Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . . .
1. 1 Халық педагогикасындағы тәрбие салалары бойынша ғалым педагогтардың еңбектеріне шолу . . . 7
1. 2 Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны . . . 13
2 ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АСЫЛ МҰРА . . .
2. 1 Халық педагогикасындағы тәрбие негіздері және оның бала тәрбиелеудегі маңызы . . . 21
2. 2 Бастауыш сыныптың тәрбие жұмыстарында халық педагогикасын пайдалану жолдары . . . 29
Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі . . . 36
Қорытынды . . . 39
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 40
Кіріспе
Жас ұрпаққа ұлтық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” халыққа Жолдауының “Қазақстан мұраты” бөлімінде былай баяндалған: “Ол ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды… Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар… күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады” [1] . Ал Қазақстан Республиканың “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге әлемдік және отандық мәдениеттің жетістік түріне барлау, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру”, - деп айрықша атап көрсетілген [2, 10] .
Егер Президенттің халық жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені дамытудың перспективасы десек, онда “Білім туралы” заңда білім жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі шығады. [1, 30]
Орыстың әйгілі педагогы К. Д. Ушинский “Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Тәрбиенің негізінен халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек” дейді.
Ал көркемсөз зергері, академик- жазушымыз М. О. Әуезов:“Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік қасиеттер мен гуманизмді . . . Сол халықтың өткендегі өмірінен, аңсау-арманынан, әдет-ғұрпынан, халықтық ұжымдық тәрбиенің жемісін көреміз” деп әдебиеттің тәлімдік мәніне ерекше тоқталған болатын. [11]
Қазақтың тұрмыс-салтымен байланысты туған өлең-жырлары мен жиын-тойлардағы ақындар айтысында, ұлттық ойын түрлерінде, терме, толғаулар мен мақал-мәтел, афоризм сөздерде, билердің шешендік сөз өнерінде көзделетін мақсат, біріншіден - ас пен тойды қызықты ету көрермен көңілін көтеру болса, екіншіден - адамның көңіл-күйіне сөз құдіретімен әсер ету, жүрек тебіренісін туғызу, үшіншіден - жиынға қатынасушы үлкен-кішінің бәріне ақыл-нақыл айту, ой салу, жақсыдан үйренсін, жаманнан жиренсін, тәлім алсын деген ойдан туындаған. Халықтық шығармалар мен ұлттық ойын түрлеріндегі негізгі ой түйіні ұрпақтың еңбек сүйгіш, елгезек, малсақ болып өсуін көздеу, еңбекке, өнерге тәрбиелеу. Осы мақсаты ата-ана, отбасы үлкендері, ауыл-аймақ, ел-жұрт болып ұжымдасып, бірлесіп іске асырған.
Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысын сөз ететін болсақ профессор И. Т. Огородниковтың, Г. Н. Волковтың “Этнопедагогика” атты еңбегіне жазған пікіріне сүйеніп, халық педагогикасы таза халықтық тәжірибеге негізделген тәрбиенің эмприкалық түрі және ол этнопедагогиканың ғылыми зерттеу обьектісі деп қарауға тура келеді. [26, 32] .
Ал академик Г. Н. Волков өзінің жоғарыда аталған еңбегінде халықтық педагогиканың түрлерін ой елегінен өткізіп, зерттеп, оны оқу-тәрбие ісінің құралы етудің жолдарын және оның шығу тегін, даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен (этнография, фольклористика, лингвистика, т. б. ) байланысын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы этнопедагогика екенін ғылыми түрде дәлелдеп берген болатын [32, 26] .
Қазақ этнопедагогикасының да өзіндік туып, қалыптасу өркендеу тарихы бар. Ол жөнінде профессор С. Қалиев өзінің “Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері және тарихы” (1998) атты монографикалық еңбегінде Ресей ғалымдары Г. Н. Филонов, Г. Н. Волков, Л. Н Гумилев, Е. Л. Христова, В. Ф. Афанасьев Орта Азия және Азербайжан, Татарстан елдерінің ғалымдары А. Ә. Измайлов, Н. Сафаров, К. Пралиев, А. Ш. Гашимов, Я. И. Ханбиковтердің теориялық еңбектеріне сүйене отырып, қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасу дәуірін ғылыми методологиялық тұрғыда үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші - қазақ этнопедагогикасының алғаш туа бастау кезеңі деп атап, оған Х1Х ғ. екінші жартысында өмір сүрген қазақтың демократ - ағартушылары Шоқан, Ыбырай, Абай сынды үш алып тұлғаның педагогикалық көзқарастарын жатқызады. Ал екінші этнопедагогиканың ғылыми теориялық тұрғыдағы қалыптасу кезеңіне 1920 -1936 жылдарды алып, Ахмет Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Н. Құлжанова, Х. Досмұхамедов, М. Әуезовтердің ғылыми зерттеу еңбектерін арқау еткен. Үшінші - тоталитарлық саясаттың кесірінен 30 жылдық үзілістен кейін қайта туған қазақ этнопедагогикасының өрлеу кезеңіне 1970-1995 жылдарды жатқызады. [26, 40] Ал таяуда “Білім” баспасында жарық көрген “Қазақ этнопедагогикасының кеңестік дәуіріндегі тарихы” атты монографиясында ұлттық педагогиканың іргетасын қалаушы Әмірхан Сыдықов, Шәрәпи Әлжанов, Әбдіхамит Сембаев, Төлеген Тәжібаев, Қартбай Бержанов, Құбығұл Жарықбаевтардың еңбектеріне тоқтала келе, ұлттық тәрбиемен арнайы айналысқан Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Балтабай Адамбаев, Мұзафар Әлімбаев еңбектеріне тоқталып жан -жақты талдау жасайды.
Еліміздің егемендік алуы қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесінің өсуіне, оның ғылым, мәдениет, саясат, халықаралық қарым-қатынас құралына айналуға мүмкіндік туғызды. Ол ғылым тіліне айналды.
1994-98 жылдары Білім академиясы профессор Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиевтардың басшылығымен қазақтың 14-ғасырлық тәлімдік ой-пікір Антологиясының екі томдығы шығарылды. [23, 40]
Қазақ этнопедагогикасының проблемаларына арналған ондаған монографиялық теориялық еңбектер баспа арқылы жарық көрді. Солардың ішінде С. Қалиевтың “ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер” (1990), “Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ ағартушылары” (1993), “Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері” (1998), “Қазақ этнопедагогикасының тарихы” (1999), С. Ұзақбаеваның “Тамыры терең тәрбие” (1995), М. Әлімбаевтың “Халық ғажап тәлімгер” (1994), Қ. Ж. Қожахметованың “Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика” (1998), т. б. еңбектерді ерекше атауға болады.
Халық педагогикасын орта мектептерде факультативтік сабақ ретінде өткізу қолға алынды. Ол пәндерге арналып М. Құрсабаев, З. Ахметова, Ә. Табылдиев, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Ә. Ашайұлы, С. Иманбаева, С. Ұзақбаевалардың бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. [31, 26]
Сондай - ақ орта мектеп оқушыларына арналған С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смаиловтардың “Қазақтың салт-дәстүрлері” (1994), Ж. Базарбаев, Ж. Нұсқабаев, Қ. Дәулетовалардың “Инабат” (1995), Ә. Табылдиевтың “Тәрбие тағлымы” (1996) атты оқулықтары шықты. Этнопедагогика пәні бойынша педвуздарда спецсеминарлар өткізіліп, кафедралар ашылды. З. Әбілова, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Бөлеевтер бағдарламалар жасады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған З. Әбілованың лекциялар тезисі, ал С. Қалиев пен Қ. Жарықбаевтардың “Қазақ тәлім-тәрбиесі” (1995) атты оқулықтары шықты. [26, 32]
Соңғы жылдары салт-дәстүрді халық педагогикасында қолдану проблемасына бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды. (Т. Ш. Қуанышев, А. С. Мағауова, Қ. А. Сарбасова, Қ. К. Болатбаев) [4]
Т. Ш. Қуанышевтің зерттеуінде болашақ денешынықтыру мұғалімдерін дайындауда ұлттық ойындардың құралдарын пайдаланып, олардың ұлттық ойындарды мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға және өткізуге даярлығының қалыптасу нәтижелері баяндалған. [32]
Педагогикасының прогрессивті дәстүрлерін жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға болады, дегенмен, сол санаулы ғана жұмыстардан бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау проблемасының теориясы мен практикасы әлі зерттелмегенін көруге болады. Берілген проблема, сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындаудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерінен тікелей келіп шығады.
Сонымен, қазақ мектептері практикасында ұлттық тәрбиені жүзеге асыру, бастауыш сынып мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлық деңгейінің негізінде жасалынбауы арқасында қайшылық туындап отырғаны зерттеу проблемасын айқындауға негіз боллды. Сонда проблеманың көкейтестілігі мен практикадағы маңыздылығы бізге зерттеу тақырыбын “Бастауыш мектеп оқушыларын ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің педагогикалық негіздері” деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу мақсаты - бастауыш сынып оқушыларын ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін жасаудың теориялық және практикалық негіздемесін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш мектеп оқушыларын халық педагогикасындағы ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің педагогикалық негіздерін жасау.
2. Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасындағы оқу тәрбие ісіндегі теориялық практикалық негіздерін анықтау.
3. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі көрсеткіштері олардың этнопедагогикалық білімдері, іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуы және дамуы арқылы көрсету.
Зерттеу нысанасы: - халық педагогикасының тәрбие негіздері.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жұмыстарында салт-дәстүрлерді пайдаланудың жолдары.
Зерттеу әдісі: - теориялық талдау, әңгіме, сауалнама.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: (2017-2018 оқу жылдары)
Бірінші кезеңде зерттеу проблемасының теориялық негіздері жасалды, ұлттық салт-дәстүрлерді мектептің оқу-тәрбие ісінде пайдалану жайлары, барысы анықталып, оларды жақсарту және жетілдіру жолдары белгіленді. Алынған материалдар зерттеудің ғылыми аппаратын және оның болжамын жасауға негіз болды.
Екінші кезеңде бастауыш сынып оқушыларының арасында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Бұл кезеңнің нәтижесінде жинақталған материалдар қорытындыланды.
Үшінші кезеңде жинақталған материалдар, алынған нәтижелер мен қорытындылар бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне ендірілді.
Зерттеу орны: Тараз қаласындағы №48 мектеп, бастауыш мектептің оқушыларын ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеу жолдары.
Зерттеу болжамы - егер бастауыш сынып мұғалімдері оқу барысында этнопедагогикадан теориялық және практикалық білімдерді меңгертіп, бастауыш сынып оқушыларына ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбие берудің формалары және әдістерін пайдаланса, онда сабақтарда салт-дәстүрлерді пайдалану тиімді болар еді.
1 ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Халық педагогикасындағы тәрбие салалары бойынша ғалым педагогтардың еңбектеріне шолу
“Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес келешек өз
заманына лайық қылып шығару… әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі”.
М. Жұмабаев
Х1Х ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 30 жылдары өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, рухани, әдеби өміріне белсене араласқан, өздері мұғалімдік қызмет атқарған қазақ ағартушы педагогтарының ұлтық идеялары туралы ой-пікірін зерттеу осы кезде ерекше маңызды мәселе.
“Халықтың педагогикасына - делінген қазақ кеңес энциклопедиясында, - тәрбие жөніндегі халықтық педагогикалық білім тәжірбиесі. Халық педагогикасын зерттеу негізінде педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтың тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, жанұя тәрбиесінің тәжірбиелері т. б жатады…
Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру” (Х том, Алматы, 1977, 591-бет) [11]
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдерде болған. Мәселен мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл - ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда әсемдік тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәсілдік материал ретінде пайдаланылады. Демек, халықтың педагогика - тәлім-тәрбиелік ой- пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт осындай халықтың мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың озығымен қатар тозығы да бар. Ең негізгі мәселе - бұларды бүгінгі күннің талап-тілегімен байланыстыра пайдалана білу болмақ.
Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы-қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады.
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік- барлық мәдени үлгі- өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі-әдеп деп аталады. Халықтық әдеп-ұрпақ тәрбиенің өзекті арқауы.
Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы - салт-дәстүр деп аталады. Яғни, дәстүр - қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс -әрекет ешкімнің “нұсқауынсыз” еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы: қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарады да, ал “әмеңгерлік”, “атастыру” салты бірте-бірте өмірге қолданылудан қалды.
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттың санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы - салт-сана деп аталынады. Ұлттың санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші - ұлттың намыс, ұлттық абырой. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.
Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, санаулы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің, әсіресе, аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт -дәстүрлерінің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық ролі орасан зор
Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата -бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы - сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, мақал - мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдері сан ғасыр бойы өз ұрпағын “сегіз қырлы, бір сырлы”, өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар - ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде.
Жастардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін - жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ата - бабамыздың салт - дәстүр негізін ұстансақ, өте ұтымды болар еді. “Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара - пар”, -деп Л. Н. Толстой айтқандай, ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес.
Өкінішке орай, ұзақ жылдар ұлттық салт - дәстүр атаулыны аяқ асты етіп, ана тілі мен ұлт мәдениетіне дұрыс көңіл бөлінбегендіктен, біршама жастарымыздың тілін, дінін, салт - санасын ұмыта бастағаны шындық. Бірақ біз ол үшін жастарды кінәлай алмаймыз. Бұның барлығы ұлттық тәлім - тәрбиенің мектептерде, отбасында пәрменді жүргізілмеуінен туындаған көріністер.
Ұлт мақтанышы Абай: “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрсені ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады” - деген (А. Құнанбаев, екі томдық жинағы. 2 том. А., 1977, 155 - бет) [42]
Ал, ақын Мағжан жалпы тәрбие мәселесіне қатысты “Жетекші сөзде”: … жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды. - деп жазады (М. Жұмабаев. Педагогика, А., 1992, 13-14 бет) . [5, 6] .
Бала - отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да, тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Қазақта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”, “Әкеден - ақыл, анадан - мейір”, “Баланың бас ұстазы - ата-ана” деген сөздер тегін айтылмаса керек. Соған орай ұлттық тәрбие де бесіктен басталуы тиіс. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен шешенің, апа-қарындас, аға- інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі қарым-қатынасы, бір-біріне көзқарасы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы - ұлттық тәрбиенің бастау-бұлағы емес пе? Баланың ата-ананы, жасы үлкенді, құдайы қонақты сыйлауы, үлкенді аға тұтуы, іні- қарындастарына қамқоршы, қайырымды бауырмал болуы отбасындағы көрегенділікке, көрген - білгенін есте сақтап, тәлім алуына, үлгі - өнеге тұтуына байланысты болады. Атасы мен әжесінің балаларға жұмбақ айтуы, жаңылтпаш, өлең-жыр жаттатуы немесе қамшы өргізу, кесте тіктіру сияқты әр түрлі өнерге баулуы бала үшін үлкен тәрбие болып табылады.
“Алтын кездік қап түбінде жатпайды” дейді халық даналығы. Бұл ой мен сөздің түпкі сырына ден қойсақ, шын асыл, қазына қилы кезең шытырман уақытта дананы мен сананы өзгерпейді. Біз бұны қоғамдық - саяси, мәдени- рухани өмірге демократиялық бағыт кең өріс алған бүгінгі шақта айқын аңғарамыз. Асыл қазынамызға тереңірек үңілетін болсақ, біз болашақ ұрпағымызға үлкен тәрбие берер мол байлыққа кенелеміз. Қазақта бір де бір сөз тегін айтылмаған ғой. Сөзден құдіретті не бар?
Бұрынғы уақытта жастарды ата-ананың не ақсақал кісілердің наразылық білдіруі қатты шошындырған. Олар жаман сөз есітпеуге, наразылыққа ұшырамауға, қарғыс емес, алғыс алуға ұмтылған. Сөйтіп, адамгершілікке, ізгілікке жақсылыққа, адалдыққа, әділдікке сай тұрғыда тәрбиеленген. Халқымыз жас ұрпақты тәрбиелеуде даналық сөздерге де көп назар аударған. Соған орай оларды оқытып - тәрбиелеу жайында небір сындарлы пікірлер айтқан. “Баланы таба білсең, баға да біл”, “баланы сүйсең, тәрбиесін сүй”, “Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді”, “Балапан ұяда не көрсе, ұшарда соны іледі” - дейтін мақал-мәтелдер баланың әке-шешесінен алатын тәрбиесі қандай болса, көп жағдайда оынң алдағы өмірі де соған орай құрылады деген ойды аңғартады. Ал, баланың ең басты адамгершілік қасиеті әке-шешесіне үлкен құрмет көрсетуінен көрінбек. Осы тұрғыда дана ойшылдарымыз айтып кеткен ұлағатты сөздеріне құлақ түрмеске болмас. Қорқыт атамыз: “Анадан өнеге алмаған қыз жаман” - десе, Дулат ақын: “Ата-анаңды, үлкендерді тыңдап, дана қариялардың ақылын алсаң, жақсы азамат болып өсесің, олардың ақыл-кеңесі әр уақытта алдында шырақтай жарқырап жанып, жол көрсетіп тұрады. Қисық-қыңыр мінезді бойыңа дарытпауға, теріс жолға түспеуге жағдай жасайды”, - дейді. Ал Ақтамберді жырау:
Меккені іздеп нетесің,
Меккеге қашан жетесің?
Әзір Мекке алдында,
Пейіліңмен сыйласаң,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz