Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Тақырыбы: Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс).
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҒЫЛЫМИ БІЛІМ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
0.1 Ғылым, ғылыми зерттеу, ғылыми білім, ғылыми әрекет т.б. ұғымдары жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
0.2 Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ, ЗЕРТТЕУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
0.1 Педагогикалық зеттеудің ғылыми аппараты, логикалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
0.2 Зерттеу нәтижелерін түсіндіру, сынақтан өткізу және рәсімдеу ... ... ... ...36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Ғылым - бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.
Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.
Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.
Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады.
Педагогикалық зерттеу - оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдеріті және нәтижесі, танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі компоненттері: мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерін алдын ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру, алынған мәліметтерді талдау және жинақтау, мәліметтер мен заңдарды түпкілікті тұжырымдау, түсініктер мен ғылыми болжауды алу. Кез-келген педагогикалық зерттеу логикасын ортадағы ғылыми таным этаптарында көрсетуге болады. Ол педагогикалық болмыстағы эмпирикалық суреттеу. Эмпирикалық суреттеуде дәлелдер (фактілер) бейнеленеді. Дәлелдер - бұл жаңа оқулықтар мен педагогикалық ұжымның жұмысы, мұғалімдердің сәтті немесе сәтсіз жұмыстары, оқу материалдарының анықталған түрлері, оқыту тәрбиелеуде қолайлы болуы мүмкін.
Сонымен қоса, философия, педагогика, психология т.б. ғылым аймағындағы білім беру негізінің зерттеу объектісіндегі теориялық моделі көрсетіледі. Бұдан кейін нақты теориялық модель құрылады. Әрі қарай зерттеуші нормативтік модельге, педагогикалық болып, нақты әрекетке көшеді. Соңында зерттеу жұмысының қорытындысында болашақ педагогикалық әрекеттің жобасы, нақты материал немесе білім беру стандарты алынады. Бұл үдеріс ІІІ, IV т.б. модельдеуге жалғасуы мүмкін.
Зерттеу нысанын анықтау дегеніміз зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Дегенмен, обьект туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни, нысанның қалай қарастырылып жатқанын, ондағы қандай қатынастардың болатынын, оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән - обьектіден кесіп алынған бөлік емес, ол обьектіні қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, оқулық..., ғылыми негіздеме... зерттеу пәні - онда сапалық қалыптасу, оның басқа, тұлғалық тәжірибе қосу... т.б зерттелген. Пәнді бөліп, біз обьектіні тұтас, барлығын, белгілі бір көзқараспен қарастырамыз. Зерттеу пәні зерттеу обьектісі шеңберінде белгілі бір қырынан қаралатын бөлік.
Зерттеу пәні - сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, процесс мінездемесі, құбылыс, маңыздылығын, талаптарын, тенденциясын анықтау, белгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі. Зерттеу пәні - обьект ішіндегі ізденудің шектелген аспектісі.
Зерттеудің мақсаты - педагогикалық құбылыстың себеп-салдарлық байланысы мен заңдылықтарын айқындау және солардың негізінде теория мен әдістемелерді әзірлеу (қандай нәтиже алу көзделеді, сол нәтиже оны алғанға дейін қандай жалпы сипатта көрінеді?) Зерттеу мақсаты: не үшін зерттеу пәні зерттеледі (тәрбиенің ғылыми негізін құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша жаңа ғылыми информация алу, тәжірибе нәтижелерінің талдауы т.б.)
Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған, негізделген жорамалды көрсететін ғылыми білімнің даму түрі.
Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды, тек нақты эмпирикалық деректерге негіздеуден туған жорамал болуы керек.
Болжам - кейбір құбылыстардың өмір сүруі туралы жорамал. Құбылыстың зерделенетін шеңбері жөніндегі белгілі бір білім негізінде ұсынылған болжам басқарушы принцип рөлін, одан ары қадағалау мен экспериментті бағыттаушы және түзетуші рөл атқарады; сондай-ақ ғылыми білімді дамытудағы қажетті буын.
Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді.
Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезеңінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүйеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіруді қамтамасыз етпейтін шартты жол болады. Педагогикалық зерттеулерде болжамды тұжырымдау, әдетте, сол немесе өзге де педагогикалық үдерістер мен құбылыстардың өту жағдайын анықтауға арналып бағытталады.
Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар болжамды құру және тексеру.
Болжамды құру алғашқы берілгендерді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау - сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емес, жаңа құбылыстардың алдын-ала белгілеуге болатын ең дұрыс негізінде жорамал жасауға мүмкіндік береді.
Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күймен салыстыруды жалпыдан жалқыға қарай жүретін ой қорытындылары жолымен жүзеге асырылады. Осының арқасында болжам мақсатқа бағытты ғылыми ізденіс құралы, ғылыми зерттеулерді ұтымды ұйымдастырудың методологиялық негізі ретінде көрінеді.
Ал, ғылыми болжам дегеніміз тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Тәжірибелік қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау- адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде болады.
Болжамды гипотеза қалыптастыру дегенді қалай түсінеміз?
Зерттеу болжамы - шындыққа сәйкестігі дәлелденуі қажет теориялық тұрғыдан негізделген пікірлер жиынтығы.
Негізгі мәселені шешудегі анықталған нақты мақсаттар, оны жүзеге асыру мүмкін емес, зерттеу сұрақтарын және мәселелерін, жеке шығармашылық ізденістің нақты міндеттерін айқындау. Болжам төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Суреттемелік;
2. Түсіндірмелік;
3. Суреттемелік - түсіндірмелік;
- Болжамды зерттеудің негізгі ұғымдарын, категорияларын қосуға болмайды.
- Болжамның қалыптасуында дәлелдердің үлкен шеңберде бағалануы.
- Логикалық зерттеуде стилистикалық безендіруді қажет етеді.
Болжамның құрылымы: егер мынадай және мынадай жаңаны қолданса, немесе қолданыстағы мазмұнды, форма мен әдісті былай да өзгертсе, онда білімді және білікті аса саналы және берік меңгеру қамтамасыз етіледі, оқушының дамуында мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Ал, зерттеу міндеттері дегеніміз - педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе анағұрлым жеке-жеке мақсаттары (мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керек?). Зерттеу міндеттері: ғылыми мәселені зерттеуде зерттеу пәні бойынша мақсаттың дәлдігі, ғылымның жалпы жағдайы бойынша мақсаты анықталады, педагогикалық теория дамуының қажеттілігі, ал зерттеу міндеттері тек қана мақсаттан емес, сонымен қатар зерттеу жұмысының талаптарының есебінен де туындайды.
Жетекші идея - теориялық жүйе негізіндегі анықтаушы ұғым. Сонымен зерттеу логикасына, яғни зерттеу ережесі мен құрылымына сәйкес студенттер типтік оқу жоспары бойынша курстық және дипломдық жұмыс орындайды.
Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы: барлық зерттеу жұмысында жетекшілік ететін теориялық ережесі. Зерттеудің сүйенетін позициясы - ғылым жағдайының терең талдауының нәтижесі. Алғашқы концепция ғылымда зерттелгенді, ғылымда қандай сұрақтарға жауап жоқтығын анықтауға көмектеседі. Гипотезаны құру үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақтылау өте маңызды [1].
Жоғарыда аталған зерттеу элементтері курстық жән дипломдық жұмыстарды орындаудың ғылыми аппараттары болып табылады. Міне, осындан келіп зерттеу тақырыбымызды Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы деп алып отырмыз.
Зерттеу мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мамандарының диплом, курстық және ғылыми жұмыстарымен айналысу барысының дұрыс құрылымын үйрету, оны практика жүзінде дұрыс іске асыру.
Зерттеудің міндеттері:
oo Ғылым, ғылыми зерттеу, ғылыми білім, ғылыми әрекет т.б. ұғымдары жайында мағлұмат алу;
oo Педагогикалық зерттеулердің ғылыми аппаратының құрылымын таныстырып, мәнін ашу;
oo Зерттеу нәтижелерін түсіндіруді, сынақтан өткізуді және рәсімдеуді үйрену.
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, анкета жүргізу, тестілеу.
Зерттеу пәні: Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі.
Зерттеудің нысаны: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҒЫЛЫМИ БІЛІМ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ
1.1 Ғылым, ғылыми зерттеу, ғылыми білім, ғылыми әрекет т.б. ұғымдары жайында
Ғылым адамзат мәдениеті саласындағы өте күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Ол бүгінгі күні көптеген пәндердің (ғылым тарихы, ғылым социологиясы, ғылыми зерттеудің логикасы мен әдістемесі, ғылым психологиясы, ғылым экономикасы) зерттеу нысанына айналды.
Ғылым - ақиқат жайындағы әділ білімдерді жасайтын және теориялық тұрғыда жүйелейтін адам әрекетінің саласы. Демек ғылым білім алу мақсатындағы жұмыс. Ғалым А.И.Ракитов ғылым дайын құрал емес, жаңалық жасалатын ұстахана десе, енді бір анықтамада ғылым таным ағашының өнімі ғана емес, сол өнім шығатын ағштың өзі делінеді. Ғылымның негізгі мақсаты ақиқатқа қол жеткізу[2]. Ғылым - адамның іс әрекетінің нәтижесі. Мұндай әрекет негізінде жаңа білімдер, теориялар жасалады. Ғылым- білім негіздері, әсіресе ғылыми әдістерді жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер. Оның мақсаты мен атқаратын қызметі сыртқы дүние мен ғаламның өзі жайлы теориялар жасау мен жүйелеу. Ғылым дін, көркем әдебиет, философия сияқты адамның қоғамдық санасының бір саласы.
Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында Ғылым қазіргі кезде қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен үрдісін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.Ғылымды жасау негізінде ғылыми білім жинақталады. Ғылыми білім ұғымын талдамас бұрын жалпы білім терминінің мәнін ашқан жөн болады. Білім - адамның танымдық әрекетінің нәтижесін жүйелеу формасы. Білім арқылы біз өз істерімізді ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, ол үрдісте пайда болатын түйткілді мәселелерді шешеміз. Білім тар мағынада - адамда алға қойған мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін белгілі бір ақпарат мөлшерінің болуы. Білім ғылыми және ғылымнан тыс болып бөлінеді.
Ғылыми білім - табиғаттың, қоғамның, ойлаудын зандылықтары жайында білімдер жүйесі. Ғылыми білім әлемнің ғылыми бейнесінің негізін қалайды және оның даму заңдылықтарын көрсетеді. Ғылыми білім күрделі дамып келе жатқан жүйе. Ғылыми білім: логикалық тұрғыда негізделген, дәлелденген, танымдық нәтижелерін қайта өндіруге болатындығымен сипатталады. Ғылыми білім: эмпирикалық (бақылау мен тәжірибе негізінде) және теориялық (абстрактылы нобайларды талдау негізінде) болып бөлінеді[3].
Ғылымнан тыс бөлімдер: парағылым (пара - грек тілінен аударғанда жанында), псевдоғылым, квазиғылым, (қорқыту, мәжбүрлеу әдістерімен алынады), күнделікті - практикалық (жеке тәжірибе, рецептер т.б,) болып бөлінеді. Белгілі ғалым Г.Н. Волков өзінің Ғылым социологиясы атты еңбегінде ғылымды дайын білім емес, сол білімді алуға бағытталған әрекет екендігіне тоқталады. Мұны ғылыми әрекет деп тану қабылданған[4].
Ғылыми әрекет - ғылыми білімді тудырады және өзіне деген әсерді сезінеді. Сондықтан да субъектінің белсенділігі ғылыми әрекетті және оның ішкі компоненттерін бекітетін фактор болып есептелінеді. Ғылым өрісіндегі іс-әрекет ғылыми зерттеу, білімді, нақтырақ айтсақ, ғылыми білімді жалпылайтын іс-әрекет.
Ғылыми зерттеу іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлшектері: мәселені анықтау, мақсатты, міндеттерді қою; қолдағы бар ақпаратқа алдын - ала талдау жасау; бастапқы болжамдарды тұжырымдау; болжамдарға теориялық талдау жасау; экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру; эксперимент жасау; алынған нәтижелерді талдау және қорытындылау; алынған деректер негізінде бастапқы болжамдарды тексеру; жаңа деректер мен заңдардың соңғы тұжырымдамасы, түсіндірме немесе ғылыми нәтижелер алу.
Зерттеу іс-әрекетінің тікелей мақсаты мен жоғарғы құндылығы - объективті ақиқат. Ғылыми білім бұл ретте зерттеу пәнінің, құбылыстардың, үрдістердің негізгі сипаттамасын, айтарлықтай қасиетін ашатын түсіндірмелі білім болып саналады да дәлелдеулер, деректер, нақты сандық көрсеткіштер арқылы расталады. Ғылыми білім мына томендегі үш жақты міндетті шешу арқылы алынады: зерттеу құбылысын немесе ақиқат үрдісін суреттеу, түсіндіру, алдын - ала болжау.
Мұндағы муреттеу дегеніміз нысанның немесе құбылыстың атауы (белгісі), оның құрылысы, оның бөлшектерінің атауы туралы, құбылыстың, оқиғының, үрдістің даму барысы туралы, нысанның немесе құбылыстардың оларды танып білуге, тәртіпке келтіруге және бір жүйеге жинақтайға болатын жалпы және ерекше, қажетті, сонымен бірге жеткілікті, елеулі және елеусіз белгілері туралы ақпарат.
Түсіндіруге нысандар мен құбылыстардың байланысы мен қатынасы жайындағы, оның ішінде тұрақты байланыстар мен қатынастар тіралы ақпараттар жатады. Суреттеуді түсіндіруден ерекшелейтін, мақұлдайтын және дәлелдейтін екі бөлігі бар. Түсіндірудің бірінші бөлімінде ауызша мақұлдау немесе нақты түсіндіру түріндегі заңдар, қасиеттер, ұстанымдар тұжырымдалады.
Ғылыми болжам жайында құралдың кейінгі тарауында нақты тоқталатын болғандықтан, бұл жерде болжам дегеніміз ойша, жалпы түрде, айқындалған заңдарға сәекес бүгінгі жеке-жеке үзінділер бойынша болашақтың үлгісін құру - деп қысқа қайырып отырмыз.
Ғылымға объективтілік тән. Ғылыми білім объективті жағдайға сәйкес келсе ғана, шынайылық заңдылықтарын көрсетеді.
Ғылымда қол жеткізген нәтижелер негізінде зерттеу нысанына алынып отырған, қарастырылып отырған түйткіл қайта өндіріліп, жаңа жетістіктер алынуы тиіс. Бұл мәліметтерге қол жеткізген зерттеушының қолданған әдістемесі бойынша белгіленген мәліметтерді (деректерді, заңдылықтарды) қайта алу мүмкіндігі. Егер белгілі бір жағдайларда белгілінген деректерді басқа зерттеушілер қайта өндіре алмаса, оны ғылыми деп тануға болмайды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесін ғылымға балау үшін алынған нәтижелердің жаңалығы болуы шарт. Ашылған ғылыми білім объективті жаңалығымен ерекшеленуі тиіс, яғни жалпы мәдени мағынада жаңа білім болу керек. Тек сонда ғана ғылым шынайылық туралы объективті білімнің пайда болуы мен теориялық жүйеленуі орын алаиын адамзат іс-әрекетінің өрісі ретінде анықталыды.
Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский [5].
Сонымен қатар, Я.А.Коменскийдің ізімен батыс еуропалық педагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, неміс педагогы Иоганн Гербарт пен Адольф Дистервег[6], орыс педагогы К.Д.Ушинский[7] және т.б ағартушы-педагог тізбегі қалыптастырылды.
Ал кейіннен ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады.
Педагогика - өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.
Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауы гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу деген сөздерінен шыққан. "Пайдагогос " сөзін тура мағынасында аударса, "бала жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. Яғни, баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын құлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналысқан[8].
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ењ Ұміршењі, ењ қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе өмірге келіп, уақыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтап, жүйелеуді өзінің алдына басты міндет етіп қойды.
Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибеде дамиды.
Педагогика - тәрбиелеудің қатынастары туралы, тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.
Педагогика ғылым ретінде төмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол өзінің басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді.
Біріншіден, педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбір адам өзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін
тәрбиелеуде және оқытуда өмір ағымында "педагог" рөлінде ойнайды.
Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен ұрпақтың кішіге берілген өмірлік тәжірибесімен байланысты. Бұл жерде халықтық (житейлік) педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу өнерімен өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез-келген ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші, тек қана студенттер үшін ақпараттардың көзі болу қажет емес, ол әртүрлі рөлдерді ойнаушы - актер: мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық процестің қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателікті жіберткізбейтін әрекет, немесе оқытушы қатесі өте қымбатқа түседі. Педагогиканың өнерге қатыстылығын күнделікті өмірден көріп жүрміз сондықтан, оқытушы студентке тек өзінің кәсіби күші арқылы ғана емес, сонымен қатар, өз тұлғасының ерекшеліктері де әсер етеді (мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға және т.б. қатынасы).
Үшіншіден, педагогика ғылым ретінде түсіндіріледі, сонымен қатар, адамтанудың бөлігі. Педагогика танымы қоғамдық және жеке даралық, табиғаттың келеңсіз үйлесіміндегі адамның дамуы мен әсері тәсілдерін жетілдіреді. Сондықтан да педагогикалық ілімдер, теориялар, үлгілер, болжамдар және ұсынылымдар тұтас және жүйелі білімнің іргесінде құрылады: олар психология, философия, тарих, әлеуметтану және басқа да адам туралы ғылымдарда "жетіледі".
Төртіншіден, педагогика өзіне оқытумен тәрбиелеудің теоретикалық және практикалық аспектілерін қоса отырып, оқыту пәнін анықтайды.
Бесіншіден, педагогиканың мағынасы қазіргі заманғы жалпы мәдени контекстегі гуманитарлық білімнің бөліміне енеді. Ол адамның педагогикалық мәдениетінің сапасында көрінеді.
1.2 Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы
Зерттеудің логикасы педагогикалық зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеуден басталады. Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратына кіріспе бөлім ретінде енетін оның тақырыбының көкейкестілігінің негіздемесі 2-3 бет көлеміндегі мәтіннен тұрады. Негіздеме мазмұнының анық құрылымы бар. Негіздеменің құрылымындағы кілтті түсініктерді ойлана отырып талдағанда, негіздемеде зерттеу тақырыбына қатысты әлемнің және Қазақстанның білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасын, зерттеу мәселесінің зерделену дәрежесін, практикадағы осы мәселелерді шешу деңгейлерін, мәселенің негізіндегі қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ, зерттеу тақырыбының өзін нақты көруге болады.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі ғылым мен практикада оның нәтижелерін пайдаланушылардың қажеттілігінің маңызды сипаттамасы болып табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдары КСРО Педагогика Ғылымдары академиясында ғылым мен практиканың өзекті мәселелерін қамтитын зерттеулерді ұйымдастыру мақсатында Үйлестіру кеңесі өз қызметін жасады.
Зерттеудің көкейкестілігін ғылыми қауымдастық бұрын зерделенбеген ("ақ таңдақтар") тақырып бойынша орындалғанда ғана мойындайды. 70-90 жылдары зерттеу тақырыбының өзектілігінің басты белгісі оның ізденуші қызмет ететін мекеменің (ұйымның) ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына немесе ғылыми-зерттеу жұмысының мемлекеттік жоспарына енгізілуі еді. 2003-2005 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында педагогика саласындағы зерттеулер тақырыбына елеулі өзгерістер жасаумен. Ғылыми-әдістемелік үйлестіру орталығы айналысты. Бірақ, әртүрлі ғылыми бағыттардың аясындағы, сондай-ақ кейбір ғылыми жетекшілердің тақырыптағы өзгеріспен келіспеушілігінен білім беру жүйесін жаңартудың көкейкесті мәселелері бойынша ғылыми мектептер құру идеясын әрі қарай іске асыру мүмкін болмай, ақырында Ғылыми-әдістемелік үйлестіру орталығы таратылды. Өкінішке орай, тақырыптардың қайталануы, кішігірім тақырыптардың орын алуы, бір ғалымның әртүрлі тақырыптарға жетекшілік етуі қажетті мәселелерді терең ойластыруға кері әсерін тигізіп отырғаны баршамызға мәлім. Сондықтан да, қазіргі уақытта тақырыптың ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына тән болу белгісі өзінің өзектілігін жойды деуге болады. Мысалы, 2006 жылы майда Міржақып Дулатовтың педагогикалық идеяларын жүйелеуге арналған екі диссертация қорғалды (Алматы, Шымкент). Бұл жұмыстардың деңгейлері жоғары. Әрине, біз бір тақырыптың өзін әртүрлі әдіснамалық тұғырлар тұрғысынан зерттеуге болатынын жоққа шығармаймыз. Дегенмен екеуінің дерекнама базасы ортақ болғандықтан, ізденушілердің ұқсас қорытындыларға келуі ықтимал.
Зерттеу тақырыбының негіздемесін ашып көрсететін "көкейкестілік", "зерттеудің көкейкестілігі", "зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері", "көкейкестілікті анықтайтын әдістер" және т. б. түсініктер бар. Көкейкесті деген сөз: 1) осы сәтке өте маңызды; көкейкесті тақырып; 2) "Болмыста көрініс табатын, өмір сүруші" деген мағынаны білдіреді[9].
Педагогикалық әдебиетте зерттеудің көкейкестілігі - ғылыми зерттеулердің сапасын бағалау өлшемі. Ол қазіргі уақыттағы ғылым және практиканың ұсыныстары мен ғылыми идеяларға, практикалық нұсқауларға деген сұраныс арасындағы алшақтық дәрежесін көрсетеді. Көкейкестілік өлшемі оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын ары қарай дамыту мәселесін зерделеп, шешудің қажеттігі мен уақытысын нұсқайды, қоғамдық қажеттіліктер мен оны қанағаттандыратын құралдар арасындағы қайшылықтарды сипаттайды. Әдіснамашылар ғылыми бағыттың өзектілігін дәлелдемелердің күрделі жүйесіне мұқтаж емес деп есептейді. Ғылымтануда бағыт - даму жолы; ғылыми ағым, топ, ғылыми мектеп; ортақ мақсатпен, дүниетанымының бірлігімен, зерттеу әдісімен біріккен жұмыстар тобы. Ғылымтанушылардың пікірінше, ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктеріне кешенді мәселелері: тақырыптар және ғылыми сұрақтар жатады. Кешенді мәселе - бір мақсаттағы мәселелер жиынтығы; мәселе - қоғамда шешімін табу қажеттілігі бар сәйкессіздіктен туындаған, күрделі теориялық және практикалық міндеттер жиынтығы.
Негізінен алдымен сәйкессіздік, содан соң мәселе анықталады, ал мәселеге жауап ретінде тақырып құрастырылады. Зерттеу тақырыбында мәселені шешуге мүмкіндік жасайтын жаңа білім көрініс табады. Зерттеу тақырыбы, оның өзектілігі, мәселесі өзара тығыз байланысты (1-кесте қараңыз).
"Негіздеме" сөзінің өзі ғылымда "негіз", "негізділігі" деген түсініктермен қатар қолданылады. "Негіздер" - бір нәрсенің бастапқы, негізгі қағидалары, "негізділігі" - белгілі бір құбылыстарды жіктеуде қажет болатын мәнді белгі, немесе - негізділігі дегеніміз - бір нәрсені негіздеу, дәйек, терең ғылыми негіздеме.
1-кесте. Зерттеудің тақырыбының, өзектілігінің және мәселесінің өзара байланысы
Зерттеу тақырыбы
Зерттеудің өзектілігі
Зерттеудің мәселесі
Мәселені шешуге бағытталған жаңа білім
Жаңа мазмұнға, жаңа нормаға немесе әрекеттің жаңа тәсіліне қажеттілікті негіздейді.
:: зерттеу нәтижесінде жаңа білім алу арқылы қазіргі нормаларға қажеттіліктер сәйкестендіріледі,
:: экспериментте сынақтан өткен, практикаға ендірілген әрекет тәсілі арқылы қазіргі нормалар мен қажеттіліктер сәйкестендіріледі,
:: зерттеуде алынған жаңа білім, жаңа әрекет тәсілі арқылы қазіргі норма мен әрекет тәсілі арасындағы сәйкессіздік көрінеді.
Сәйкессіздіктің үш типі зерттеу өзектілігінен орын алады.
Ғалымдар тақырыптың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл аударады және тақырыптың ғылыми және практикалық көкейкестілігін бөліп қарастырады. Олардың пайымдауынша, тақырыпты зерделеу практиканың мағыналы сұраныстарына жауап береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы "ақ таңдақтардың" орнын толтырады. Дегенмен, өзекті тақырыпқа орындалған зерттеу шынайы жаңа ғылыми нәтижелердің алынғанының кепілі бола алмайды. Ғалымдардың пікірінше, тақырып бойынша зерттеу жүргізу барысында алынған нәтижелер өзекті болмауы да мүмкін, әсіресе, бұл ретте жетілдірілген әдістеме қолданылып, түпнұсқалы эксперимент қойылса, ақпараттың соңғы жаңа ағымы пайдаланылса да, нәтиже өзекті болмауы мүмкін.
Демек, зерттеудің көкейкестілігін одан ары ойластыру қажет. Бұл жағдайда біз В. М. Полонскийдің тұжырымдамасының бағытын ұстанамыз. Ғалым ғылыми зерттеудің бұл бөлігіне мынандай анықтама береді: Зерттеудің көкейкестілігі - ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға (белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қазіргі уақыттағы ғылым мен практиканың бере алатын тұжырымдары арасындағы алшақтық дәрежесін сипаттайтын ғылыми зерттеулер сапасын бағалау өлшемі. Оның тұжырымдауынша, көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді. Тақырып бүгін көкейкесті, ертең ол соншалықты өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін, ауыл мектебі үшін маңызды мәселе қала мектебі үшін қатардағы сұраққа жатуы да ықтимал; педагогикалық қызметін жаңа бастаған мұғалімді ойландыратын мәселелер тәжірибелі, жоғары білікті педагогқа мәнді болмай шығуы да заңды. Көкейкесті зерттеулер халыққа білім беру жүйесінің даму деңгейімен, еліміздің экономикасымен, оның ғылыми әлеуетімен, осы тарихи сәтте алға қойылатын және шешілетін міндеттермен тығыз байланысты. Ғалым В.М. Полонский ғылыми айналымға зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі түсінігін ендірді. Зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі - ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жоспарланған немесе алынған белгілілер тізімі[10].
Дипломдық, курстық зерттеу көкейкестілігінің параметрі білім беру теориясы мен практикасын дамыту үшін зерттелетін мәселенің шешімінің қажеттілігі мен дер кезінде орындалуын көрсетеді, қоғамдық қажеттіліктер (ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстар) мен оларды қанағаттандыру мақсатында бүгінгі күні ғылым мен практиканың ұсынатын құралдары арасындағы қайшылықты сипаттайды. Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемдеріне тақырыптың теориялық маңыздылығы, мәселенің ғылымда зерделену дәрежесі, күтілетін нәтиженің осы саладағы теориялық пайымдауларға сәйкестігі жатады. Қолданбалы зерттеудің көкейкестілігінің өлшемдері: тақырыптың зерттелуіне практикалық қажеттілік, мәселенің практикадағы шешімі, нәтижені ендіруден күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік. Зерттеу тақырыбының өзектілігін бағалау мәселесімен айналысатындардан өзгеше тақырыпты негіздеудің логикасын белгілі әдіснамашы В. В. Краевский ұсынды (1-сурет) [11].
Зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігінің негіздемесі

Ғылыми бағыттың негіздемесі
Ғылыми бағыттың негіздемесі
Тақырыптың ғылыми көкейкестілігінің негіздемесі

(педагогикалық үдеріс нәтижелерін бағалау: келешекте болмауға тиіс оқушылардың білімі мен тәрбиелілігіндегі кемшіліктерді көрсету; осы кемшіліктерге апаратын педагогикалық үдеріс кемшіліктерін көрсету)

(ғылымдағы мәселенің зерттелу дәрежесін көрсету, жеткіліксіз зерделенген қырларын көрсету)

(зерттелетін мәселенің маңыздылығы мен оны шешудің қажеттілігін көрсету)

1-сурет. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеудің логикалық тізбегі
Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемдеріне: тақырыптың теориялық маңыздылығы, мәселенің ғылымда зерделену дәрежесі, күтілетін нәтиженің осы саладағы теориялық пайымдауларға сәйкестігі жатады. Қолданбалы зерттеудің көкейкестілігінің өлшемдері: тақырыптың зерттелуіне практикалық қажеттілік, мәселенің практикадағы шешімі, нәтижені ендіруден күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік.
Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің құрамында өзектендірудің келесі әрекеттері көрініс табады: объективті дүниенің жүйесі ретіндегі зерттеу нысанасын бөліп көрсету; сәйкессіздіктерді, қарама-қайшылықтарды, мәселелерді айқындау; зерттеу тақырыбын нақтылау, зерттеу көкейкестілігін анықтау.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: объективтік дүние жүйесі ретінде зерттеудің объектісін анықтау; зерттеудің пәнін тұрақтату; мәселені, қайшылықты, келіспеушілікті құрылымдау; зерттеудің тақырыбын нақтылау; зерттеу көкейкестілігін негіздеу. Зерттеу үдерісі: зерттеу болжамы; зерттеу мақсаты; зерттеу міндеттері; зерттеу әдістері; мазмұны; зерттеудің құрылымы; зерттеу нәтижелері; зерттеудің ғылыми жаңалығы; зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы; сараптама.
Зерттеу тақырыбындағы мәселе шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған мәселелермен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздемесін талап етеді. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай сұраққа жауап береміз: келешекте айналысатын мәселеміз қалай аталады? тақырыпта бұрынғы білімнен жаңа білімге қарай қандай қозғалыс көрініс табады, яғни, бір жағынан тақырып қандай кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестендіріледі, ал басқа жағынан - қандай жаңа танымдық және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді?
Тақырыпты дұрыс таңдау көп жағдайда оның орындалу сапасы мен нәтижесін анықтайды. Зерттеудің кез келген тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытта орындалады. Ғылыми бағыт негізінде ғылым немесе ғылым кешені түсіндіріледі, техникалық, биологиялық, тарихи, педагогикалық және т. б. салаларда зерттеу жүргізіледі. Зерттеудің ғылыми аппараты мен логикасының құрылымы:
- зерттеушінің алғашқы қадамы - зерттеудің нысаналық саласын таңдау, яғни шешімін табуға тиісті маңызды мәселелер жинақталған болмыс саласын таңдау (біздің мысалымызда педагогикалық зерттеулер). Зерттеу нысанасын таңдау мынандай себептерге байланысты жүргізіледі: оның маңыздылығы, шешілмеген мәселелердің болуы, жаңалығы және өміршеңдігі. Сондай-ақ, зерттеу нысанасын таңдауға ықпал ететін субъективтік себептер де бар: зерттеушінің білімі, өмірлік және кәсіби тәжірибесі, икемділігі, қызығушылығы, зерттеу нысанасының практикалық әрекеттің бағыттарымен, ғылыми ұжыммен, ғылыми жетекшімен байланысы;
- келесі қадам - зерттеудің тақырыбы мен мәселесін анықтау. Тақырып мәселені қамтуы керек, кезекті тақырыпты анықтау мен нақтылауда зерттеу мәселесін көрсету қажет. Мәселе - бұл белгіліден белгісізге, нақты білім туралы білім іздеуге көпір. Мәселені шешу сұраққа жауаптан былайша ажыратылады: мәселе қазіргі бар білімде орын алмайды және ғылыми ақпаратты қайта жаңарта құрумен алынбайды. Мәселенің мәні - анықталған дәйектер мен оларды теориялық ойластыру арасындағы, дәйектерді түрліше түсіндіру арасындағы қайшылықтарды ашу. Кез келген ғылыми мәселеде мәселелерді қанағаттанарлық тұрғыдан шешудің жолдарын, құралдары мен әдістерін білмеу арасындағы қайшылықты туындатпау өзекті бола түспеген. Мәселенің көздері педагогикалық практикадағы қиындықтар, шешілмеген жағдаяттар болып табылады[12].
Ғылыми зерттеудің тақырыбы анықталған мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады және көптеген сұрақтардың шешімін табу үшін зерттеу қисыны анықталады. Ғылыми мәселе ғылымның дамуы мен практиканың жағдайының арасындағы қайшылықтарды талдау негізінде қалыпқа түсіріледі. Ғылыми мәселелер қарастырылатын жеке тақырыптардың мақсатын, нысаналары мен зерттеудің соңғы нәтижесін жалпы түрде анықтайды. Тақырып ғылыми зерттеуде белгілі мәселенің құрамды бөлігі болып табылады, біршама сұрақтарды шешуге арналады. Ғылыми мәселе қайшылықты талдау арқылы ғылым мен практика аясында құрылады: ғылыми және дипломдық, курстық жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдауда сол зерттеген мәселеге байланысты барлық әдебиеттерді, диссертацияларды, авторефераттарды оқып, шетел әдебиеттерімен танысып, зерделеуге тура келеді; анықталған ғылыми мәселе ғылыми зерттеудің нақты тақырыбында өз көрінісін табады; тақырыпты таңдаудың басты кезеңі тақырыптың негіздемесі түріндегі құжатта көрініс табады; жұмыстың атауы қойылатын мәселенің мазмұнынан және соңғы нәтижеден құрылады және зерттеу объектісінен көрінеді; зерттеу көздерін оқу және ой елегінен өткізу қажет.
Ғылыми жұмыстың тақырып мазмұнына байланысты маңызды мына сұрақтарға жауап беру қажет: Зерттеу тақырыбыңыз? Не зерттеледі? Не үшін зерттеледі? Зерттеудің тақырыбы нені көрсетеді? Мына ұғымдардың айырмашылығын түсіндіріңіз: мәселе, сұрақ, аспекті, мәселелік жағдаят. Зерттеушілер үшін мәтінсөзді конспектілеп ой елегінен өткізу керек. Зерттеу тақырыбыңыздың дұрыс таңдалғанын келесі матрица көмегімен тексеріңіз: тақырыптың ғылыми бағытқа сәйкестілігі; әлеуметтік сұраныстың жасалуына, тақырыптың ғылым мен практика сұранысына бағыттылығы; тақырыпты құруға негіз болған мәселелер; зерттеу тақырыбындағы нысана мен пәннің ашықтығы; зерттеу тақырыбының соңғы нәтижеге тұрақтауы.
Сонымен, зерттеу тақырыбы зерттеу мәселесінің белгілі бір қырларының, яғни аспектілерінің анық, қысқа берілуін талап етеді. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.
Ғылыми немесе дипломдық, курстық жұмыстың тақырыбын таңдау үшін басты көрсеткіштер мыналар:
- зерттеу сұрақтары бойынша әдебиеттер мен тәжірибелік көрсеткіштермен танысу;
- осы мәселе бойынша қорғалған диссертациялар тізімін қарау және олардың республикалық және шет елдік кітапханалардағы сақталған авторефераттарын оқып-зерттеу;
- ғылымның басқа да саласындағы соңғы зерттеу жұмысының нәтижелерімен танысу;
- зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын әдістермен танысып, оларға өз бағасын беру;
- жинақталған материалдарды талдау және қорытындылау;
- зерттеу тақырыбы, оның өзектілігі, мақсаты мен болжамы, нәтижесі бойынша жетекшісінен немесе осы салада зерттеу жұмысымен айналысатын мамандардан кеңес алу;
- педагогика ғылымының дамуы қажеттілігіне және практикасына деген сұраныстарға негізделініп дайындалатын ғылыми мәселелердің өзектілігіне тиянақты, жүйелі талдау жүргізу керек.
Мәселені таңдау оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәрбиелеудегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты. Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де, келешекпен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс. Мәселені анықтау зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін мәселе нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелетін мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс. Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, мәселені анықтауға көмектеседі. Мәселенің құндылығын практика анықтайды.
Мәселе - ғылым мен практикадағы сәйкессіздік туралы нақты білім, шешімін табуды керек ететін сұрақтарға жауап іздеу бағыты. Айқындалған ғылыми мәселе өзінің көрінісін нақты бір ғылыми тақырыптан табады. Тақырыпты таңдау үдерісінің негізгі сатылары тақырыптың өзектілігін дәлелдеу барысында көрінеді. Зерттеу тақырыбын дәлелдеу жорамалданған зерттеудің ғылыми дәлелді өзектілігінен тұрады, сонымен қатар мынадай жалпы қисынды - мазмұндық алгоритммен қарастырылады: мәселенің маңыздылығы - әлеуметтік сұраныс - тәжірибенің сұранысы - ғылымның сұранысы - мәселенің зерттеліп, дайындалуы - зерттеу идеясы - зерттеу стратегиясы - зерттеу тактикасы.
Жұмыстың тақырыбы оның негізгі мәселесінің мазмұнын көрсетеді және онда соңғы нәтижелер мен зерттеу нысанасы көрініс табады. Зерттеу тақырыбы айқындығы, нақтылығы, сыйымдылығы, ықшамдылығы, құрылымдылығы (байланыстылығы мен тақырыптылығы, яғни бірлік және мазмұндық тұтастығы), мәнерлілігіне сай талаптар негізінде құрастырылады. Зерттеу тақырыбының (бөлімдері, параграфтары) мазмұнына және алынған тақырыпқа сай келмеуі ғылыми қателік болып есептелінеді. Тақырып өз сипаттамасында зерттеуші ізденісінің соңғы нәтижесін көрсетіп тұруы керек.
Зерттеу нысанасы - адамның әлеуметтік субъект ретіндегі объективті және теориялық қызметінің бөлігі. Зерттеу пәні анық бір мақсатпен белгілі жағдайдағы зерттеу үдерісінде нысананың адамға қатысты жанама қасиеттерінің жиынтығы мен нысананың байланысын зерттеу нысанасының элементі болып табылады. Соңғы нәтижеге жету жолдары зерттеудің негізгі пәніне жататын нақты пайда күтілетін, жорамалдап айтылған нұсқаулардан тұрады.
Тақырып нақтыланып құрылымданған соң, зерттеу нысанасын таңдау кезегі келеді. Нысанаға педагогикалық үдеріс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен көрінген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Танымдық үдеріс баспалдағының бірі - нысананы белгілеу. Зерттеу пәні - нысана бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысананың теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа - қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің маңызды шарты - оның нысанасы мен пәнін белгілеп алу, өйткені бұл оның өмірде жасалуының көрсеткіші, зерттеушінің нысананың мәнін терең зерттеуі мен зерттеу үдерісінде алға жылжуының деңгейі. Көбінесе ізденушілер зерттеу нысанасын оның базасымен немесе барлық элементі бұл жұмыста зерттеуді қажет етпейтін айтарлықтай кең саламен ауыстырып алып жатады.
Көптеген ғалымдардың пікірінше (В.В.Краевский, С.Я.Виленский), зерттеудің нысанасы мен пәнін тұжырымдау ғылыми аппараты мен логикасы белгілі бір жүйеге сәйкес іске асырылады. Зерттеудің нысанасын айқындау ғылымға педагогикалық шындықтың түрлілігін ескеруге, нақты соңғы нәтижеге бағытталуға, нысананың негізгі қырларын бөліп алуға, бірден дұрыс бағыт алуға көмектеседі. Бұл - зерттеудегі өте маңызды қадам, өйткені күш-қуатты үнемдеуге, өз ғылыми-зерттеу қызметінің өзекті сәттеріне ой-өрісін шоғырландыруға мүмкіндік туады. Сонда нысана зерттеуге қажетті ақпаратты іздеу көзі, ғылыми ізденіс өрісі ретінде қызмет атқарады.
Зерттеу объектісі - іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады. Зерттеу пәні - зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастардың жиынтығы. Нысан мен пәнді анықтауда педагогикалық-психологиялық зерттеулерде қиындықтар жиі туады. Зерттеу объектісін анықтау дегеніміз - зерттеуде ненің қарастырылып жатқанын білу. Дегенмен, объекті туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан, зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни объектінің қалай қарастырылып, ондағы қандай қатынастардың болатынын оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән - нысанадан кесіп алынған бөлік емес, ол қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, оқулық, ғылыми негіздеме, тұлғалық тәжірибе қалыптастыру және т. б. Объектіні барлығы иемденеді, ал пән зерттеушінің жеке иелігінде, оның объектіні өзіндік көре білуі маңызды. Ол мақсатты түрде зерттеу пәнін қарастырады, объектінің жаңа білім алуға қажетті бөлігін бөліп қарастырады. Зерттеушінің, оның балаларының, немерелері мен шөберелерінің бүкіл өмірі, мысалы, мектеп оқулығы туралы жаңа білім алуға жетпеген болар еді. Өйткені оқулық туралы толық жаңа білім, яғни оқулықтың мүмкін болатын қызметтері оның әдістемелік, дидактикалық, тәрбиелік, эстетикалық, психологиялық, полиграфиялық, экономикалық, гигиеналық, және т. б. барлық қырларынан қарастырылуы мүмкін емес. Тағы бұны барлық пәндерге және оқудың барлық жолдарына қатысты қарастыру қажет. Мұндай жұмысқа бір адамның күші жетпейді. Тіпті оған үлкен ғылыми ұжым да үлгермейді, себебі ол шексіз. Пәнді анықтай отырып, біз соңғы нәтижеге (осы кезеңдегі) жетуге мүмкіндік аламыз.
Осындай жұмыстың бірінде мектеп оқулығы студенттер білімін жүйелеу құралы, екінші бір жұмыста студенттерінің ақыл-ойының даму құралы есебінде қарастырылады. Сонымен, кез келген оқулық туралы барлық білімдер пәннің айналасына топтастырылады, нысананы пәнде көрсетілген қырынан ғана қарастырады. Зерттеу пәнін жазып көрсету - нысананың ғылымдағы бар сипаттамасы мен міндеттерді есепке алудың нәтижесі ретінде көрініс табады[13].
Зерттеудің нысаны мен пәнін анықтаудағы келесі қадам - оның ғылыми аппаратының кез келген құрамдас бөлігін түсіну арқылы алынатын ғылыми білімге қатынасын айқындау, мұнда пән жаңа білім алынуға тиісті зерттеу нысанының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz