Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі
Тақырыбы: Қазіргі кездегі оқыту құралдары мен әдістері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Оқыту процесі, мақсат-міндеттері, заңдылықтары, принциптері мен өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Оқытудың қазіргі технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2 ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
2.1. Оқытудың әдістері және оларды топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...17
2.2. Оқытудың құрал - жабдықтары мен формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 3
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - қазақстан дамуының басты бағыты атты халыққа жолдауындағы 7-бөлімінде: Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Адам әлеуеті деңгейін арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын алға жылжыту болып табылады - деп көрсеткен [1].
Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр. "Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу обьектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьект ретінде көрінуімен бедерленеді"- делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, мынадай мақсатқа жету - білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс- тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың \ тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.
Ұлы ғалым-педагогтар (Әл-Фараби [2], Я.А.Коменский[3], И.Г. Песталоцци[4], Ж.Ж.Руссо[5], И.Герберт[6], А.Дистерверг[7], К.Д.Ушинский[8], Ы.Алтынсарин[9] т.б) оқыту әдістері арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен дербестігін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес.
Жалпы оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық. 20-жылдары Ресейлік Б.Е.Райков[10], К.И.Ягодовский[11], М.М.Пистрак[12] оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін ұсынды. 30-жылдары Ресейлік М.М.Пистрак, П.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников[13] оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмысты ұсынды.
Қазақстанда оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту
әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты Р.Г. Лемберг[14], Т.С. Сабыров[15], Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев[16] және т.б. еңбектерін атауға болады.
Дидактикалық түрге негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың жолдары арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді байланыстыру арқылы іске асады. 1997-1998 оқу жылынан бастап мектептер оқытудың жаңа мазмұнына көше бастады. Осыған орай жалпы мектепте берілетін білімнің тұжырымдамасы, мектептік стандартты, жаңа типтік оқу жоспары мен бағдарламалары жасалды. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандарттарында көрсетілгендей білімнің мазмұны өзгерумен бірге әр пән бойынша білім мазмұнын оқытудың әдістемесі де түбегейліөзгеріп отыр. Оқыту жүйесінде оқыту әдістерінің қолайлы етіп таңдаудың теориялық қағидалары мен тәжірибесінде бірізділіктің болмауы байқалуда. Осыдан келіп оқыту әдістерін тиімді қолданудың теориясы мен тәжірибесі арасында қарама-қайшылық орын алуда. Осы қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында зерттеу тақырыбын деп алдық.
Зерттеудің пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі
Зерттеудің нысаны: болашақ мұғалімдердің оқу процесінде әдістердің, құралдың тиімді қолдануы.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мамандардың педагогикалық ғылымының негізгі міндеттерін түсіне отырып теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу, ғылыми-әдістемелік мағлұматтар алу. Болашақ мамандардың іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен мән-мағынасына орай оқутудың әдістерін және құралдарын тиімді қолданудың жолдарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқыту әдістерін саралау және олардың ерекшеліктері мен мәнді белгілерін айқындау мәселесіне шолу жасау.
2. Оқытудың жалпы теориялық әне әдістемелік негіздерін айқындай келе оқытудың әдістерін, құралдары мен формаларына терең мағлұмат беру.
Зерттеудің базасы: жоғарғы оқу орны ТарМПИ.
Зерттеудің әдістері: сұрақ-жауап, анкеттеу, бақылау және т.б. қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі тараушадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
1 ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1.Оқыту процесі, мақсат-міндеттері, заңдылықтары, принциптері мен өзіндік ерекшеліктері
Оқыту процесі - оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бәрімізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі. Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері. Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары: - білім беру - бұл мақсат окушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді: - тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершілік үйлесімді дамыған тұлғасын мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты - дамытудың қоғамдық - тарих тәжірибесінің жан - жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже[17]. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді. Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педагогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін қызмет ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі -- оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі -- оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тербиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі). Адамның дамуы - бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор. Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі -- түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феномен мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктсрі - зандарды құрайды. Оқыту процесінің заңдылықтары: Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ыкыласын қажет етеді. Оқушылардың жеке жөне ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу зандылығы. Бұл заңдылык мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды. Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез - құлықтарын ескеруді және оқу -тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.
Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Соңдықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тірішілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек. Сонымен, оқыту үрдісінің заңдылығы - құбылыстар мен үрдістердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс. Жалпы заңдылықтар: - оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру, - ол білім беру,тәрбие және дамыту процестерімен байланысы, - оқыту процесі оқушыны нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді, - білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты, - оқытудын мазмұны ғылымның даму логикасы және деңгейіне, қоғамның талабын көрсететін міндеттеріне тәуелді, - оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және міндеттеріне тәуелді, - оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді, - үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етеді. - Оқытудың барлығына тән зандылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз: - Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады,егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту тәсіліне сәйкес келсе. - Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына байланысты. - Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын, әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады. Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді. Оқыту процесін танымньщ арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде - қарама-қайшылықтарында түсіңдіру керек. Осыған байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шыңдық жолында тұрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкеңді кішілі серпілістердің, құлдыраудың, күтпеген ойлардың туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индуция да, мәңдісі де, мәнсізі де болады.
Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі -- өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері (кесте 1 қараңыз).
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
-- білім беру -- бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
-- тәрбиелеу -- әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты -- дамытудың қоғамдық -- тарих тәжірибесінің жан -- жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін қызмет ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі -- оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі -- оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тербиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы -- бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі -- түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феномен мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктсрі -- зандарды құрайды.
Оқыту процесінің заңдылықтары:
Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ыкыласын қажет етеді.
Оқушылардың жеке жөне ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу зандылығы. Бұл заңдылык мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.
Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез -- құлықтарын ескеруді және оқу -тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.
Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының ОТҚ мүмкіндіктеріне сәйкестігі. ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.
Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Соңдықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тірішілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек [18].
Сонымен, оқыту үрдісінің заңдылығы -- құбылыстар мен үрдістердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс.
Жалпы заңдылықтар:
-- оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру;
-- ол білім беру,тәрбие және дамыту процестерімен байланысы;
-- оқыту процесі оқушыны нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді;
-- білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты;
-- оқытудын мазмұны ғылымның даму логикасы және деңгейіне, қоғамның талабын көрсететін міндеттеріне тәуелді;
-- оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және міндеттеріне тәуелді;
-- оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді;
-- үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етеді;
Оқытудың барлығына тән зандылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз. Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады,егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту тәсіліне сәйкес келсе. Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына байланысты. Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын, әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады.
Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.
Оқыту процесін танымньщ арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде -- қарама-қайшылықтарында түсіңдіру керек. Осыған байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шыңдық жолында тұрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкеңді кішілі серпілістердің, құлдыраудың, күтпеген ойлардың туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индуция да, мәңдісі де, мәнсізі де болады.
Жалпы ретті қарама-қайшылықтар пайда болады:
-- қоғамдық -тарихи білімдері көлемі мен оқушының оны меңгерген көлемі арасында;
-- оқушының жеке танымдық іс-әрекеті және қоғамдық -тарихи танымы арасында;
-- оқушының қол жететін даму деңгейімен оқыту барысында алға жетелейтін оқу міндеттері арасында;
-- жеке ретті қарама-қайшылықтар пайда болады;
-- бұрынғы білім деңгейі мен оны жататын жаңа білім арасында;
-- білім мен оны біліктілікпен қолдану арасында;
-- оқуға және оқытуға оқушыларды қол жеткен және кажетті қатынас деңгейі арасында;
-- күрделі танымдық міндеттер мен соларды шешу үшін бұрынғы кемшіліктері әдістері арасында.
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі де сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерлікгерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастары арасыңдағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді[19].
Педагогакалық үрдістің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық үрдістін ішкі қозғаушы күші танымдык еңбек, практикалық, қоғамдық сииаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасыңдағы қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші -- бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құраддары мен мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.
Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін
мәнді болып, оқьпудың қозғаушы күші бола алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі -- олардың анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқьпудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың болуы шартты -- оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі. Оқушылардың білімді тек қана ұстап қалмауы, соған тіреліп қалмас үшін және өз беттерінше шешу тәсілдерін табу үшін, оқыту процесінің барысында логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.
Оқытудың принциптері оқыту процесінің заңдылықтарынан дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мекгептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.
Принциптері -- бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез -- құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, опың тұлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады немесе оны қажет етпейді.
Ал, зандылықтар тұлғаның еркіне тәуелді емес: ол оны тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.
Оқыту принциптері -- оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, неігзгі жағдайлар. Оқыту процесін құрылымдауда оқытудың ұстамдарына сүйенуге міндетті болғаңдықтан, оларды әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:
1)Оқытудың саналылық, белсенділік және өз бетіншілік принциптері оқушылардың сабақтың мақсаты мен міндетіне жауапкершілігін, оның практикалық мәінін ұғынуды қажет етеді. Оқытудың тиімді әдістері, ОТҚ және басқа да көрнекі құралдар қазіргі кездегі әдістемелер тәсілдері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, жаңа материадды оқу және оны тәжірбиеде қолдану процесінде шығармашылықтың, белсенділіктің дамуына қабілеттендіреді.
2)Оқытудың көрнекілік принципі, көрнекіліктің сабақтың мақсатына және мазмұнына жауап беруіне, айқын мазмұнды болуына, ұғымды әрі түсінікті болып, шығармашылық және әдістемелік жағынан дұрыс қолданынуына бағыттайды.
3)Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік принциптері: оқу пәнінің білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау жасауды; оқу сабақтарының нақты жоспарын іске асыруды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды талап етеді.
4)Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл -- ой және дене мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру; оқу материалының және олардың мазмұндалу қарқынының күрделілігіне; оқушылардың бастапқы дайындығының деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп оқытуға; оқушылардың оқу әрекеттерінің қиыншылықтарын жеңуге саналы қатынасын тәрбиелеуге бағдарлайды.
5)Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі принцині: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды; оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бақылау жүргізуді талап етеді.
6)Оқытудың топтық және жеке тәсілдері принципі; балаларды келісімге негізделген бірлестік әрекеттерде оқытуға, топта жағымды психикалық жағдайда оқытуды болжайды.
Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін тандауды белгілейтін принциптері ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.
Бихевиризм және прагматизм -- оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл -- ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға болады деген зандылықтардан шығады.
Жаңа бағыттардьщ ішінде ерекше назар аударуға тұратыны: Д.Брунер (АҚШ) жасаған жаңалық ашу арқылы оқыту тұжырымдамасы. Д.Брунердің тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін талап ететін және саналы ойлауға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс. Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Брунердің пікірі бойьшша, белгілі бір тақырып бойъшша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.
Педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан практикалық принципі қазіргі тандағы дидактиканың төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:
1. Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары құрайды (гносеологии).
2. Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі тандағы дидактикалық жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді, не қиыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өз беттерінше жеке жаңалық аша оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсеңділіктерінің, педагогикалық басқарудың саналы үйлесімділігінде.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруте болады.
Ғалым объективті жаңаны, ал оқушы -- субъективті жаңаны таниды, бірақ қандай да бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.
Ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінің көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқытушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. Ғалым мен оқушы танымның арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан, бұл үрдістер негізінен ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.
Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережслерді біріктіреді: танымның жалпы өдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік жөне субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектсудік және шамалық; қарама-қайшылыктың рөлі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; әдіснамалык принциптер (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерменизм, тарихилық және диалектикалық таным принциптері).
Осы қағидаларға сүйене отырып, мына инварианттық тұрғыдан басшылыққа алу қажет.
1.2 Оқытудың қазіргі технологиялары
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
:: білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
:: ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс - қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
::баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
:: мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
:: қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде[20].
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
:: есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
:: білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
:: оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология - бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев[21] педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология - бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин "Педагогикалық технология -- бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті", - деп анықтайды.
Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық оқыту технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен пайдалануда әр түрлілік басым.
Технология - Теһnе - искусство, ремесло, мастерство, учение - деген мағынаны білдіретін грек сөзі.
"Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы", - деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген.
Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді[22]. Кларин М.В.
Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі [23]. Монахов В.М..
Технология - дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі. Чошанов М.
Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы[24] Беспалько Б.П..
Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз -- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет кұралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту технологиясы - оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе кызметін атқарады [25] Селевко Г.
Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады:
Жалпы педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритмі кіреді.
Салалық пәндік - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локалъдік модулъдік - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.
Салалық пәндік және локальдық модульдік деңгейлеп оқыту әдісімен үндес, тек айырмашылық технологияда процессуалдық өлшемдік, сапалық және вариативтік - бағдарлық компоненттерге басым көңіл бөледі.
Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді.
Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиыны.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу - іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінін нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының рөлін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқу -тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент).
2 ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ФОРМАЛАРЫ
2.1. Оқытудың әдістері және оларды топтастыру
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
:: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
:: мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
:: оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
:: жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әртүрлі. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді. Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс [26].
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз.
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Әңгіме - оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас" дейді[27]. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz