Үшінші сынып дүниетануын оқытудағы ерекшеліктер


ТЕМА: ҮШІНШІ СЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ
1. 1 Дүниетану пәнінің құрылымы . . . 7
1. 2 Дүниетану материалдарын тиянақты меңгерту жолдары . . . 15
ІІ ҮШІНШІ СЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Үшінші сынып дүниетануын оқытудағы ерекшеліктер . . . 24
2. 2 Үшінші сыныптағы сыныптан тыс жұмыстардың маңызы . . . 35
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 49
Қосымша . . . 51
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі - оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім - дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам - біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені, дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әр түрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.
«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С. Б. Крымский, Б. М. Кедров, Ә. Нысанбаев, А. Қасабеков, М. О. Орынбеков, Ж. Алтаев, Кішібеков, т. б. ) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса, бірқатар психологтар мен педагогтар еңбектерінде (М. А. Данилов, И. Я. Лернер, Л. В. Занков, М. И. Махмудов, А. А. Люблинская, А. Н. Леонтьев, Н. Б. Менчинский, П. Я. Голперин, Д. Б. Эльконин, М. И. Левина, Ю. К. Бабанский, Т. И. Шамова, С. П. Баранов) зерттеу обьектісіне қарай жүйелі талданған. [2]
Г. И. Шукина оқып-білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеру керек деп дәлелдейді. Б. П. Баранов оқытудың жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығы деп санайды. Осы жайында тіпті өз кезінде А. Я. Коменский болса, «мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес, аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын» - деп тұжырымдайды.
Президент Н. Ә. Назарбаев « Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында болашақ қоғам мүшелері - жастардың қандай болуға тиіс екендігін айта келе, «Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер мен өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары, спортшылар болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады . . . », - дейді. [8]
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білім мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әр бір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой-жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Білім стандартында «мектептің әрбір саласына жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету» талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.
«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілік мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы». Дүниетанымның көзі - білім.
Табиғат заттарын оқып-білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне пайдаланады. Сонымен қатар, бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін жұмсап, оны өндіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеуметтік өмірде де қолданып, қажетіне жаратады.
Адамның жеке басының дамып, тұлғаға айналуына тек мектеп қабырғасында берілген білім ғана емес, бүкіл оны қоршаған орта әсер етеді. «бала кезінде адамның тұлға ретіндегі қасиеттерінің 70% қаланады. Сол себепті дұрыс тәрбие өте қажет». Балаға әсер ететін оны қоршаған орта: жанұя, ата-ана, мектептегі, мектептен тыс қарым-қатынастар, күнделікті көпшілік ақпарат құралдары (радио, теледидар, газет және т. б. ) .
«Дүниетаным - ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде тұтастай алғанда адамның білімі мен нанымы, ар-ұждан мұраттары мен әлеуметтік құлықтың реттеушісі, саяси бағыт-бағдар, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарас».
«Дүниетану» деп айқын аталмағанмен, қай кезеңде де бастауыш сынып оқушыларына қоршаған орта, табиғат, адам еңбегі, тұрмысы жайында білім беріліп келінді. Оқушылардың ойын, тілін дамыту осы қоршаған орта материалдарын оқытып, білім беру барысында жүзеге асырылады. Дегенмен, әр кездегі оқу-ағарту саласының алдына қойылған талап пен міндеттерге және қоғамдағы ғылым мен мәдениет жетістіктеріне байланысты дүниетану материалдарының бастауыш сыныпта берілу көлемі де, мазмұны да, оны оқытудың әдіс-тәсілі де өзгеріп отырды.
Зерттеудің мақсаты: Үшінші сынып дүниетануын оқытуда тиімді жолдар арқылы оқушылардың білім, білік, дағды ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: 3-сыныпта дүниетануды оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі.
Зерттеудің болжамы: егер үшінші сынып дүниетану пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен формаларын пайдаланса, оқушылардың пәнді қабылдауы мен қызығушылығы арта түседі.
Зерттеу міндеттері:
- Үшінші сынып дүниетануын оқыту ерекшеліктерін айқындау.
- Үшінші сынып дүниетануын оқытудың тиімді жолдарын іздестіру.
- Дүниетануды оқыту мазмұнын анықтап, оқушыларда қажетті білім, білік, дағды қалыптастыру.
- Оқушы бойында бағдарламаға сай дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және дамыту.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің орта мектепте білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т. б. ) ; білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т. б.
Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау) ; әлеументтану (сауалнама) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибелерін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу үш кезеңде жүргізілді:
Бірінші кезеңде үшінші сыныптың дүниетану сабағының өткізілу барысын, қазіргі жағдайын айқындау; бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың стандарты мен бағдарламасын, оқулықтары мен әдістемелік оқу құралдарын жоспарлы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижеде зерттеу жұмысының тақырыбы, нысаны, мақсаты, болжамы, әдіснамасы мен пәні анықталды.
Екінші кезеңде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді және озық тәжірибелерді зерттеп талдау негізінде үшінші сыныпта дүниетану пәнінің атқаратын рөлі мен қызметі және мүмкіндіктері айқындалды. Сонымен қатар, дүниетану пәні негізінде меңгерілетін оқу материалдарының ішкі байланысы анықталды.
Үшінші кезеңде жүргізілген тәжірибелік жұмыстар қорытындыланды. Үшінші сыныпта дүниетану сабағында оқушылардың ой-өрісін дамытудың әдістемесі жасалып, оның тиімділігі оқыту эксперименті арқылы тексерілді. Зерттеу жұмысының нәтижелеріне теориялық талдау жасалды, қорытындылар негізделіп шығарылды.
Құрылымы:
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделген, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, болжамы мен міндеттері анықталған. Зерттеу кезеңдері, зерттеу нәтижелерінің нанымдылығы көрсетілген.
«ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ» атты бірінші тарауда үшінші сыныптың дүниетану сабағының қазіргі жағдайы анықталып, ондағы кемшіліктер және олардың себептері айқындалып, дүниетану пәні арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері сипатталған. Сонымен қатар бұл бөлімде мемлекеттік бағдарламаға сәйкес берілетін білім, білік, дағды ерекшеліктері айқындалған.
«ҮШІНШІ СЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» атты екінші тарауда үшінші сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесінің негізі сипатталып, онда үшінші сыныпта дүниетануды оқытудың кей ерекшеліктері көрсетілген. Сондай-ақ, зерттеу жұмысының қорытындысы сипатталған.
Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалған.
Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар енген.
І ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ
- Дүниетану пәнінің құрылымы
Жалпы дүниетану сабақтарында оқушылардың мектепке дейін айналамен танысуы арқылы алған білімдері тереңдетіледі, кеңейтіледі, дамытылады.
3-сынып “Дүниетану” пәнінің мазмұны 3 тарауды қамтиды. Олар: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам”. Осы тараулардың мазмұнын оқыту барысында бұл ұғымдардың бір-бірімен байланысы жайлы үнемі оқушыларға ескертіп отыру мұғалімнің міндеті.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың “адам”, “табиғат”, “қоғам” бөлімдерінен алған білімдері мынадай білік-дағдыларда жалғасын табады:
Табиғат :
- тірі және өлі табиғат объектілерін өздігінен бақылай білу, олар туралы байқағанын баяндап айтуы;
- табиғатқа адамның тигізетін қолайсыз істерін көре білуі, өз деңгейінде табиғатты қорғауға қатысуы;
- ауа температурасының өзгеруінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін, жлы мезгілдеріне байланысты тірі табиғат тіршілігінде болатын өзгерістерді бақылауы;
- термометрды пайдаланып, температураны өлшей алуы;
- Қазақстанның табиғи аймақтарын картадан таба білуі, онда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар түрлерін сипаттай алуы т. б.
Адам :
- адамды басқа тірі ағзалармен салыстыра алуы;
- өз денесінің тазалығын сақтау, гигиеналық ережелерді қолдану;
- жас ерекшеліктеріне сай келетін кез келген еңбек түрін орындай білуі;
- “Адам ағзасы” кестесі бойынша адамның негізгі мүшелерін:бас сүйегін, жақ, қабырға, омыртқа т. б. ажырата алуы;
- табиғат перзенті ретінде айналасын, өзін қоршаған дүниені байқап, сезініп, ондағы заттар мен құбылыстарды ажыратуы;
- ғылыми-техникалық жаңалықтардан хабардар болуы, күнделікті ақпарттарды пайдалана білуі;
- өз жеріндегі мәдени, халықтық мұралардың сақталуы, оны қорғау жұмыстарын бақылауы тиіс т. б.
Қоғам :
- отбасындағы адамдардың көңіл-күйін ажырата білуі;
- жақсылық, жамандық, еңбекқор, жалқау, әдемі т. б. ұғымдарды түсініп, керекті жерінде қолдана білуі;
- жергілікті жердегі мекеме түрлерін (аурухана, әкімшілік т. б. ) білуі, олардың халыққа тигізетін пайдасын байқаы;
- өз елінің және басқа халықтардың мәдениеті мен әдебиетіне қызығұшылық танытуы;
- ҚР мемлекеттік рәміздерін ажыратып, әнұранын айта білуі, туы мен елтаңбасын сипаттай білуі, олардың мәнін түсінуі тиіс.
«Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.
Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты - бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
- білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру;
- білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез-құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру;
- білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнын іріктеуде бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлы тәсілі қарастырылды.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын іріктеу кіріктіру, сабақтастық, біртұтастық ұстанымдарын негізге ала отырып құрылды. Оқу материалдарының мазмұны:
1. Адам.
2. Табиғат.
3. Қоғам тәрізді үш мазмұндық желілер бойынша топтастырылған. Осы мазмұндық желілерге сәйкес берілген оқу материалдары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделендіріліп беріледі.
«Адам» мазмұндық желісіне сәйкес оқушылар адамның физиологиялық дамуы, денсаулық оны сақтау, адамның тіршілік іс-әрекетіне қолайлы жағдай тудыру және салауатты өмір салтын құру туралы қарапайым білімді меңгереді. Мұнда адам биологиялық түр ретінде әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады.
«Табиғат» мазмұндық желісі бойынша оқушылар қарапайым биологиялық (жануарлар мен өсімдіктердің белгілері, олардың алуан түрлілігі, тіршілік ортасына бейімделуі, бір-бірімен байланысы) және географиялық (жергілікті жерде бағдарлана алу тәсілдері, план және карта, жер қыртысының формасы, пайдалы қазбалар, табиғаттағы су айналымы, ауа райы, климат, Жер ғарыш денесі) ұғымдармен танысады.
«Қоғам» мазмұндық желісі оқушыларға адам мен қоғамның дамуы, Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұралары туралы алғашқы түсініктер береді және онда оқушылар адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы туралы қарапайым білім мен біліктерді меңгереді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Дүниетану» оқу пәнінің 3 сыныпқа арналған апталық жүктеме сағаты - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат. Базалық білім мазмұнын оқыту кезеңдері бойынша сағаттарға бөлінуі:
Адам (8 сағат)
Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Адам ағзасының құрылысы туралы жалпы түсініктер. Қаңқа және бұлшық еттер. Қимыл-қозғалыс. Дем алу мүшелері. Өкпе және оның қызметі. Ас қорыту мүшелері. Қан айналымы. Жүрек және оның қызметі. Жүйке жүйесі. Дене мүшелерінің өзара байланысы. Дене шынықтырудың қимыл-қозғалыс еңбектерінің бұлшық еттерді қатайту үшін маңызы. Тамақтану гигиенасы. Таза ауада демалу.
Көрнекі құралдар : Қаңқаның моделі, адам жүрегінің үлгі түріндегі көшірмесі (муляж), кестелер, секундомер, спидометр.
Көрсетілімдер: Адам ағзасы мүшелері, олардың қызметтері туралы әртүрлі диафильмдер.
Практикалық жұмыстар: Қалыпты күйдегі және әртүрлі дене жаттығуларынан кейінгі адам пульсінің соғуын өлшеу және салыстыру.
Адам - жоғары дәрежеде ұйымдасқан, органикалық дүниеде белгілі бір орны бар тіршілік иесі. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, материалистер мұндай мәселені ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.
Адам - табиғат перзенті. Ол табиғат ортасында өмір сүріп, тіршілік етеді. Саналы ойлаудың арқасында ол өзінің адам ретінде алғашқы пайда болған дәуірінен бастады. Адам табиғат сырын, құпиясын зерделеді. Оның “техникасын” меңгерді. Құс пен инеліктің ұшуын бақылап - ұшақ пен тікұшақ, балықтардың жүзуін көріп - қайық пен кемені жасады. Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтардың орналасуын, құрылымын, пайда болуын зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды, құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды. Әрине, адам аса терең ойдың иесі болғандықтан, тірі табиғатты дәлме-дәл сол күйінде қайталамайды. Ғимараттарды, техниканы өз жағдайына икемді, өз қажетіне неғұрлым қолайлы, күнделікті тіршілігіне ыңғайлы етіп жетілдірді.
Демек, тіршіліктің барлық саласындағы әр жаңалықтың басты себепшісі - алдымен адамның ақыл-ойы. Ал адамға ой салушы, жетелеуші табиғаттың өзі.
Адамдардың тығыз қарым-қатынаста, белгілі бір мақсатпен бірлесіп тіршілік етуі арқылы қоғам пайда болды. Отбасының өзі шағын қоғам болып саналады. Адам жарық дүниеге келген соң алдымен отбасы қоғамымен, кейін балабақшада, мектепте оқығанда, жоғары оқу орындарында, бір мамандықты иесі болып жұмыс атқарғанда жаңа қоғамдық ортамен танысады. Адамның бүкіл өмірі қоғамдық ортада жүреді. Адамсыз қоғамды елестету мүмкін емес. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайтыны сияқты, қоғам да адамсыз болмайды. Табиғат бар байлығын адамзатқа сыйласа, адам қоғам құрып соны өз иілігіне жаратады. Бұл үш жүйе бір-бірімен біте қайнасып кеткен, олардың біреуін бөліп -жарып қарастыруға болмайды.
«Адам» бөлімін оқыған кезде балалар өз дене мүшелері туралы мағлұмат алады. Бөлімді оқу барысында балалар жас ерекшелігіне сай білуі қажет мәселелерді түсініп отырады. Оқушылар денсаулығының қауіпсіздігі мақсатында мұғалім тазалық талаптары мұқият сақталуын қадағалауы тиіс. Сабақ барысында мұғалім балаларды Қазақстан Республикасының Конституциясындағы арнайы баптармен таныстырады. Атап айтқанда, азаматтардың денсаулық сақтау құқықтары, қоршаған ортаның санитарлық жағдайымен, суқоймалар, ауа, өсімдіктердің тазалығын сақтау құқығы көрсетілген баптармен таныстыруы керек.
Оқушылар адам анатомиясы және физиологиясымен, денсаулықты сақтау және нығайту туралы ғылым - гигиенамен танысады. Дене мүшелерін бақылау әдістерінің бірі - өзін-өзі бақылау болып табылады. Әр адамға өз ағзасын танып-білуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылаудың бірнеше әдісі бар.
Салауатты өмір сүрген адамның дені сау, күшті, төзімді болатынын балаларға түсіндіру керек.
Табиғат (34 сағат)
Табиғатты оқып-үйрену әдістері (4 сағат) . Тірі және өлі табиғат денелеріне бақылау жасау. Бақылау және тәжірибе - табиғатты танып-білудегі негізгі әдістер. Тәжірибе жүргізуді жоспарлау, оның жүргізілуіне бақылау жасау, алынған нәтижелерді қорытындылау. Көлем және оны өлшеу (уақыт, температура, ұзындық және т. б. ), олардың табиғат объектілері мен құбылыстарын оқып-үйренудегі маңызы.
Көрнекі құралдар: Күнтізбе, сағат, термометр, сызғыш және т. б.
Көрсетілімдер: Көлемді өлшеуіш құралдар. Бөлме өсімдіктері жапырақтарының жарыққа қарағандағы жағдайына бақылау жасау.
Практикалық жұмыстар: Көлемді өлшеуіш құралдарымен жұмыс жасау, олардың көмегімен көлемді анықтау.
Дене. Заттар. Құбылыс (4 сағат)
Дене туралы алғашқы түсінік. Табиғи және жасанды денелер. Заттар. Заттың агрегаттық күйі. Табиғаттағы құбылыс.
Көрнекі құралдар. Түрлі заттардың үлгісі.
Практикалық жұмыстар. Табиғи және адам қолымен жасалған денелермен танысу.
Ауа. Су. Ауа райы (4 сағат)
Ауа: жылы және суық ауа. Жел - ауаның қозғалысы. Табиғаттағы су. «Жер асыты сулары», «өзен», «көл», «теңіз», «мұхит» ұғымдары. Бұлт, оның түрлері. Жауын-шашын. Тұман. Ауа райы. Ауаның тазалығын сақтау. Ауа мен судың маңызы.
Көрнекі құралдар: Өзен, көл, теңіздің суреттері. Шыны түбіртек, химиялық колба және т. б.
Көрсетілімдер: Есікті ашып екі бөлме арасындағы ауаның қозғалысына бақылау жасау.
Практикалық жұмыстар: Қазақстандағы және дүние жүзі бойынша ең ірі өзен, көлдердің аттарын дәптерге жаздырту.
Тау жыныстары және пайдалы қазбалар (10 сағат)
Тау жыныстары туралы алғашқы түсінік. Олардың түрлері, қасиеті. Қатты тау жыныстары: гранит, мрамор. Пайдалы қазбалар. Мұнай. Табиғи газ.
Топырақ. Топырақтың түзілуі. Топырақтың қасиеті.
Көрнекі құралдар: Пайдалы қазбалар коллекциясы. «Көмір өндіру», «Мұнай өндіру» - кестелер мен суреттер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz