Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе.

1 ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ.

1. 1. Отбасындағы халықтық педагогиканың мәні.

1. 2. Отбасындағы тәрбиенің қазіргі кезеңдегі жағдайы.

2 ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ОТБАСЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ.

2. 1. Отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс орнатудың мүмкіндіктері.

2. 2. Ата-аналарды педагогикалық білімін көтеруге баулу әдістемесі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Елімізде болып жатқан елеулі өзгерістерді болашақ ел азаматтарын тәрбиелеуде ұтымды пайдаланып, жас ұрпақтың бойына ұмытылып бара жатқан ұлттық асыл қасиеттерімізді қайта сіңіріп өсірсек деген мақсат - білім беру саласындағы аға буындар мен педагогтардың ата-аналардың алдындағы үлкен міндет болып отыр.

Қазіргі жаңару кезінде біздің қоғамымыздың іргелену процесінде адам факторын және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемалары күрделеніп отыр. Сондықтан қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістерге байланысты заман талабына сай, баланы жастайынан өмірге дұрыс даярлау, мектеп мұғалімдері, отбасындағы ата-аналардың тәрбиесін бағыттағы жұмыстары жемісті болу үшін олардың арасында толық ынтымақтастық қалыптасу керек.

Негізінде бұл екі маңызды элемент бала тәрбиесінің негізгі көзі болып табылады және өз бетінше бөлек толық функция атқара алмайды. Тек қана екеуінің арасындағы толық ынтымақтастық, өмірге жаңашыл, толық тәрбие алған тұлға даярлауы мүмкін.

Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттың мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазыныдан нәр алумен ұштастырылып жүргізуді талап етеді.

Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжірибесі көп жылдар бойы біржақтылықпен жүргізіліп келді, жалпы адамзаттың құнды игіліктерден оқшауласып, ұлттық сана-сезімінің дамуына рухани, мәдени байлықты ұлттың тәрбиесінің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттың дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты.

Сондықтан соңғы жылдары әлемдік, отандық, ұлттың негізінде кеңінен тәрбие беру міндеттеріне сай Республикамызда ондаған жаңа концепциялар, тұжырымдамалар, бағдарламалар және заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңында: «Үйелмен қалыптасып келе жатқан жеке адамның үйелменді дамуы, оның қоғамға сай болуы, ұлттың және адамзаттың қазыналардың нәр алуы үшін жауапты болады. 1

Балалардың үйелменде тәрбиеленуі олардың білім беру мекемелерінде тәрбиеленуімен етене ұштасып жатады» делінген.

Біздің мемлекет отбасындағы қарым-қатынас дұрыс, жақсы тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөледі. Адамгершілігі мол, берік ұйымдасқан жанұя жұмысынан жақсы нәтиже шығады.

Ана мен баланы қорғау жұмысын күшейту туралы шыққан - заң отбасындағы қарым-қатынастың нығаюына баланың отбасындағы тәрбиесінің жақсартуына бұрынғыдан ғөрі күшейтеді.

Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады, адамгершілік тәрбиесінің негізі құралады, айналадағы дүниеден қарапайым мәлімет беріледі.

Олай болса, тәрбие негізі бесіктен бастау алады дей отырып, төменгі сынып оқушыларының отбасындағы дұрыс тәлім-тәрбие алуындағы жағдайларды дамытудан бастауымыз керек.

Зерттеудің міндеті. Бірінші міндет оқушылардың ата-анасына, ұстаздарына өз халқы мен Отанына, айналасындағы жора-жолдастарына сыйласымдылығын арттыру, инабатты болу, сүйіспеншілігін қалыптастыру, туған жеріне патриоттық сезімін, мінез-құлқы әдептерін дамыту.

  1. Өмірден мысал келтіру.
  2. Үлгі боларлық адамдармен танысу, қарым-қатынас жасау.
  3. Ұстаздарды үлгі-өнеге ету.

Зерттеу проблемасы. Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға отбасылық тәрбие, білім берудің педагогикалық-психологиялық негіздерін қарастыру, оның жолдары мен мүмкіндіктерін айқындап, оның негізінде оқушыларға отбасылық тәрбиенің дұрыс жүзеге асуына себепші бола алатын әдіс-тәсілдермен оқыту түрлерінің әдістемесін дайындау болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларға отбасы туралы білім беру мен тәрбиелеуді сабақ барысында, әдістемелік талдау жасау арқылы оқушыларды сауаттандыру.

Зерттеу пәні: Оқушыларға мектепте пәнаралық байланыс және сыныптан тыс жұмыстарда отбасындағы тәрбиелеудің жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер төменгі сынып оқушыларының бойында отбасы нормаларын қалыптастыратындай талаптарды жүзеге асырса онда, оқушылар бойында отбасындағы адамдарға деген сүйіспеншілік, мейірімділік қасиетін туғызуы мүмкін.

Ол үшін:

  1. Әңгіме сағатын өткізу (пікірталас, ойтолғау сайыс сабақ т. б. ) .
  2. Өлкемізге топтық саяхат жасау (зерттеу жұмыстарын, таңғажайып әлемді тамашалау) .
  3. Ситуациялық жағдайлар туғызу (оны шешудің проблемалық жолдарын іздеу) .
  4. Ауыз әдебиеті - халықтың асыл қазынасы арқылы адамгершілік қарым-қатынаста тәрбиелеу.

Зерттеу базасы: №48 Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ орта мектебі,

3 “А” сыныбы.

Зерттеу әдістері:

  1. Тақырыпқа байланысты педагогикалық, психологиялық, теориялық еңбектермен танысып, талдау жасау.
  2. Өз халқымның әдет-ғұрпын, өмірін, мәдениетін сақтай білу үшін ата-бабамыздың өсиетін үйрену және оны насихаттау.
  3. Халық педагогикасының қайнар көзін ашу. Ол үшін біздер өз ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін терең зерттей отырып, үйреніп, жас ұрпақты да, ата-ананы да сол бағытқа бейімдеуіміз керек.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ.

1. 1. Отбасындағы халықтық педагогиканың маңызы.

Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ ел тірегі бола алады.

XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызды зор міндет.

Қазақстан Республикасының ата-заңының 27 бап, 2- тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» делінсе. /2/, Қазақстан 2030 бағдарламасында «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасызмызға жеткен кезде, қандай күйде көреміз делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдарын қатар қойған». Олай болса, «Халықтық педагогика маңызы» тұжырымдамасын жасау да ұзақ мерзімді 2030 бағдарламасына сай іске асырылуы тиісті және кезек күтуге кейінге қалдыруға болмайтын мемлекет деңгейінде шешімін күтіп тұрған мәселе. 3

Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің қоғамның экономикалық саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару - мектептің ұстаздар қауымы, ата-ананың бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.

Адам ұрпағамен мың жасайды - дегендей, ұрпақ тәрбиесі - қай кезде де халықтық мәселе болған. Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған. Содықтан, қазіргі таңда мектеп мұғалімдері, ата-аналар алдында тұрған аса маңызды міндет - талабы таудай жеке тұлған іздеп тауып, оны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілеті жоқ адамның болмайтынын педагогикада дәлелденген. Оқушының талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты кіші сыныптардан-ақ бастап жүргізу керек екені айдай анық.

Аталған міндетті жүзеге асыру тәрбиеші педагогтардан ғана емес, әрбір отбасынан баланы тәрбиелеуге саналылықпен қарап ерекше көңіл қойып, озық іс-тәжірибелерді пайдалануды талап етеді. Сондықтан бала шыр етіп дүниеге келген күннен бастап кемелденіп азамат болып қалыптасқанға дейінгі жан-жақты тәрбие беруді ұйымдастыру, жүзеге асыру отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің басты міндеті десек те болады.

Яғни, үздіксіз ұрпақ тәрбиесі мәселесіне ерекше көңіл қойып қарайтын болмақ, педагогика, психология және физиология ғалымдарының дәлелдеуі бойынша ұрпақ тазалығынан, ана құрсағында жатқанда-ақ бастау керек деген пікірді қолдап, іс жүзінде қолға алу кезек күттірмейтін мәселе болуға тиіс.

Бала бақшада тәрбиеленіп, жан-жақты тәрбие алатыны сөзсіз. Бірақ, отбасында берілетін тәрбиенің орны ешуақытта басқа тәрбие баса алмайтыны да, оның мазмұнының ерекшелігі де әрбір көзі ашық адамға белгілі жайт.

Халық педагогикасы отбасындағы тәрбиенің негізі болып табылады. Ұрпақ тәрбиесі халық педагогикасы туралы айтқанда қоғамдағы басты мәселе ата-ана мен бала, үлкен мен кіші арасындағы сыйластық.

Отбасылық тәрбие мәселесін А. С. Макаренко, В. В. Петровский, В. Дружинин, Маргарет Мид, Ы. Алтынсарин және тағы басқалар еңбектерінде терең, тиянақты зерттеген. /4, 5, 6, 7, 8/.

Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлауға Н. С. Верещагина, З. Д. Жантекеева, Ж. Сакенов, Б. Ж. Құлжанова, Ж. Т. Сарыбекова және тағы басқалардың зерттеулері арналады. /9, 10, 11, 12, 13/.

Соңғы зерттеулерде шетел және ТМД ғалымдарының (М. М. Проконьева, Б. М. Борлакова, Т. Н. Ушинина, А. А. Григорьев) отбсылық тәрбиеге үлкен мән бергендігін көреміз. /14, 15, 16, 17/.

Бала негізгі іс-әрекеті - ойын, алғашқы аялы сезімдерін өзінің сүйікті ойыншықтарына білдіреді. Оларға ақыл айтып, тапсырмалар беріп, ескертулер жасап, ересектерден өздері естіген мақтау сөздерін айтып, «жыласа» жуатып, мейірімге бөлейді. Міне, осының өзі-баланың жүрегінен шыққан имандылықтың алғашқы көрінісі бала өскен сайын мейірімділікке саналы түрде өзінен жасы үлкендерге де құрбыларына да жасауға тырысады.

Бала екі жастан бастап жағымды және жағымсыз қылықтарды ажырата бастайды, өзін жағымды жағдайда ұстауға ұмтылады. Бұл баланың өзінің істеген жайсыз істеріне ұялу сияқты жуапкершілік көзқарастың алғашқы сатыларының яғни, имандылығының іштей оянуы десек те болады. Ойын барысында достық, сыйластық қатынасқа үйренеді. Өз ойыншығын, қолындағы тәттісін жолдасына бөліп беруге төселеді. Сәби баланың отбасында көріп білгендері, естігентдері арқылы мінез-құлықтары жаңа сапаға ойысады. Бұл жас шамасында бала мінезіндегі қайырымдылық, ұқыптылық, әділдік сияқты имандылық тәрбиесінің көріністері бірте-бірте айқындала түседі., сонымен қатар тәрбиедегі кейбір кемшіліктердің салдарынан, мысалы: «ең әдемі киімдер сенікі», «бұндай ойыншықтар сенен басқа ешкімде жоқ», өзің ғана ойна, деген сияқты теріс тәрбие ықпалынан, қайырымсыз, өзімшіл, өркөкірек, қомағай ұл-қыздарды тәрбиелеп жатқанымызды байқамай қалуымыз хақ. Ұсақ түйек жайсыз қылықтардың өзінен баланың жағымсыз мінездері қалыптасады. Сондықтан баланы жақсылыққа толы сезімге тәрбиелеу, барынша жақсы жағдайлар жасау, үлгі-өнегелер көрсету ауадай қажет. Мейірімге толы, қайырымдылыққа толы қарапайымдылыққа балаға жарасымды мінез-құлықтардың мол дәнін себеді. Мысалы: бір шаңырақтың астындағы ата-ананың бірін-бірі сыйлауы, бір-бірінің беделін көтеруі, ер балаға қыз баланы сыйлауды үйретеді.

Бала отбасында «рұқсат», «рұқсат етілмейді», «саламатсыз ба!», «сау болыңыз!», «кешіріңіз» сияқты сөздердің мәнін түсініп, өз өмірінде ескеруге төселгені пайдалы.

Қазақ халқы өте қонақжай халық. Сәбилік шақтан бастап, қазақ баласын үйге келген қонаққа сәлем беру, киімін алу сияқты тәрбие эстетикаларын көрсетеді және игертеді. Сондықтан әрбір ата-ана күнделікті қонақ күту, оны шығарып салу, сияқты жағдайлардың өзінде балаға көп үлгі көрсетіп, отырғандығын ескерген жөн. Келген қонақты төрге шығарып, көрпе жаю, қолға су құю, бұның бәрі толып жатқан тәрбие элементтері. Осындай үлгі көріп өскен ұл мен қыз да келешекте саналы азамат болып өсері белгілі.

Бала үшін жас ерекшелігіне қарай, бала бойында болатын мақтаныш сезімінің ролі. Бала үшін жақсы ісіне қуану, мақтану ерекше әсер етеді. Байқаған жақсы істері үшін ата-ана баланы мадақтап қана қоймай отбасында жиналған ересектермен талқылап, баға беруге тырысқаны абзал.

Халық педагогикасы элементтерінің бірі ретінде мақал-мәтел, нақыл сөздерді пайдалану тиімді тәрбие құралы. Баланы жастайынан үлкеннің тілін екі етпей алуға, айтқанды орындауға төселдіру ата-ананың басты міндетіне жатады.

Қазақ халқы тәлімгерлердің парыздарынсыз өнері арқылы жүзеге асырып, отырған. Бала түсінігіне лайық, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, ертегілер, мақал-мәтелдер ойнақы тілге құрылған жұмбақ, жаңылтпаштардың маңызын дәлелдеп жатудың өзі артық сияқты. Дегенмен, «адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені!», «кішіпейілдіктен кішіреймейсің» деген мақалдар балаға ой салумен бірге имандылық қалыптарын еске салып отырады. Мақалдарды сөз арасында айтып қана қоймай, балаға мазмұнын анықтап ашып, түсіндерген жөн және баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып қолданған тиімді. Ал, ертегілер мен батырлар жыры, аңыз әңгімелердің бұл үлгілері арқылы баланы өзгенің еңбегін қадірлеуге, үлкенді тыңдау, сыйлауға сонымен бірге табиғатқа, әлсіз деген

қамқорлық сезімдерге тәрбиелей аламыз. Баланы отбасында тек адамгершілік, имандылық қасиеттерді ғана үйретіп қоймай, өз Отанын, халқын сүюге тәрбиелеуге тиіспіз. Ал, Отан, халық деген ұғымдар баланың өз отбасынан басталатындығы мәлім. Аталған тәрбие міндеттерін шешуде жоғарыда көрсетілген ауыз әдебиеті үлгілерінің маңызы зор.

«Тәні саудың - жаны сау» дегендей адамның құрылысы мен жан дүниесі бір-бірінен бөлінбейтін жүйелер мен тән мен жан тәрбиесі халық педагогикасы ғылымының заңдылықтарына бағынады десек те қателеспейміз. «Тазалық иманның жартысы» деген сөз бар. Баланы жастайынан тән тазалығына тәрбиелеп, тән тазалығы жан тазалығы екендігін түсіндірумен қатар, мойындату да керек. Дәрет алу, бойды таза ұстау, шаш күтіміне көңіл бөлу, өзіне қатысты құралдарын, ойыншықтарын, ыдыстарын таза ұстау - мұның бәрі қоғамының белсенді, денсаулығы мықты, ақыл-сезімі кемелденген азаматтардың өсіп, қалыптасуы үшін бірден-бір қажетті шарттар.

Бала тәрбиесінің имандылық негіздерін отбасында мектеп жасына дейінгі балалармен ойын үстінде қалыптастырып, еңбекке деген сүйіспеншілікпен, адалдық қатынастырын үндестіре білу ата-анадан білімділікті, асқан шеберлікті қажет етеді.

Халық педагоггикасының келер ұрпаққа айтар ақылын, ұсынар үлгісі, берер тәлім-тәрбиесі сол елдің күйі, биі, музыкасы, фольклорлық шығармалары бала тәрбиесіне терең бойлатып, қалыптастырғанымыз жөн.

Тәрбие процесін халықтық педагогика негізінде ұйымдастырудың тәрбиелік те, бейімділік те үлесі зор. Халықтық тәлім-тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Халықтық педагогикамызды әрбір жанның терең түсініп, онымен бұлақ суындай сусындай алуы бүгінгі ұлағатты ата-аналар арқылы жүзеге асырылады.

Қалай десек те, халықтық тәрбие дәуірдің небір қатаң сынынан өтіп, жаңарып, шым болаттай шынығып, бізге толыққанды боп жеткен баға жетпес бай мұра. Ол халқамыздың ұлттық қадір-қасиеті, тіршілік тынысы, бірге жасасып келе жатқан құнды қазына.

Балаға ұлттық негізде саналы тәрбие беруге толық мүмкіндіктер бар. Тек ұстанған сара бағытымыздан ауытқымай, оны жаңарта дамыта түскеніміз ләзім. «Баланың құқы жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарымқатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшелерінің құқы қорғалуы тиіс

Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана Отанын, елін, жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жақсы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да жаманда да бойына сіңіреді. Содықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.

Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мло. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда. Отбасында халықтық рухани - интеллектуалды мұраларды, мәдени құндылықтарын жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабынан туындап отыр.

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі отбасына назар аударуға болады. Біріншісі материалдық игілікті алуға қойып, соған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соқтығуды. Екіншісі материалдық игілікті жеткілікті отбасында бала мен ана арасындағы эмоционалдық, мейірімдігін, қарым-қатынастың орнықпағандығы бюайқалады. Осы жағдайлар отбасындағы тәрбиенің тиімді болуға қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты.

Отбасындағы түрлі қарым-қатынас орын алады.

  • ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған
  • ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарам-қатынас;
  • жақсы қарым-қатынасты сақтай отыра, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
  • бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеге ұтуын көздеген қарым-қатынас.

Түрлі себептерден туындаған отбасылық қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелері өз бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреулердің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді.

Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиеле».

Ана тілінің тағдыры отбасынан басталуда. Рухани байлық, дүние таным, түсінік, рух, иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы түсініктерді ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымдық арнасы әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп, терең меңгерсек ешкімге есебімізді жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз.

Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына арманына балаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй базар - баласыз үй мазар» дае барлық асыл сөздерін арнаған.

Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Отбасы ата-ана, әке-шеше, балалар үш ұрпақты құрамнан тұрады. Отбасын экономикалық жағынан қамтамассыз етіп, отырған ата-ана мен әке-шешесінің қарым-қатынасы, жас баланаң адамгаршілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және ізгілікті іске баулыды.

Біздің пайымдауынша, отбасы ерекше педагогикалық жүйе.

Социология ғылымы отбасын тұтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық салады орын алған міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Бірақ, өндірістік, кәсіптік, саяси ұжымдарға қарағанда отбасына қайта құрутікелей әсер ете бермейді. Отбасының моральдық орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқанмен іске асады. Өйткені, отбасындағы қайта құруларға негізгі әлеуметтік, экономикалық факторлар мен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторлар да қатысады. Отбасын «болжамдаудың» қиындығы осындай себептерге байланысты.

Отбасылық өмір байланыстарын жан-жақтылығымен сипатталады. Олар - әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық-экономикалық, адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның бір қызметінің жойылып, екінші қызметінің сипаты мен ауқымының өзгеруімен байланысты. Отбасы қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.

Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:

  • ұрпақтар алмасуын қамтамассыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
  • білім, дағды, шеберлік, рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізетін тәрбиелік қызмет;
  • өндірістік-шаруашылық қызметі;
  • отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;

Отбасының адамға қатысты қызметі мыналар:

  • Жұбайлық қызметі. Жұбайлар ең жақын адамдар;
  • Ата-аналық қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамассыз етеді;
  • Тұрмысты ұйымдастыру қызметі;

Отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептеледі.

Отбасының қызметін, оның көп түрлілігі мен байланыстарын ескере отырып, қазіргі отбасы дамуының бағыттары мен бірқатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруынакөмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік иституттардың өзара әрекеттестігі
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Отбасы тәрбиесінің функциялары
Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы
Отбасылық тәрбие
Отбасы баланы тәрбиелеу институты ретінде
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
Психологиялық-педагогикалық қолдау
Мектеп, отбасы, жұртшылық және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық
Білім беру үрдісіндегі әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz