Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Оқушы тұлғасының қалыптасуына адамгершілік тәрбиенің ықпалы, педагогикалық мәні мен сипаты

1. 2 Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың адамгершілік сезімін жетілдірудің ерекшеліктері

1. 3 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық тәжірибесін үлгі ету формалары, әдістері және мазмұны

2 . БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МАЗМҰНЫ

2. 1 Бастауыш сыныптың жеке пәндерінде адамгершілікке тәрбиелеу бағытында жүргізілген іс-шаралар

2. 2 Сыныптан тыс іс- шараларда оқушылардың адамгершілік қасиеттері арқылы қарым-қатынас әрекеттерін қалыптастыру бойынша жұмысты жетілдіру әдістемесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі : Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі демократия мен қоғамдық прогресстің одан әрі дамуының өлшеміне айналып отырған бүгінгі шақта, көркемөнердің халықтық рухани өмірдегі рөлі де ерекше арта түседі. Адамгершілік тәрбиесін беру жұмыстарын түбірімен қайта құруды және жетілдіруді, жан дүние байлығы арқылы оның идеялық талпыныстарын, әдеп-өркен өлшемдерін, шығармашылық қабілет өресін қалыптастыруды алға міндет етіп қояды. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттерімен тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді. Осыған байланысты, оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің әлеуметтік маңызы арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізе отырып, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор» деп атап көрсетті[1] . Сапалы білім- ел экономикасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру үшін әлемдік білім кеңістігіне шығып, Қазақстанның жаңа ұлттық моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру қажет. Республикамыздың стратегиялық мақсат-міндеттерін шешу жолында қоғамның әлеуметтік- экономикалық, мәдени - рухани даму мәселелері адам факторына жасалатын жағдайлармен өлшенетіні белгілі. Сондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. 2012 жылдың 10 шілдесінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасында: «Балалардың, жасөспірімдер мен жастарды олардың есеюі мен табысты әлеуметтенуінің дара міндеттерін шешуге бағыттайтын рухани- парасаттылық тәрбиесінің тәсілдері жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе күн тәртібінде өткір тұр» дей отырып, бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды екендігін қадап айтты[2] . Осыған орай жастардың бойына құнды ұлттық сана-сезімді дамытып, рухани, мәдени және ұлттық тәрбие мен бай мұраны игеруге көңіл бөлу қажет деп табылды.

Оның маңыздылығы, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында да: «жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, жеке тұлғаны қалыптастыру» атап көрсетілді [3] . Адамгершілік тәрбиесі ол мұғалім мен тәрбиешінің әрбір істерінен, жүріс-тұрысынан, адамдармен қарым-қатынас жасауларынан беріліп отырады. Тіпті әрбір сыныптың жас ерекшеліктері мен ұл-қыздың жекелей тәрбиені терең менгерулері келешек ұрпақтың елге, жерге, ата-анаға, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілігін дамыту болып табылады.

Кеңестік кезеңде жеткіншектердің адамгершілік тәрбиесі мәселесіне аса
назар аударған ғалымдар да аз болмады. А. С. Макаренко: «адамгершілік сана
мен мінез-құлықтың бірлігіне үлкен мән беріп, оқушыларды моральдық
теориямен қаруландыру керек» деп санады[5] . Ғалымдар: Б. Т. Лихачев, О. И. Рута, И. С. Каменоградский, А. М. Арсеньев, Н. И. Болдырев, Н. К. Гончаров,

Г. М. Гмурман, Ф. Ф. Королев, И. С. Марьенко тәрбиенің жалпы әдіснамалық проблемаларының көп аспектілігін зерттеген[6, 7] .

Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі бойынша зерттеу жасаған ғалым-әдіскерлер Р. Рахымжанова, Ә. Әшірова, К. Карбозовалардың еңбектеріне де негізделеміз. [6, 7]

Кейінгі жылдары оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық, жалпы теориялық негіздерін, тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемесін жасауда, бала тұлғасының адамгершілік жағынан қалыптасуы мен дамуын И. А. Кайров, И. В. Свадковский, оқу процесінде тәрбиелеу проблемаларын Э. И. Моносзон, А. И. Дулов, Г. И. Щукина, тәрбие процесі мен педагогикалық ынталандыруды Л. Ю. Гордин, В. М. Коротов, З. И. Равкин, балалар ұйымының іс-әрекетінде ұжым мен тұлғаны тәрбиелеуді Т. Е. Конникова, Л. И. Новикова зерттеді[5, 7] .

Қазақстан ғалымдарынан адамгершілік тәрбиесі мәселелерін шешуге қосқан салмақты үлеске А. К. Қисымова, Ж. Б. Сәдірмекова, А. Е. Дайрабаева, С. Ә. Әбілдина, А. Аманжолова, Ұ. О. Асанова, С. Ұзақбаеваның, С. Нұрмашева, С. Нұрмашева, А. А. Бейсенбаева, И. Меликова, А. С. Жұмабаеваның, С. Қалиев,

Қ. Ералин, Л. Байсерке, Қ. Бөлеев, С. Смайлов, Н. Верещагина, Р. Төлеубекова, Г. А. Аңламасова, Н. Кушеров және т. б. ғалымдардың еңбектері жатады[8] . Ғалым-педагогтар Э. И. Шыныбекова мен Э. А. Орынбасарова өз еңбектерінде қазақстандық ғалымдардың жұмыстарынан оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу проблемаларының мына бағыттарын ажыратады: оқу процесіндегі адамгершілік тәрбие; оқудан тыс жұмыстағы адамгершілікке тәрбиелеу; оқушылар тұлғасының мына адамгершілік сапаларын қалыптастыру: елжандылық және ұлтжандылық, ұжымшылдық, ізгіліктілік; адамгершілікке тәрбиелеу факторы ретіндегі мұғалім тұлғасы; қоғамдастықтың балалардың адамгершілік тәрбиесіне қатысуы.

Сонымен қоғамның бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиеленуін- жетілдіруде берген тапсырысы мен ана тілінің балаларды адамгершілікке тәрбиелеу кұралы ретіндегі мүмкіндіктерінің арнайы зерттелмеуі, оның практикада ғылыми негізделіп қолданылмауы және бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы ретінде мақал мен мәтелдің мағынасының кең ашылып қарастырылмауы арасында шынайы: қарама-қайшылық орын алып отыр. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда жеке пәндер арқылы оқушыларға адамгершілік теориясын берумен байланысты жұмыстары бар болғанымен оқушы тұлғасының қалыптастыруда адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін қазіргі таңда көкейкесті деп таңдап, арнайы зерттеуімізге негіз болды.

Зерттеу мақсаты : бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуді ғылыми-педагогикалық жағынан негіздеу және мектеп практикасына тиімді енгізудің жолдары мен әдістерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының мектептің оқу- тәрбие жұмысы арқылы орындайтын адамгершілік іс-әрекетінің мәні мен құрылымын анықтау.

2. Бастауыш мектепте оқушыларды жеке пәндер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу үрдісінің моделін құру.

3. Кіші жастағы оқушыларды сыныптан тыс іс- шаралар арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін және ұтымды жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны - бастауыш мектеп оқушыларын оқытылатын жеке пәндер мен халық тәжірибесін үлгі ету арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларын ана тілі, дүниетану және еңбек пәндері арқылы адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі

Зерттеудің ғылыми болжамы . Егер бастауыш сынып оқушыларына мектептің оқу- тәрбие жұмысында жүргізілетін жеке пәндер және сыныптан тыс іс-шаралар арқылы орындалатын адамгершілік іс-әрекетінің мәні мен құрылымын зерттеуде халық тәжірибесін үлгі ете отырып, адамгершілікке тәрбиелеу үрдісінің моделіне негізделген жолдары анықталса, онда кіші жастағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімділігі әлдеқайда артады және жалпы жоғары сана, ізгі қасиеттер қалыптасар еді.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; бастауыш мектептерде жеке пәндерді оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесінде пайдалану жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеп қорыту, педагогикалық бақылау жасау, сауалнама жүргізу, сұрақ-жауап, интервью алу, әңгімелесу өткізу, мектеп құжаттарын талдау, педагогикалық эксперимент өткізу, алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу.

Зерттеу базасы : Тараз қаласы, № 48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп

Курстық жұмысының құрылымы диплом кіріспеден, екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қорытындыдан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеуде таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі дәлелденген және нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері, зерттеудің теориялық-практикалық мәні баяндалады.

Қорытындыда курстық жұмысты зерттеу бойынша тұтастай қорытынды жасалады және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріліп, қарастырылып отырған проблеманың перспективасы айқындалады.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Оқушы тұлғасының қалыптасуына адамгершілік тәрбиенің ықпалы, педагогикалық мәні мен сипаты

Жеке адамның дүниеге көзқарасының ұтымдылығы және тиімділігі сол көзқарастың өмірдегі қайшылықтарынан туындайды. Дүниеге көзқарас, дүниетаным қайшылықтары арқылы айқындалады. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, еркіне ықпал жасайды, ал сезім сананы бекітеді, ерікке дем береді. Ерік сана арқылы сезімді басқарады. Баланың санасы ғылымды меңгерудің нәтижесінде қалыптасу, көзқарасы, сенімі бекиді. Сенім- дүниеге қатынасын, көңіл-күйін білдіретін болмыстың мида ерекше бейнелеу түрі. Сезім- күрделі құбылыстардың бірі. Сезім сұлулық, әдемілік, адамгершілік, өнер арқылы тәрбиелеу барысында қалыптасады.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы, өнегелі эстетикалық адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуде сурет, ән, ана тілі сабақтарының орны ерекше. Сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысып оқушылар музыка, көркемсурет, кино, театр, би, спорт, еңбек арқылы тәнім-тәрбие алып өз сезімдерін бекітеді.

Адамгершілік тәрбиесі біртұтастық оқу-тәрбие процесінің негізгі болып табылады. Адамгершілік мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады.

«Мораль» (латыншасы моранис, қазақшасы - әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың эстетикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т. б. ) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы. Моральдың сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір таптың, әлеуметтік топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр түрлі көзқарас болғандықтан, мүдделер де қарама-қарсы болады, әртүрлі моральдар қатар өмір сүреді[6, 32] .

Бүгінгі жағдайда бұрыңғы Кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерген. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, жанұяда, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты. Этика - бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі.

Этикаға нормативті этика және мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің әр түрлі нормалары қоғамдық тұрмыстағы сан алуан формалары жайлы ілімдер жүйесін біріктіреді. Адамгершілік норма - адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ерекшеліктері бойынша немесе тиым салу арқылы реттеліп отыратын адамгершілік қағидалар формасы.

Гуманистік мораль шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілдікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап уағыздайды.

Бүкіл адам баласына әр қоғамда ұзақ уақыт өзгермейтін моральдық этиканың нормалары бар. Осылар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастарға үлкен әсер етеді, ықпал жасайды. Мораль адамның - мінез құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. Әсіресе мына заманда: нашақорлық, алдау, арбау, сөзге тұрмау, жауыздыққа бару, жақындарына қамқорлық жасамау т. б.

Мораль - қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың ара-қатынасынан туындайды; адамгершілікке жататын, немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Біз мұны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.

Адамгершілік, өнегеліліктің өзі өнегелі саналы идеял деп бөлінеді. Өнегелі немесе адамгершілікті сана - адамның қарым-қатынасынан, оның эмоциялдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. Өнегелілік баланың жас күнінен бастап, атаананың үлгісінен басталып ағайын туыстың, жора-жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге - адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілі саналылығы, ерекшеліктерінің жиынтығы.

Өнегелілік - сезімнен, ұлттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұятты бар адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашанда өнегелі болуға тырысады, жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа адамда жігер, ерік болуы керек. Сол ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім арқылы) білуі қажет. Өнегесіздікке жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін, ар-ұят, ерік, жігерден басқа өнегелі дағды керек, өнегелілікке дағдылану керек[21, 30] .

Адамгершілік тәрбиесі - тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас балалардың адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдаланады, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалық қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет дағдылары қалыптасады. Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси-әлеуметтік сананылығын (гуманизм, ұлтжандылық, отан сүйгіштік), дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар өткізіледі. Этикалық әңгіме, пікір сайыс, лекция өткізу және көркемөнердің түрлі салалары мен әдебиет кеңінен пайдалану адамгершілік тәрбиесіндегі игі істер болып табылады.

Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиесінен басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін, ілтипаттылығын, орындағыштығын, жауапкершілігін қалыптастырады. Әр қоғамда, барлық өмірде, еңбекте, тұрмыста, жанұяда, тапаралық, халықаралық қатынастарда мораль адамның сана сезімін реттеді, қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесіне тән міндеттер бар. Олар:

  • Оқушылардың адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;
  • Олардың санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;
  • республикаға, оның Президентіне, әнұранына, рәміздеріне, шәкірттердің ізеттілік сезімін тәрбиелеу.

Бұл міндетті іске асыру оңай емес. Ол үшін тәрбие шаралары ұтымды болуы керек, балалардың жас ерекшеліктерін ескерсек жөн, объектіге - шәкіртке ықпал етушілер бірауызды болғаны керек [29, 30] .

Бастауыш сыныпта оқушылардың адамгершілік, достық, жолдастық, Қазақстан туралы ұғымдары қалыптасады, кеңелді. Ұстаздарды, үлкендерді, туыстарды, ата-аналарды құрметтеуді еңбектенуге ізеттілік норманы сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, түсінісуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі, жанұядағы, қоғамдағы, қоғамдық орындардағы өзінің мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі. Осы сыныптың оқушылары оқу-тәрбие процесінде өздерінің дербес және қоғамдық мінез-құлқы туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны кеңейтіледі.

Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерде зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың педагогикалық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенін байқадық.

Ал, Р. Үсембаева «А. Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу» атты диссертациясында А. Байтұрсынов еңбектерін бастауыш сынып үшін саралап, «Ахмет тағылымдары» атты арнайы бағдарлама мен әдістемесі арқылы бастауыш сынып оқушыларның адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мүмкіндіктерін тәжірибелік жұмыстар арқылы дәлелдейді [15, 16] .

Ал, Л. К. Керімовтың қиын балалар тәрбиесіне арналған еңбегінде, оларды «қиын балалар» етіп тәрбиелейтін әлеуметтік жағдайларға ғылыми талдау жасай келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетеді. Әсіресе, қиын балалардың мінез құлқын түзетуде адамгершілік тәрбиесінің ықпалының мол екеніне тоқталады[13, 18] . Көпұлттық Қазақстан жағдайында аралас мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесі В. А Кимнің еңбегінде негіз болады. Әр бір этникалық топтың бір ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшеліктеріне салт-дәстүріне, әдеп-ғұрыптарына аса мән бере отырып адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда әр ұлт өкілдерінің ықпалын жан жақты ашып көрсетеді.

Қоғам дамуының жаңа кезеңінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйесін жасалған. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе адамгершілік адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олармен адамгершілік қарым-қатынасы адамгершілік тәрбиесінің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның оның жанды саласы-мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне тоқталады.

ХІХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында адамгершілік тәрбиесінің даму тарихын зерттеген. Э. А Орынбасарованың еңбегінде қазақ төңкерісіне дейін және төңкерістен кейін де қоғам дамуында адамгершілік тәрбиесінің басты орын алғанына архив деректерін енгізге ала отырып тұжырымдайды[21] .

Ал, болашақ мектеп мұғалімдерін мектепте адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыруға байланыста А. А Калюжный, А. А Аманжолова, С. Қ Әбілдинаның еңбектері арналған[18, 23 ] .

Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық, негізін айқындау керек.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру-өмір талабы. Әр халықтың ұлттық тарихи дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалектикалы білімі осы оқу-тәрбие үрдісінде тікелей байланысты.

Қазақ халқы елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын сақтап, қорғап, рухани адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, жасалуы керек. Ұлы ойшыл, ғұлама ғалым әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген өсиет сөзі бүгінгі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ.

Дулат жыраудың:

«Ақылменен теңгеріп, қайратыңа дем беріп,

Өзіңді - өзің меңгеріп, қайырудағы сұңқардай.

Мезгілінде жем беріп, қымтап ұста тізгінді.

Анадан да сақ болып, тарпаң атқа мінгендей.

Алдыңа бесік өңгеріп- мақсатыңа сүйтіп жет!» - деген өлеңінен қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасын айқын аңғарғандаймыз[19] .

Болашақ ұрпақ тәрбиесі - ата бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Себебі, артта қалған із қандай болса ұрпағыңның болашағы сондай. Сондықтан бала тәрбиесі, әсіресе бүгінгі күнде, балабақшалар саны көбейіп, халықтың экономикалық жағдайы көтеріліп келе жатқан кезде, өте өзекті мәселенің бірі болып табылады. Қазақтың белгілі ақыны М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты кітабында «Жалпы педагогика екі нәрсе жайында сөйлейді: дене тәрбиесі, жан тәрбиесі жайынан» деген. Сондықтан менің бүгінгі өрбіткелі отырған тақырыбым, ол баланың алдағы уақытта үлкен әріппен жазылатын «Адам» болып шығуы үшін «жан тәрбиесінің» өте қажеттігі туралы. «Жан тәрбиесінің» бір көрінісі адамгершілік тәрбиесі туралы болмақ. ХХІ ғасыр - тоқтаусыз даму прогресс - бәрі дұрыс, бәрі болуға тиісті, бірақ адам бойында, яғни, бала бойында адамгершілік, мейірімділік түсінушілік деген ұғымдар қалыптаспаса, адам ХХІ ғасырдың робытына айналуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез туралы
Оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыру
Дарынды баланың психикасын зерттеу
Балалар мінезінің психологиялық қасиеттері
Балалардың типтік мінез бітістері
Тұлғаның қоғамдағы алатын орны
Оқушы мінезін қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық шарттары
Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары
Мінез туралы түсінік
Мінездің табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz