БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .: 1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . .
3: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 1 Оқушылардың оқуға үлгермеуінің себептерін анықтайтын педагогикалық талдаулар мен себептер . . .
3: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Математика сабағынан алған білім деңгейін бағалау критерийі . . .
3: 13
КІРІСПЕ. . .: 2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ . . .
3: 24
КІРІСПЕ. . .: 2. 1 Оқушының білім деңгейін сыныптан тыс сабақ арқылы көтеру жолдары . . .
3: 24
КІРІСПЕ. . .: 2. 2 Математика пәнін оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер . . .
3: 28
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 36
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 37

КІРІСПЕ

Көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2015 жылғы халыққа Жолдауында қазіргі заманғы білім беру мен кәсіптік даярлауға қатысты былай делінген: ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары техналогиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадырлар қорын жасақтауымыз қажет. Олай болса, жоғары оқу орындарымен орта мектепткрдің алдында жаңа міндеттер айқындалары сөзсіз. Осындай білім беру жүйесіндегі әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар математика пәні мұғалімдерінің де алдына жаңа талаптар қояды. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттеліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР Білім Заңында «ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. [1, 8] . Біріккен ұлттар ұйымы мен сауатталықтың он жылдығы құжаттарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі - адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі деп берілген. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарыстырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндеге базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді. Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұнындық өзгерістер енгізіледі. Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсатарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін, бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді. Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Я. А. Коменский, Т. А. Ильина, А. С. Макаренко, Жан-Жак Руссо, Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев т. б. берік білім беру пікірлерін білдірген.

Қазіргі кезде бұл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р. М. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева, В. П. Карибжанова, Г. К. Шолпанқұлова, К. Т. Әтешова, ал бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесімен Т. Жүндібаева, К. Тілеубергенова, С. Нашарипова сынды озық тәжірибелі педагогтар айналысуда [2, 1], [2, 2] .

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі. Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, курыстық жұмысымның тақырыбын Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушылардың үлгермеушілін болдырмау деп атадым [3, 14] [3, 16] .

Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары.
Зерттеудің мақсаты : Оқу-тәрбие процесін жандандыру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмыстармен қарым-қатынасын көрсету. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың жолдарын қарастыру, баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.
Зерттеудің міндеттері: 1) Зерттеу тақырыбының мазмұнын ашатын оқу-танымдық іс-әрекетіне қажетті білім қорын жинау, түрлі әдебиеттер мен озық тәжірибелі педагогтардың еңбектерімен танысу. 2) Озат іс-тәжірибені практикаға ендіру, дидактикалық материал, үлестірме, материалдармен жұмыс істеу.

Зерттеудің болжамы: Егер мұғалім сыныппен жұмысты жақсы өткізсе онда осы мәселеге байланысты жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес міндеттері анықталады. Заманауи ұстаздың өз іс - әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруы, оқушымен атқаратын қызметі, жақсы қарым - қатынаста болуы және осыған қатысты материалды жинақтау.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерді оқып танысу және пайдалану;

Оқу бағдарламалары мен оқулықтарын талдау;

Әдістемелік құралдаоды зерттеу тақырыбына орай талдау;

Білім беру мәселесіне қатысты құқықтық нормативтік және ресми құжаттармен оқып танысу. Педагогикалық, және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинақтау, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау жұмыстары жүргізілді бақылау және ізденушілік жұмыстары.

Зерттеу жұмысының көздері. Зерттеу проблемасы бойынша философтардың педагогтар мен психологтардың ғалымдардың әдіскерлердің еңбектері. Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, реформалар, даму атты 2015 ж 30 қараша айындағы жолдауы жаңа мемлекеттік білім беру бағдарламалары мен тұжырымдамалары сынып жетекшісінің жұмысы, үлгерімі төмен балалармен жұмыс түрлері.

Зерттеу жұмысының базасы. Тараз қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп гимназиясы.
Курстық жұмысытың кезеңдері: Кіріспе, 2 бөлімнен, әр бөлім 2 бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде алынған жұмыстың өзектілігі, қазіргі таңда сапалы білім беру ғана, жас ұрпақтың білім деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу бүгінгі күннің басты талабы екені жайла сөз болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының мақсат, міндеттеріне, нысанасына, пәні жайлы айтылады.

“Бастауыш мектеп оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздері “атты І тарауда оқушылардың оқуға үлгермеу себептеріне теориялық тұрғыдан жолдаулар мен негіздеулер берілген.

Сондай-ақ, математика пәнінен үлгермейтін оқушылардың оқытылу ерекшеліктері көрсетілген. ІІ тарауда «Бастауыш мектепте математика пәнінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері» үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрлері, оны ұйымдастырудың ерекшеліктері сөз болды. математика пәнінен үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер жайлы айтылады және бір ашық сабақтың үлгі нұсқаулығы келтірілді.

Қортындыды: Үлгермейтін оқушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінің қаншалықты деңгейде болғандығы сөз етіледі. Ол балалармен ұстаздың атқаратын жұмыстары қарастырылады.

І. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Оқушылардың оқуға үлгермеуінің себептерін анықтайтын педагогикалық талдаулар мен себептер

Үлгермеушілік - оқушының білім беру мазмұнын оқу бағдарламасында көзделген деңгейден анағұрлым төмен деңгейде меңгеруі.

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін.

Әйгілі психологтар Ю. К. Бабанский және В. С. Цетлин үлгермеушіліктің ішкі - әлеуметтік және сыртқы - оқу орындарындағы оқу процесінің кемеліне жетпеген ұйымдастыру себептерін көрсетеді. Ал, И. В. Дубровина, П. П. Блонский және Н. И. Мурачковскийдің еңбектеріне үлгермеуші оқушылар оқуды білмейтіндігі, олар оқу материалдарының тақырыптарын меңгеруде логикалық өңдеу жасай алмайтындығын көрсетеді. [4, 84]

Бастауыш сынып оқушыларының жазу жұмыстарындағы әріптерді қалдырып кету, ережелерді жақсы білуде орфографиялық қателер жіберу, зейінсіздік пен ұмытшақтық, математикалық есептерді шығарудағы, тексті айтудағы қиындықтар, көбейту кестесін нашар білуі, дербес тапсырмаларды орындауда оқу іс - әрекетіндегі қиындықтардың бала үлгерімінің төмендеуіне әсер ететіндігін психолог С. Н. Костромина қарастырған.

Көптеген авторлар үлгермеуші оқушыларды әр түрге топтаудың негізі етіп өздері зерттеп анықтаған үлгермеушілік себептерін алған. Көбінесе, осылайша Л. С. Славина ұсынады: үлгермеуші оқушылардың түрлері Славина бойынша басымырақ себептеріне байланысты бөлінеді. Үлгермеушілердің бір тобын оқуға деген түрткісі жоқ оқушылар құраса, ал екінші тобын оқуға деген қабілеті жоқ балалар, ал үшінші түрін оқу дағдысы дұрыс қалыптаспаған, дұрыс жұмыс істей алмайтын балалар құрайды.

Бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын аттауда әлі де болса, жаңа білімдерді қабылдауға зейін қою, естеріне сақтау және ойлау процестері баяу өтеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгеріміндегі танымдық мотивациялық қызығушылықтарын арттыру, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету - бүгінгі таңда мектептегі психолог жұмысының басты мәселесі болып табылады.

Психолог ғалым А. М. Гельмонт оқудағы үлгермеушілік себептерді оның категорияларына байланысты бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсеткен.

  1. Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәннен үлгермеу.
  2. Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік - бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.
  3. Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік - бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.

I категория себептері ретінде: оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының жоқтығы) ; оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік) ; ақыл - ойының дамуының әлсіздігі.

II категория алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;

III категория дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.

Үлгермеуші оқушылардың сөздік-логикалы ойлау қызметі іс-әрекеттік түрінен әлдеқайда артта қалып қояды, бұл ережелердің тұжырымдамаларын түсінбеуінен немесе ережелерді құр білгенмен тапсырмаларды орындай алмауынан білінеді. Кейбіреулеріне тіпті, көрнекі құралдар бөгет болады, себебі оларды ол көрнекіліктегі басқа да керексіз белгілер алаңдатады. [5, 72]

Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде сабақ үлгермеушілік себептерін талдауға көп орын бөліп келеді. Арнайы педагогикалық қазіргі күндегі жетекші парадигмаларының бірі - гуманизация. Ал ХХ ғасырда еңбек еткен Ы. Алтынсарин шығармаларында педагогикалық, гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке мейірімді болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақты принциптерінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ғалымның атақты Хрестоматиясында жасөспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеген.

А. М. Гельмонт барлық жағдайларда белгіленген немесе бекітілген үлгермеушілікті айтады, яғни үлгермеушілерге ол «тоқсан аяғына қанағаттандырылмаған бағалардан тұратын ауыр жүкпен келетін» оқушыларды жатқызады.

Ю. К. Бабанский еңбектерінде үлгермеушіліктің себеп салдарының байланыс жүйесі сипатталған. Ол оқушылардың оқу мүмкіндіктерін зерттеп, үлгермеушіліктің 2 негізгі факторларын осы түсінікке біріктірген. Оның түсінігінше оқу мүмкіндіктері бұл тұлғаның оқу іс -әрекетіндегі кейбір мүмкіндіктері және ол тұлғаның сыртқы әсерлермен қарым-қатынаста болатын ерекшеліктерінің синтезі.

Психологиялық процестерінің ерекшеліктеріне тән үлгермеушіліктің психологиялық типологиясын Н. И. Мурачкевский ұсынған: бұл жағдайда ол негіз етіп келесі қасиеттерді алған:

1) Ойлау қасиеті

2) Жеке адамның бағыттылығы.

Ішкі жағдай себептеріне ол - балардың ақауларын, олардың дамуын, білік, білім дағдыларының толық еместігін жатқызады. Сыртқы жағдайлар себептеріне біріншіден, педагогикалық себептерді жатқызған.

И. В. Дубровина, М. К. Акимова және В. Т. Козлова зерттеулерінде үлгермеушілердің негізіне жататын психологиялық себептерді 2 топқа біріктіріп, соған байланысты балалардың ерекшеліктерін сипаттаған. Ол себептер:

1. Баланың танымдық іс-әрекетіндегі кемшіліктер.

2. баланың мотивациялық дамуындағы кемшіліктер.

Сонымен қатаркөптеген жылдар бойы үлгермеушіліктің мәселелерін Н. А. Минчинская басқарған ғалымдар тобы зерттеп келген. Олар оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін негізіне «үйретілу» түсінігін алған, яғни оқу іс-әрекетінің әдістері мен оқуды меңгеруіне байланысты оқушының алғырлығы. Олар үлгерімі төмен оқушыларды үйрете отырып және олардың ойлау деңгейін зерттей отырып, олар дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алмайды, оларға көптеген қасиеттері бойынша ұғымдарды жалпылау қиындық туғызады деген қорытындыға келген. Ондай оқушылардың абстракциялау және жалпылау деңгейі әдетте өте төмен болатындығын дәлелдеген.

Тәрбие - жалпы халыктық іс. Бұл ұран емес, өмірдің талабы. Мұнсыз жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Жасөспірімді тәрбиелеу проблемасын сөз еткенде, оның маңызды бір аспектісін айтпай кетуге болмайды. Ол сабақты нашар үлгеретін, тәртіпсізВ. А. Сухомлинскийдің “Мұғалім екіні оқушыға тапсырманы түгелдей дерлік орындамағанда ғана қоюы керек, мұндай баға алғаны оқушы өзін айыпты екенін сезгендей болсын” деген сөзін негізге алу керек. Мектеп басшыларының назарында мұғалім емес, оқушы да тұруы шарт. [6, 45]

Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе оқушылармен ұйымдастыр, сабақка катыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сьнып жиналыстарында, әсіресе бірінші сыныптарда олардьң ата-аналарын, мектеп ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге міндетті. Оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мүғалім мен оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бүл проблеманы толық шешуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан мүғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа әдістерін қарастырған жөн. Әдетте орталықтанған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің, оның әрбір сыныптағы жәрдемшілерінің, оқу төрайымының атқарар ісі кыруар. Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға алғандардың тізімін алып сыньш жетекшіге береді. Міне осындай жанды әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларьша, ең қажеттілерін қосып іс-шаралар белгілейді. Оқушылармен әңгімеселесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада өткізілгені жөн. Көбінесе сабаққа келмегендер мен үлгермеушілер мәселесі кіші педкеңесте оқушылар кеңесінде қаралып, кеткен кемшіліктерді түзеу жөнінде шұғыл шара қабылдануы керек. Қажет болған жағдайда пәндер бойынша әңгіме өткізіліп кейде оқушыны қандай тақырыпта меңгермегенді ескертіліп кесте қағаздар жүйесі қолданылады [7, 30] [7, 31] .

Үлгермеушіліктің алдын алу.

Мектепте оқылатын пәндер бойынша үлгермеушіліктің алдын алу - жаппай білім беруді жүзеге асыру жолдарының бірі. Жаппай білім беру жағдайында оқушылар пән бағдарламасында қарастырылған білім, іскерлік және машықтарды қабырғасында игеруге міндетті. Дегенмен математикалық білімді меңгеруде, теориялық білімді іс жүзінде қолданғанда, өздігінен қосымша әдебиеттермен жұмыс істегенде, сондай - ақ олардың математикалық іс - әрекеттерінде олқылықтар мен кемшіліктер бой көрсетеді. Оқушылардың математикадан алған білімі, іскерлігі мен машықтарындағы кемшіліктерін, соның нәтижесінде үлгермеушілікке ұрындыратын себептерді атап өтейік:

  1. Оқушылардың білімінде олқылықтар болуы, ұғымдарды, ұғымдардың ерекше белгілері мен қасиеттерін және т. б тұжырымдауға мүмкіндік бермейді;
  2. Есеп шығарғанда білімді қолдану іскерлігінде олқылықтардың болуы;
  3. Есептеу сипатындағы іскерлік пен машықтарда сызбаларды құрғанда, графиктік жұмыстарды орындағанда, құралдарды пайдаланғанда олқылықтардың болуы;
  4. Оқушының жұмысқа кірісуге немесе бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік бермейтін дербестігінің, зейінінің, табандылығының жеткіліксіздігі

Үлгермеушіліктің алдын алу бүкіл сыныптың немесе әрбір оқушының сабақтағы және үйдегі қызметін пәрменді ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Үлгермеушіліктен сақтандыру үшін мұғалім жалпы математикалық білімді меңгергенде кездесетін қателерді болдырмау шараларын іздестіреді және оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының тиімді тәсілдерін жолға қояды. Сонымен, үлгермеушіліктің алдын алу шарты бағдарламалық материалды әрбір оқушының жүйелі оқуы болып табылады. Бір жағынан, бұл оқу материалының бір - бірімен тығыз байланысы немесе сабақтастырылуы арқылы қарастырылады. [8, 354] .

Егер кімде - кім есептер шығаруға байланысты математика, физика, химия және басқа да оқу пәндері мұғалімдерінде туатын барлық сұрақтар осы деп ойлайтын болса, онда ол педагогикадан өте аулақ адам. Жоғарыда көрсетілген сұрақтардың бәрі де жаңа методикамен әлі бірде - бір сабақ өткізіп көрмеген кез келген ойына келеді. Бұл күрделілігі бірінші категориядағы сұрақтар.

Жазғы демалыс алдында, үлгермейтін оқушының ата-анасы шақырылып, үлгермеген пәні бойынша, баласына берілген тапсырмалармен таныстырады. Оқушының оқу үлгерімі мұғалімге де байланысты. Барлық кінәні оқушыға артпай сынып жетекші пән мүғалімімен тығыз байланысып сол баланың ерекше мінез-құлқы жөнінде өзара пікірлесе, тәрбие ісі нәтижелі болмақ. Жасыратыны жоқ, сабақтан қашатын оқушының мұғалімге наразылығы кездеседі. Кейде талап қоюдың жөні осылай деп, орынсыз ойластырылмай қойылатын жазаның оқушылардың нәзік сезіміне кері әсер етеді [9, 72] .

А. С. Макаренко былай деп көрсетті: “ Тәрбие дегеніміз шын мәнісінде әлеуметтік процесс. Бәрі де адамда затта құбылыста тәрбиелейді. Бірақ бәрінен бұрын және бәрінен көбірек тәрбие беретін - адам. Олардың бірінші орында тұратыны ата-аналар мен педагогтар”.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп алады үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен карым-қатынасы оқу- тәрбие процесіне семьяның ықпалы. Қоғамдық және үй жүмыстарына араласуы.

Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар. Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы. Дара ерекшеліктері. Ойлау қабілетінің деңгейі. Зейіні мен есте сақтауы. Ерік жігері. Табандылығы. Қызығушылығы. Жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте математика сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
Бастауыш мектеп жасындағы сабақ үлгермеуші оқушыларды оқытуды жекелендірудің педагогикалық шарттары
Үлгермеушіліктің себептері мен үлгермейтін оқушылардың типтері
Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары
Үлгермеуші балалардың педагогикалық - психологиялық аспектілері
Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу мен ескерту жолдарының педагогикалық сипат
Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту барысында кемшіліктерді түзету
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін ( ана тілі пәнінен) болдырмаудың жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz