Бастауыш сынып математикасының әрбір сабақтарында оқушылардың қазақтың қара байырғы есептерін оқытуға көмектесетін математика пәні


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Бастауыш сынып математикасын оқытуда қазақтың байырғы қара есептерін қолданудың теориялық-әдіснамалық негіздері
1. 1 Қазақтың математикалық мәдениетінің қалыптасуының ғылыми-теориялық бастаулары . . . 5
1. 2 Қазақтың қара байырғы есептерінің бастауыш сыныптағы тәрбиелік мәні . . . 9
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА БАЙЫРҒЫ ҚАРА ЕСЕПТЕРІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын қазақтың ұлттық ойындарымен байланыстыра оқыту . . . 13
2. 2 2-4 сыныптарда қолданылатын қазақтың қара есептері . . . 20
Қорытынды . . . 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 35
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі:
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. [1] Жеткіншектерді халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Ресбуликасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Замана талқысынан өтіп, өні өзгерсе де сөлі қалған, көк шыбықтай майысқақ, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған математикалық есептер. Оның өз қыры мен сыры бар. Әр ғасырда өмірге келіп, қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, әл-ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жету ізін, философиялық күрмеуін, қазақ халқының тәлімінің сыр-сипатын бейнелейді. Осыдан да оның өз үні, өз лебі, өз көз-жасы, өз тілі бар. Қалай болғанда да екшеліп, бізге жеткен. Бүгінгі күннің ой-өрісін де көрсетіп, қысқа орам, иіріммен қайыратын қағидалар келешекте де кәдеге жарайтын асыл тас.
Ертедегі мәдениет тарихын зерттеуші ғалым Генрих Шурцтың айтуынша: «Салт-дәстүрсіз бір де бір қоғам жоқ, адам дүниеге келісімен соңғы күніне дейін осы салт-дәстүрлердің аясында болады. Салт-дәстүрлер адаммен бірге пайда болады. Салт-дәстүр қоғамның скелеті» - дейді.
Тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шігесін меңгеріп, зерде тезіне салып, керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген түймесін табу - есепті шешудің алтын балдағы. Алтын балдақ - қарашық біреу емес. Ол көп. Із кессең табасың. Есеп осыдан да сан қилы жауап табады. Ол қазақ халқының ауызекі тараған есебінің кемшілігі емес - артықшылығы. Қазіргі оқу құралдырының бір олқылығы - баланың ойлау жүйесін шектеп, бірегей жолмен жүруді үйретеді. Осыдан да ол еркіндік алып, ырғақсыз жолмен жүре алмайды. Кедергіге кездессе, қайрат күші тасып, қайткенде жеңіске жетем деген ой мазаламайды. Қайта салы суға кетіп, жасып, пышақтай дүзі қайырылып қалады. Суарылып, болаттай шыңдалмаған. Халық педагогикасының негізінде тәрбиеленбеген баланың мәңгүрт, дімкәс болуының басты себебінің бірі - осы.
Бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді - халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы көзделініп отыр. Халықтық дәстүр ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, елін, жерін, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Осы мәселелердің бәрі зерттеу тақырыбының көкейтестілігін дәлелдей түседі.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш сыныпта қазақтың қара байырғы қара есептерінің тәрбиелік мәнін, оқыту әдістерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақтың математикалық мәдениетімен танысу.
2. Қазақтың қара байырғы есептерінің бастауыш сыныптағы тәрбиелік мәнін анықтау.
Зерттеудің әдістері: бақылау, сұрақ-жауап
Зерттеудің орны: Ж. Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып математикасының әрбір сабақтарында оқушылардың қазақтың қара байырғы есептерін оқытуға көмектесетін математика пәні.
Зерттеудің болжамы: Егер бастауыш сыныптағы математиканы оқытуда қазақтың қара есептерін қолданса, оқушылардың математика сабағымен қатар, халық дәстүрімен тәрбиелей отырып, патриоттыққа тәрбиелеудің жаңа жолы ашылады.
Зерттеу мәнділігі: мектеп мұғалімі өз сабағына қолдана алады.
Зерттеу көздері: қазақтың қара есептеріне байланысты ғалымдардың еңбектері, мектеп бағдарламалары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, әдебиеттер тізімі.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс 35 беттен, кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлімде қазақтың математикалық мәдениетіне тарихи шолу жасалды. Қазақтың қара байырғы есептерінің бастауыш сыныптағы тәрбиелік мәні анықталды.
2-бөлімде бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын қазақтың ұлттық ойындарымен байланыстыра оқыту мен 2-4 сыныптарда қолданылатын қазақтың қара есептері жайлы жазылды.
1 Бастауыш сынып математикасын оқытуда қазақтың байырғы қара есептерін қолданудың теориялық-әдіснамалық негіздері
- Қазақтың математикалық мәдениетінің қалыптасуының ғылыми-теориялық бастаулары
Тарихи жағдайларға байланысты халық мәдениеті бірде өрлеу, бірде тоқырауға тап болады. Мәдениетті майя, бабл халықтары тәрізді құрып кететіндері де болады. Қалай десек те халық мәдениетінен: ұстап-тұтқан, пайдаланған заттарынан, жазған хаттары мен ескерткіштерінен, салған құрылыстарынан із қалады. Олар мүлде жоғалмайды. Осыларды тарихи оқиғалармен салыстыра зерттеу - шындықтың бетін біршама ашуға көмектеседі. Ел мәдениеті дамыған кезде халқының тарихына көз жіберіп, оны сараптап, болашаққа мұра етеді.
Қазақ халқының математикалық мәдениеті осы уақытқа дейін ғылыми талдаудан өткізіліп, бір жүйеге түсірілмеген. Оны түсіру оңай емес, ол үшін әл-Фараби сияқты әмбебап ғұлама келуі тиіс. Оның үстіне математика сан-салалы, бірін білсең, екіншісін білмейтін ілім. Солай болса да оны біреу бастауы керек. Осы мағынада мысқылдай пайда әкелсек, қуаныштымыз.
XX ғасырдың аяғында қазақ жеке шаңырақ кұрды. Оның босағасын берік ету, шаңырағын шайқалтпау - жастар ісі. Арман - алда. Шындап тарих жазу осы тұстан басталса керекті. Жоқшылық бұған қол байлау болып отыр.
Математика тарихының, шаң басқан беттерін ақтарған Мыңбай Өтежанұлы Исқақов, Акжан Машанов, Аудан-бек Қөбесов, Қажи Нұрсұлтанов сияқты қазақ ғалымдарымен тізе қосқан қандастармен, тәуелсіз достастық елдер ғалымдарының еңбектеріне сүйенсек, қазақ мате-матикасының гүлденген шағы IX-XI ғасырлар арасы.
Ежелгі гректер, Шығыс елдерінің мәдени мұраларын одан әрі иемденіп, дамытушы араб халифатына біріктірілген Шығыс елдері болды. Бұларға қазіргі Орта Азия, Иран, Ирак, Сирия және Мысыр аймағын мекендеген елдер кірді. Халифат орталығы әуелде Меккеде, кейін Дамаскіде болды.
Арабтар өзі басып алған елдердің мәдениетін қиратып, талан-таржыға салды. Мәселен, араб қолбасшысы Кутейба Хорезм жазуын білетін, білімді адамдарды жойып жіберді. Осыдан да Хорезм мәдениеті туралы ешнәрсе жоқ деп қынжылады казіргі қарақалпақ жерінде туған Орта Азиялық ғалым Әбурайхан әл-Бируни (973-1048) . Кейін зерттеліп табылғандай Қойқырылған қаласында екі қабатты көгілдір (обсерватория) болғандығын дәлелдейді. Жұлдыздарды бақылау, аспан әлеміндегі оның орнын қағаз жүзінде көрсету - математикалық білімсіз мүмкін емес.
Алайда ғылымды құрметтейтін арабтар әл-Мансур, Һарон Рашид, әл-Мамун сияқты ел басшылары табылды. Мәселен, һарон Рашид Бағдатта «Даналық үйін», қазіргіше айтқанда ғалымдар үйін салдырып, бай кітапхана ұйымдастырып, аудармашылар ұстап, кегілдір арқылы аспан сырын ашуға дендеп кірісті. Өйткені Шығыс елі, мәселен, Бабл (Вавилон) жеті қат көгілдір салдырып, оны жеті түспен сырлап, аспан шырақтарын бақылап қойғанын білетін-ді, аспан денелерінің қозғалысына тәуелді шаруашылық та жүргізілетін. Жалпы, математика өмір қажеттігінен туған. Осыдан да қазақ ауыз әдебиетін талдайтын болсақ, ғылыми мағыналы көптеген мақал-мәтелдерді табуға болады. Қазақтың ұлттық психологиясының бір көрсеткіші - ез түйіндеулерін көпшіліктің есінде қалдыру үшін, көбіне, осы жолды таңдап алған. Қазақтың қара есептері де соның куәсі.
Кейін халиф әл-Мамун «Даналық үйіне» қамқорлық жасап, мемлекет тарапынан көмек беріп отырған. Бұл ғылыми орталық ежелгі грек, үнді халықтарының математикалық жазбаларын алдырып, араб тіліне аудартып, оларды зерттеп, одан әрі дамытып отырды. Сөйтіп, қазақ халқының өкілдері Ариабхатта (476-550), Брахмг-гупта сияқты үнді ғалымдарымен бірге, гректер Аристотель, Евклид, Архимед және басқалар еңбектерімен танысты. Олардан тәлім алды.
Әл-Мамун үйымдастырған ғылыми орталыкка жан-жақтан ғалымдар шақырылып, ғылыми жұмыстарын жүргізуге күш біріктірілді. Бағдат кегілдірі мен «Даналык үйінің» ауыртпалығын Орта Азия және Қазакстан ғалымдары көтерілді. Олардың сапында әл-Хорезми, әл-Ферғани, әл-Жәуһари, әл-Мервази, кейінірек әл-Фараби болды.
Бертін келе XIV ғасырдың атақты математигі, әрі астрономы, мемлекет қайраткері Ақсақ Темірдің немере Шахрухұлы Ұлықбек Самарханд маңында Әулиесуды ар жағында ұйымдастырған көгілдір өз заманының Птоломейі атанған, математик Әли ибн Мұхаммед әл-Құсшы - «Жұлдыз кестесінің» авторы сияқты ғалымдар қызмет істеген.
Он екінші ғасырда Орта Азия және Қазақстан ғалымдарының еңбектері латын тіліне аударылып, сондай-ақ, математиканың басқа елдерге, мәселен, Европаға ауысуы, қандастарымыздың еңбектерін саябырлата бастады. әл - Фарабидің, әл-Жауһаридың және басқалардың еңбектері Әбуәли ибн Синаға, Омар Хайямға, Насреддин Ат-Тусиге әсерін тигізді. Кейінгі зерттеулер бойынша Италия математигі Леонардо Пизанскнйге өзінің «Абак»! кітабын жазуға әл-Хорезмидін, поляк ғалымы Николай Коперникке (1473-1543) өзініц ғелиоцентрлік жүйесін ашуға әл-Фарабидің еңбектері әсер еткен. Сол арқылы Кеплер өз заңдарын ашқан. Дөңес линзадан сәулелер өткенде сынатындығын, оның бір жерде тоғысатынын әл-Фараби тапқан. Сөйтіп, линза - айна тоғысын - фокусын табушы Кеплер емес, оны табушы әл-Фараби.
Бірде гүлденген қазақ математикасы бірте-бірте сөніп, тек XX ғасырдыц қырықыншы жылдары қайта тұтана бастады. Ол Ибатулла Акбергеновтың талантына байланысты болды. Қазіргі математика терминологиясы оның даму сипатын көрсете алады.
Мәселен, қазіргі пайдаланып жүрген «Алгебра» атауы араб сөзі әл-жебрден шыққан. Әл-жебр - екі ереже. Оны ойлап тауып, дүниежүзінде бірінші боп қолданушы, әрі алгебраның бірінші оқулығын жазушы әл-Хорезми. Әл-Хорезмидің есімінің бұрмалануынан «алгоритм» атауы да шыққан. Ибн Сина есімінің бұрмалануынан «медицина» атауы шыққан.
Бір кездерде Бұхара, Самарханд, Шаш қалалары да ғылыми орталықтар болған. Қазақстан математикасына қатысты құжаттарды Иран, Өзбекстан, Татарстан, Ре-сей архивтерінде жатқандығын Хамит Тллашев, В. М. Беркутов және т. б. зерттеулері дәлелдейді.
Орыс патшасы бірінші Петрге мешеу, артта қалған Ресейді гүлденген елге айналдыру оңай шаруа болмады. Одан кейінгі ел билеушілері халықты караңғылықта ұстау пиғылында болды. Там-тұмдап ашқан мектеп пен медреселерде молдалар қызмет істеді. Сөйтіп, қазақ тілі татар және араб, сондай-ақ орыс тілінде ыңғайлана бастады. Қазақ баласы үш оттың арасында миы қатып, миғұла оқушыға айналды. Мұны байқаған қазақ зиялылары кеңес билігінің алғашқы жылдары білім ана тілінде берілетін болсын деп, жар құлағы жастыққа тимей, зар жылады. Қазақ мектептерінде математикалық білім беруге ат салысқандар арасында М. Дулатов, А. Қасымов, А. Байтұрсынов, Ә. Сытдықов, Е. Омаров, С. Қожанов, К. Жәленов, Қ. Шонанов, Ғ. Бегалиев, Х. Досмұхамбедов, ф. Болатбековтерді атауға болады. Сондай-ақ, С. Бақаев, М. Әмірбаев, Р. Мәскеев, Б. Еркебаев, Ғ. Кемелев, Ғ. Мұханбетов, Ә. Ермековтер де қол ұшын берді. соның нәтижесінде кебісі дерлік сауатсыз болған ел , жоғары оқу орындары бар, ұлттық ғылым академиясы бар елге айналды. Бүгінгі күні математикалық білімді одан әрі жетілдіру мағынасында әртүрлі дәрежелі оқу орындары ашылып, әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істеуде. Ғылымның практикалық жағына көңіл бөлінуде. Халықаралық тіл - ағылшын тіліне ден қойылуда.
Қазақ математиктері жай дифференциалдық теңдеулердің сапалы теориясында, саны шектеулі және шектеусіз теңдеулермен сипатталатын қозғалыстың орнықтылық теориясында, функционалдық анализде, есептеу математикасында, математикалық логикада, алгебрада, халық календарында, математиканы және есептеу техникасын оқытуда, жоғары мектеп мәселелерінде, математикалық лингвистикада, математикалық экономикада, қолданбалы математикада іргелі табыстарға жеттік. Қазақ математиктері мен механиктері О. А. Жәутіков, А. Д. Тайманов, Ө. М. Сұлтанғазин, М. Өтелбаев, Ә. Қ. Беделбаев, Ж. С. Ержанов, Ж. С. Сүлейменов, О. А. Жолдасбеков, В. М. Әмірбаев, Т. I. Аманов, Д. Ү. Үмбетжанов, Қ. Қасымов, А. Жұмаділдаев, Т. Нүрекенов, А. Омаров, М. Ятаев, Н. Блиев, Н. Темірғалиев, Ж. Сартабанов, Р. Ойнаров, А. Жеңсікбаев, Е. Смайлов, А. Көбесов, Б. Телегенов, Б. М. Оразбаев, М. И. Рахманбердиев, Т. Ш. Калменов, Ш. А. Ершин, М. Айталиев, А. Акишев, Т. Г. Мұстафин, А. А. Қалыбаев т. б. еңбектерін дүниежүзі ғалымдары біледі . Оқып басшылыққа алады.
Ғылым мен ұстаздықты қатар алып жүріп, математикалық білімді дамытуға сүбелі үлес қосқандар ішінде Хасен Ибрашев, Бақытжан Төлегенов, С. Аяпбергенов, А. Закарин, Ш. Т. Еркеғұлов, Қ. Бектаев, Бегалы бырбаев, Ш. Юсупов, М. Есмұханов, Қ. Сарбасов, Б. Мұханов, Қ. Қабдықайыров, М. Т. Құлқашева, К. Ж. Наурызбаев, Н. Сахаев, С. Қаниев, Ж. Сүлейменов, Р. Еселбаева, С. Оспанов, Т. Бұлабаев, Е. Шалбаев, Б. А кеев, Ж. Қараев, Қ. Қожабаев, А. Е. Әбілқасым С. Елубаев, А. Бөленов, Ә. Бидосов сияқты ізбасарлары бар.
Егемендік ел болғалы математика салаларында одан әрі тез дамып, өсе бастадық. Соның бір айғағы Нұрлан Темірғалиев, Ж. Қараев, Н. Бакаев, А. Тұнғатаров М. Мұратбеков, С. А. Алдашев, М. Әбдірахманов, М. Жәкәлиев, Г. Бижанова, Д. С. Жұмабаев, Қ. Ж. Құдайбергенов, А. Сақабеков», Ж- Сартабанов, Қ. Қабдықайыров А. Әбілқасымова сияқты талантты жастар шығып өз нәтижелерін көрсетті. Есен Бидайбеков, Мәтеш Есмұханов сияқты еңбегімен елге танымал қайраткерлер де бар.
Әл - Жауһари Ғаббас Сейіт (IX ғасыр шамасында өмір сүрген) математик, әрі астроном. Арыс өзенінің Сырдарияға құя жеріндегі Жауһар елді-мекенінде туып, алғашқы білім осында алды. Кейін білім іздеп Бағдатқа келді. Осында халиф әл-Мамун (813-883) қол астында қызмет істеген Атақты азербайджан математигі ат Туси еңбектеріні бірінде Ғаббас Жауһаридің «Негіздер атты кітапты жетілдіру» деген кітабының бар екендігін атап, одан үзінділер келтіреді. Ол Евклидтің параллель түзулер турал постулатының дәлелдемесімен айналысқан. Бесінші постулат параллель түзулер теориясын жасауда колданылады. Математиканы білеміз деген талай майталмандардың мәселін қайтарған сөйлем. Бесінші постулатты теорема ретінде дәлелдеу барысында әл-Жауһари: үшбұрыштың орта сызығы табанының жартысына тең болады және бұрыштың ішінен алынған кез келген нүкте арқылы бұрыштың қабырғаларын қиып өтетін түзу жүргізуге болады (міне осы жерден Евклидтің бесінші постулаты келіп шығады дейді ол) үйғарымын теорема ретінде дәлелдеген. Өкініштісі ақиқат емес жоруға сүйеніп мүлт кеткен, жеті мың кітап жазғандардың бірі.
Әл-Фараби (870-950) - ғұлама, екінші ұстаз, шығыстың бірінші философы Сырдария өңіріндегі Қарашоқы жерінде туып, Дамаскіде қайтыс болған. Ол алғаш білімді Отырар медресесінде алып, Бағдатта оқыған. Оның медреседегі ұстаздарының бірі - Решиди Самарханди. Әл-Фараби езіне дейінгі ілімдерді жүйелеп, толықтырып, «Тәлім» деген кітап жазған. «Ғылымдар тізбегін» жасаған. Әрбір ғылымда оқытылуы тиіс мәселелерді қарап, оны ой елегінен өткізген. Жетпіс тіл біліп, 150-ден астам кітап жазған. Логикамен-қисынмен, математикамен, педагогикамен, тіл білімімен, қолөнермен, ботаникамен, зоологиямен, географиямен, физикамен, психологиямен айналысқан. Алгебра ғылымына анықтама беріп, оны математиканың жеке саласы ретінде қарайды. Әл-Фарабише алгебраны дамыту үшін сан керек. Оны иррационал санмен толықтыру керек. Астрономияны дамыту үшін алгебралық әдісті қолдану пайдалы дегенге саяды. Арифметика мен геометрия - аксиоматикалық ілім дейді. Өзіне дейінгі салу есептерін жинақтап, конструктив» геометрияның негізін қалады. Трапецияның орта сызығы туралы теореманың, Менелай теоремасының, Пифагор теоремасының дәлелдемелерін келтірген. Сондай-ақ, ол:
- оқытудың көрнекілік қағидасын ашушы, газдар үшін Паскаль заңын ашушы, ойыс линзаны жасаушы, инерция заңын Ньютоннан сегіз ғасыр бұрын ашушы, утопиялық социализмнің негізін қалаушылардың бірі,
- зат бір түрден екінші түрге айналады, ол жоғал-І мэйды, геометрия - әрі теориялық, әрі практикалық ілі, т. с. с.
Ақбергенов Ибатулла (1907-1938) - қазақ математигі, физика-математика ғылымдарының Қазақстаннан шыққан тұңғыш кандидаты. Шымкент облысының Созақ ауданында туған. 1934 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің физика-математика факультетін бітіріп, осы жылы Ленинградтың мемлекеттік университетіне аспирантураға түсті.
Қырықыншы жылдардың орта тұсында қалыпты емес 1 экстремумдық есептерді дүниежүзінде бірінші рет кейін 1 академик атанған Л. В. Канторович қарастырғаны аян. Бұл есептер материалдарды пішу, станоктардың жұмыс 1 уақытын тиімді пайдалану, жүкті тиімді тасу мәселелерімен байланысты болды. Математиктер арасындағы бірден-бір Нобельдік және Лениндік сыйлықтың жүлдегері Л. В. Канторовичпен бірге зерттеулер жүргізген И. Ақбергеновтің Фредгольм қатарын зерттеудегі ғылыми еңбектері Волгоград су электр станциясын салуда пайдаланылды. Волганы бөгегенде, оның табанына салынатын тіреулер қалай құйылса, мықты болады деген сұраулар құрлысшыларды да, математиктерді де, физиктерді де, су мамандарын да ойлантты. Оның жауабын И. Ақбергенов теориясы берді. Тіреу негіздері призматоид, түрі трапецоид болуы тиіс және ол кіші табанымен орналасуы қажет деді. Теорияның дұрыстығын бүгінгі күнге дейін Калтықсыз жұмыс істеп тұрған станция дәлелдейді. Сөйтіп, Ибатулла математика теориясын өмірмен байланыстырып, оның қолданыс аясын кецейтіп, өзіне өшпес құл-пытас орнатты. Мұндай ойға ол, жетекшісі Л. В Канторовичпен бірге келді, өйткені бүл түста ол Ленинградтың өндіріс құрылыстары инженерлер институтында да сабақ беретін. И. Ақбергенов - математикалық съезге қатысушы түңғыш қазақ. Ол съезде «Фредгольмнің 2-ретті интегралдық теңдеуін Е. Nistогу әдісімен жуықтап есептеуде кеткен қателіктерді бағалау туралы» деген тақырыпта баяндама жасап, математиктер қауымынан қолдау тапты. Ол туралы «Труды 2-го Всесоюзного математического съезда» (1934), 386-1387) » жинағынан оқуға болады.
Әлімхан Әбеуүлы Ермеков (1891-1970) - Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, Беріктас деген жерде өмірге келді. Әкесі Әбеу халқына қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіршдеп зиялылардың бірі. Ол 1911 жылы қайтыс болған. Әлімхан 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектепті үздік бітірген Әлімханды әкесі 1906 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына әкеліп түсіреді. Оны Әлімхан 1912 жылы алтын медальмен бітіреді де, осы жылы Том технологиялық ннститутының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады. Бірақ оны түрлі жағдайларға байланысты 1923 жылы ғана бітірді. Зеректігі мен алғырлығы оған математиканы өзбетінше меңгеруге мүмкіндік берді. Математика ғылымы бойынша қазақтан шыққан түнғыш профессор да атанды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz