Балалардан орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ОЙЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..6
0.1. Дидактикалық ойындардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
0.2. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...17
2 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ МАҚСАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1. Дидактикалық ойындар туралы ұлы ойшылдардың пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Тәжірибеде жүргізілген дидактикалық ойындарды пайдаланудағы сауалнамалық зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Зертеудің өзектілігі: Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар- оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтар да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану- бұл проблеманы шешудің бірден- бір жолы.
Ойын- күрделі философиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Мысалы, сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Ойын бала үшін -- нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру -- оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді.
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім.
Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі әсер береді.
Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын - бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ та емес. Ол - бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. Мағжан Жұмабаев: Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!.
Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.
Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын -- қашан да жаман ойын. Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: ...жұмыс адамның қоғамдық өндіріске... материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш жұмсауға үйретеді.
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді.
Зерттеудің тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ой-іс-әрекетін дамытуда дидактикалық ойындардың рөлі.
Зерттеу мақсаты: Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы оларды сабақтарда қолданудың жаңаша жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Ойын балаларды тәрбиелеу және дамыту құралының ерекшеліктерінің мәнін ашу.
- Ойыншықтармен және ойын құралдарымен өтілетін сабақтардың маңызын, мазмұнын ашу.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы оқушылардың танымдылығын дидактикалық ойындармен қалыптастыру.
Зерттеудің объектісі: Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы оларды сабақтарда қолданудың жаңаша жолдары.
Зерттеу әдістер: Сауалнама, сұрақ-жауап,бақылау, ойын
1 ОЙЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ.
0.1. Дидактикалық ойындардың түрлері
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуғап қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне , сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді
1.Ойын-саяхат. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық- оңай жолмен; қажеттілер- қызық жолмен беріледі;
2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3.Ойын-болжамдар. Бұл ойындар Не болар еді...?, Мен не істер едім, егер ... деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындамауды талап етеді.
4.Ойын-жұмбақ. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5.Ойын-әңгімелер. Мұғалімнің балалармен, мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке,өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындары.
3. Шығармашылық ойындар.
4. Драмалық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнынына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесек те болады:
Іс-әрекет
Оқу әрекеті
Еңбек әрекеті
Ойын әрекеті
Ойын ұғымына түсінік берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар және т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылып ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп білім дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап- оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
Балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
Баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
Білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
Ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;
Баланың ойын барысында жеткен жеңісінің, оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілмен олардың ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақтың бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қадымдап, ұғып алады.
С.А. шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты;
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы;
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Ұлы Абайдың ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев т.б. Ал, ертедегі ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г. Пестолоций ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д. Ушинский мен П.Ф. Лестгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі дәл дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану- болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай деп түсіндірген.
Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, т.б. көптеген қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті- оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу- білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас- бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын-пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын артырады деп түсіндірген.
Я.А.Коменский Ұлы дидактика деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен бірге білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол сеептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде ойынды айтуға болады.
Бастауыш сынып оқушылары еліктеуіш, жаңаны жаны сүйгіш болып келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті- сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ойын белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалана- бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау ,бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологяилық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырып өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Дидактикалық ойын түрлері:
1. Жоғарыда- төмендеКім биік? Кім аласа? Жаттығуы
Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген демокративтік таблица.
Таблицаның әр жеріне ілмек тігіледі. Беті жабық қорапта жұлдызшаның, ұшақтың, құстың, инеліктің, балықтың, түрлі аңдардың кардоннан немесе фанерадан ойылып фигуралары қойылады.
Жаттығудың мазмұны:
Бала қораптан қолын салып, фигураның біреуін алады. Алған фигурасын атайды да, оның орнынан анықтап декоративті таблицаның жоғарғы жағы- аспанға, ал балық төменде судың ішіне іледі. Бұған қоса ол : ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде- суда жүзеді дейді т.с.с
Бұл жаттығу жоғарыда- төменде, биік-аласа ұғымдарын пысықтауға жәрдемдеседі. Балалар нәрселерді олардың табиғи жағдайымен салыстыра білуге үйренеді. Сонымен қатар, жаттығу байқағыштықты, зейінді, қиялды дамытады.
2.Дүкен
Ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Керек заттар (таразы, қалақша, күріш, шырын т.б.), сатушы баланың дүкеншілер киетін бас киімі болуы керек. Ойынның барысында сусымалы затпен сұйық заттың өлшеу айырмасына жаттығады, демек сұйық зат белгілі көлемді ыдыспен өлшенеді, сусымалы заттар таразыға салынып өлшенеді. Ойынның мақсаты сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.
2. дабыл соғу жаттығуы
Керекті материалдар. Бірден төртке дейінгі нәрсенің суреті салынған топтамалар (әр балаға бір топтамалар берілуі тиіс)
Жаттығудың мазмұны. Мұғалім дабыл соғады немесе үстелді тақылдатады. Балалар неше соққы болғанын ішьерінен санап, топтамаларында осыншама нәрсенің суреті бар бала оны жоғары көтереді, балалардың бір тобы ауызша жауап беруі тиіс.
Мысалы: сіз үш рет соқтыңыз, ал менің топтамамда үш балапанның суреті бар
4.Кім алғыр?
Қолданылатын көрнекіліктер: (+ - =) таңбалы 10 көлеміндегі сандар.
Ойынның барысы:
Оқушының қолдарына сандармен таңбалар үлестіріп беріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргендер кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерді құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтаға жазбаша орындауына болады.
Ойын барысында: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру көзделеді.
5. Сенде осынша көрсет
Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйретеді.
Керекті материалдар: Фигуралардың ою- таңбалардың суреті салынған топтамалар бала санайтын материалдар.
Ойынның мазмұны:
І вариант. Мұғалім топтаманы көрсетеді де алып қояды. Алалар топтамада неше фигура, ою-таңба бар екенін айтып, сонша жалауша немесе басқа нәрсе көрсетуі тиіс. Тапсырманы дұрыс әрі тезірек орындаған қатар жеңімпаз атанады.
ІІ вариант. Мұғалім бірнеше рет алақанын (барабан, дабыл) жалауша көрсетіледі.
6.Өз жұбыңды тап ойыны
Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін пысықтау.
Керекті материалдар: Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама-қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында суреттер салынған топтамалар. Бәрі неше соққы соғылғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін топтамалары бар бала ойын бастаушының қасына жүгіріп келеді де екеуі бірге ойыннан шығады.
Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы айтады.
Ескерту: ойын бастаушы алақанын қарсы команда балаларының топтамалардағы санға сай соғуы тиіс, өйтпейінше ол өзіне жұп таңдай алмайды.
7.Өз пәтеріңе жайғас
Мақсаты: Іріктеп алынған заттарға ұқсас нәрселерді таба білу.\
Керекті материалдар: бетіне дөңгелектер сызылған (үлкен форматты) топтамалар.
Ойынның мазмұны: Мұғалім сыныптың бұрышына топтамаларды іледі. Топтамалардағы дөңгелектердің саны әр пәтерде неше бала тұра алатынын білдіреді. Мұғалім балаларға былай дейді: Әрбір топтамаға зер салып қараңдар да, бұл пәтерді неше бала тұратынын есте сақтаңдар. Әр пәтерде балалардың дұрыс орналасуын тексеруге жауапты төрт баланы тағайындаймын. Олар: қадыр, Мұрат, Әлина, Айгүл. Енді әрқайсысы өз пәтеріне жайғасып, онда өзінен басқа неше бала болуы керектігін ойланыңдар. Балалар өз пәтеріне барып, есептей бастайды мұғалім тұрғындарды қабылдауға даярланыңдар. Алдыңғы екі үстел басында отырған балалар, өздеріне ұнаған пәтерлерге барыңдар. Балаларды жайғастыруды шамалы жүргізу керек, өйтпейінше топ ішінде абыр-сабыр болып, ойынның берекесі кетеді. Осыдан кейін мұғалім: мен енді тексерйін, пәтеріңде артық балалар жоқ па екен? -дейді. Менің пәтерімде үш бала бар,- деп жауап береді.
Балалар жеңімпаз пәтерді анықтайды.
Балалардың санына қарай пәтердің санын лайықтап алуға болады.
8. Ұқсасын тап
Мұғалім балаларға зат көрсетеді, балалар алдарыңдағы геометриялық фигураларды көрсетеді, мысалы, мұғалім балаларға кітап көрсетеді. Балалар алдарындағы геометриялық фигуралардың ішінен тік төртбұрышты көрсетеді. Ойынның мақсаты балалардың естерінде геометриялық фигураны қалыптастыру.
9. Көп-аз, бір
Ойынға қажетті материалдар: Үлестірмелі заттар немесе суретті топтамалар (он-оннан).
Ойынның барысы: Әр оқушыда он-оннан топтамалар және түрлі заттардың көбін (8-10) аз десе азын (2-3 немесе3-4), ал бір десе тек қана бір затты көрсетулері керек.
Бұл ойында керісінше
бір, аз, көп деп айта отырып ойнатуға болады.
10. Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал ойыны
І вариант.
Балалар дөңгелене тұрады. Ортасында тұрған мұғалім мысалы: қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал, 3 және 2 деп бір балаға допты лақтырды. Допты қағып алған бала 3 және 2 болады бес деп допты мұғалімге қайтарады.
ІІ вариант.
Балалар екі командаға бөлініп 2 жаққа тұрады да допты кезек-кезек бір-біріне лақтырады. Лақтырған жақтың баласы мысал айтады, қағып алған жақтың баласы лезде жауабын айтып оны қайтарады. Жауапты дұрыс бермеген бала ойыннан шығады.
11.Доп лақтыру
Көрнекілік: Доп
Ойынның барысы: Мұғалім допты лақтырып немесе еденге ұрып балаларға санату, сонша немесе біреу (екеу) артық (кем) ойын барысында неше болса сонша, содан (артық), кем деген мұғалім өзінің допты еденге ұруымен балалар шапалағымен тақылдатуы керек.
12. Бірде бір ойыны
Тақта алдында 10 оқушы шығып қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала бір деп, бір қадам алға тұрады, бір қосу бір болады деп екінші баланың алдына тұрады, екі қосу бір болады 3 деп келесі бала қатарға қосылады, қалған балалар да ойынды осылай жалғастырады. Ойын барысында балалардың натурал сандар қатарының қалай құралатыны туралы түсініктері дами түседі.
13. Поезд құрастыр ойыны
Қолданылатынкөрнекіліктер: 1-ді қосу кесетіснде берілген топтамалар: 0+1,1+1, 2+1 т.с.с.
Ойынның барысы: Мұғалім топтамаларды оқушыларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір оқушыны тепловоз деп тағайындайды. Оқушылар қолдарындағы топтамаларына қарай отырып, алдымен тепловозға ретімен тіркелуі тиіс.
Ойынның мақсаты:1- қосу кестесін қайталату.
14. Өз орныңды тап ойыны
Бұл ойынды 10-ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан кейін жүргізуге болады. Мұғалім 10 баланы тақтаға шығарып, омырауына кеспе цифрлар жапсырылған топтама тағады. Балалар ретсіз араласып тұрады, мұғалім балалардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz