Бастауыш мектепте қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі . . . 4
1. 1 Қоршаған орта пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің мәселелері . . . 7
1. 2 Бастауыш мектеп оқушыларының таным белсенділігін арттырудағы қоршаған орта пәнінің рөлі мен маңызы . . . 20
2. І . . . Бастауыш мектепте қоршаған орта пәнін оқытудың әдістемесі
2. 1 Қоршаған орта сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін жаңа технология арқылы жетілдірудің жолдары . . . 27
2. 2 Қоршаған орта сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіруге байланысты эксперементалды жұмыстар ұйымдастыру . . . 34
Қорытынды . . . 41
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 42
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі: Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы.
Бүгінгі заман талабына сай оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқытудың негізгі мәні, адам тәрбиесі жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында (1997 жылы маусым) », «Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау»- деп, айқын көрсетілген жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізі түп қазығы.
Бастауыш сыныптағы әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзінің әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсаты мен мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оқу үрдісінің жемісі болып табылады.
Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекет негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдіқ-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.
Танымдылық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп мазмұны мен көмегі анықталынады. Таным белсенділігінің мәселесі - педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап көрсету керек. Оның зерттеуіне маңызды үлес қосқандар: М. Н. Скаткин,
И. Ф. Харламов, М. А. Даншов, И. Л. Лернер, М. И. Махмутов, Т. Ш. Шашова, Г. И. Щукина және тағы басқалар.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Уақыт ағымы, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр. Яғни, бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндет - оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыра білу.
Зерттеудің мақсаты : Қоршаған орта пәні арқылы оқушылардың таным белсенділігін дамыту мен жетілдірудің тиімді жолдарын анықтап беру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Тақырыптың мазмұнына байланысты жазылған ғылыми теориялық еңбектерге талдау жасау.
2. Оқушылардың таным белсенділігін дамыту мен жетілдіру барысындағы озат педагогикалық, психологиялық, философиялық тәжірибелер, зерттеулерді салыстыру, қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
3. Оқушылардың таным белсенділігін арттыруда қоршаған орта пәні сабағының ролін анықтау.
Зерттеудің объектісі : Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие барысындағы таным белсенділігін жетілдіру.
Зерттеудің пәні : Бастауыш сыныптағы қоршаған орта пәні.
Зерттеу болжамы: Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып, бастауыш мектепте оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда бастауыш сыныптарда қоршаған орта пәнін оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені бастауыш сыныптарда қоршаған орта пәнінде жаңа технология элементтерін пайдалану оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға жағдай жасайды.
Зерттеу әдістері : курстық жұмыста теориялық әдістер, оқушылар әрекетін жинақтау, талдау, оқушылардың танымдық дәрежесін бақылау, салыстыру, тест, педагогикалық, эксперименттік нәтижелерін жинақтау, алынған нәтижелерді жүйелеу, пікірлерді қорыту, сөз құрамы мен сөз таптарын байланыстыра оқыту барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімділігін арттыруға арналған ұсыныстар мен тұжырымдарды қорыту әдістері қолданылды.
Зерттеу базасы: Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№48 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Зерттеудің әдістері : Психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді жинақтай-талдай отырып оқушылардың танымдық белсенділіктерін анықтау, шығарманы және дидактикалық материалдарды іріктеу.
1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің теориялық негізі
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, саналы, ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында оң өзгерістер байқалады. Оқыту мазмұны жаңарып, жаңа типті орындар көбеюде. Мұнда бала табиғатына берілген тума қасиеттерінің қоғамдық саяси әлеуметтік жағдай, іс әрекет пен қарым-қатынас сияқты негізгі күштердің өзара ұтымды байланысы арқылы саналы азаматтың көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім беруде қаланатыны белгілі.
Бастауыш мектеп- өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты еліміздің көркейіп өркендеуіне, ел талап тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды. [1. 5]
Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді. Сондықтан да бірінші кезекте, бастауыш сынып мұғалімдері алдына педагогикалық ғылым теориясы және оқыту әдістері негіздерін жан-жақты меңгерумен қатар әр жастағы балдырғандардың жасына сәйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылды. Әр оқушының өзіне ғана тән мінез құлық, тәртіп, ерік, жігер, эмоциялық сезім, танымдық белсенділік ерекшеліктері болады. Соған сәйкес жеке адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтар жөнінде терең түсінікке, білімге негізделген жекелей қарым-қатынас жүзеге асырылуы тиіс. Бұл мұғалімнен шәкіртерінің жекелей қаситтерін айқын ажырата білетін психолог ұстаз болуды талап етеді. Бұл оған оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін есепке алуға мүмкіндік береді. Мұғалім өзінің күнделікті қызметінде бұл міндетті ойдағыдай шешкен жағдайда оқу тәрбие жұмысын бүгінгі талапқа сәйкес шұғыл жақсартуға берік негіз қаланады. Сондықтан да қазіргі таңда әр мұғалім бұрыннан қалыптасқан ұстаздық әдістемелік мүмкіндіктерін қанағат тұтумен шектелмей, өз бетімен теориялық білім деңгейін көтеруге, әсіресе педагогикалық психология және физиология ғылымы саласындағы жетістіктерінен жан-жақты қарулануға батыл бет бұрыс жасалуы қажет.
Қоғамдық талаптардың өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік, жауапкершілік, әділдік қайрымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді ашады.
Бастауыш сынып оқушысының ерік сапаларының дамуы: біріншіден, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртіншіден, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың жеке басының дамуы - оқуы мен танымдық белсенділіктерінің қалыптасуында оқу іс әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезеңі. Олардың өзгелермен қарым қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, дүниетану және басқа пәндердің өздерінің күтпеген, таңқаларлық, қызықты жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс әрекетінің негізі ретінде балалардың шын мәніндегі дүниетану пәнінен танымдық белсенділіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың сыныптағы және үйдегі мінез құлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңінен қиналмай өтуі оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі. Бірақ жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқы да қандай да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып кете алмайды. [3. 5]
1. 1 Қоршаған орта пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің мәселелері
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Қазіргі кезде бастауыш сыныптарда оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуде даңғыл жол ашылды.
Бала өмірінде алты жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістерінен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс әрекеттерінің, қарым-қатынасының, басқа адамдармен қатынасын өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.
Бастауыш сынып жасындағы баланың қоршаған орта пәнінен танымдық белсенділігі оқыту үрдісінде жүзге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінен маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл оқыту тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс әрекет түрі - оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың таным белсенділігі дамиды.
Таным теориясы - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным белсенділігінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдары мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының бір саласы болып келеді.
Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түбірлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның ақиқаттылығының жалпы шарттарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру. Сонықтан Аристотель сыртқы дүние заттары алғашқы, ал олар туралы білім соңғы деді. Адам танымы сыртқы дүние заттары туғызатын түйсіктен басталады, танымның негізі сезімдік қабылдау деп түсінді.
Оқушылардың бойында кездесетін таным қабілеттері дегеніміз - білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнелеуі. Мұндай бейнелеу әрекеті күрделі үрдіс. Ол оқушыларды сыртқы дүние туралы білімді меңгеру ептілігі және дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады.
Оқушының танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу - мектептегі оқытудың негізгі мәселелері. Оқушының қоршаған орта пәнінен танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының тану белсенділіктерін арттыру олардың өз бетінше ықылас ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырылады. Шәкірттің қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушының жаңа материалды қабылдауына арқау болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі. Олардың оқу танымдық белсенділігін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. мектеп оқушыларының әсерленгіш, эмонационалдық болып келетінін ескере отыру - мұғалім оқу әрекетінде ерекше назар аударуы тиіс, міндетті. [3. 4]
Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдік белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның іс әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау таным белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен, қоғаммен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасындағы балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап үйренеді, оларға еліктейді. Бұл жастағы балалар үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе балалардың ойындарында адамдардың еңбек іс әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында басқалардың құрдастарымен сол жас бойындағы балалардың өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тапсырмаларды бірігіп орындауға, яғни қоғаммен жұмыс жасауға үйренеді, өз қылықтарын ережеге, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай бірігу іс әрекеттерінің қуанышы балалар арасында жолдастық, достық сияқты жаңа қатынастарды туғызады. Олар бір-біріне қамқорлық жасап көмектеседі, ілтипатты болады. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
Әртүрлі ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі 5-6 жас балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейд і. Балалап өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады. Мысалы, олар шегені магнит ұстап тұр? Жапырақтың неге жасыл? Жаңбыр қайдан болады? - деген сияқты сұрақтарды үлкендерге әрдайым қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да өзара таласуды, пікір айтуды түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді, есеп шығаруды жанындай сүйеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың «Неге?», «Не үшін?», «Қалай?» деп қоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Олар осындай сұрақтарға ата-аналарынан немесе тәрбиешілерден дұрыс жауап алуды күтеді, кейде оларды жауаптарына өзінше қанағаттанбай шүбәланады. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді.
Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығымен шеберлігіне байланысты. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашу қажет.
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға білуге деген ынта ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен еркшеленеді, сонымен қатар оларда білуге құмарлық, әуестікке байқалады деп айтуымызға болады. олар өздеріне күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Қызығу - шындықтағы заттарымен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның бір шама тұрақты жеке рекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамдарды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. [5. 6]
Олардың зейініде еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бастауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен зейінді тәрбиелеуге бағытталады. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақтауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мативтерімен бірге дамиды (оқу іс әрекеттерін табысты болуына деген жауапкершілік) .
Бұл жастағы балалар өте сезімтал оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға өте берілгіш келеді. Балалардың қиялы мүмкіндік берсе, оларды қандай да болсын бір іске оп- оңай тартуға жеңіл. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстарын заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіңе түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады.
Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл - ойы еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс - әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс - әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастаға оқушыны мектепке қатысқы жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар ( Мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын ( мектеп, сынып), іс - әрекеттің жаңа түрі оқу және т. б.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік сипаты мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдақ қызығудың қалыптасу және дамуы - жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс - әрекетке және жеке өмір тәжірибесінде байланысты болады. Сондықтанда баладағы танымдық қызығудың даму деңгейдің тек нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, бағыттылығы, мазмүны жағынан бірдей емес қызығу болуы мүмкін. [7. 9]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz