Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру жұмыстары
Сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға
экологиялық білім берудің маңызы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Оқушыларға сабақтан тыс экологиялық білім беру мен
тәрбиелеудің педагогикалық негіздері.
1. Экология және экологиялық білім беру мен тәрбие жайлы
ұғым ... ... .6
2. Экологиялық білім берудің педагогикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... .9
ІІ. Тарау. Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру
мен тәрбиелеудің жүйесі.
2.1. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық
білім беру мен тәрбеиелудің
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім
берумен тәрбеиелудің жолдары.
2.2.1. Экологиялық
соқпақ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24
2.2.2. Табиғаттану
экскурсиялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6
2.3. Оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің деңгейін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 42
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
КІРІСПЕ
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршіліген қажетті заттардың
бәрін де табиғат қазынасынан алып келді.
Адамзаттың тарихи дамуы, ғылыми техникалық прогресстің жеделдеуі
қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты шиеленістіре түсті.
Өндірістің дамуы табиғи қорлардың азаюына қосымша, қоршаған табиғи
ортаның ластануы сияқты жаңа дағдарыстар алып келді. ХХ-ғасырға дейін
адам баласының табиғатқа әсері жер шарының әр түпкірінде түрліше әсер
еткен болса, қазір ол бүкіл планетаны қамтып, өмірге мейлінше қауіп
төндіріп отыр.
Сөйтіп табиғат, қоршаған ортаны қорғау адам баласының алдында
тұрған кезек күттірмейтін әсемдік деңгейіндегі мәселеге айналып отыр.
Ал бұл мәселені шешу жер шарындағы барлық халықтардың жаппай, бір
кісідей атсалысуын қажет етеді.
Қоршаған табиғи ортаны келер ұрпаққа сол күйінде, бүлдірмей
сақтап қалу үшін әрбір жағынан оның қажеттілігін түсінуі тиіс. Ал ол
оқыту мен білім беру арқылы іске асырылады.
1977 жылы Тбилиси қаласында өткен қоршаған ортаны қорғау
мәселесіне арналған үкіметаралық конференция орта және жоғары
мектептерде барлық пәндер негізінде табиғат қорғау мәселесін ұғындыруға
ұсынды.
Ал 1980 жылы Таллин қаласында Орта мектепте экологиялық білім мен
тәрбие беру мәселелері деген тақырыпта өткізілген Бүкілодақтық
конференция қазіргі қолданылып жүрген оқулықтар мен бағдармаларда
экологиялық білім беру мәселесінің қазіргі уақыт талабына сай
емесітігін атап көрсетті.
Сөйтіп оқушыларға экологиялық білім беріп, оларды қоршаған табиғи
ортаны қорғауға тәрбеиелу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Экологиялық
білім беру бағытында жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам
өмірінің бірлігін терең сезінетін, жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін
бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбеиелу
міндеттерінің аса маңыздылығына көңіл бөлуіміз қажет.
30 сәуір 1996 жылы Қазақстан Республикасы экологиялық
қауіпсіздігінің тұжырымдамасы қабылданды. Онда экологиялық
қауіпсіздіктің табиғи-тарихи негіздері, принциптері және стратегиялық
мқсаты айқындалып, айналадығы ортаны қорғауды және табиғат қорларын
пайдалануды басқару жүйесі жасалынды.
Оқушыларға саналы білім мен тәлім тәрбие беру республикамыздың
атақты педагог-ғалымдарының Н.Д.Хмелев, Г.А.Умаков, Қ,.Б.Жарықбаев,
И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Б.Р.Айтманбетова, Қ.Б.Бөлеев
және т.б. еңбектерінде зерттелінді.
Экологиялық білім беру мәселелері көптеген педагог-ғалымдардың
И.Д.Зверев, Н.С. Сарыбеков және т.б. еңбектерінде кеңінен
қарастырылады. Оқушыларға экологиялық білім беру тәрбиелеудің
мақсаттары, міндеттері анықталды.
Жалпы білім беретін мектептерде, оқу-тәрбие үрдісінде сыныптан
және мектептен тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық
білім беріп тәрбеиелудің психологиясын, педагогикалық негіздерін
қалыптастыру, оның мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау, осының
негізінде оқушыларға экологиялық білім беріп тәрбеиелудің жүйесін
жасап, олардың жүзеге асуын себепші болатын ғылыми әдістемелік нұсқау
дайындау қажеттелігі туды.
Тақырыптың өзектілігі: Сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға
экологиялық тәрбие беру және олардың психологиялық, педагогикалық
негіздерін қалыптастыру, оның мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау.
Мақсаты:
1. Оқушыларға экологиялық білім беру арқылы оларды табиғатты
қорғауға, аялауға, ластамауға тәрбеилейміз.
2. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаттарының біріне оқу мен
еңбек әрекеттерінің барлық түрінде оқушылардың қоршаған ортаға
жауапты қатынасын қамтамасыз ететін, олардың ғылыми білім
жүйесін, көзқарастарын және сенімділіктерін қалыптастыру
жатады.
3. Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Міндеті:
1. Мектептерде сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде
оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің зерттеулерге
байланысты педагогикалық негізін анықтау.
2. Қазіргі мектеп тәрбиелеу сабақтан тыс және мектептен тыс
жұмыстарды жүргізгенде оқушыларды тәрбеиелудің тиімді жолдарын
анықтап, ұғыну.
3. Мектептерде сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды
жүргізгенде оқушалырға экологиялық білім беру тәрбиелеудің
біріңғай жүйесін құру.
Зерттеу объектісі:
Зерттеудің орны: Тараз қаласы, 39 орта мектеп
Зерттеудің мәні. Мектептерде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды
жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелу.
Болжам: Мектептерде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде
оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеу тиімді болады: егерде,
мектепте оқылатын барлық пәндер бойынша жүргізілетін сабақтан жыне
мектептен тыс жұмыстарға экологиялық бағыт бергенде.
І Оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелудің педагогикалық
негіздері
1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан ала ғана пайда болды. Экология
сөзі Естественная история происхождения атты кітабында ең бірінші
қолданған неміс биологы Эрнест Геккель. Экология ойкос деген грек
сөзі, үй баспана ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша,
экология-зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды анарганикалық ортамен
өазара қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды.
Экологияеы жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы,
англия ғалымы Чарльз Дарвин.
Ч.Дарвиннің анықтауы бойынша, тіршілік үшін күресу ұғымы тірі
жәндіктірдің өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатынасының көп
заттардың байланысының түйінделуі деп негізделеді.
Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға
қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның
оларға ықпалы. сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік
әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Көптеген ғалымдар әр алуын жануарлар мен өсімдіктердің және
адамдардың мекендеген ортасы мен өзара байланысын ашу жөнінде
айтарлықтай үлес қосты.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ао
соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеуадамның
табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам
табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері алусыз керегінше пайдаланып
келді. міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта
азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер,
теңіздер адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің
бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жайып опатқа ұшырауды.
Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері және цемент зоводтары
өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті
өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық-түлік, ет-сүт
тағамдарының қалдық-қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі
бактериялардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді,
аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға зарарлы
әсер ететін екі факторды атауға болады: жер бетіндегі халықтың өсуі
және адамның іс-әрекеті. Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп,
көбеюде. 1990 жылы біздің планетамызда 5,3 млрд. шамада болса, ал 2000
жылы жер бетінде тұрушылардың саны 6 млрд. шамада болады.
М.Пантелеевтің болжамы бойынша халықты өсіп, көбеюі одан әрі жалғасады.
ХХ ғасырдың орта кезінде 10 млрд. деңгейіне жетіп тұрақтана бастайды.
Жер бетінде халықтың тез өсіп жетілуі көптеген қиыншылықтарды
туғызады. Мәселен, планетадағы бүкіл халықты тамақтандыру , азық-
түлікпен қамтамасыз ету, оларды жақсы желерге орналастыру, әл-ауқатын
үздіксіз жақсарту – бұл әрине, оңай жұмыс емес. міне, бұл жағдай
халықтың күні бұрын қамын ойлауды, көптеген іс-әрекеттерін алдын-ала
тиімді ұйымдастыруды және жүзеге асыруда талап етеді.
Қазіргі кезеңде орман-тоғайлардағы жасыл жапырақты қарағай, қайың,
үйеңкі, тал сияқты ағаштарды, өсімдіктерді, көлдер мен теңіздерді
қорғаудың және оларды дұрыс пайдаланудың адамзат үшін маңызы өте зор.
Өйткені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі адам өмірінің негізі.
Сонғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. гектар
жерде өсірілетін мақта және күріш дақылдарын Арал теңізін пайдаланып,
суландыру апаттық жағдайға соқтырды: Осының нәтижесінде суат бетінегі
су азайып тартылды, айналадығы жер құрғады. Сырдария өзенінің топырағы
сортаңданды, мал
Арқасында пайда болған . сондықтан странция жер бетіне тарап,
ондағы барлық тірі жәндіктердің денесіне енген.
