғырландыруға мүмкіндік туады. Сонда нысана зерттеуге қажетті ақпаратты іздеу көзі, ғылыми ізденіс өрісі ретінде қызмет атқарады.
Зерттеу объектісі - іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады. Зерттеу пәні - зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастардың жиынтығы. Нысан мен пәнді анықтауда педагогикалық-психологиялық зерттеулерде қиындықтар жиі туады. Зерттеу объектісін анықтау дегеніміз - зерттеуде ненің қарастырылып жатқанын білу. Дегенмен, объекті туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан, зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни объектінің қалай қарастырылып, ондағы қандай қатынастардың болатынын оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән - нысанадан кесіп алынған бөлік емес, ол қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, оқулық, ғылыми негіздеме, тұлғалық тәжірибе қалыптастыру және т. б. Объектіні барлығы иемденеді, ал пән зерттеушінің жеке иелігінде, оның объектіні өзіндік көре білуі маңызды. Ол мақсатты түрде зерттеу пәнін қарастырады, объектінің жаңа білім алуға қажетті бөлігін бөліп қарастырады. Зерттеушінің, оның балаларының, немерелері мен шөберелерінің бүкіл өмірі, мысалы, мектеп оқулығы туралы жаңа білім алуға жетпеген болар еді. Өйткені оқулық туралы толық жаңа білім, яғни оқулықтың мүмкін болатын қызметтері оның әдістемелік, дидактикалық, тәрбиелік, эстетикалық, психологиялық, полиграфиялық, экономикалық, гигиеналық, және т. б. барлық қырларынан қарастырылуы мүмкін емес. Тағы бұны барлық пәндерге және оқудың барлық жолдарына қатысты қарастыру қажет. Мұндай жұмысқа бір адамның күші жетпейді. Тіпті оған үлкен ғылыми ұжым да үлгермейді, себебі ол шексіз. Пәнді анықтай отырып, біз соңғы нәтижеге (осы кезеңдегі) жетуге мүмкіндік аламыз.
Осындай жұмыстың бірінде мектеп оқулығы студенттер білімін жүйелеу құралы, екінші бір жұмыста студенттерінің ақыл-ойының даму құралы есебінде қарастырылады. Сонымен, кез келген оқулық туралы барлық білімдер пәннің айналасына топтастырылады, нысананы пәнде көрсетілген қырынан ғана қарастырады. Зерттеу пәнін жазып көрсету - нысананың ғылымдағы бар сипаттамасы мен міндеттерді есепке алудың нәтижесі ретінде көрініс табады[6].
Зерттеудің нысаны мен пәнін анықтаудағы келесі қадам - оның ғылыми аппаратының кез келген құрамдас бөлігін түсіну арқылы алынатын ғылыми білімге қатынасын айқындау, мұнда пән жаңа білім алынуға тиісті зерттеу нысанының аспектісін көрсететінін естен шығармау керек. Зерттеу нысаны мен пәнін әдіснамалық рефлексия тұрғысынан қарайтын болсақ, зерттеу нысанын айқындай отырып, не қарастырылады? деген сұраққа жауап беру қажет. Ал пән қарастырылатын аспектіні білдіреді, нысанның қалай зерттелетіні, оның қандай қасиеттері, қызметі мен қандай қатынастары зерделенетіні туралы түсінік береді. Пәннің дәл анықтамасы ізденушіге нысана туралы барлық жаңалықты қамтуға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың пайымдауынша, зерттеу пәнінің анықтамасы ғылымда бар нысананың эмпирикалық сипаттамасы, басқа да зерттеу сипаттамалары туралы барлық мүмкіндіктерді, міндеттерді ескерудің нәтижесі деген сөз. Мысалы, оқыту барысында оқу материалын өзгерту нысанасының пәні: мектеп оқулығының мазмұнын құрайтын оқу материалын дидактикалық тиімділік тұрғысынан өзгерту тұғырлары. Нысана бұл жерде: оқу материалын түгелдей өзгерту емес, өзгерту тұғырымен шектеледі; кез келген оқу материалын емес, оқулықтың мазмұнының құрамдас бөліктерін; белгілі бір тәсілмен, белгілі бір шеңберде өзгерту туралы.
Әдіснамашылардың зерттеу нысаны мен пәнін анықтау туралы ғылыми жұмыстарының нәтижелерін түйіндей отырып, ғылыми аппараттың осындай құрамдас бөліктерін тұжырымдауда кандай қиындықтар мен қателіктерге кезігетінін анықтадық, педагогикалық зерттеу пәні мен нысанының әдіснамалық сипаттамасы туралы бағдар-талаптар белгіледік.
Ізденушіге төмендегілерді есте ұстау қажет:
- нысана шексіз кең түрде емес, объективті шынайылық шеңберінде аталуы тиіс;
- нысана кұрамына маңызды элемент ретінде пән кіруі тиіс, ол нысананың басқа құрамдас бөліктерімен тікелей байланыста болуы керек;
- нысана белгілі бір білімдер жүйесі арқылы көрінетін педагогикалық шынайылықты сипаттауы керек. Сондықтан нысанады анықтағанда оны белгілі бір ғылыми ұстаным тұрғысынан бағалау қажет. Нысананы бұлайша түсіну педагогикалық тұжырымдамаларды дұрыс түсінуге, уақыт талабына сай үдемелілік жақтарды көре білуге көмектеседі;
- зерттеу нысанасын анықтау - мәнді де мазмұнды ғылыми әрекет, ол зерттеушіні пәннің ғылымдағы орны мен қызметін анықтауға бағыттайды;
- зерттеу пәні - нысананың бір жағы, бөлігі ғана емес, сол арқылы нысан көрінетін, есік болуы тиіс;
- зерттеу пәнін анықтай отырып, зерттеуші сол саты арқылы соңғы нәтижеге келуге мүмкіндік алады;
- нысана мен пәннің өзара қатынасын былайша сипаттауға болады: нысана объективті, ал пән субъективті;
- пән - нысананың үлгісі (моделі);
- пәннің анықтамасы егер жұмыс белгіленген пәнге сәйкес анықталса, зерттеуші тарапынан белгіленген анықтамаға сәйкес аяқталған зерттеудің толықтығы туралы шағымды болдырмайды;
- зерттеудің нысаны мен пәнін анықтау зерттеушінің оның мәніне терең бойлауы мен зерттеу үдерісінде алға жылжуының көрсеткіші болып қызмет етеді;
- нысана педагогикалық шынайлықты сипаттайды, белгілі білім жүйесіндегі көрінісі арқылы берілген;
- зерттеу пәні нысанаға қарағанда тар ұғым. Ол нысананың бір бөлігі, бір жағы элементі болып табылады;
Нысана туралы білімнің даму сипатына қарай бұдан кейін таным пәніне айналатын оның жаңа қырлары ашылады. Зерттеу нысанасы мен пәнін тұжырымдаудағы қиындықтар:
- кейде жекелеген зерттеудің нысанасы өзінің ауқымы жағынан бүкіл педагогиканың зерттеу нысанасымен сәйкес келіп жатады: ЖОО-ғы педагогикалық үдеріс; оқушыларды педагогикалық мекемелерде тәрбиелеу саласы; педагогикалық таным әдістері;
- кейде зерттеу нысанасы мен пәні арасында алшақтық байқалады. Олар әр түрлі ғылым саласына қарай бөлініп, жұмыстың біртұтастығы мен танымдық сипатына, баяндаудың қисыны мен алынған білімнің жүйелілігіне нұқсан келеді.
Кейде автор пәннің анықтамасына оның әдіснамалық сипаттамасын береді.
Енді біз ғылыми жұмыстың келесі кезеңін, яғни мақсатын қарастырамыз.
Зерттеудің мақсаты белгілі тетігі түрлі әрекеттің жүйесі ретінде көрініс табады мақсаты - құралы - нәтижесі. Мақсат - сезінілген бейне, пайдалы нәтиже, ол міндетті түрде саналы қызмет негізінде орындалуы тиіс. Мақсатқа жетушілік - адам әрекетінің маңызды қасиеті. Мақсатқа жетуден бұрын, адам өзіне болашақта қажет ойша бейнені жасайды, шынайылықтан ойша алдыға шығады. Педагогикалық мақсат - педагогикалық шынайылықтың көрінісі мен нақты үдерістер жаңаруының әлеуетті резервтері мен білім беру идеалын қатар қою негізінде құралған болжам жасау нәтижесі (яғни, дамыған еркін шығармашылық сипаттағы сау-саламат адамның мұраты туралы әңгіме болып отыр). Сөйтіп, зерттеудің тақырыбынан оның мақсатына қойылатын талаптар туындайды.
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Болжам - бұл шынайылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Болжам - (грек сөзі негіз, негіздеу) фактілер тобына, фактілерге алдын ала түсінік беру немесе әртүрлі эмпирикалық білімдерді біртұтас байланыстыру. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайылығы мен шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шынайы емес екендігін анықтау - таным үдерісінің міндеті.
Зерттеудің болжамы - нәтиженің алыну жолын көрсететін ғылыми құрылған жоба. Ол танымдық іс-әрекетті қабылдауды, ғылыми негіздемесі бар, дәлелденген жобаның, қайсыбір құбылыстардың себептерін дұрыс, дәлелсіз түсіндіруді білдіреді. Ғылыми болжам зерделенген аумақтағы фактілердің шегінен тыс шыға отырып, оларды түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар жобалау қызметін атқарады. Болжам - бұл ішкі қисынға тәуелді ететін және зерттеудің тұтас үдерісін ұйымдастыратын басты әдіснамалық құрал.
Ізденушілердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің қисындық құрылымы
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Ғылыми–педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың әдістері
Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы бтік парасатталық пен білімділіктің киелі ордасы
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
Әрбір тарау мен бөлім толық қарастырылған бір ақпаратты қамтиді
БАҚ ғылым жайында
ҒЗЖ алғашқы нәтижесі бойынша сайтқа Қазақстандағы фотоэнергетиканың дамуы саласында проф
Пәндер