Окушыларды сабаққа даярлау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.Дүниетану сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білімді
қалыптастыру.
1.1Экологиялық білім теориясының
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-10
1.2Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде экологиялық білімді
қалыптастырудың
зеріттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 11-12
1.3Бастауыш мектепте экологиялық білімді қалыптастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-16
2 Бастауыш сынып оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие
беру жолдары
2.2 Дуниетану пәні бойынша бағдарламаға, оқулыққа
талдау ... ... ... ... ..17-25
2.3 Эксперимент жұмысы және оның нәтижесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... . .26-31
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе
Әлемдік өркениетке ұмтылған жас мемлекетіміздің білім жүйесі жаңаша
заманның қажеттіліктері мен сұраныстарына, талабына сай болуы тиіс. Өмірге
еніп жатқан нарық қатынастары жағдайында, түрлі мемлекеттік, жеке ортақ
меншік түрлері тұсында өз ерекшеліктерімізге сәйкес дами отырып, дүние
жүзілік білім кеңістігіне ұмтылудамыз. Мұндай жағдайда бұрынғы сүрлеумен
жүру мүмкін емес. Демек, жаңаша жол іздеу арқылы ел егемендігіне сәйкес
білім саясатын қалыптастыруға мүдделіміз. Мұндағы негізгі мақсат оқу
үрдісін ізгілендіру, өзгерту болып отыр. Соған сәйкес жалпы білім беретін
мектеп туралы, ондағы оқу мазмұнын жаңарту туралы тұжырымдамалар дүниеге
келді.
Бұл мәселені қазақ мектебіндегі білім мазмұны қазіргі талаптарға сай
келетіндей, бірақ оқу жоспарын ауырлатпайтындай, ұлттық және аймақтық
ерекшеліктерді ескере отырып, оқушыға күш түсірмейтіндей етіп шешу қажет.
Сондықтан осы уақытқа дейін оқытылып келген Айналамен таныстыру
және Табиғаттану пәндері жаңа пән Дүниетанумен ауыстырылды. Бұл пән үш
үлкен блокты біріктіреді. Олар: Адам, Қоғам, Табиғат блоктары. Осы үш
блоктың ішінде Табиғат блогына тоқталайық.
1-сыныпта бұл блок бойынша табиғат өзгерістері туралы жалпы түсінік
беріледі. Осы кезде оқушыларға бірінші рет экологиялық білім беріледі.
Дүниетану пәнінің бірден-бір міндеті: оқушылардың экологиялық мәдениеті мен
экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу.
Қоғамның алдына қойып отырған өскелең экологиялық мәселелерді шешумен
қатар, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында оқытудың жаңа
технологияларын пайдалану арқылы жас жеткіншектердің экологиялық білім беру
мен тәрбиелеу сапасын жақсарту, білім деңгейін көтеру.
Білім беруде оқу үрдісін интенсивтендіру, оны ұйымдастыру неғұрлым
тиімді жолдарды табуды талап етеді. Осыған орай оқытудың бірнеше түрі
дүниеге келуде, соның кейбіріне тоқталып өтейік.
1 Дамыта оқыту. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік
әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған
дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз
екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген
ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді [1:5].
2 Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету. [1:6].
Мектепке дейін кез-келген баланың оқуға, білуге деген талабы өте
жоғары болады. Бұл таңқаларлық нәрсе, сол бала мектепке келген соң бұл
әдетті қояды, өйткені мұнда мұғалім өзі баяндап, кейде тіпті өз сұрағына
өзі жауап та береді. Бұл кезде балаға ойлануға рұқсат жоқ, ол тек дайын
нәрсені жаттауға, есте сақтауға ғана машықтанады. Қазіргі кезде мектепке
оқу материалын меңгеру үшін негізінен екі әдіс-еске сақтау және жаттығу
ғана қолданылып жүр. Ендеше, қазіргі оқушы- мұғалімге интеллектуалды түрде
тәуелді, тек соның қамқорлығымен ғана жұмыс істей алатын, өз бетінше шешім
қабылдауы төмжан иесі.
Ұлы ойшыл педагог Дистервегтің айтуынша Нашар мұғалім ақиқаты
анықтап жеткізе алады, ал жақсы мұғалім оны қалай табуды үйретеді. Осы
айтылғандай, оқытуды ізгілендіру мұғалімнен өз бетімен жұмыс жасай алатын
оқушыларды дайындауды талап етеді.
Қазіргі қолданылып жүрген оқыту әдістерінің тағы бір кемшілігі – ол
сабақта берілген материалды оқушылардың меңгеру, игеру сапасын бақылау
мүмкіндігінің жоқтығы.
Білім мазмұнын түбегейлі жаңартуда оны интеграциялау, жалпы алғанда,
халыққа білім беру ісін түбегейлі қайта құру керек екендігін дәлелдедік,
бұған қоса қайта құруда оқытудың жаңа технологияларын іске асыру керек.
Осы орайда жұмысымызға төмендегідей мақсат қойдық.
Зерттеу мақсаты:
Дүниетану пәнінде оқытудың бастауыш сынып оқушыларының экологиялық
білімдерін дамыту.
Зерттеу нысанасы:
Дүниетану сабақтарындағы экологиялық білімді дамытуда оқытудың
үрдісі.
Зерттеу пәні:
Экологиялық білім беру үлгісінде оқушылардың және мұғалімнің іс-
әрекеті.
Зерттеудің міндеттері:
теориялық, педагогикалық зерттеулерге сүйене отырып, мән-мағынасын
анықтау, ерекшеліктерін, негізгі қағидаларын ашып көрсету;
Зерттеу әдістері:
- педагогика, психология, дүниетану әдістемесі бойынша оқулықтарды,
монографияларды оқып, зерттеп, талдау;
- Бастауыш мектеп, Қазақстан мектебі журналдары, Қазақстан
мұғалімі газеті арқылы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу;
- тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысу, пікір алысу;
- эксперимент жұмысын өткізу, нәтижесін қорытындылау.
Зерттеу болжамы:
Егер мұғалім дүниетану пәнінде оқытуды пайдаланса, онда оқушылардың
ойлау қабілеттері, сөздік қорлары, таным-қызығушылығы және топпен жұмыс
істей отырып достарының алдында жауапкершілік сезімдері артып, көпшілік
арасында сөйлеуге, өз ойын ортаға салуға, айтылған пікірлерді тыңдай
білуге, біреудің сөзін бөлмеуге үйренер еді.

1 Дүниетану сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын экологиялық білімді
қалыптастыру

1.1 Экологиялық білім теориясының негіздері
Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған келелі де күрделі
міндеттердің бірі өзіміз өмір сүріп, күнделікті тіршілік қажетімізге
пайдаланып отырған табиғатты қорғау және оның сан-алуан байлықтарын барынша
ұқыпты пайдалану болып отыр.
Жер бетіндегі бейбітшілікті сақтаудың өзі тікелей табиғат қорғау және
оны көркейту мәселесімен тығыз байланысты, сол себептен де мемлекеттер
арасындағы жүргізіліп жатқан келіссөздерге бұл проблема өткір қойылып, күн
тәртібінен түсіп көрген жоқ.
Біздің елімізде табиғат қорғау ісіне мемлекет тұрғысынан өте үлкен мән
беріледі. 1988 жылы 17 қаңтарда қабылданған Елде табиғат қорғау ісін
түбегейлі қайта құру туралы қаулы соның айқын дәлелі болып табылады.
Онда Жер бетіндегі экологиялық қауіпсіздік жолындағы күрес адамдардың
ең жауапты, ізгі міндеттерінің бірі деп қарастырылуға тиіс - деп айрықша
атап көрсетілген. Сонымен экология дегеніміз – гректің үй, ғылым деген
екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай-күйін бақылап, біліп,
ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз [2:7-9]. Экология негіздері
атты әдебиетте экология сөзіне мынадай анықтама берілген: экология -
тірі организмдердің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысын
зерттейтін ғылым [2:9].
Экология ұғымы үлкен теориялық және практикалық маңыз алған ғылым
саласы. Былайша айтқанда, экология дегеніміз – табиғатты пайдаланудың
ғылыми теориялық негізі. Демек, ол оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін
жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады.
Табиғат – сұлулықтың өмірбақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан ол
тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың бойына
игілік пен ізгілікті дарытушы табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы
ғұлама ғалым К.Д.Ушинскийдің Табиғат дауыс-дыбысын, үнін ата-аналар да,
қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл қойып тыңдауы тиіс.
Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның
заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды дегеніне
құлақ асатын мерзім әлдеқашан жетті.
Соңғы жылдары өнеркәсіптің өркендеу, ауыл шаруашылығының қарқынды
дамуы, халық санының арта түсуі, адамның өзінің практикалық қызметінде
ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін молынан пайдалануы табиғатқа, оның
жеке байлықтарына кей жағдайда зиянды әсерін де тигізіп отырғаны заңды
түрде әлем халықтарын қатты алаңдатуда.
Табиғат және адам деген ұғым бүгін де бір-бірінен ажырамастай мағынаға
ие болған. Оның маңызы адамның бар қажетін табиғаттан алуынан ғана емес,
сондай-ақ адам да табиғаттың бір буыны болып есептелетіндігінен арта
түседі.
Біздің ғасыр – ғылыми-техникалық прогрестің барынша дамып, өркендеген
ғасыры. Мұнда қоғамның қоршаған ортаға ықпалы орасан зор. Қазіргі
цивилизация табиғаттың байлығы шексіз, оны бағындыру керек деген ұғымнан,
оның да шегі бар, бұл байлықты ұқыптылықпен, келешекке ой жүгірте отырып,
тиімділікпен пайдалану керек деген принципке қарай бет бұрған. Мұндай ізгі
қорытынды жасау кездейсоқ емес, ол қоғамның табиғатқа тигізген кейбір
ықпалының орны толмас зардаптарының нәтижесінде өмірге келді. Қоғам және
адам өткеннің сабақтарынан қорытынды жасап, келешекке ой тастады, келешек
ұрпақтың да тіршілік бесігі – табиғат байлығын пайдаланып, игілігін көруіне
қамқорлық көрсетуде [2: 11-14].
Бүгінгі күннің нағыз актуалды тақырыптарының бірі – табиғатты қорғау
мәселесі, ол баршаның төл ісіне айналды. Бұл мәселенің құндылығын өмірдің
өзі алға қойып отыр. Қоғамның қазіргі кезде техникамен жарақтану дәрежесі
оның қоршаған ортаға әсерін ғаламат өзгертіп жіберді. Қуатты техниканың
табиғи процестерді, жер қыртысын, атмосфера мен гидросфераны, сондай-ақ
биосфераны танымастай өзгертуге мүмкіндігі бар. Сондықтан да табиғатты
қорғау мәселесіне тиісінше мән бермеу, оған нұқсан келтірудің кез-келген
көрінісіне немқұрайлы қараушылық өкінішті зардаптарға ұшыратуы мүмкін.
Туған өлке табиғатын қорғауға жеткілікті көңіл бөлмеудің нәтижесінде
планетамыздың кейбір жерлерінде азық-түлік, тұщы су тапшылығы болып,
ауаның, судың ластануы орын алуда, топырақ эрозияға ұшырап, құнарлылығын
кемітуде.
Планетамыздағы байлық атаулының ең маңыздысы да, құдіреттісі де – жер.
Оның бетіндегі бүкіл тіршілік жерден қуат, нәр алады. Ендеше, жер –
тіршіліктің бастауы.
Жер, ғылым тілімен дәлірек айтсақ, топырақ дегеніміз – бойында
құнарлылық қасиеті бар, жер қыртысының ең үстінгі қабаты болып саналады. Ол
планетамыздағы барлық материалдық игіліктің қайнар көзі. Біздің алуан түрлі
азық-түліктеріміз бен киімдеріміз, жануарлар әлемінің бар азығы осы ортаның
беретін өнімдері емес пе. Табиғаттың осынау бір аса маңызды туындысында
орасан көп мөлшердегі өсімдіктер әлемі құлпырса, оның қойнауында сан
миллиондаған микроорганизмдер тіршілік етеді.
Адам баласы қазіргі кезде көптеген заттарды қолдан жасай алады. Тіпті
өсімдіктерді де топырақсыз ортада, қолдан өсіре алады. Ал топырақтың өзін
жасау мүмкін болмайтын процесс. Сондықтан да топырақ табиғаттың еш нәрсемен
алмастыруға келмейтін ресурсы ретінде белгілі. Ол топырақтану ғылымының
негізін қалаған, орыстың атақты ғалымы В.В.Докучаевтың жазғанындай, тас
көмірден де қымбат, мұнайдан да қымбат, алтыннан да қымбат туынды болып
табылады. Ендеше, адамның сіңірген еңбегін еселеп қайтаратын жердің берерін
тиімді пайдалануды, оның құнарлылығын арттырып отыруды естен шығармағанымыз
жөн.
Ғылым мен техниканың барынша дамыған қазіргі кезеңінде адамның
табиғатқа, оның топырақ жамылғысына әсері ғаламат өсіп отыр. Кен өндіру,
ауыл шаруашылық және құрылыс жұмыстарының нәтижесінде едәуір
территориялардың құнарлы топырағы бүлінуде. Мұндай жерлердің беткі құнарлы
қабатын ұқыпты пайдаланбау салдарынан ол жерлер жансыз алқап болуда. Бұл
секілді адамның шаруашылық қажетіне пайдалану үшін оларды емдеп, қалпына
келтіру қажет. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмысын ғылымда
рекультивация деп атайды. Рекультивация нәтижесінде келбеті жасарып келе
жатқан алқаптарды біздің республикамыздың кенді аймақтарынан кездестіруге
болады. Бұл да адамның жерді күтіп ұстауға бағытталған қамқорлығының
болашағы бар бір көрінісі деп айтуға болады.
Жер – баға жеткісіз халық байлығы. Оны барынша күтіп, құнарлылығын
үнемі арттырып отыру – біздің маңызды міндеттеріміздің бірі.
Бар байлықтың анасы, бойында керемет ғажап күш бар жер – ана қашан да
азбай, әр уақытта жасара түсуі тиіс. Оның бойындағы бар құдіретін халық
игілігіне пайдалану үшін барынша және жан-жақты қамқорлық жасап отыру –
игілікті де абыройлы міндет [3: 19-23].
Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл да бағалы
зат – судың қатысуымен орындалады. Судың барлық тірі организмнің құрамдас
бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі процестерге қатысады. Тіпті
тіршіліктің өзі алғаш рет суда пайда болып, суда дамығандығы белгілі.
Су дегеніміз – тіршілік, тіршілік дегеніміз – су десек артық айтпаған
болар едік, өйткені алғашқы тіршіліктің өзі суда пайда болған ғой. Демек,
су – тіршілік бесігі.
Тіршілік нәрі – су біздің республика үшін ерекше актуалды маңызға ие.
Өйткені Қазақстан суға кедей республикалардың бірі болып саналады. Мәселен,
республиканың су кадастрінде 2174 өзеннің сипаттамасы болса, оның
төртеуінің ғана ұзындығы мың километрден асады. Олар: Ертіс, Сырдария,
Есіл, Жайық өзендері. Республикада өзен торының жеткіліксіз таралуымен
қоса, олар территория бойынша әркелкі орналасқан. Қазақстандағы 40 мыңға
жуық көлдердің 90 проценті өте ұсақ көлдер, тіпті кейбіреулері күзге қарай
тартылып қалатындығын түсіну қиын емес. Оның үстіне барлық көлдердің үштен
бірі Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Республиканың аса ірі көлдері –
Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөлдің шаруашылық
маңыздылығы ерекше екендігін атап көрсету қажет.
Өлкемізде көптеген жылдар бойы ағып жатқан мөлдір сулы өзендер мен
көлдер, бұлақтар тағдыры неліктен бүгінде бізді ойлануға мәжбүр етеді?
Себебі біз бүгінде ешқашан болып көрмеген өнеркәсіп орындарына, ауыл
шаруашылығына, ғылым мен техникаға ие болып отырмыз. Бұл салалардың қайсысы
болмасын, қаншалық дәрежеде тиімді қызмет атқарса да қоршаған ортаға
пайдаланылған заттарды бөліп шығаратындығы ақиқат. Онысыз прогресс жоқ,
онысыз қоғам ілгері дамымайды. Әңгіме осы қалдықтардың зиянын мүмкіндігінше
аз, мүмкіндігінше оларды қайта өңдеп, қоршаған ортаға зиянсыз етуде болып
отыр. Мәселен, халық шаруашылығының көптеген кәсіпорындары өндіріс
процестерін жүзеге асыру барысында өзен, көлдерге көптеген мөлшердегі
пайдаланылған суды ағызады. Осы кезге дейін өзен, көл сулары өндіріс
қалдықтарынан өздігінен тазару қабілетін сақтап келді, өйткені судың бойына
табиғат аса бір зор күш – судың өздігінен тазару күшін дарытқан. Бұл
процесте суға жәрдемдесушілер - ондағы микроорганизмдер, өсімдіктер мен
алуан түрлі жәндіктер ерекше зор қызмет атқарады. Алайда қандай нәрсенің
болса да белгілі бір шегі бар. Қазіргі өндірістің пайдаланылған суларындағы
зиянды заттар мен олардың зиянды әсері өзен, көл суларының бұл қабілетінен
асып түскенде, судың өздігінен тазару процесі тежеледі.
Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен транспорттың барынша өркендеуі,
қазіргі адам тұрмысына судың қай кездегіден болса да көп пайдаланылуы жер
бетіндегі бар байлықтың аса маңызды түрі – суды тиімді пайдалану, су
көздерін таза ұстау, олардың ластануына жол бермеу – бүгінгі күннің негізгі
проблемаларының бірі болып келеді.
Адамға табиғат берген байлықтың бірі – атмосферадағы ауа. Өзге табиғи
байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда
ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада
тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында
ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен
қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен
Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын
лабораториялар көптеп құрыла бастады.
Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында 35,1 миллион теңгеге,
Шымкенттің қорғасын зауытында 28 миллион теңгеге ауаны таза ұстау
мақсатында ірі құрылыстар жүргізілді. Қазірдің өзінде осы зауыттарда жоғары
температураға шыдамды фильтр-сүзгіш Нитрон іске қосылып ауаның құрамын
тазалауда үлкен үлес қосуда. Шығыс машина жасау зауытында мазут пешін
электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шығаратын лас зиянды газдардың көлемін
1,5-2 есе азайтуға мүмкіншілік туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту зауытында
өндірістен шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.
Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу
арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Қазіргі жағдайда ауада улы
заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын
газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. Қазір
Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін
газдардың мөлшері азайды.
Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды
шаңдар – 54,2%, қорғасын – 68,6%, күкірт ангидриді – 17,2% азайды. Титан-
магний комбинатында ауаға шығатын хлордың мөлшері 1,8 есе қысқартылды.
Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлық мекемелер
лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі
күйге келтіріп, практикаға беруде.
Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға
шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді, көмірқышқыл газы, азоттың
қосоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр.
Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен
цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Қазір республикада сағатына 19 миллион
текше метр шаңды сорып алатын жаңа қондырғылар іске қосылды [3: 26-29].
Экологиялық шамадан тыс ластануы әсіресе біздің Отанымыз Қазақстанда
басты орын алады. Кең байтақ еліміздің шығыс аумағында орналасқан Шығыс
Қазақстан облысының өскелең ұрпақтың дұрыс жетілуіне кері ықпалын молынан
тигізуде. Өлім-жітім, көбейген әр түрлі сырқат түрлері молайған.
Қазақстандағы ең лас қалалардың бірі - Өскемен қаласы, дүние жүзі
бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Осы жерде алып кәсіпорындар металл
өндіретін кәсіпорын, кен игеру өндірістері, бұлардың технологиялары
ескіріп, қайта жаңа технологияның жоқтығынан, атмосфераға, ауаға, суға, жан-
жануарларға және адамдарға жағымсыз ықпалын тигізеді.
Өндірістен бөлініп шыққан зиянды заттар (шаң, улы газдар және тағы
басқалар) 20-30 километр одан да алыс қашықтыққа таралады.
Елді-мекендер мен Өскемен қаласында транспорт құралдарының саны жылдан
жылға артуда. Соның салдарынан, әрине бірінші кезекте ірі-ірі зауыттар мен
фабрикалардың әсерінен ауа ластануда. Зауыттар мен фабрикалар болмаса
біздің экономикамыз көтерілмес еді, бірақ оның зияны да кем емес. Сондықтан
да олардан зиянды улы заттар бөлініп шығуын тоқтату керек. Және де айтпай
кетуге болмайды, су қоймаларының (Ертіс, Үлбі, Бұқтырма тағы басқа өзен
сулар) өндірістердің улы қалдықтарының түсуі, және де химикаттар, тұрмыстық
кір жуғыш заттар және ауыр металдармен ластануы көкейтесті проблема болып
отыр.
Осы мәселелерге байланысты мынадай экологиялық мәселелерді шешу
жолдарын атап өтейік.
1) экологиялық-құқықтық дүниетанымға жаңа көзқарас қалыптастыру;
2) табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғауға байланысты
қаржыландыруды, қанша қаражатын қажетімен жұмсауды жоғары дәрежеге қою;
3) халықты табиғатты қорғау жұмыстарына шығару;
4) экологиялық тәрбие мамандарды дайындау;
5) халықты медициналық-санитарлық қамтамасыздандыруды
жетілдіру, жаңғыртуды талап етеді;
6) автокөліктердің барлық әсерін техникалық бақылаудан өткізіп,
тексеру керек;
7) пайдаланған суларды Ертіске немесе басқа өзендерге жібермес
бұрын, тазартудан өткізу қажет;
8) кәсіпорындар мен өндірістердің технологиясын қайта жаңғыртып
немесе ауаға шығатын улы заттарды сүзгіден өткізетін құрылғы орнату керек;
9) тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салу қажет;
10) егістікке пайдаланатын минералды тыңайтқыштарды және улы
химикаттарды қолданғанда ережелерді бұзбау қажет.
Ең бастысы осы мәселелердің бәрінен бұрын, адамдар өз әрекеттерін
дұрыс ұстаса, орман мен егістіктерде артық қоқыстарды тастамай, шылым
қалдығын өшірусіз қалдырмай жүру керек. Орман өрттеріне жылына миллиондаған
гектар жер өртеніп кетеді. Осы орман тоғайлардың арқасында ауамыз
ластанбайды.
Осы экологиялық қауіп-қатердің алдын алатын да біз, адамдар,
тұрғызатындар да адамдар [3:29-33].
Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Өйткені, қазір теңізіміз
тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының
бәріне кім кінәлі? Әрине, адам. Бәріне адамдардың рақымсыз істерінен,
кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата-бабаларымыздың
ескертпелерін орындамағанының кесірінен десек те болады.
Адам табиғатты зерттеп, терең білген сайын зиянды өзгерістердің әрі
қарай бола беруіне жердегі тіршілік қауіпті екенін жақсы түсінеді.
Табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану Қазақстан Республикасы
Конституциясында жазылған.
Қазақстан Республикасының Табиғатты қорғау туралы Заңының 1-
бабында негізгі терминдер мен анықтамалар берілсе, 2-бабында қоршаған
ортаны қорғау саласындағы заңдары жазылған. Мысалы:
1 Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның сапасын жақсарту, табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, заңдылық пен құқық тәртібін
нығайту мақсатымен қоғам мен табиғаттың өзара іс-қимылы саласындағы
қатынастарды реттеу болып табылады.
2 Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясында негізделеді және осы Заңнан,
Табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану туралы Заңдардан,
сондай-ақ басқа да заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден
тұрады.
Жерді жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандар мен өзге де
өсімдіктерді, жануарлар дүниесін, экологиялық ғылыми және мәдени жағынан
ерекше құнды қоршаған орта обьектілерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
қорғау және пайдалану мәселелері осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан
Республикасының тиісті заң актілерімен және өзге де нормативтік құқықтық
актілермен реттеледі.
3-бапта қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері жазылған.
Қоршаған ортаны қорғау мынадай негізгі принциптерге сүйенеді:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі,
еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін
қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық
міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
- экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру. Табиғатты
пайдаланған үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны
қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу.
2-тарау. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері.
5-бап. Азаматтардың қоршаған ортаның қорғау саласындағы құқықтары мен
міндеттері.
1 Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын
азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен
денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат
алуға Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңдардың бұзылуы салдарынан өз
денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне алуға құқығы бар.

- белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау
және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау
мен сауықтыруға қатысуға;
- қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар
құруға;
- қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен сауықтыруға
қатысуға;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге,
пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
- қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға
хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап
етуге;
- қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап оған
қатысуға;
- кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де
обьектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы,
сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына
теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата тұру
және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды
талап етуге;
- айыпты ұйымдарды лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту
туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелер қоюға,
қоршаған ортаның заңдардың бұзылу салдарынан өзі денсаулығы мен мүлкіне
келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге, заң актілерімен
өзге де нормативтік құқықтық белгіленген тәртіппен іске асыруға құқығы бар.
3 Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты
қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің
экологиялық білім деңгейін арттыруға және жеткіншек ұрпаққа экологиялық
тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті [4: 22-25].
Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін айта отырып, экологиялық
проблемалардың таза түрде кездеспейтінін ескеру керек. Олар әрқашанда
тікелей немесе жанама түрде саясатпен, экономикамен, жаңа технологиялармен,
адам және қоғамның жалпы мәдениетімен және әрбір адамның экологиялық сана
сезімнің жетілген деңгейімен байланысты келеді. Егер де жалпы ұлттың және
әрбір жеке азаматтың жауапты экологиялық сезімі қалыптаспаса, ол жағдайда
экологиялық проблемалар шешіледі деп айту қиын. Табиғат байлығын тиімді
пайдалану, қоршаған орта, жер, су тазалығын сақтау, олардың зиянды
заттармен ластануына жол бермеу көкірегі ашық, көңілі ояу әрбір азаматтың
парызы.

1 1.2 Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде экологиялық білімді
қалыптастырудың зерттелуі

Табиғат – адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын
өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең
дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат, бойына күш, көңіліне
шабыт береді. Адамзат баласына экологиялық білім мен тәрбие берудің
маңыздылығы 9-15 ғасырларда Әл-Фараби, Ж.Баласұғни, Қожа Ахмет Иассауи,
М.Қашқари, С.Бақырғани тағы басқа шығыс ғұламаларының тіл, этика,
психология, метафизика тағы басқа ғылымдары жайлы жазбаларында көрініс
тапқан. Сонымен қатар халқымыздың ұлы ағартушы ғалымдары, ақын, жазушылары
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
Ш.Құдайбердиев еңбектерінде де табиғатқа деген сүйіспеншілік көшпенді елдің
өмірімен, ұлттық әдет-ғұрыптарымен тығыз байланыстырылып берілген. Біздің
табиғатқа деген сүйіспеншілігіміз ұлылардың ұлағатты сөздерінен бастау
алады:
Әл-Фараби: Тиянақты білім аламын десең, табиғаттың ұлы кітабын оқы
деген табиғаттың құдіреттілігін білдіретін сөзі бүгінгі күнге дейін мәнін
сақтап келеді.
М.Жұмабаев: Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар
махаббат мейірі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан Ана деп
табиғат-ана жайлы өзінің терең толғанысын білдіреді.
А.Байтұрсынов: Біздің көріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы
нәрселердің бәріне табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, не адам ісінен
шыққан жасалынды нәрсе... дей келе, өзімізді қоршаған ортадағы тіршілікті
сақтау адам баласының қолында екендігін ескертеді.
Ш.Уәлиханов: О, Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,
одан құпия не бар? деген сөздері табиғат сұлулығына, кереметтігіне және
оның түсінікті-түсініксіз жұмбақ құбылыстарына таңданысын байқатады.
А.Құнанбаев: Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың
парыз деп өскелең ұрпаққа өзін қоршаған айналасындағы әрбір жақсы,
игілікті әрекетке жауапкершілікпен қарап, оның қарымын қайтаруды ұмытпауды,
онымен үнемі санасудың қажеттілігін міндеттейді.
Адамзат – тіршіліктің бір бөлігі. Ол тірі табиғаттың дамуы
нәтижесінде пайда болған. Оның қазіргі жетістіктері мен ұзақ тағдыры біздің
планетамыздағы өмірдің жалпы жүйесіне тәуелді.
Көп мөлшерде энергия пайдаланушы және техникамен қаруланған қазіргі
адамзат – Жердегі табиғатқа әсер етуші өте қуатты күш болып саналады. Егер
бұл іс-әрекеттер табиғат заңдарымен санаспаса, онда мыңдаған жылғы
байланыстар бұзылып, апаттық жағдайлар пайда болады.
Қазіргі кезде экология ғылым ретінде, осы пайда болып отырған
қиындықтан шығатын жол іздеуге көмектеседі. Осы байланыстардың
заңдылықтарын ашу негізінде адамдар өздерін қоршаған ортамен қарым-
қатынастарын қалай ұйымдастыру және оны қалай өзгерту керектігін, өздерінің
техникалық құралдарын қалай пайдалану және қандай принциптер бойынша әрі
қарай дамыту керектігін тереңірек түсінеді. Бұл мүмкіншіліктер көбіне
қоғамның қоғамдық құрылысына, яғни адамзат қоғамының байланысына тәуелді.
Экология атауын 1866 жылы неміс зоологы Эрнест Геккель
Организмдердің жалпы морфологиясы еңбегінде қолданды. Экология гректің
ойкос - үй, мекен орны, логос - ғылым, білім деген екі сөзінен
құралған.
Жалпы айтқанда экология – тіршілік орны туралы ғылым. Бір түрлер
үшін үй дегеніміз – бұл ортаның белгілі аймағы. Мысалы, гүлдің күлтесі –
онда тіршілік ететін бунақденелілер үшін мекен орны, ал теңіздер мен
мұхиттар кеңістігі – су организмдері үшін мекен-жай, сондай-ақ қазіргі
адамзат үшін үй - жердің бүкіл планетасы болып табылады.
Экологияны кейбір авторлар организм мен қоршаған ортаның байланысын
зерттейтін биологияның бір бөлігі деп санаса, екіншілері – тірі
организмдерінің тіршілік ортасын бақылайтын, комплексті ғылым деп,
үшіншілері – экожүйенің әр түрлі дәрежедегі құрылуының жалпы заңдылықтарын
оқытатын пән деп есептейді.
Сондықтан бүгінгі күні экологияға нақтылы дәл анықтама беру өте қиын.
Экология атауына шетелдік және отандық экологтар көптеген анықтамалар
берді. Олардың ішіндегі маңыздыларына тоқталсақ:
1963 жылы американ экологы Ю.Одум табиғаттың құрылысы мен қызметі
туралы ғылымды экология деп атады. Ол Экология (1986) кітабында оған кең
түрде анықтама береді: Табиғатта және қоғамда көп деңгейлі жүйенің
құрылысы мен қызметі туралы білімнің пәнаралық аймағы.
Р. Дажо: Экологияны – қоршаған ортаның биологиясы немесе Экология
тірі организмдердің тіршілік ету шарттары және өздерінің тіршілік ететін
ортамен тірі организмдердің арасындағы байланыстарды зерттейтін ғылым деп
анықтама берген.
Э.Макфедьен: Экология – популяцияны зерттейтін және табиғи
құбылыстарды зерттеуде сандық тұрғыдан сипаттайтын ғылым.
Е.Одум: Экология – табиғи құбылыстарды зерттеуде энергетикалық
тұрғыдан сипаттайтын табиғат құрылымы туралы ғылым.
Т.Льюис және Л.Тейлор: Экология – особь, популяция және популяция
бірлестіктерінің орта өзгерістерін қалай реттейтіні туралы ғылым.
П.Агесс: Экология тек жаратылыс ғылымы ғана емес, ол басқа пәндерді,
мысалы, экономика, құқық, қоғамтану және тағы басқа қамтуы тиіс.
Н.Уэбстердің толық сөздігінде (1961 жыл, 3 бас): Экология пәні –
организмдер мен оларды қоршаған орта арасындағы байланыстар құрылымы немесе
жиынтығы деп анықтама береді.
Кеңестік энциклопедия сөздігінде (1990 жыл): Экология - өсімдіктер
мен жануарлар организмдері және олардан түзілген бірлестіктердің бір-
бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым деп анықтама
берілген. Осы айтылған анықтамаларды қорытындылай келе, үш негізгі
түсінікті:
тірі жүйе (организм, популяция, биоценоз)
қарым-қатынас (байланыс, қарым-қатынас, тәуелділік)
қоршаған орта (тіршілік ортасы, сыртқы орта) жинақтап, басшылыққа
алуға болады.
Қазіргі экологияның қысқаша даму тарихында бірнеше негізгі кезеңдерге
бөлуге болады.
1-кезең – экологияны әр түрлі организмдердің бір-бірімен және қоршаған
ортамен байланыстарын биологиялық зерттеу деп түсінген кезең.
2-кезең – 20 жылдардың ортасына қарай экология термині организмдер
бірлестігін (қоректік байланыс, экологиялық пирамида және тағы басқа)
зерттеуге қолдана бастаған кезең.
3-кезең – 50 жылдардағы ғылымға ғылыми зерттеулердің негізгі бірлігі
ретінде қарастырылатын биоценоз және экожүйе түсініктері енгізілген
кезең.
4-кезең – 70 жылдардағы әр түрлі экожүйелер түйісінде болатын облыстар
аймақ болып саналатын, ал маңызды экожүйе – биосфераның жете зерттелген
кезеңі.
5-кезең – биосфераның құрылуындағы адамның ерекше ролі және оның
жауапкершілігі көрінетін соңғы кезең.
Ғылымның даму тарихы өте күрделі. Бұл күрделілік адамзат дамуының
алғашқы қадамынан бастап, табиғатпен тығыз байланысынан көрінеді. Адам
қоғамы әрқашан өсімдіктер мен жануарлар әлемінен және олардың қорларымен
тығыз тәуелділікте және аңдар, құстар мен балықтардың тіршілігі мен таралу
ерекшеліктерімен күнделікті есептесуге мәжбүр болды.
Қазіргі ғалымдардың дүниетанымына ежелгі грек ғалымдарының ықпалы зор.
Мысалы, Аристотель (біздің эрамызға дейінгі 384-322 жыл) жануарлар тарихы
еңбегінде су және құрлық жануарларын, жүзетін, ұшатын, жорғалаушыларды
айырып жазды. Бұл ерекшеліктер тірі организмдерді қоршаған ортаның
жағдайларына бейімделу нәтижесінде туатынын сипаттайды.
Сол сияқты, организмдердің құрылысы мен тіршілігі туралы сұрақтар анти
философтары мен ойшылдары Теофраст (біздің эрамызға дейінгі 371-280 жыл)
пен Үлкен Плиний еңбектерінде қарастырылған. Ғалымдар өсімдіктердің сыртқы
және ішкі құрылыстарын суреттеп қана қоймай, олардың өсу жағдайларына
тәуелділігі туралы жазды. Жануарларды зерттеу олардың мінез-құлқы, іс-
әрекеттері, тіршілік орны сияқты хабарлармен толықтырылды.
Белгілі ағылшын химигі Роберт Бойль (1627-1691) ең бірінші экологиялық
эксперимент жасады. Ол әр түрлі жануарларға төменгі атмосфералық қысымның
әсерін бақылап, нәтижесін жариялады [5:10-18].

2 1.3 Бастауыш мектепте экологиялық білімді қалыптастыру ерекшеліктері

Табиғаттағы тіршілік атаулары бір-бірімен тығыз байланыста екені
белгілі, оның бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті екіншісіне әсер етеді.
Біріңғай экологиялық талаптар ескерілмегендіктен, еліміздің табиғатына
үлкен зиян келтіреді. Бұған дәлел: Арал теңізі мен Балқаш көлін қорғау,
бұзылған экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру, сақтап қалу шаралары
белгіленуде. Мектеп реформасында да оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие
беру мәселесі айрықша атап көрсетілген.
Бастауыш сыныптарда өтілген пәндерге табиғат туралы алғашқы түсініктер
дүниетанудан басталады, сол арқылы оқушыларда табиғат туралы бастапқы
ұғымдармен бірге табиғатқа деген қамқорлық сезім де қалыптаса бастайды.
Баланың алғашқы ойындарының өзі белгілі бір дәрежеде табиғатпен
байланысып жатады. Себебі оларды: су, құм, тас, жануарлар, өсімдіктер
қызықтырады.
Мектептің міндеті – бала бойындағы табиғатқа деген ынтаны құптап дамыту.
Бұл міндет-дүниетану пәні арқылы және бірінші сыныпта Ана тілі
оқулығындағы табиғат көріністеріне байланысты өтілетін материалдар арқылы,
экскурсиялар, табиғаттағы өзгерістерді бақылау, табиғат мүйістеріндегі
жұмыстар, еңбек және табиғат календарьларын толтыру арқылы іске асады.
Әр сабақты өмірмен ұштастыра, сабақ барысында табиғат байлықтарын айтып,
оны қорғау жөнінде шағын әңгіме жасап, табиғаттың сұлу көріністерін,
аңдарды иллюстрациялық суреттерден көрсетіп, бұлардың адам баласына,
табиғатқа қандай пайда, зиян келтіретіндерін түсіндіру қажет [].
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім берудің тағы бір жолы
оқушыларды тікелей практикалық жұмыстарға қатыстыру болып саналады.
Мысалы: мектеп алдын көгалдандыру, ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау,
құстарға қамқорлық, ұя жасап ілу, тағы басқа. Табиғатқа серуен жасау
кезінде өсімдіктер мен жан-жануарларды таныстыруға, оларды жұлып-таптауға,
ұрып-соғуға, табиғатқа зиянын келтіретін басқа да іс-әрекеттерге жол
бермеуге баули отырып, балалардың мейірімділік жаны ашушылық, қайырымдылық,
ізгілік сезімдерін қалыптастыруға баса назар аударылуы қажет.
Қазіргі кезде экология негізгі мақсат болғандықтан, балаларды қоршаған
табиғатты аялауда Дүниетану пәніне көп көңіл бөлу керек. Өсімдіктер,
жануарлар азайып бара жатыр. Ауаны тазарту үшін жасыл өсімдіктерді көптеп
өсіру керек. Балалар қоршаған ортаны аяушылықпен қараса, төңірегіндегі
адамға, басқа нәрселерге де аяушылықпен, мейірімділікпен қарайды.
Өсімдіктерді қорғау тақырыбы бойынша оқушылардың экологиялық білім
деңгейін арттыруға болады. Мысалы, сыныпта өсіп тұрған гүлдерді қалай
баптап, күту керек, олардың бізге тигізетін пайдасы қандай, қандай
қасиеттері бар? деген сұрақтар қоя отырып, оқушыларды оларды аялауға баулу.
Бір тал кессең, екі тал ек мақалын девиз ретінде алып, көктемде
топсаяхатқа шығарып, осы уақытқа ағаштарды қалай зиянды бунақденелілерден
қорғау зақымданған жерлерін қалай заласыздандыру керектігін айту.
Оқушыларды Қызыл кітапқа еңген өсімдіктермен таныстыру. Өсімдіктерді
қорғау туралы заңына қысқаша шолу жасау [5:19-24].
Біздің Республикамыздағы экологиялық апатты аймақтармен таныстыру.
Қазіргі уақытта көптеген қалаларда атмосфералық ауа зиянды заттар мен
мөлшерден артық ластанған. Оның неліктен олай екенін сұрау, қалай болдырмау
жолдарын жасауға болады? Мұнда өсімдіктердің алатын ролі қандай? Осындай
сұрақтарды қоя отырып, оқушыларды өсімдікті аялауға, қорғауға баулу керек.
Экологиялық мәселелер-қазігі заманда әрбір адамның, әлеуметтік топтың,
адамзаттың көңілін алаңдатып отырған күрделі жағдай. Бұл мәселелерді ғылым
мен техниканын даму дәрежесіне ғана емес, адамзаттың табиғи ортаны қорғау
жауапкершілігіне де байланысты. Кәсіпкерлер, өндіріс жұмысшылары, мектеп
түлектері тағы басқа әртүрлі сатыдағы экологиялық қарым-қатынас, олардың
адам денсаулығына әсері туралы қарапайым білімдердің өзімен де нашар
қаруланған. Мұның негізі бір себебі-мектеп қабырғасындағы берілетін
экологиялық білім мазмұнының нашар жоспарлануы, тіпті қамтылмауы.
Қоғам мен қоршаған орта арақатынасын әлеуметтік экология зерттеп, оның
ерекшелігі, принциптері, заңдылықтары, мәні туралы мәселелерді қарастырады.
Сонымен, экология бастапқы кезде биологиялық объектілер мен қоршаған
орта арақатынасын зерттеумен қанағаттанса, қазіргі оның бағыты адамның,
қоғамның қоршаған ортамен арақатынасын зерттеу болып табылады.
Мектептегі алатын экологиялық білім осы бағыттардың әрқайсысын, яғни
биологиялық экологияны, аумақтық экологияны, әлеуметтік экологияны қамту
керек. Қазіргі мамандардың ұсынуы бойынша мектепте экологиялық білім
берудің 3 моделі бар.
1 көппәнділік модель, дәстүрлі оқыту пәндерін экологияндыру, яғни
тараулар, тақырыптар енгізу;
2 бірпәнділік модель, арнаулы экология курсын енгізу;
3 аралас модель, экологиялық мәселелер әр пәнде тақырып бойынша
қарастыру және жеке курста толықтай оқыту.
Аталған модельдерді негізге ала отырып, әртүрлі бағдарламалардың жасалуы
және мектептерге енгізілуінің тиімділігі басқа елдердегі интеграцияланған
бағдарламалармен дәлелденеді: Қоршаған ортаның химиясы, Адам және оның
айналасы (Америка Құрама Штаты), Химиялық және физикалық құбылыстар
(Болгария), Жаратылыстану, Химия және экология (Ресей), Адам және
орта, Адам және экожүйе (Эстония) [6: 11-14].
Ғылыми-техникалық прогрестің жоғары өрлеуі табиғи ресурстарды
пайдалануды ұлғайтумен үздіксіз байланысты, ал бұл бізді қоршаған ортаға
терең өзгерістер әкеледі. Біздің Республикамызда да экологиялық жағдай
асқынып отыр. Көптеген қалаларда атмосфералық ауа зиянды заттармен
мөлшерден артық ластанған, мысалы: Алматы, Жамбыл, Өскемен, Зырян,
Лениногор, Теміртау, Шымкент, тағы басқа қалалар жатады. Семей өңірінің
топырағының радиактивті заттармен ластануы адамдардың денсаулығына әсерін
тигізуі одан әрі жалғасуда. Каспий, Арал бассейіндеріндегі экологиялық
жағдай өте ауыр, Орал және Іле, Сырдария және Бадам, Нұра өзендері
өнеркәсіп қалдықтарымен ластануда.
Жоғарыда айтып кеткендей, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі, қоғамдағы мұғалімнің қызметі
Бастауыш сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Болашақ мұғалімнің дидактикалық дайындығы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Сабақты бақылау және сабақ барысын жазу сызбасы
Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Пәндер