Бәрімізге беогілі 26 сәуір 1986 жылы украинада Чернобыль АЭС-ның
ядролық реакторы жарылуынан бүкіл тұрғын халықтар үлкен экологиялық
апратқа ұшырады. украина және Белорусия тұрғындары туған мекенін
тастап, сол сол мемлекеттің басқа аудандарына орналасты. Чернобыль 30
жыл бойында жабық зона болып қалды.
Әрине, бұлардың бәрі тірі жәндіктер үшін өте қауіпті. Сірә,
адамдық энергетикадан бас тауртуға болар ма екен. Оны қатты бақылауға
алып, энергияның басқа табиғи түрлерімен мұнай, газ, көмір, күн
көзініің энергиясы, жер энергиясы үйлестіріп пайдалану қажет.
Тағы да еске түсіретін нәрсе, ол теңіздер мен мұхиттар түбінде көп
жылдардан бері жатқан ядролық реакторлар, снарядтар, миналар, оқтар бір
кезеңдерде су астындағы жер сілкінуінің әсерінен қопарылып, сі
ішіндегі, жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің радиоактивті көзі болуы
мүмкін.
Біз бәріміз де табиғатты қорғауға, сақтауда және оны дұрыс
пайдалануда ұрпақтың алдында, тарих алдында жауаптымыз. Міне, осы
тұрғыдан барлық жастарға экологиялық білім және тәрбие беру мақсаты,
мазмұны анық және нақты көрсетілуі керек. Орта және жоғары сыныптарда
оқуышлар кең көлемде экологиялық біліммен қорландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті сәер етуші фактор болып
отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негіз
делетінін оқушылардың түсінуі керек. Өйткені өндірістік іс-әректтің
нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан
қоғамның өндіргіш күштерін ұнамды орналсатыруға аймақ табиғаттың
ерекшелігін, оның өндірістік жүктемен орнықтылығын есеке алу талап
етіледі.
Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауға орман-тоғай шаруашылығын,
мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы
аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмысына қатысады.
Оқушылар ауыл шаруашылық өндірісінің әр алуын жұмыстарына
қатысады. Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі
мәселелер мен таныс болуы қажет: жерді пайдалну негіздерін, топырақты
эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару, улы химиялық заттарды беру
мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отыру.
Сонымен, оқушылардың экологиялық білімінің белгілі жүйесін игеру,
табиғатты қорғау, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс тану көзқарасын
қалыптастыру.
1.2.Экологиялық білім берудің педагогикалық мәселелері
Экологиялық білім проблемасын әдіснамалық жағынан жүйелік талдау
тәсілі және іс-әрекет теориясы арқылы түсінуге болады. Адам – қоғам
табиғат арасында алуан түрлі байланыс және тәуелділік бар. Қоғамның
түріне, өндіруші күштері мен өндірістік қатынастарының тұрпатына қарай
адам мен табиғаттың өазара қатынасы үздіксіз өзгеріске ұшырады.
Бастапқыда үйлесімді болған бұл қатынас қазіргі ғылыми техникалық
төңкеріс дәуірінде күрт өзгерді. Бір жағынан қоғамның байлығы артып
адам игілігіне жаратылса, екінші жағынан табиғатта келеңсіз көріністер
етек алды. қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынаста қайшылық туды.
адамның өндіруші іс-әрекетінің салдарынан ауа мен су бассейндері
ластануда. Жер қыртысы топырағының және ланшафтының құрамы өзгеруде.
Кейбір аймақтарда су ресурстары, орман алқаптары сиреп, жер
қойнауындағы қазба байлақтар қоры кеміп келеді. Өсімдіктер мен
жануарлар түрлерінің саны азаюда. Бұған табиғат байлығы таусылмайды
деген пайдакүнемдік көзқарас және табиғатты іске жаратудың ғылыми
негізінің жасалмауы себепші болды. Табиғатқа жағымсыз әсер жалғаспауы
үшін қоғам мен табиғаттың ара қатынасының түрлерін, ерекшеліктерін,
ұстанымдарын және заңдылықтарын зерттеп, жалпы теориясын жасайтын
ғылымға қажеттілік туды. бұл ғылым әлеуметтік экология деп аталады.
Экология – биология ғылымының бір саласы, ол тірі ағзаның ортамен
қарым-қатынасын зертртейді, оның бастапқыда биологиялық экология деп
аталуы да сондықтан. Өзінің даму барысында өзге ғылымдар тәрізді
экология салалану және бірігу бағытында жүзеге асырылды. Адамның
биосфераға, биосфераның ортамен байланысын зерттейтін биосфера
экологиясы қалыптасты. Адам экологясы адамның биоәлеуметтік тіршілік
етуші ағза ретіндегі табиғи және қоғамдық ортамен қатынасын зерттеді.
Ақырында қазір зерттеу пәні анықталғанымен атауы тұрақтанбаған
әлеуметтік экология пайда болды. Бұл – келешегі зор ғылым. Тұжырымдап
айтқанда, қоғам мен табиғат арасындағы байланыстың даму ұмтыысын,
құрылымын және заңдылықтарын зерттейді.
Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғалымдар - экологияландырып,
экологиялық проблемалар, әлеуметтік, экономикалық, техникалық,
педагогикалық т.б. жақтарынан зерттелуде.
Экологиялық проблеманың педагогикалық жағын зерттеу арқылы бірнеше
жаңа ұғымдар қалыптасты, олар: Экологиялық білім, Экологиялық
сауаттылық, Экологиялық мәдениет, Экологиялық сана, Экологиялық
ойлау, Табиғатқа экологиялық қатынас. Бұлар – мазмұнында ортақ
құрамдас бөліктері бар айқас және бірі екіншісінің салдары болып
табылатын сабақтас ұғымдар.
Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі,
адамның табиғатпен өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының
жиынтығы.
Экологиялық ойлау – табиғаттағы алуын өзгерістердің бір-бірімен,
экологиялық факторлармен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау
арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылымының күрделілігі
анықталады, жаңа заңдылықтарды игеруге жол ашылады.
Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді таиғат қорғаудың ғылыми
негіздерімен қаруландыру. 1970 жылдардан бастап бұл мәселеге барлық
пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту үрдісінде баса назар
аударылып келеді.
Экологиялық этика – айналадағы табиғ солардың ішінде биологияны
оқыту үрдісінде баса назар аударылып келеді.
Экологиялық этика – айналадағы табиғиортамен қарым-қатынастағы
мінез құлық нормалары мен ережелерін білу және сақтау.
Экологиялық мәдениет – күрделі ұғым. Әдістемелік әдебиеттерде оның
мазмұны мен көлемі әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге тсүпей келеді.
Экологиялық мәдениет – экологиялық білім беру жүйесінің міндетті
бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін тегіс қамтиды.
Экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және
жаңартумен байланысты іс-әрекет түрлерінің мәдениет
Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – атбиағтты аялау
талабына сай келетін білім, іскерлігі және дағдысы, іс-әрекетке
әзірлігі мен оны жүзегне асыруы.
Келтірілген анықтамаларға қарағанда экологиялық мәдениет
қалыптастырудың мақсаты – адам – қоғам - табиғат жүйесінде
үйлесімділік орнату, таби,ғи байлықты сақтау, молайту және тиімді
пайдалануда жауапкершілік сезімін туғызу. Экологиялық мәдениетті
қалыптастыру - аса күрделі үрдіс, ол идеология, саясат, құқық, ғылым,
өндіріс, өнер, ағарту салаларының бірлесе жұмыс істеуі арқылы жүзеге
асаы.
Экологиялық мәдениет пен этикалық құрамына мыналар кіреді: табиғат
пен қоғамның дамуы заңдылықтарын білу, табиғатты қорғау қажеттілігін
түсіну; табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжалай білу; табиғат пен
қарым-қатынасында заңды ережелерді сақтау.
Оқушылардың экологиялық санасы, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және
мәдениеттілігі экологиялық білім беру мен тәрбиесінің нәтижесінде
қалыптасады.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы
жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде экологиялық білім берудің
мақсаты мектеп оқушысын айналасындағы табиғи ортаға әмбебап, басқаша
айтқанда жауапкершілікпен қарауға үйрету екеніні анықтадық.
Жауапкершілікпен қарау немесе әмбебап көзқарас - әлеуметтік,
психологиялық, педагогикалық және басқа жақтарынан саралауға болатын
кең ұғым. Педагогикалық тұрғыдан бұл ұғымның мазмұнына кіретіндер.
а) табиғи ортада адамның өзін қалай ұстау керектігін түсінуі;
ә) табиғаттың халық қазынасы екенін сезінуі;
б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білуі;
в) табиғатпен қарым-қатынасын жаратылыстану және ізеттілік білім
тұрғысынан негіздеп түсіне білуі.
Пайдаланған мақсат бойынша экологиялық білім берудің қазіргі заман
педагогикасының теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасын келеді.
Бірінші – көппәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мжеке бөлім,
тақырып енгізіледі және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны экологиялық
мәліметтермен байытылады.
Қазіргі кезде бірінші үлгі теориялық жағынан жете
негізделгендіктен, тарихи қалыптасқан оқу жүйесін түбірлі өзгертуді
қажет етпейді; сондықтан мектеп практикасында жиі қолданылуда. Бұл
үлгіге сәйкес мектептегі орта білім мазмұнына қоғам мен табиғаттың
өзара әсерлесуі жөніндегі білім жүйесі, экологиялық құндылықтар туралы,
табиғатпен қарым-қатынастағы шектеулер мен ережелер, табиғатты үйрену
және қорғау жөніндегі іскерліктер мен дағдылар кіреді.
Бұған қарағанда экологиялық білімнің құрамы өте күрделі. Мұнда ең
алдымен қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсері адамның табиғатты
пайдалануы тұрғысынан қарастырылады. Ол үшін жаратылыстану, қоғамдық
және техникалық ғылымдар жинаған білім қорын іске жаратады. Ғылыми
білім ұғымдар жүйесінен тұратын болғандықтан, әлеуметтік жаратылыстану
және техникалық ұғымдарды пайдаланады.
Әлеуметтік ұғымдарға адам, қоғам және табиға үшеуінің қарым-
қатынасынан туындайтын ұғымдар жатады, олар: адам мен қоғамның пайда
болуы, адамның табиғат пен қоғамның перзенті екені, блин,адам мен
табиғаттың бірлігі, бір-біріне тәуелділігі мен әсерінің тарихи
қалыптасуы, бұл әсерлесудің қоғамның экономикалық формациясының түріне
тәуелділігі. Әлеуметтік экология, міне осыларды зерттейді.
Техникалық білімнің дамуымен қабаттаса туындайтын ұғымдар:
табиғатты үнемі пайдалану, өндірістің шикізатын және оны өңдеуден
қалған қалдықты толық пайдаға асыру, әр түрлі өндіріс салаларын
біріктіру, аз қадықты және қалдықсыз тұйық технология жасау, заттарды
тазалық әдістерін жетілдіру, экологиялық таза өнім өндіру және т.с.с.
Жаратылыстану ғылымдарының білімі табиғат туралы деректерден,
ұғымдар жүйесін туғызады. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа әсерінің
шегін айқынауға, табиғатты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара байланысты заттардың
биохимиялық айналымы арқылы жүзеге асып, жаратылыстану ғылымдарымен
байланысты экологиялық ұғымдар жүйесін туғызады. Оларға жататындар:
тірі ағза, экологиялық жүйе, экологиялық жүйе, экологиялық факторлар,
биосфера және т.б. тірі ағза зат алмасу және тірі материаны сипаттайтын
өзге белгілермен ерекшеленеді. Жерден барлық тіршілік етушілердің
биологиялық жүйесінен биосфера құралады. Тірі ағзалардың өзара және
бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған
қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызады. Ағзаларға әсер ететін
экологиялық факторлардың абиотикалық, биотикалық және антропогенді
түрлері бар. Заттардың биогеохимиялық айналымы дегеніміз – заттардың
табиғатағы алмасуымен ауысып өзгеруінің айналымды үрдісі.
Табиғаттың өзіндік дамуында айтылған жүйлер арасында заттардың
биолохимиялық айналымының жылжымалы тепе-теңдігі арнайды. Адамның
табиғат заңдарын ескермейтін өндірістік қызметінің әсерінен экологиялық
жүйе бөліктерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Экологиялық апатқа
жол ашылады.
Мұның қазіргі кезде белең алған көріністеріне жерден алынатын
қазба байлақтардың азаюы, жер климатының біртіндеп жылынуы,
атмостферасындағы азон қабатының сиреуі, топырақта зиянды заттардың
жиналуы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаюы т.б. жатады. осыдан
табиғат, адам және қоғамның бір-біріне екі жақты әсері жэнінде
экологиялық білімінің жалпы білім құрамына міндетті түрде енгізілуі
қажеттілігі туады.
Экологиялық білім берудің екінші мазмұны – жас өспірімнің бойында
экологиялық құндылықтарды қалыптастыру. Мұның мәнісі: оқушыда
экологиялық сана орнығуын қамтамасыз ету. Әр оқушы табиғатты тұтасынан
алғандығы қоғамның және жеке адамның алуын түрлі қажетігін өтетін
қазына байлық деп түсінуі керек. Бірақ ол сарқылмайтын қазына емес.
адамның қажеттігі практикалық, материалдық және рухани болуы мүмкін.
Практикалық қажеттігін өтеу арқылы адам тіршілігін сақтайды.
Материалдық қажеттігін өтеу арқылы өндірісті, ғылымда және техниканы
дамытады. Рухани қажеттілігін өтеп, ақыл-ойын және эстетикалық талғамын
өсіреді. Табиғаттың әсемдігімен сұлулығын көре білуге, одан ләззат
алуға баулу - экологялық білім мен тәрбиенің басты міндеті. Оқушы
табиғаттың құндылығын экономикалық жағына да бағалай білуі тиіс. бұл,
әсіресе, тәуелсіз Қазақстанның жарыққа бет бұрған шағын да аса қажетті
қасиеттің бірі. Шетел қалталары жеріміздің байлығы, өндірісі мен
мекемелерінің ұзақ мерзімге жалға алып жатқанда олармен ұтылмай келісім
шарт жасайтын, елдің және жердің экологиялық болашағын ойлай да, сақтай
да білетін білімді, жігерлі жастарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің үшінші бөлігі – экологиялық
этиканы қалыпастыру, табиғатпен қарым-қатынастағы шектеулер мен
ережелер жүйесі жөнінде білім беру. Ұзақ жалдар бойы табиғатқа қарым-
қатынастық пайдалану – тұтыну тәсілі үстем болып келді. Пайда табуды
ғана көздеген алып құрылыстар, өндірістер мен игерулер жүзеге
асырылады. Осыдан барып Арал қасеіреті, Семей полигоны туындады.
Әлемдәк деңгейде алғанда мұндай экологиялық апатты жақындататын адам
әрекеті қаншама. Мұның салдарын адамзат кештеу болса да түсініп,
экологиялық проблемалар әлемдік проблемаларға айналды. Мұның өзі
табиғатты сақтап келесі ұрпаққа жаралған күйінде қалдыруға жағдай
туғызады.
Экологиялық бөлімнің төртінші бөлігі – табиғатты білу мен
қорғаудың іскеріктері мен дағдылары.
Табиғатты қорғауға байланысты қалыптасатын іскерліктер мен
дағдылар алуын түрлі. Оларға жататындар: табиғаттағы заттар мен
құбылыстарды бақылай және жәй-күліп бағалай білу; экология туралы
ғылыми білімді жеткі меңгерген іскерлікті игеру; және т.б. Осы
талданған салалардағы білім, іскерлік және табиғи заң оқушының
табиғатқа жанашыр сезімін, экологиялық санасын, ойлауын, мінез-құлқын,
мәдениетін және іс-әрекетінің қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі
мектеп жағдайындағы сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға
экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу.
Оқушыларға экологиялық білім беру деп адамның қоршаған табиғи
ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлақтарын үлкен парасаттылықпен
пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілін түсінетін,
қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты
қалыптастыруда айттамыз.
Оқушыларға экологиялық білім беру мәселесі барынша күрделі, сан
қырлы және өте маңызды болғандықтан алдыңғы қатарлы философтардың,
психологтардың, педагогтардың назарын аударып отыр. Оқушыларға
экологиялық білім беру мәселесін шешуге педагогика кемеңгерлерінің
алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін танып білудің орны ерекше. Ж.Ж.Руссо,
Г.Лестолоцский және т.б. классикалық педагогикадан баланың табиғатпен
қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру
заңдылықтарын негіздеді. Олар баланың бойына ізгілікті дарытушы
табиғат сезіміне тәрбеиелу туралы айта отырып, оның адамзат
дамуындағы табиғаттың маңыздылығын көрсетеді.
ХІХ-ғасырдың халық ағартушылары В.ГГ.Белинский, А.Н.Герцен,
Н.А.Добралюбов, Д.И.Писарев мектепте табиғатты немқұрайлы оқытуға
болмайтынын, оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті
қалыптастыру керек екендігін ашына жазды. Халық ағартушылары
экологиялық білім беру жөнінде сапалы білім беру жеке адамның мінез-
құлқын қалыптастыратын сананың дұрыс жетілуіне әсер ететіндігіне
айрықша мән берді. Ұлы педагогтардың бірі К.Д.Ушинский адам мен таиғат
арасындағы қатынастарды педагогикалық аспектілерде қарастырып, табиғат
дауысын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да
ағына дейін тыңдауларын тиіс. Табиғатпен елсу, оған қарсы тұру жақсы
емес, адам тиабиғат заңдылықтарын жақсы кеңгеруі қажет дейді.
В.А.Сухомлинский балалардың бойына табиғатқа деген сү.йіспеншілік
сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын эстетикалық,
адамгершіік тәрбиесінің негізгі деп санады.
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас
ұрпақтарды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттердің қалыптасатынындығы
туралы қазақтың ғұлама ақынары, халық ағартушылары А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов еңбектерінде
жазды.
Осы келтірілген халқымыздың ырымдары мен тиым сөздері қазіргі
мектептеріміздегі оқыту мен тәрбиелеу ісінің, соның ішінде оқушыларға
экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеуді жетілдіре түсуге өз
үлесін қосады.
Академик И.Д.Зверев оқушыларға экологиялық белем берудің басты
міндеттері мен мақсаттарын ашып берді. Ол экологиялық білім берудің
мақсаты ғылыми білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерді адамгершілік
мораль нормаларына сәйкес қоршаған ортаның хал-жағдайына адамзаттың,
белсенділік қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады деп отырып, оның
педагогика теориясы мен практикасындағы жаңа сала екендігіне бола назар
аудары.
Экологиялық білім мен тәрбие жаңа ұғым екендігін атап көрсете
отырып, Б.Г.Иоганзен: Экологиялық білім мен тәрбие адам мен қоғамның
тәуелділігін, соңғасын сақтау және жақсарту қажеттілігін түсінетін,
қоршаған дүниедегі әсемдікті бағалай білетін және табиғаттың жай-күйі
үшін азаматтық жауапкершілік сеізімін игерген, жан-жақт жетілген жеке
адамдарды қалыптастыруды қарастырады дейді.
Экологиялық білім мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері
А.Н.Захлебныйдың еңбектерінде де негізінен осы мазмұндас
тұжырымдалады.
Ғалымдардың көпшілігі экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің
нәтижесін жеке адамның іс-әркетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай-
күйіне деген моральдық жауапкершіліктің белігілі деңгейінің қалыптасуы,
экологиялық сенімі мен мәдениетінің болуы, табиғатқа қатынасындағы
мұраты мен этикасының қалануы деп санайды.
А.Н.Захлебный жалпы білім беретін мектепті екі әлеуметтік мақсатқа
бағытттауды ұсынады:
1) Оқушының жеке мінез-құлқында және түрлі іс-әрекетінде табиғи ортаға
жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қахеттігіне тәрбиелеу.
2) Қоршаған табиғи ортаны жақсарту мен қорғауды, оны оқушының
ұқыптылықпен пайдалну дағдыларын тәрбиелеуді ұсынады.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыға экологиялық білім беру мен
тәрбеиелудің негізгі жоларын атап көрсеткен Қазақ табиғат
зерттеушілерінің бірі академик Н.С.Сарыбеков.
Н.С.Сарыбеков табиғат қорғауға тәрбиелеу жайлы көптеген еңбектері
үлкен жетістіктермен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары
оқу орындарында пайдалануда. Қазіргі кезде экологогиялық
проблемалардың зардаптық көлемі үлкеюіне байланысты өсіп келе жатқан
жас ұрпақтың жаңаша көқарастарын қалыптастыру қажет. Оқушылардың
экологиялық білімді игеру мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі
бағытта жүргізілуі керек:
біріншіден, сабақ оқыту үрдісінде экологиялық мәселелердің бір-
бірімен байланыстылығын ғылыми негізде жүргізу керек. Екіншіден,
сабақтан жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде табиғат пен қайта
түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөнінде нақты білім мен практкиалық
тәжірибені, дағдыны әр оқушы санасына жеткізу қажет.
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялқ білім беру мен тәрбиелеуді
ұйымдастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың орны
ерекше екендігін біздің жүргізген ғылыми зерттеуіміз дәлелдеп отыр.
Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды өткізудің сан алуын түрлері мен
жолдары бар. Мұндай мектептен тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра
білгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелу өз нәтижесін
беріп, оқушылардың өзін қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік көзқарасын
қалыптастыруға көмегін тигізеді.
Жалпы білім беру мен тәрбиелеу мектепте жүргізілетін сабақтан тыс
жұмыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге
болады.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептің алдынд тұрған негізгі
мақсат – оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман
талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Баланың бойында осындай сзгі
қасиеттерді қалыптастыру, олардың іске асырылуы мектептерде
жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға да байланысты.
ІІ Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру
мен тәрбеиелудің жүйесі

білім беру мен тәрбеиелудің мүмкіндіктері.
Экологиялық білім беру мен халық ағарту ісі жалпы білім беретін
мектептерде оқушыларға жан-жақты білім беру мен тәрбиелеудің, дүниеге
адамгершілік, ізгілік көқарастарын қалыптастырудағы, табиғат пен
қоғамның өзара ықпалын дұрыс түсінудегі басты құрал болып саналады.
Жалпы білім беретін мекетептердің міндеті оқушыларға табиғат пен
қоғам туралы ғылымының негіздерін үйретіп қана қоймай, ең бастысы,
оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ұялату, қоршаған табиғи
ортамен парасаттылық тұрғыда қарым-қатынас орнатып, экологиялық
білімділік пен дағдыны қалыптастуры болып табылады.
Жалпы білім беретін мектепті бітірген жас түлектерде экологиялық
ойлаудың тұтастығы ілң қалыптассын жетілмейді. Ал оның қалыптасуы үшін
жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің
ең басты міндеттері оқу жылдарының өң бойында тұтастай сақталынып,
жалғасын тауып отыруы шарт. Бұндай іс-шараларды жүзеге асыруда сабақтан
тыс жүргізілетін жұмыстардың орны бөлек.
Қазақстан Республикасында дарлық басқа ТМД елдеріндегі сияқты жалпы
білімі беретін мектептерде оқытудың барлық құрылымы оқушылардың
азамттық жауапкершілігін қалыптастыруға, адамгершілің көзқарас туғызуға
бағытталған.
Мектеп - қоғамның жас жеткіншектерін жоғары құлықтылыққа,
салихалыққа, мәдениеттілікке және кәсіби қабілеттілікке ұдайы баулудың,
дайындаудың басапқы әрі негізгі буыны.
Мектеп Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына Білім беру
туралы Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заң күші бар іс-
қағаздары және жадығаттарға сәйкес жұмыс жүргізеді.
Ал жалпы орта білім беретін мектептер негізінен үш сатыдан тұрады:
І саты – бастауыш мектеп І-ІҮ сыныптар;
ІІ саты – орталау мектеп Ү-ҮІІІ сыныптар;
ІІІ саты – орта мектеп Х-ХІ сыныптар;
Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық
білім берудің мақсаты мектеп оқуышарының қоршаған табиғи ортаның жай-
күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми
білім, шеберлік көзқараспен сенім жүйесін орнықтыру болуы тиіс. Жалпы
білім беретін мектептерде өтілетін барлық пәндерді эукологияландыру мен
оларды сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстармен ұштастыру жас ұрпақты өзін
қоршаған ортаға үнемі зерттеушілік көзбен қарауға, онымен адамгершілік,
ізгілік ұғым түсінік тұрғысынан қатына жасауға үйретеді. Осы жолмен
олардың бойында бүкіл тіршілік атаулыға деген биік сезім мен
жауапкершілік қалыптаса бастайды.
Жас жеткіншектердің алғашқы қалыптасуы, азаматтық саналарының жүйеге
итүсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбие алуы қажет.
Мектеп оқушыларына экологиялық білім беруді тек жеке пәндер бойынша оқу-
тәрбие үрдісінде ғана жүргізіп қоймай, оны сабақтан тыс тәрбие
жұмыстарында да жалғастыру қажет. Тиісті әдебиеттерге жасалған
талдауларымыз қазіргі заман талабына сай мектептен тыс жұмыстарды
ұйымдастырғанда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің
негізгі міндеттерін былайша тұжырымдауға мүмкіндік береді:
• басты идеяларды, негізгі экологиялық ұғымдарды түсіну
арқылы адамның табиғат заңдылықтарына сәйкес оған ықпал
жасауы;
• экология ұғымдарының сан алуан игіліктерін өндіріс пен
мәденитті дамытудың негізгі міндет көздерінің бірі деп
түсіну;
• Адамның экологиямен қарым-қатынас жасауға деген рухани
қажетсінуін дамыту.
Экологогиялық білім беру мен тәрбиелеудің мақсаты – қоғам мен
табиғаттың үйлесімділік әсер идеяларын түсіну, адам мен айналадағы
табиғи ортаның қалпын сақтау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz