Оқу әдістемелік жұмыстар және оны ұйымдастырудың жолдары



Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I тарау. Оқу әдістемелік жұмыстар және оны ұйымдастырудың жолдары
1.1 Әдістерді оқыту және оның классификациясы туралы ұғым ... ... ... ... ... ...7
1.2 Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері ... ..15
1.3 Оқыту заңдылықтары мен принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Оқыту әдісі – оқушыларға білім мен тәрбие беріп, дамыту мақсатын дағы ұстаз бен шәкірттің бірлескен қызметі, қарым-қатынастағы тәсілі. Оқыту әдісі арқылы шәкірттің білім алуы, іскерлікке төселіп дағды қалыптасуы, дүниетанымы мен қабілеті жетіледі.
Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекшелігі бар сөздер.
Құрал дидактикада де рбес терминологиялық мәні бар сөз. Мысалы, дидактикада қолданатын құралддар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар т.б.)
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады – зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.
Педагогикалық энциклопедия «Оқыту әдістері» - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды, - деп жазылған.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I тарау. Оқу әдістемелік жұмыстар және оны ұйымдастырудың жолдары

1. Әдістерді оқыту және оның классификациясы туралы
ұғым ... ... ... ... ... ...7

2. Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері ... ..15

3. Оқыту заңдылықтары мен
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Педагогика. Қоянбаев. Алматы 2004 ж. 263-266 бет.

2. Педагогика. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
(дәріс құралы) Алматы 2003ж. 228-244 бет.

3. Педагогика. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А. Құдиярова. 299-306 бет.

4. Педагогика пәнінің негіздері. Дайрабаев, Дайрабаева. Алматы 2005ж. 130-
137 бет.

5. Жалпы педагогика. С. Б. Бабаев. Алматы 2011ж. 98-107 бет.

6. Педагогика. Ш. Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К.
Ильясова. Фоллиант баспасы. Астана 2007ж. 396-418 бет.

I тарау. Оқу әдістемелік жұмыстар және оны ұйымдастырудың жолдары

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі

Оқыту әдісі – оқушыларға білім мен тәрбие беріп, дамыту мақсатын дағы
ұстаз бен шәкірттің бірлескен қызметі, қарым-қатынастағы тәсілі. Оқыту
әдісі арқылы шәкірттің білім алуы, іскерлікке төселіп дағды қалыптасуы,
дүниетанымы мен қабілеті жетіледі.

Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін
пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі
көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының
өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекшелігі бар сөздер.

Құрал дидактикада де рбес терминологиялық мәні бар сөз. Мысалы,
дидактикада қолданатын құралддар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының
көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі
құралдар т.б.)

Әдіс (методос деген грек сөзінен туады – зерттеу немесе таным жолы),
тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.

Педагогикалық энциклопедия Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар
жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны
игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды, - деп
жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие
жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-
әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру
жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында
мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.

Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына
мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамцытады, өз бетінше
ізденіп жаңа біойын дамцытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге
ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең
бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра
ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің
ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді
білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны
жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты
өмір мәліметтерінен қорытындылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасын
қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал
мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процессін тиімді
ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен
оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Оқыту әдісі және әдістемелік тәсіл ұғымдары бір-бірімен тікелей
байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды
бөлімдер).Мысалы,жеке сөздерді түсіндіру , суреттерді демонстрациялау т.б.

Әдіс пен тәсілдің шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан
олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал
әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады.

Мысалы:

1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе,
онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.

2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты
білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау
тәсілге жатады.

3. Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс
ретінде қолданылады.

4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе,
ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін
қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.

Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытуда
қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық әдіс,арифметикада
бүтін (тұтас) сандар әдісі, химияда және физикада лабораториялық,
практикалық жұмыстар қолданылады.

1.1 Әдістерді оқыту және оның классификациясы туралы ұғым.

Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным
жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағадайын, құбылыстарды
оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді
зерттейтін тәсіл.

Оқыту әдісі танымдылықты оқыту іс-әрекетіне байланысты, дидктикалық
құбылыстың мәндік өзара байланысты және сөздік байланысты, олардың
қозғалысын, өзгертілуін сапалы және бір жүйедегі таным процесі деп
қарастыруға болады. Бұл оқушылардың білім, білік және дағдыларын
қалыптастырудың әдістемелік жолы мен ғылыми-практикалық тиімділігі болады.
Оқыту әдістерін классификациялау, оларды белгілі бір мәтінде бөліп
негіздеу, класстарға бөлу, разрядқа бөлу, оқытук мақсатына байланысты түрлі
авторлар мен белгілі бір тәртіпке жүзеге асырылуы, оқушылардың танымдық іс-
әрекетін, оқыту пәндерінің мазмұнын, оқу процессінің логикасын, сонымен
қатар басқа да ұқсас жалпы ерекшеліктерін, түрлі қажетті жақтарының
көрсетілуі.

И. П. Подласый әдістерді классификацияауды негіздеуді білім көзінен
(практика, көрнекілік, сөз) қарнастырады. Ол мәдени прогресс негізінен
кітапты және келесі он жылдықта бейнетаспамен бірлескен жаңаша компьютерлік
жүйе негізін жаңа аппараттық білім көзі ретінде ұсынады. Соның негізінде И.
П. Подласый әдісті бес топқа бөлді:

А) практикалық: іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек;

Б) көрнекілік: иллюстрация, демонстрациялау, оқушылардың бақылауы;

В) сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, сұхбат, инструктаж, лекция,
дискуссия, диспут;

Г) кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттығу, жалпы қарап шығу, цитаттау,

мазмұндау, жоспар құру, канспектілеу;

Д) бейнетаспа әдісі: көру, оқыту, жаттығу мен бақылау.

Ю. К. Банский оқыту әдісін үлкен үш топқа бөледі:

1 Топ.Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру әдістері .

Олар: А) оқытудың сөздік әдісі: (әңгіме, оқыту лекциясы, сұхбат);
Б) оқытудың көрнекілік әдісі: иллюстрациялау әдісі (плакаттар, карталар,
тақтадағы педагогикалық сурет, картиналар, ғалымдар портреттері т.б.),
демонстрациялау әдісі (приборлар мен жұмыс, іс-тәжірибе жасау, техникалық
құралдар, препораттар). В) практикалық оқыту әдісі (жазба, жаттығу,
лабораториялық жұмыс, шеберханадағы еңбек тапсырмасы, өндірістік оқу
цехтары, оқушылар бригадасы, дыбысты жазу және дыбыстап көрсету
аппаратурасымен жұмыс оқу машинасымен сабақ өткізу, репетитор және тренажер
машинасы т.б.); Г) индуктивтік және дедуктивтік оқу әдісі; Д)
репродуктивтік және оқытудың проблемалы-ізденіс әдісі; Е) мұғалімнің
басшылығымен және өздік жұмыс әдістері.

1. Топ. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекеттің стимулдау әдісі.
Оларға: А) оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдісі; Б)
оқыту мазмұнына ықпалды байланысты әдістері; В) Танымдық ойындар; Г)
оқыту дискуссиясы; Д) өмір ситуацияларын талдау әдісі; Е) білім
сапасын көтеру ситуацияларын жасау; Ж) білімнің қоғамдық қажеттілігін
түсіндіру; З) білімді игерудің қажеттілік әдісі; И) оқытудағы талап
қою әдісі; К) оқытудағы мадақтау және жазалау әдісі.

2. Топ. Оқытудағы өзіндік бақылау әдісі:

А) оқытуда бақылау әдістері; Б) жазба жұмыстарында бақылау әдістері; В)
лабораториялық бақылау әдістері; Г) машинамен бақылау; Д) өздік бақылау
әдісі.

Г. И. Шукина оқытудың төмендегідей әдістерін көрсетті: ақпараттық

дамыту; эвристикалық оқыту әдістері; білімді,білікті және дағдыны жетілдіру
мен бекітуді оқыту әдістері;жаттығу,практикалық жұмыс.

И.Т.Огородниковтың пікірі бойынша:әдістерді классификациялауда түрлі
әдістерді қолдану барысында білім көзінің берілуі мен оның қабылдануындағы
мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен жүйедегі қарым-қатынастық
жағдайын көре алатындай болса деген.Оларға: сөздік оқыту әдісі (мұғалімнің
білім беру мен ауызша мазмұндауы, әңгіме), кітаппен жұмыс әдісі (оқыту
процесіндегі кітаптың орны мен рөлі, жаңа білімді игеруде, білімді
бекітуде, қайталап қорытындылауда, сонымен қатар кітаптағы негізгі тараулар
мен бөліктерді қайталауда, негізгі тауарлардан конспекті жасауда, өтілген
негізгі материялдардың сұрақтарына жауап даярлау, ерекшеліктерін салыстыру,
таблица, схема, рефераттармен баяндама өздігімен даярлау); эксперементалды
сабақ және бақылау әдісі (оқушылардың табиғи құбылыстарды бақылауы,
лабораторияда, мектеп учаскілерінде, экскурсияларда, іс-тәжірибені
демонстрациялау, мұғалімнің білімді ауызша баяндауы); жаттығу әдісі;
графикалық және жазба жұмыстарын жүргізу әдісі, бағдарламалап оқыту (
бағдарламалап оқыту негізгі, талпынысты оқытушылардың өзіндік талпыныста
білімді игеру және білім, білік, дағдыны оқушылардың игеруі, бағдарламалап
оқытудың мәні мен рөлін көрсету, білім мазмұнын бағдарламалау, оқушылардың
өздік жұмысын бағдарламалау, ғылымның негізгі көзін ақпараттау,
бағдарламалап оқытудың кері байланысы, бағдарламалап оқытудың басқа да
формалары мен әдістік оқыту байланысы);оқушылардың білімін бағалау және
тексеру әдісі(мақсат пен білімді бағалау және тексеру түрлері, білімді
бағалау және тексеру принципі, білімді бағалау және тексеру әдістемесі,
бағдарламалап оқытудағы білімді бағалау және тексеру;Мақсатты бағытта
танымдық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің байланысы,
оқушылардың танымдық деңгей белсенділігі, бірлескен оқыту формасы, нақты
және

жалпылама білім беру жолдары әр түрлі оқу әдістерінің классификациясында
қолданылады. Олар:М.А.Данилов, М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов,
Н.А.Сорокин, Н.Ф.Талызына,В.Ф.Паламарчук, т.бғалымдардың еңбегінде
берілген.Әдістерді белсенді және белсенді емес деп бөліп қарастыруға
болмайды. Оқыту әдісіне нейтралды қарауға болады. Бәрі де мұғалімнің
танымдық оқу іс-әрекетінің оқыту әдістерін қолданылып, іске асыру
даярлығына байланысты. Білікті мұғалімнің қолданылған оқыту әдісі
белсенді болады, ал біліксіз мұғалімнің қолында белсенсіз болуы мүмкін.

Сонымен қатар, оқыту әдістері мектептегі танымдылық оқу іс-әрекеті
практикасында түрлі когнитивтік функция атқарады, сондай-ақ білім мате
риалын игеруде, оны бекітуде, білім, білік және, дағдысын жетілдіруде, жеке
тұлғаны дамытуға бағыттау, жаңа қоғамның қалыптасуы барысындағы және
болашақ әлеуметтік кәсіби іс-әрекет жағдайына оларды даярлау.

2. Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны. Оқыту әдісінің мәндік ерекшелігі
оның ішкі мазмұнында, көпобраздық біліктіліктің негізі нде көрініп, өзара
байланысты және танымдық оқу іс-әрекетін іске асыру жолында жағдайда қарама-
қайшылықта көрініс беруі мүмкін.Түрлі оқыту әдістерінің мазмұнын талдауда
оқушыларға білім беру анықтамасын нақтылап алу керек.

Практикада мектептің танымдық оқу іс-әрекетін білім беру оқыту
процесінің негізгі бөлігін құрап, оқушыларды жекедара психологиялық
жағдайда пәндік оқу ақпаратын сапада игеруін қарастырады, оны есте сақтау,
айту және шығарма шылықта игеру, түрлі формада мұғалімнің танымдылықоқу іс-
әрекетін ұйымдастыру мен бақылау іске асырады.

Оқушылардың жеке дара психологиялық қабілеттерінде барлық пәндерді
жоғары сапада игеру күрделі мазмұнды және танымдық оқу іс-әрекетті
формадағы жаоллпы жәнеранайы пәндерге сүйеніпсапалы игеру

жағдайларын байқау. Оқу-танымдық процестеріне зейінінен, ойлауына,
қиялдауына, есіне , тілне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшелігіне, өзінің
эмоционады жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі әлеуметтік білім
беру процесінің мазмұны мен ұйымдастыру формасына көзқарасына байланысты.
Оқу материалдарын сапалы игерту мұғалімнің жеке басы мен оқұушымен қарым-
қатынасына сонымен қатар эрудициясына, кәсіпке қызығушылығына,
педагогикалық тактикасына, оқушылармен жеке дара қарм-қатынасына, өзін
қоршаған құбылыс және пәннің мазмұнын оқу танымдық іс-әрекетке қызығушылық
пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты.

Оқушыларды қажеттілікте оқу күшін жұмылдырып танымдық материалдарды
түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық
оқудың маңыздылығына, тереңдігіне , тұрақтылығына байланысты қиындықтарды
жеңумақсатындағы оқу әдістемесінің мазмұны спецификалық интеллектуалды
құрал болып табылады. И. П. Подласыйдың интерпретациялық оқыту әдістемелік
нақты қарастырамыз.

1.Баяндау. Мақсатқа байланысты бірнеше әңгіме түрлері: баяндап айту,
әңгімелеп бандау, әңгімелеп бекіту. Бірінші жаңа материалды игеру оқушыны
дайындау, екінші берілген мақзмұнды баяндау, үшінші оқытуды аяқтау бөлімі.

Берілген әдістің сапасы мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне,педагогпен
қанша сөз айтып және мазмұндап баяндалғанын, оқушылардың жас ерекшелігіне
байланысты , оның жеткілікті деңгейде ұғым болуы.

Демек оқушыларға білім беруде оллардың қабілеттерін ескеру керек.
Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтау жаңылмай сөйлеуге, сауатты
сөйлеуге үйретеді.

Баяндау қысқа (10 минут), эмоцианалды тұрғыда болуы керек. Баяндаудың
тиімділігі басқадаоқыту әдісі мениллюстрациямен (бастауыш сыныпта), сонымен
қатар мұғалімнің таңдап алған фактілері, адамдар, жағдайлар, туралы уақыт
пен кеңістікке байланысты болуы керек.

2.Әңгіме. Әңгіме мәні бағфытты мақсатта және біліктілікте қойылған
сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп, жаңа білімді
игертілуін, өздігінен ойластырылып және қорытындылау жолдарын жандандырады.
Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойынқай талау болып отырады,
нәтижесінде оқушы адымдап жэаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды
белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып,
оқушылардың танымдық қабілетін жамытуға бағыттайды, таным процесін
оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие
міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі
қалыптастыра тын басқа да әдістер мен қатар қолдану керек. Әңгіме
оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды
қалыптастыруға мүмкіндік бере алмайтындығын ескеру керек.

Әңгімені классификациялау тәсілдерін анықтауға болады. Әңгіме немесе
ұйымдастыру; жаңа білім беру (сократтық, эвристикалық, т.б.); синтездеуші
немесе бекіту; коррекциялық бақылау.

Кіріспе әңгіме оқыту жұмысының басында өтіледі, мақсаты – оқушылардың
берілетін жұмыстың мәні мен оның өтілуін дұрыс түсінгенін анықтау.

Кіріспе әңгіме саяхат, лабораториялық және практикалық сабақ алдында
өтіледі. Жаңа материалды оқушыға игерту кіріспе әңгіменің мәні ерекше.

Жаңа білім игертуді хабарлау әңгіме катехизикалық (сұрақ-жауап, қарсы
шықпау, жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушылардың ыңғайына
қарай, қысқа тұжырымды пікір білдіру), эвристикалық (оқушыларға талап
жүктеп, мұғалімнің берген сұрағына нақты жауап алу).Бүгінгі мектепте
эвристикалық әңгіме қолданылады.Жаңалық ашуда оқушылардың ойлау қабілетін
жандандыратын, ол мұғалімнің білікті сұрақ қоя білуі.Сонымен эвристикалық
әңгімеде оқушылар өздігінше ойлап, өз танымы бойынша білімді игереді.

Синтездейтін әңгіме оқушылардың білімін жүйелеп және қорытындылауда
қолданылады.

Коррекциялық бақылау-әңгіме диагностикалық мақсатта және оқушылардың
білімін жетілдіріп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.

Әңгіме барысында, барлық оқушылар белсенділікпен қатысып, сұрақты зер
салып тыңдау, сұраққа дұрыс жауап іздеу, өзінің достарының жауаптарын
талдау, өзінің көзқарасын айта білуін қадағалау, қатені түзеу, толық емес
жауаптарды толықтыру, оладың жіберген қатесін өздеріне тапқызу,оқушылардың
бір-біріне сұрақ қоюы.

3.Лекция.Ауызша әдістен айырмашылығы;оқу материялының логикалық
мазмұндалуы;ақпарат ағымының көмегімен, берілетін білімнің жүйелік
ерекшелігімен айқындалады.

Мектепте өтілетін лекция:күрделі жүйені, құбылысты, объектіні,
құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы
жүргізіледі.Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы
теориялық материялдары қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті деңгейде
қалыптасқан, лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда
жүргізіледі.Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене
түседі.

4.Дискуссиялық оқыту.Бұл әдіс батыс елдерінің оқу орындарында кейбір
мәндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нәтежиесін көрсеткен.

Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда
тиімді.Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін
бекітіп, көзқарасын дәлелдеп шығуға көмектеседі.Оқыту дискуссиясының
атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады;қосымша қызметі оқыту,
дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы-бақылау.Оқушылардың алдын ала немесе
нақты мазмұнда және формаларды дайындағаннан бұрын, лекция сапалығы басты
рөл атқарады.Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау
мазмұнды дайындықты қажет етеді.Білімді баяндау жолдарын анықтауға
бағытталады.

Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама
қайшылықты және шашыраңқы,алдымен оппоненттерді сендіру.

Демек, мұғалім оқушылардың ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтіріп,
дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етуі.

Дискуссия тек қана гуманитарлық пәндерді, тарихты, қоғамтануды, этика,
эстетика, өнерді, психологияны, педагогиканы игеруде ғана емес, сонымен
қатар берілген әдіс:физика, химия, биология т.б пәндерді игеруде де
нәтежиесін көрсетеді.Дискуссия оқушыларға танымал материялдың мазмұнын
толықтырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі.Мұғалім білімнің жүйесі
терең ақпарат алуда, оқушылардың ойлау қабілетіне әсер етіп, әрі қарай
дамытуға бағыт береді.

Дискуссия элементтері мектепте екінші бағытта практикаланып, әдіс
толық мағынада жоғары мектептерде пайдаланып келеді.Оқушылар дискуссия
арқылы өнермен танылады.

5.Кітаппен жұмыс.Мектепте кітаппен жұмыс істеу негізгі әдістердің
біріне айналады.Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына,
жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектеледі.

Оқыту кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады:білім алу, даму,тәрбие, ойлау,
коррекциялық-бақылау.

Кітаппен өздік жұмыста, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Білімгердің өзіндік жұмысын басқару
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру (математика пәні 3-сынып)
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Кредиттік оқыту бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер