Отбасындағы ұлттық тәрбие


Мазмұны
Кіріспе
1 ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ - ӨНЕГЕ . . .
- Тәуелсіздік және ұлттық тәрбие . . .
- Ұлттық тәрбие - ұлттың болашағы . . .
2 МЕКТЕП ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ЕНГІЗУ . . .
2. 1 Халықтық педагогиканы әр сабақта тиімді қолдануын қалыптастыру . . .
2. 2 Ұлттық тәрбиені оқу үрдісінде қолдану . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Зерттеудің өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.
Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны - қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда.
Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. . ”, - деп, атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады . . . ”, - делінген.
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.
Осы уақытқа дейiнгі тәрбие мәселесімен байланысты зерттелген еңбектерді төмендегiдей сараптама бойынша жіктедік:
- тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Қоянбаев Ж. Б., Болдырев Н. И., Бержанов Қ., Мусин Ж., Мұхамбаева А. Х., Подласый И. П., Сейталиев К) ;
- қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ. Б., Қалиев С. Қ., Әбiлова З. Ә., Сарыбеков Н. Қ., Ұзақбаева С. А., Наурызбай Ж. Ж., Қожахметова К. Ж., Жұматаева Е. Ө., Дүйсембiнова Р. Қ., Қабдыразақұлы Қ., Мұхамбетова С. К., Сәдуақасов Ә., Қоңыратбаева Т. Ә) ;
- ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ., Беркімбаева Ш. К., Оразбекова К. А) ;
- оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротов В. М, Сабитова Г. В, Ходоровская З. А) ;
- ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Көпжасарова М. Д., Байназаров Р., Галузинский В. М., Падалко Т. В) ;
- оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К. Қ., Омаров Е. О., Садықова М. К) ;
- оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р. Д., Лебединский В. В., Абаева Н. Б., Мұқанова Б. Ы., Қасенов Е. Р) ;
- балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық аспектілері (Алиева Л. В., Волохов А. В., Литвак Р. А., Искандирова Т. Н) ;
- халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р. К., Қаплиева А. Қ., Садықова М. К., Сайдахметов Б. С., Байсарина С. С) ;
- жаһандану жағдайындағы балалар қозғалысының даму тенденциясы және социокинетикалық ғылыми бағыт алғышарттары (Вульфов Б. З., Фришман И. И) ;
Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған. Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р. К., Иманбаева С. Т., Әбдiғаппарова У. М., Әбдiлдина С. Қ., Өтемұратова Б. С., Аманжолова А. А., Хасанова Ж. С., Жетпiсбаева К. Б., Сырымбетова Л. С., Қаплиева А. Қ., Қисымова А. Қ., Егенисова А. Қ., Арзымбетова Ш. Ж., Садықова М. К., Сайдахметов Б. С., Байсарина С. С., Сыдықов М. Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т. б) зерделенгенімен, оны оқушылар ұйымы арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық.
Ал, 1991 жылға дейінгі мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарын сипаттауға арналған Иржанова Р. Д., Құнантаева К. Қ., Татаурова Н. Л., Байназаров Р., Абаева Н. Б., Мұқанова Б. Ы., Кузьмина М. Н., Бекмағанбетова Р. К., Қасенов Е. Р. т. б зерттеулерiнде негiзiнен бұрынғы кеңестік дәуірдегі пионер (балалар) ұйымдарының iс-тәжiрибелерi партиялық идеология тұрғысынан зерттеліп, бұл еңбектердің өз кезінде педагогикалық маңызды рөл атқарғанына қарамастан, мектептегі оқушылар ұйымдары арқылы ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастырудың толық қарастырылмағаны байқалды. Оның негізгі себептерінің бірі - оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарының коммунистік идеологияға және авторитарлық-педагогикалық саясатқа бейімделе жүргізілгендігінен туындаған еді. Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің” дағдарысқа ұшырау себептері мен жаңа ғасыр жағдайындағы «социокинетика» ғылымының оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетке сүйенген халықтық-демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттілігін туындатты. Айтылған мәселе бойынша бүгінгі күн талабы тұрғысынан жан-жақты зерттеген ғылыми-педагогикалық еңбектердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу тақырыбымызды айқындай түсуге себеп болып диссертациялық жұмыс тақырыбын “Мектепте оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары” деп атауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушылар ұйымының ұлттық демократиялық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін құру және оған қажетті педагогикалық шарттарды айқындап, оқу-тәрбие үрдісіне ендіру. Зерттеу объектісі: мектептегi оқушылар ұйымындағы тәрбие жүйесi.
Зерттеу пәнi: мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып, халықтық-демократиялық принципке негізделген оқушылар ұйымының жаңа моделі жасалса және оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалса, онда жан-жақты дамыған, ұлттық сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені білім беру мен тәрбие ісі әлемдік өркениет пен ұлттық мәдени құндылықтар негізінде іске асырылады.
Зерттеудің мiндеттерi:
1 Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу;
2 Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін құру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындау;
3 Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру жұмыстарын іске асыру мақсатында “Атамекен” бағдарламасын құрастырып оны қолданудың кешенін жасау;
4 “Атамекен” бағдарламасы және оны қолданудың әдістемелік кешенін іс-тәжірибеден өткізу.
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды: философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; сауалнама, ойын-сайыстар, сұрақ-жауап, бағалау, салыстыру, бақылау және социометриялық кесте, тренингтер мен танымдық-тестік сұрақтар.
Зерттеу базасы: № 48 орта мектеп
Курстық жұмыс кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.
Қорытынды бөлiмiнде тарихи-педагогикалық теориялық тәжiрибелер мен практикалық нәтижелер және ғылыми-эксперименттiк көрсеткiштерге негiзделген ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалды.
Қосымшада зерттеу жұмысы барысында жинақталған маңызды материалдар туралы мағлұматтар беріледі.
1 ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ - ӨНЕГЕ
1. 1 Тәуелсіздік және ұлттық тәрбие I
Бүгінгі таңда ғасыр қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін әрбір адам бойында қалыптастыру - аса маңызды міндеттердің бірі. Өйткені қазіргі қоғам дамуындағы талаптарға сай кез-келген адам өз өмірінде жұмыс орнын, тіпті, кәсібін бірнеше рет ауыстыруға тура келеді. Бұл өз ретінде адам мүмкіндіктерін, оның мүдделері мен ұмтылыстарын жаңа талап тұрғысынан шешуді қажет етеді. Біз ұлы М. Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзін еске түсірген жастардың беталысы, бағыт-бағдары айқындалмай, еліміздің әл-ауқаты түзелмейтіні анық. Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу. Қазақстан халықтарының барлығының бақуатты, берекелі тұрмысқа қол жеткізіп, жақсы жайда өмір сүруі, ең алдымен, мемлекеттің негізі - қазақ халқының рухани ықпалы, интеллектуалдық әлеуетін нығайтып, әлемдік даму кеңістігіне өтуіне, өркениетті елдер деңгейіне көтерілуіне тікелей қатысты екендігін қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, олардың озық ойлы, білімді азаматтары да жиі қайталайды. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрып дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек білу қажеттігі бірінші орында тұр. Өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезбей, басқа халықтың өзіне тән ерекшеліктерімен салыстырмай, бағаламай өз рухани байлығын арттыра түсу мүмкін емес. Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастықтарға қарап, тәрбие барлық халықтар үшін біртұтас деп айтуға себеп болмайды деген заңдылық осыдан туындайды. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді елдің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын оның ерте замандағы ата-балалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Өйткені олар халықтардың тіршілік кәсібіне, наным - сеніміне байланысты туып, қалыптасатын ұрпақтан ұрпаққа ауысып жаңарып отырған, ұлттық болмыс адам мінезінен, іс әрекетінен ерекшелене көрінетін құбылыс мәлім және салт-дәстүрдің өміршеңдігі туралы педагогика ғылымының докторы, ғалым-педагог С. Қалиев өз зерттеулерінде «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді…» деп көрсетеді. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтағанда ғана мынадай нәтижеге қол жеткізуге болады:
Жастардың танымдық қабілетін жетілдіреді.
- Ұлттық тәрбие арқылы адами қасиеттерді қалыптастырады
- Ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
- Шығармашылық қасиеттерін оятады
- Данышпандық көреген қасиеттердің дамуына жол ашады.
Патриоттық сезім тұлғаның тектілігімен туындап, тәрбие арқылы өсіп жетіліп, қалыптасады. Ұлттық патриотизм жеке адамның белгілі бір ұлтқа тән екендігін түсініп, сезінуі, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі және оны қастерлеп, қадір тұтып, қорғап, сақтауға дайын болуы. Демек, ұлттық патриотизм - қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет .
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру осы ретте халық тәрбиесінде қыз бала тәрбиесінің де өтегелі үлгілері мол. Отбасында онымен негізінде әйел-аналар айналысып, мінез-құлқның сымбатына сай болуына басты назар аударған. Қыз баланың бойына инабаттылық, сыпайыгершілік, ізеттілік қасиеттерін дарыта отырып, оның жан дүниесінің жете қалыптасуына мән берген. Халқымыз қыз психологиясының ерекшелігін жақсы түсіне білген. Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да жібектей мінезі мен уыздай тәтті қылығымен, әдепті-ізеттілігімен, иманды-инабаттылығымен, күміс күлкісімен көргісі келген. Осындай ұлттық тәлім-тәрбие алған қыз бала болашақта ардақты ана, сүйкімді жар болары сөзсіз. Халқымыз «Әйел -барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні» деп қасиетті санап, оған көңілінің төрінен орын беріп, ардақтап аялаған. Өйткені әйел-ана - әрбір отбасының алтын діңгегі. Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарына түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. . Б. Момышұлы атамыз айтқандай, «Ел боламын десең, бесігіңдді түзе» дегендей ертеңгі ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен қолға алар болсақ, елді қолда ұстар батыр ұлдарымыз ұлтымызды тәрбиелейтін қыздарымызды. теріс жолдан аулақ, ұстап, тәрбие бергеніміз жөн.
Менің ойымша, жастардың ұлттық тәрбиемен сусындауы- олардың қазіргі қоғамымызда кездесетін жат қылықтардан аулақ болуларына үлкен әсері бар. Теледидар, ғаламтор арқылы жастар арасында кездесетін зорлық-зомбылық әрекеттерді көріп жүрміз. Ұлттық дәстүр арқылы тәрбие алған жастар бейәдеп әрекеттерге бармайды. Сондай-ақ ұлттық тәрбиені бойына сіңірген жастар жат қылықтардан жолдастары мен достарының да алыс болуға шақырады. Тарих көші жылжып, заманның талабы, адамдардың қажеттілігі өзгерсе де, ата-бабамыздың рухы сақталған ұлттық тәрбие-барлық тәрбиенің бастауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz