Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Білім мен тәрбие берудегі отбасының рөлі

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I Бөлім. Тәртіптің және білімнің ең тамаша мектебі - отбасы . . . 8

1. 1 Отбасы-шағын мемлекет . . . 13

1. 2 Отбасы -тәрбие бастауы . . . 14

II Бөлім. Қазақ отбасындағы этноәлеуметтік қарым-қатынастардың бала тәрбиесі мен Ұлттық тұтастықты сақтаудағы маңызы . . . 17

2. 1 Отбасы мен мектеп арасындағы ынтмақтастық . . . 21

2. 2 Баланың жақсы болып өсуі - отбасындағы білім мен тәрбиеден . . . 25

2. 3 Ұрпақ тәрбиесі мен білімі -ұлт болашағы . . . 29

Қорытынды . . . 32

Пайдалынлғын әдебиеттер . . . 34

Кіріспе.

Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оныңдамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.

Зерттеу көкейтестілігі : 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.

Зерттеудің мақсаты : Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңіөзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіпжатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.

Ата-аналардың балалары алдында олардыңденсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбиеберу, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылыпкетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағыотбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкенжауапкершілікті жүктеп отыр.

Зерттеудің міндеттері : бүгінгі тәрбие берудің негізгіміндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезіміоянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгіжаста қаланады.

Зерттеу пәні : - мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жалпы отбасыдағы бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды. Әсіресе, баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлымұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен от басы - ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.

Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.

Зерттеудің дереккөздері: Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.

Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: "Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек".

Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.

Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелібалаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.

Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.

Зерттеудің объектісі : Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келді. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі ошақ болып отыр. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі көптеген педагогикалық теориялардың пайда болуына алып келді.

Зерттеу әдісі : курстық жұмысты жазу барысында негізінен педагогика саласындағығылыми-пеадгогикалық еңбектерге сүйене оытырп, оларға логикалық болжамдар жасау, көркем шығармаларда пайдалану, отбасының әлеуметтік мәселелері жайлы тың еңбектерді зерделей отырып жаздым. Ол әр бөлімде көрсетілген.

Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я. А. Коменский, ағылшын философы Дж. Локк, француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо, Швейцар педагогы И. Г. Песталоций, орыс педагогы К. Д. Ушинский, ұлы жазушы Л. Н. Толстой, қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес педагогтары Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, қазақ зиялылары М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.

Кеңес өкіметінің таралуына және Қазақстан Республикасындағы педагогикалық ойлардың дамуының тәуелсіздік алуына байланысты отбасы тәрбиесін зерттеу үрдісі (әдісі) халық педагогикасы бағытында қолға алынды.

Менің бұл курсық жұмысты жазудағы болжамым - отбасы тәрбиесі бойынша әлеуметтік педагогикалық тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері туралыбаяндай отырып, отбасында қолданылып жүрген салт-дәстүрлер мен ырымдарды, ағартушылардың көзқарастары тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады.

Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.

I-Бөлім. Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы

Мектеппен бірге отбасы тәрбиесі де өте зор. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата- ана. Отбасы - таным бесігі, өркениет ошағы, үлгі өнеге бастауы. Ата-ананың күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қатынасы балаға үлгі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының, әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты болып табылады. Соны негізге ала отырып, осыған орай біз тұратын. Титов қыстағында отбасылар жайлы айтып өтсем мектебімізде жалпы отбасы саны 1322 болса. Оның толық отбасы саны - 622, толық емес отбасы саны-411, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы саны-8. Титов қыстағында тұратын жұмыссыз отбасы -52 пайыз, зиялылар-21 пайыз, қарапайым, жұмысшылар -23 пайыз құрап отыр.

Бала ең бірінші жылулықты ата-анадан іздейді бірақ ата-аналарымыз тұрмыстың қиыншылығы мен экологияның болуы салдарынан балалардың денсаулығының төмендеуі мен шетінеуі; отбасындағы балалар санының аздығы, отағасы табысының азаюы, оның асыраушылық, қамқоршылық қадіріне, бала тәрбиелеу беделіне нұқсан келуі: тұрмыстың қиындығына байланысты жас аналардың жұмысқа шығуына мәжбүр болуы отау иелерінің халықтың озық салт-дәстүріне «ескіліктің сарқыншағы» деп мән бермеуі; бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, ата-аналардың ажырасуы және т. б. көбеюде.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»-деген М. Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды. Өркениетті даму жолындағы қоғам алдымен балалы отбасына жан-жақты қамқорлық жасап, оның мәртебиелік орнын, жоғары деңгейге көтеруге тырысады. Сондықтан отбасы тәрбиесінің ролі ерекше. Бала тәрбиелеуде ата-аналар топтарына тоқталып өтсем;

Жанұя типтері. Ата-аналар топтары

  1. Балалары үлгілі отбасылар тобы . Бұл отбасы Балаға тәрбие берудегі бағыт- бағдары талапқа сай отбасылар.
  2. Балалары нашар оқитын отбасылар тобы. Бұл отбасы бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін, селқос қарайтын, ішімдікке әуес отбасылар.
  3. Тұрмыс жағдайының қиындығы бала тәрбиесіне әсер ететін отбасылар тобы. Бұл отбасы баланың тәртібі, талпынысы жақсы, бірақ отбасының материалдық тапшылығы бала психологиясына әсер ететін отбасылар.
  4. Материалдық жағдайы өте жақсы отбасылар тобы. Бұл отбасы барлық мүмкіндігі бар, тек бала тәрбиесіне кері (әр түрлі себептерге сай әсер ететін отбасылар)

Қазіргі уақытта соңғы деректерге қарағанда шамамен алғанда 1 жылда 5 мыңдай отбасы шаңырақ көтерсе, 2 мың отбасы түрлі себептермен ажырасып кетіп отырады. Бұл да бала тәрбиесіне әсері мол.

Бала - тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс- әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата- аналарға үлгі көрсетеді.
  2. Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар ата- аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
  3. Балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, мұғалімдерге қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанмен, «қиын» балаларды беретін отбасылар.

Отбасы адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым- қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата- анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, олар «ертеңгі күннің қуанышын» жоғалта бастайды. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайырымдылықты сырттан, көшеден іздейді.

Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата- аналары баланың кез келген сұранысын сол мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсесінің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін арам тамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.

Дәл осыған қарама- қарсы әрекет істейтін ата- аналардың да тұсінігі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.

Үшінші топқа жататын ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.

Бала тәрбиесіндегі ананың орны ерекше. Ана тілі, ұлттық ерекшелік, адамға тән жақсылық атаулы ана сүтімен сіңеді. Сондықтан ана болмысының өзгеруінің әлеуметтік себептерінің алдын алып, оны табиғат алдындағы бесігінен ажырамауына қамқорлық жасау. Баланы кішкене кезінен анасының сүт ақысын өтеуге баулу, бүкіл қоғамда анаға ерекше ілтипат қалыптастыру;

Бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін, тәрбиешілік мүмкіндіктерін арттыру. Әке шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру.

Отбасының жеміс берер гүлі - бала. Ендеше ұлтымыздың байлығы- көп бала екендігін жастар санасына сіңіру; ұрпақ тәрбиесінің қазіргі өмір талабына сай болуын қадағалау, үйрету.

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен тәрбие орындарының бірден - бір парызы. Еліміздің болашағы отбасында басталып, оқу- тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. Отбасы-таным бесігі, өркениет ошағы, үлгі-өнеге бастауы. Ата-ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез - құлқы дұрыс қатынасы арқылы балаға үлгі. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының, әдепті, арлы азамат болып қалыптасуы оларға тікелей байланысты.

Бүгіндері қаптап кеткен компьютер ойындары, казинолар, кафе, бар, би алаңдары және газет бетінде, түнгі сауыққойлық мекемелерде, үйдегі көгілдір теледидардан балалар көрмейтін (атыс-тартыс) көріністер көрсетіліп, темекі мен арақты жарнамалау оқушылардың көңілін алаңдатып отырғаны жүрегімізді ауыртады. Балалар еліктеп соған бет бұра бастады. Түнгі жүрістер көбейіп, ішкілік ішіп, есірткіге еліктеген мектеп жасындағы оқушыларды көргенде кеудеңе реніш сезімі келеді.

Ата-аналар ұйымының рөлін көтеру мектеп үшін оңай іс емес. Мектеп- қоғамның, отбасының, өзінің өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін ата-аналар үшін мектеп жетілдіруге бағыттап отырса нәтиже жоғары болады.

Ата- аналарымыздың тәрбиеге немқұрайлы қарауынан қиын оқушылар көбеюде.

«Қиын» оқушылар туралы тоқталсаққ: «Қиын» оқушылар деген кімдер. Олар - мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін, тәртібі нашар, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар.

«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөлуге болады.

Біріншісі - тән құмарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.

Екіншісі - отбасында, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігін мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.

Жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір әсер отбасындағы жетіспеушілік, таршылық.

Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнегесінен. «Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет»-деп М. Әуезов айтпақшы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектептің ерекше орын алатынын білеміз.

Мектеп - өткен мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасындағы дария. Ал, мұғалім сол дариядағы заман талабына сай ағыспен қайық есуші. Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа, озық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы мұғалімдік бейнесін анықтап алса, яғни ескегі мықты болса, қандай болмасын толқындарға қарсы тұрып, жағаға жетеді.

Сынып жетекші ролі жайына тоқталсақ қазіргі таңда жалпы мектебімізде 55 сынып жетекші бар. Бастауыш сыныптарда - 24. Соның ішінде - 2 мектеп алды даярлық, орта буын сыныптарда - 16, жоғары сыныптарда -15.

Тәрбие жұмыстарын жүргізгенде сынып жетекшінің ролі ерекше. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен. Ерекше тұлға ретінде сынып жетекші деп атап өткім келеді. Өйткені ол-балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сынып жетекшінің еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады. Сынып жетекшінің жұмысында нәтижеге жетудің бір жолы ол- іс-әрекетті дұрыс жоспарлау. Сынып ұжымын жоспарлау барысында тәрбие міндеттерін нақты белгілеп, балалардың жеке жас ерекшеліктерін және олардың тәрбиелік деңгейімен өмірдің талабын еске ала отырып атқару қажет. Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндет-оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата - аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.

Баланың жақсы болып өсуі - тәрбиеден. Тәрбиенің дұрыстығы- тәрбиешіден. Баланың ең алғашқы тәрбиешілері- ата- анасы. Бойына білім дәнін себетін басты тұлға- ұстаз. Ұстазы білімді болса, шәкірттерінен озық ойлы азамат шығады. Ана тәрбиесі, әке тәрбиесі, ата- ене тәрбиесі халық тәрбиесімен сабақтасады. Ғұлама ойшылдарды, ақиық ақындарды, әділ билерді, шешендерді, ел қорғаған батырларды, халқын біріктірген хандарды да халқының тарихын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізе жырлаған жырауларды да халық тәрбиелеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Отбасылық тәрбие
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Тәрбие - отбасынан басталады. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы
Бала дамуындағы ата-ананың рөлі. Отбасылық тәрбиенің қателіктері
Ата - ананың бала тәрбиесіндегі жіберілетін қателіктер
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Отбасы тәрбиесінің функциялары
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz