Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . …….

1 А. Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіндегі үлесінің теориялық негіздері . . .

1. 1. Бала тәрбиесі жөніндегі мұраларының психологиялық, фәлсафалық, педагогикалық негіздері . . . ……. .

1. 2. А. Байтұрсыновтың психологиялық-педагогикалық мұраларының көлемі мен мазмұны . . . . .

2 А. Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі мұраларының бала тәрбиесіндегі маңызы . . . … . . . ………

2. 1. Бала тәрбиесіндегі педагогикалық идеяларды оқу үрдісінде пайдалану жолдары . . . …

2. 2. Бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды А. Байтұрсыновтың шығармаларымен таныстыру арқылы оқушы білімін қалыптастыру . . . ………

2. 3 Тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстар өткізуде А. Байтұрсыновтың мұралары арқылы бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері . . .

Қорытынды . . . ……

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі. Болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесі қай ұлт, қай қоғам, қай кезеңде де басты мәселе ретінде қаралған. Ата заңымызда мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары түпкі мақсат-мұрат ретінде атап көрсетілген.

Білім-ғылым жүйесінде де тәрбие тағылымдарына үнемі көңіл бөлініп келеді. Өткен тарихысмызда, ата-бабаларымыздың ғасырдан-ғасырға жеткен ғұлама ойшылдарының даналық ойларында да адам әлеміне, жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша көзқарас берілген.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістермен қатар білім саласындағы көкейтесті мәселелердің бірі - жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру, ұлттық тұлғаны қалыптастыру.

Қазақ тарихының даму кезеңдерінен, ежелгі дәуірден жеткен әдебиеті мен тарихында, мәдениетінде ақын-жыраулардың өлең-жыр, толғауларында, Әл Фараби фәлсафаларынан бастап, Абай әлемінде, тәлім-тәрбиелік еңбектерінде табиғи, жалғасын тапқан адам болмысы бүгін де көкейтесті мәселелердің бірі.

Ата-бабаларымыз өткенімізбен сусындаған, бүгінгіні қадірлей білетін, тарихы менмәдениетін дріпьей алатын, табиғатты аялай білетін, Отаны үшін жаныны аянбай еңбектенетін ұлттық тұлғаны қалыптастыруда, тәрбиелеуде өз еңбектерін сарп еткен. «Бала тәрбиесі - баршаның ісі» демек, жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлінген.

Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі жиырмасыншы ғасырдың басында Алаш қайраткер - қаламгер мұраларынан да кең орын алған.

Қазақстан руханият әлемінде А. Байтұрсынов, оның ұлттық әдебиет пен мәдениет тарихындағы, тәлім - тәрбие саласындағы іргелі еңбектері ерекше көрініс береді. Репрессия кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған А. Байтұрсыновтың еңбек - мұралары еліміз тәуелсіз алғалы кең көлемде қарастырыла бастады.

ХХ ғасыр басында әдебиет майданына келген қазақ ақын, жазушыларының үлкен шоғыры ел мақсаты, халық қамы үшін жастарға арнап, әсіресе, ағартушылық - педагогикалық салада ерекше жұмыла еңбек етіп түрлі ғылым салаларына арналған мектеп оқулықтарына нұсқаулар, алғашқы зерттеулерді жазды. Тумысынан поэзия үшін жаратылған Мағжан Жұмабаев «Педагогика» кітабын шығарса, сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытов психология, әдістеме, эстетика саласынан үш еңбек жариялады. Ал, Ахмет Байтұрсынов мектеп оқушыларына арнап тұтас кітапхана тудырды.

Тақырыптың өзектілігі бүкіл өткен тарихымыздан бері ата-бабаларымыздың арман-аңсарына айналған бостандық, тәуелсіздік мәселесін, ұлттық мемлекет құру идеясын, адам әлемінің ақыл-парасатына, тәлім-тәрбиесіне, еркіндіктің есігі айқара ашылуына өмір-тағдырын арнаған А. Байтұрсынов психологиялық - педагогикалық еңбектері арқылы («Оқу жайы» «Қазақтың өкпесі атты мақаласында») зерттеп-зерделеу, танып-талдау арқылы ұлттық тұлғңаны қалыптастыру болып табылады.

Әдеби - сын мақалаларын, көсемсөз еңбектерін, аудармаларды былай қойғанда, оның ішінде педегогикаға, психологияға арналған күрделі, маңызды, терең құнды еңбектер жазған көсем ғалым, білікті зерттеуші.

Сонымен, еліміздегі азаматтың нұрлы шапағаты арқасында қазақ халқының рухани қазынасына репрессия жылдарында миұзға батқан алып кемелер - Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып Дулатов сынды зор тұлғалар, талант иелерінің аса көркем, терең идеялы, күрделі шығармалыры қайтып оралды.

Қысқасы, Алаш ардақтысы, аса дарынды зиялылардың бірі - Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы еңбек - мұраларын, осы бағыттағы ғылыми - теориялық ойлау жүйесін, оқу - әдістемелік бағытындағы ұстанымдарын мектеп ісі мен білім жүйесін, ұстаз бен шәкірт психологиясын зерттеудегі әдістерін бүгінгі күннің талаптары тұрғысынан қарастырудың маңызы зор.

Атап айтар болсақ: Ахмет Байтұрсынов көрнекті қаламгер, дарынды драматург болумен бірге тәлім - тәрбие тақырыбында еркін-еңбек, өнімді жұмыстар жасады.

А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбие тақырыбындағы мұраларын, ондағы тұлға табиғатын кең көлемде қарастыру, сол арқылы Адам әлемін, оған тән қыр-сырларды ашудағы ғалымның ізденіс іздерін, ұстаздық, ғалымдық қырларын, өмір тәжірибелерін тарата талдап, зерделеу - тақырыптың өзектілігі болып табылады.

А. Байтұрсыновтың мұралары Алаш зиялыларының осы бағыттағы ізденіс-көзқарастарымен, білім-ғылым жүйесіндегі реформалар арнасымен қоса қабат ашылды.

Қазақстан ғылымында педагогика мен психоология ның қалыптасуы мен даму кезеңдері, зерттеу жүйесі бар, Көне кезеңдерден басталған Әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиевке ұласқан тағылымды бел-белестерді де бүгінгі күні ағысты арна алған.

Қазақ тарихы мен мәдениетінің руханият өріс-өресінің бел-белестері қайта қаралып, зерделі зерттеу жүйесіне айналып келеді. Осы орайда, Алаш ардақтыларының қоғамдық-саяси, педагогикалық және психологиялық көзқарастары, ақын-қаламгер, ұстаз-ғалымдығы алуан қырлы, мың сырлы белгі, ерекшеліктері де арнайы зерттеу жүйесін құрап келеді. Бұл ретте А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын С. Қирабаев, Р. Тұрысбек; қоғамдық-саяси көзқарастарын Д. Құсайынов; педагогикалық және психологиялық еңбектері әр қырынан зертелгенімен ұлттық тұлғаны қалыптастыру мәселесі арнайы қарастырылмаған.

  1. Осы бағыттағы ізденіс, зерттеулерден жиырмасыншы ғасырдағы қоғамдық әлеуметтік жағдайлар, ұлт тарихы мен танымал тұлғалар тағдыры, білім-ғылым жүйесі, тәлім-тәрбие өрісі кең танылады. Ең негізгісі А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолы, қызметі, адами бітім-болмысы жан-жақты талданады. Осы зерттеулерге сүйене отырып, А. Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбие ісін ұйымдастыруға арнаған мұраларындағы ұлттық тұлғаны қалыптастыру мәселесіне педагогикалық тұрғыда назар аударылмағандығын байқадық. Бұл мәселенің тәрбиелік мәні зор. Ұлттық тәрбиені жүзеге асыру барысында А. Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбиеге арналған мұраларындағы тұлғаны қалыптастырудың теорялық және әдістемелік жағынан қарастырылмауы бізге зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: А. Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі мұраларын ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдап, еңбектеріндегі тұлғаны қалыптастыру мәселесін айқындай отырып, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігін ашу. А. Байтұрсыновтың педагогикалық идеяларының бала тәрбиесіндегі маңызын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдайларды, кезең-уақыттың ерекшеліктерін негізгі назарда ұстап, Алаш зиялыларының ұлт руханиятына қосқан үлестерін айқындау;

А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы мен дамуына ден қойып, осының негізінде психологиялық-педагогикалық мұраларын, оның ішінде тәлім-тәрбие саласындағы ізденіс, еңбектерін кең көлемде қарастыру барыснада ұлттық тұлға жасау жолдарын жан-жақты ашу;

Философиялық таным теориясы, тұлғаны қалыптастыру туралы психологиялық және педагогикалық теориялар, Алаштың қаламгер - қаламгерлерінің және осы бағыттағы қазақстандық ғалымдардың еңбектері А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбие саласындағы еңбектеріндегі ұлттық тұлға тұжырымдамасы. Педагогика және психология ғылымдарының дамуына өзіндік үлес қосқан Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Х. Дулати, А. Құнанбаев, Х. Досмұхамедов мұралары және қазіргі кездегі ғалымдардың зерттеу жұмысы бойынша жазылған ғылыми еңбектері негізінде алынған.

Зерттеу нысаны: А. Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі мұралары.

Зерттеу пәні: А. Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі мұралары арқылы баланы тәрбиелеу.

Зерттеу жұмыстарының әдістері:

Теориялық талдау мен эмпирикалық әдістер: әңгіме, сауалнама, сапалық және сандық өңдеу әдістері.

Зерттеу орыны:

Тараз қаласы, №44 қазақ орта мектебі, 3 б сыныбы.

А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік мұраларында тұлғаны қалыптастыру туралы ой-пікірлерінің анықтаушы, тұлғаның ғылым-білім жүйесін өрістетуде, қоғамдық сананы қалыптастыруда алар орнының дәлелденуі зерттеу жұмысымыздың ғылыми-теориялық жаңалығы болып табылады.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік мұраларын оқыту арқылы ондағы тұлға табиғатын кең көлемде қарастырып, осының негізінде жас ұрпаққа берілетін этнопедагогикалық және этнопсихологиялық білімдерді пайдаланып және оны сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда пайдалану жүйелі түрде жүргізілсе, тұлға қалыптастырудың тиімді жолын жасауға мүмкіндік кеңейеді.

1 А. Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіндегі үлесінің теориялық негіздері

1. 1. Бала тәрбиесі жөніндегі мұраларының психологиялық, фәлсафалық, педагогикалық негіздері.

Оқу-ағарту жұмысы мен мектеп ісін, шәкірт тұлғасы мен орны жайлы байыпты тәжірибе, мәнді ұсыныс, алуан салыстыру-зерттеулер жасалынды.

Бұл - бүгінгі білім мен ғылым жүйесінде де аса қажет компонентер болып табылады.

Қазіргі кезеңдерде азаматтық, ұлттық мәселелермен бірге оқу-тәрбие жайы, жас ұрпақтың дұрыс қалыптасып, мол білім, айқын мамандық иесі болуы аса маңызды мәселелердің бірі ретінде есептелінеді /20/.

Біздіңше, бұл мәселелер ұстаз ғалым А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінен, тәлім -тәрбие саласындағы еңбектерінен айқын аңғарылады /34/. Атап айтқанда, А. Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы еңбектері (“Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек. ”) адамның өмір-дүние есігін ашқаннан бастап, өсіп-есеюін, еңбекке араласуын, қоғамға көзқарасын тағы да басқа жүйелі, нақты сөз етуімен ерекшеленеді.

Бұдан басқа мектеп ісі, оны басқару жайы, мұғалім мен шәкірт арақатынасы, тәлім-тәрбие жұмысы, оның әуелгі негізі мен мақсат-мұраттары, дидактикалық жалпы мәселелері, оқу-ғылым жүйесінің түйінді тұстары да алуан мысал-дерек, салыстырулары арқылы беріледі. Бұл реттен алғанда, А. Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы мұра-мирастары - халқымыздың өмірімен, дәстүр-өнегелерімен, руханият саласындағы жетістіктерін де жүйелі сөз етуімен мәнді, әрі тағылымды әсер қалдырады.

А. Байтұрсыновтың еңбектерінің мазмұндық құрылымын мына жүйе арқылы көрсетуді жөн көрдік.

А. Байтұрсыновтың еңбектерінің мазмұндық құрылымын үш салаға бөліп қарастырдық. Олар: әдебиет, тіл саласы, психологиялық-педагогикалық.

Әдебиет саласындағы еңбектерін қоғамдық-саяси, әлеуметтік, тарихи, деп көрсетіп оны проза, поэма, драматургия деп жіктедік.

Тіл саласында А. Байтұрсыновтың ана тілі, ана тілінде оқыту туралы, психологиялық-педагогикалық маазмұндағы еңбектерін - психология пәні, педагогикалық ой-пікірлері, тұлға мәселесі, тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу жан жүйесі туралы, ұстаз тұлғасы, шәкірт тұлғасы, мінез-құлық туралы деп көрсеттік.

А. Байтұрсыновтың тәлім-тәрбие саласындағы алғашқы еңбегі - “Тәрбиеге жетекші”.

Бұл кітаптың “Таныстыру” атты кіріспесінде - мектеп ісі жас ұрпақ өміріне, тәрбие жұмысының мақсатына зор маңыз беріледі. Еңбектің құрылымы (4 бөлімге бөлінген), ондағы бала дамуы ен оны тәрбиелеудің мақсаты кеңінен түсіндіріліп, әр бөлімге анықтама беріледі. Айталық, алғашқы бөлімінде тәрбие мақсаты, өзіндік белгі-сыры сөз болса, екіншісінде - дидактикалық жалпы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Үшінші бөлімде - мектеп ісі мен оны басқару, тәртіп, тазалық, десаулыққа көп көңіл бөлінеді. Өмір, уақыт шындықтары, дәуір ұсынған талап-тьілектер, мектеп, мұғалім, шәкірт арасындағы ортақ байланыс, мұраттар да кеңінен сөз болады. Қысқасы, ұстаз бен шәкірт тақырыбының түйіндері қысқа да құсқалы үлгіде баяндалады. Бұған қөоса автор өмір - дүние сырын, адам әлемін енгізгі назарда ұстап, ұлттық тәлім-тәрбие негізіне, еңбектің ыр-сиаптына, оның қоғамға, ортаға әсеріне зор маңыз береді.

Нәтижесінде: мектеп ісі мен жас ұрпақ тәрбиесі, ұстаз бен шәкірт байланысы, өзіндік орындары, дидактиканың жалпы мәселесі, халқымыздың тұрмысы мен шет елдер тәжірибесімен тығыз байланыста көрсетіледі. Артық-кем тұстарына көзкарас білдіреді. Біздіңше, А. Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбие мәселесін мектеп ісінен, жас ұрпақ өмірімен байланыстыру, әрі қазіргі кезеңнің міндет-талаптарымен де табиғи үндестік тауып отырғанын айту абзал. Бұл - біріншіден.

Екіншіден, егемен елдің білім жүйесінің заңдық негізін жасалынып, тұжырымдамалық-бағдарламалық тұрғыдан бағыт -бағдары айқындалған. Бұл тұста А. Байтұрсыновтың еңбектеріндегі мектеп ісі, ұстаз бен шәкірт қатынасы арасындағы табиғи қатынастың барын байқар едік. Демек, ұрпақ болашағы, ұлт келешегі - білім-білікке тікелей байланысты. Ал, ақиқатқа тура қарасақ: “Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім”(М. Әуезов) .

Кітаптың алғашқы бөлімі “Тәрбие негізі” деп аталады. Автор тәрбие ісін, оқу-ағарту, тәжірибе тағлымдары, сондай-ақ білім нәрімен бірлікте қарайды. “Тәрбиенің де, білім берудің де тірегі - мәдениетті өмір, яғни адам баласының түрлі тараулы толық өмірі - Тәрбие беру мен білімнің берілуі бірімен-бірі айырылатын өзгеше мақсаттары бар”, - деп көрсетеді ұлы ұстаз.

Осы тұста атап өтер жайт: автор тәрбие ісі мен оның әуел бастағы мағына-міндеттерін кең көлемде ашады. Ол үшін, әрине тәрбиенің мақсатына, әуелгі негізіне мән береді. Дұрыс тәрбие, оң бағыт, пайдалы ақыл-кеңес кім-кімді де межелі биікке, мұратына жеткізетіні да нақтылы айтылады.

Бұдан кейінгі автордың көңіл бөлген мәселелерінің бірі - тәрбие ісін жеке, жалаң қарастырмай, керісінше, оқу-ағарту жұмыстарымен, ондағы тәжірибе тағылымдарымен тығыз байланыстырады. Өйткені: “Жалғыш ағаш - орман емес”. Тақырып табиғатына осы тұстан мән берсек, бүгінгі ғлым, білім жүйесі ұлттық мектептің түпкі мұраты - оқу тәрбие ісін бірлікте жүргізу, озық тәжірибені ортақ игілікке айналдыру.

Бұл - кеше мен бүгінді байланыстыру, өмір тәжірибесін нақтылы практикада қолданып, жүзеге асырудың тиімді тұстарының бірі.

Бұл - ата-бабаларымыздың дәстүр-өнегесінің бүгінмен үндесуі, ұрпақтар сабақтасығы, тари тағлымы.

Бұл - кешеден бүгінге жеткен басты байлық, шынайы шындық.

Кітапта “Тәрбие” ғылымының саласына кең мағын, зор маңыз беріледі. Адам баласының өмірге келуі, есеюі, өсу жолдары, осы бағыттағығ ақыл, әдемілік, мінез бәрі-бәрі тәрбие тақырыбымен сабақтастықта өріс алатыны жеткізіледі.

“Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс” (В. Г. Белинский) екенін айқын аңғарған автор өмір мен оқудағы тәлімдік істерді ортақ, сабақтас деп түсінеді. Соған өмірдің - қоғамдағы орнына ерекше мән, мағына беріледі. автор тәрбие мен оқу ісіне өзара байланыста қарайды. Бұл бағыттағы ойын былай білдірген: “Тәрбие жалаң ақылға емес, адамның қайратына да, сезіміне да бағытталады, білімдендіру көбінесе ақыл жұмысын күшейтуге арналады”. Сонымен бірге, тәрбие тағылымы адамның өмірге келгеннен кейінгі кезеңдерінің бәрінде де игі әсерін, ықпалын тигізеді. Бұл туралы автор: “Тәрбие сәулесі түспйтін адамның ешбір қалтарысы жоқ. Тәрбие берілмеген жерде шын ақылды, мәдениетті адам болмақ емес” деп түйін жасайды. /30:283/.

Расында, отбасынан басталатын тәлім-тәрбие арналары өмірдің сан тараулы “Тар жол, тайғақ кешу” кезеңінің баршасын қамтиды. Өмір - өзенде өз отанынв қалтқысыз олып есею - азаматтық борыш. Бұл мақсатқа жетпу, талап биігінен көрінбеу - ұлттық мүддеге, арға сы.

Кітаптың құндылығы бүгінмен үндестігі - тәрбие табиғаты, оның өзіндік белгі-ерекшеліетеріне кең орын берілгендігі. Бұл тұста автор тәрбие ісін адам өмірімен, еңбегімен байланыстырады. Бұл бағыттағы тәрбиенің орны, әуел бастағы міндет-қызметі, адам әлеміне әсер-ықпалы, нақтылы дерек көздері арқылы беріледі. Тәрбие ісін - жалаң ақыл, салмақсыз үгіт-насихат арқылы жүзеге асыруға болмайтындығын, керісінше өмір-дүниеге ісерін, адамның өсіп-есеюіне, еңбектегі орын- үлесіне қарай жүйелі жүргізу қажеттілігін нақтылы көрсетеді. Тәрбие мазмұнынан: “Басшы болсаң көппен сырлас, көптің мұқтажын өте” (М. Х. Дулати) деген асыл -ой, өмір тәжірибесі терең танылады.

Тұлға қоғамда әртүрлі адамдармен араласады. Өзінің бойындағы ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты қызметтер атқарады және ол атқарған істерін өзі өмір сүрген ортадағы адамдарға пайдасын тигізіп, олардың өмірлерін жақсартуға әрекет жасайды. М. Х. Дулати еңбегі “Тарих и Рашидиде” ел билеген басшылар - ақылды, ашуға бой алдырмайтын, зерек, зерделі, әр уақытта халқының жағдайын ойлап отыратын ұлы тұлға. Олар өз бастарының қамын емес, халқының қамын ойлайтын, болашақты болжай білетін, адамдардың бойындағы іскерлікті, ерік-жігерді танып ажырата алатын, заманның жақсарып халқының әл-ауқатын түзеп, өркениетті ел болу жолында өмірінің барын сарп ететін адам болуға тиіс. Осыған байланысты ел билеу теориясын тұжырымдап, мынандай он шарт ұсынады. Олар: бірінші шарт , кез-келген істі шешер кезінде мемлекет басшысы өзін бағынышты кісінің орнына қойып, ол адамды өзіне әмір жүргізуші деп есептесін; екінші шарт , мемлекет басшысының ең басты мінажаты-мұсылмандардың мұң-мұқтажын орындау болуға тиіс; үшінші шарт , ас ішу мен киім киюде халифалардың қарапайымдылығын қабылдап, мәртебелі басын аста-төк тамақ пен әлем-жәлем киімге үйір қылмасын; төртінші шарт , орынсыз қаталдыққа, бос сөзге бой алдырмай, келген кісімен жұмсақ сөйлессін, әлсіздер мен кедейлердің кеңесін тыңдаудан арланбасын; бесінші шарт , жұртқа жағамын деп шешім қабылдаған кезде әлсіздік, екіжүзділік танытпасын және әркімнің көңілін табамын деп әділет пен шариғаттан аттамасын; алтыншы шарт , мемлекет басшысы еліне төнетін қауіп-қатерден қаперсіз болмасын және ол әміршінің әділ билігі халықты бақытқа кенелтіп артына мәңгілік жақсы атын қалдыратынын есіне мықты ұстасын; жетінші шарт , мемлекет басшысы көзі ашық, құдай жолындағылармен бірге қарым-қатынас жасауға һәм кеңесіп отыруға үйір болсын, олардың кеңесін тыңдауды бақытым деп есептесін; сегізінші шарт , мемлекет басшысы өркөкіректік пен әділеттілік танытып, бағыныштылары мен әлсіздерге қамқор болсын, халықтың махаббатына ие болсын; тоғызыншы шарт , мемлекет басшысы қатыгез басшылардың қылмысты істеріне және қарауындағыларды қасқырдай талайтын безбүйректерге немқұрайлы қарамасын; оныншы шарт , көрегендік. Мемлекет басшысы ел өміріндегі әрбір оқиғаға тереңнен үңілуге және оның себептері мен салдарын біліп отыруға міндетті /13:-21/.

М. Х. Дулати осы айтылғандардың тек мемлекет басшыларына ғана емес, жалпы адамзатқа, ел басқарып жүрген азаматтарға, қоғамның әр түрлі саласында қызмет істейтін тұлғаларға арнай отырып, бұл қасиеттердің түбінде өлмейтінін, әділдіктің әркез жеңетінін, өмірдегі барлық істерден іс-әрекет үшін адамдар әйтеуір бір жауап беретініне меңзейді.

Мұның бүгінмен байланысты, ортақ тұстары бары анық аңғарылады.

Кітаптың /“Тәрбиеге жетекші” еңбегінде/ құндылық қыры мен қызғылықты тұстарын еске алған тұста алыс-жақын елдер тәжірибесін, әр алуан көзқарастар жиынтығын атап өту де кәделі іс. Өйткені, автор адам әлемі, оның еңбегі мен тәрбиесін сөз еткенде өркениетті елдер тәжірибесіне сүйенеді. Адам жаратылысын, тұлға ретінде қалыптасуын да ұлттық белгілермен бірге алыс-жақын елдер тәжірибесімен, жекелеген кітап, көзқарастарымен байланыстырады. Автор осының бәрінен де адам әлемін, жаратылыс ерекшеліктерін жеке тұлға ретінде қалыптасуын ерекше құбылыс ретінде қарайды.

Біздіңше, мұның мақсат, маңызы айрықша. Өйткені, адам мен оның еңбегі, тәрбиесі - қай қоғам кезеңде де аса мәнді болған. Адамның қоғамдағы орны, еңбегі мен үлес-салмағы бүгінгі таңда да аса маңызды. Адам-шешуші тұлға дейтініміз сондықтан болса керек.

Автор тәрбие мақсатын сөз еткенінде бұл бағыттағы сан алуан көзқарастардың да болғанына көңіл бөледі. Айталық, “Ерте замандаы жабайы педагогиканың мақсаты: баланы ата-анасына қаратқызып тәрбиелеу болса керек, басқаша айтқанда, әкенің қызметін-ұлы, шешесінің қызметін-қызы білу” екенін еске алу арқылы ұлттық мүддені жоғары қояды, құлдық психологияға, тар өрістің себеп-сырларына сын көзбен қарайды. Уақыт талаптары мен өмір шындығын алға тартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Балалардың адамгершілік санасының ерекшеліктері
Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық тусініктер мен идеялар
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Адамгершілік тәрбиесінің критерийлері
Дене мәдениеті және спорт
Константин Дмитриевич Ушинский педагогика теориясы және оның маңыздылығы
Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz