Табиғат қорғау дәстүрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТАБИҒАТТЫ
ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Бастауыш сыныпта табиғатты қорғауға тәрбиелеудің маңызы ... ... ... ... ... 6

1.2. Бастауыш сынып оқушыларын халықтық дәcтүрге тәрбиелеу арқылы
салауатты өмір сүруін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..10

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

1. Бастауыш сынып оқушыларына табиғатты қорғау дәстүрі негізінде білім
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2. 1-4 сынып оқушыларына табиғатты қорғау дәстүрін оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...31

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел
болып, өркениетті мемлекеттердің санатына қосылуы жағдайында, гумандық,
адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-
мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын
ескере отырып зерделеу көкейтесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны
елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз арды бағалайтын,
белсенді, жоғары моральды, рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақ
халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және
дамыта түсеміз деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға
болады.[1]. Жеткіншектерді халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу
мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Ресбуликасының Білім туралы
Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Ертедегі мәдениет тарихын зерттеуші ғалым Генрих Шурцтың айтуынша:
Салт-дәстүрсіз бір де бір қоғам жоқ, адам дүниеге келісімен соңғы күніне
дейін осы салт-дәстүрлердің аясында болады. Салт-дәстүрлер адаммен бірге
пайда болады. Салт-дәстүр қоғамның скелеті - дейді.
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат – адамның рухани да,
материалдық та тірегі. Қазақ халқының асқан даналығы мен ғажап зердесі,
табиғатқа деген адамгершілік көзқарасы салт-дәстүрлерінен айқын аңғарылады.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңының 89
бабының әрқайсысы еліміздің жарқын болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз
ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан
шешілуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің
жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі.
Соңғы жылдары әлемдік, отандық, ұлттық негізде кеңінен білім, тәрбие
беру міндетіне сай Республикамызда ондаған жаңа концепциялар,
тұжырымдамалар, бағдарламалар қабылданды. Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңы мен еліміздегі Орта білім дамытудың 1997 ж. Тұжырымдамасында
Қазақстан орта мектебінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі ретінде қазақ
халқының, сонымен қатар Қазақстан Республикасын мекендеген басқа халықтар
мен этникалық топтардың ұлттық мәдениетін, озық дәстүр, салттарын сақтау
және қорғау міндеті аталды.[2]
Бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-
ғұрып, салт-дәстүрді – халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда
болуы көзделініп отыр. Халықтық дәстүр ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын
жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген,
тарихын, әдет-ғұрпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік
қасиеттерін бойына сіңіріп, елін, жерін, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін
қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі кезде табиғи ортаға тигізетін адамның іс-әрекетінің шексіз
өсуі, оның келеңсіз көріністерінің айқын байқалуы табиғи ортаға деген
саналы көзқарастың жетіспеушілігінен туындап отыр. Осы мәселелердің бәрі
зерттеу тақырыбының көкейтестілігін дәлелдей түседі.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып пәндерін оқытуда халықтық дәстүрдің
ғылым-педагогикалық негіздерін анықтап, оның озық үлгілерін бүгінгі оқу
тәрбие жүйесінде қолданудың мүмкіндіктерін және жолдарын ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақ халқының дәстүрлеріне анықтама беру:
2. Халықтық дәстүрді оқу тәрбие жүйесінде қолдану жолдарын айқындау:
3. Бастауыш сыныпта табиғатты қорғау дәстүрлерінің түрін, маңыздылығын,
тәрбиелік мәнін дәлелдеу:
4. Мектептегі оқу тәрбие жұмысында табиғат қорғау дәстүрлерін пайдалану
мүмкіндіктерін көрсету.

Зерттеу әдістері:
1) Педагогикалық бақылау.
2) Педагогикалық эксперимент.
3) Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi

Зерттеу пәні – халықтық дәстүрлерді қолдану барысында оқушыларға
экологиялық білім беру және табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
процесі.
Зерттеу болжамы- халықтық дәстүрлерді зерделі түрде жинақтап, жүйеге
келтіру халықтың табиғатты саналы түрде қамқорлыққа алуына септігін
тигізеді. Қазақтың табиғат қорғау дәстүрлерін сабақпен байланыстыра отырып,
оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті қалыптастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері – табиғат пен адамның тығыз
байланысы, дүниені танып білуге болатыны, қоғамдық орта мен жеке тұлғаның
даму заңдылықтары туралы философиялық ілімдер, педагогикалық, психологиялық
зерттеулер.
Дәстүр - өзінің өміршеңдігімен, тұрақтылығымен біршама сипатталатын
және қоғамның бір тобынан екіншісіне ауысып отыратын мәдениеттің өткендегі
элементі. Олай дейтініміз, дәстүр ғана адамзаттың әлеуметтік-тарихи
тіршілігіндегі тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жинақтайды. Жаңа
ұрпақ өткендегі тәжірибеден өздеріне қажетті құндылықтарды қабылдайды.

Зерттеу орны: Ж.Жабаев атындағы №5 мектеп гимназиясы
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптың дүниетану сабағы

Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныптағы дүниетану оқытуда халық
дәстүрлерін қолданса, оқушылардың дүниетану сабағына қызығушылығы артады.

Зерттеу мәнділігі: мектеп мұғалімі өз сабағына қолдана алады.

Зерттеу көздері: табиғат қорғау проблемасына байланысты педагогика,
психология, философия ғалымдарының еңбектері, мектеп бағдарламалары,
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, әдебиеттер тізімі.

Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс 32 беттен, 2 бөлімнен тұрады.
Зерттеу екі кезеңнен тұрады.
1-кезең: Теориялық ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесі бойынша
педагогикалық, әдіснамалық жағынан шолу жасалды.
2-кезең: Тәжірибелік кезеңде алынған теориялық мәліметтерді пайдалана
отырып оқушыларға дүниетануды оқытуда халық дәстүрлерін қолдану туралы
түсінік берілді.

1 ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТАБИҒАТТЫ
ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Бастауыш сыныпта табиғатты қорғауға тәрбиелеудің маңызы.
Қазіргі дүниетану ғылымы – стратегиялық, тактикалық бағыты айқындалған
ғалымдардың ғылыми деңгейіне көтерілуде.
Дүнетану ғылымының  басты  міндеті болашақта табиғат қорларыны ң
сарқылуына жол бермеу, жер шарының тұрақтылығын сақтау, тіршілік әлемінің
тепе теңдігін, ырғақты өмір сүруін қадағалау және адам-қоғам-
табиғат арасындағы қарым-қатысты  үйлестіру  болып табылады. Табиғат қорғау
проблемасын іс жүзінде шешудің негізгі бір мақсаты  бастауыш сынып
оқушыларынан бастап туған жерге, Отанға,табиғатқа деген сүйіспеншілі кке 
тәрбиелеу.
Атақты ғалым академик И.Д.Зверев ұстаздарға қойылатын негізгі үш
талапқа  ерекше көңіл бөлді. Біріншіден, мұғалімнің санасыда табиғат үшін
қоғам алдындағы  жауапкершілік сезім болуға тиіс, яғни табиғат қорғау
халықтық ісі  екенін және оның халықаралық маңызы ерекше екенін есте ұстауы
қажет. Әрбір  ұстаз өз-ой пікірі арқылы бүкіл  адамзат иілігі үшін,
болашақ ұрпақтар үшін табиғатты қорғау және оның байлықтарын 
барынша ұқыпты пайдалану қажетілігінен  түсінуі шарт.
Екіншіден, ұстаздың өзі  күнделікті өмірі мен қызметінде табиғаттың
нағыз жанашыр қамқоршысы ретінде басқаларды біліммен қаруландыруы қажет.
Әр  халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, өзіне  тән салт-сана, дәстүрлері
болады. Бұл  салт-сана сол халықтың дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани
күйінен  туған.Сондықтан да ол халықтың жан  дүниесінің айнасы,
ұрпақтарының қайнар тұтас мұрасы болып сақталып қалады.
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбилеу маңызды міндет.
Педагогика ғылымы дүниетану және табиғат қорғау ғылымының негіздерін
тереңдетіп, халықтың дәстүрлерін жинақтап, оны бүкіл 
жұртшылыққа үйреткенде елді табиғат  қорғау бағытында тәрбиелегенде  ғана
жағдай түзеледі. Ешбір қиыншылыққа  қарамай ұстаздар әрбір бастауыш
сынып оқушыларының ғана емес, әрбір  жасты табиғат қорғау тәрбиесінен 
өткізіп, оларды табиғат қорғау жұмыстарына  қатынастырса өмірді де аман
сақтаймыз.Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек.
Олар: Отансүйгiштiк. Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап,
елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы
перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Совет психологы С.А.Рубенштейн бұл түсiнiк туралы былай деген: Адам өзiнiң
ерекше қайталанбайтын қасиеттерiнiң күшi арқасында индивидуалды және адам
қоршаған ортаға өзiнiң қатынасын саналы түрде анықтау арқасында жеке бас.
Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты
анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзiндiк
көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан, ең
бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.
“Қазақстан – 2030” Ел Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауында
Қазақстан азаматтарының денсаулығын, бiлiм мен әл-ауқатын арттыруға,
экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берiлген. Демек, жас ұрпақтың
денсаулығын нығайту, рухани-адамгершiлiгiн жетiлдiру мәселелерiне тың
көзқарастардың қажеттiгi туындауда. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесiндегi
көкейкестi мәселелердiң бiрi - жетiлген тұлға тәрбиелеу [3].
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік,
ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім
беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті
мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын
дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі
ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының
маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат – бүкіл тіршілік
атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені екендігі жөнінде нақты
түсініктер беріледі. Бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа
деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен
таныстыру, яғни табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие мен білім беру
жұмыстары жүргізіледі. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты
айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, халықтық
тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға
болады:
- табиғаттағы әртүрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау,
көркейту іс-әрекетін білдіретін әңгімелер;
- мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе
оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу
(кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;
- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері
негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен
еркін түрде байланыс жасау – бақылау, оларды зерттеу, күтіп-баптау іс-
әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын
кешенді іс-әрекет;
- тәжірибе жасау – бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабақтасып
келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
-сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, сурет салу, хат жазу;
- табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер
жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін
айқындау;
- бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы
адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалау,
шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін
айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына
қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді.
Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды,
оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және
ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет
жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің
экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-
әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық
тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланысты руға болады. Балалармен
экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол
жеткізу ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде
тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың
экологиялық тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі
экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін
ұсынамыз. Тіршілік иелерінің өміріне қажетті түғызу және қолдау әдісі
балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол
балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға
бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса
бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және оларға сипаттама беруді
қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету – осы әдіс
түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста
болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және
жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға
септігін тигізеді. Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі,
мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін
танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған
ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен
табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен
таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылауларды
ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара
байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы
шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп,
ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды
бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау
баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың
дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып,
білуге деген ынтасы арта түседі.Табиғатты бейнелеу әдісі – экологиылқ
тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат
көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және
әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу
өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған
халқымыздың ұлттық тұмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін
кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі
арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-
күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге
итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.Тіл дамыту іс-әрекетінде үлкен
ерекшелік үлесіне қарай табиғатты бейнелеу әдісінен сөздік әдеби әдісін
өз бетінше бөліп қарауға болады. Сөз белгілі бір формада және деңгейде кез
келген іс-әрекетті қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде үш маңызды қызмет
атқарады. Мәселен, диалог түрінде (әңгіме де, пікір алмасуда) үлкен мен
баланың қарым-қатынасында табиғат туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті
туралы түсініктердің көрініс табуымен нақтыланады. Монолог арқылы
(мұғалім әңгімесі, кітап оқуы) балалар білімінің жаңа саласына енеді.
Жоғарыдағы әдістерді саралай келіп, балалардың экологиялық тәрбиелілігінің
деңгейі мен тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамыту мақсатында
жүргізілетін мынадай жұмыс түрін ұсынуға болады:
- мектептің, туған қаласының орнын картаға белгілеп, ұстаздың көмегімен
желімдеу;
-теңіздер мен мұхиттар жөнінде түсініктер беру;
-өздеріне таныс қалаларды үлкен жалаушалармен белгілеу;
-экологиялық таза емес аймақтарды белгілеп, желімдеу.
Картамен жүргізілетін мұндай жұмыс түрлері балалардың алғашқы географиялық
танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере
білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайларын танып білуге мүмкіндік
береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен
ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, құрдастарының жауаптарын
тыңдап, ұжымдық әңгімеде, қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса алады.
Өнер туындыларынан көрмелер ұйымдастыру, ондағы табиғаттың әсем көрінісін
балалардың әңгімелеп жеткізе білуі олардың сезімдік талғамын, әдемілікке
ұмтылу қабілеттерін дамытады. Кішігірім көрмелерді көру, мұражайларға
саяхат жасау, мәдени байлықтарды бағалай білу баланың тұлға болып
қалыптасуына ықпал етеді. Үлкендердің басшылығымен қауіпсіздік ережелерін
сақтай отырып ұйымдастырылатын жақын жердегі орманға, жорықтарға шығу,
көргендерін шамаларына қарай қағаз бетіне түсіру – экологиялық сауықтыру
мәні бар өте маңызды жұмыстар. Бұдан балалар таза ауада демалып, табиғат
әсемдігінен талғамдық ләззат алады, өсімдіктер мен жануарлардың бірлестігі
туралы біледі, олардың қимыл қозғалыстарын бақылайды. Тіпті тірі табиғатпен
осылайша өзара қарым-қатынас жасау балалардың табиғат аясында тәртіп
нормаларын сақтап, мәдениетті демалу.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларын халықтық дәcтүрге тәрбиелеу арқылы салауатты
өмір сүруін қалыптастыру.

Салауатты өмір салты мен адамның өз
денсаулығы үшін
ынтымақты жауапкершілігі қағидаты –
денсаулық
саласындағы және халықтың күнделікті
тұрмысындағы
мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі
болуы тиіс.

Н. Ә. Назарбаев

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты - қазіргі кезеңдегі
қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға
қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы
адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді
дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін
арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.
Салауатты өмір салты тұлғаның дамуы мен тәрбиесінде маңызды рөл атқара
келе, қалыпты өмір салтының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Еліміздің
даму бағытын бекіткен Қазақстан – 2030 бағдарламасында салауатты өмір
салтын ұстану мемлекеттік мыңызы бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі
баса көрсетілген.
Салауаттылық ұғымы – қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан
мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда,
өз ұлтының дінін ұстануға үйрету.
Салауаттылық – ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан
тазалығын сақтау, тіпті, қарапайым түрде айтсақ, адамның киім киісі,
тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы
сауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек
көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына, яғни, әлеуметтік
ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық
негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесіне жүктелген мыңызды да жауапкершілігі
мол міндет болып табылады.
ҚР Конституциясының 29 бабында ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға
құқығы бар деп көрсетілген. Денсаулық дегеніміз - адамның ең ұзақ ғұмыры
бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік
дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы
мен дамыту үрдісі. [4]. Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады,
әрдайым жайдары , көңіл күйі жоғары болады. Сондықтан да мектептің негізгі
міндеті - әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға
деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,
бала бойындағы қасиеттерін дамыту. Егер мектеп жасындағы бала өз өмірінде
кімнің жанында көп уақыт болатынына көңіл аударсақ, әрине ата-анасымен және
мұғаліммен бірге болатыны баршаға аян. Сондықтан сабақтың дұрыс
ұйымдастырылуы мен өткізілуі мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етері
сөзсіз.
Адамның отбасында, мектептегі тәрбие барысында денсаулығы дамып, нығаяды
немесе тозады. Бұл жағдайда оқушының шығармашылық қабілеті шектеліп қалуы
мүмкін.
Оқушылардың денсаулығы қалыпты болуы үшін төмендегі шарттарды орындау
қажет:
- Дене еңбегі;
- Дұрыс тамақтану;
- Уақытты дұрыс пайдалану;
- Шынығу және демала білу;
- Бақытты өмір сүру;
- Гигиеналық талаптардың орындалуы;
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін мектеп пен ата-аналар бақылау
жүргізу арқылы ұйымдастырады. Оларды зиянды әдеттерден аулақтату мақсатында
іс-шаралар өткізіліп, төмендегі мағлұматтар берілді.
Оқушылардың барлығы бірдей салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруі үшін не
істеу керек? Тәжірибе дәлелдегендей, спирттік ішімдікке, маскүнемдікке
қарсы жүргізілетін үгіт-насихат, алдын алу шаралары анда-санда емес, мақсат
көздей отырып, жүйелі жүргізілген жағдайда ғана өз нәтижесін береді. Бұл
жұмысты жоспарлаған кезде балалардың психологиялық , жас ерекшеліктерін
ескеру керек. Жұмыстың ең алдымен ата-аналар арасында үгіт жүргізуден
бастаған абзал.
Салауаттылық ұғымы қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан
мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда
өз ұлтының дінін ұстануға үйрету. Өмір заңдылығы салауатсыздықты
кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді. Жасөспірімдердің
салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге
адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты.
Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп
жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. Бала
тәрбиесі әсіресе, мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін
жұмыстардың мән-мағынасы өте зор болып келеді. Бүгінгі қоғамымызда
салауатты өмір салтына деген саналы көзқарастың жеткіліксіздігі
азаматтардың рухани деңгейінің төмендігіне және оның нәтижесінде жағымсыз
жайттардың кең өрістеуіне себепкер болып отыр. Жастар денсаулығының
нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі ,
азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы – осы жайттардың айқын
көрінісі. Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында тәрбие жұмыстарының
жұтаңдығының салдары екендігі даусыз. Жастары әлсіз, денсаулығы нашар,
білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса ол мемлекет
қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар - біздің болашағымыз. Ал бізге
болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт
күткізіп отырған бүгінгі жастар - ертеңгі қоғам иелері. Салауатты өмір
салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма.
Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі.
Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек
дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны
организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп
ұққан жөн. Сондықтан адам денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана
көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және
мәдени әуес болып табылады. Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық
жағдайына басты назар аударуда. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың
мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
-Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
-Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
-Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
сүйену;
-Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының
әсерін білу;
-Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
-Үздіксіз оқыту,салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
-Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу
барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты
тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі,жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде
сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне,көзқарасына тікелей
байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа
барар жол үстіндегі талапкерлер. Бұл тәрбие салаларының мақсаты - дүниенің
шындығын өз мәнінде танитын,эстетикалық сезімі жоғары, үлкенге ізет, кішіге
ұқрмет көрсететін,ақыл-ой жағынан дамыған және өз халқын, елін сүйетін
азамат тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Білім заңында мектеп
оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру,
адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой,танымдық шығармашылық қабілетін
анықтау басты міндет екендігі айтылған.Осы міндеттердің жауапкершілігі
негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына
адамгершілік,ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім
қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.
Денсаулығын жақсарту барысында алдын-алу жұмыстарының ең бастысы- тәрбие,
әсіресе, халықтық дәстүрдің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, адам
санасына әсер ету.
Еліміздің Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасында салауатты
өмір салтына арнайы тоқтала келіп? ...салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,
есірткелерді, темекі мен алкогольды тұтынуды қойып, тазалық пен санитария
шараларын сақтауымызға және т.с.с бағытталған - делінген [5].
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда болашақ ұрпақтың мектеп қабырғасында
алатын білімі және тәрбиесі арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл
мақсатты жүзеге асыру үшін, біріншіден, халықтық дәстүрді, соның ішінде
ғасырлар сыңынан өткен тәлім-тәрбиелік танымдық мүмкіндіктері мол тарихи
тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың, ақын-жыраулардың, педагог-ағартушылардың
тәрбиелік мұраларын кеңінен пайдалану қажеттігі туындады.
Екіншіден, осы халықтық дәстүрдің теориялық негіздеріне сүйене
отырып, болашақ ұрпақ бойына адамгершілік, еңбексүйгіштік, салауатты өмір
сүруге, денсаулық сақтауға, отансүйгіштік, т.б. қасиеттерді сіңіру керек.
Халықтық дәстүр – тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, тәрбие
жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі. Оның тәрбиелік рөлің анықтау
кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. Оқушылар салауатты өмір салтына
халықтық дәстүр негізінде тәрбиелеу шараларының бірі ретінде 1997 жылы 3
желтоқсанда құрылған Халықтық Орталықтың маңызы ерекше. Оның негізгі
мақсаты: Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың
Халықтық саясатын құру мен жүзеге асыру.
Қазақ халқының халықтық дәстүрі негізінде оқушыларды салауатты өмір
салтына тәрбиелеуде нақты бағыт болуы аса маңызды. Ұлы ағартушылар, ғұлама
ғалымдардың мұраларына, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау
жасау арқылы туындайтын талаптарға сай жеке тұлғаның салауатты өмір салты
жүйесінің іс-әрекеттік әдістемесін жасауға мүмкіндік туды. Халқымыздың
тілінен бастап дәстүріне дейін, жасайтын мүлкінен бастап ойнаған ойынына
дейін, жайған дастарханынан бастап мінез-бітіміне дейін, қонақ қабылдауынан
бастап өлік жөнелтуіне дейін оның өмір салтын көреміз.
Салауатты өмір салтын қоғамдағы әрбір жеке адамның сол қоғамның
мұқтажына сай тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз
ететін тәртібі мен дағдысының жеке жүйесі деп есептесек, онда жеке адамдар
салауатты өмір сүретін болса, бүкіл қоғамымыз да салауатты болмақ. [6]

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

1. Бастауыш сынып оқушыларына табиғатты қорғау дәстүрі негізінде білім
беру.
Табиғат қорғау дәстүрі – ұрпақтан ұрпаққа берілетін, ұзақ уақыт сақталатын,
заңмен бекітілмеген қазына, қоршаған ортаны алдап сақтауға бағытталған игі
істер мен ойлардың нәтижесі, халықтың теңдесі жоқ мұрасы.
Табиғат қорғау дәстүрлеріне тән нәрсе:
1) олар табиғатты аялаудың қажеттілігінен, табиғат - өмір тірегі екендігін
түсінуден қалыптасқан;
2) өз еркімен қабылданған соң, олар міндетті нәрсеге айналады.
3) оларды бұзу не сақтамау соған сәйкес қарсы шараларды қолдануға әкеледі.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның
қайнар көзi.Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң
табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал
қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім мен тәрбие беру
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Табиғатты қорғайық, аялайық
Халық педагогикасындағы экологиялық тәрбие
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие
ЭТНОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер