Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ - МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Ұжым- тәрбие құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Балалар ұжымындағы іс-әрекет пен қарым-қатынас туралы А.С. Макаренконың тағылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. 3 Балалар ұжымына педагогикалық тұрғыдан жетекшілік етудегі мұғалімнің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдеріне қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Бастауыш сынып оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған іс- тәжірибелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз [1].Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында : Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарға, ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделіп, жеке түлғаның қалыптасуына, дамуына, кәсіби өсуіне бағытталған білім алуына мүмкіндік жасау деп көрсетілген [2].
Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға, білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бетбұрып отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға - мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалық іс-әрекеттің әлеуметтік маңыздылығының айқын дәлелі.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б. [3,54].
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиеттерді кіргізуге болады:
- оқушыларға деген сүйіспеншілігі;
педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы;
бақылағыштығы;
педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы;
педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы;
қарым-қатынас жасай алуы;
ұжымшылдық;
шығармашылығы және т.б.
Мұғалім - өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.
Балалар ұжымы жеке тұлғаны мақсатты түрде тәрбиелеу, әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оның жеке тұлғаға деген ықпалы ұжымның мақсаттары мен міндеттері ұжым мүшелері тарапынан қандай деңгейде сезіледі, сонымен қатар ұжымдық мақсаттар мен міндеттер жеке ретінде қандай деңгейде сезіледі. Жеке тұлғалық және әлеуметтіктің біртілі ұжымдық пайдалы қызмет барысында туындап ұжымда толық көрініс алады.
Ұжымдылық ол топтағы ынтымақтастық сезімдер, өз өзін топтың бір бөлігі ретінде сезіну, топпен қоғамның пайдасына қызмет етуге деген дайындық.
Мектеп ұжымында ұжымдылықты қалыптастыру алуан түрлі құралармен іске асырады: оқу барысында серіктестіктерді, өзара көмекті ұйымдастыру, ортақ еңбек, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, мәдени көпшілік шараларда, спорт мероприятияларында оқушылар жұмысын ұйымдастыру, т.с.с
Сонымен оқу тәрбие ұжымы ол арнайы ұйымдасқан топ, оның мүшелері ортақ мақсаттарды, құндылықтарды үшін ортақ екендігін сезеді.
Ұжым әлеуметтік арнайы ұйымдастырылған оқушылар бірлестігі ретінде бір уақытта пайда болмайды. Ұжымды қалыптастыру арнайыкезеңдерден және сатылардан өтіп бірақ ұйымдасады.
Алғаш рет ұжымды қалыптастыру сатыларын ғылыми түрде анықтап неіздегендірдің бірі А. С. Макаренко болды. Ол тәрбие ұжымын дамытуда педагогтың міндетті талаптарынан ұжымның талаптары тұсында жеке тұлғаның еркін талаптарының қалыптасу процессі жатады деп атаған.
Балалар ұжымы дамуының кезеңдері мен заңдары, оқушылардың өздерін-өздері басқаруы, оқушы ұжымының қалыптасуының диагностикасы.
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымнын педагогикалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепепшский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты [3,78].
Сынып ұжымы - бастауыш ұжымның бір түрі. Мектептегі бастауыш ұжымның негізгі түрі - сынып, оқушылар ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, әртүрлі спорт және көркемөнерпаздар ұйымы.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі - ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы, олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас. Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие процесін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп директорының, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылардың мектеп ұжымының тәрбиесі жөніндегі негізгі принциптерді практикалық қызметте басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы керек.
Оқушылар мен педагогтардың арасындағы, оқушылардың өз арасыпдағы, педагогтардың өз арасындағы қарым-қатынастардың байлығы. Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің араласып жатқан мүдделерінің сан алуандығы, бірлігі, рухани қажеттіліктердің ортақ қанағаттандырылуы, рухани байлықтарды өзара байыту және үнемі алмасу -- мектеп ұжымынің міндетті белгілері міне осылар. Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін оқу ауыр азапқа айналады. Оқу -- сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлегі болған жерде -- оқу бала үшін жақсы да тартымды болады. Ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда, ұжым бай, толық мәнді рухани өмір сүреді.
Ұжымдық іс-әрекеттің педагогикалық ұйымдастырылуының мәселесімен теориялық әдіс-тәсілдерді Н.К.Крупская еңбектерінде, П.П.Блонский, А.С.Макаренко ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін де қарастырған. Американдық психолог әрі социологы Дж.Морено топ арасындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін социометрия әдісін ұсынған. Осы әдіс арқылы ұжымдық қарым-қатынасты зерттеп отырған [4,65].
Ұжымдық іс-әрекетті зерттеу мәселесінде көптеген педагог-психологтардың еңбектерінде Л.В.Занков, А.Ғ.Қазмағамбетов, Л.К.Керімов, Д.Б.Эльконин, Б.И.Мұқанов, С.А.Ұзақбаева, А.Б.Нұрлыбекова, О.С.Сыздықов т.б. зерттелінген[4,78].
Қазіргі кезде ұжымды дамыту барысында кезеңдерді зерттеумен көптеген зерттеушілер айналысады. Л.И.Новикова бойынша ұжым дамуының үш кезеңі бар: біріншіден, ұжымның қалыптасу кезеңі, екіншіден, ұжым оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы, үшіншіден, кез келген ұжым тәрбиеленушінің әлеуметтік тәжірибесін коррекциялау және шығармашылық жеке тұлғалық ерекшеліктерді дамыту.
Соңғы жылдары ұжым деп жоғары ыңтымақтастық деңгейі, интегративті қызмет, ұжымдық бағыты бар адамдар тобын ғана атайтын болды (Я. Л. Коломинский, А. В. Петровский, Л.И.Уманский). Топтың аса негізгі және маңызды қасиеті оның әлеуметтік психологиялық жетілгендік деңгейі. Сол сияқты жетілгендіктің жоғары деңгейі топты жаңа әлеуметтік құрылым ретіндегі ұжымдық топқа айналдырады. Осыдан зерттеу жұмысының терең өзектілігі байқалады[7,84].
Алайда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушылар ұжымын қалыптастыру іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мәселесі әлі толық зерттелмеген. Еліміздегі әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай бастауыш мектептегі білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың ұжымын қалыптастыру іс-әрекетін ұйымдастыру мәселесі бойынша бүгінгі таңда белгілі бір дәрежеде қайшылықтар туып отырғандығын аңғартады. Аталған қайшылықтың шешімін табуда зерттеуіміздің тақырыбын Балалар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын
( қасиеттері) анықтау деп, таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты -- Бастауыш сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын анықтауды теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны -- Бастауыш мектеп оқушыларының ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімдердің кәсіби сапаларының жүйесі.
Зерттеу пәні -- Бастауыш сынып оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттері.
Зерттеу болжамы -- Егер оқу үдерісінің әр кезеңдерінде оқушылардың ұжымын ұйымдастыруда ғылыми-педагогикалық, психологиялық, жан-жақты тұлғалық негізде, бағдар бойынша талдау жасалып, ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық іс-әрекеттерінің негізінде білім деңгейі көтеріліп, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, ұйымшылдығы, шығармашылығы мен ізденімпаздығы артып қалыптасады.
Зерттеу міндеттері:
1 Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері арқылы мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттерін анықтауда философиялық, педагогикалық, психологиялық және ресми құжаттар мен әдістемелік әдебиеттерге шолу, талдау жасау;
2 Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау, оның ерекшелiктерiн қарастыру;
3 Тәжірибелік - эксперименттік жұмыс барысында бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастырудың моделін құру;
4 Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оның тиімділігін тексеру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, бастауыш мектептерде жеке пәндерді оқушыларды таными қызығушылықты қалыптастыру жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеп қорыту, педагогикалық бақылау жасау, сауалнама жүргізу, сұрақ - жауап, интервью алу, әңгімелесу өткізу, мектеп құжаттарын талдау, педагогикалық эксперимент өткізу, алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу.
Зерттеудің орны: Тараз қаласы, №48 орта мектеп
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеудің теориялык негіздері бойынша материалдар жиналып, жүйеленді және ғылыми аппарат айқындалды. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби сапаларын дамыту тәжірибесі талданып, қорытындыланды. Эксперимент жұмысынын бағдарламасы жасалды.
Екінші кезеңде мектептегі озық педагогикалық тәжірибе жұмыстары нысаналы түрде зерттеліп, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Үшінші кезең жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін ой елегінен өткізіп саралауға, тұжырымдар мен педагогикалық ұсыныстар әзірлеуге арналды.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеуде таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі дәлелденген және нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері, зерттеудің теориялық - практикалық мәні баяндалады.
Қорытындыда ғылыми педагогикалық және тәжірибиелік-әдістемелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген қорытындылар мен нақты ұсыныстар беріледі.

1 ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ - МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ

1.1 Ұжым- тәрбие құралы
Тұлға мен ұжымның даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның дамуы ұжымның дамуынан, оның даму деңгейінен, онда қалыптасқан іскерлік және тұлғааралық қатынастардың құрылымынан тәуелді болып келеді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың дене және ақыл-ой дамуының деңгейі, мүмкіндіктері мен қабілеттері ұжымның тәрбиелік күші мен әсерін айқындайды. Соңғы нәтижесінде ұжым мүшелері белсенді болған сайын, олар өздерінің дербес мүмкіндіктерін ұжым өмірінде барынша толық пайдаланған сайын ұжымдық қатынас айқын көріне түседі.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дербестігінің дамуы олардың ұжым ішіндегі өзіндік деңгейімен және шығармашылық белсенділігімен тығыз өзара байланысты. Оқушы ұжымдық қоғамға пайдалы іс-әрекетте өзін көрсеткен сайын оның ұжымдағы статусы жоғарылайды және оның ұжымға әсері де арта түседі. Керісінше, оның статусы жоғарылаған сайын ұжымның оның өзіндік дамуына әсері де жемісті бола түседі.
Тұлға мен ұжымның дамуы - өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын процесс. Адам табиғатпен және өзін қоршаған адамдармен қатынастар жүйесінде өмір сүреді және дамиды. Байланыстардың молдығы тұлғаның рухани байлығын анықтайды, ал байланыстар мен қатынастар молдығы адамның қоғамдық, ұжымдық күшін көрсетеді.
Ұжым және жеке адам проблемасы ең әлеуметтік проблемалардың бірі болғандықтан педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі. Қазіргі әдебиеттерде "ұжым" түсінігі 2 мағынада қолданылады:
- ұжым - кез келген ұйымдасқан адамдар тобы;
- ұжым - жоғары ұйымдасқан топ.
Ұжым тәрбиеленушілердің ұйымы ретінде бірнеше маңызды белгілермен анықталады:
- ұжым - басқа ұжыммен байланыста болатын қоғамның бір бөлігі;
- жалпы әлеуметтік маңызды мақсат болуы, ұжым мақсатының қоғамдық мақсатпен сәйкес келуі;
- ұжымның барлық мүшелерінің ортақ мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
- ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсының өзіндік пікірі болуы;
- ұжым мүшелерінің өз араларындағы міндеттерді белгілеуі және оларды мұқият орындауы;
- ұжым мүшелерінің арасында өзара жауапкершілік, көмек және жолдастық, қайырымдылық қарым-қатынас болу.
Ұжым - іс-әрекетте үнемі дамып отыратын, әрі іс-әрекетті қажет ететін әлеуметтік организм.
Мақсатты бағытталған оқу-тәрбие жұмысы жағдайында балаларда ұжымдықты дамытудың қажеттілігін А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский, және басқада көрнекті педагогтар мен қоғам қайраткерлері насихаттады[8,51].
А.С. Макаренконың идеяларын кейін В.А. Сухомлинский өз тәжірибесі мен зерттеу еңбектерінде одан әрі дамытты.
Кейінгі жылдары зерттеу жұмыстары тәрбиелік ұжымдарды тиімді ұйымдастыру, құру, ұжымдық іс-әрекетті ынталандыру принциптері мен әдістерін жасау, ұжымның тәрбиелік қызметінің дамуы сынды бағыттарда жүргізіліп келеді.
Тәрбиелік ұжымның қазіргі кездегі тұжырымдамасы (Т.А. Куракин, Л.И. Новикова, А.В. Мудрик) ұжымды қоғамның өзіндік моделі ретінде қарастырады. Ал балалар ұжымы қоғамның бүгінгі күнгі қатынастары мен оның болашақтағы даму тенденцияларын көрсететін қоғам моделі ретінде көрсетіледі[8,54].
Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Ұжым теориясына Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К. Крупская, А.С. Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К. Крупская 1926 жылы Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы атты еңбегінде: Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету, - деп атап көрсетті [9,12].
Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С. Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мәнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеген.
А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.
Балаларды ұжымда біріктірудің негізгі көзі - ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әртүрлі сезімдер мен қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С. Макаренко ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі[9,14].
В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі деп есептелген.
Ұжым дамуы және құрылуы ұзақ әрі күрделі процесс. Ұжым болып қалыптасуы үшін топ бірнеше кезеңдерден өтуі керек. Педагог ғалымдар оның бірнеше жіктеуін көрсетеді. А.С. Макаренконың ұжымның құрылуы мен дамуын кезеңдеуде талапты басты көрсеткіш етіп алуын төмендегі кестеде берілген[9,33].
1-кесте- А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдері
Кезеңдер
Сипаты
Бірінші кезең
Тәрбиеленушілерге тәрбиешінің талап қою кезеңі
Екінші кезең
Ұжым белсенділерінің ықпалы күшеюі
Үшінші кезең
Ұжымда қоғамдық пікір қалыптасуы
Төртінші кезең
Берік игерілген ұжым тәжірибе арқасында оқушының өзіне талап қоюы, адамгершілік нормаларды сақтау оның қажеттілігіне айналуы
Төмендегі кестеде Л.И. Новиканың ұжымның қалыптасуын кезеңдеуі берілген.
2-кесте- Л.И. Новиканың ұжымның қалыптасуын кезеңдеуі
Бірінші кезең
Ұжымның бірігу кезеңі
Екінші кезең
Ұжымның барлық оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы
Үшінші кезең
Әлеуметтік тәжірибені түзету және әр тәрбиеленушінің шығармашылық даралығын дамытудың ұжымның қамқорлығына айналуы

Ұжым дамуының барлық кезеңдері мен сатыларында үлкен және кіші дәстүрлер қалыптасып, нығаяды. Дәстүрлер мінез-құлықтың жалпы нормаларын қалыптастырады, ұжым өмірін жандандырады.
Үлкен дәстүрлер - бұл үлкен жаппай өткізілетін шаралар, оларды дайындау балаларда өз ұжымы үшін мақтаныш сезімін, ұжым күшіне сенімін, қоғамдық пікірді сыйлау сезімін тудырады. Кіші, күнделікті қолданылатын дәстүрлер өз көлемі, аясы жағынан аз ауқымды қамтыса да олардың тәрбиелік маңызы өте жоғары.
А.С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетеді:
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды;
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді;
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі;
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары мен органдары - ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым - топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ол контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактілі ұжым - ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактілі ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактілі ұжым - бұл студенттер тобы, ал негізгі ұжым - факультет, т.б.
Оқушылар ұжымын қалыптастыру мен нығайтуда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны таңдау. Оны үшке бөліп қарастыруға болады:
1) Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірде пайдаланылатын жеке адамды әр түрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру. Оған жарыс, саяхат, т.б. жатады;
2) Орта перспектика - бұл перспективаға жыл сайын өткізілетін көрмелерге, сайыстарға қатысу, лагерге бару, т.б. жатады;
3) Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Оған келешекте білім алу, мамандық таңдау, т.б. жатады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалім оны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білуі, екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық деңгейін есепке ала білуі керек.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасауы үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы бір орнында тоқырап қалмайды, даму, ілгері жылжу - ұжым өмірінің заңы, бұл жерде қозғалыстың себебін, даму мүмкіндігінің сырын ашып алған дұрыс.
Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым, балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне, қоғам талабына сай келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінеміз.
Болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл - нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетуге көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс - тәрбие ұжымын біріктіру барысындағы ең маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек. Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу - балаларды еліктірудің, ұжым істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Кез келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей болуы керек. Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда әсіресе сынып жетекшісінің үлкен ұйымдастырушылық жұмысы қажет.
Балалар ұжымын педагогикалық басқарудың практикасында келесі маңызды ережелері қалыптасқан:
· педагогикалық басқаруды балалардың өзіндікке, тәуелсіздікке табиғи ұмтылысымен, өзінің инициативасы мен өзіндік іс-әрекеттерін көрсетуге тырысуымен үйлестіру;
· ұжым - ылғи даму үстінде болатын дамымалы жүйе болғандықтан, оны педагогикалық басқару да үнемі өзгеріске түсіп отыруы керек. Яғни ұжымның даму сатысына қарай педагог та өз тактикасын өзгертіп отыруы керек;
· ұжымдық тәрбиеде жоғары жетістікке жету үшін жетекші сол ұжымда жұмыс жасайтын басқа педагогтарға сүйенуі, ұжымды жалпы мектептік әрекетке, басқа ұжымдармен қатынасқа итермелеуі қажет;
· формализмнен аулақ болу, уақыт өткен сайын ұжымдық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қайта құру;
· ұжымда ортақ пікір қалыптастыру, өзара көмек, бір-бірінің пікірін сыйлауға үйрету;
· ұжымдық тәрбиені демократияландыру, бақылау жүйесін жетілдіру;
· ұжымда тұлғааралық қатынастардың дұрыс дамуына ықпал жасау;
· оқушыларға жүктелетін міндеттерді олардың қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкестендіру;
· ұжым ішінде стихиялы қалыптасатын қатынастарды тудыратын факторларды бақылау;
· оқушылар арасындағы қатынастарды жақсарту мақсатында уақытша ұжымдар қалыптастыру;
· балаларды жаңа қарым-қатынасқа тартатын ұжымдық іс-әрекеттің сипаты мен түрлерін өзгерту.
Сонымен бірге, ұжымды басқаруда мына жайларды еске алған жөн:
- ұжым мүшелері тең құқықты болады;
- басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан балаларға қысым жасалмайды;
- жауапкершілік пен өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімделушілікке жол берілмейді.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынастар ерекше орын алады, оның негізгі белгілері мынадай:
· сергектік стилі - ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелернің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;
· балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы керек;
· басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру.
Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда балалардың жеке байланыстарының дамуының құралы болады.
Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды құралы.
Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің рухани өмірінің айқын білінген азаматтың өрісі. Мұғалім мен оқушылар тек сыныпта ғана кездесіп қоймауы тиіс: оқушы -- партада (ол білім алады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, баға алады), педагог -- мұғалім стол басында (ол білім береді, оқушыға сұрақ қояды, баға қояды). Егер қарым-қатынастардың өрісі осы ғана болатын болса, онда мектеп ұжымы тәрбиелеуші күш бола алмайды. Мұғалім мен оқушы екі азамат ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар тәрбиеші және тәрбиеленуші бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым болуға тиіс. Адам - ұжым - қоғам - өзара қарым-қатынастардың жүйесі міне осы, осының арқасында ұжым қоғамның белсенді қайраткерін, азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады. Дұрыс ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы ұжымға тән белгі, бұл бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды -- идеялың бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақ күрестегі қатынасын тудырады.
Өзіндік ынта, шығармашылық,ұсыныс ұжым мүшелері арасындағы әр түрлі қарым-қатынаетар көрінісінің ерекше қырлары іспетті. Былайша түсіндірейік: өзіндік ынта -- стихия емес. Мақсатқа бағытталған, идеялық педагогикалық, ата-аналар басшылығы болмайынша, ұжымда нағыз өзіндік ынта болуы мүмкін емес. Өзіндік ынтаның мәні басқа адамға ықпал ету үшін өзіне идеялық, рухани, моральдың интеллектуалдық байлық жинақтауда. Ұжымның әрбір мүшесі тәрбие процесіне белсенді қатысқанда ғана нағыз өзіндік ынта, шығармашылық,ұсыныс мүмкін болады [10,11].
Рухани байлықтарды, әсіресе идеялық және интеллектуалдық байлықтарды үнемі көбейте беру керек. Бұл, біздің пікірімізше, жалпы оқу мен тәрбие ұштасқан тәрбие жұмысы саласының ең нәзік проблемаларының бірі.
Ойдың, сенімнің байлығы, затында, оқу көзінде алған білім мөлшеріне байланысты болады. Ал егер бұл байлық оқушының сабақ пен оқулықтан алған білімімен ғана шектелсе, оның рухани дүниесі мол болмайды. Ол ең алдымен ұжым пен жеке адамның қоғамдық белсенді қызметіне араласқанда ғана идеялық жағынан байиды. Идеялық өресі білім өресінен олқы түспеуге тиіс, қайта, керісінше, әрдайым одан асып түсуі тиіс.
Басқаша айтқанда, интеллектуалдық байлықтарды үздіксіз молайта беру мектеп ұжымын баулудың маңызды шарты болып табылады. Түлектердің ой-арма-ны, оларды толғантатын мүдделер, білімге деген құштарлықтың бекіп, жетілуі, ұжым өмірінде интеллектуалдық байланысқа негізделген қарым-қаты-настардың алатын орны -- мектеп өмірінің рухы, ұжымның тәрбиелік күші міне осыған байланысты. Өйткені, мектеп өмірінің бүкіл мәні -- бұл өздігінен ойлау, ойлану қабілетін баулу. Үнемі терең интеллектуалдық, рухани өмір сүру, сенім күшіне берік болу, өзін-өзі білімді құрметтеу рухында баулу -- міне осының бәрі адамнан үлкен күш-жігерді талап етеді. Бұл күш-жігердің қайнар көзі ұжымның интеллектуалдық өмірі екендігіне, оқушылар мен оқушылардың арасындағы, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарда, сабақтардың, оқулықтардың шеңберінен шығатын қарым-қатынастарда ақыл-ой байлығын үздіксіз молайта беру екендігіне тәжірибе көз жеткізеді.
Асқақ, ізгі мүдделердің, қажеттіліктің, тілек-ниеттің үйлесімі. Ұжымның тәрбиелік күші көп ретте мектеп оқушыларының қандай мүдделері мен талап-талғамының қалыптасуына және осылар мектеп оқушыларының тілек-ниеттерімен, әсіресе жас өспірімдер мен жоғары сыныптағы жеткіншектердің тілек-ниеттерімен қалай үйлесетініне байланысты.
Жалпы мектеп ұжымы -- бұл ондаған бастауыш ұжымдар, олар мейлінше әр түрлі қарым-қатынастар арқылы, рухани өмірдің, тұтынудың, мүдденің мейлінше бай сарындары арқылы құрылады.
Кәдімгі ауыл шаруашылығы жұмысын -- астық өсіруді мысалға алайық. Білгір тәрбиеші балаларға жекелеген еңбек операцияларын орындау жөнінде жай ғана тапсырма беріп қоймайды, қайта олардың қызметіне қоғамдық зор мән береді, оқушылар өздерінің колхоздың көптеген гектар жеріне себетін арнайы тұқым өсіріп жатқанын біледі, колхозда егіншілікті өркендету жөніндегі жауапкершілік сөзімі оларды жігерлендіреді. Ал азаматтық жауапкершілік сөзімі -- бұл идеялық-тәрбие қатынастарының айқын көрінісі деген сөз. Бастауыш ұжымдар үлкен роль атқарады, оларда ересек тәрбиеленушілер өздерінің кіші жолдастарына еңбек іскерліктері мен дағдыларын үйретеді. Біздің мектепте жас өспірімдер, жас жігіттер мен қыздар -- кіші және орта буындағы мектеп оқушыларының (үшінші жетінші сынып оқушыларының) техникалың және ауыл шаруашылығы үйірмелеріне басшылық етеді. Бізде жас конструкторлар, слесарьлар, токарьлар, радиотехниктер, электротехниктер, тракторшылар, өсімдік өсірушілер, бағбандар, омарташылар үйірмелері бар. Жас бағбандар үйірмесінде үшінші-бесінші сынып оқушылары ойдағыдай жұмыс істеп жүр. Жас еңбеккерлер үйірмесін басқару жоғары сынып оқушылары үшін өзін көрсетудің, өзін орнықтырудың, өзін тәрбиелеудің мейлінше айқын формасы болып табылады. Өзінің бойындағы бар бүкіл тәуір қасиетті өзінің жолдастарына беруге тырыса келе, үйірме жетекшісі тәрбиешіге, адамды жасаушыға айналады [10,74].
Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Мектеп тәрбиесі жүйесінің өзгешілігі - тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметінің жетекші болып саналуында. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналады, оны қалыптастыру- мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданады. Мектеп тәрбиесіндегі жетекші идеяны дамытқан зерттеуші педагогтар Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский және т.б
Латынның "коллективус" деген сөзі "жиын", "ұжым" "топ" дегенді білдіреді.
"Ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады:
1. Ұжым- кез-келген адамдар тобы;
2. Ұжым-жоғары ұйымдасқан топ.
Мектеп ұжымы негізгі әлеуметтік орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттілігі тәрбиеленіп, талап тілегі ашылып, жеке басының қабілеттілігі қалыптасады. Мектеп ұжымында, оның сан қырлы қарым-қатынастары мен бірге ұжым мүшелерінің жалпы қызметі арқасында жеке адамның жан-жақты жетілуі балалар мен жастардың өндірістік еңбекке қоғам өміріне Отан қоғамға белсенді қатысуының тиісті әзірлігі қамтамасыз етіледі.
А.С. Макаренко ұжымға былай деп сипаттама берді:
"Біздің пікірімізше, ұжым бірігудің социалистік принципіне негізделген контактылы жиынтық. Жеке адам жөнінде ұжым бүтіндей ұжымның тәуелсіздігін білдіреді. Жеке адамның өз еркімен ұжымға кіруі құқығын білдіре отырып, ұжым бұл адамнан ол ұжымда тұрғанда оған сөзсіз бағынуды талап етеді, мұның өзі ұжым суверендігінен келіп шығады. Ұжым адамдарды қоғам үшін анық пайдалы қызмет міндеттері негізінде біріктірген жағдайда ғана ұжым болуы мүмкін ",- дейді[11,18].
Балалар ұжымы туралы айта келіп, А.С.Макаренко тәрбиенің жүйесі жүйе болғандықтан бздің тәрбиелеуші ұйымымызда ұжым түрінде болады деп ескертті. "Біз тәрбиелейтін адамдар ұжымы- деп атап көрсетті Антон Семенович,- тек жастардың ғана жиналысы емес, бұл ең алдымен Кеңес Үкіметіндегі басқа да барлық ұжымның бүкіл ерекшеліктеріне , құқықтары мен міндеттеріне ие болатын қоғамның ұясы болып табылады"[11,24].
Мектеп ұжымы- бұл тек мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-ақ педагогикалық персональды да қамтиды. Оқушы және педагог ұжымы- өзінше өмір сүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың арасына қандай да бір айқын шек қоюға болмайды, олар бір-бірінен белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің бірегейлігімен мектеп ұжымы болып табылады.
Біз мектеп ұжымын ұжымшыл өзара қатынастардың жоғарғы , неғұрлым күрделі формасы ретінде қараймыз. Мектеп ұжымы- бұл азаматтық мектеп, белсенді қатысушының сапа қасиеті осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл балапанның қанаттанып, өздігінен ұшуға аттанатын ұясы.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді; ұжым - басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық манызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті карым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару оргаңдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы бастауыш ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардын мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты кқызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді [11,53].
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің манызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамнын моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кенейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі. Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады. Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет.
Балалар ұжымынын үлкендер ұжымына қарағандағы ерекшеліктері:
- қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның манызды мақсатына
бағытталған бірлескен іс-әрекеті;
- ұжым мүшелерінін еркін қарым-қатынас жасауы;
- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және
тәуелділігі;
- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.
Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқа да ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең құқықтық өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б. Балалар ұжымы -- өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін бітуі қажет.
А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын Ұстаздық дастанда келтірген [12,14]. Оның пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандықтан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы -- перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымынын дамуы тек перспектива (мақсат, іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік манызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
Перспективаларды-ертеңгі куанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатқа жету куанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінін канағат сезімін тудырады. Ұжымнын іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, онын стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-құлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ықпалында тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін. Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін баскару ұжымның дамуының келесі заңы -- параллельді ықпалдар заңы.
Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсеңділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық - тұлға аралық (достық, ұнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткендей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш модельі қалыптасады:
1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;
2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы
(И.П.Подласый) [12,84].
3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.
Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғанын даралығын,өзін-өзі көрсете білу кабілетін калыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғанын ара қатынасын, білуі қажет.
Ұжым даму заңдылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады.
Әрине, осы кезендердін арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуте болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезеңінін барлығын педагогтардын дұрыс менгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.

1.2 Балалар ұжымындағы іс-әрекет пен қарым-қатынас туралы А.С. Макаренконың тағылымы
Көрнекті кеңес педагогы А.С. Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытындылап, ұжым (ұжым) тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол: "Тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі мықты ұжым құру арқылы ұйымдастырылуыға тиіс",- деп атап көрсетті.
А.С.Макаренконың пікірінше, оқушының әр қимылы, оның әр сәттілігі немесе сәтсіздігі ортақ істің айналасында бүкіл ұжымның сәттілігі немесе сәтсіздігі деп бағалануы тиіс. Топтасқан оқушылар ұжымыне, сондай-ақ онда жағымды дәстүрлер мен қызықты перспективалардың, өмір мен қызметтің сергек, жарқын жүзді сарынының болуы, кемшіліктерді батыл сынай және сынды дұрыс қабылдай білу тән.
А.С.Макаренко: "Ұжым дегенміз - бұл әлеуметтік жанды тұлға. Себебі оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі, ұйымдардың арақатынасы, өзара тәуелділігі бар, егер ондайлардың ешқайсысы болмаса, онда ол ұжымда бола алмайды, жай ғана тобыр немесе жиынтық болады," - деді [14,19].
А.С. Макаренко тағылымы ұжымы сатылы қалыптастастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ркымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет).
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда
А.С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді[14,34].
Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастарушысы - педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлу керек.
Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі - бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты - осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.
Тәжірибе жүзінде әр ұжым - дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.
Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеқумен байланысты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Бастауыш сынып оқушыларына бiлiм беруде ұжымдық iс-әрекетке тәрбиелеу
Оқушылар ұжымы
Ұжымдық тәрбиенің обьектісі мен субьектісі
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы
Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы
Пәндер