БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУ ҮЛГІЛЕРІ


Мазмұны
Кіріспе.
1 АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1. Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік.
1. 2. Оқушының ақыл- ойын дамытуындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеті.
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУ ҮЛГІЛЕРІ.
2. 1. Халықтық педагогикадағы мақал - мәтел, жұмбақтардың тәрбие сабақтарында қолданудың маңызы.
2. 2. Ауызша логикалық есептерді және дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы ақыл-ой тәрбиесін дамыту әдістемесі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің білім беру саласындағы негізгі өзгерістер нарықтық экономикаға тез бейімделе алатын, педагогикалық-психологиялық негіздері тұрақты, халықаралық білім кеңістігінде кіріктіруге ыңғайлы жаңа ұлттық сипаттағы үлгілерді қалыптастыруға, оқыту үрдісінің сапалылығын арттыруға, жастарды кәсіби еңбекке дайындауға бағытталған.
Қазіргі қоғамның мектепке қоятын талабы осыған дейін ондаған жылдар бойы қойылып келген талаптан әлдеқайда өзгеше. Бастауыш-мектеп - орта мектептің органикалық құрамдас бөлігі, тұңғыш баспалдағы. Сондықтан да бастауыш сатыда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, таным мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы табиғи нәрсе.
Ол талаптарды орындау оқыту үрдісіне оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, интелектісін жан-жақты дамыту, ғылым негізін сапалы зерделеу, түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыта отырып, олардың өз бетіндік - таныдық белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады.
Мектепте оқытылған әрбір пәннің осы мәселені шешуде өз үлесі бар. Математиканы оқытуда бастауыш сынып оқушыларының ғылым негіздерін нәтижелі зерделеудегі дайындық деңгейін арттыруда есептердің алатын орны ерекше.
60-жылдары бастауыш білім беруді жетілдіру жолдарын іздестіруде белгілі ғалымдар Л. В. Занковтың, Д. Б. Эльконинің және т. б. ғалымдардың басшылықтарымен жүргізген жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының интелектуалды өсуін тежейтіні және олардың танымдық мүмкіндіктерін анағұрлым төмен екенін көрсетті.
Осыған орай, бастауыш мектеп бағдарламасының өзгертуіне байланысты көптеген математика - әдіскерлер (Ю. М. Колягин, М. И. Моро, К. И. Нешков, А. М. Пышкало,
А. Д. Семушин, қазақстандық оқымыстылар Т. К. Оспанов, Е. Е. Шәкілікова және т. б. ) математикалық білімдерді қалыптастыруда оқу есептерін пайдалануға баса назар аудара бастады. Есептердің сан алуан атқаратын міндеттері (білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші) анықталып, олар және тармақтарға бөлініп қарастырылатын болады. Бұл кейіннен көптеген арнайы зерттеулердің негізі болды. Олардың ішінде мыналарды атауға болады: Мазмұнды есептер төменгі сынып оқушыларының логикалық ой қорытуын дамытудың (С. И. Сельдижова), олардың оқудағы іс-әрекеттерін қалыптастырудың (Е. Е. Царева), математикалық ұғымдарды меңгеру сапасын арттырудың (В. М. Гергенева), арифметикалық білудің құралы және т. б.
Білім мен тәрбие беру жүйелеріндегі бетбұрыстар, тірбие салаларының барлығын, қазақ халқының ерекшеліктерін еске ала отырып қайта қарауды қажет ететіндігі қазақстандық ғалымдар А. К. Кобесов, Қ. Б. Жарықбаев, С. Калиев, С. Ұзақбаев, Е. Сағындыкова және т. б. көптеген еңбектеріне қарастырылады. Тәрбие салаларының ішінде ақыл-ой тәрбиесі оқыту үрдісіне көбірек қатысы бар мәселердің бірі болып табылады. Білімнің қадірін халқымыз ерте түсінген «Бақыт жолы тек біліммен табылар» дейді. Ахмет Игунеки бабамыз.
Ата - бабаларымыз ежелгі замандардан бастап-ақ жас балаларға тиянақты тәрбие берумен қатар, олардың білім өрісін кеңейтуге көп көңіл бөлген, қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқыту жөніндегі ой-пікірдің қалыптасуы және даму тарихынан алынған мәліметтерді қазіргі мектеп практикасында пайдалану жөнінде ұсыныстар Қ. Нұрсұлтанов, Е. Сағындықов, Б. Қосановтардың еңбектерінде айтылған.
Педагогикалық, психологиялық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдау нәтижесі бүгінгі күнге дейін ақыл-ой тәрбиесінің психикалық жақтары терең қарастырылып, мақсат міндеттері анықталып отырғанына қарамастан, жалпы мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру және дамыту міселелеріне сәйкес, бұрынғы классикалық педагогикада, халқтық педагогикада арнайы әдістемелер, эксперимелер, эксперименттік зерттеулердің аз екендігін дәлелдеп отыр. Зерттеулердің көп бөлігі бұл мәселе бойынша тек қана ақыл-ой есінің дамуына, артта қалушылығы бар оқушылар үшін жүргізіліп келген, ал қалыпты күйдегі, балалардың ақыл-ой тәрбиесі әртүрлі сабақтар барысында өзінен-өзі қалыптасатын мәселе деп қарастырылған, сондықтан зерттеуші ғалымдардың, педагог-психологтардың назарынан тыс қалған тәрізді.
Дегенмен де, бастауыш білім мазмұнын жетілдіре түсу бағытындағы жүргізіліп отырған жұмыстар мемлекеттік көрсетілген міндетті білім деңгейін меңгеруде, оқытудың жалпылама біліктері мен іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыруда әлі де болса күткен нәтижелерді бере алмай отыр. Әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдау мектеп тәжірибесі көрсеткендей, күні бүгінге дейін біз зерттеп отырған проблеманың көптеген аспектілері жеткілікті зерттелмеген. Оның ішіндегі негізгісі-бастауыш саты оқушысының оқу іс әрекетінің қалыптасуында, жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту мақсатында оқу есептерінің қолданылуы осы күнге дейін өз шешуін таппаған мәселе. Оқыту үрдісінде жалпылама оқу біліктерін қалыптастыруда бастауыш математика курсы оқулықтарындағы оқу есептерінің жүйелі мүмкіндіктерінің пайдаланылуы жеткіліксіз. Біздің зерттеу жұмысымыз негізінен бастауыш сынып оқушыларының теориялық материалды игерудегі, оларда ақыл-ой тәрбиесі негізінде танымдық процестерінің қалыптасуындағы оқушылардың теориялық материалды игерудегі, оларды оқыл-ой тәрбиесі негізінде танымдық процестерінің қалыптасуындағы оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруда.
Кеңес жүйесі негізіндегі психолог-ғалым Л. И. Выготский балалардың танымдық процестерінің ішінде ойлау процесінің қалыптасуының кезеңдеріне тоқталған кезде, олардың логикалық ойлауының он-он бір жаста қалыптасатының көрсеткен. Әлемдік балалардың ойлау қабілетінің қалыптасуы мен дамуына тоқталсақ, біздің еліміздің балаларының ойлау қабілеті басқа елдердегі, мысалы, жапондық және америкалық балалардың түсініп ойлауы сегіз-тоғыз жаста қалыптасатындығын әдебиеттерден байқадық.
Қазіргі бастауыш мектептегі «Ата-мұра» баспасынан шыққан оқулықтардың мазмұнын талдай келе, оларда ойлау процесінің қалыптасу кезеңдерін осы әлемдік жүйеге жақындату мәселесі қалыптастыратындығы байқалады. Бұған мысал осы оқулықтардағы деңгейлік тапсырмалар болып табылады.
Осы мәселелер біздің зерттеу тақырыбымыздың «Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой тәрбиесінің маңызы » деп атауымызға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты.
Бастауыш сыныптың оқу тәрбие әдістерінде оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес ақыл-ой өрісінің қалыптасуын қарастыра келіп, ақыл-ойын дамыту үшін балалардың мақсаттылық әрекеттерін, математикалық жұмыстарды, халықтық ауызша логикалық әдістерді, дидактикалық ойындарды пайдалануға мүмкін бір нұсқасын жасау.
Зерттеу міндеттері
1. Педагогикалық, психологиялық және оқу-әдістемелік әдебиеттердегі арнайы зерттеулерге сүйене отырып ақыл-ой тәрбиесінің теориялық және педагогикалық негіздерін қарастыру.
2. Ақыл-ой тәрбиесін дамытудың тиімді жолдарына талдау жасау.
3. Оқу-тәрбие үрдісінде және оқудан тыс кездердегі жүргізілетін іс шаралардың ақыл-ой тәрбиесіне тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу орны:
Тараз қаласы № 48, Тұрар Рысқұлов мектебі, 4 «А» сынып
Зерттеу пәні.
4 сыныпта математиканы оқыту басында, сабақтан тыс іс-шараларда ақыл-ой тәрбиесін дамыту үшін логикалық тапсырмалар мен есептерді пайдалану әдістемесі.
Зерттеу нысанасы
Бастауыш мектепте математика оқыту үрдісі және сыныптан тыс жұмысы.
- Психологиялық-педагогикалық әдебиетерді талдау
- Бақылау, әнгіме, мектеп құжаттарды талдау.
- Педагогикалық эксперимент.
Зерттеу болжамы:
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ақыл-ойын дамыту басқа пәндермен салыстырғанда, математика пәні оқытуда, сыныптан тыс жұмыстарды қазақ халқының ауызша есептерін шығаруда жүзеге асады.
Ұлы дана адамдардың ақыл-ой туралы айтып келген тұжырымдамаларын, қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалану оқушылардың бойына дүние танымдылық, ой мүдделерін дамытуға деген қызығушылықты, соған байланысты іс-әрекет белсенділіген, логикалық ойлау қабілетін арттырады.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелелік ғылымдар саласындағы озық идеяларын және жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту туралы философиялық ұлттық тұрғыдағы тарихи тұжырымдарды, халық педагогикасының ақыл-ой тәрбиесіне қатысты мұраларды қолдану көзделеді.
1 АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1. Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік.
Бала айналасындағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімберді игереді.
К. Д. Ушинский айтқандай «ақыл-ой» дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, саналуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтер мен дағдылар өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, қалған түсінктердің тууына негіз болады.
Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта құбылысы мен адамдар, олардың озара құбылысы мен адамдар, олардың озара қарым-қатынасы жайлы дұрыс мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірибесін ұлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарымқатынасы мен көз қарастарын қалыптастырады.
Ақыл-ой тәрбиесі-адамның таным қабілетін дамытып, ер жетіп есебіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесін тәрбиенің барлық салаларымен ұштасқан біртұтас процесс деп танимыз.
Балалардың ақыл-ойының дамуын көптеген ғалымдар, педагогтар, психологтар қарастыра келе, бұл мәселесінің адамның санасының ой-өрісінің қалыптасуына және өмір тәжірибесіне көп әсері бар екенін атап өткен.
Мысалы: В. Гумбольт:
«Күн табиғатқа қандай әсер етсе, ақыл-ой жұмыстары да адамға сондай әсер етеді, абыржыған көңілді сейілтеді, бойы да біртіндеп жеңілдетеді, жылытады, рухты көтереді».
В. А. Сухомлинский :
«Ойсыз, оқусыз, ой толғамай өткізген әрбәр күн-зая кеткен күн, яғни білімсіздіктен білімдікке апаратын әрбір күн зая кеткен күн »-деген екен.
Ұлы дана адамдардың ақыл-ой тәрбиесін дамыту жайлы тұжырымдамалары берілген.
«Білімсіздіктен білімдікке апаратын дәйекті ой процесі-нақтылы пайымдаудан абстрактылы ойлауға және одан практикаға өту арқылы орындалады» демекші, ғылымды жүйелі түрде терең оқып игеруге ерекше мән берілген. Саналы оқудың мән мағынасын білдіріп, ақыл-ойды дамытатын құрал-әдеби тіл. Ақыл-ой тәрбиесі балалардың жасы мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар сапалық, белсенділік, өз ақылымен істеп үйрену, ұғыну, есте қалдыру, ал оқу жоспары бағдарламалар, программалар, оқулықтар, жүйелі түрде құрылған сабақтар, экскурсиялық дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Сабақты өткізу әдістемесіндегі елеулі мәселе балалардың ойлау жүйесін басқарып отыру. Бүл үшін негізгі әдіс-тәсілдері жетілдірудің (көрнектілік, әнгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, үлгі сөз, мәжрлеп оқу, үйрету, еске түсіру, бақылау, талдау, ескерту, мадақтану) маңызды өте зор.
Ақыл-ойдың дамуы дегеніміз-баланың жасына байланысты оқыту мен тәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің жиынтығы.
Ақыл-ойды дамытудың шарты-баланың сан қилы іс-әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түсінуі, берілетін білімнің сапасы.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы айналадағы адамдар, заттар, табиғаттағы қоғамдық құбылыс осылардың әсерінен баланың дүниеге көз-қарасы кеңейіп, танымы дамиды.
Баланың ақыл-ойы үлкендермен қарым-қатынасқа түсе отырып, сонымен қатар өз құрдастарымен ойын барысында және де бала-бақшаға барып тәрбиелеу мақсатында дамиды.
Осының ішінде бала-бақша ақыл-ойды дамытудың ең ыңғалы да жеңіл түрі болып табылады. Бала-бақшада балаларға білім беру-сабақ формасы ретінде өтіледі. Сабақ түрінде берілген білім балалардың сабақты толығымен тыңдап, сұрақтарға жауап іздеп, сабақта білген тақырыпқа байланысты тақпақтар, жұмбақтар айтып, білімдерін малайтып, өздерін еркін ұстап отырулары арқылы жүзеге асады.
Жылдан-жылға балаларды бала-бақшада тәрбиелеу жұмыстары күрделеніп, оларға білім беру мазмұны кеңеюде.
Жаңа этапта ақыл-ой дамуы балада әртүрлі даму кезеңдерде жүреді. Баланың ақыл-ойы өз білім дәрежесінде әр түрлі қарым-қатынасқа түсіуі арқылы, өз бетімен әр түрлі іс-қимылдарға, ойындарға қатысуы арқылы, берілген тапсырманы өз бетінше ойлап сол жұмысты ояғына дейін орындап жеткізуі арқылы дамиды. Көптеген психолог -педагогтардың ақыл-ойының физикалық жетістіктерінің және эстетикалық тәрбиелеуіне қойған талаптары қазіргі таңда көбісі орындалып, іске асырылып жатыр. Адамның ақыл-ойының дамуының тиімді кезеңі, осы мектепке дейінгі кез болып саналады.
Ақыл-ой дамуының ең қарқынды кезеңі мектепке дейінгі кезең болып бекітілген деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат бойлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл тозбас киім, білім сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуы талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ «Көзбен көрген, құлақпен естілген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген-ақиқат».
Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылым педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттерді ойлау қабілеттерін, сана сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дамытуға тәрбиелеулердің мақсаты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз. өйткені, балалар бұл жаста заттың тек сырт бейнесін ғана емес, оның ішкі бейнесін, құрылысын түсінеді, мектепке дейінгі кезеңде балаларда қорытындылау, заттарды бір бірінен ажырату, айыру секілді алғашқы абстракция формасы қалыптасады. Мысалы: ересек топ балалары жануарлардың сыртқы түр-түсінің бір бірінен айырмашылығын және өмірде олар не үшін қажет екендігін өздерінше ойлап, қорытынды жасай алады.
Екі-үш жас аралығында балалар тек заттың сыртқы бүтін бейнесін, түсін ғана қабылдайды. Мысалы: қоңыр түсті аю. Олар осы аюлар туралы оның сыртқы бейнесі үлкен, түсі қоңыр екендігін ғана игереді.
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымнан деректерін, түсініктерін және заңдарын бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдардын мақсатты игерудің нәтижесі.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсаты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жанжақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі адам зиялылығының негізі.
Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелерінің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не? Ойлау деп- заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным - бұл әр жақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.
Ойлау адам қызметінің нәтижесі. Ой түсіну, қабылдау, елестеу арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау барлық адамдарға тән туындайтын түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын мәндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білу, оқшылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз.
Мұны кейде көрнекті ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойнау және оқу процесінде адамдардың еңбек іс әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ойпікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүргіту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтау ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқамы жалпылық тұрғыдан қараудың қамтуына тәуелді.
Алгоритімдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивитік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларға жаңа білімдерді баяндауда ойын жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға, қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттерінің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-әрекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгертуге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы оқыту. Ақыл-ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материаларының мазмұның игеру, зиялылық біліктерді қалдыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін ұйымдастыруға арқылы жүреді.
Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемесі «дамыта оқыту» тұжырымдаманың мәні оқытуды шамалай отырып қиындықтың жоғары деңгейінде құруға келеді. Бұл үшін оқушының білім қоры жинақталған теориялық білімдерден, ғылымдағы жетекші қағидалардан тұруы қажет. Осының негізінде қажырлы ақыл-ой еңбегіне қатыса отырып, оқушы жеке деректер мен құбылыстар сырына ене алады. Сондықтан да дамыта оқыту әдістемесінің негізгі оқытудың мазмұнының іріктеу мен әдістерін таңдап алудан басқа, оқушы алатындай оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесін дәл анықтауға тіреледі.
Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдап алу оқушылардың жалпы ақыл ойының дамуын қамтамасыз ететін сабақта белсенді ақыл-ой еңбегіне қол жеткізуге талаптанудағы мұғалімінің шынайы шығармашылық еңбегінің ауқымы болып табылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады. Мұндай оқу тапсырмалары көптен саналады. Біз мысал есебінде кейбіреулерін еске түсірмекшіміз.
1. Зерттеу және бақылау ісіне қатысы бас тапсырмалар бақылау, эксперимен жүргізу, саяхаттар бақылау, экспедициялар, ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстар т. б.
2. Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, өз бетінше әр түрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу, белгілі тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазу т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz