Бастауыш мектеп балаларына табиғат туралы білім беру мәселесінің зерттелуі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш мектеп балаларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері……… . . . 6
1. 2 Бастауыш мектеп балаларына табиғат туралы білім беру мәселесінің зерттелуі16
2 ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2. 1 Дүниетану сабақтары арқылы ұлттық дүниетанымды қалыптастырудың формалары . . . 23
2. 2 Дүниетану сабақтары арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру іс-тәжірибесі . . . 28
Қорытынды . . . 41
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 42
К I Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі.
Казіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбис жүмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр.
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, түңғыш Конституция, Білім беру заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарып нақты айқындауды талап етеді.
Республикамыздың тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбасв өзінің Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде деп аталатын еңбегінде: « . . . елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінсн: Қазақстаным - менің, Отаным оның мен үшін жауапты ексні сияқты мен де ол үшін жауаптамын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» - деп көрсетті. [1]
Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республиканың ертеңгі қажетін өтерлік, елін, туған жерінің табиғатын сүйетін, оны қадірлеп, қорғайтын білімді, саналы азамат өсіру, бала дүниеге келген шақтан басталады. Себебі егеменді еліміздің ертеңі жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Ал бастауыш мектеп балаларын қоршаған орта, табиғат жайында қарапайым ұғым беру арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудан басталады.
Себебі бастауыш мектеп балалары күнделікті өзін қоршаған ортадан және табиғат құбылыстарынан көргенін, санасында сақтап қабылдайды. Бала психологиясы, нақты заттарды тікелей көру арқылы, онымен күнделікті қарым-қатынас жасап, бетпе-бет кездесу барысында және негізгі ерекшеліктерін сезіну, қабылдау нәтижесінде дамиды. Бала тікелей көзбсн көріп, сезгенін қабылдайды. Олай болса, бала кездестіріп, сезіне білетін. байқауға, көрсетуге ыңғайлы да, тиімді, табиғат, оның заттары мен құбылыстары. Ал мектеп жасындағы балалар табиғат туралы берілетін білім жыл мезгілдеріне байланысты топтастырылған.
Қоғамның дамуының қай кезеңінде болмасын, табиғат -баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген.
Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби, Қашқари, Баласағунидің философиялық ой-пікірлері.
Балаларға өздерін қоршаған дүнис туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талантардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсьныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С. Кобеев, Ш. Қүдайбсрдиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Құлжанова, Ж. Аймауытов, М. Жумабаев, С. Торайғыровтардың еңбегі зор.
Осындай ғұлама ойшылдар, ғалымдар айтқан саналы да салиқалы ой пікірлер бізге жол сілтейді, бірақ нақтылы мектепке дейінгі кезенде табиғат жайында ұғым беру мәселелеріне арналған Б. Баймұратова, А. Меңжанова, Қ. Аймағамбетова, М. Тұрсынкелдина, Т. Суркова, Ф. Жұмабековалардың зерттеу жұмыстары бар.
Бұл ғылыми-педагогикалық еібектерінің құндылығы сол өте бай мұражай архивтік материалдары негізінде жазылғандылығы және республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің іс-тәжірибесі жетістіктерін талдап, оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны, әдістерін жаңартуда басшылыққа алатын оқу-әдістемелік құралдары міндетін атқаруында. [2]
Аталған еңбектерде бастауыш мектеп балалар тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен балаларға табиғат арқылы тәлім-тәрбие беру үрдісі зерттеу аясына алынбады. Сондықтан да, бүгінгі күнге дейін бастауыш мектеп оқушылары табиғат жайында жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе. Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы бастауыш мектеп жасында қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалды енгізу керек. Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстары болған емес. Сондықтан да «Жыл мезгілдерідегі табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы бастауыш мектеп балаларының дүниетанымын қалыптастыруын мәселесін арнайы зерттеуді ұйғардық. Бұл зерттеу негізінде ата-аналар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал жарық көрмек.
Зерттеудің мақсаты:
Дүниетану сабақтары арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдарының теориялық және әдістемелік жағынан негіздеу.
Зерттеу объектісі:
Бастауыш мектептердегі дүниетану сабақтары.
Зерттеу пәні:
Дүниетану сабақтары арқылы бастауыш мектеп оқкушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.
Зерттеудің болжамы:
Кез-келген оқу-тәрбие процесінде жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу әрбір мұғалімнің негізгі міндеті болып табылдаы. Әр жас ұрпақтың негізгі білім көзі бастауыштан басталады, демек бастауыш сынып оқушыларына мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оқу процесінде, тәрбие процесінде, сыныптан тыс уақытта ұлттық рухта білім және тәрбие беру керек. Осыны жүзеге асыру үшін бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың жолдарын дүниетану сабақтарының негізінде берсек нәтижені болады.
Зерттеу міндеттері:
-Дүниетану арқылы балалардың орын анықтау;
-Табиғат құбылыстары арықылы балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістерін іріктеу.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері:
Адам өмірі мен табиғаттың тығыз байланыстылығы, қоғамдық ортамен жеке тұлғаның даму заңдылықтары туралы диалектикалық, философиялық ілімдер, педагогикалық, психологиялық зерттеулеріндегі таным теорияларының негіздері ашылды.
Зерттеу көздері:
Философтардың, психологтардың, педагогтардың дүниетаным, білім, даму туралы еңбектері, дидактика негіздері жһніндегі ғылыми еңбектер; қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы заңы»;
Зерттеу әдістері:
Философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми-әдіснамалық әдебиеттерге теориялық талдау. Әдіснамалық сұхбат, сауалнама жүргізу, балалардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны, әдістері мен формаларын саралау, бастауыш мектеп балаларымен педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижелері.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс 38 беттен, кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу екі кезеңнен тұрады.
1-кезең: Теориялық ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, әдіснамалық жағынан шолу жасалды.
2-кезең: Тәжірибелік кезеңде алынған теориялық мәліметтерді пайдалана отырып оқушыларға дүниетануды оқытуда жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарымен таныстырып, бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруға түсінік берілді.
1 ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш мектеп балаларының ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып, білуге тырысты. Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табигаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті қоршаган ортаның, табиғаттың сұлу да, әсем көрінісі жас нәрестені де, сріксіз өзіне баулап таңдандыра, қызықтара білген. Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жсткіншекті туған елінің табигат әлеміне ендіріп, оның сан-алуан сырларын, ұғындыру, таныстыру мәселесі ерте заманның өзінде-ақ табиғаттың балаға тигізетін әсерін атақты ойшылдар, философ-ғалымдар, әдіскерлер көріп, байқап, іске асыру жолдарып ұсынған.
Оның мөлдір бастауы ұлы ойшыл Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағүни, Ахмет Яссауилердің дүниетанымдық ілімдерінен көруге болады. Ғұлама-ойшылдар танымды философиялық тұрғыда жан-жақты талдай келе ғылымға ерекше мән береді. [3]
Әл Фарабидің еңбектерінің көзі табиғат, адам, қоғам. Таным теориясында Фараби дүниені тану құралы ретінде ғылымға зор маңыз берді.
Ғылым негізгі үш элементі басшылыққа алуы тиіс: нақты тақырып, дұрыс дерек және дәлелдеме. Ғылымның үш көзі бар: сезім мүшелері, интеллект (ақыл-ой), адамның ойлау қабілеті және ой қорыту. Алдыңғы екеуі арқылы адам дүниені тікелей таниды, ал ой қорыту заттар негізін , мәнін қамтиды. Нағыз ғылым ой қорыту негізінде құрылады деп түйеді.
Ғұлама ғалымдар адамның дүние танымның негізі табиғаттағы құбылыстарға байланысты дей келе, танымды екі түрге бөлсді:
- Сезім мүшелері арқылы танып білу. Ол заңсыз туылған (көмескі) білім болғандықтан оның ақиқатты тануда ешқандай пайдасы жоқ.
- Ақыл-ой арқылы танып білу заңды туылған (шынайы) білімболғандықтан, оның ақиқат туралы пайымдаулары дұрыс болады -дей тұрғанымен де сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсықоймайды.
Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған мәліметтерін әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды деп түйіндейді.
Сондай-ақ шетел классик философтары Платон, Демокриттің пікірлерінде тағлым теориясына ерекше мән берілгендігін аңғарамыз. Платонның ілімі бойынша табиғатты танып білу негізгі мақсат. Табиғаттың қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын тану барысында ғана адамның тәжірибесі, дүниетанымы кеңейеді дейді. Платонның таным теориясы негізінен 3 қағидадан тұрады:
- Адамда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебіидеялардың өзі төжірибе арқылы пайда болады.
- Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңежазылмаған таза тақта немесе ақ қағаз сияқты, ол тектәжірибе арқылы мазмұнға толады.
- Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы басқа ешнәрсе жоқ, себебі дүниеге шығатынтерең түйсік - таным.
Неміс классик философиясының негізін қалаушы Канттың өзінің «Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихи теориясы», «Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбектерінде адамның дүниетануына ерекше мән береді. Таным процессі күнделікті тәжірибеден, сезімдік түйсінуден басталады. Бірақ олар бізге өзіндік заттар туралы емес, олардың, көріністері туралы деректер береді. Жалпы алғанда таным процессі Канттың пікірінше 3 сатыдан өтеді: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой. Адам ақыл-ойы объективті нақтылықты дұрыс бейнелейді деп сенеді. Таным процссінде басты рольді сезім атқарады, ол ойлаудың қызметі сезім берген деректерді басқа деректермен байланыстырып қарайды.
«Таным»-философиялық ұғым, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың санамызда бейнелеуі. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылдаған дүниені танып білеміз. Сезім аркылы таныған дүниені ғылыми біліммен байласныстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдср біріге отырып танымды нақтылай түседі. Нағыз ғылым ой қорыту негізінде құрылады. Табиғат, оның заттары мен құбылыстары жайында ұққандарын ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын ашатын адам. Мұндай жетістіктерге олар қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми-зерттеулер жүргізу нәтижссінде жетеді. Табиғат құбылыстарын оқып білу арқылы адам табиғаттың заңдылықтарын түсінеді.
Дүниетанымның көзі - білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетанымда қалыптасып, тұрақтанады. Адамның дүниетанымының қалыптасуының негізгі көзі табиғат. Табиғат жайында қарапайым ұғым бере отырып дүниетанымды қалыптастыру туралы ой білдірген шет ел классик ағартушылары Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоццилер.
Коменский адамды айнала дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, балаларға білім беру ісін табиғатпен салыстыра отырып жүргізуді ұсынады. Оның пікірі бойынша баланың табиғатты қабылдауы сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, себебі түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес, сондықтан заттар, құбылыстар туралы ұғымды сөзбен ғана емес, оларға бақылау жасау, көзбен көру, салыстыру арқылы берілуі керек деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, дүниеде сезім мүшелерімен тікілей түйсіне алмайтын құбылыстар мен заттар да бар (жер атындағы пайдалы қазбалар, алыс елдерде өсетін өсімдектер мен жануарлар, т. б. ) бұларды оқытуда айналадағы заттарды негізге алып, солармен салыстыра отырып, үйретудің тиімділігін де айта кетеді. Көрнекілік негізі - заттар, олардың суреттері мен модельдері т. б. Олай болса бала көзіне түсетін айнала қоршаған табиғат, оның заттары мен құбылыстары екені сөзсіз.
Ж. Руссо, Г. Пестолоццилердің еңбсктсрін балалардың дүниетанымын қалыптастыруда биология, география, табиғаттану пәндеріне ерекше қарағандығын аңғарамыз.
Биологиялық пәндерді, табиғаттануды оқыту барысында жас жеткіншектердің дүниетанымын қалыптастырудың жолын талдайтын, білімің мазмұны, оны оқыту әдістері мсн сабақтың ұйымдастыру жолын қарастыратын еңбек жазған К. Д. Ушинский, Е. Н. Водовозова, П. К. Крупская, болды.
Педагогика теориясының негізін қалаушы педагогтар балаларға табиғат құбылыстары жайында ұғым, оның бүлдіршін кезінен берілуі керек деп тұжырымдады. К. Д. Ушинский балаларға табиғат жайында білім беру мәселесін ерекше көңіл бөліп, өзінің «Балалар әлемін, «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты еңбектерінде табиғат, оның құбылыстары, жануарлар, өсімдектер әлсмі туралы көптеген материалдар енгізеді. «Ана тілі» баланы тек жазуға және оқуға ғана үйретіп қоймайды, айналасын қоршаған дүниені, табигат құбылыстарын түсінуге көмектеседі деді. К. Д. Ушшинский үшін табиғат - балаларды жан-жақты тәрбиелеу құралы ретінде орын алады. [4]
Сондықтан да ол өзінің ойын тұжырымдау барысында баланың жан-жақты дамуында, оны қоршаған табиғат, тәрбиешіден де, педагогтан да кем түспейтіндігін, тек баланы кең далаға, тоғайға шығарын бақылата, қызықтыра білудің керектігін паш етеді. Ол өзінің оқулықтарында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес материалды қызықты түрде, жеңіл тілмен баяндау арқылы әр объектінің қасиетін ашып көрсетуге ерекше көңіл бөлген.
Оның «Су», «Ауа», «Өсімдіктердің өсуі», «Алма ағашы», «Жылдың төрт мезгілі»- деген қызықты әңгімелері балаларды сан-қилы ойға салады, дүниетанымын қалыптастыруға негіз жасайды.
Балабақшаның оқыту және тәрбие бағдарламасына нақтылы табиғат жайында ұғымды ендіру жолында Н. К. Крупскаяның еңбегі зор болды.
Педагог ақыл-ойы дамыған бала, өзін қоршаған орта мен табиғат құбылыстары туралы ұғымды меңгерген болуы керек деп есептейді. Ол сол кездегі халықтың ауыр жағдайына байланысты, мектеп жасына дейінгі балалардың айнала қоршаған дүние жайында ешқандай білімдерінің жоқтығы туралы пікірін былайша қынжыла айтады: «Ешқашандай сиыр, қой, үйрск көрмеген, орманда, қырда болып, жидек, саңырауқұлақ термеген балалар көп . . . Өміріндс тауық көрмегендері де бар . . . Бұл балалар не біледі?
Тауықтың неше аяғы болады? - деген сұраққа
3-4 аяғы бар, - деп жауап береді.
Қарға мен шымшықтың қайсысы үлкен екенін білмейді.
Осыған байланысты, балабақшада балалардың айналадағы қарапайым заттар мен құбылыстар жайындагы білім қоры тым мардымсыз. Сондықтан да табиғат жайында ұғым беру және қоғамдық өмірді танып білу саласында, олардың білім деңгсйін үнемі кеңейтіп отыру туралы мәселс көтерді. Осы міндетті шсшудің негізгі әдісі - айналадағы дүниені зерттеп білуде, балалар творчествосына еркіндік беру деп тұжырымдайды. Мәселен: «Ойнағанда, сурет салғанда, бір нәрсені жасағанда жас бала өзінің алған әсерлерін білдіруге тырысады, сол арқылы оларды түсініп, таниды, табиғаттағы затгар мсн құбылыстар жайындағы ұғымдары кеңейеді. Соңдықтан да балалар творчествосын үнемі көтермелеп отыру керек. Балабақша программалары мен практикасында бейнелеу жұмысы үлкен орын
алуы қажет» - дейді. [5]
Н. К. К. Крупская бастауыш мектеп бағдарламасында табиғат туралы берілетін білім көлсмін талдай отырып, «Берілген бағдарламада бастауыш мектеп балаларының табиғатпен танысуы жайында ғана айтылады. Бұл тарауда бәрінен гөрі гүлдср, құстар, табигаттың сүлулығы туралы көбірек баяндалады. Мүның бәрі жайьында өте жалпылама берілген, нақтылығы да аз. Бірақ балаларға тек табиғат туралы таным ғана емес, сондай-ақ айналадағы адамдар, олардың өмір-тіршілігі, еңбегі жайында да білуі керек» дейді. [6]
Қазақ жерінде де табиғатқа, қоршаған дүниеге, оның ерекшеліктсрін танып-білуге байланысты көзқарастырын білдірген ағартушыларымыз Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтар болды. Осы аталып отырған ағартушыларымыздың шығармаларынан табиғатты, қоғамды, адамды жан-жақты зерттеп, адам қатынасының жақсы жақтарын халыққа, жастарға үлгі ету жолдарын көрсеткендігін көреміз. Бұл туралы С. Үзақбаева «Қазақ ағартушыларының эстетиқалық көзқарастары мен орнықты пікірлерінің халықтың дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүретін дәуірдегі тарихи жағдайдан туындап отыр» - деп жазды. [7]
Ш. Уәлиханов табигаттың сан-алуан сырларын балаға үғындыруды жөн көрген. Ол өзінің «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбегінде, қазақ даласының сұлу табиғатын суреттей келіп, осындай байлықты, қоршаған ортаның әр ағашы мен тасын қастерлеп, тарих қайнауындағы ғасырлардың белгісін кейінгі ұрпаққа қөздің қарашыгындай сақтауды арман етті. Өзінің туған жерінің әсем табиғатын бұлай сурегтеуі, балалардың эмоциялық сезіміне, эстетикалық көзқарасына, жалпы адамгершілік тәрбиесіне әсер етпеуі мүмкін емес.
Сондай-ақ дүние тану Шоқан үшін басынан аяғына дейін әрекетті процесс. Әрбір танымның негізінде түйсік, қабылдау жатады. Бірақ сол түйсіктің жеткізіп бергендерін ақыл-ой дамуының түрлі сатыларында адамдар түрліше пайдаланып, әр түрлі нәтижеге ие болды. «Ой өрісі жетілмеген тұрлаусыз адам - дейді Шоқан, - өзінің сыртқы сезіміне ие бола алмайтын бала мінезді келеді. Ол бала өзінің сыртқы сезімін іс әрекетімен қауыштыра алмайды. Дәйекті таным үшін сезіммен ақыл-ой үйлесіп жату керек».
Қазақ даласында алғаш рет мектеп ашқан, өзімің бүкіл болмасын жастарға білім беруге арнаған педагог Ыбырай Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарастырының орны ерекше. Ол білім беру жүйесін табиғат құбылыстары мен күштсрін, географиялық оқиғаларды ғылыми түрде түсіндіруге негіздеу керектігін көздеді. Ол ұлы ағартушы Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында былай дейді: «Қазақ балаларына меніңше, мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер, немесе оларды қызықтыратын (мысалы, жібск құртының көбелектерінің өзгерулері сияқты) әңгімелер тәуірірек болады. Екінші кітабінда мен балаларға қызықты етіп, табиғат құбылыстары мен күштері туралы, тарихи жәнс географиялық-ғылыми әңгімелер келтірмекпін». [8]
Мұнан зерделі ұстаздың шәкірттерге ғылымның әр саласынан тыңғылықты білім беретін пәндік оқуды енгізуді ойластырғаның көреміз. Ол өз «Хрестоматиясында» (1879ж. ) табиғат туралы түсінік беруге арналған мысалдарын қазақ балаларының кейбір ұлттық психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оқушының ойын аздан-көпке, аласадап биікке, қарапайымнан күрделіге дамытатындай пішінде баяндаған. Алтынсариннің педагогикалық мүраларын зерттей келе Ә. Садықов қазақ балалары туралы былай дсйді. «Қазақ үлкенді-кішілі балаларының қай-қайсысы болсын өзім қоршаған дүние туралы ғылыми үғымнан ада еді, бірақ олар өз айналасындағы табиғат жайындағы көп фактілерді біледі: ұланбайтақ кең далада, айсыз түнде адаспастай жершіл, жасынан-ақ қиядағыны көзі шалатын қырағы, сәл сыбырды үғатын естігіш болып тәрбиелейді». [11]
Ұлы тәлімгер өз шығармаларын көшпелі қазақ балаларының аііпаланы дүрыс қабылдай алуы үшін, олардың байқағыштық қасиетін арттыру, дүниетанымын жетілдіру мақсатында жазады. Мысалы «Бай баласы мен жарлы баласы», «Бір уыс мақта», «Алма ағаштары», «Ағаш үй мен киіз үй», «Қыпшақ Сейітқұл», «Талаптың пайдасы», «Әке мен бала» т. б. әңгімелерінде балаға тәрбиелік-білімдік мәні бар мәселелерді түсінікті тілмен баяндаған. Алтынсарин балаларды өнер-білімге шақырып, отырықшылық тұрмыстың, жер кәсібімен айналысудың артықшылығын үғындырады. Сонымен қатар еңбек ете отырып табиғаттың сан-алуан құбылыстарымен танысып, қоршаған ортаны қорғауды, оған мейірімділікпен қарауды үйретті. Ол өзінің оқыту жүйесінде, білім берудің тек қана теориялық жағына көңіл бөле бермей, оқыту үрдісіндс оқушылардың қабілетіне, түйсігіне сәйкес жүргізу және балалардың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп отыруға көңіл бөлді. Алтынсариннің табиғат кұбылыстарының сырын аша отырып білім беруге бағытталған бұл талаптары қазіргі кезде де өз мәнін жоғалтқан жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz