Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе.

1БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Сынып жетекшінің негізгі міндеттері мен қызметі

1. 2. Сынып жетекшінің ата - аналармен атқаратын жұмысының

мазмұны мен міндеттері.

1. 3. Сынып жетекшінің мектеп әкімшілігі және пән

мұғалімдерімен атқаратын жұмысының мазмұны

2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖЕТЕКШІНІҢ ЖҰМЫСЫН ИННОВАЦИЯ НЕГІЗДЕН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

2. 1. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен

тыс ұйымдастырылатын жұмысы.

2. 2. Сынып жетекші жұмысының бастауыш сынып

оқушыларын тәрбиелеудегі бағыттары.

2. 3. Сынып жетекшісінің бастауыш сынып оқушыларымен

жүргізетін жұмысының диагностикасы

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Тақырыбы: Бастауыш білім беру кезеңіндегі мұғалімінің сынып жетекшілік қызметін ұйымдастыруы және атқаруы

КІРІСПе

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан - ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланың әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады: оқу, еңбек, қарым - қатынас, ойын, практикалық әрекеттер.

Бастауыш сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы айтар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті - тәрбие жұмысы деп атаймыз.

Бастауыш сңынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан - жақты нәтижелі дамуын соған сәйкес міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.

1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:

- оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын қоршаған ортасын танып білу;

- тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;

- жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;

- тәрбие ықпалының нәтижесін талдау жүргізу;

2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру:

- оқушылар ұжымын қалыптастыру;

- онда жағымды көңіл - күйді қалыптастыру; - оқушылардың әлеуметтік әрекетке қатыстыру;

- оқушылардың өзін - өзі басқаруын дамыту;

Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау:

- отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

- мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету;

- бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;

- мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс қимыл жасау.

Сол себепті зерттеу жұмысымыздың мәнділігі сынып жетекшінің жұмысының жүйесіне назар аудару болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың тәрбие үрдісінде сынып жетекші жұмысының педагогикалық бағыттарын, сынып жетекшінің жүмыс жүйесінің инновациялық ерекшеліктеріне назар аудару болып табылады.

Бастауыш мектептің тәрбие беру ерекшеліктеріне сай тәрбие жұмысының сапалық деңгейге көтерілуінің мүмкіндігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1. Сынып жетекшінің оқу - тәрбие жөніндегі жұмыс бағыттарының ғылыми негіздеріне сүйену

2. Бастауыш сынып оқушылары мен тәрбиелік іс - шаралар және оны жүргізудің жолдарының әдістемесіне негіз жасау, талдау.

3. Сынып жетекші жұмысының жүйесі мен оны жүргізу жолдарын үйрету.

Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептің тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбие сабақтары.

Зерттеу кезеңдері:

1. Зерттеу жұмысы бойынша әдебиеттерге әдістемеліктерге шолу жасау тәрбие туралы авторлардың еңбектерімен танысу;

2. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбында сынып жетекшінің жұмыс жүйесін ұйымдастырудың жолдарын жүргізу;

3. Зерттеу тақырыбының теориялық практикалық жақтарын қарастыруда сынып жетекші жұмысының әдістемесін бастауыш мектепте жүргізіп нәтижесін анықтау.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС БАҒЫТТТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМЫ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1. Сынып жетекшінің негізгі міндеттері мен қызметі

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектепте мұғалім балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапгы міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қальптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл- күй жағдайы жүзеге асырылады. [3]

Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-төрбие әрекстін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешудс нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады,

Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мүғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.

Бастауыш сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты -мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке түлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиетгерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда төрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене төрбиесіне, елжандылық т. б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Бастауыш сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

  1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
  2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
  3. Сыныптағы пән мүғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
  4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарьм-қатынасын қамтамасыз ету.
  5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
  6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыньптан және мектептен тыстүрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
  7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-төрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т. б.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін "Класс жетекшісінің жұмысы туралы" 1 әдістемелік хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің Жарғысымен т. б. көптеген құжатгармен таныс болу қажет.

Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып хетекшісі.

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жүмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

Дегенмен, тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды. Олар ақсүйек жөне ауқатты отбасыларында бастапқы кезде "күтушілер"/няньки/, кейіннен "гувернанткалар" ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы "Университеттік мекеме Жарғысына" сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші -ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген.

1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда, оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттігі де баса көрсетілген.

Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен. қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да ("надзиратели") жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістікгерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез-қүлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды.

Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жьшғы "гимназиядағы сынып тәрбиешісі" Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.

Сынпта төрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып төрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды. [25]

Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген кезқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың маңызды міңдеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т. с. с.

XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды.

1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу, музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер; қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештерін, көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.

Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сыньп жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мүғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері деп атады. Негізгі міндет -коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл бөлу. Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мүғалімдердің қызметі оқушылар және олардың ата-аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т. с. с. болды

1928 жылы сынып төрбиешісі қызыметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі басқаруұүйымына басымдылық берілді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.

20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайында болды. Ондағы себеп, балаларда ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжірибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін-өзі басқару мәселесінде мүғалімдердің рөлін өз дәрежесінде бағаламау. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы мұгалімдерді оқушылар тобына - бастауыш ұжьмға бекіту, олардың міндетіне оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету (негізгі міндеті), оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын және өмір жағдайын зертгеу, ата-аналарымен жұмыс істеу болды.

1930 жылдары отандық метепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабак жүйесін енгізу, оқушылардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрде есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т. б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.

1934 жылы "Жалпы еңбек мектебінің" Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың төрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітгі. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісінің қызмсті де бекітілді.

1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылданды. Онда сынып жетекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық-саяси тербиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушьлардың "Оқушылар ережесін" үйренуі міндетте

Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады.

Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мекгеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр.

Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т. с. с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім . беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетскшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:

-пән мүғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;

-сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мүғалімі;

-сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мүғалім;

-сыньш тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет) .

Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі, қүқығы мен міндеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген.

Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісшің қызметі оқушылардың әлеумеггік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу. [17]

Бүгінде коғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мүғалімдерге қойьлатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы окушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тулғаныц дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектессді.

70-80 жылдардағы мектептің өзгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтсруге, онда жағымды психологияльқ жағдай туғызуга, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, окушыларды шынайы әлеуметгік өмірмсн қарым-қатынас жасауга аса көңіл бөлінсді.

Бастауыш сынып жетекшінің негізгі міндеттері мен қызметі

1) Оқушыларды тәрбиелеу:

Бұл жерде басты міңдетті шешу үшін (сынып жетекшісі) оқушыларды зерттеп, оларды жақсы таньш, білуі керек. К. Д. Ушинский: "Адам - тәрбие нысанасы" деген еңбегінде былай деп жазған еді: "Егер педагогика адамды жан-жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек". Сонымен оқушыларды зерттеуде қаралатын негізгі жағдайлар:

  • баланың денсаулығы;
  • жанұядағы баланың өмірі мен жағдайы;
  • баланыц ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;
  • мінез-құлқы, темпераменті, кабілеті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т. б. психологиялық ерекшеліктері;
  • үлкендермен. жасы кішілермен, ата-анасымен, жолдас-жорала-рымен қарым қатынасы;
  • моральдық бейнесі, адамгершілік қасиетгері;
  • еңбекке көзқарасы;

- эстетикалық талғамдары, кызығулары, өнерге. әдебиетке ден
қоюшылығы;

- интеллектуалдық дамуы;
~ саяси сауаггылығы, т. б.

2) Оқушыларды зерттеп білудің тәсілдері:

  • бақылау тәсілі (сабақта, сенбіліктерде, басқа да сыныптан тысжұмыстарда) ;
  • әңгімелесу тәсілі;

- сауалнамаларды толтыру тәсілі;

- құжаггармен танысу (оқушының жеке ісі, күнделігі

  • оқушының шығармашылык. жұмысымен танысу тәсілі (шығарма. сурет) ; тәуелсіз мінездемелерді қорыту тәсілі.

Зерттеуге койылатын талаптар:

  • зерттеу үздіксіз, жүйелі, жоспарланған түрде жүргізілуі тиіс; зерттеу оқушылардың тәрбиесі мен сабақ үлгерімін арттыруынабағытталуы керек; зертгеу оқушының өмірі мен сабақ оқуы кезінде әр түрлі әдістер-ді қолдану арқылы өткізіледі; окушылардың мінез-құлқын жан-жақты зертгеу; зерттеу оқушылардың тұрмыс жағдайларымен, өмірімеин танысудыкөздейді.

Өзі жетекшілік ететін сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің жұмысьн үйлестіруі.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірігіп жүргізетін жүмыстары.

Ата-аналармен жүргізетін жұмыстардың түрлері.

Сынып жетекшісінің еңбек ұжымдары мен жұртшылықты оқушылармен жүргізілетін жұмыстарға тартуы.

Педагогикалық шағын кеңес өткізудің үлгі жоспары

1. Педагогикалық кеңес (педконсилиум) өткізу алдын-ала хабарланады.

2. Жалпы сыныпқа арналған кіріспе сөз сөйленеді де, педагогикалық кеңеске (педконсилиумға) әзірлік жұмыстары қысқаша сараланады.

  1. Оқушылардың зерттеу бағдарламасы бойынша кестені пайда-ланып, жеке оқушыға мінездеме беріледі.
  2. Пән мүғалімдері жағынан ұсыныстар айтылып, олар педа-гогиқалық кеңес материалдарын талдауға белсене қатысуы керек.

Педагогикалық шағын кеңестің тиімділігі

  1. Оқушыны жан-жақты, нақты білім алуға бағытгайды.
  2. Үлгермеушіліктің және оқушылар бойындағы тәрбие бағытын-дағы дәреженің жетіспеу себептерін анықта да мүмкіндік береді.
  3. Оқушыларға жекелеме ыкпал жасау тәжірибесімен ортақтастырукөзделеді.
  4. Оқу-тәрбие жұмысында сыныптарға бірыңғай талап қоюға. сабақтың міндеттерін неғүрлым дәл белгілеуге, мүғалімнің уақытынүнемдеуге, оқушыны жан-жақты дамытып жетілдіру үшін оқыту жәнетәрбиелік шараларды белгілеуге көмектесе

1. 2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.

В. А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналары мен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: "Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасыда мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін", -дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы
Бастауыш сынып оқушылары
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принциптері
Оқушы тұлғасын дамытудағы сыныптан тыс жұмыстар жүргізу
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Мектеп оқушыларында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz