Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТ- БАЛАНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ІС-ӘРЕКЕТ
1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.
2. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды
педагогикалық тұрғыда
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың
психологиялық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 12
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БАЛАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың
жолдары мен
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
6
2.2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудағы озат
ұстаздардың іс-
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 18
3. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...29

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың
жолдары

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының
енуіне байланысты күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен
белсенді қиялдауға бейім шығармашыл тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі
кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда.
Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз
шығармашылық әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру
жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: педагог
қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген
деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке
шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті делінген.
Ұзақ жылдар бойы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
проблемасы түрлі ғылым салалары – философия, педагогика, психология,
лингвистика т.б. өкілдерінің назарын аударып келеді. Бұл қазіргі қоғамның
жаңа проблемаларды қоя білетін, сапалы шешімдер қабылдауға қабілетті,
игерген білімін үнемі іске асыруға ұмтылатын белсенді тұлғаларға
мұқтаждығының күн санап өсуіне байланысты. Себебі бүгінгі күні талант пен
шығармашылық дарындылық – экономикалық өркендеу кепілі.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды
өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып
жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле
бермейміз.
Адамның шығармашылық іс-әрекетінің бүкіл тіршілік көзі ретінде
адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен
жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі екендігі, әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі
ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде
сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізудегі орны философия, психология,
педагогика ғылымдарында қарастырылған: Шығыс ойшылдары әл-Фараби,
Ж.Баласағұн және қазақ ойшылы А.Құнанбаев, философтар Ғ.Есім, Д.Кішібеков,
Ә.Нысанбаев, М.Орынбеков еңбектерінен кең орын алған. Сонымен бірге шетел
философтары Платон, Гегель, И.Фихте, Декарт, Д.Дьюи, И.Кант, Г.Лейбниц,
Б.С.Гершунский және т.б. еңбектерінде жан-жақты талданған.
Педагогика және әдістеме саласы бойынша оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту мәселелерін Ж.А.Қараев, С.Қ.Қалиев, Ш.Т.Таубаева,
К.Ж.Қожахметова, К.Оразыханова, Б.А.Тұрғынбаева, М.М.Жанпейісова,
Ә.С.Әмірова, К.М.Нағымжанова, Д.Н.Исабаева және т.б. зерттеген.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс
уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту өскелең буынға
тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады.
Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен
байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді
ұйымдастырудың, іс-әрекет субъектісінің шығармашылық сапалық
ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық
және шығармашылық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен дағдарыс кезеңдерін
көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі немесе
мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы –
білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық
таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашыл
адамға айналдыру.
Бастауыш сынып оқушыларында әлемнің көп бейнелі жақтарын
шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының
негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті) ұрпақты
тәрбиелеп оқыту педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп
білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті
зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі - аса маңызды
сұрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары
жетістігі тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткішіне ғана емес,
бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Бастауыш мектеп кезеңі – тұлғаның шығармашылық әлеуетінің
дамуына ең қолайлы жас кезеңі. Бұл жас кезеңіне мыналар тән:
-барлық үдерістердің өту белсенділігі;
-рефлексия мен сынның аз көрінуі, баланың жаңа әлеуметтік топтарға
енуі, мотивация мен өзін-өзі танудың дамуы;
-ересек адамның бағалауының қажеттілігі;
-қиял еркіндігі, сезімталдық;
-жаңа әсер алуға ұмтылу.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу
барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда
оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ
үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың дәстүрлі
емес шешім қабылдауына, шығармашылық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының қызығушылықтары заттық әлеммен
байланысты. Оларға тән жағдай - үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу,
үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып
табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму
деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды
өзгерістер де жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін дамытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарын анықтау
және ғылыми негіздеу.
Курстық жұмыстың міндеті: Бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін баса назарға аударып одан әрі шындап
дамыту
Курстық жұмыстың нысаны: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Жұмыстың болжамы: сабақтарда бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамыту тиімді болады, егер:
- баланың шығармашылық ойлауының еркін көрінуіне ықпал ететін шынайы
шығармашылық ахуал жасалса;
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетке қатысуы қамтамасыз
етілсе;
- шығармашылық қабілеттерді дамыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге
асырылса.

1 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТ- БАЛАНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ІС-
ӘРЕКЕТ
1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді, әлемнің
бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас
жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Қоғамның
әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның
шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.
Қазақстан Республикасының Пррезиденті Н.Ә. Назарбаев Республика білім
және ғылым қызметкерлеріне ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін
реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай
білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар
аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық,
адамдық, отанды сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі
өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.
Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны жан – жақты танымдық
ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға
апару.
Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп дайындалып берген
білімді, дағдарды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық
бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен
ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың
шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру
кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді
жатқызуға болады :
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2. Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік
тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар
мен қарама – қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен
өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан – жақты дамыған, шығармашыл жеке
тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жаңалыққа деген қызығушылық –
басты ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі
білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл
– ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.
Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті
дамытуда қозғаушы күш және жан – жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды
фактор болуы мүмкін.
К. Д. Ушинский: Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл
тудыра қояр ма екен? – деген. Оқушылар бойында Шығармашылық әрекет
тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы И. Я. Лернер жазған болаты,
қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.
В. В. Давыдов Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр, жеке
тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне
байланысты деп есептеген.
Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді : Шығармашылық
– бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрыңғы
нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің соңғылығымен,
біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін – өзі куәландыратын, дәлелдейтін
болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға
болады.
Әрине, мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның
мүмкіндіктеріде зерттелген. Айталық, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері
В. В: Давыдов пен В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылады. Бір нәрсені
жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де
қалыптаса бастайды. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге
асады да, даму өнімі қиял, елес болып есептеледі. Бастауыш мектепте
шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі – оқуға
құштарлық, ынталық. Жасөспірімдік кезінде оқушы оқу әрекетінің жеке – дара
субъектісі ретінде дами бастайды, В. В. Давыдов шығармашылық тұлғаның
сипаттамасы деп осыны есептейді.
Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты – оқушыда өз жеке
білім траекториясын тыңдау қабілеттігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни,
педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін
әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет – оқушыны өз жеке
шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже
туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.
Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір
жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән
төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық
әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгерумен
бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы.
Шығармашылық бұл шынай өмірде баланың өзін – өзі тануы.
Жалпы білім беру үрдісінде :
- жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып оқыту үрдісін
демократияландыру және ізгілендіру, субъект қатынастар қалыптастыру,
сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету,
сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық
қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде :
- мәселені қарастырудағы қырағылық көрегендікті;
- ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығы;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады;
Адам әрекеті :
- шығармашылқтардағы қарама – қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы;
- шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға және тәсілдер табуға
ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау
тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық
деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен
қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін
табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін
оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа,
адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің
сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің існен
сабақ алуға, әлеуметтік ұстанымның қалыптасуына өз ортасының пікірінің
әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой – пікірлері қалыптасып
сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді. Ортақ іске
өзін – өзі қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді.
Оқушының өзіндік жұмысы талқыланады.
Шығармашылық тапсырмалар орындауда шағын топтармен жұмыс жасау – бұл
ең әйгілі стратегиялардың бірі, өйткені ол оқушылардың жұмысқа қатысуына,
ынтымақтастық дағдысын тәжірибеден өткізуде, тұлға аралық өзара қарым –
қатынаста (белсенді тыңдау, жалпы пікір қалыптастыру, түрлі көзқарастың
шығуына рұқсат беру, өзгені тыңдап, өзін тыңдата білу) зор мүмкіндіктер
береді.
Топпен жұмыс жасауда аудиторияны үнемі айналып өтіп, тек қажет болған
жағдайда ғана көмекке барыңыз. Шағын топта қандай дағдыларды меңгеру
керектігін сезінуге мүмкіндік беріңіз.
Оқушыларды топтарға бөлуде, тәжірибелі әдістемешілер топ құрамын әр
түрлі, яғни әр түрлі мүмкіндіктегі күшті, орташа және әлсіз оқушылардан
құралуын қамтамсыз етеді. Әртекті топта шығармашылық ойлау ынталандырып
отырады. Оқушылар уақытының көп бөлігін өз көзқарасын ұсыну, мәселелерді
жан – жақты талқылау және сұрақты құрастыруды үйренуге жұмсайды. Мұндай
топтар оқушылар арасында жүйелі қарым – қатынас орнатады.
Топ құрамын ұзақ уақыт бойы өзгертпей сақтау топ ішіндегі шеберліктің
қалыптасуына ықпал етеді. Сондай – ақ топ құрамын ауыстыру барлық оқушыға
түрлі адамдармен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге топ
мүшелерін әр түрлі ролдерге бөлуге болады. Рөлдердің бөлінуі кез – келген
оқушыны жұмысқа белсенді атсалысуына итермелейді. Егер топ құрамын тұрақты
сақтаса, онда оқушылар арасындағы ролді ауыстырып тұруға болады.
Шағын топтардағы жұмыс тәсілін пайдалану арқылы тапсырмалады орында:
- Тапсырманың әр кезеңін орындауға қанша уақыт бергеніңізді
жариялаңыз.
- Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қажет мысалдарды, мәліметті
таратыңыз, содан кейін тапсырманы орындауға кірісуін сұраңыз.
- Бір топтан екінші топқа жылжып отырыңыз және оқушыларға топтағы
жұмыс ережесін орындауға көмектесіңіз.
- Топтағы жұмысты аяқтаған соң, тапсырманы орындаудың нәтижесі
жөнінде баяндау үшін топ өкілдеріне сөз беріңіз. Плакаттар, кестелер,
суреттер және өзге де көрнекі құралдарды пайдаланғандарды қошеметтеп
отырыңыз. Сіз өзіңіз де әр түрлі топтың тапсырманы орындау нәтижесін
енгізетін кесте жасап алсаңыз болады.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы
арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды
қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады.
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы
өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің
ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек
білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай
шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек –
деген. Осы тұрғыдан қытай халқының мақалында : Тыңдасам ұмытамын, көрсем
есте сақтаймын, жазсам түсінемін деген екен.
Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес,
бағалаушы емес, танымдық іс – әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық
істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ған оқушы интеллектісінің көзін ашып,
шығармашылығын дамытады.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан
тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар
мен олимпиадалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың, ата –
аналармен біріктірілген сабақтардың маңызы зор.
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру
қажет.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылқ
бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық
қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс – әрекет және ойын
арқылы бастаған дұрыс. Сондықтан сабақты қызығушылықты ояту кезеңінде
суретті ойындар, сөзжұмбақтар т.б. тәсілдерімен бастап оны тақырыпқа
байланысты етеп алған дұрыс.
Оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық
тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Шығармашылық
жаттығу, ойын тапсырмалардың мазмұнын балалардың жас ерекшелігіне,
қызығушылығына үйлесуі керек.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз
туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай,
шығармашылық бағыт – бағдар беріп отыру.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар : Сәтсіздікке ұшыраймын,
қолымнан ешнәрсе келмейді деген қорқыныш сезім, екінші – өзіне тым риза
болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың
жолдарын табу :
- оқушылардың шығармашлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде,
үйде қолайлы жағдай жасау;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптасытрып
отыру.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және
сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.
Олар мынадай :
- тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта
пікірталас тудыру;
- логикалық ойлауын дамытатын ойын тапсырмаларды шешу;
- бергілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есетер
құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құрау)
- әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
- қиялдау арқылы сурет салғызу;
- ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру (ақтап алу, қаралау);
- мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Осындай жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы
оқушылар шығармашылығын арттыруға үлес қосуға болады.

2. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды
педагогикалық тұрғыда сипаттау

Шығармашылық жұмыстың оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып,
шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Қорыта келе айтарым оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың
қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс – әрекет құралы және табыстың
белгісі деп білу керек.
Оқу процесіндегі негізгі мәселе – оқушылардың белсенді іс – әрекеті
және шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс – әрекеті
неғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса,
онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы
қарқынды түрде көрінеді. Шығармашылыққа баулуда кез – келген әдісті тиімді
қолдану өзіміздің құзырымызда. Оның сабақ үстінде болсын, сыныптан тыс
жұмыс түрінде болсын, қай жұмыс түрінде де жемісін көруге болады. Тек әр
жұмыс жетістігін марапаттауды естен шығармайық. Барлық жұмыстарда оқушының
қалауын, таңдауы мен ұсыныстарын ескере отырайық. Сонда ғана шығармашылық
жұмыс нәтижесіне жетуге болады. Шығармашылық жұмыс нәтижесі көп жылдық
еңбекті талап етеді.Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау
Шығармашылық қабілеттер бұрыннан зерттеу пәні ретінде
қарастырылып жүр. Өйткені адам қабілеттері мәселесі барлық уақытта да
адамдардың үлкен қызығушылығын тудырып келді.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды
талап етеді.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді.
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп.
Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен
жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері -
дейді А.В.Петровский.
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі
орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті, - деп жазады академик
Т.Тәжібаев.
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Леонтьев,
А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов,
Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол
ұзақ үдеріске айналатынын айтады.
Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар
проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған
мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар
еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір
нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының негізгі
ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде
болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не
төмендеу болып келеді. Бұған қарап, мысалы, музыкаға, не хореографияға
немесе математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен, дарынсыздар
қатарына жатқызу дұрыс емес. Бұл – оның қабілетінің басқа салада
жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру
барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.
Шығармашылық қабілеттер ұғымы шығармашылық, шығармашылық
әрекет ұғымдарымен тығыз байланысты.
Шығармашылық – нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылықтар
болатын әрекет; психикалық белсенділіктің жоғары формасы, жаңа бір нәрсе
жасауға қабілеттілік. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Шығармашылық
әрекет нәтижесінде шығармашылық қабілеттер дамиды және қалыптасады.
Шығармашылық әрекет - өте күрделі үдеріс және ол адамға ғана тән. Мұндай
әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес,
табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.
Шығармашылық қабілеттер немесе креативтілік деген не?
Латын тілінен аударғанда креативтілік ойлап табу, жасап шығару
дегенді білдіреді.

3. Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың
психологиялық ерекшелігі
Шығармашылық ─ өте күрделі психологиялық үдеріс. Шығармашылықты
төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған адам әрекеті деуге болады:
- шығармашылықта қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік және жеке адамға тән мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның даралық қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде әр
түрлі пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында белгілі философиялық
сөздікте шығармашылық деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу, - дей
келе, – ол әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдіретімен болады. Ал адам
шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет - делінген.
Соңғы кезде шығармашылық сөзі мен жаңалық сөзі мәндес, астарлас
болып табылғандай. Психологиялық анықтамаларда берілгендей бұрын болмаған
жаңалық деу үзілді-кесілді мүмкін болғанымен, ерекше соны жаңалық, жаңа
жол, жаңа шешім екенін мойындаған жөн. Ал баланың ашатыны субъективті
жаңалық, ол тек қана өзі үшін жаңалық болып табылады.
Е.П.Торренстің пікірінше, креативтілік - білімдердегі
кемшіліктерді, олқылықтарды қабылдауға қабілеттілік. Ғалым шығармашылық
әрекеттің құрылымында төмендегілерді бөліп көрсетеді:
1. Проблеманы қабылдау.
2. Шешімді іздеу.
3. Болжамның пайда болуы және көрінуі.
4. Болжамды тексеру.
5. Олардың өзгерісін тексеру.
6. Нәтижелерді табу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Жаңа технологияларды пайлану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін дамыту әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Пәндер