Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
1 Оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
теориялық негіздері
1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық-
психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
2 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
2.1 Оқу үдерісінде экологиялық білім мен тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
2.2 Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің технологиясы ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму
барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі
шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың
өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи
қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші
болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз
өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау,
өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат
байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз,
ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді.
Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып,
осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп
барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек,
аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны
көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын
қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030
атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды
болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық
проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында:
Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол
кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі
сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді
[1].
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық
заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады.
Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат
аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-
әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат
пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде.
Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға
қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп
пайдалануда.
Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан,
табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің
қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні
жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа
экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір
қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы Қазақстан Республикасының
жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында және 1992 жылғы Қазақстан
Республикасының білім беру туралы заңында, 1996 жылғы Қазақстан
Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы,
су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар
мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын
мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының
азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға
міндеттейді.
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңының 89
бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету
шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан
шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің
жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу
бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-
тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған
қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым
өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат
арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық
құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.
Табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ
халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев
еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Ұлы Абай өз өлеңінде табиғат пен адам
өмірін, тіршілігін, ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние
ретінде қарастырған[5]. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға
ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын
білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының
берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға
үйретеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған
бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан,
табиғаттың экологиялық тепе-теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу
себептерін Е.Мамбетқазиев, Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап
өткен.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде Ә.Е. Бейсенова, Ә.
Бірмағамбетов, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев т.б. еңбектерінде жазылған[6].
Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып шығарылды.
Алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог
мамандар дайындау туралы тұжырымдама жасалынды. Осының нәтижесінде Алматы,
Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау университетінде экологиядан мамандар
дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог
мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің
тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсеновваның еңбегі айрықша
болды.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие
беру.
Зерттеу нысанасы: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен
тәрбие беруде теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
- орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен
тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
- экололгиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру
жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім
мен тәрбие беру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:
- бастауыш сыныпта оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық
қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе;
- экологиялық тәрбие мазмұны туған өлке және қазақ этнопедагогика
материалдарымен толықтырылса,
Зерттеудің практикалық маңызы:
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен
тәрбие беруде туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдары
ендірілген қосымша бағдарламалар жасау;
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең. Философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу
әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.
Екінші кезең. бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие
берудегі тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.
Зерттеу жұмысының негізгі базасы:
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласы №36 орта мектепте
өткізілді.
Зерттедің құрылымы: Кіріспеден, 2 тарудан, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1 ОҚУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
педагогикалық негіздері
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық
прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-
қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде
табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру
ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны
бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді.
Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-
қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру
педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы
ретінде оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін
тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж.
Баласағұн, Қ.А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т.б. өз
шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп,
жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған.
Мәселен, Әл-Фараби Ғылымдардың шығуы туралы трактатында табиғаттану
ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл
педагогтарымыздың орны ерекше.Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоций,
А.Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы
білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді.
Чех халқының атақты педагогы Я.А.Коменский Тәрбиенің негізі – табиғат, ал
адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы,- деді.
Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде Баланы
табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын
бала болғанын қалайды, - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: табиғат,
адамдар, заттар деп есептеді[8].
ХІХ ғасырдағы орыс ағартушылары В.Г. Белинский, Н.Н.
Герцен,Л.А.Добролюбов, Д.И.Писарев т.б. мектепте табиғатты немқұрайлық
оқытуға және оған мейірімсіздік қатынасқа қарсы шықты[9,10,11].
Н.Н.Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың
маңызын көрсете отырып: Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға
арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік,- деді[10]. Д.И.Писарев
патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, өз денесін
сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл солайша өзінің
балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы көрген сол адамдарды, сол
жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет, - деген
болатын[11]. Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат туралы сапалы білім беру
және адамның табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың
қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.
Белгілі философтар В.Г. Афанасьев, В.В. Журавлев, А.Г. Спиркин, Г.С.
Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т.б. жасөспірімдерге экологиялық білім
мен тәрбие беруде қоғам-адам-табиғат арасындағы дүние-танымдық сана
формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-
тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып,
жетіледі. Сана – адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар
беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен
– табиғи ортамен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи
ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне басқа адамдарға
қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның
жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен
сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық
проблемаларға жаңама көзқараспен қарауға бағыттады[12].
Психологтар А.А.Люблинская, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. өз
еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған
ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана
нәтижелі болады деген пікірлер айтқан[13,14]. С.Л. Рубенштейн әрбір жеке
адамның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі қарым-
қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру,
мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып, басқа
адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне
жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол
дегеніміз дүниеге, өмірге, табиғатқа мың дос қатынастағы адам, - дейді.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін дамытып, оларды парасаттылыққа
тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың
мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік
ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар
парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке
душар болады.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А.Е.
Тихонова табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық
қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті
эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал
қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын
молайтуға ұмтылдыруда болып табылады, - деді[15].
Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас
деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп
қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі
үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты,
эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды.
Табиғат – сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық
тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық
тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай
адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, экологиялық
жағы еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде
үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас
олқылықтар пайда болады.
Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты
ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулыйтын экологиялық білім
мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам - адам"
жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп,
экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы
(1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан
Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030
бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан Реслубликасы экологиялық білім мен тәрбие
берудің ұлттық: стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасы"
(1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік
стандарттары" (1998), "Қазақстан ; Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған
экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы" (2004) және т.б. құжаттар
қабылданды.
Қоғамымыздың білім саласындағы азамат ғалымдары Ә.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев,
Н.Сарыбеков, К.Сарманова, А.Сотников, С.Тілеубергенов, Н.Торманов, т.б.
экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын,
ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттеуде үлкен үлес қосты. Соңғы кезде
экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның
әр түрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
- көп пәнді жүйе (барлық пәнді өздерінің ортақ тақырыбына сәйкестендіріп,
экологиялық білім беру);
бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі);
аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады.
Республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік
бағдарламасы дүниежүзілік тәжірибелерді саралай отырып көпшілікке,
жеткіншектерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Ол
төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
- мектептерге дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
- мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
- жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі сала
бойынша);
- мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
- көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Ауа-табиғаттың ажырамас элементі, онсыз жан баласы дем алуы, қоректенуі,
жылу мен жарықты қабылдауы мүмкін емес. Қысқасы, табиғатсыз тірлік те, өмір
де жоқ. Сондықтан да қоршаған ортамыз - табиғатқа деген қарым-қатынас терең
ізгілік пен адамгершілікке ұласуы қажет. Осымен қатар табиғат-адамдар үшін
таным мен эстетикалық қарым-қатынастардың нысаны. Оның тартымды құпия
сырына енудің өзі терең ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал жасайды.
Осыған орай, экологиялық мәдениетті адамның негізін қалаушы бастапқы,
міндетті және жалпыға ортақ берілуі тиіс экологиялық тәрбиенің қажеттілігі
туындайды. Жоғарыда атап кеткендей, экологиялық сана толығымен экологиялық
білімді қамтыса, оның құрамдас бөлігі эстетикалық сезімдер мен экологиялық
жауапікершілік болып табылады.
Экологиялық сана мынадай маңызды функцияларды атқарады:
ағартушылық функциясы;
дамытушылық функңиясы;
тәрбиелік функциясы;
ұйымдастырушылық функциясы;
болжаулық (прогностикалық) функциясы.
Аталған функцияларға сипаттама берсек, ағартушылық функциясы оқушылардың
табиғат: эстетикалық жаратылыс және ол барлық тіршілік иелерінің өмір сүру
ортасы екендігін түсінулеріне көмектеседі. Өскелең ұрпаққа экологиялық
тепетеңдіктің қайтымсыз бүлінуіне жол бермей, табиғатты қорғау мақсатында
экологиялық білімдерін пайдаланудың қажеттілігі туралы ой, көзқарастарын
қалыптастырады.
Жастардың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуы үшін білім мен төрбие ғана
емес, әсем табиғат, тылсым дуние, жаратылыс күштерінің ықпалы, сонымен
қатар, жоғары мәдениетке қол жеткізген отбасы тәрбиесі керек.
Табиғат пен адам дамуы егіз, бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан,
адамзаттың табиғатқа, қоғамға, жаратылыс әлеміне, айналасындағы жан-
жануарға деген ізгі қатынасы сүйіспеншілік сезімінің дамуымен
айқындалады.
Экология - табиғатты үнемдеу туралы ғылым.
Экология - грекше oikos - үй, мекен және логия сөзінен құралады.
"Экология" терминін 1866 жылы Австралия ғалымы биолог Э.Геккель ұсынған.
БҰҰ шешімі бойынша маусымның 5-ші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл
дүниежүзілік күні деп атап өтілуде. Қазіргі кезде балаға жас шамасына қарай
экологиялық білім және тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда
табиғат анамызға тіземізді батырып, жерге қопарылыс жасап, ойран салудан
табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айрылып, экологиялық дағдарыс әлемдік
проблемаға айналды. Табиғи орта ластанған. Арал теңізінің жоғалып кету
қаупі тұр. Өзен суларында 20 есеге артық мұнай, т.б. зиянды өнімдер бар.
Теңіз тартылу зардабынан 34 түрлі балықтың азайғаны дүние жүзінде сирек
кездесетін құбылыс. Балқаш өңірі, Абай жері, Сыр өңірі бәрі де өзінің
келбетін жоғалтып отыр. Сондықтан да табиғат-ананы қорғау-адамзат парызы.
Оны ұрпаққа ұғындыру, тәрбиелеу мектептің міндеті. Экологиялық тәрбие
балалық шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының,
азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен
бірге тәрбиеленуі керек.
Әр бала өзін қоршаған ортаның құрлысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын
бұзбай сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуге
міндетті. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен
табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін, тұнық ауасын бұзбауға,
үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейірімділікпен,
сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен
байлығын асырап етпеудің ғылыми негіздерінің басты заңдылықтарын үйрету.
Адам өз бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін туған жерінің табиғатымен,
өскен ортасымен байланыстырады.
Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласын таныта білген данышпан әрі
ақылғой Асан қайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп мақтан
етеміз. Оның Жерүйықты іздеп жүріп, қазақ жерінің әрбір өзен-суына, кең
байтақ даласы мен асқар тауларына берген бағасы осы күнге дейін құнын
жойған жоқ. Ал Қорқыт бабамыздың "Асқар тауларын құламасын, саялы ағаш
сынбасын, қанаттарын қырқылмасын" деген өсиет сөздерін бала құлағына сіңіру
және оның мағынасын түсіндіру - міндетіміз.
Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша, Наурыз мейрамының туған жер табиғатын
түлетуге, көркейтуге қосатын үлесі зор. Бұл мейрамның басты мақсатының өзі
табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе-теңдікті сақтауға негізделген.
Айналаны тазарту, ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу адамның табиғат-ана
алдындағы міндеті екендігін түсіндіру.
Балаға экологиялық тәрбие бере отырып, онымен келешекте оқытылатын
жаратылыстану пәніне дайындық жұмыстарын жүргіземін.
Экологиялық білім және тәрбие нәтижесін үш түрге бөлемін:
Оқушыға экологиялық білім туралы ой саламын.
Жеке өз бетінше ізденушілікке бағыттаймын.
Зерттеушілік қабілетін дамытамын
Сурет 1
Сабақ барысында қолданылатын кестелер
БҰҰ қабылдаған "Табиғат қорғаудың дүниежүзілік стратегиясында" былай
делінген: "Біз жерді әкелерімізден мұраға алғанымыз жоқ, біз оны өз
бабаларымыздан қарызға алдық".
Қазір жер басып жүргендер бұл жердің соңғы ұрпағы емес бұлардан кейін басқа
адамдар келеді және олар өмір сүруге жарамды дүние алуы керек. Сөйтіп,
ұрпақ болашағын жан-жақты қарастырғанда ғана бәрі ойдағыдай орынды
шешіледі.
Көптеген жылдар бойы жер қойнауындағы байлықты игеру бары-сында еліміздің
шикізат жүйесі Жер-Анаға зиянды салдарын тигізбей қойған жоқ. Мұнай, газ
кешендерінің, жылу энергетика кәсіпорын-дарының, тау-кен және байыту
өнеркәсіптерінің ұлан байтақ жерімізді ластауы өте үлкен зиянын тигізді.
2000 жылдан бастап өндірістің қайта өрлеуіне байланысты кәсіпорындардың
зиянды қалдықтарының өсе түсуінен тұншыға бастаған қалалар бар. Атап
айтқанда, Өскемен, Ал-маты, Шымкент, Актөбе, Теміртау қалаларында ауаның
бүзылуы бұрын-ғысынан көбеймесе азайған жоқ.
Дәл осындай жағдай су қоймалары мен өзендерде де байқалды. Қазакстан
бойынша, әсіресе Ертіс, Іле, Нұра, Сырдария өзендері ластануда.
Біздің дәулетіміз де, сәулетіміз де, бүгініміз бен болашағымыз да туған
өлке табиғаты. Шебер табиғаттың ғажайып кестесі орман-тоғайы, өзен-көлі,
оны мекендейтін аң мен құс, балықтар, бәрі де халық қазынасы. Сол сияқты
жорғалаушы жануарлардың аңдарға пайдалы түрлері қаншама. Біз табиғаттың бұл
байлықтарын қорғап, қорын молайтқанда ғана оны кәдеге жарата аламыз.
Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен
өніп-өсер мекені. Табиғат - бойына қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын
сүлулық пен өсімдік әлемі.
Туған өлке аумағы қанша кең болса, ондағы табиғат байлығы да сонша мол.
Тіпті, жол үсті, аяқасты болып жатқан дәрілік, тағамдық өсімдіктеріміз
қаншама!
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі, биосфера ресурстарын тиімді пайдалану,
Егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі.
Ғылыми – Техникалық прогресс қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық
өзгерістер табиғат тепе – теңдігінің бұзылуына, қауіпті жағдайлардың пайда
болуына себепкер болып отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері–аймақтық
техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы,
атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, тірі организмдердің
генетикалық қорының азаюы, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи
құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтардың
жинақталып айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайлардың ауырлағаны соншалық тежеуге
келмейтін апаттар, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі
өсіп келеді. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде бастан
кешіріп отырған экономикалық дағдарысты одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік
шиеленістің ұшығуына итермелеп отыр. Ал, экологиялық жағдайлармен қатар
халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуде экономикалық қиындықтарда кедергі
келтіріп отыр. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін оң шаралармен, іс-
әрекеттерді қолданбаушылық халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар,
әлеуметтік жанжалдар туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды
бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал. Осыған орай, Қазақстан
Республикасының Конституциясының 38-бабында “Қазақстан Республикасының
азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға
міндетті” - делінген [8,13].
Ата Заңымызға негізделіп жасалған ҚР “Білім туралы” Заң мен
2004 жылы қабылданған білімді дамыту тұжырымдамаларында көрсетілген
талаптарды іс жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар
мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға
байланысты екендігі баршамызға аян [9,7].
1996 жылдың тамыз айынан бастап Республикада табиғат қорғау
туралы жаңа заң қабылданып күшіне енді [4]. Заң әр адамның өмірі мен
денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп,
табиғатты қорғаудың экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін
белгілеп берді.
Ол мынадай тармақтардан тұрады.
- Республикада халыққа білім беру орындары табиғат қорғау
жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін
жүзеге асыру;
- жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық тәрбие
мен білім берудің жоғары және арнаулы оқу орындарында маман кадрларды
кәсіптік жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттырудың, барлық
мүмкіндіктерін жасау;
- құжаттың 64-бабында айтылғандай барлық оқу орындарында
міндетті түрде экологиялық білім берудің қажеттілігі айтылып ол бойынша
азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қажетті экологиялық
білім мазмұнынын алу үшін, оқу орындарының ұстанған кәсіби бағдарламаларына
қарамастан барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерде экологиялық білім
негіздерін міндетті түрде оқыту;
- арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны
қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнайы курстар оқыту
көзделеді.
Қазіргі кезде білім беру ошақтарының алдында тұрған
міндеттерінің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын
қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану
және өзінің өмір сүретін ортасы мен еңбектенетін, жерінде жоғары, саналы,
экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп,
әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы
білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын
анықтайды.
Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми –техникалық үрдісі әлдеқашан
қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын
алуда. Ғылымдар тарихында “Экология” терминін тұңғыш 1866 жылы неміс
биолог-ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Ол “Экология” - деп тіршіліктің
әрбір түрінің немесе организм оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасын
зерттейтін ғылым саласы екенін дәлелдеді.
Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы ретінде емес,
жеке ғылым тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әртүрлі экологиялық
мәселелері жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы да қамтиды да,
олардың әрқайсысы өз ілімі салаларынан зерттеп қарастырады. Мысалы,
биологиялық пәндер бойынша тірі организм, организмдердің әртүрлілігі, өсіп-
көбеюі, жер бетінде таралуы, организмдердің шығу тегі, селекция, генетика
туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабатты тиімді
пайдалану мен қорғау, геологиялық орта және геожүйе, табиғи кешенге
адамдардың шаруашылық қызметтеріне тигізетін әсерін зерттейді.
Ал, экология ғылымы табиғатты барлық өзгерістерді айнала
қоршаған табиғи ортасы және адамның іс-әрекеттерімен байланыстырып
зерттейтін кешенді ғылымдарға айналды. Сондықтан да экология ғылымы барлық
жаратылыстану ғылымдарының негізгі өзегіне айналды. Ал, бүгінгі ғылым
кеңістігінде жеке ғылымдар төңірегінде зерттеулер жүргізу сын көтермейді.
Қазіргі уақытта экология ғылымы теориялық және практикалық маңыз
алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды. Экология
ғылымы – табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми – теориялық негізін қалайды.
Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін
атқара алады.
Тарихи тұрғыдан алғанда, адамның табиғаттағы және әлеуметтік
ортадағы болмысында кездескен алғашқы проблемалары еді. Сондықтан,
әлеуметтік – экологиялық тақырыптарға байланысты пайымдаушыларымыз ежелгі
замандардан бергі қоғамдық сананың элементтері болып келіп және олардың
байлығын молайта түсуге білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ
ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалаптастыру, ол үшін арнайы мамандар
дайындау – жалпы білім беру жүйелерінің алдыңғы шарты.
Экология проблемасы ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу
обьектісінен тура болсын, жанама болсын да түскен емес.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары табиғатқа қатысты өз
көзқарастарын философиялық - әдіснамалық тұрғыда тұжырымдаған.
ІХ-ХV ғасырларда шыққан ғұламалар Әль-Фараби, Ж.Баласағұн,
Қ.А.Иассауи, М.Қашқаридің тіл ғылымы, логика, психология, география, этика
т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше. Соның ішінде Әль-
Фараби медицина, биология, география ғылымдарын теориялық философиялық
тұрғыдан негіздеуге көп күш жұмсаған энциклопедист ғалым. Мысалы, “Адам
организмдері жайлы”, “Жануарлар организмдері жайлы”, “Темпераменттер
туралы” т.б. еңбектер жазған. Онда “... адам баласы жаратылыстың, бүкіл жан
иесі атауларының биік шоқтығы, сондықтан оны құрметтеу, қастерлеу керек”,
деп түсіндірді [74].
Ал М.Қашқаридің қайсы бір еңбектерін алмаңыз, үлкен әлеуметтік
– этикалық, ой – тұжырымдар, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті
арқау етіп алған.
Қорыта келгенде, Әль-Фарабидің, М.Қашқаридің бұлардан басқа
көптеген, философиялық және натурафилософиялық, әлеуметтік этикалық
тұжырымдарына да жаратылыстану жайында айтқан бағалы пайымдаулар мен ғылыми
қорытындылар кездеседі.
ХІХ ғасырдың демократ–ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен,
Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев мектепте немқұрайлы оқытуда және оған
мейірімсіздік қатынаста қарауға қарсы шықты. Орыс ағартушылары табиғат
туралы саналы білім беру және адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын
моральдық санасының қалыптасуына әсер етуіне ерекше мән береді. Бұл
пікірлер, олардан кейінгі педагогикаға табиғи құбылыстар мен объектілерді
түсінудегі білім мен сезім арқылы өзара байланысын негіздеуге үлгі болды.
Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан
көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары:
А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш.Уәлиханов шығармаларында табиғатқа деген
сүйіспеншілік көзқарастың негізі деп түсініп, көшпенді елдің өміріне, ата-
ананың шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу,
қыстауға қайту, аң аулау кездесетінін еске ұстап, табиғаттың тепе-теңдігін
сақтауға ақыл –кеңестер берген.
Халықтың мақтанышы Ш.Уәлиханов ғалым туған халқының табиғатпен
қарым-қатынастары, әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын
табиғатпен қарым – қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының
тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол: “Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы
тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар екен” - дей келе, қазақтар киеліге
үлкен мән берді. Табиғаттағы... кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі
тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы алағандарды
құрметтеу, ырым жасап тұру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі деп
көрсетті.
Ш.Уәлихановтың табиғат жайында қалдырған бай мұрасы қазіргі
уақытта жас ұрпақты, табиғат қорғауға тәрбиелеуде бірден-бір таптырмайтын
көмекші қатынастары әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын, зерттеп, қазақтар
арасындағы жақсылық, сенім олардың “Табиғаттағы шексіз қадірлеуінен туған”
деген ой түйіндейді. Ұлы ғұлама ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат
болмысына деген ой-пікірлері мен көзқарастарының көкейкестілігі бұрынғыдан
артпаса кеміген жоқ.
Экологиялық білім беруде барлық жаратылыстану және қоғамдық
ғылымдар білімдері байланыстыра меңгерілуі тиіс. Мұндай білім тіршілік ету
стратегиясына ғана емес, сонымен бірге арнайы ортада адам тіршіліктің
сапасының жақсаруына да үлес қосу керек. Яғни, мұндай білім қоршаған
ортаның сақталуына, оның табиғи және қоғамдық компоненттерінің жақсаруына,
адамдардың шығармашылық еркін және құнды тірі организм ретінде тіршілік
жағдайларын жасауына мүмкіндік тудыруы қажет. Адам қызметтерінің қажетті
шарты ретінде табиғат пен қоғам адамдарының мәдени болмысының көрінісі
болып табылады, өйткені, тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің
күрделі адамдық қасиетін білдіре алады.
Қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие
берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық, әрі
тұтас анықтауға зерттеушілер ұмтылады. Педагогикалық теорияда экологиялық
білім мен тәрбие берудің мазмұнын айқындауға және оны орта білім беру
мектептерінде қай сыныптан бастап және оқушыларға экологиялық білім мен
тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлауға экологиялық материалдарды
басымырақ беру керектігі жайлы ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де
болса дәлелдене қойған жоқ.
Қазір барлық ғылым проблемалары кешенді түрде зерттеулер
жүргізу арқылы шешіледі. Яғни, экология ғылымдарының ғылымы деңгейінде
іргелі ғылыми зерттеулердің қорғаушы күшіне айналған. Табиғат қорғау Заңына
байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдарда
“Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік
маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экологиялық білім
мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру керек” -деп көрсетеді.
Осыған байланысты республикаларды үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни бала-
бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білім
беруді саналы және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғары оқу
орындарының студенттеріне “Экология негіздері” курсы оқытыла бастады. Адам
мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болатын экологиялық қарама-
қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адамзатты
байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым
мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика
ғылымдары мен мектептердің де басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп
келген адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдакүнемдік қатынасын
психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын
алудың бір жолы-халыққа экологиялық білім беру. Экологиялық білім мен
тәрбие берудің теориялық зерттелуінің өзіндік даму және қалыптасу тарихы
бар.
Өйткені, қоғам мен табиғаттың өзара бір-біріне әсер ететіндігі
туралы халыққа білім беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшылыққа
алатын табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық
білім және тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Экологиялық білім
жалпы және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты
дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағытталған.
Қоршаған ортаның ластануы-қазіргі кезде адам баласын аландатып
отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Соңғы жылдары табиғат байлықтарын
пайдаланудың салдарынан адамзаттың табиғатқа тигізетін әсер, ықпалы
өлшеусіз өсуде. Адам баласының табиғатпен үйлесімді байланысын қалыптастыру
үшін экологиялык білімнің маңызы зор. Табиғатты қорғауда өтілетін
тақырыптарға байланысты әр түрлі әдістерді қолданып, сабақты түрлендіріп
отыру керек.
Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам адам болып туып, адам болып қалуы үшін
табиғаттың атқарар рөлі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі,
өсімдіктер әлемі, өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала бәрі-бәрі
адамдардың ойына сана, денесіне - қуат, бойына - күш, өнеріне-шабыт,
көңіліне - қанат береді.
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін
табиғат қазынасынан алып келді. Сондықтан табиғат байлығын тоздырмай,
ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз керек.
Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып пайдағып жаратып
қана қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер еңгізуде.
Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі қоршаған
ортаның тиімді қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын қайта қарау, туған
табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.
Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі
оқушылардың санасына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып,
сол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге
бағытталған сезімдерін тәрбиелеу.
Оқушыларды экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу, олардың
жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ
үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстан
мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.
Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және
табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Д.
Ушинский назарын аударған. Оның Детский мир, Родное слово атты
кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың
тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол
адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып,
Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да
аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның
заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады, - дейді. Ол
табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны ой ұрығы, ұлы
тәрбиеші деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды
жасай отырып: Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің
өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін
дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің
ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге, - келдім деген
болатын[18].
Р.Г.Лемберг, А.С.Макаренко, Ш.Т.Шацкий т.б. өздерінің еңбектерінде
адамның табиғи ортаға деген қарым-қатынасының қалыптасуы күнделікті қызмет
барысында жүзеге асатынын атап көрсеткен.
Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүйелілікпен,
мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Н. Рыбников, В.А.Сухомлинский т.б.
еңбектері арқылы негізделді. В.А.Сухомлинский табиғат адам оны танып
білгенде себеп-салдарын байланыстыра ой-жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты
қайнар көзі бола алады, - деп табиғаттың заңдарын жете меңгеруге ғана,
табиғаттың жай-күйін түсінетіндігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына
табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын
эстетикалық, адамгершілік эстетикалық тәрбиені экологиядан бөліп
қарастыруға болмайды [19].
Бар өмір тіршілігі табиғатпен араласып өтетін, оның аясында өскен
халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикада, ақын-
жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен Ш.
Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың еңбектерінде табиғатқа
көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының
табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрыпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып,
қазақтар арасындағы сенім олардың табиғатты шексіз қадірлеуінен туған, -
табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани күш беретіндігін айтқан болатын.
А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері, оның
табиғат заңдылықтарын терең пайымдау алумен бірге оған байланысты ғылыми
көзқарастарын танытады. Ол табиғаттың бір байлығын адам баласының ауызына
тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп, Кім өзіңе махаббат
қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз, - деп өсіп келе жатқан ұрпақты
табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді[5].
Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адамзат баласын ойландырып
отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те
мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлу керек. Халықымыздың табиғатқа деген
сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі
ұрпаққа өнеге-үлгі боларлық жыл мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтел,
нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның
өзінде қаншама терең ой, әрі тәлім-тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір
ұстаз, әр тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл
маржанына үнемі көңіл бөліп, әрі оны пайдаланып отырса, оқушылардың
экологиялық түсінігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Аңыздардағы Қорқыт бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып,
...уы шығып кетер, - деп безектеді, Асанқайғы атамыздың халқына жайлы
қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл кезуі, тіпті М. Әуезовтың Америкаға
барған бір сапарында сол жақта тағдыр талабымен тұрып жатқан Әбілсәмәд
деген қазақтың қонақ үйге іздеп келіп: Сыр ағып жатыр ма? – деп сұрауының
өзі туған жерге, туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып,
оларды жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды
біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам
табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген
Ш.Уәлиханов: табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,
олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді.
Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті
заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz