Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау
Тақырыбы: Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҒЫЛЫМИ БІЛІМ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
0.1 Педагогикалық ғылым, педагогикалық зерттеу, ғылым, ғылыми зерттеу, ғылыми білім, ғылыми әрекет т.б. ұғымдары жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
0.2 Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі ... ... ... ... 16
1 ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
0.1 Эксперимент, оның түрлері, даярлау және өткізу әдістемесі ... ... ... ... ... 24
0.2 Зерттеу нәтижелерін түсіндіру, сынақтан өткізу және рәсімдеу ... ... ... ...36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады.
Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік даму жолында тұрған асқарлы міндеттерді шешу тәжірибеге ғылыми амалдарды кеңінен енгізу талап етеді. Бұл ретте ғылымның өзі де жедел дамып, қарқыны арта түседі.
Соңғы уақыттарда елімізде ғылыми мамандарды дайындаудың жаңа нұсқасы ендіріліп, объективті және субъективті жағдайларға қарамастан педагогика ғылымында жаңашылдық үдерістер орын алуда.
Ғылыми білім ұғымын талдамас бұрын жалпы білім терминінің мәнін ашқан жөн болады. Білім - адамның танымдық әрекетінің нәтижесін жүйелеу формасы. Білім арқылы біз өз істерімізді ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, ол үрдісте пайда болатын түйткілді мәселелерді шешеміз.
Қоғам дамуының үнемі өзгеруі және бүгінгі күні гуманизациялануы адамдар бойында адамгершілік құндылықтарды қоғам сұранысына сай қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Толыққанды адам келбеті , әрбір адамның іс-әрекетінен көрініс табады. Демек, адамдар өзіндік біліміне,тәрбиесіне байланысты іс-әрекет жасайды. Адамдар бойында адамгершілік мәдениетті қалыптастыру үшін, адамгершілік құндылықтарды меңгерту керек екені дау тудырмайтын қағида.
Елімізде ғылымды дамытуға зор мән беріліп отыр. Ғылымға қолдау көрсетудің бұрын-соңды болмаған, жаңа тетіктері іске асырылуда. Ел әл-ауқатының артуына байланысты ғылымды экономика мен қоғамға тиімді түрде енгізу талаптары күшеюде.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мен ғылым және ғылыми кадрларды даярлау мәселелері қарастырылған. Ал Білім туралы Заңда белгіленген ғылымды басқару жүйесіндегі функцияларды нақтылау жұмыстары іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылымды дамытудың басым бағыттарын қарап, бекітті. Ол бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Олар жобалар мен бағдарламалардың орындалуы туралы нақты шешім қабылдайтын болады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылмақшы[1].
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.
Жоғары білім берудің басты міндеті - студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, әлеуметтанушылар және көптеген басқа мамандарда айналысады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы барлық білім берудің көптүрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инвариантты және әмбебаптыларын бөліп алу қауіпті. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді. Осы аталған мәселелерді ескере отырып зерттеу тақырыбымызды Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау деп алуымызға себеп болды.
Зерттеудің пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі
Зерттеудің нысаны: болашақ мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып оның нәтижесін дұрыс өңдеуін қамтамасыз ету.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға дағдыландыру және нәтижелерін теориялық, практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. ғылым, ғылыми зерттеу, ғылыми білім, ғылыми әрекет т.б. ұғымдары жайында терең мағлұмат алу;
2. Педагогика ғылымында зерттеудің құрылымы мен логикасы, принциптері мен міндеттерін толықтай ашып көрсету. Эксперимент, оның түрлерін, даярлау және өткізу әдістемесін, зерттеу нәтижелерін түсіндіру, сынақтан өткізу және рәсімдеуді үйрену.
Зерттеудің базасы: жоғарғы оқу орны ТарМПИ.
Зерттеудің әдістері: сұрақ-жауап, анкеттеу, бақылау және т.б. қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі тараушадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
1 ҒЫЛЫМИ БІЛІМ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ
1.1 Педагогикалық ғылым, педагогикалық зерттеу, ғылым, ғылыми зерттеу, ғылыми білім, ғылыми әрекет т.б. ұғымдары жайында
Педагогика өзінің атауын гректын баланы жетектеуші деген сөзінен алынған. Ең алғашқысында бұл сөз құлдың қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы ретінде қызметің білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның атына айналды. Тәрбие - қоғамның кейінгі ұрпақтарға өзін қайталауымен көрінетін қызмет түрінін бірі. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, білім беру мен тәрбиелеу саласындағы белгілі бір ақиқат білімдерді жүйеге келтіреді.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамыды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми сараланіға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ 19-20 ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылымаралық байланыстарының жоғары мәні болғанын көрсетеді.
Педагогикадағы ғылыми білімдер басқа да дамыған ғылымдардағы сияқты теориялық және эмпирикалық болып тарқатылады. Эмпирикалық деңгейде деректер туралы білім қалыптасады: педпгогика үшін бұл - оқыту мен тәрбиенің кез-келген амалдарының тиімділігі немесе тиімді еместігі туралы; педагогикалық үрдістегі қандай да бір факторлардың нәтижеге он немесе теріс ықпалы туралы білімдер.
Теориялық деңгейдегі білімдер ғылымның ұғымдық аппаратын дамыту және жетілдірумен байланысты және шынайылықты, оның елеулі әрі терең байланыстары мен заңдылықтары арқылы жан-жақты бағытталған зерттеулер нәтижесінде қалыптасады. Бұл, мысалы, оқу тәрбиенің мәні туралы, білім беру мазмұнының құрамы, құрылысы және қызметі туралы, оқу пәндерінің жіктемесі туралы білімдер. Енді осы педагогикалық білімдерге қатысты кейбір пайымдауларға тоқтала кетейік.
Белгілі методолог В.В. Краевский педагогикалық білімнің тағы бір түрін ұсынады, нормативті білімдер - міндітті туралы білім, не істеу қажет туралығ эмпирикалық және теориялықпен салыстырғанда нақтылықты білдіретін білім. Оларға іс-әрекетке деген жалпы және жеке нұсқаулар, ұйғарымдар, қағидалар, ережелер, ұсыныстар т.б. жататындығына тоқталады.
Педагогика іс-әрекеттің ерекше түрін зерттейді. Бұл мақсатты іс-әрекет, өйткені ұстаздың белгілі бір мақсаты бар: бір нәрсені үйрету, белгілі бір қасиеттерге тәрбиелеу. Бұл іс-әрекет мәнгі өмір сүретін адамзат қоғамының қызметін орындаумен байланысты: келер ұрпаққа жинақталған әлеуметтік тәжірибені жеткізу. Осыған орай В.В. Краевский, Е.В. Бережнова өз еңбектерінде мынадай қорытынды жасайды, педагогиканың нысаны дегеніміз ерекше, әлеуметтік және жеке тұлғалық айқындалған, педагогикалық мақсатты тұжырымдау мен педагогикалық басқарумен сипатталатын іс-әрекет ретінде білім беру, ол өсіп келе жатқан ұрпақты қоғам өміріне араластыруға, жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеру мен оның өз бетінше дамуына бағытталған. Осыдан, педагогика білім беру туралы ғылым, білім беруді зерттейтін ғылым деп анықталады[2].
Н.Д. Никандров, Г.Б. Корнетов: педагогика білім беру оның құрылымы мен заңдылықьарын айқындау көзқарасы бойынша, сондай-ақ, қоғамдық және жеке-даралық тұлғалық даму ауқымында өзара байланысты оның субъектілерінің, мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, тәсілдерінің, түрлерінің, нәтижелерінің дамуын зерттейді деген пікір білдіреді[3].
Айтылған ойлар, педагогика - білім беру заңдылықтарының мәнін, жеке тұлғаның дамуындағы білім беру үрдісінің алар орнын ашатын, олардың нәтижелілігін арттыратын іс жүзіндегі жолдары мен тәсілдерін жасайтын ғылым саласы деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Педагогика, педагогикалық ғылым өз алдында дербес ғылым мәртебеге ие, өйткені оның категориялық, әдіснамалық аппараты бар. Олар жайында құралдың арнайы тарауларында айтылатын болады.
Білім беру үрдісінің аса тиімді үлгілерін, сондай-ақ олардың іс жүзінде қолданылуының тәсілдерін жасай отырып, педагогика сипаттамалы-түсіндірмелі және нормативті-құрылымдық ғылым болып табылады.
Педагогикалық ғылымнын міндеті екі жақты: педагогикалық ақиқатты зерттеумен қатар, оның құрылысын жасау, оны түрлендірк, жетілдіру. Сондықтаң педагогиканы теориялық ғылым деп те, тәжірибелік ғылым деп те қарастырылады. Бір жағынан педагогикалық құбылыстарды суреттеп, түсіндіреді, екінші жағынан - қалай оқытып, тәрбиелеу керектігін көрсетеді.
Педагогикалық ғылым мынадай негізгі міндеттерді де шешеді:
-білім беру үрдісінің объктивті заңдылықтарын айқындай міндеті. Заңдылық - білім беру үрдісінің құбылыстары, бөлек жақтары арасындағы объективті бар, қайталанатын, тұрақты, мәнді байланыстар. Қандай да бір байланыстын заңдылығының көрсеткіші оның себеп-салдарлық сипаты болып табылады. Мысал ретінде педагогикалық әдебиетте тұжырымдалған бірнеше заңдылықтарды келтіруге болады: бала тәрбиесінің табысты болуы жеке тұлғалық байланыстың қарқынды әрі бай болуына тікелекй байланысты; оқу материалының мазмұны жетік меңгеру оны жүйелі түрде тікелей немесе уақыт өте келе қайталаумен, оны меңгерілгер материалмен бірге қарастырумен байланысты.
Келесі міндет - жинақталған педагогикалық тәжіриберні зерттеп, қорытындылау; оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістерін, түрлерін, технологияларын жасау. Педагогикалық ғылымның тағы бір міндеті өз бетінше толғану немесе өзін өзі тану: педагогикалық шынайылық туралы, ғылым, құрылысы, оның бәжірибемен байланысы туралы, оның өзіндік ұғымдарының құрамы туралы объективті білім алу тәсілдері.
Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет объективті шындықтын барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық үрдістің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүзеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне енетініне қарамастан, пән педагогикалық мақсатты түрде тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән болып саналады.
Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.
Сонымен қатар, Я.А.Коменскийдің ізімен батыс еуропалық педагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, неміс педагогы Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег, орыс педагогы К.Д.Ушинский және т.б ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды.
Ал кейіннен ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады.
Педагогика - өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.
Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-тҰркіні гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу деген сөздерінен шыққан. "Пайдагогос " сөзін тура мағынасында аударса, "бала жетектеуші" деген өғымды білдіреді. Яғни, баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын қөлды педагог деп атаған. Ал мектепте өстаздық етумен басқа білімдар қөлдар айналысқан.
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең Өміршеңі, ең қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе Өмірге келіп, уақыт сынынан Өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтап, жүйелеуді Өзінің алдына басты міндет етіп қойды.
Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды төтасымен зерттейді.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибеде дамиды.
Педагогика - тәрбиелеудің қатынастары туралы, тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.
Педагогика ғылым ретінде төмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол өзінің басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді.
Біріншіден, педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбір адам өзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және оқытуда өмір ағымында "педагог" рөлінде ойнайды[4].
Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды.
Педагогика адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен өрпақтың кішіге берілген өмірлік тәжірибесімен байланысты. Бөл жерде халықтық (житейлік) педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу өнерімен өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез-келген
ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып
жүруші, тек қана студенттер үшін ақпараттардың көзі болу қажет емес, ол
әртүрлі рөлдерді ойнаушы - актер: мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық
процестің қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы
тарапынан қателікті жіберткізбейтін әрекет, немесе оқытушы қатесі өте
қымбатқа түседі. Педагогиканың өнерге қатыстылығын күнделікті өмірден
көріп жүрміз сондықтан, оқытушы студентке тек өзінің кәсіби күші арқылы
ғана емес, сонымен қатар, өз төлғасының ерекшеліктері де әсер
етеді(мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға және т.б. қатынасы).
Үшіншіден, педагогика ғылым ретінде түсіндіріледі, сонымен қатар,
адамтанудың бөлігі. Педагогика танымы қоғамдық және жеке даралық,
табиғаттың келеңсіз үйлесіміндегі адамның дамуы мен әсері тәсілдерін
жетілдіреді. Сондықтан да педагогикалық ілімдер, теориялар, үлгілер,
болжамдар және ұсынылымдар төтас және жүйелі білімнің іргесінде
қөрылады: олар психология, философия, тарих, әлеуметтану және басқа да
адам туралы ғылымдарда "жетіледі".
Төртіншіден, педагогика өзіне оқытумен тәрбиелеудің теоретикалық
және практикалық аспектілерін қоса отырып, оқыту пәнін анықтайды.Бесіншіден, педагогиканың мағынасы қазіргі заманғы жалпы мәдени контекстегі гуманитарлық білімнің бөліміне енеді. Ол адамның
педагогикалық мәдениетінің сапасында көрінеді.
Педагогика, түптеп келгенде, "мәңгілік" проблемалармен айналысатынына қарамастан, оның пәні нақты әрі айқын: бөл - оқу-тәрбие мекемелері жүзеге асыратын тәрбие беру қызметі. Педагогика Өзінің бүкіл іс-қимыл әрекетін қоғамда пайда болған тәрбие мен білім беруге, оқытып- үйретуге қатысты өзекті мәселелерді жедел шешуге жөмылдырып, бағыттап отыратын қолданбалы ғылым ретінде қаралады. Педагогиканың даму негіздері - адамдардың өмір салтын, дәстүр-дағдысы, әдеп-ғөрпы, халықтық педагогикада берік орныққан тәрбие беру тәжірибесінің сан ғасырлық ғибрат-тағылымдары, философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектері, тәрбие берудің әлемдік, жеке отандық ағымдағы тәжірибесі. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулердің деректері, бірегей идеяларымен білім беру және өрпақ тәрбиесі ісін байытып, жетілдіріп отыратын жаңашыл өстаздардың тәжірибесі және қазіргі тез Өзгеріп отырған жағдаймен үйлестірілген тәрбие беру жүйелері болып табылады
Педагогика - кең ауқымды, сан салалы ғылым. Оның зерттейтін пәнінің күрделілігі сондай, жеке, тіпті аса жан-жақты ғылымның Өзі оның мәнін, барлық байланыстары мен қөралдарын қамти алмас еді. Ақпарат-деректерді жинай отырып, өзақ даму жолынан Өткен педагогика бүгінгі таңда ғылыми білімнің сан салалы жүйесіне айналды. Сондықтан қазіргі заманғы педагогиканы тәрбие туралы ғылымның жүйесі деп атаған жөн.
Педагогиканың осы заманғы ең қысқа, жалпы және сонымен қатар шартты түрдегі дәл анықтамасы - бұл адамды тәрбиелеу туралы ғылым.
Тәрбие - жеке төлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және өйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс. Педагогикада "тәрбие" өғымы әлеуметтік мәні төрғысынан кең және тар мағынада қолданылады.
Аға өрпақтың Өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі өрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Тәжірибеге адамдарға белгілі білім, шеберлік, ойлау әдістері, адамгершілік, әдептілік, қөқықтық нормалар - бір сөзбен айтқаңда, тарихи даму процесінде жасалып, берік қалыптасқан адамзат баласының бүкіл рухани мөралары жатады.
Алдыңғы ұрпақтың тар жол, тайғақ соқпақтарында жинақталған өмірлік тәжірибелерін келер өрпақ пайдаланып, байытып отырды, соның арқасында адамзат баласы жан сақтап, тіршілік етіп, бірте-бірте буыны бекіп, қатайды және осы заманғы даму деңгейіне жетті. Тәжірибе жоғалған жерде тәрбие қайнары тартылып, шөлге айналады, мөндай оқиғаларды тарих айғақтады. Тәрбие ісін дөрыс жолға қойған халық ғана өз дамуында үлкен табыстарға қол жеткізетінін қоғам дамуының тарихи процесі айқын дәлелдеп отыр.
Әрбір ғылым, өз мәселелерін алдымен өғымдық түсініктемелерге сай қарастырады. Олай болса, педагогика ғылымының да өзіндік өғымдары, яғни категориялары бар. Педагогикалық категория дегеніміз ғылыми сараланған төжырымдарды білдіретін негізгі педагогикалық өғымдар. Дәлірек айтқанда, болмыстың жалпы белгісін, басты сипатын айқындайтын ғылыми өғым. Негізгі педагогикалық категорияларға тәрбие, оқыту және білім беру жатады. Педагогика ғылымы, сондай-ақ даму және қалыптасу, қайта тәрбиелеу сияқты жалпы ғылыми категорияларға сүйенеді және оларды өзіне негіз етеді.
Тәрбие - тарихи ұғым. Ол адамзат қоғамымен бірге пайда болып, оның Өмір сүруі мен дамуының ажырамас бөлігіне айналды және қоғам өмір сүріп төрғанда ол да өмір сүретін болады. Сондықтан да тәрбие - жалпыға ортақ және мәңгілік категория[5].
Көптеген философтар қоғам өмірін басқарып, реттеп отыратын заңдарға талдау жасай отырып, тәрбие мен қоғамның Өңдірістік күштерінің даму деңгейі арасында объективтік байланыс бар екенін дәлелдеді. Тәрбие қоғам дамуына ықпал етеді, ал қоғам тәрбие беруге кең мүмкіндіктер жасайды, оның қоғам өмірінің маңызды саласы ретінде дамуына жағдай туғызады.
Тәрбиенің бағыт-бағдары, сипаты өндірістік күштердің даму деңгейіне және өндірістік қатынастардың сипатына сәйкес келеді. Сондықтан да тәрбие нақты-тарихи сипатқа ие болады.
Қоғамдық-экономикалық формация нысанының өзгеруі тәрбие нысанының да өзгеруін туғызады. Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты тәрбиенің мақсаты, міндеттері, нысандары өзгереді.
Тәрбиенің тар педагогикалық мәні - бұл тәрбиеленушіге ұжымның, тәрбиешілердің ұйымдасқан, нысаналы және басқарылып отыратын іс-қимылы, ол оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылатын және бүкіл оқу-тәрбие процесін қамтитын алдын ала белгіленген сапаларды тәрбиеленушілерде қалыптастыру мақсатын көздейді.
Педагогикада, өзге де әлеуметтік ғылымдарда да "тәрбие" үғымы біртөтас тәрбие беру процесінің қөрамдас бөліктерін айқындау үшін қолданылады. Айталық, мысалы, "адамгершілік тәрбиесі", "эстетикалық тәрбие".
Негізгі педагогикалық категорияларға кейбір ғалым-педагоггар "өзін-өзі тәрбиелеу","өзін-өзі білімдендіру","өзін-өзі жетілдіру", "педагогикалық процесс", "әлеуметтендіру" сияқты жалпылама үғымдарды да өсынады. Аталған өғымдардың педагогика теориясының маңызды қөрамдас бөлігі ретінде мойындай отырып, олардын өзіндік мәнін арнаулы мәселелерді зерттеу көзінде қарастыратын боламыз.
Жоғарыда айқындағанымыздай, тәрбие жалпыға ортақ және мәңгілік категория. Бөл тәрбие барлық уақыт пен халыққа жарамды дегенді білдіреді ме? Әрине, жоқ. Солай десек те, жаңа әлеуметтік-экономикалық формация қираған ескі қоғам үйіндісі үстінде пайда болады: адамзат баласының қол жеткізген мәдени деңгейінде тарихи сабақтастық бар. Тәрбиенің барлық әлеуметтік-экономикалық формацияларға тән кейбір ортақ белгілері болады және олар сол қоғамның бүкіл тарихи дамуы барысында көрініп отырады деген сөз. Бөл орайда, сіз осылардың қайсысын бөліп көрсеткен болар едіңіз деген сауал қойылса, дұрыс жауапты қиналмай табу үшін дәйекті төжырымдар келтіріп көрелік.
1. Әрбір қоғамдық қөрылыстың өзіне тән тәрбие мақсаттары, нысандары мен әдістері болады.
2. "Тәрбие" деген ғылымға кіретіндердің бәрі, атап айтқанда, алға қойылған мақсаттардың болуы, жиналған тәжірибені келесі өрпаққа беру, тәрбиені ұйымдастыру, оның деңгейінің өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың деңгейіне сәйкес келуі барлық қоғамдық-экономикалық формаларда бірдей.
3. Тәрбиенің барлық тарихи түрлеріне ортақ нәрсе - жеке түлғаның жан-жақты дамуына қамқорлық жасау.
4. Кез келген қоғамдық формацияда жас өрпаққа белгілі бір білім қөндылықтары, жалпы адами тәжірибе беріледі, оларды қоғамдық-өндірістік өмірде белгілі бір роль атқаруға даярлайды, мінез-құлықтарын қалыптастырады.
5. Адамдар материалдық игіліктерді өндіре отырып, өзінің бүкіл өмір астарларын қайта жаңғыртады, өндіріс процесінде адам да әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалыптасады.
6. Тәрбие беру қызметінің мақсаттарындағы, нысандарыдағы барлық принциптік айырмашылықтарға қарамастан, бөл қызметте саналы түрде көзделінген мақсат болады, олар: белгілі сипаттағы жеке төлғаны қалыптастыру, оны қажетті сапалық қасиеттерге (адамгершілік, парасаттылық, эстетикалық және басқа) баулу. Сонымен, тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғам сөранысын қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы. Адамдар бойында ізгі-құндылық қасиеттерді қалыптастырға мақсатты бағдарланған, сонымен қатар сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Педагогиканың келесі негізгі категориясы - оқыту. Бұл оқытушылар мен оқушылардың білімді, қабілетті, дағдыларды бойға сіңіріп, игеруге, оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға, ақыл-ой күштері мен әлуетті мүмкіндіктерін жетілдіруге, алға қойған мақсаттарға сай өзін-өзі білімдендіру дағдыларын орнықтыруға бағытталған ұйымдасқан, мақсатты және басқару арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-қимыл жасау процесі. Оқытып-үйретудің негізін білім, қабілет және дағды қөрайды[6].
"Тәрбие" мен "оқытып-үйрету" ұғымдары бір-бірімен қабысып, Өзара астасып жатқан категориялар.
Білім беру - тәрбиенің және оқытып-үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім беру оқып үйренген пәндер туралы нақты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді қалыптастыру және олар арқылы тәрбиелеу болып табылады. Білім беру - бөл оқушылар алып, меңгеретін білімдердің, қабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы. XІX ғасырда білім алу адамның қалыптасуы ретінде түсінілді. Қазіргі кезде адамзат баласы жинақтап, зерделеген білім негіздері өшан-теңіз, адам қаншама ұзақ уақыт оқып-үйренсе де, осыншалық білімнің бәрін бірдей игере алмас еді[7].
Ғылым адамзат мәдениеті саласындағы өте күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Ол бүгінгі күні көптеген пәндердің (ғылым тарихы, ғылым социологиясы, ғылыми зерттеудің логикасы мен әдістемесі, ғылым психологиясы, ғылым экономикасы) зерттеу нысанына айналды.
Ғылым - ақиқат жайындағы әділ білімдерді жасайтын және теориялық тұрғыда жүйелейтін адам әрекетінің саласы. Демек ғылым білім алу мақсатындағы жұмыс. Ғалым А.И.Ракитов ғылым дайын құрал емес, жаңалық жасалатын ұстахана десе, енді бір анықтамада ғылым таным ағашының өнімі ғана емес, сол өнім шығатын ағштың өзі делінеді. Ғылымның негізгі мақсаты ақиқатқа қол жеткізу[8]. Ғылым - адамның іс әрекетінің нәтижесі. Мұндай әрекет негізінде жаңа білімдер, теориялар жасалады. Ғылым- білім негіздері, әсіресе ғылыми әдістерді жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер. Оның мақсаты мен атқаратын қызметі сыртқы дүние мен ғаламның өзі жайлы теориялар жасау мен жүйелеу. Ғылым дін, көркем әдебиет, философия сияқты адамның қоғамдық санасының бір саласы.
Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында Ғылым қазіргі кезде қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен үрдісін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.Ғылымды жасау негізінде ғылыми білім жинақталады. Ғылыми білім ұғымын талдамас бұрын жалпы білім терминінің мәнін ашқан жөн болады. Білім - адамның танымдық әрекетінің нәтижесін жүйелеу формасы. Білім арқылы біз өз істерімізді ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, ол үрдісте пайда болатын түйткілді мәселелерді шешеміз. Білім тар мағынада - адамда алға қойған мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін белгілі бір ақпарат мөлшерінің болуы. Білім ғылыми және ғылымнан тыс болып бөлінеді.
Ғылыми білім - табиғаттың, қоғамның, ойлаудын зандылықтары жайында білімдер жүйесі. Ғылыми білім әлемнің ғылыми бейнесінің негізін қалайды және оның даму заңдылықтарын көрсетеді. Ғылыми білім күрделі дамып келе жатқан жүйе. Ғылыми білім: логикалық тұрғыда негізделген, дәлелденген, танымдық нәтижелерін қайта өндіруге болатындығымен сипатталады. Ғылыми білім: эмпирикалық (бақылау мен тәжірибе негізінде) және теориялық (абстрактылы нобайларды талдау негізінде) болып бөлінеді[9].
Ғылымнан тыс бөлімдер: парағылым (пара - грек тілінен аударғанда жанында), псевдоғылым, квазиғылым, (қорқыту, мәжбүрлеу әдістерімен алынады), күнделікті - практикалық (жеке тәжірибе, рецептер т.б,) болып бөлінеді. Белгілі ғалым Г.Н. Волков өзінің Ғылым социологиясы атты еңбегінде ғылымды дайын білім емес, сол білімді алуға бағытталған әрекет екендігіне тоқталады. Мұны ғылыми әрекет деп тану қабылданған[10].
Ғылыми әрекет - ғылыми білімді тудырады және өзіне деген әсерді сезінеді. Сондықтан да субъектінің белсенділігі ғылыми әрекетті және оның ішкі компоненттерін бекітетін фактор болып есептелінеді. Ғылым өрісіндегі іс-әрекет ғылыми зерттеу, білімді, нақтырақ айтсақ, ғылыми білімді жалпылайтын іс-әрекет.
Ғылыми зерттеу іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлшектері: мәселені анықтау, мақсатты, міндеттерді қою; қолдағы бар ақпаратқа алдын - ала талдау жасау; бастапқы болжамдарды тұжырымдау; болжамдарға теориялық талдау жасау; экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру; эксперимент жасау; алынған нәтижелерді талдау және қорытындылау; алынған деректер негізінде бастапқы болжамдарды тексеру; жаңа деректер мен заңдардың соңғы тұжырымдамасы, түсіндірме немесе ғылыми нәтижелер алу.
Зерттеу іс-әрекетінің тікелей мақсаты мен жоғарғы құндылығы - объективті ақиқат. Ғылыми білім бұл ретте зерттеу пәнінің, құбылыстардың, үрдістердің негізгі сипаттамасын, айтарлықтай қасиетін ашатын түсіндірмелі білім болып саналады да дәлелдеулер, деректер, нақты сандық көрсеткіштер арқылы расталады. Ғылыми білім мына томендегі үш жақты міндетті шешу арқылы алынады: зерттеу құбылысын немесе ақиқат үрдісін суреттеу, түсіндіру, алдын - ала болжау.
Мұндағы муреттеу дегеніміз нысанның немесе құбылыстың атауы (белгісі), оның құрылысы, оның бөлшектерінің атауы туралы, құбылыстың, оқиғының, үрдістің даму барысы туралы, нысанның немесе құбылыстардың оларды танып білуге, тәртіпке келтіруге және бір жүйеге жинақтайға болатын жалпы және ерекше, қажетті, сонымен бірге жеткілікті, елеулі және елеусіз белгілері туралы ақпарат.
Түсіндіруге нысандар мен құбылыстардың байланысы мен қатынасы жайындағы, оның ішінде тұрақты байланыстар мен қатынастар тіралы ақпараттар жатады. Суреттеуді түсіндіруден ерекшелейтін, мақұлдайтын және дәлелдейтін екі бөлігі бар. Түсіндірудің бірінші бөлімінде ауызша мақұлдау немесе нақты түсіндіру түріндегі заңдар, қасиеттер, ұстанымдар тұжырымдалады.
Ғылыми болжам жайында құралдың кейінгі тарауында нақты тоқталатын болғандықтан, бұл жерде болжам дегеніміз ойша, жалпы түрде, айқындалған заңдарға сәекес бүгінгі жеке-жеке үзінділер бойынша болашақтың үлгісін құру - деп қысқа қайырып отырмыз.
Ғылымға объективтілік тән. Ғылыми білім объективті жағдайға сәйкес келсе ғана, шынайылық заңдылықтарын көрсетеді.
Ғылымда қол жеткізген нәтижелер негізінде зерттеу нысанына алынып отырған, қарастырылып отырған түйткіл қайта өндіріліп, жаңа жетістіктер алынуы тиіс. Бұл мәліметтерге қол жеткізген зерттеушының қолданған әдістемесі бойынша белгіленген мәліметтерді (деректерді, заңдылықтарды) қайта алу мүмкіндігі. Егер белгілі бір жағдайларда белгілінген деректерді басқа зерттеушілер қайта өндіре алмаса, оны ғылыми деп тануға болмайды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесін ғылымға балау үшін алынған нәтижелердің жаңалығы болуы шарт. Ашылған ғылыми білім объективті жаңалығымен ерекшеленуі тиіс, яғни жалпы мәдени мағынада жаңа білім болу керек. Тек сонда ғана ғылым шынайылық туралы объективті білімнің пайда болуы мен теориялық жүйеленуі орын алаиын адамзат іс-әрекетінің өрісі ретінде анықталыды.
Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский [11].
Сонымен қатар, Я.А.Коменскийдің ізімен батыс еуропалық педагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, неміс педагогы Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег[12], орыс педагогы К.Д.Ушинский[13] және т.б ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды.

Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауы гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу деген сөздерінен шыққан. "Пайдагогос " сөзін тура мағынасында аударса, "бала жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. Яғни, баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналысқан[14].
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ењ Ұміршењі, ењ қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе өмірге келіп, уақыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтап, жүйелеуді өзінің алдына басты міндет етіп қойды.
Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.

Біріншіден, педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбір адамөзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін
тәрбиелеуде және оқытуда өмір ағымында "педагог" рөлінде ойнайды.
Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен ұрпақтың кішіге берілген өмірлік тәжірибесімен байланысты. Бұл жерде халықтық (житейлік) педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу өнерімен өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез-келген ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші, тек қана студенттер үшін ақпараттардың көзі болу қажет емес, ол әртүрлі рөлдерді ойнаушы - актер: мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық процестің қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателікті жіберткізбейтін әрекет, немесе оқытушы қатесі өте қымбатқа түседі. Педагогиканың өнерге қатыстылығын күнделікті өмірден көріп жүрміз сондықтан, оқытушы студентке тек өзінің кәсіби күші арқылы ғана емес, сонымен қатар, өз тұлғасының ерекшеліктері де әсер етеді (мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға және т.б. қатынасы).
Үшіншіден, педагогика ғылым ретінде түсіндіріледі, сонымен қатар, адамтанудың бөлігі. Педагогика танымы қоғамдық және жеке даралық, табиғаттың келеңсіз үйлесіміндегі адамның дамуы мен әсері тәсілдерін жетілдіреді. Сондықтан да педагогикалық ілімдер, теориялар, үлгілер, болжамдар және ұсынылымдар тұтас және жүйелі білімнің іргесінде құрылады: олар психология, философия, тарих, әлеуметтану және басқа да адам туралы ғылымдарда "жетіледі".
Төртіншіден, педагогика өзіне оқытумен тәрбиелеудің теоретикалық және практикалық аспектілерін қоса отырып, оқыту пәнін анықтайды.
Бесіншіден, педагогиканың мағынасы қазіргі заманғы жалпы мәдени контекстегі гуманитарлық білімнің бөліміне енеді. Ол адамның педагогикалық мәдениетінің сапасында көрінеді.
1.2 Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі
Методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып, зерттеуді анықтайды:
oo зерттеу объектісін және пәнін;
oo оларды шешу реттілігін;
oo қолданылатын әдістерді.
Шартты түрде ғылыми зерттеулердің екі негізгі кезеңі ажыратылды:
А) эмпирикалық
Б) теориялық
Эмпирикалық кезең фактіге негізделген қорытынды материалды алумен және бірінші реттік өңдеумен байланысты. Әдетте ақиқат және ғылыми фактілерді бөледі.
Ақиқат фактілері - бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.
Ғылыми фактілер - бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.
Эмпирикалық кезең жұмыстың екі сатысынан тұрады:
Бірінші сатысы - бұл фактілерді алу және табу процесі
Екінші сатысы - олардың өзара байланысында фактілердің бағасын және бірінші реттік өңдеуді өзіне қосады (енгізеді):
oo ғылыми тіл терминінде алынған фактілерді ойластыру және қатаң бақылау;
oo әр түрлі негіздер бойынша фактілер классификациясын және олардың арасындағы негізгі тәуелділікті айқындау.
Бұл кезең барысында зерттеуші жүзеге асырады:
А) маңызды емес және кездейсоқ қоспалардан оларды тазарта отырып, әрбір фактінің тексерісін және сындық (критикалық) бағасын;
Б) зерттеу жүргізілетін ғылымның айналасында анықталған терминді, әрбір фактіні сипаттау;
В) негізгі даму тенденцияларын көрсететін және неғұрлым қайталанатын барлық типтік фактілерді сұрыптау;
Г) оларды жүйеге келтіретін маңыздылығы бойынша, үйретілетін құбылыс түрлері бойынша фактілер классификациясын;
Д) үйретілетін құбылысты сипаттайтын заңдылықтар [15].
Эмпирикалық деңгейде зерттеу, яғни іріктелген фактілердің өзара байланысын көрсетеді.
Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.
Ол құбылыс түсіндірмелерімен, заңдарды сандық және сапалық формадағы тұжырымдамасымен және танумен, зерттелетін құбылыстың мәніне өтумен, фактінің терең анализімен байланысты.
Ары қарай бұл кезеңде мүмкін болар оқиғаларды болжау және оқытылатын құбылыстардағы өзгерістер жүзеге асырылады, осы құбылыстарға тәжірибелік әсер ету ұсыныстары, әрекет принциптері өңделеді.
Периодты заңды бірінші ашқан ұлы Менделеев ғылыми зерттеу тапсырмалары туралы былай айтты:
Үйрену - бұл:
А) жай бейнелеу немесе сипаттау емес, белгіліні үйренуге қатысын білу;
Б) өлшеуге жататындардың барлығын өлшеу;
В) сандық және сондай - ақ сапалық мәліметтерді қолданып, белгілі жүйеде үйретудің орнын анықтау;
Г) заңды табу
Д) үйретілетін оқиғалар арасында себептік байланыс болжамдарын құрастыру;
Е) гипотезхаларды тәжірибеде тексеру;
Ж) үйренудің теориясын құрастыру [16].
Теориялық кезең өзіне жалғастырушы жұмыс кезеңдерінің қатарын қамтиды. Эмпирикалық және теориялық кезең арасындағы байланыстырушы топ мәселе құрылымы болып табылады.
Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі міндеттердің бірі - студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, өзіндік жұмыстармен байланстыра отырып дамыту. Яғни, студенттер жоғары оқу орындарында білім алып жүрген кездің өзінде - ақ ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін ғылыми - зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс - тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет.
Осыдан келіп, студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын орындауда олардың дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру - білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмысы - алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми - зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейкесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Ғылыми баяндамалар - аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми - зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.
Рефераттық жұмыс - ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми - ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.
1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.
2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.
Студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті - барлық студенттерді таңдаған мамандығы аясында ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен және практикалық дағдыларымен таныстыру. Бұл функциялардың орындалуына оқу үдерісіне енгізілген, сондай - ақ оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми - зерттеу жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.
Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолдануда назарға алынған проблема жан - жақты айқындалады, оның біршама қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс - әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz