Саяси партиялардың қоғамда алатын орны


ЖОСПАРЫ :
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І. Саяси партиялардың түсінігі, құрылымы және қоғамда алатын орны . . . 2
1. 1Қазақстандағы саяси партиялар, олардың құрылу тарихы . . . 8
ІІ. Қазақстандағы саяси партиялар туралы заң . . . 17
2. 2 Саяси партиялар туралы ғалымдардың ой-пікірлері……… . . . … . . . 38
ІІІ. Қорытынды . . . 42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . …. 39
Қосымша . . . 38
Кіріспе
І. Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
Саяси партиялар азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі себепші әлеуметтендіру құралы болып есептеледі. Қоғамда ұйымдар, соның ішінде саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Бірақ, барлық уақытта солай болады деуге болмайды.
Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саяси партиялар мен ықпалды топтардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та жоқ емес. Мысалы, партиялар мемлекеттік аппаратты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекеттік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді. Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруіне жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 56-бап) . Бірақ ол шексіз емес, олардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді (54-бап) . Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді.
Көп партиялылық - плюрализмнің бірден-бір тетігі емес, оның заманы өткен дейтін зерттеушілер де бар екенін айтпай кетуге болмайды. Олай деушілердің ойынша көп партиялылықты шұғыл енгізу жағдайында ішкі саяси ахуал қатты шиеленіседі, белгілі дәрежеде демократиялық дағды қалыптасып үлгермеген қоғамда бірден шексіз еркіндік беруге де болмайды. Егер басқа партиялар болмайтын болса, онда басқарушы партияның ішінде кең түрде саяси еркіндік қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл сияқты платформа идеясының жүзеге асып жатқанын жапондық либералдық-демократиялық партияның, үнді ұлттық конгресінің іс-әрекетінен көруге болады. Бір ғана саяси партия жағдайында ол проблемаларды талқылауға құқықты бірден-бір ұйым болмауға тиіс. Партияның деңгейінде дамымаған болса да, саяси майданда бәсекеге түсе алатын басқа саяси ұйымдар да болуға тиіс. Бұдан басқа да АҚШ-тағы сияқты екі партиялылықтың тиімді екенін жақтайтын пікірлер де бар. Азаматтардың саяси еркіндігі көп ретте осы жағдайлармен байланысты.
Қазақстандағы саяси реформалар Батыс демократиясының негізгі бағыттары мен стандарттарын қабылдады. Алайда олар сол қалпында қайталанылған жоқ. Қазақстанның демократияға жылжуының және саяси партиялары құрылысының өз жолы болды. Осыны елбасы Н. Назарбаев жақсы түсінді. Ол өзінің «Ғасырлар тоғысында» кітабында «Қазақстан тәжірибесі мені қоғамның жаңа жағдайына барлық есікті ашатын әмбебап кілт іздеуден бас тарту қажеттігіне көз жеткізді. Демократияландыру - түбегейлі соңғы қалпы жоқ, ұзақ процесс. Ол қоғам мен адам өмірінің барлық сфералараныдағы кешенді міндеттерді үздіксіз шешу демократия декреттермен орнатылмайды, оны өмір жасайды», -деп ескертеді .
Президенттік биліктің демократиясының эволюциялық жолын таңдағанын анық көреміз. Саяси партиялардың кейбірі Батыс демократиясына тән шектеусіз сөз бостандығын, ереуілдер мен жиналыстар бостандығын, дін бостандығын талап етуі Қазақстанның жас демократиясы үшін қауіпті екендігін басқарушы элита біледі. Ғасырларға созылған тоталитарлық саяси жүйе мемлекеттің жеке адам өмірін реттеуі әкімшілдік-әміршілдік ойлауға бейімділік қазақстандықтар үшін із түссіз кеткен жоқ. Ел басшылығы мен электорат саяси қызметтің әкімшілдік әдістеріне бейім болады. Биліктің демократиялық тетіктерінен гөрі, әкімшілдік тетіктері басым жұмыс істеді. Тоталитарлық, әкімшілдік ойлауға бейімділік Қазақстандағы саяси партиялар құрылысына міндетті түрде өзінің кері ықпалын жасады. Партиялар Қазақстанда халықтық әлеуметтік тамырлардан қарағанда, әкімшілдік жүйемен көбірек қатыста болды.
Қазақстанның саяси партиялары
«НҰР ОТАН» Халықтық Демократиялық партиясы
Төрағасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары - Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88, 41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
Қазақстан коммунистік партиясы
Партияның бірінші хатшысы - Серікболсын Әбділдә ұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-тың мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3, 44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.
Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы
Бірінші хатшысы - Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1, 98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1, 29% дауыс жинады.
Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы
Партия төрағасы - Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1, 51% дауыс жинады.
Қазақстанның патриоттар партиясы
Партия төрағасы - Ғани Есенкелді ұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0, 55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0, 78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ. Е. Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партия төрағасы - Әлихан Мұхамед ұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12, 04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3, 09% дауыс жинады.
«Руханият» партиясы
Партия төрайымы - Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0, 44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0, 37% дауыс жинады.
«Әділет» демократиялық партиясы
Партия төрағасы - Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0, 76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды.
Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы
Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары - демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.
Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)
Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны - 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы 4, 54% дауыс жинады.
1. 1 Қазақстандағы саяси партиялар, олардың құрылу тарихы
Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс ІV съезінде сөйлеген сөзінде Президент Н. Ә. Назарбаев «… Басшы партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бөлімшелердің қалыптасуының өзі «жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады», - деп ашық айтуы бекер емес[1] .
Қазақстанда азаматтардың партиялар мен қоғамдық ұйымдар арқылы саясатқа қатысу еркіндігі де біркелкі бірдей деуге болмайды. Мысалы, азаматтар үшін «Нұр Отанның» беделі жоғары. Ал «Әділет», «Азат», «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият», «Патриоттар», 2 компартия; Қоғамдық қозғалыс ұйымдарының мүшелері: «Тәуелсіздікті қорғау» (М. Шаханов), «Рух пен тіл» (Н. Мамай), «Ұлт тағдыры» (Д. Көшім) және т. б; жастар ұйымдары (бірнеше ондаған) «Қаһар», «Айбын» және т. б. имидждері туралы олай деу қиын. Сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге, жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге, саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде. Социологиялық зерттеулеріміздің нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. «Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба?» - деген сұраққа «ия» деп жауап бергендер 30-40 пайыздың төңірегінде.
Саясатқа еркін араласудың алғы шарттарының тағы бірі - саяси, құқықтық факторлар. Міне солар демократиялық тәртіпті қоғамда демократиялық саяси мәдениет басымдығын, билік құрылымдарын құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуі саяси басқарушылық шешімдерді қабылдап, жүзеге асыру қажет. Саяси салада да қарама-қайшылықтар аз емес. Мысалы, демократиялық даму жолындағы саяси-ұйымдастырушылық шаралар (сайлау жүйесінің өзгеруі т. б. ) мен қоғамда басым болып отырған саяси мәдениет деңгейінің төмендегі арасындағы қарама-қайшылық және т. б.
Саяси салғырттықтың көбісі халықтың әлеуметтік жағдайларындағы қиыншылықтарға байланысты екені анықталып отыр.
Әдетте, саяси партиялардың ықпалында болатындар бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер, олардан кейін бюджет саласындағы қызметкерлер. Бүгінгі күні қазақстандық саяси партиялардың құрамы көбінесе дәл осы екі топ өкілдерінен тұратыны белгілі, бірақ олар ерікті негізде ме әлде міндеттеу, қысымшылық негізде ме? - деген тағы бір үлкен мәселе бар. Ал жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер арасындағы саяси партиялар қызметіне деген қызығушылық өте төмен тіптен жоқтың қасы. Саясатқа тартылатындарды аймақтық белгілері мен әр түрлі ұлт өкілдері ретінде қарастыратын болсақ, Солтүстік, Шығыс, Орталық аймақтарда өкілдерінің 36, 5%-ы партия бағдарламаларымен таныстығы әртүрлі болып келеді. Солтүстік және Шығыс аймақ өкілдері Оңтүстік және Батыс аймақ өкілдерімен салыстырғанда саяси партия бағдарламаларымен көбірек таныс. Ал партиялар мүшелерінің ұлттық белгілері де сондай екені белгілі болып отыр.
Саяси партиялар мен қозғалыстар өз іс әрекеттерінде жалпы ұлттық, мемлекеттік мүдделерді ескеруі негізінде ғана түрлі этникалық топтардың жарасымын нығайтуға тиісті үлес қоса алады. Осы ретте көп партиялық жүйе туралы екі түрлі пікір барын нәрсе деуге де, тек қана жағымсыз, жаман болмайтын сияқты. Әрине, партиялық жүйе түптеп келгенде қоғамның тепе-теңдік жағдайына жетуге жәрдемдеседі, яғни азаматтардың өз пікірлері мен талпыныстарын білдіруге, олардың саяси өмірге араласуына, сөйтіп саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалмен сиысып жұмыс істеуіне, өмір сүруіне жәрдемдеседі. Сонымен қатар көп партиялық өтпелі кезеңде, әсіресе дағдарыстар етек алған жағдайда, қоғамның әлеуметтік және этникалық топтары арасында алауыздыққа, қоғам мүшелерінің партиягершілдік жолға түсіп, өзара араздасуына итермелеуі ықтимал. Мысалы, Қазақстанда «Алаш» қозғалысы «Қазақстан қазақтар үшін» деген ұран тастаса, Ресейде Либерал-демократиялық партия өз лидерлері В. В. Жириновскийдің басшылығымен бұрынғы империялық саясатқа қайта оралуға шақырғаны мәлім. Ал, мұның өзі мемлекет пен мемлекет арасында, ұлттар арасында сенімсіздік пиғылдардың тууына апаруы да мүмкін. Осының бәрін саяси жүйе басшылығында отырған элита ескереді. Сөйтіп қандай бір партия немесе саяси қозғалыс болмасын қоғамның саяси жүйесінен өз бағасын, өз орнын алады. Ол ең алдымен электоратқа байланысты. Сайлаушылар қай партияны, қай қозғалысты жақтап дауыс беруіне қарай олардың қоғамда алатын орны анықталады [3] .
Елімізде азаматтардың саясатқа қатысу еркіндіктерін кеңейту және жетілдіру мақсатында мына ұсыныстарды атап кеткен орынды: Партиялардың сайлауға қатысу және сайлану мүмкіншілігін арттыру . Яғни, олардың тіркелу, ұсыну тұрғысындағы талаптарын жеңілдету; Б ұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің еркіндік сипатын күшейту , азаматтарға психологиялық әсер етуде үгіт насихатты барлық партиялардан тең дәрежеде жүргізуін қамтамасыз ету; Парламентте көппартиялылықты қамтамасыз ету мақсатында партиялар үшін сайлау кедергісін қысқарту ( 7% -дан 5%-ға дейін) .
Қазақстан азаматтарының саяси қатысуының еркіндігі келесі факторларға байланысты: біріншіден , демократиялық саяси қатысу мен әлеуметтік топтардың саяси шешімдерді қалыптастыру мен қабылдау үрдісіне ықпал етудегі тәжірибесінің аздығы . Екіншіден , еліміздегі модернизациялау үрдісі мен оның қоғамға ықпалына байланысты. Ол саяси мінез-құлық еркіндігін таңдауға әсер етуде.
Азаматтардың саяси өмірге еркінірек қатысудың тағы бір жолы халықтық бақылау органдарына мүше болу арқылы жүзеге асырылады. Халықтық бақылау ұйымдары тұтас жүйе ретінде мемлекеттік ұйымдардан және қоғамдық ұйымдар мен топтардан құрылады.
Азаматтардың саяси құқықтары мен міндеттерінің заң жүзінде бекітілуі маңызды. Азаматтардың саяси құқықтарымен қатар азаматтық және әлеуметтік құқықтары да қамтылуы қажет. Азаматтық, немесе жеке құқық - бұл адамға жаратылысынан берілетін құқықтар, оның дербестігін және ерекшелігін көрсетеді. Олардың қатарына өмір сүру құқы, жеке тұлға бостандығы мен тәуелсіздігін жатқызамыз.
Саяси құқық азаматтардың мемлекет пен қоғам істерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сөз, баспасөз, ұждан еркіндігі, ақпарат алу құқы, өз пікірлестерімен біріге алу құқы, мемлекеттің өкілетті органдарына сайлау мен сайлану еркіндігі т. б. жатады.
Қазіргі кезде нарықтық саясат пен қатынастардың мемлекет ұсынған моделінің болашағы туралы пікір-таластары жүруде. Егер бұрын саяси жүйеде тар шеңбердегі партиялық саясат үстемдік етсе, қазір қоғам дамуынан одан да шектелген номенклатуралық, этнократиялық және криминалды топтар ықпал етуге тырысуда. Содан да болар, С. Хангельдин «Саяси тәуелсіздік бар ма бізде? Ол да күмәнді. Біз өзіміздің әр қадамымызды теріскейдегі көршіміздің ыңғайына қарай реттейміз. Бұл бұлжымас дағдыға айналды», - дейді. Оның бұл пікірі, біздіңше, тым ұшқары. Дегенмен, біздіңше, саяси күштердің қайта топтасу кезеңінде превентивті түрде бақыланатын саясат керек. [5]
Ол үшін: 1. Қоғамның саяси жүйесіне, сондай-ақ азаматтардың еркіндігіне түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық күштердің залалды ықпал да болмай тұрмайды. Егер елдің саяси жүйесі тарапынан оны болдырмаудың алдын алу жоспары болмаса, яғни бұл іс өз бетімен жіберілсе, онда ол түбінде бір айтарлықтай әлеуметтік бүліншіліктерге әкелмей тұрып, факторларды зерттеп, тиісінше оң ықпал жасау, превентивті саясат жүргізу саяси жүйенің ерекше міндеттерінің бірі болып табылады.
2. Саяси жүйе қоғамның тепе-теңдік, тұрақтылық, орнықтылық белгілерінің нашарлау көріністерін дер кезінде байқап, оларды қалпына келтіруге және нығайтуға бағытталған шаралар белгілеуі тиіс. Ол үшін саяси әлеуметтік және этникалық топтар, жалпы халық бұқарасы арасында өзіне тірек болатын негіздерді (экономикалық, саяси және әлеуметтік) кеңейтіп, нығайтып отырады.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту» тұжырымдамасы бекітілді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси сферадағы түбірлі реформалардың арқасында қоғамдық бірлестіктер құрылып, олар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға бағытталып әрекет ете бастады.
Зерттеулер қорытындысы бойынша саясатқа қатысатын азаматтарды, партия және қоғамдық қозғалыс мүшелерін үш топқа бөлуге болады: Саясатпен еркін және белсенді араласатындар. Олар әр деңгейде өздерінің қолдарынан келгенше іс-әрекет жасап отырады (25%) ; Саясатты түсінуге ынталы. Бірақ әлі еркін іс-әрекетке бара қоймағандар (57%) ; Саясатта не болып жатқанын түсіну мүмкін емес дейтіндер, саясатқа араласудан өзін аулақ ұстайтындар (18%) .
Бұдан көріп отырғанымыздай, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігінің саяси еркіндігі жоғары (82%) . Селқос қарайтындары - 18%.
Зерттеулер көрсеткеніндей, қоғамдағы ақын, жазушы, жалпы зиялы қауым атаулы әлеуметтік топтағылардың саяси белсенділігі жоғары деуге келмейді. Қазақстан азаматтарының жалпыұлттық деңгейден гөрі жергілікті деңгейде саясатқа қатысуының жоғары екендігін көреміз . Бірақ жергілікті деңгейдегі өзін-өзі басқару институттарының жоқтығы, азаматтарды жалпыұлттық деңгейде қатысуда енжарлық көрсетуге алып келеді. Мамандардың зерттеуінше, азаматтық қоғам институттарының жеткілікті бекітілмеуі; мемлекеттік ұйымдардың ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс жасауға тырыспауы; ҮЕҰ-ның әлсіздігі; азаматтық қоғам құру тәжірибесінің жоқтығы; патернализм - осының бәрі азаматтар еркіндігі мен белсенділігінің төмендігіне әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz