І сынып оқушыларының білім, білік және дағдысын математика сабағында бақылау, бағалауға арналған педагогикалық іс-тәжірибе


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік дағдыларын бақылау және бағалау мәселесінің педагогика негізі.
1. 1Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік дағдыларын бақылау оқыту процесінің құрамды бөлігі. . . . 6
1. 2 Қазіргі мектеп жағдайындағы білім, білік дағдыларын бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері формалары . 8
2. І сынып оқушыларының білім, білік және дағдысын математика сабағында бақылау, бағалауға арналған педагогикалық іс-тәжірибе
2. 1 І сынып математикасының мазмұны мен оны оқыту нәтижесінің сипаттамасы …… . 12
2. 2 Педагогика тәжірибе жұмысы нәтижесінің талдауы және мазмұндамасы . 26
Қорытынды. . . . 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38
К І Р І С П Е
Заман талабына сай Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыруда бастауыш мектептің маңызы ерекше, өйткені онда қоғамның белсенді, ойшыл, өмір сүру және еңбек ете білетін жас өспірімнің негізі қаланады. Сондықтан мұғалімнің сабақтағы әрекеті оқушылардың шығармашылық қабілеті мен өз бетінше еңбек ете білу дарынын анықтауға, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ынтымақтасқан қарым-қатынас орнатуға және тәрбие мен оқытудың нәтижесінің сапасын арттыруға бағытталуы қажет. Бұл қоғам талабы.
Мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылған оқушының танымдық әрекетінің нәтижесі оның білім, білік, дағды дәрежесінің қаншалықты терең және берік қалыптасуына оның өмірге еңбек ете білуге деген даярлығы сапасының көлемімен анықталады. Білім, білік, дағдының сапасын арттырудағы негізгі құрал оқу тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыра білу.
Мұғалім оны іс жүзін асыруда оқушылардың оқу материалын қандай дәрежеде меңгертетіндігін, оның сапасы мен көлемін теориялық білімнің сапасын, білік пен дағдының қалыптасу деңгейін анықтайды. С. Х. Чавдаров, Ананьев, П. Я. Гальперин, Г. С. Костюк, Н. О:Менчинская, Е. И. Перевский, М. Н. Скаткин, С. И. Руковский, Г. Н. Дайри, Ш. А. Амоношвили, Ж. Қоянбаев, Т. А. Ильина, Т. Сабыров, Н. В. Савин, Р. М. Қоянбаев т. б. еңбектерінде осы мәселе жайлы құнды пікірлер айтылған, яғни бақылау жүйесінің жалпы педагогикалық және психологиялық принциптері қарастырылған. Тақырыптық бақылауды ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, Е. С. Березняк, В. Иващенко, А. К. Исаков, С. И. Перовский, С. Ф. Сухорский, Н. В. Чертинский, В. О. Онущик еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері М. Р. Львов, Н. Н. Светловский, А. М. Пышкало, Т. Л. Когон және т. б. еңбектеінде баяндалған. Осылардың негізінде бұл мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деген қорытынды шығаруға болады. Өйткені „тексеру“, „бақылау“, „баға“, „есепке алу“ секілді терминдердің мәні мен олардың оқу және тәрбие процесіндегі атқаратын ролі, қызметі, формасы мен әдістері анықталаған.
Дегенмен де, бір жағдай да оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылау және бағалаудың белгілі бір нақтылы жүйесі толық жасалған деген қортындыға келуге болмайды. Ол көбінесе бастауыш мектептегі оқытудың 4 жылға көшірілу мерзімі мен жекелеген пәндердің ерекшелігіне орай, әсіресе математикак пәні бойынша әлі де болса жетілдіру мүмкіншілігін қарастыруды қажет етеді. Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің „5“ балдық жүйесі оқушылардың білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында. Соның нәтижесінде оқыту мен тәрбие процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бақылау жүйесін қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім нәтижесін бағалау және бақылаудың теориялық талдауы және оның практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылық бар екенін байқаймыз. Курыстық жұмысының тақырыбын таңдау және оның маңыздылығы осының дәлелі болмақ.
Курыстық жұмысының мақсаты - Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағындағы алған білімнің сапасын бақылау және бағалауды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі : Бастауыш сыныптағы оқыту процесі, яғни бастауыш сынып оқушыларын математика сабағында оқыту барысы.
Зерттеу пәні - оқытудың нәтижесін бақылау, бағалау болып есептеледі.
Зерттеу жұмысының мақсаты және пәніне сәйкес оның міндеттері анықталады, олар мыналар:
- Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік пен дағдыларын бақылау және бағалаудың теориялық алғы шарттарын, оны практикада қолдану әдістері мен амалдарын анықтау;
- Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытудың нәтижесін бақылау және бағалауды іс жүзінде асырудың ең қолайлы жолын айқындау.
Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес, зерттеу әдістер:
Бірінші, сатыда зерттеліп отырған мәселеге сай ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді оқу және талдау.
Нәтижелеріне сүйене отырып, білім, білік, дағдыны „бағалау“, „бақылау“ ұйымдарының анықтамасы мен олардың қызметін, амал-тәсілдерін, өлшемдерін анықтау.
Екінші, бастауыш мектеп жағдайында жиі қолданылатын білім, білік пен дағдыны бақылау және бағалаудың түрлері мен амал-тәсілдерін табу мақсатын көздей отыра, оқу процесін мақсатты түрде бақылау мен алдыңғы қатарлы озық тәжірибені жинақтау.
Үшінші бақылауда салыстырмалы талдауға негіздей отыра, математика сабағы бойынша бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын бақылау және бағалауды жетілдіру жолдары.
Содан кейін, 1 сынып математика пәні оқулығы мен бағдарламасын зерттеп тану негізінде, оның мазмұны мен 1 сыныптағы оқыту нәтижесіне талдау жасалды, педагогикалық іс-тәжірибе жүргізу жұмысының мазмұны анықталды.
Зерттеу жұмысының соңғы сатысында педагогикалық іс-тәжірибе жүргізіліп және оның нәтижелеріне талдау жасалынды.
Педагогикалық сі-тәжірибе жүргізу орны Тараз қаласының №48 мектептің 1 сыныбында өткізілді.
Курстық жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімі зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын негізделуде арналған.
Бірінші тарау - бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын бақылау және бағалау мәселесінің теориялық алғы шарттарын анықтауға арналған. Екінші тарауы 1 сыныпта оқушылардың математика сабағына білім, білік, дағдыларын бақылау және бағалау және бағалау мәселелеріне орай жүргізілген педагогикалық іс-тәжірибе жұмыстарының мазмұны мен нәтижесіне бағытталған.
Қортындыда теориялық және практикалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінен туындайтын ұсыныстар беріледі.
1. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік дағдыларын бақылау және бағалау мәселесінің педагогика негізі.
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік дағдыларын бақылау оқыту процесінің құрамды бөлігі
Оқыту процесі мұғалімі мен оқушының өзара бірлесіп атқаратын әрекетінен тұрады. Оның негізінде оқушыларға білім беру тәрбиелеу мен дамыту міндеттері атқарылады. Сондай-ақ жеке бастың қалыптасуы мен жан-жақты дамуы соның нәтижесі болып табылады.
Біз оқыту процесінің тек білім беру қызметі мен оның нәтижесін оқушылардың математикалық ұғымдарды түсініктер мен заңдылықтарды меңгеру мәселелерін қарастырумен шектелеміз. Бізге мәлім оқыту процесі әр кезде нақтылы нәтижеге жетуге бағытталады. Сол себептен де әрбір жағдайда оның жоспарланған деңгейіне нақты нәтижесінің сәйкес келуін анықтап отыруды қажет етеді. Сондықтан да білім, білік пен дағдыны бақылау және бағалау оқыту процесінің негізгі және аса қажет құрамдас бөлігі болып табылады. 20-жылдары үй тапсырмасын беруді, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесінен алып тастады. Соның нәтижесінде мұғалімнің үлгерімінің сапасына бақылау жасауының орнына „бригадалық лабораториялық“ әдіс жүйесіне негізделген әр түрлі „өздігінен бақылаудың“ түрлері кең көлемде таралады. Ол бір жағдайда, үлгерім нәтижесін бақылауда шексіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, ал екінші жағдайда оқыту сапасының төмендеуіне ықпал етті. 30-жылдары білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алудың бақылау (Е. В. Гурьянов) және тәрбиелеуші (П. Г. ананьев) қызметіне өте көңіл аударылды.
40-60 жылдары осы мәселе төңірегінде атомдық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды. Одан білімді бақылау (Е. И. Перовский) оқушыларды бақылау ретінде қарастырылады. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе кейінен оның дамыту қызметі ойластырылады (Н. Т. Дайри) осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам. 70 жылдары (И. И. Кулибаба және т. б. ) педагогика ғылымы Академиясының оқыту мазмұны мен әдістері туралы ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Онда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалады.
80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін бақылау және бағалаудың мазмұны амал-тәсілдерімен қызметінің дидактикалық-әдістемелік негіздерін талдау жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көрсетуге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижесін жүйелі есепке алуды қатаң жүргізу және тәртіпке келтіруді жүзеге асыруға арналған жұмыстар қолға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар күні бүгін де өз жалғасын табуда. Жоғарыда келтірілген қысқаша шолу біздің зерттеп отырған мәселенің педагогика ғылымы саласындағы динамикасын (қозғалысын) көрсетеді.
Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгерудің функциясы, бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп, орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі өрескел сөздер айтып ескерту жасауға болмайды. Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынаталандыруды және олардың белсенділігін дамытуы тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың оған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алу өте қажет.
Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесін бағалау арқылы көрсетіледі. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білім, іскерлік және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар объекті бағалаудың білімдік міндеті - оқушылардың білім алу, ой-өрісінің кеңейуі, ғылыми көз қарасының қалыптасу, білік пен дағдыны игеру деңгейін анықтау. Тәрбиелік міндеті жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудың құралы. Білім, білік және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын жүзеге асыру.
Оқушылардың білімін тексеру процесінде, оларға тек баға қоюмен шектелуге болмайды. Мұғалім оқушы оқу материалын қалай ұқты, білімі қаншалықты берік терең, дәл, оның міне осы жағына баса көңіл аударуы керек оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын білімдерін тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі түрде болып отыруын қамтамасыз етеді.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметтері негізінен үш жақты сипаттама болып келеді білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушы жаңа білімді қабылдайды, бұдан алған білімдерін толықтырады, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Бақылаудың тәрбиелік қызметі оқушыны жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.
Бақылаудың дамыту қызметінің маңызы сол оқушылар оқу тапсырмаларын орындауда өз бетінше жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды. Бағалаудың қызметі үш топқа бөлінеді: хабарламалық, басқарушылық, тәрбиелеушілік. Бірінші топ өз алдына белгілеп қою хабардар ету, бақылаушы болып келеді. Бұл топтың қызметі: білім, білік, дағдыны бағалауды және әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалімнен оқушының арқа сүйеуі жағдайында іске асырылады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық, реттеушілік, дәлдеп түзетушілік болып табылады. Бұл топты іс жүзінде асырудың қажетті шарты тек қана оқытудағы қол жеткізген нәтижесінің мөлшерін анықтау емес, сонымен қатар оның негізгі көрсеткіштеріне жете мән беру.
Үшінші топ, қалыптастырушылық, дамытушылық, ынталандырушылық болып келеді. Бұл топ қызметінің нәтижесі болуының кепілі, егерде баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білсе.
Жоғарыда айтылған ой-пікірлерге сүйене отыра білім, білік дағдыны бақылау және бағалау жайлы мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту теориясында бақылау, бағаның мәні жайлы, ортақ пікір жоқ. Педагогтар мен мұғалімдер бұл туралы „тепе-тең ұғымдар“ деген қортындыға келді.
Бақылау кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушының оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады.
Оқытушының білімдерін бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қортындылау сатысы болып табылады оның негізгі мақсаты оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтау және оқытуда олардың жауапкершілігін арттыру.
1. 2 Қазіргі мектеп жағдайдағы білім, білік дағдыны бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары
Педагогикалық ғылым саласында білім, білік және дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті оқтын-оқтын қорытынды және емтихан деген пікірлер айтады. Е. А. Дмитриев - күнделікті тақырыптық және қорытынды деп келтіреді. Профессор Ж. Б. Қоянбаевтың „Педагогика“ оқулығында бақылау түрлерін тақырыптық тараулар бойыцнша оқтын-оқтын бақылау, қорытынды төрт топқа бөлінеді. Оқушылар білімін, білік және дағдысын кім қалай атамасын, айналып келгенде бәрінің ортақ мазмұны бар. Себебі, ол бақылау мазмұны жалпы немесе жекелеген дидактикалық міндеттер арқылы анықталады. Дидактикалық міндеттердің өзгеруіне орай бақылаудың да мазмұны өзгереді.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Күнделікті бақылау ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы сынып немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың класс немесе үй тапсырмасын өз беттерінше орындауға деген ниеттерімен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынаталандыруда үлкен маңызға ие болмақ. Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, білік, дағдыны игеруі тексерілді. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады. Тараулар бойынша оқтын оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудын мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жымыстары жане турлі техникалық құралдар арқылы әрбір тоқсанның пандер бойынша оқушылардың алған білімінің көлеміне жане сапасын білік пен дағдысын анықтау.
Қорытынды бақылау барлық пандер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық жане тарау бойынша бақылау натижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл аяғында алған теориялық жане практикалық білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізгі емтихан жане оқушылардын жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылды.
Педагогтар мен мұғалімдер тарапынан бақылау түрлеріне көз қараста ортақтық жоқ. Кейбіреулері тақырыптық бақылау қорытынды бақылаудың бір түрі деп есептейді өйіткені қорытындыны тақырыпқа, бөлімге, тоқсанға жарты немесе бір жылдыққа орай шығаруға болады. Орта мектепті аяқтауға арналған емтиханда қорытынды бақылауға жатады. Кейбір бақылау түрлері, тек қана тексеріліп отырған оқу материялының (қатар) көлемін ғана анықтап қоймайды. Сонымен қатар онда қамтылған оқушылар санын да айғақтайды (жеке дара, топ, сынып болып)
Бақылаудың тағы бір формасы кейбір кезде, тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тестілік жұмыс, зачет, шығарма, диктант т. с. с) немесе оқушылар әрекетінің түрі ретінде) баяндама, хабарлама, оқушы әнгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру қарастырылады. Бұл маселе жайлы қандайда бір көз қарас болмасын, біздін оймызша, педагогика ғылымы саласындағы бақылау турлері. Жеткілікті дәрежеде аңықталған ол мұғалімнің оны таңдауы нақты жағдайда байланысты. Білімді бақылау жане бағалау ғылымы далелденген, практикада қолданылған қағидалар негізінде жүргізілері. Олар мыналар: әділдік, жан жақтылық, жуйелілік, жеке даралылық, ортақтық жане тарбиелік болып бөлінеді. Жоғарыда аталған қағидалар оқу теориясы мен практиканда оқушылардың білім, білік жане дағдысын ұйымдастырумен іс жузінде асыруға арналған педагогикалық талаптар жиынтығы. Әділдік, шындық (білім саласынын нақтылығы баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) бұл субьективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік бірізділік, әрбір сабақта. Әрбір тақырып бойынша оқушылардың оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра отыра, оқыту процесінің барлық кезендерінде бақылау жургізуді көздейді, туінді сурақтар бойынша оқыту натижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша бал қою т. с. с .
Жеке дара катынас әрбір оқушының ерекшелігін бағалау, онын қабілеті, бейімділігі, денсаулығы оқу әрекеті т. б. Жан жақты бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімін интеллектуаолдық жане практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді. Дифференцияалдық қатынас әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін сонымен бірге оқушылардын жеке дара қасиетін ескеріп, соған сайкес бақылаудың әртүрлі әдістерін мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді. Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудын сенімділігін және оқыту процесінде талаптар өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауды жүргізушінің әр түрлі қателіктер мен сатсіздіктердін болмауына кепілдік жасайды .
Оқушылардың білім, білік жане дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі әдістерді қолдану негізінде іске асырылады. Бақылау әдісі, бұл амалтасіл, онын көмегімен оқушылардын оқу таным әрекетімен мұғалімнің педагогикалық жұмысының натижесі аңықталды. Осының көмегімен мазмұны және сипатындағы кері байланысты жане мұғалім жұмысының нәтижесін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың білім, білік жане дағдыларын бақылау жане бағалау әдістеріне мыналар жатады;
Ауызша бақылау (әңгіме, жеке дара, топтық, фронтальдық сұрақ) :
Жазбаша бақылау (диктант, шығарма, кесте, схема суреттерді құрастыру) :
Практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарды еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жургізу) ;
Машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану) .
Өзін өзі бақылау (қателерді болдырмау, оларды тузету, оқудағы өз жетістіктерін бақылау, соған сайкес бал қою) .
Оқыту процесінде бақылаудын фронтальдық, топтық жане дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруына байланысты. Фронтальдік бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрактар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындайдың барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық жолдастықтық сезім пайда болады, бір біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады орындалған жұмыстарды өзара тексеріп іске асырады. Мұғалім оқушылардың білім, білік жане дағдыны игеру сапасын бакылап кана қоймайды, ал оларды ойлау тасілдеріне практикалық жұмысқа ұйретеді, біліміндегі кемшілікті жоюдын жолдарын іздестіреді. Сонымен бірге ынталандырады. Осы орайда бағалаудын маңызы ерекше.
Баға-білімді есепке алу ғана емес ол тәрбиелік құрал, сондықтан оқушы білімін бағалауда немқурайлылыққа салынуға болмайды. Баға «балл» есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз
«5» бағасы - оқу материалын толық дәл логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады.
«4» бағасы - материалды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады.
«3» бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады.
«2» бағасы - оқушы жауабында қателіктер білімінде елеулі кемшіліктер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz