Оқушылардың экологиялық тәртібін қалыптастыруда, ықпалын үйлестіруде мұғалімнің рөлі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім беру
1. 1Экология - педагогика ғылымының бір саласы . . . 6
1. 2 Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің маңызы . . . 13
2 Оқушылардың экологиялық тәртібін қалыптастыруда, ықпалын үйлестіруде мұғалімнің рөлі
2. 1 Экологиялық тәрбиеге байланысты сабақтардан үзінді . . . 21
2. 2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің жүйесі . . . 30
Қорытынды . . . 37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 39
Кіріспе
Өмір ағымы талап етіп отырғандай жаңа қоғамға лайықты саналы білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу - тәрбие жұмыстарын жан - жақты толықтырып қайта қарап шығу бүгінгі күн талабының өзекті мәселерінің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты бағдарламасында егемен еліміздің стратегиясының тактикасын белгілей келе бүгінгі және болашақ жастардың жан - жақты білімді ғылыми - техникалық прогрестен хабары мол жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуын өз бағдарламасына негіз етеді. [16]
Н. Ә. Назарбаевтың қандай бір еңбегін алып оқысақ та, онда Президент тәртіп, тәрбие, бірлік, түсіністік туралы айтады [17, 18, 19] .
"Демократия екен деп халықты өз бетімен де жіберуге болмайды. Тәртіп екен деп тоталитарлық жүйені енгізуге де болмайды. Бұл жерде саналы, салихалы тәртіп керек", дейді Президент. [20, 21, 22]
Біздің "халық" деп отырғанымыздың ішінде бүгінгі бастауыш сынып оқушылары да бар. Себебі бүгінгі бастауыш сынып оқушылары - ол ертеңгі ел Азаматы.
Отбасында ғана болашақ ұрпағымызға біз өмір туралы, айналадағы қоршаған орта, табиғат, адамдар қарым - қатынасы жайлы ең алғашқы ұғымдар береміз. Бұл жұмыстың жүзеге асырылуына, әрине, ұрпақтар тәжірибесі кеңінен қолданылады.
Әр ата - ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін еш уақытта да ұмытпауы тиіс. Егер әр ата - ана өзінің баласын саналы тәртіпке, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекке бейім, қолынан әр түрлі өнер келетіндей етіп тәрбиелесе, онда біз Егеменді еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік.
Оқушылармен бірлесіп адамгершілік және рухани мәдениетті, оның тамаша үлгілерін, қарым - қатынас мәдениетіне араласу, соның негізінде жеке басқа тән құндылықтарды жинақтап шығару, сөйтіп тәрбиелік үрдісте оқушының жеке басының белсенділігін қамтамасыз ете отырып әдептілік мінез - құлық нормаларын оның бойына сіңіру қалыпты дағдыға айналдыру көзделеді. Оны жүзеге асыратын ол - мұғалім.
Қазіргі таңда айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Заңы 15 шілде 1997 жылы қабылданған болатын. Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды ұйымдастыруға бағытталған. [5]
Табиғат байлықтарын қорғау және оны тиімді пайдалану жөнінде алға қойылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін табиғи экологиялық жүйені қосымша түрде терең оқып, білу болып табылады.
Өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі айтарлықтай артады. Бұған қарап табиғатты қорғау үшін өндірістің көлемі мен қарқынын тежеу керек деген қорытынды шықпаса керек. Бұл жерде әңгіме адамның табиғатпен арақатынасын дұрыс жолға қою мәселесі туралы болмақ.
Ал табиғатпен қарым - қатынас дұрыс жолға қою дегеніміз - бұл табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны үнемді пайдалану, содай - ақ шаруашылықты ғылыми тұрғыдан жүргізіп, табиғаттан қанша қажет болса, тек сонша ғана ала білу жөнінде біртұтас кешенді шаралар жасау деген сөз. Адам табиғат байлығын шектен тыс рәсуа етсе, онда ол табиғаттың өзін - өзі қалпына келтіру қабілетін жояды.
Адам мен табиғаттың соншалық нәзік байланысына иненін жасауындай болса да зақым түссе, бұл адамзаттың Жер бетінде биологиялық түр ретінде өмір сүруіне қауіпті зардаптар туғызады.
Адамның табиғатқа бағытталған өзімшіл шабуылынан туындайтын кесапат зардаптарды болдырмау үшін ғылыми - техникалық, саяси - әлеуметтік, экологиялық және басқа бірқатар проблемаларды шешу керек. Бұлардың арасында педагогикалық, тәрбиелік мәселер алғы орын алады. Неге десеңіз, өсіп келе жатқан ұрпақ мектеп қабырғасында жүріп айналадағы табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтауға, онымен ғылыми тұрғыда қарым - қатынас жасауға дайындауы тиіс.
Міне, сондықтан да оқу құралдарын «экологияландыру» идеясы бойынша айтқанда, оның мазмұны мен сабақ жүргізу әдістемесінде мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру міндеттері көрініс табуы бүгінгі таңда соншалық маңыз алып отыр.
Бүгінгі бастауыш сынып оқушысы - ертең ел азаматы. Егер оларда бүгін экологиялық тәрбиенің ірге тасы қаланбаса, ертең олар қандай елін сүйетін азамат болады? Менің курстық жұмысымның көкейкестілігі осында.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру жолдарының тиімді әдіс - тәсілдерін таңдау.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларына «экология» ұғымын кең мағынасында түсіндіру;
- жас жеткіншектерді айналадағы табиғи ортамен тиімді байланыс жасауға үйрету;
- оқушыларды туған өлкені сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу;
- мұғалімдердің сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыруда экологиялық тәрбие берудің тиімді әдіс - тәсілдерін қолдана білуі.
Зерттеудің әдістері: оқылған әдебиеттерге шолу жасау, әңгіме, бақылау, тест, анкета т. б. зерттеу әдістерін пайдалану.
Зерттеудің орны: №36 орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныптың дүние тану сабағында оқушылардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру.
Зерттеудің болжамы: Егер мен сабақтарда және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында экологиялық тәрбиені беруде экскурсия, саяхат сабақтарын қолдану арқылы теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз байланыстырар едім, сынып оқушыларына ұжымдық еңбек дағдыларын, жолдастық, достық сезімдерін қалыптастыру арқылы бір - бірлеріне, туған өлкеге деген сүйіспеншілік қарым - қатынасын жүзеге асырар едім.
Зерттеудің практикалық мәні: бастауыш сынып оқушыларының бойында туған өлкенің табиғатын аялап, қорғауды қалыптастыру.
Зерттеу көздері: ҚР Президенті Н. Назарбаевтің халыққа жолдауы және жиындарда сөйлеген сөздері, ҚР «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Заңы, эколог ғалымдарыдың кітаптары, «Бастауыш мектеп», «Бастауыш сыныпта оқыту» және т. б. журналдар.
Курстық жұмыстың мазмұны: 40 беттен, кіріспеден, І, ІІ тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
- Экология - педагогика ғылымының бір саласы
«Экология» терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді (ойкос - үй, тұратын жер, логос - ілім) .
Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдады: «Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз».
Уақыт өте келе экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы - популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге, ақырында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қоладаныла бастады.
Экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.
Экология - биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады. Деседе, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.
Өткен ғасырдың 60 - 70 жылдарынан дейін экология биология шеңберінде дамыды. Адам бұл жүйелерде қарастырылмады, себебі, оның қоршаған ортамен өзара қарым - қатынасы биологиялық емес, әлеуметтік заңдылықтарға бағынады деп есептеліп келді. [10]
Шындығында адамның биосферадағы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иелерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік - мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салды. Бұл үшін ол бұрын ешқандай тіршілік иелері пайдаланбаған кен, мұнай, ағаш және тағы басқа қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар, табиғатқа, оған тән емес қалдықтар - пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.
Адамның қоршаған ортаға мұндай айтарлықтай әсері «экологияның» анықтамасын өзгертті.
Ол көптеген білім салаларына ене бастады. Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы, экономика, әлеуметтану, мәдениет және т. б. байланыстырыла бастады.
Экология ғылымының педагогика саласында қалыптасуына негіз болған ғалым - Нұрғали Сарыбеков. Ол педагогика ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық акмеология және қазақ халық «Экология» академиясының академигі. Ол қазір арамызда жоқ болғанымен, оның көптеген еңбектері қалды. Осы кісімен жүздескен тілшілердің жазған мақалаларына шолу жасап өтпекпін. Бұл сұхбатта Нұрғали Сарыбеков педагогика ғылымы мен экология туралы өз ойын айтады.
Педагогика ғылымының бір - ақ мақсаты бар. Ол жолын тауып жас ұрпақты, жалпы адам баласын жақсылыққа жетелеу . . . жасырын несі бар, бүгінгі күні педагогика саласында ғалым атанып немесе мұғалім болып жүргендердің бәрін бірдей Ұстаз туты қиын. Меніңше, елдің білім жүйесінің ақсау себебінің бірі - осы келеңсіздікте.
Педагог жан - тәнімен жақсылық үшін, ұрпақ бойына ізгілік нұрын себу үшін жаралған адам болуға тиісті.
Педагогика ғылымының бес категориясы бар:
- білім беру;
- оқыту;
- тәрбиелеу;
- дамыту;
- қалыптастыру.
. . . педагогика теориясы мен практикасында, ең алдымен осы қағидаға сүйенуіміз керек. Ал, біз болсақ, бұл тұпқазықты ескермей әдістемелік құрал жасап, бағдарлама дайындап, оқулық жазып, көпшілікке ұсынып жатамыз. Күлкілі жағдай ғой.
Іргетасы жоқ баспана бола алмайды. Құлап қалады. Осы тұста тілге оралатын және бір келеңсіздік - ел экология мен табиғат қорғау ғылымының да мәнін бұрыс түсінетіндей.
Кеңес жүйесі дәуірінде «қайта құру» кезең басталғанға дейін елдің дені, тіпті қазақтың кемпір - шалдарының өзі кілең «атеист» болатын.
Мектепте кім құдайға сенеді десе, ешкім қол көтермейді. Өйткені «жауынгер атеизмнен» жүз мыңдаған докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, халық санасына «сына» қағылды. Әр жоғарғы оқу орнында, училищелерде, әр мектепте арнайы жабдықталған атеизм кластары болды.
Адам баласының санасына ықтиярсыз сіңірілген шала «ілімнің» мән - мағынасы болмайды.
Сол сияқты, қазір кез - келген адам өзін терминдік мағынасын жете түсінбесе де, «экологпін» деп жүр.
Өкініштісі де сол - кейінде шала сауатты біреулер «Экологиялық апат», «Экологиялық қасірет» деп дәріс оқып, радио - теледидардан, баспасөз бетінен түспейтін болды.
Әлгі адамдардың саяздығы, айтып отырған тақырыбын өзінің де терең білмейтіндігі қынжылтады. Шын мәнінде, экология дегеннің өзі - көзге көрініп, қолға ұстайтын нәрсе емес, абстрактылы, ғылыми түсінік.
Экологияның нақты мағынасы тірі ағзалардың бір - бірімен және қоршаған ортамен қарым - қатынасы деген ұғымды бейнелейді.
Демек, ол ішетін тамақ, киетін киім емес. Сондықтан оның тазасы немесе былғанышты, яки сол қазыналығы болмайды. Экологияда ешқандай апат болып жатқан жоқ.
Ал, жан түршігетін, ұйқың қашатын, ойласаң ауруға шалдығатын апат табиғатта болып жатыр.
Оны шартты түрде үшке бөлетін болсақ: өлі табиғат (су, ауа кеңістігі, ғарыш, пайдалы қазбалар) ; тірі табиғат (көзге көрінбейтін майда ағзалардан бастап, түрлі бунақденелер, өсімдік, аң - құс, жануарлар дүниесі, тіпті адамның өзі) ; осылардың тірлігін байланыстыратын табиғи дене - топырақ. Оның бойында өлі табиғаттың да, тірі табиғаттың да қасиеттері бар.
Міне, нағыз апат осыларда болып жатыр. Табиғат уланып, былғанып, бар қазынасы тоналып, күйреп, шашылып - төгіліп, сұлулығынан, көркемдігінен айрылуда. Оған кім кінәлі?
Кінәлі - адам баласы. Оның табиғатпен санасыз, парықсыз, қарым - қатынасы.
Дүние жүзіне белгілі Мәскеулік ғалым, химия ғылымының докторы Геннадий Алексеевич Ягодин: «егер табиғатқа ойсыз көзқарас осылай сақталатын болса, онда ол 30 жылдан соң адам баласына жақсылық жасауды тоқтататын болады» дейді.
Бұл - өзімізге өз қолымызбен өлім сыйлау деген сөз. Сондықтан, адам баласы табиғатпен ойсыз қатынасын дереу тоқтату керек. Мен экология түсінігіне қарсы емеспін. Ол - табиғат қорғаудың теориялық, ғылыми негізі.
Табиғатты қорғаудың негізгі заңдарын жасап шығару керек болады:
- табиғаттың тазалығы;
- оның мол қазыналығы;
- көркемдігі.
Осынау үш заң менің оқулығыма енген.
1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Георгиевка ауданындағы Абай атындағы орта мектептің директорының орынбасары болып жүргенімде жоғары сынып оқушыларын бастап, Ақсу - Жабағылы қорығын, Бөген, Піскен тауларының табиғатын зерттеп жүріп түсті металдар кенінің орнын таптық. Кейін ол кеніш геологиялық - барлау орталығында тіркеліп, бағалы қор ретінде танылды. Осы еңбегіміз үшін менің есімім БЛКЖО Орталық Комитетінің «Алтын Құрмет кітабына» жазылды.
Бұл оқиғадан соң бірнеше мәрте Мәскеуде болған Бүкілодақтық экологиялық оқулырана, кейінірек, 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен экологиялық білім беру және табиғат қорғау мәселелеріне арналған 1 - дүниежүзілік конференцияға қатыстым. Бұл шараға 128 мемлкеттің делегаттары шақырылып, КСРО бойынша 46 адам жіберілген екен, Қазақстан Республикасы атынан мен бардым.
Бүгінгіге дейін 332 ғылыми жұмысым жарық көріпті, 9 кітабым бар.
Қазір 3 кітапты қатар жазып жүрмін, олар табиғат қорғаудағы қазақ халқының дәстүрлері, көпшілікке арналған экология, табиғат қорғау және жастар тақырыптарына бағытталған. [13]
Келесі сұхбаты табиғаттың ластануы туралы.
Генетика ғылымын қалаушы ғалымның бірі академик Николай Петрович Дубининнің зерттеулері адамзаттың парықсыз іс - әрекетінің арқасында былғанып, уланған табиғат өте қауіпті инфекциялық аурулар туғызатынын, олардың тұқым қуалайтындығын әлденеше рет дәлелдеп беріп отыр.
Адам баласының қолымен өмірге келген табиғаттағы осы аса қауіпті инфекциялық аурудың алдын алмаса ол мутагенез заңымен геометриялық прогрессия жолымен қаулап өсетіндігі де белгілі.
Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығымен жүргізілген зерттеу жұмыстары жер бетінде табиғаттың улануы мен былғануынан пайда болған инфекциялық ауруға ұшыраған планетамызға жиырма бес миллионнан астам жастардың бар екенін көрсетіп отыр. Ал, Қазақстанда табиғаттың былғануының себебінен нәрестелердің 20 % тумай жатып - ақ ауруға ұшырап өмірге келетіндігін тамыз айында «Казахстанская правда» газеті ашық жазды.
Осы жағдайларды ескере отырып, табиғат қорғаудың негізігі үш заңына сүйенеміз, олар: табиғаттың тазалық заңы, табиғаттың мол қазыналық заңы және табиғаттың көркемдігі мен өсімдігін сақтау заңы.
Тағы да 1997 жылы шілденің 15 жұлдызында «Қоршаған ортаны қорғау туралы» және «Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» заңдарды басшылыққа алып, біздердің негізгі атқаратын тәжірибелік іс - әрекетіміз табиғаттың тазалығын сақтауға бір адамдай үлес қосу болып есептелінеді. Себебі, біз табиғатты келешек те де осылайша өз қолымызбен былғап, улай беретін болсақ, өмір тұйықталады. Адам баласы жазылмайтын ауруға ұшырайды, тіптен жер бетінен өшеді.
Арнайы мақсатты бағдарлама құрып 1996 - 1999 жылдары біз табиғаттың, елді - мекендердің былғанып, улануын көзімізбен көру үшін саяхат жұмыстарын ұйымдастырдық. Ол нені көрсетді?
Автокөлік жүретін негізгі трассалардың: Қызылорда - Алматы, Ташкент - алматы, Шу - Ақмола жолдарының ен жағасында жасыл желектердің өртенбеген аймағының аз екенін, жол бойында қалдықтар тасталынбаған жердің жоқ екенін көзіміз көрді. Теміржол бойындағы көрініс те дәл осындай. Бұны жасаушылар, бұндай сорақылықтың негізгі кінәлілері - сонда тұратын өзіміз. Өзіміздің соқыр іс - әрекетіміз. Жер басып жүрген әр азаматтың өзінің өміріне алып келіп жатқан сыйы.
Табиғатты былғап, улаушы ірі кәсіпорындар мен шаруашылықтар деудің заманы әлдеқашан өткен. Олар әзірге жұмыс істемейді. Өнеркәсіп маңында шығарылған улы қалдықтардың миллиондаған тонналары әзірге мүлгіп қалғып қозғалмай жатыр. Олардың келешекте табиғи ортаны улап, былғап әкелетін залалдары өз алдына бөлек сөз.
Күнделікті өмірде жай ғана нәрседей көрінетін өзіміз тұтынып жүрген заттардың қалдықтары туғызатын залалдар жөнінде. Саналы түрде өзіміз шығаратын былғаныш улы заттармен қоршаған табиғи ортаны былғамау, оның негізі қауіпті екенін түсіну. Өз шаруашылығымызда тұрмыстан бөлініп шыққан қалдықтарды су көздеріне, жер бетінде ашық төкпей шұңқырға көміп тастауды дағдыға айналдырмауымыз керек. Табиғат ана көмілген қалдықтарды біраз мерзім өткеннен кейін өзі өңдеп, қажетті бір элементіне айналдырып алуға шамасы келеді. Ал алып өнеркәсіптер бөліп шығаратын улы қалдықтарды технологиялық процесс болмаса табиғаттың өздігінен залалсыздандыруға шамасы жетпейтіндігіне көптеген мысалдар бар. сол себепті өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қалдықсыз жолға көшіру - ертеңге қарамайтын бүгінгі күннің міндеті. [9]
Ұзаққа созылған еркін пікірталастан кейін 1997 жылы 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Бұл заң 19 тараудан, 89 баптан тұрады. Заңның 15 - тарауы «қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық тәрбие мен білім беру, ғылыми зерттеулер» деп аталады. Тарауда кейбір ғылыми терминдік олқылықтар ортаны алғанымен бізді қоршаған орта жайында жүйелі түрде білім беру мәселесін шешумен бүкіл халықты қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеудің қажеттігі және осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешу проблемасы Заң жолымен шешілді.
Халыққа экологиялық білім беріп, оларды табиғат қорғауға тәрбиелеудің ғылыми тұрғыдан тұрақты түрде шешумен шұғылданып жүрген азаматтар Заңның бұл тарауын ризашылықпен қуана отырып мақұлдаймыз. Осы орайда үлкен міндетті орындау жолындағы жүргізіліп жатқан зерттеу тәжірибе жұмыстарына тоқталайық.
Тараз университетінің кафедрасы, оның ұстаздары, ғылыми қызметкерлері, магистранттары мен студенттері ұзақ жылдан бері халыққа экологиялық білім берумен, оларды табиғат қорғауға тәрбиелеу мәселесімен айналысып келеді. Кафедраның құрамында тәрбиенің бұл бағытына арнайы жұмыс жасайтын лаборатория бар.
Лаборатория студенттерге тиянақты түрде экологиялық білім беріп, қоршаған ортаны нәтижелі практикалық іс - әрекетке қатынастырумен айналысады.
Бұл проблема жүйелі түрде мынадай салалардан тұрады:
- Бастауыш сынып оқушыларын отбасында және мектепте табиғат қорғауға баулу, оның негізі Қазақстанда тұратын әрбір халықтың табиғат қорғау дәстүрлерін зерттей отырып, соларды өмір практикасында пайдалану.
Осы мақсатта бағдарлама жасап, оны шешу мәселесімен біздің бірнеше ұстаздар, магитранттар айналысуда.
- Орта білім беретін оқу орындарының барлық түрінде оқытылатын пәндердің мүмкішілігіне қарай сол пәндердің мазмұнына экологиялық білім беру бағытын енгізу. Әрбір пәннің мүмкіндігін пайдалана отырып, сол пәндердің негізінде жастарды табиғат қорғауға тәрбиелеу мәселесін шешу. Орта білім беретін оқу орындарының бүкіл тәрбие жұмысына, жастарды табиғат қорғауға тәрбиелеу бағытын беру.
Біздің көп жылғы зерттеу жұмыстарымыз орта білім беретін оқу орындарында оқылатын барлық пәндердің мазмұнына экологиялық білім беру мен жастарды табиғат қорғауға тәрбиелеу мәселесін енгізуге болатындығын көрсетіп отыр.
Осы мәселеге байланысты кафедра кандидаттық және докторлық диссертациялар дайындап, оларды табысты қорғап, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды баспа рақылы шығарып, республикалық газеттер мен журналдар бетінде мақалалар жариялады.
- Арнайы жоғары және орта білім беретін оқу орындарының мамандық профильдеріне қарамай олардың оқу бағдарламаларына экологиялық білім беру пәнін енгізу. Осы пәнді негізгі профильдік пән дәрежесіне көтеру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz