Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА - ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ ДАМУ ӨЗЕГІ.

1. 1. Халықтық педагогика мен салт-дәстүрлердің тұлға тәрбиелеудегі рөлі . . .

1. 2. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық тәлім-тәрбиенің

қосар үлесі . . .

1. 3. Қазақтың ағартушы педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие

беру және оған болашақ мұғалімдерді дайындау туралы ой-пікірлері . . .

2 ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.

2. 1. Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы . . .

2. 2. Оқу үрдісінде салт-дәстүріміздің кіріктірілу мүмкіндіктері және оның тәжірибелік көрсеткіштері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі кезде Қазақстандағы саяси- әлеуметтік, экономикалық өзгерістермен қатар, білім саласындағы басты проблемаларды шешетін және жүзеге асыратын жас ұрпаққа ұлттық педагогикалық ұлттық тәрбие беру қажет.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай баяндалған: «Ол ұрпақтың тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады». Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қазақ халқы мен Республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді және шетел тілдерін меңгеру» деп айрықша атап көрсеткен.

Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық пеадгогиканың ғибраты мол. Ол рухты рухтандырып, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп отыратын сипаттардың бірі екенін ғалымдарымыз айтып, дөп басқан. «Тіл мен дәстүр әрдайым бір-бірімен тығыз байланысты болып, біріне-бірі күш береді, бірін-бірі байытады ». Әрбір оқушының санасын рухы ұлттық білім мен тәрбие беру арқылы дамытады.

Қазақ мектебінде салт-дәстүрді берудің негізін қалаған ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының толғандырған ойлары, қазіргі Қазақстандағы ұлттық білім беруде тірек болады. Білім мен тәрбие міндеттері жедел түрде ұлттық болмайынша, алдындағы борышқа негізделмейінше, жалпы адамзатқа қызмет ету мүмкін емес.

Ұлтық педагогикамыздың жас ұрпаққа берер тәрбиесі ұшан теңіз. Салты мен дәстүрін ұмытқан азамат Отаны мен туған жерін, анасының ақ сүтін ұмытқан адам қатарына қосылуы заңды құбылыс. Бала бойына әділеттіліктің, адамгершіліктің қайнар бұлағын сіңіру үшін, болашақ мұғалімдер дәстүрі мен ұлттық қағидаларды әрқашанда оқушыларға тәрбие мен білім беруде қоса ұштастырғандары дұрыс.

Зерттеудің мақсаты: Ұлттық педагогиканың жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерекшелігі мен қазақ зиялыларының ұлттық тәрбие берудегі көзқарастарының мәнділігін, оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық салт -дәстүрлерді пайдалану жолдары мен оны ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдерін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге педагогикалық анализ жасау;
  2. Ұлттық педагогиканың оқу-тәрбие үрдісіндегі маңызын анықтау;
  3. Салт -дәстүріміздің тәлім-тәрбиелік мәнін ашу;
  4. Оқу-тәрбие үрдісіндегі оқушыларға ұлттық педагогиканың негізінде тәрбие берудің жолдары мен тәсілдерін айқындау.

Зерттеудің базасы: №48 Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ орта мектеп.

Зертеудің нысанасы: 3 «А» сыныбы.

Зерттеу пәні .

Зерттеудің ғылыми болжамы. Психологиялық, педагогикалық және ұлттық педагогикалық әдебиеттерді талдау мынадай ғылыми болжам ұсынуға мүмкіндік береді. Егер әрбір пәнде ұстаз өз салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғыртып, жас ұрпаққа орасан зор тәрбие беріп отырса, оқушылардың дүниеге деген көзқарасы мен сана сезімі жоғарылап отырған болар еді. Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз- болашақтың сәулетіне нұрын шашатын, күн шуағы іспетті. Адамды адам еткен еңбек пен тәрбие болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адамдыққа баураған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, бай да баянды мұра.

Жас ұрпақты халық педагогикасы дәстүрімен тәрбиелеуде біз ұлттық тәрбиені бүкіл адамзаттық тәрбиемен, яғни әлемедік педагогика ғылымының жетістіктерімен байланыстыра білуіміз керек. Бұл ретте балалар сахнасы мен теледидар, кино экрандарын пайдаланудың мәні зор. Ол қазіргі күннің талабына сай жас ұрпақты білімді, зеректі, қабілетті ғып тәрбиелеу мен қатар ұлттық тәрбие беруге мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ, ұлттық дәстүр мен ұлттық тәрбие оқу-тәрбие үрдісінде тәрбие жұмыстарынның тиімділігі мен сапалығын арттыруға мүмкіндік беріп, жас ұрпағымыздың бойына адамгершілік, ұлт жандылық, кішіпейілділік, имандылық сезімдер ұялаған болар еді деп болжаймын.

Зерттеудің әдістері: психологиялық, педагогикалық, мәдениеттану, өнертану әдебиеттеріне талдау жасау, бақылау, әңгімелесу, өнеге көрсету, жүйелеу, жинақтау, эксперимент т. б.

1 ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА - ЖАС ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ ДАМУ ӨЗЕГІ.

1. 1. Халықтық педагогика мен салт-дәстүрлердің тұлға тәрбиелеудегі рөлі.

Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді; сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда. Адамзат елшісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бар болмысы тәрбие. Демек, қай заманның қай қоғамның болмасын көкей тесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Ұрпақ тәрбиесі - болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.

Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі - қай кезде де халықтық мәселе болған. Қазақ халқы рухани зор байлықтың мәселесі. Қазақ бүкіл әлемдік өркениетке ерек орын алатын ғұлама Әл - Фараби бабамыздан бастап, түрікі тілдес халықтарға өшпес асыл мұра бар. Орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Яссауи трактаттарында, сондай - ақ алтын орда дәуірінің далалары бір халықтың ғана емес, адамзат тудырған адамдарының қатарындағы ұлы Абай мұрасының оның педагогикалық көз қарастарының алар орыны алдына бір тірек топ. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары Шоқан, Ыбырайлармен қатар ХХ ғасыр басында тәлімдік ой пікірлермен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Міржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен педагогикалық мұралары қазіргі заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі. Мыңдаған жылдар бойы тырнақтап жиналған халықтың осынау рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен астаса келіп оқу - тәрбие қызметіне негіз болды. Білімділерді баптап өсірер тәрбие керек, Әбу Насыр Әл- Фараби “адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі ” деген болатын. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты әрбір тұлғаны жан - жақты жарасымды етіп тәрбиелеу. Олай болса, бүгінгі ұрпақтарға білім - ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымыздың тұғыр тағылық қағидаларын жеке үйретіп, игерудің мені зор. ХХ ғасырдың 1-ші ширегінде қазақ елінде педагогикалық ойлардың қалыптасуына Ш. Құдайбердиев., А. Байтұрсынов., М. Дулатов., М. Жұмабаев., Ж. Аймаутов зор үлес қосты. Ағартушы - ғалым А. Байтұрсынов “Жан мен тән” мақаласында адамның жан жақты, үйлесімді дамуына ерекше мән беріп, кімнің тәні сау болса, соның жаны да сау болады және рухани мәдениетінің негізгі болып, оның оқып жинаған білімі, әдет - ғұрпы мен дағдылары, жақсы ой пікірлерді айта отырып, бастауыш сыныптардағы білім беру жүйесінің ерекшелігін көрсетті. “Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті сенімді болуы қай халықтың мектебінде болса, оқу кітапша-ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан, hәм табиғатынан жазылып баяндап оқытылуы қажет, осылай біліп баяндағанда, оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады, мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың медресесінде оқыса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады, ”- дейді.

Дана халқымыз “ақыл - жастан, асыл - тастан” нақылмен дәлелдеп кеткен. Баланың қиялын шыңдап, үлкен адам болып шығуына ұстазы мен ата - анасының ролі үлкен. Қабілеттің туа даритын және жүре игеретін табиғаты болатынын психолог ғалымдар дәлелдеп келеді. Балалардың жеке басының қасиеттерін тәрбиелеу - олардың қабілеттері дамуының шешуші шарты: еңбексүйгіштік, табандылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеу - олардың қабілет көздерін ашудың ең өнімді жолы - еңбек, ерік пен мінезді тәрбиелеудің тамаша құралы.

Кіші жастағы оқушыларды ертерек тәрбиелеуді қолға алсақ қана, олар ержетіп өздерінің үлестігін парасаттылығымен қосып биік тұрғылардан шығады. Халық педагогикасы тәрбие тегін әр баланың жеке бас ерекшелігін (психологиясының) ескере отырып жүргізуді ескертеді;

Халық педагогикасын баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата - ананың, отбасы үлкендердің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған.

Халық педагогикасының тағы бір ұсталымы балаға үлкен талап қою, оның жеке басын қадірлеуге негізделген;

Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында дамыту - көкейкестің мәселелердің бірі;

Халық педагогикасының негізгі ұстанымының бірі - тәрбиенің біртұтастығы;

Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуінің халық педагогикасында, ғылыми педагогика да құптайды;

Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. “Балаңды өз тәрбиеңменен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, ” - бабаларымыз айтқан болатын. Адамгершілік ар - ождан, кішіпейілділік, қайырымдылық, ізгілікті арқау ету. Тіршілік тұтқасы өмірдің шамшырағы өнер өлмес мұра дегенді насихаттап ертегі, өлең, жыр, мақал - мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

Жалпы орта мектептің білім мазмұны тұжырымдамасында тәлім - тәрбие мазмұнының сегіз саласы; ақыл - ой тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, жыныстық тәрбиесі, патриоттық тәрбие көрсетілген. Қазақтың ұлы педагоктарының бірі Мағжан Жұмабаев “Педагогика” деген еңбегінде тәрбие 4 бөлімнен; дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесінен тұрады деп көрсеткен. Өмір сұрудің басты заңдылығы “ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақыл” болса, осы 3 қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру ұстаздардың бұлжымас міндеті. “Ыстық қайрат” спортқа баулу; нұрлы ақыл санасына білім нарегін құю; “жылы жүрек” - эстетикалық адамгершілік тәрбие беру, - дейді ғұлама Абай. Жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беру бүгінгі күннің талабы.

Елбасымыз Н. Ә Назарбаевтың білім беру саласы қызметкерлерінің съезінде сөйлеген сөзінде анықтап айқын көрініс тапқан еді. «Ұлттық жалпы адамзаттық қадір-қасиеттерінің маңызын түсінетін жаны да, тәні да таза, білімді патриот азаматтарды тәрбиелеу міндетіміз».

Ұрпақ гүлденсе, ел жаңарады. Көргенді ұрпақтан көрген дана халық тарайды. Міне сондықтан да ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы зор міндет. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педогогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз болашақтың сәулесіне нұрын шашатын күн күн шуағы іспетті. Еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баураған халқымыздың танымдық тәрбиелік дәстүрлері, салт санасы, бойда баянды мұра.

Қазақтың халық педагогикасын тіл әдебиеттік қасиеттеріне қарай: жаңылтпаштар, санамақтар, жұмбақтар, мазақтамалар, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер, шешендік сөздер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, тұрмыс-салттық қасиеттеріне қарай: кісілік, әдептілік, намыс пен абырой, имандылық, салауаттылық, бауырмашылық, мейірімділік, адамгершілік қарапайым қатынастар, ұлттық ойындар, рәсімдер, салттар. әдет ғұрыптар деп атауға болады. Ең әуелі ұлттық тәрбиенің мән-мағынасын, мазмұнын жақын жан-жақты жақсы біліп, тәлім-тәрбиеге оны пайдаланудың тәсілдерін жауапкершілікке үйренген жөн. Халық педагогикасының жаңылтпаш, санамақ, жұмбақ, мәтелдер, мазмұндама сияқты танымдық тәрбиелік мәні зор салаларын әсіресе бастауыш мектеп мұғалімдері тәрбие ісіне жан-жақты пайдалануда ықылас аударады.

Халық педагогикасы үнемі даму үстінде мысалы, жаңылтпаштың жаңа түрлерін тек ширатып қана қоймай, дүние танытады, сөз қорын молайтады, тәрбиелейді.

Мысалы: Былдыр-былдыр бүлдіршін

Бұл- бір білгір бүлдіршін

Білгір бұл бір бүлдіршін,

Білгірлігін білдірсін, - деген жаңылтпаштан сол танымдық, тәлімдік, мақсаттар толық көрінеді. Халықтық педагогика- тұнып тұрған асыл қазына, өсиет, өнеге, білім, тәрбие. Әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне негізделген өзіндік педагогикасы бар. Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпаққа халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің қажеттігі артып отыр. Төмендегі суретте Халық педагогикасының барлық түрлері қамтылған әр тәрбие бөлімі бойынша өткізілетін тәрбие шараларының мазмұны мен оны жүзеге асыру шаралары толық көрсетілген. Әр тәрбиеші -мұғалім өз оқушысының жас және дербес ерекшеліктерін жағдай, халықтың педагогикада тәрбие бөлімдері бір-бірімен тығыз байланысты, іштей сабақтасып жатады. Ғылыми-педогогикалық еңбектерде де тәрбие процестерін кешенді түрде жүргізу жайлы айтылады. Сондықтан тәрбие шараларын жоспарлап өткізерде, бір ғана мақсатпен шектемей, бірінші мақсат-міндеттерді шешуге ұмтылған дұрыс. «Сегіз қырлы, бір сырлы» жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдалану керек. Қазақтың ұлттық педагогикасының сарқылмас мол қазынасындағы баға жетпес байлықтың бірі - әдеп тәрбиесі. Әдеп белгілі-бір халықтың әдет-ғұрпына тұрақтанып, қалыптасқан этикалық тәртіп екені белгілі. Қазақтың ұлттық педагогикасының сарқылмас мол қазынасындағы баға жетпес байлықтың бірі халықтың әдет -ғұрпы.

Әдет тәрбиесін жас ұрпақты ізеттілік, сыпайылылық, инабаттылыққа баулу тәрбиесі. Отбасындағы әдеп тәрбиесінің негізгі мазмұнын: ана тіліне уызынан жарыту; үлкенді сыйлау; ата-баба дәстүрін құрметтеуге үйрету; обал-сауапты білуге имандылыққа тәрбиелеу, махаббат сезімімен, отау құру, бала тәрбиесінің аса нәзік тұстарын түсіндіреді.

Отбасындағы әдеп тәлім-тәрбиесінің басты түрлеріне мыналар жатады:

Әке мен ананың жеке тәрбиесі, үлгі өнегесі;

Ата мен әженің отбасы мүшелерінің, көрші мен туған-туысының тәлім-тәрбиесі;

Халық даналығы (мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, аңыз, ертегі, батырлық, ғашықтық жырлар, т. б. ) .

Ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер; көркем әдебиет, теледидар, радио хабарлар.

Отбасындағы әдеп тәрбиесінде оқу орнынан тыс тәлім-тәрбие жұмыстарында да көп көңіл бөлінсе, нұр үстіне нұр. «Рухани қыз», «Ата мен әже-балалар энциклопедиясы», «Әдеп туралы мақал-мәтелдер», «Әдеп - адамгершілік негізі» деген атпен тәрбие сағаттарын, пікір сайыстар өткізген дұрыс.

Алты жасар баланы әдепті болуға тәрбиелеп, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету тиімді. Басты назар аударатын мәселе әдеп тәрбиесінде отбасы, балабақша, бастауыш, мектеп арасындағы бірлікті нығайту сабақтастығын қамтамасыз ету. Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегесінің бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы - ел мүддесі, заман талабы.

  1. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық тәлім-тәрбиенің қосар үлесі

Төл тілімізді, дәстүрімізді, тарихымызды елдігіміз бен ерлігімізді, рухымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру ісіне қайсарлықпен атсалысқан белгілі ұстаз, шебер ұйымдастырушы, абзал азамат Мұхтар Арынның 1996 жылы жарық көрген « Бес анық » кітабында тәлім-тәрбиеге, оны қалыптастыруға ерекше мән берген.

Тәрбие туралы толғамдарында автор қоғамның рухани дамуын қолға алмай тұрып, басқалай, яғни материалдық саласын жолға қоюдың мүмкін еместігін, бүкіл адамзат баласы әлдеқашан түсініп, бойға сіңіргеніне ден қойған. Ұлттық сананың қайнар көзі болып табылатын еселенуге тиіс ерекшеліктер жөнінде айта келіп, профессор «ұлттың күретамыры да, қаны да, ең алдымен, оның тілі. Сондықтан да тілден айырылып бара жатқан ұлтымызды жақсы жағдайда болып еді деп айтуға ешкімнің аузы бара қоймас», - дейді. Тілімізден айырылмау үшін не істеу қажеттігіне назар аударады. Ең алдымен өз тілін білу - перзенттік парыз екенін ұрпақтарымызға ана сүтімен, әже әлдиімен, ұғындырған жөн. Балабақшадағы, мектептегі, тәлім-тәрбие де соған негізделуге тиіс. Кезінде А. Байтұрсыновтар ұсынған балалардың бірінші мүшелге дейінгі ой жүйесін ұлттық рухта қалыптастыру мақсатымен оны кішкентай, сәби кезінен бастап, басқа тілді араластырмай, тек қана ана тілінде сөйлету керек деген.

Білім, оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты бағдарламалар, тұжырымдамалар жасаған кезде осы қағидалар басшылыққа алынған ләзім. Алғашқы 4 жылда, яғни бастауыш мектепте басқа тілді араластырмай, орыс тілін мүлдем қоспай, шет тілін де аттап бастырмай, тек қана өзінің ана тілінде тәрбиелеп, үйрету ұтымды. Ал балабақшаға басқа тілдерді мүлдем жолатуға болмайды. Мұның өзі ұлтымыздың өркендеуіне, дұрыс бағыт бағдар алуына аса қажет.

Ұлт пен тіл - ешуақытта ажырамайтын бірімен-бірі кірігіп, кеткен біртұтас құбылыс алтын дін. Осы бір киелі ұжымды естен шығармаған ел қандай жағдайда да ана тілін өзгертпейді мәртебесін артырады. Бұл - тәрбиенің өте тиімді түрі, халқымыздың рухын көтеретін ғибратты тағлым.

«Ұлттың рухы тілдің мазмұнын рухтандырып тұрады». М. Арыновтың бұл пікірінде терең мән, ойлы мазмұн бар. Ұлттық тілден ұлттық бейне таныған ұлы ақын М. Жұмабаевтың «ұлттың тілі кеми бастағанын, құри бастағанын көрсетеді. Бұл ұлттың тілінде осы ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп», деген пайымдаумен үдестік бар.

Кеңестік тоталитарлық жүйе шағын ұлттардың болмысын, рухын жақсартумен қатар, олардың тілін де, дінін де құрдымға жіберуді мақсат етті. Сол арқылы ана тілінен, дінінен, салтынан, тарихынан айыруды көздеді. Орыс рухы көкке көтеріле дәріптелді.

Империялық тәртіпке құлшылық ету күшейді, мүндай озбыр өктемдік ұлт зиялыларының зығырданын қайнатты. Мұхтар Арын сияқты біртуар тұлғалар ұрпақ тағдырына халқынан келешегіне алаңдап қолына қалам алады.

Ұлттық тәрбиенің артық асқақтарын дәлелдеуге болатын батыл қадам жасады.

Ұлттық тәрбиені асқақтатар алғашқы белгі тіл болса, екінші бір белгі дін. «Дінде ұлттық рухты құрушы, соған белгілі бір мазмұн беруші күш бар, оның ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға тәртіп пен тәрбиеге үлкен әсері тиеді». «Діннің қуатты, күретамыры, күшті жері - адамның бойында сенім деген сезімді тәриелеу». «Діннің арқасында мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған. Мұхаңның бұл пікірлері кеңестік насихатқа мүлдем қарама-қайшы. Діннен бездірушілерге айтылған қарғыс, жастардың жарты кеш, дүбәрә күй кешуіне итерлемеген. Отаршыларға басылған айып таңбасы.

Білімпаз ұстаз жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беруден пайғамбарымыз Мұхаммед Ғалайссаламның, ұлы Абайдың еңбектерін жан жақты пайдаланудың тиімділігін жүйелеп түсіндіреді. Пайғамбарымыздың үлкен ғалым болғаны оның «мың бір хадисінде» тәрбие жөнінде ғұламалық ойлар айтылғанын, ғылымды, білімді бірінші орынға қойғанын зор ықыласпен жазады. Мұхаммед Ғалайссалам мен Абай шығармаларын бірлігі таңда ұлтымыздың өркениеттілігіне ойлау қабілетінің дұрыс болуына бағдаршы ретінде қонлдануды ұсынады. Ұрпағымызды имандылыққа адамшылыққа тәрбиелеу де діннің зор рөл атқаратынын айта келіп, дін мен пайғамбарымыздың, дін мен Абайдың арасында толық үндестік бар екеніне таң қалады. «Демек, біз Абайды ұлы классик, ғұлама ғалым кемеңгеріміз, данамыз деп уағыздайтын болсақ, оның үстіне оның кейбір ойлары Мұхаммед Ғалайссалам пайғамбарымыздың дін туралы айтқаны мен ұштасып жататын болса, онда дінде де, керек жерінде Абайды қалай пайдалансақ солай пайдалануымыз керек».

Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Жастар тәрбиесінде діннің алатын орны бөлек ол жеткіншектерді адалдыққа баулиды, қиянат, ұрлық жасамауға, өтірік өсек айтпауға үйретеді. Бұрын жаппай діннен безіп, атеист болуға мәжбүрледі. Соның салдарынан адамдық асыл қасиеттеріміз кеміді, ұлттық азып-тозуды бастан өткізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу - қазақ халық ертегілерінің басты арқауы
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын айқындау
Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz