Екінші сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ
1. 1 Екінші сыныпта дүниетану пәнінің мазмұны мен құрылымы . . . 8
1. 2«Дүниетану» пәнінің оқытуды ұйымдастыру формалары және түрлері
. . . 14
ІІ ЕКІНШІ СЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУДАН САБАҚ БЕРУ МЕТОДИКАСЫ . . .
2. 1 Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың әдіс-тәсілдері . . . 24
2. 2 Екінші сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшеліктері . . . 31
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 39
Қосымша . . . 40
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі жас ұрпаққа білім беру, ХХІ ғасырда - халықаралық даму кезеңіне сай, бәсекеге лайықты, барынша білімді, білікті жас маманды даярлау межеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясын ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін байқатады. Сондықтан, сапалы білім беріп, саналы етіп жас ұрпақты тәрбиелеу - басты мақсаттардың бірі, соның ішінде халық «білім негізі - бастауышта» деген тағылымды ойды орынды айтады.
Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы.
Ұлы ойшыл педагог Дистервегтің айтуынша «Нашар мұғалім ақиқаты анықтап жеткізе алады, ал жақсы мұғалім оны қалай табуды үйретеді». Осы айтылғандай, оқытуды ізгілендіру мұғалімнен өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушыларды дайындауды талап етеді.
«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілік мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы». Дүниетанымның көзі - білім.
«Дүниетану» пәнін оқыту - педагогикалық ғылым. Білім белгілері: мүмкіндігінше ғылыми негізделген зерттеу әдісі; ғылыми білім жүйесін құру. Дүниетану пәнінінің зерттеу әдістері тарихи әдіс, мектеп мұғалімдерінің тәжірибелері зерттеу, педагогикалық бақылау, педагогикалық эксперимент. Дүниетануды оқыту әдістемесі пәні мақсат-міндеттері, зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланыстылығы. Дүниетану пәнінің курсын педагогикалық оқу орындарында оқу пәні ретінде оқыту әдістемесі. Негізгі компоненттері. Негізгі оқулықтар. Студентттерге қойылатын талаптар (курстық, дипломдық жұмыстар, зачет, емтихандар, оқу практикаларында) .
Революцияға дейінгі кезең. Жаратылыстану пәнінің оқытыла басталуы. Мектептегі жаратылыстану, оны оқыту әдісі, XIX ғасы р. Советтік кезең. Политехникалық оқу мен еңбекке тәрбиелеудің жүзеге асуы. ВКП(б) Орталық комитетінің (1931-1932) қаулыларының жаратылыстану әдістемесінің дамуына әсері
Бастауыш мектептегі бетбұрыстар. Жаңа бағдарлама, оқулықтар. М. Н. Скаткин, П. А. Завитаева, Л. Ф. Мельчакова, З. А. Клепинина т. б. Әдіскерлердің жаратылыстану пәнін оқытудағы еңбектері. Қазақстан республикасының ғылым әдіскерлері Т. Мусакулов, Б. В. Муханов, К. А. Аймағанбетова, К. Жунусова, А. Бірмағанбетова т. б. Жаратылыстану пәнінің әдістемесіне қосқан үлестері. Жаңа бағдарлама мен оқулықтар, әдістемелік құралдар түзуі. Пән мақсаты маңызы және құрылымы.
«Дүниетану» - оқу пәні. Оқушылардың қоршаған дүниеден хабардар болып, білім алуы. Оқыта отырып оқушыларды тәрбиелеу. Қоршаған ортаға материалистік көзқараспен қарау. Еңбек мәдениеттілігіне тәрбиелеу. Балаларды эстетикалық, экологиялық, санитарно-гигиеналық және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Оқу материалындағы өлкелік ерекшеліктерін іріктеу. Пәннің интегративті маңызы. Адам, табиғат, қоғам мен адам еңбегі блогінің жүйесі. «Дүниетану» оқу материалының мазмұнын «Қоршаған орта» және «Табиғаттану» пәндерінен ерекшелігі. «Дүниетану» мәніндегі қоршаған дүниені танудағы қарапайымнан күрделенуінің бірізділігі. Пәнаралық байланыс.
Ғылымда қоршаған дүние сырын тану әдісі мен оқу үрдісі. Әдіс түрлері: білім көзі, мұғалімнің оқытуы, оқушының білімді қабылдауы. Оқыту тәсілдерінің классификация. Сөз білім көзі. Әңгімелеуде, түсіндіруде, суреттеуге қойылатын талаптар. Сөз әдісінің көптүрлігі, мәдениеттілігі.
Көрнекілік құралдардың қолдануы. Құралдармен өз бетінше жұмыс істеу. Төменгі кластар оқушылармен кітаппен, байқау күнделігмен, табиғат календарымен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Оқу процесінде қолданатын әдістерді іріктеу оқу үрдісінің құрамына байланысты.
«Дүниетаным - ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде тұтастай алғанда адамның білімі мен нанымы, ар-ұждан мұраттары мен әлеуметтік құлықтың реттеушісі, саяси бағыт-бағдар, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарас».
«Дүниетану» деп айқын аталмағанмен, қай кезеңде де бастауыш сынып оқушыларына қоршаған орта, табиғат, адам еңбегі, тұрмысы жайында білім беріліп келінді. Оқушылардың ойын, тілін дамыту осы қоршаған орта материалдарын оқытып, білім беру барысында жүзеге асырылады. Дегенмен, әр кездегі оқу-ағарту саласының алдына қойылған талап пен міндеттерге және қоғамдағы ғылым мен мәдениет жетістіктеріне байланысты дүниетану материалдарының бастауыш сыныпта берілу көлемі де, мазмұны да, оны оқытудың әдіс-тәсілі де өзгеріп отырды.
Қазақ мектебіндегі білім мазмұны қазіргі талаптарға сай келетіндей, бірақ оқу жоспарын ауырлатпайтындай, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, оқушыға күш түсірмейтіндей етіп шешу қажет.
Сондықтан осы уақытқа дейін оқытылып келген «Айналамен таныстыру» және «Табиғаттану» пәндері жаңа пән «Дүниетанумен» ауыстырылды. Бұл пән үш үлкен блокты біріктіреді. Олар: «Адам», «Қоғам», «Табиғат» блоктары.
«Дүниетану» оқу пәні жалпы орта білім беру деңгейіндегі міндетті пәндердің қатарына жатады. Бұл жаратылыстану ғылымдарының табиғатты танып-білудегі, техника мен технологияның дамуындағы, өмір сүру сапасын жақсартудағы жетекші рөлімен анықталады. Жаратылыстану-ғылыми таным әдістерімен танысу, өз кезегінде қазіргі заманғы қоғамның әрбір әрбір мүшесіне қажетті сындарлы ой-өрістің дамуы, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы, жауапты дәлелдей алу сияқты сапалардың қалыптасуына ықпал етеді.
Кіріктірілген пән ретіндегі «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнында физикадан, биологиядан, географиядан, химиядан және астрономиядан білімнің іргелі және қолданбалы аспектілері үйлеседі.
Жаратылыстану пәндері бойынша білім беруді кіріктірудің мақсаты табиғат туралы, оның материалдық бірлігі, тірі және өлі табиғаттың өзара байланысы, табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өзара тәуелділігі туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру болып табылады.
Оқу пәнінің нысаны - адам, қоршаған тірі және өлі табиғат, техника және технология, бұл объектілерді кіріктіре қарастыру оқушылардың әлем туралы, табиғаттың маңызды құраушысы ретіндегі және оған әрекет етуші саналы тіршілік иесі ретіндегі адам туралы біртұтас көзқарасын қалыптастырудың қажеттігінен туындайды.
Оқу пәнінің мақсаты оқушылардың материалдық дүниенің біртұтастығы және жүйелілігі туралы білімдерін қалыптастыру және оларды табиғатты зерттеуде қолданылатын жаратылыстану ғылымдары қолданатын тәсілдермен таныстыру болып табылады.
Оқу пәнінің міндеттері:
- оқушыларда дүниенің материалдығы туралы түсінік, табиғат объектілері мен құбылыстары, оның заңдылықтары мен заңдары туралы білім қалыптастыру;
- оқушылардың жүйелі ойлай алу негіздерін дамыту;
- бақылау, эксперимент, лабораториялық тәжірибелерді жүргізу біліктіліктерін дамыту;
- жаратылыстану пәндері бойынша оқу және күнделікті іс-әрекетке қажетті мәліметтер жинастыру үшін түрлі ақпарат көздеріне ізденіс жүргізе алуы;
- білім мен біліктіліктері негізінде экологиялық ойлауын қалыптастыру жатады.
Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттеріДүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән, «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарын біріктіреді. Интеративті пән болғандықтан, оны оқып - үйренудің негізгі мақсаты - адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:
- оқушыларда индивидтің қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері, қабілеттері және дамуы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру;
өзінің көңіл-күй (сезім) ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу; іс-әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге үйрену;
- табиғат объектілері мен облыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйі туралы ғылымдарды меңгерту; табиғат объектілері мен облыстары арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттың және кеңістіктің өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;
- оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбек ете білуін, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұнын әр сынып бойынша талдау кіреді, әдістеменің міндеті - балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді. дүниетану әдістемесі дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің психологиялық заңдылықтарына, дүниетану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді.
Дүниетануды оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мқғалім бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының мазмұнын, балаларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін білуі керек.
Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің, пән мақсатына, оқытылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында қалай пайдаланатынын білуі қажет.
Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы үшін дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуі тиіс.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептің екінші сынып дүниетануын оқытуда тиімді жолдар арқылы оқушылардың білім беру ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: 47 мектептегі бастауыш дүниетану сабағы
Зерттеу пәні: Бастауыш мектептегі дүниетану пәні
Зерттеудің болжамы: егер екінші сынып дүниетану пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен формаларын пайдаланса, оқушылардың пәнді қабылдауы мен қызығушылығы арта түседі.
Зерттеу міндеттері:
- Екінші сынып дүниетануын оқыту ерекшеліктерін айқындау.
- Екінші сынып дүниетануын оқытудың тиімді жолдарын іздестіру.
- Дүниетануды оқыту мазмұнын анықтап, оқушыларда қажетті білім беруді қалыптастыру.
- Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесіне талдама жасау.
педагогикалық бақылау;
- дүниетану пәнін, бастауыш 2 сыныбында оқыту мәселелері, оқыту ерекшеліктері; - педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, озық тәжірибелерді қорытындылау;
- Бітіру жұмысы: кіріспеден, 2 тараудан, әрбір тарау екі тақырыпты қарастырудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмысты жинақтау, зерттеулерде психология, педагогика, дүниетануды оқытуға қатысты соңғы жылдардағы әдебиеттер, оқу-әдістемелік зерттеу еңбектеріне шолу жасау, жарияланған материалдарды ой елегінен өткізу, ең озық тәжірибелерге негіздеме жасауға арналды.
І Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінің мазмұны
1. 1 Екінші сыныпта дүниетану пәнінің мазмұны мен құрылымы
Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың айнала қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарды зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдіс-тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады.
Оқытудың мақсаты бастауыш білім беру деңгейі оқушыларына саналы, жүйелі және берік білім болып табылады. Дүниетану білімі жаратылыстану ғылымдары анықтап берген заттардың белгілері мен қасиеттері, құбылыстар мен процестер, олардың өзара байланысынан тұрады. Білімді игерудегі негізгі әдістемелік заңдылық оқыту үдерісінде оқушыларға бірқалыпты білім беру және дамытудан тұрады. Ұғым оқушылардың сыртқы дүние танымына көмектеседі.
Дүниетану пәнінің мазмұны ұғымдардың мәнін ашып көрсетудегі жүйелік, реттілік ұстанымдарына бағынышты. Бағдарламада оқу материалдары белгілі-бір анықталған жүйе бойынша берілген. Оқушылар адам, табиғат, қоғам және олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі жайлы берік білім алу мақсатында, алдымен адамның физиологиялық дамуы элементтерін, жануарлар мен өсімдіктердің биологиялық белгілерін, адам мен қоғамның жалпы дамуын зерделейді. Бағдарламада ұғымның қалыптасуы мен дамуының бір-біріне сабақтастығы жақсы қарастырылған. Мысалы, «Адам» мазмұндық желісі бойынша оқушы өзін-өзі танудан бастап, адамның әлемдегі орнын санамалауға өтеді.
Дүниетанудың барлық тараулары мен тақырыптары бір-бірімен өзара тығыз байланыста, сондықтан оны оқып-үйрену оқушылардың жаратылыстану және қоғамтану білім, біліктерін реттілікпен меңгеруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар І-ІІ сыныптарда қарапайым деңгейде алған білімдері жаңа мазмұнмен толықтырылады. Мысалы, ІІІ сыныптағы «Табиғат» мазмұндық желісінің оқу материалдары адамның табиғи ортасы, табиғат пен адамның бір-бірімен қатынастары туралы білімді қамти отырып, «Табиғатты оқып-үйрену әдістері», «Дене. Зат. Құбылыс», «Ауа, су, ауа райы», «Тау жыныстары және пайдалы қазбалар», «Өсімдіктер», «Жануарлар» тақырыптары бойынша берілген. ІІІ сыныпта дүниетануды оқытудың мұндай құрылымы өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық сипатын, өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігін, олардың әртүрлі тіршілік ету ортасына бейімделуін, бір-бірімен байланысын, олардың адам өміріндегі маңызын оқып үйренуге жағдай жасайды.
«Жергілікті жерде бағдарлану әдістемесі» тақырыбы бойынша сабақ жүргізу, топсеруен, табиғатқа бақылау жасау, практикалық жұмыстар арқылы оқушылар көкжиек, компас, план, карта туралы алғашқы түсініктер алады. Практикалық жұмыстардың нәтижесінде картамен жұмыс істей алу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың осы алған білім, біліктері оларды табиғаттың алуан түрлігін қабылдауға дайындайды.
Оқу бағдарламасында оқушылардың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға орын берілген. Бұл үрдіс ұзақ әрі жүйелі мақсатты жұмысты қажет етеді. Мысалы, термометрдің құрылымын оқып-үйрену арқылы оқушылар судың температураларын анықтай алады, «Бақылау күнделігінің» жұмыс нәтижелерін қорытындылап, өңдейді. Оқушылар «Бақылау күнделігіндегі» ауа райына жасалған бақылауларды, тексеріп, дәптерлеріне жазады. Ол оқушылардың температураның «қосу», «алу» белгілерін анықтай алуларына көмектеседі, мысалы, ауа райының 10 градус жылылығы мен 10 градус суықтығын белгілеуді үйренеді.
Оқу бағдарламасында қарастырылған топсеруен оқу пәніне бөлінген уақыт көлемінде жүргізілуі тиіс. Оның мазмұны оқу материалдарының мазмұнына сәйкес, өзара байланыста қарастырылады. Топсеруеннен алынған нәтижелер сабақ барысында қолданылады. Мысалы, табиғатқа серуен құру нәтижесінде оқушылар кеппешөп дайындау үрдісімен танысады.
Топсеруеннің оқушылардың қоршаған айнала ортаны танып білуінде танымдық және тәрбиелік мәні зор. Ол оқушылардың алған теориялық білімін тереңдетіп, кеңейтуге және практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Дүниетану пәнi - оқушының қоршаған орта жөнiндегі бiлiмiн кеңейтуге, заттарды және қоршаған ортадағы өзгерiстердi бақылау дағдыларын қалыптастыруға негізделген. “Дүние тану” пәнiнiң ерекшелiгi оқу процесiнде оқушының адамды қоршаған ортамен байланыста тануында. Пәннiң мазмұнына "Табиғат", "Адам", "Қоғам" өзара байланысты бiлiм блоктары енедi. Әрбiр блоктың мазмұны бiрiншi сыныптан төртiншi сыныпқа дейiн үздiксiз оқытылады және сыныптан сыныпқа тiзбектi күрделене түседi.
«Дүние тану» пәнін оқытудың басты мақсаты - оқушыларға адам, табиғат, қоғам және олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы өз орнын ұғынуға көмектесу, негізгі және орта мектептерде оқытылатын жаратылыстану пәндерінің негізін қалап, келешекте сол пәндерді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау, сонымен қатар оқушылардың заттар мен қоршаған ортаны бақылау дағдыларын және тәжірибе жасау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
«Дүние тану» пәнін оқытудың басты міндеттері:
- Оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;
- Денелер, нәрселер, құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;
- Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту;
- Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;
- Табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;
- Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны қолдана білуі
Пәннiң мазмұны оқушыларға ғылыми бiлiмнiң әртүрлi салаларынан мағлұмат бере отырып, дүниенi танудың әдiстерiмен (бақылау, тәжiрибе, эксперимент, моделдеу, сараптау, салыстыру, синтездеу және т. б. ) таныстырады.
Пән мазмұнының жан-жақтылығы, толыққандылығы, оқу материалының теориялық деңгейiнiң жеткiлiктiлiгi және оның оқушылардардың психологиялық және жас ерекшелiктерiне сәйкестiгi сол пән мазмұнының мектептiң кейiнгi сатыларында география, биология, химия, физика, тарих және қоғам тану курстарын оқып үйренуге мүмкiндiк беретiн пропедевтикалық сипатын анықтайды.
Оқушыларды практикалық iс-әрекетке тарту тәсiлдерi қоршаған орта объектiлерiмен өзара әрекеттесудi, оларды түрлендiрудi және жаңғыртуды ұйымдастыруға көмектеседi. Практикалық пәндiк iс-әрекет оқушылардың дамуына мүмкiндiк беретiн практикалық қимылдарды ойлаумен өзара байланыста дамытуды көздеуi қажет. Дүниетану пәнiн оқытуға 1-4 сыныптарда аптасына 2 сағаттан уақыт бөлiнген.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын іріктеу кіріктіру, сабақтастық, біртұтастық ұстанымдарын негізге ала отырып құрылды. Оқу материалдарының мазмұны:
1. Адам.
2. Табиғат.
3. Қоғам тәрізді үш мазмұндық желілер бойынша топтастырылған. Осы мазмұндық желілерге сәйкес берілген оқу материалдары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделендіріліп беріледі.
«Адам» мазмұндық желісіне сәйкес оқушылар адамның физиологиялық дамуы, денсаулық оны сақтау, адамның тіршілік іс-әрекетіне қолайлы жағдай тудыру және салауатты өмір салтын құру туралы қарапайым білімді меңгереді. Мұнда адам биологиялық түр ретінде әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады.
«Табиғат» мазмұндық желісі бойынша оқушылар қарапайым биологиялық (жануарлар мен өсімдіктердің белгілері, олардың алуан түрлілігі, тіршілік ортасына бейімделуі, бір-бірімен байланысы) және географиялық (жергілікті жерде бағдарлана алу тәсілдері, план және карта, жер қыртысының формасы, пайдалы қазбалар, табиғаттағы су айналымы, ауа райы, климат, Жер ғарыш денесі) ұғымдармен танысады.
«Қоғам» мазмұндық желісі оқушыларға адам мен қоғамның дамуы, Қазақстан халқының мәдени-тарихи мұралары туралы алғашқы түсініктер береді және онда оқушылар адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы және өзара байланысы туралы қарапайым білім мен біліктерді меңгереді.
Пән бойынша оқу жүктемесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес «Дүниетану» оқу пәнінің апталық жүктеме сағаты:
1 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат;
2 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат;
3 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат;
4 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат.
О қу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Білім мазмұнының вариативті бөлігі білім алушылардың тұлғалық сипатын қамтамасыз ете отырып, балалар мен ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз етеді. «Дүниетану» оқу пәні бойынша келесідей қосымша оқу бағдарламаларын жасау ұсынылады. Мысалы, «Өзіңді тани біл», «Табиғат және адамдар», «Әлем және адам», «Табиғатта қонақта», «Жасыл дәріхана», «Туған ел», «Туған өлкенің табиғи байлықтары» және т. б. «Дүниетану» бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында қалыптасатын адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі туралы білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән.
Дүниетану оқушылардың қоршаған ортаның әртүрлі нысандары мен құбылыстарын оқып-үйренуге бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері мен тәсілдерін біртіндеп меңгеруін қарастырады. Оны оқып-үйренудегі негізгі мәселелер бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың оқу үдерісінде дүниені танып-білуі, сол арқылы оларды тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
- білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың
біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым
түсініктер қалыптастыру;
- білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы мінез-
- құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет туралы алғашқы түсініктер беру;
- білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың
- келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұнын іріктеуде бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлы тәсілі қарастырылды.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны мен құрылымын іріктеу кіріктіру, сабақтастық, біртұтастық ұстанымдарын негізге ала отырып құрылды. Оқу материалдарының мазмұны:
1. Адам.
2. Табиғат.
3. Қоғам тәрізді үш мазмұндық желілер бойынша топтастырылған. Осы мазмұндық желілерге сәйкес берілген оқу материалдары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделендіріліп беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz