Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары


КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі:
Ұзақ жылдар бойы жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты- оқушыға білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді. Ал қазіргі мектеп жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашыл ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап көрсетті. [16, 10]
Педагогика ғылымы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастырып, сол арқылы таным әрекетін белсендіру қажеттігін көрсетеді. Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекеттер қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол үшін не істеу керек, қандай шаралар ойластырылуы қажет? Оқуға деген қызығуы, өзінің білім алуға ұмтылысы керек. Ол ұстаз тарапынан сабақ өткізудің әр түрлі жолдарын қарастырып, әдіс- тәсілдерді жетілдіріп жаңа технологияларды қолдану арқылы сабақ түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Осындай еңбек оқушының оқу әрекетін тиімді меңгеруіне, соның нәтижесінде оқуға деген ынта, құлшыныс, талап туып бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны пайдаланып, әр түрлі оқу тапсырмаларын шешуде шығармашылықпен еңбек етіп, өз әрекетін бақылауды, басқаруды және дамытуды үйренуіне септігін тигізеді. [14, 36]
Қазіргі мектептерде азамат етіп тәрбиелеуді, сонымен қатар білімді, дарынды балаларды дайындау, ана тілін жетік білетін балаларды дайындау мақсатымен жаңа технологиялар мен әдістерді кеңінен қолдануда. Бүгінгі мектеп мұғалімдері әр сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр. Елдегі экономикалық хал- ахуал күрделілігіне қарамастан балаларға білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы, орта білім алуға, түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалған батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының басты шарты. Осыған орай, Қазақстанның қоғамдық- саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізуде.
Қазақстандық демократиялық қоғамның құрылуы және республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, Отандық білім дамуының стратегиялық жоспарды әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етеді.
Бүгінгі таңда әр пәннің оқытылуы баланың жан- жақты дамытуды көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мәселелерді жан- жақты шешу қажеттілігі ескерілуде.
Мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға әрекет етеді. Мектеп оқушысының бойында жасырып жатқан қасиеттерінің бірі, өмір сүруге тікелей әсер етуші қасиеттерінің бірі - шығармашылық қабілеті. Мектеп мұғалімінің басты міндеті осы шығармашылық қабілетті анықтап қана қоймай, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту.
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге сөйлеу мәдениетін үйретеді. [31, 33]
Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған, Республиканың «Білім туралы» заңында «әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының Қазақстандағы білім беру ісін әлемдік білім кеңістігімен үйлесімді дамуын көздейтіндігі байқалады.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми -педагогикалық өзекті мәселе ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И. Я. Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі. [3, 6]
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларның математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, оның озық үлгілерімен бүгінгі оқу жүйесінде қолдану мүмкіндігін және жолдарын ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
- Шығармашылық қабілет ұғымына анықтама.
- Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуында жас ерекшеліктерінің орны.
- Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен.
- Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары.
Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зерттеудің әдістері:
- Бақылау.
- Сұрақ-жауап.
Зерттеу орны: № 48 Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп. 2, 3, сыныптар.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта математиканың әрбір сабақтарында, оқушылардың шығармашылық қабілетін артыруға көмектесетін математика пәні.
Зерттеу болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеруге болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулердегі шығармашылық іс-әрекет теориясы, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер теориясы, бастауыш сынып оқушыларын дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Менің курстық жұмысының нәтижелерін студенттер, бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануларына болады.
Зерттеу көздері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына байланысты педагогика, психология, ғалымдарының еңбектері, мектеп бағдарламалары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, әдебиеттер тізімі.
Зерттеудің теориялық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында шығармашылық қабілеттері жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау; сабақта бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің деңгейлерін жасау.
Зерттеудің практикалық маңызы: сабақта жүзеге асырылатын педагогикалық шарттар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндігімен анықталады. Шығармашылық әрекет деңгейлерінің сипаттамаларын бастауыш сынып мұғалімдерін, мектеп психологтарын, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Қурстық жұмыс 42 беттен, 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлімде математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуында жас ерекшеліктерінің орны анықталды.
2-бөлімде бастауыш сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары анықталды.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Шығармашылық қабілет ұғымына анықтама
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілетімен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашыл бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде . Демек, қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілетімен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашуы қажет.
Қабілеттілік - табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажайып сыйы. Біреуге көбірек, біреуге азырақ бұйырады. Аз уақыт бойы өз басында ешбір қабілеттілік жоқ деп санап жүрген үшінші біреу, кенет өз бойынан ерекше қасиеттерді байқайды. Мысалы, оның өнер тапқыштық қабілетіне сурет салуға бейімділігі белгілі болады.
Ал, шығармашылық қабілет дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық қабілетін дамыту - оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру.
Оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген ұлы ақын, жазушы, педагог Мағжан Жұмабаев.
В. В. Давыдов «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр: жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты»-деп есептелген. Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді:
Шығармашылық- бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалаған нәрсе, бұрынғы нәрселерінің механикалық қайталануы емес, өзінің саналығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады. »[20, 15]
Әрине, мәселе басты ұғымның мәнін түсінумен шектелеме оның мүмкіндіктері де зерттелген. Айталық оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В. Давыдов пен В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін қалыптаса бастайды, бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі- «Оқуға құштарлық, ынталылық». Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субьектісі ретінде дами бастайды, В. В. Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В. В. Давыдов өзінің «Дамыта оқыту теориясы еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте В. В. Давыдов тұлғаны «еркін шығармашылық әрекетің субьектісі, ал адамның дамуының өзі - оның еркіндікке деген қозғалысы» деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.
Ал соңғы жылдары қарастырылып отырған мәселенің зерттелуі жаңа қырынан көрінді. В. И. Солободчиков келесі психологиялық -педагогикалық талапты ескертеді. «Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы, оқушы мен ересек адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің пайда болуы». Шығармашылық бұл жерде ересек адам мен оқушының кездесуі бірлескен іс-амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында жасөспірімнің ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін иемденетін әрекет түрі болып табылады. Яғни, ересек адам мен бірлесе отырып, қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сондай білу негізгі мектеп оқушыларының шығармашылық әркетінің моделінің бір бөлігі болып табылады.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты- оқушыда өз жеке білім траекториясын таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни педагогикалық әркет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет - оқушының өз жеке шығармышылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Осы тұрғыдан ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруға ескерген жөн. Мысал ретінде Ю. Г. Юдиннің ұсыныстарын келтіруге болады. Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын және оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіктерін Ю. Г. Юдина мына түрде қарастырады.
1. Оқушының шығармашылық іс әрекетінің міндетті түрде талап етілуі : Оқушылардың ғылыми практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру.
2. Оқушының шығармашылық әркетеінің пайда болуының жан- жақтылығы: жаңа ситуацияға байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, таныс обьектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу.
3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі, эмоция сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі.
4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта баулый түседі. » [35, 37]
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшаларда болуы мүмкін .
Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттерінің белгілері. Осы орайда А. Н. Лук өз еңбегіңінде «адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты» деген пікір айтады. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу.
- тасымалдай білу ;
- ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
- әрекетті бағалауды айтады;
сондай-ақ ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағадайдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық өзін- өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама - қайшылықтармен күресу қажет екендігін айтады.
Оқушы шығармашылығының ғылыми- педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселенің бірі оның қалыптастыруының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында оқушының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шығармашылық үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық үрдісті А. Н. Лук бес кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат .
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3. Инкубация. (Оянуы. Инсаит. ) Уақытша мәселені қозғамау.
4. Интуиция оянуы. Инсаит.
5. Нәтижені жан- жақты тексеру.
Ал көрнекті француз математигі Ш. Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады.
Мысалы алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама- қайшылықтарға деген ілтипат келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, танымдық ой- қиялды қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл -күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады. Оқушының эмоционалдық қызығушылығы іс- әрекет барысында көрінеді.
Сондықтан, оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалім бар күш - жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы. Оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады. Менім ойымша оқушылардың шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттарын мына түрде көрсетуге болады:
а) Пәнге үйретудің ашықтығы, бұл шарт оқушыларға өз әркетін таңдауға және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді.
ә) Сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық, көп мазмұндылық шығармашылық әркетінде жан- жақты болуына әсер етеді.
б) Оқушының мұғаліммен бірлесе отырып, өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы: ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың белгілі кезеңдерінің орындалу жүрісі оқушының жеке бағдарын құру құралдары болып саналады.
Оқушылардың жеке білім траекториясын қандай да бір әрекетті жүзеге асыру үстінде құру қазіргі негізгі мектептің мақсатына сәйкес келеді. Білімді берудің классикалық жүйесінде оқу бағдарламалары оқушы әрекетінің репродуктивті әдістеріне сәйкес негізделге, яғни дайын білімді есте сақтау, жаттау, жаңғырту, т. б. жұмыстарға негізделген. Жақсы үлгеретін оқушылардың өздері шығармашылық бағыттағы жұмыстармен кездескенде тығырыққа тіреліп қалады. Сондықтан оқушыларды әрекеттің өнімді, шығармашылық әдістеріне үйрету қажет. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту ғылыми - педагогикалық өзекті мәселе ретінде шешімдерін іздестіре беруді қажет етеді.
Шығармашылық - танымдық іс- әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің жетілдіру проблемасына педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған. Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық іс- әркетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен.
Алтынсаринның пікірінше педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде «Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс»- деп атап көрсетті. [43, 70]
Ш. Құдайбердиев білім беруде шәкірттің ойлау белсенділігін, ақыл - парасатын дамытуды басты бағдар деп таныды. Берілетін білім мен оның тәлімдік- тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлік те қарауға ерекше мән берді. Оқытудың әдіс- тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың өнегелі жолын дұрыс көрсетті. Демек берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлеспесе, нәтиже шықпайтынын дөп басып айтқан: «Оқыту мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігі мен бейімділігіне қарай жүрсе дұрыс болады»- деп көрсетті.
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс- әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық процесс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана, жеке тұлғаның кәсіби іс әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс- әрекетте оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты.
Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап (дербестігін, ізденмпаздығын, қызығушылығын, логикалық ойлауын т. б. ) олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек.
Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады.
Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс- әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. Оқытушы қызметінің мәні жас буынның санаткерлік, адамгершілік және дене күштері мен қабілеттерінің үйлесімді дамуының талаптарымен анықталатын білім мазмұны шеңберіндегі шәкірттің оқу- танымдық іс-әрекетін басқару болып табылады. Оқытушының басқару іс- әрекеті өзінің және оқушының іс- әрекетерін жоспарлаудан, осы іс- әрекеттерді ұйымдастырудан, оқыту сапасын талдаудан, оқушының жеке тұлғалық дамуын болжаудан т. б. тұрады. Оқытушы өз қызметін шебер ұйымдастыра отырып, оқушының да танымдық іс әрекеттерін өз бетімен жоспарлап, оны оңтайлы ұйымдастырудың әдіс- тәсілдерін үйретеді.
Оқушылардың танымдық іс- әрекеттерді жоспарлау және ұйымдастыру біліктернің қалыптасуына оқу-танымдық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.
Танымдық тапсырмаларды орындау кезеңдермен жүзеге асады:
1. Өзекті мәселені табу;
2. Мақсаты мен міндетерін айқындау;
3. Зерттеу әдіс- амалдарын белгілеу;
4. Гепотеза құру;
5. Гепотезаны тексеру;
6. Нәтижелер, іс-әрекет рефлексиясы.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Шығармашылық тұлға негізінен бала- бақша даярлық топ пен бастауыш сыныптардан бастап қаланады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz