Экологиялық білім экологиялық тәрбие экологиялық сана


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 ОҚУШЫЛАРҒА САБАҚТАН ТЫС ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Экология және экологиялық білім беру мен тәрбие жайлы ұғым . . . 6
1. 2. Экологиялық білім берудің әдіснамалық жолдары . . . 12
2 САБАҚТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖҮЙЕСІ
2. 1. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің мүмкіндіктері . . . 29
2. 2. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім берумен тәрбеиелудің жолдары . . . 35
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42
ӘДЕБИЕТТЕР . . . 44
Қосымша
КІРІСПЕ
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршіліген қажетті заттардың бәрін де табиғат қазынасынан алып келді.
Адамзаттың тарихи дамуы, ғылыми техникалық прогресстің жеделдеуі қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты шиеленістіре түсті. Өндірістің дамуы табиғи қорлардың азаюына қосымша, қоршаған табиғи ортаның ластануы сияқты жаңа дағдарыстар алып келді. ХХ-ғасырға дейін адам баласының табиғатқа әсері жер шарының әр түпкірінде түрліше әсер еткен болса, қазір ол бүкіл планетаны қамтып, өмірге мейлінше қауіп төндіріп отыр.
Сөйтіп табиғат, қоршаған ортаны қорғау адам баласының алдында тұрған кезек күттірмейтін әсемдік деңгейіндегі мәселеге айналып отыр. Ал бұл мәселені шешу жер шарындағы барлық халықтардың жаппай, бір кісідей атсалысуын қажет етеді.
Қоршаған табиғи ортаны келер ұрпаққа сол күйінде, бүлдірмей сақтап қалу үшін әрбір жагн оның қажеттілігін түсінуі тиіс. Ал ол оқыту мен білім беру арқылы іске асырылады.
1977 жылы Тбилиси қаласында өткен қоршаған ортаны қорғау мәселесіне арналған үкіметаралық конференция орта және жоғары мектептерде барлық пәндер негізінде табиғат қорғау мәселесін ұғындыруға ұсынды.
Ал 1980 жылы Таллин қаласында «Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері» деген тақырыпта өткізілген Бүкілодақтық конференция қазіргі қолданылып жүрген оқулықтар мен бағдармаларда экологиялық білім беру мәселесінің қазіргі уақыт талабына сай емесітігін атап көрсетті.
Сөйтіп оқушыларға экологиялық білім беріп, оларды қоршаған табиғи ортаны қорғауға тәрбеиелу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Экологиялық білім беру бағытында жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбеиелу міндеттерінің аса маңыздылығына көңіл бөлуіміз қажет.
30 сәуір 1996 жылы Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы қабылданды. Онда экологиялық қауіпсіздіктің табиғи-тарихи негіздері, принциптері және стратегиялық мқсаты айқындалып, айналадығы ортаны қорғауды және табиғат қорларын пайдалануды басқару жүйесі жасалынды. [1]
Оқушыларға саналы білім мен тәлім тәрбие беру республикамыздың атақты педагог-ғалымдарының Н. Д. Хмелев, Г. А. Умаков, Қ, . Б. Жарықбаев, И. Н. Нұғыманов, С. Қ. Қалиев, Ж. Б. Қоянбаев, Б. Р. Айтманбетова, Қ. Б. Бөлеев және т. б. еңбектерінде зерттелінді.
Экологиялық білім беру мәселелері көптеген педагог-ғалымдардың И. Д. Зверев, Н. С. Сарыбеков және т. б. еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Оқушыларға экологиялық білім беру тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері анықталды.
Жалпы білім беретін мектептерде, оқу-тәрбие үрдісінде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық білім беріп тәрбеиелудің психологиясын, педагогикалық негіздерін қалыптастыру, оның мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау, осының негізінде оқушыларға экологиялық білім беріп тәрбеиелудің жүйесін жасап, олардың жүзеге асуын себепші болатын ғылыми әдістемелік нұсқау дайындау қажеттелігі туды.
Тақырыптың өзектілігі: Сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға экологиялық тәрбие беру және олардың психологиялық, педагогикалық негіздерін қалыптастыру, оның мүмкіндіктері мен жолдарын анықтау.
Мақсаты:
- Оқушыларға экологиялық білім беру арқылы оларды табиғатты қорғауға, аялауға, ластамауға тәрбеилейміз.
- Экологиялық білім берудің негізгі мақсаттарының біріне оқу мен еңбек әрекеттерінің барлық түрінде оқушылардың қоршаған ортаға жауапты қатынасын қамтамасыз ететін, олардың ғылыми білім жүйесін, көзқарастарын және сенімділіктерін қалыптастыру жатады.
- Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Міндеті:
- Мектептерде сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің зерттеулерге байланысты педагогикалық негізін анықтау.
- Қазіргі мектеп тәрбиелеу сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларды тәрбеиелудің тиімді жолдарын анықтап, ұғыну.
- Мектептерде сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушалырға экологиялық білім беру тәрбиелеудің біріңғай жүйесін құру.
Зерттеудің орны: Ж. Жабаев атындағы №5 мектеп гимназиясы
Зерттеудің мәні. Мектептерде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелу.
Болжам: Мектептерде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеу тиімді болады: егерде, мектепте оқылатын барлық пәндер бойынша жүргізілетін сабақтан жыне мектептен тыс жұмыстарға экологиялық бағыт бергенде.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, 37 беттен, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу екі кезеңнен тұрады.
1-кезең:Экология және экологиялық білім беру мен тәрбие жайлы ұғым мен экологиялық білім берудің әдіснамалық жолдарына шолу жасалды.
2-кезең: Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің мүмкіндіктері мен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға экологиялық білім берумен тәрбеиелеудің жолдарына түсінік берілді.
.
1 ОҚУШЫЛАРҒА САБАҚТАН ТЫС ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан ала ғана пайда болды. «Экология» сөзі «Естественная история происхождения» атты кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель. Экология «ойкос» деген грек сөзі, «үй баспана» ұғымын білдіреді. Э. Геккельдің айтуы бойынша, экология-зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды анарганикалық ортамен өазара қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияеы жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы, англия ғалымы Чарльз Дарвин.
Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша, «тіршілік үшін күресу» ұғымы тірі жәндіктірдің өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатынасының көп заттардың байланысының түйінделуі деп негізделеді. [2]
Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы. сонымен, экология - тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Көптеген ғалымдар әр алуын жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасы мен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ао соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеуадамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері алусыз керегінше пайдаланып келді. міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер, теңіздер адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жайып опатқа ұшырауды.
Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері және цемент зоводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық-қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға зарарлы әсер ететін екі факторды атауға болады: жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс-әрекеті. Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп, көбеюде. 1990 жылы біздің планетамызда 5, 3 млрд. шамада болса, ал 2000 жылы жер бетінде тұрушылардың саны 6 млрд. шамада болады. М. Пантелеевтің болжамы бойынша халықты өсіп, көбеюі одан әрі жалғасады. ХХ ғасырдың орта кезінде 10 млрд. деңгейіне жетіп тұрақтана бастайды.
Жер бетінде халықтың тез өсіп жетілуі көптеген қиыншылықтарды туғызады. Мәселен, планетадағы бүкіл халықты тамақтандыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету, оларды жақсы желерге орналастыру, әл-ауқатын үздіксіз жақсарту - бұл әрине, оңай жұмыс емес. міне, бұл жағдай халықтың күні бұрын қамын ойлауды, көптеген іс-әрекеттерін алдын-ала тиімді ұйымдастыруды және жүзеге асыруда талап етеді.
Қазіргі кезеңде орман-тоғайлардағы жасыл жапырақты қарағай, қайың, үйеңкі, тал сияқты ағаштарды, өсімдіктерді, көлдер мен теңіздерді қорғаудың және оларды дұрыс пайдаланудың адамзат үшін маңызы өте зор. Өйткені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі адам өмірінің негізі.
Сонғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. гектар жерде өсірілетін мақта және күріш дақылдарын Арал теңізін пайдаланып, суландыру апаттық жағдайға соқтырды: Осының нәтижесінде суат бетінегі су азайып тартылды, айналадығы жер құрғады. Сырдария өзенінің топырағы сортаңданды, мал
Арқасында пайда болған . сондықтан странция жер бетіне тарап, ондағы барлық тірі жәндіктердің денесіне енген.
Бәрімізге беогілі 26 сәуір 1986 жылы украинада Чернобыль АЭС-ның ядролық реакторы жарылуынан бүкіл тұрғын халықтар үлкен экологиялық апратқа ұшырады. украина және Белорусия тұрғындары туған мекенін тастап, сол сол мемлекеттің басқа аудандарына орналасты. Чернобыль 30 жыл бойында жабық зона болып қалды.
Әрине, бұлардың бәрі тірі жәндіктер үшін өте қауіпті. Сірә, адамдық энергетикадан бас тауртуға болар ма екен. Оны қатты бақылауға алып, энергияның басқа табиғи түрлерімен мұнай, газ, көмір, күн көзініің энергиясы, жер энергиясы үйлестіріп пайдалану қажет.
Тағы да еске түсіретін нәрсе, ол теңіздер мен мұхиттар түбінде көп жылдардан бері жатқан ядролық реакторлар, снарядтар, миналар, оқтар бір кезеңдерде су астындағы жер сілкінуінің әсерінен қопарылып, сі ішіндегі, жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің радиоактивті көзі болуы мүмкін.
Біз бәріміз де табиғатты қорғауға, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақтың алдында, тарих алдында жауаптымыз. Міне, осы тұрғыдан барлық жастарға экологиялық білім және тәрбие беру мақсаты, мазмұны анық және нақты көрсетілуі керек. Орта және жоғары сыныптарда оқуышлар кең көлемде экологиялық біліммен қорландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті сәер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негіз делетінін оқушылардың түсінуі керек. Өйткені өндірістік іс-әректтің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш күштерін ұнамды орналсатыруға аймақ табиғаттың ерекшелігін, оның өндірістік жүктемен орнықтылығын есеке алу талап етіледі.
Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауға орман-тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмысына қатысады.
Оқушылар ауыл шаруашылық өндірісінің әр алуын жұмыстарына қатысады. Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселелер мен таныс болуы қажет: жерді пайдалну негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отыру.
Сонымен, оқушылардың экологиялық білімінің белгілі жүйесін игеру, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс тану көзқарасын қалыптастыру.
Экологиялық білім проблемасын әдіснамалық жағынан жүйелік талдау тәсілі және іс-әрекет теориясы арқылы түсінуге болады. Адам - қоғам табиғат арасында алуан түрлі байланыс және тәуелділік бар. Қоғамның түріне, өндіруші күштері мен өндірістік қатынастарының тұрпатына қарай адам мен табиғаттың өазара қатынасы үздіксіз өзгеріске ұшырады. Бастапқыда үйлесімді болған бұл қатынас қазіргі ғылыми техникалық төңкеріс дәуірінде күрт өзгерді. Бір жағынан қоғамның байлығы артып адам игілігіне жаратылса, екінші жағынан табиғатта келеңсіз көріністер етек алды. қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынаста қайшылық туды. адамның өндіруші іс-әрекетінің салдарынан ауа мен су бассейндері ластануда. Жер қыртысы топырағының және ланшафтының құрамы өзгеруде. Кейбір аймақтарда су ресурстары, орман алқаптары сиреп, жер қойнауындағы қазба байлақтар қоры кеміп келеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің саны азаюда. Бұған «табиғат байлығы таусылмайды» деген пайдакүнемдік көзқарас және табиғатты іске жаратудың ғылыми негізінің жасалмауы себепші болды. Табиғатқа жағымсыз әсер жалғаспауы үшін қоғам мен табиғаттың ара қатынасының түрлерін, ерекшеліктерін, ұстанымдарын және заңдылықтарын зерттеп, жалпы теориясын жасайтын ғылымға қажеттілік туды. бұл ғылым әлеуметтік экология деп аталады.
Табиғатты қорғауға байланысты қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар алуын түрлі. Оларға жататындар: табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылай және жәй-күліп бағалай білу; экология туралы ғылыми білімді жеткі меңгерген іскерлікті игеру; және т. б. Осы талданған салалардағы білім, іскерлік және табиғи заң оқушының табиғатқа жанашыр сезімін, экологиялық санасын, ойлауын, мінез-құлқын, мәдениетін және іс-әрекетінің қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі мектеп жағдайындағы сабақтан тыс жұмыстар барысында оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздеу.
Оқушыларға экологиялық білім беру деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы көзқараспен қарап, оның байлақтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттілін түсінетін, қоршаған табиғи ортаны қорғауға белсене араласатын көзқарасты қалыптастыруда айтамыз.
Оқушыларға экологиялық білім беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте маңызды болғандықтан алдыңғы қатарлы философтардың, психологтардың, педагогтардың назарын аударып отыр. Оқушыларға экологиялық білім беру мәселесін шешуге педагогика кемеңгерлерінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін танып білудің орны ерекше. Ж. Ж. Руссо, Г. Лестолоцский және т. б. классикалық педагогикадан баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Олар баланың бойына ізгілікті дарытушы «табиғат сезіміне» тәрбеиелу туралы айта отырып, оның адамзат дамуындағы табиғаттың маңыздылығын көрсетеді. [5]
ХІХ-ғасырдың халық ағартушылары В. ГГ. Белинский, А. Н. Герцен, Н. А. Добралюбов, Д. И. Писарев мектепте табиғатты немқұрайлы оқытуға болмайтынын, оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек екендігін ашына жазды. Халық ағартушылары экологиялық білім беру жөнінде сапалы білім беру жеке адамның мінез-құлқын қалыптастыратын сананың дұрыс жетілуіне әсер ететіндігіне айрықша мән берді. Ұлы педагогтардың бірі К. Д. Ушинский адам мен таиғат арасындағы қатынастарды педагогикалық аспектілерде қарастырып, «табиғат дауысын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да ағына дейін тыңдауларын тиіс. Табиғатпен елсу, оған қарсы тұру жақсы емес, адам тиабиғат заңдылықтарын жақсы кеңгеруі қажет» дейді. [7]
В. А. Сухомлинский балалардың бойына табиғатқа деген сү. йіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершіік тәрбиесінің негізгі деп санады.
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтарды тәрбиелеуде адамгершілік қасиеттердің қалыптасатынындығы туралы қазақтың ғұлама ақынары, халық ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ш. Уәлиханов еңбектерінде жазды.
Осы келтірілген халқымыздың ырымдары мен тиым сөздері қазіргі мектептеріміздегі оқыту мен тәрбиелеу ісінің, соның ішінде оқушыларға экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеуді жетілдіре түсуге өз үлесін қосады.
Академик И. Д. Зверев оқушыларға экологиялық белем берудің басты міндеттері мен мақсаттарын ашып берді. Ол экологиялық білім берудің мақсаты ғылыми білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерді адамгершілік мораль нормаларына сәйкес қоршаған ортаның хал-жағдайына адамзаттың, белсенділік қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады деп отырып, оның педагогика теориясы мен практикасындағы жаңа сала екендігіне бола назар аудары.
«Экологиялық білім мен тәрбие» жаңа ұғым екендігін атап көрсете отырып, Б. Г. Иоганзен: «Экологиялық білім мен тәрбие адам мен қоғамның тәуелділігін, соңғасын сақтау және жақсарту қажеттілігін түсінетін, қоршаған дүниедегі әсемдікті бағалай білетін және табиғаттың жай-күйі үшін азаматтық жауапкершілік сеізімін игерген, жан-жақт жетілген жеке адамдарды қалыптастыруды қарастырады» дейді.
Экологиялық білім мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері А. Н. Захлебныйдың еңбектерінде де негізінен осы мазмұндас тұжырымдалады.
Ғалымдардың көпшілігі экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің нәтижесін жеке адамның іс-әркетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай-күйіне деген моральдық жауапкершіліктің белігілі деңгейінің қалыптасуы, экологиялық сенімі мен мәдениетінің болуы, табиғатқа қатынасындағы мұраты мен этикасының қалануы деп санайды.
А. Н. Захлебный жалпы білім беретін мектепті екі әлеуметтік мақсатқа бағытттауды ұсынады:
- Оқушының жеке мінез-құлқында және түрлі іс-әрекетінде табиғи ортаға жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қахеттігіне тәрбиелеу.
- Қоршаған табиғи ортаны жақсарту мен қорғауды, оны оқушының ұқыптылықпен пайдалну дағдыларын тәрбиелеуді ұсынады.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің негізгі жоларын атап көрсеткен Қазақ табиғат зерттеушілерінің бірі академик Н. С. Сарыбеков. [19]
Н. С. Сарыбеков табиғат қорғауға тәрбиелеу жайлы көптеген еңбектері үлкен жетістіктермен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында пайдалануда. Қазіргі кезде экологогиялық проблемалардың зардаптық көлемі үлкеюіне байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жаңаша көқарастарын қалыптастыру қажет. Оқушылардың экологиялық білімді игеру мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілуі керек:
біріншіден, сабақ оқыту үрдісінде экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстылығын ғылыми негізде жүргізу керек. Екіншіден, сабақтан жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөнінде нақты білім мен практкиалық тәжірибені, дағдыны әр оқушы санасына жеткізу қажет.
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялқ білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше екендігін біздің жүргізген ғылыми зерттеуіміз дәлелдеп отыр. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды өткізудің сан алуын түрлері мен жолдары бар. Мұндай мектептен тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білгенде оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбеиелу өз нәтижесін беріп, оқушылардың өзін қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға көмегін тигізеді. [23]
Жалпы білім беру мен тәрбиелеу мектепте жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге болады.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептің алдынд тұрған негізгі мақсат - оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Баланың бойында осындай сзгі қасиеттерді қалыптастыру, олардың іске асырылуы мектептерде жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға да байланысты.
1. 2. Экологиялық білім берудің әдіснамалық жолдары
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады-зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді. Педагогакалық энциклопедия "Оқыту әдістері" - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, - деп жазылған. Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. [13]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz