Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1. 1 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі . . . 6

1. 2 Бастауыш мектепте математика сабақтарында оқушылардың

танымдық белсенділіктерін арттыру . . . 9

2 БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӨЛ МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ . . . 15

2. 1 Бірінші сынып математикасының білім мазмұнының

дамытушылық сипаттамасы . . . 15

2. 2 Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 43

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының білім беру саясатын айқындайтын құжаттарда («Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 5В010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған) оқыту үдерісін жаңа техника мен технологияны, кәсіптік білім беруді пайдалана отырып дамытушылық сипатта және шығармашылық іс-әрекет негізінде ұйымдастыру қажеттілігінің атап көрсетілуі жайдан жай емес. Өйткені қазіргі заманның өскелең талаптары (Білім беру құрылымының Халықаралық білім берудің стандарты жіктеуішіне сәйкес келтірілуі, оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлардың жасалуы, Қазақстанның Еуропалық білім кеңістігіне енуі, Болон Декларациясына қосылуы, адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалуы) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты бағдарламасында егемен еліміздің стратегиясы мен тактикасын белгілей келе, бүгінгі және болашақ жастардың жан-жақты білімді, ғылыми-техникалық прогрестен хабары мол жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуын өз бағдарламасына негіз етеді.

Жоғарыда көрсеткеніміздей Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми - әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.

Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген түйіндемесі жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Осы мақсатқа жету және сәйкес міндеттерді шешу мұғалімнің дамыта оқыту идеясы және оның теориялық негіздері жайында жан-жақты және терең білімінің болуы, сондай-ақ дамыта оқытудың технологиялық әдіс-тәсілдерін оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып тиімді пайдалануға қатысты кәсіби дайындығының болуын және шеберлігінің қалыптасуын, яғни жаңа тұрпатты мұғалім, креативті тұлға болуын талап етеді. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

1997-98 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы бастауыш мектептерінің тәжірибесіне енгізіп, 2001-2004, 2008-2009 жылдары қайта жетілдіріп шығарылған төл оқулықтар дамыта оқытудың идеясына негізделе жасалған. Мұнда математиканы оқыту үдерісі дәстүрлі әдіс-тәсілдерді дамыта оқыту технологиясының құрамды бөлігі ретінде, онымен үйлестіре қолдануды көздейді. Алайда тәжірибеге қарағанда мұғалімдер қауымы осындай түбегейлі өзгерісті жүзеге асыруға қатысты теориялық және практикалық тұрғыдан дайын еместігі байқалады. Сондықтан да дамыта оқытудың теориясы мен тәжірибесінде қарама-қайшылық орын алып отыр деуге толық негіз бар. Осыдан дипломдық жұмыстың «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде төл оқулықтар арқылы оқушыларды дамыта оқытуды жүзеге асыру жолдары» атты тақырыбының көкейкесті екендігі туындайды.

Бастауыш сынып оқулықтарында дамыта оқыту бағытын нақты жүзеге асыру жолдарын анықтауға арналған біздің диплом жұмысымыздың мақсаты - 1-сыныптағы математика сабақтарында оқытудың дамытушылық функциясын жүзеге асырудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын айқындау.

Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:

  1. Бастауыш сатыдағы оқыту үдерісінің теориялық негіздерін сипаттай отырып, оған қойылатын дидактикалық талаптар жүйесін анықтау, «дамыта оқыту» ұғымының мән-мағынасын ашу.
  2. Математика сабақтарында төл оқулықтар арқылы дамыта оқытуды жүзеге асыруда қолданылған технологиялық әдіс-тәсілдердің тиімділігін нақты тәжірибеде мысалдар келтіре сипаттап беру.

Зерттеу аймағы - бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні - математика төл оқулығы арқылы бірінші сыныпта дамыта оқытуды жүзеге асыру жолдары.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде төл оқулықтардағы дамыта оқыту идеясын басшылыққа алып оқушыларды дамыта оқытатын болсақ, онда қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейі халықаралық дәрежеге жетеді, интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған тұлға қалыптасады.

Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер : бастауыш білім беру мазмұнын айқындайтын құжаттармен, оқулық, бағдарлама және т. б. әдістемелік құралдармен танысу, мұғалімдердің пәнді оқытудағы озық тәжірибелерін бақылау, байқау, жинақтау, талдау; психологиялық-педагогикалық әдістемелік еңбектерге шолу жасау, талдау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Оқушыларды дамыта оқытуға: оқулықтағы беріліп отырған білім мазмұнын және оны қарастырудың рет тәртібінің; нақты мәселені оқытып-үйретуге арналған жаттығулар жүйесінің тапсырмалар құрамы мен оларды топтастыру рет-тәртібінің; тапсырманың тұжырымдалу формасының және онымен байланысты іс-әрекет түрлерін орындауды таңдап алудың, жалпы алғанда нақты мәселені оқыту әдістеменің, жұмыс түрлерінің бәрі дерлік әсер ететіндігі анықталды.

Зерттеу жұмысыныңпрактикалық маңызы : Зерттеу жұмысының нәтижесін бастауыш сынып мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және педагогикалық колледж студенттерінің, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау жұмыстарында пайдалануларына болады.

Біздің іс-тәжірибемізде педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасалып, зерттеу тақырыбымыз бойынша материалдар жинақталды. Зерттеу жұмысымыздың теориялық негізі анықталып, математиканы оқыту үдерісінде төл оқулықтар арқылы оқушыларды дамыта оқыту бағытында жүргізілген іс-тәжірибелерімізді қорытындылап диплом жұмысымызға енгіздік.

Зерттеу орыны : Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің 1-а сыныбы.

Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиет тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі дәлелденді, мақсат-міндеттері айқындалды, зерттеу жұмысының аймағы, пәні, әдістері таңдап алынды.

Бірінші тарауда бастауыш сыныптардағы оқыту үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері сипатталады.

Екінші тарауда математика оқулықтары арқылы дамыта оқытуды жүзеге асыру жолдары көрсетіледі

Қорытындыда дамыта оқыту идеясын мектеп тәжірибесіне негіздеген түйіндеме жасалды.

  1. Дамыта оқыту технологиясының теориялық

негіздері

  1. Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану

тиімділігі

Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте « . . . мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, »-деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды.

Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т. б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор:

Біріншіден , дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талаптанады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті: Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?

  • Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді

әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.

  • Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды

қалыптастыруды дағдыға айналдыру.

  • Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
  • Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл

бөлу.

  • Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
  • Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Ана тілі сабақтарында шығармашылыққа іздендіретін өз бетінше өлең не әңгіме құрастыруға және мәтінді толықтыруға, мазмұнын сурет бойынша әңгімелеуге машықтандырдым.

1. 2 Бастауыш мектепте математика сабақтарында оқушылардың

танымдық белсенділіктерін арттыру

Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі коғамның түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарлауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады. Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның болашақта бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына енуін жоспарлап отыр. Осы алдыға қойған мақсатқа жету бүгінгі ғылыми - техникалық прогрестің, жаңа ақпараттар ағымының қарыштап өсуі өндірісті автоматтандыру, комьпютерплендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендеп отырған өтпелі кезеңде жас ұрпаққа ғылым негіздерін меңгертуде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселеге айналып отыр.

Таным - қоғамдық тәжірибенің дамуымен тәуелді адам ойлауында шындықтың бейнелену және қайта жаңғыру барысы, нәтижесі әлем жайлы жаңа білімдер болып табылады. Арнайы ұйымдастырылған таным оқу-тәрбие барысының мәнін құрайды.

Танымдық белсенділік - тұлғаның әрекеттік күйі, білімді меңгеру барысында оқуға ұмтылумен, ақыл-ой кернеуімен, ерікті күш жігерімен көрінеді.

Физиологиялық негізі - бүгінгі күй мен өткеннің арасындағы келісімсіздік - деген анықтаманы профессор Р. М. Қоянбаев өзінің педагогикалық сөздігінде берген.

Танымдық белсенділік оқу-тәрбие процесінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу процесін белсендендіру жолдары оқушылардың қызығушылығын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болсын қызығушылықпен уәждеиелеуге (мотивация) бағытталады. Білімді демократияландыру мен ізгілендіру оқушы қызығушылығын негізгі орынға қояды.

Танымдық белсенділік категориясы бірқатар психологиялық-педагогиалық еңбектерде қарастырылған (Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий, Л. И. Божович, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубенштейн және т. б. ) . мәселен, қызығушылықты қалыптастыруда Н. К. Крупская қоршаған ортаны және балаға жақсы тенымал деректер мен құбылыстарды, білімді меңгеруде зерделі көзқарасқа тәрбиелейтін мақсатты сананы тірек ету қажеттігіне тоқталады.

Танымдық белсенділік арттыру үшін оқушыдның таным қызығушылын қалыптастыру қажет. С. Т. Шацкий қызығушылықтың психологиялық негізіне белсенді іс-әректке деген қажеттілікті жатқызды. Бұл қажеттіліктен көзқарастар, ой-пікірлер, дағды, іс-әректтер, қызығушылық туындайды. Балаларды баурап алатын құбылыстар ақыл - ойға, эмоцияға, күш - қуатқа нәр береді, ал бұл болса олардың іс- әрекетінде еөрініс табады. С. Т. Шацкийдің қызығушылықты іс-әрекетке тәуелді етіп көрсеуі қызығушылық теориясына қосқан елеулі үлесінің бірі болды, алайда іс - әрекеттің рөлін және баланың оқу барысындағы өзіндік тәжірибесін әсірілеп көрсету күнднлікті меңгерілетін білімнің ролін жете бағалаушылыққа әкеледі

Баланың жалпы даму мен ойлау әрекетінің сапасын жақсартып, маңызын Л. С. Выготскиий де ашып көрсетеді. Ол баланың ойлау қабілетін белсендендіретін және оған қажетті бағдар беретін, қажеттілігі мен қызығушылығын оятатын қозғаушы себептерге (мотив) тоқталады. Ғалымның пайымдауынша, бала қабілетінің дамуы оның алға тез жылжуымен шектелмейді, ол оның жас мүмкіндігіне сәйкес келетін іс - әрект түрлерін терең меңгере алуына, білім қорына және алған әсерлеріне байланысты балады. Баланы қоршаған ортағының бәрі қызықтырады, ол бойындағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, қолынан келетін іс - әрекет түрлеріне белсене араласады, өзінің әрі қарай дамуына жол ашады. Сөйтіп, қоршаған орта және іс - әркет түрлерімен белсенділікпен жан - жақты танысу тек қана дамыған қызығушылықтың негізінде ғана мүмкін болады

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

«Математика» пәнінің білім стандарты - Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы барлық түрлеріне ортақ математикадан оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайыдайтын құжат.

«Математика» пәні бойынша бастауыш білім стандартындағы білім мазмұнын оның құрылымын анықтау төмендегідей ұстанымдарды ескеру арқылы жүзеге асырылады:

  • Ізгілендіру
  • Интеграция
  • Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан ерекшелігі
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі
Оқытудың жаңа технологиясы
Бастауыш сыныпта Тәй - тәй технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш мектепте математика сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz